Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медиамәтіннің прагматикалық қырлары

Аннотация. Мақалада медиамәтіннің прагматикалық компоненттері талданады. Мәтіннің прагматикалық функциясы жан-жақты сипатталады. Прагматика туғызатын объектілер жіктеліп, медиакеңістіктегі мысалдармен нақтыланады. Медиакеңістіктегі жаңа тілдік беталыстарға баға беріледі.

Мәтін қоғамдық кеңістікте ақпарат тасымалдайтын бірлік. Демек мәтін ақпарат өмір сүретін кеңістік. Логикалық тұрғыдан түйінделген ой, тілдік тұрғыдан санада бейнеленіп, тілде сипат алған тілдік бірліктердің жиынтығынан тұратын тілдік конструкциялар мәтінге бірігеді. Мәтіннің өзі іштей иерархиялық қатынасқа құрылған тілдік бірліктер: сөз, сөз тіркесі, сөйлемнен тұрады. Бұл таза құрылымдық сипаты. Әрбір мәтін коммуникативтік мақсатқа құрылады. Сол мақсаттың сипатына қарай мәтін құрамына кіретін тілдік бірліктер автоматты түрде сана арқылы жүзеге асырылып, іріктеледі. Коммуникативтік мақсат құруда мәтіннің прагматикасын ескермеу мүмкін емес. Себебі кез келген мәтін адресантынан реципиентіне бағытталғанда белгілі бір прагматика туғызады. Мәтіннің прагматикасы дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда мәтіннің реципиент тарапынан туғызатын реакциясы. Адресат пен адресантты диалог субъектілері ретінде алсақ, адресант дайын мәтін ұсынса, адресат сол мәтінге қатысты өзінің көзқарасын ұсынады.

Прагматика теориясы бастауын батыстан алады. Осы мәселені алғаш сөз еткен Ч. Моррис болды. Ал прагматика жайында әрқайсысы өз нысанына сәйкес қазақ ғалымдары да сөз қозғады. А. Алдашева публицистикалық терминдер прагматикасы жайлы, Б. Момынова газеттік лексиканың прагматкалық аспектісін, З. Ерназарова сөйлеу тілінің прагматикалық ерекшеліктерін жазды. Қ. Есенованың «Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы» деген тақырыптағы докторлық диссертациясы мен Ф. Жақсыбаеваның «Газет мәтінінің прагматикалық функциясы» деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясы аталмыш тақырып аясында мол ақпарат берері сөзсіз.

Ақпараттың мәтінге айналғанға дейінгі, пайда болу процесі лингво-психологиялық үрдіс. Адам қоршаған ортамен танысып бастағанда, оның санасы айналадағы ақиқат болмыстың бөлшектерін, әлемнің пәк бейнесін танып, қабылдайды, түйсінеді, содан кейін ғана кодтап, оларға тілдік сипат береді.

Қ. Есенова өз еңбегінде мәтін прагматикасын: «Кодталған ақпараттың адресат тарапынан дұрыс ашылып, адекватты түрде қабылдануы» дейді [1, 10].

Әр реципиент бір мәтінді әртүрлі қабылдауы мүмкін. Оның себебі кодталған ақпаратты тиісінше ашып, қабылдау үшін адресаттың дүниетанымы, өскен ортасы, тәрбиесі, білімі, әлеуметтік мәртебесі, тілдік-психикалық мүмкіншіліктері критерий бола алады. Бұлар негізгілері ғана, бұлардан басқа да жанама факторлар да бар. Ақпараттың сөйлеушіден тыңдаушысына жеткенше өз траекториясы пайда болады. Атап өтілген критерийлерге байланысты тыңдаушының қабылдауы сол траекторияның өзіне тиесілі нүктесінде қалыптасады.

«Прагматика тілдік қарым-қатынасқа қатысушының тілді қандай мақсатта қолданып тұрғандығын зерттейді. Прагматика тілдік құралдарды коммуниканттардың сана – сезіміне, ісәрекетіне әсер мақсаты тұрғысынан қарастырады», деп Ф.З. Жақсыбаева сөз болып отырған мәселеге өз ойын қосады [2, 102]. Жалпы мәтін прагматикасының тууы мынадай процестерден өтеді: мәтінге интерпретация жасау, оны қабылдау және реакцияның пайда болуы.

Мәтінді кең мағынасында ақпарат тасымалдайтын бірлік деп қарастыратын болсақ, прагматика туғызушы объектілерді жазба мәтін, сөйлеу актісі, графикалық белгілер деп ажыратуға болады.

Олардың алғашқысы жазба мәтінге тоқталсақ, кез келген хатқа түскен ақпарат түрін атай аламыз. Сөйлемдерден мәтінге біріккен конструкция оқырманының белгілі бір реакциясын туғызады. Мысалға ғылыми стильде жазылған мақалаларды алайық. Олардың құрылымы қатаң тәртіпке бағынған, мақсаты анық, ғылыми мәселелерді қозғайтын мазмұндық сипатқа ие болып келеді. Олардың мақсаты белгілі бір тақырып аясында ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеу жүргізіп, нормаларға сәйкес ақпарат баяндау. Ол ақпаратымен ғылыми қоғамды таныстыру. Ал пайдаланушы оны оқып отырып, ол мәтінге алдымен интерпретация жасайды, оны қабылдайды, түйсінеді, керек ақпаратын алады. Және мәтінмен танысып болған соң ол ақпаратқа баға бере отырып, онымен келісетіндігін, не келіспейтіндігін іштей шешеді. Сондай-ақ ресми стильде жазылған бұйрықты мысалға алайық. Оның құрылымындағы бұйрық райда берілген етістікті конструкциялар оны жазушының коммуникативтік мақсатына сәйкес іріктеліп алынып, адресатын белгілі бір мәселе бойынша іске қосады. Ондай мәтіннің прагматикалық функциясы бұйрық бағытталған тұлғаны қандай да бір әрекетке дәйекті түрде бағыттауы. Сондай-ақ мәтінмен танысқан адресаттың ол сигналдарды қабылдап, мойынсынып, әрекетке көшуі.

Жазбаша формада көрініс табатын публицистикалық стильдегі мәтін үлгілері прагматикалық функциясының жоғарылылығымен ерекшеленеді. Оның себебі баспасөз тілі ақпараттық кеңістіктегі өзгерістерге бейім, ол өзгерістерді ізбе-із сол сәтте көрсететін «тірі тіл». Мұндай функция атқаратын микрокомпоненттерді Ф. Жақсыбаева өз мақаласында төмендегідей түрлерге бөледі:

  • Коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын коммуникативтік тактикалар;
  • Газет мәтініндегі бағалауыш лексика;
  • Газет мәтінінің тақырыпаты;
  • Синтаксистік құрылымдар мен графикалық құралдар [3].

Оқырманының назарын өзіне аударып, сөз етілген мәселені тартысты етіп көрсету үшін қолданылатын пікірлерді қарама-қарсы қою тактикасы жиі қолданылады.

«-Ақпарат құралдарында қоғамдағы өткір мәселелердің ашық айтылуын билік қаламйды. Сондықтан да мүмкіндігінше оларға кедергі жасауда. Қазақстандағы бүгінгі сөз бостандығының тұншықырылуы соның нәтижесі дейді, -

«Әділ сөз» халықаралық қорының қызметкері Ғалия Әженова.

Журналист Жарқын Сәлен ТМД-дағы өзге мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда журналистер өз ойларын ашық айта алады деп есептейді. Дегенмен де бұл ілгерілеушіліктердің орнын олқылықтар басып кетеді»./Азаттық радиосы, 17.10.2008/

Бағалауыштық категория мәтіннің ажырамас бөлігі. Себебі кез келген мәтінді жазу ақиқат болмыстың бір бөлшегіне баға беріп, сипаттау мақсатында туады. Әрбір мәтін бойынан оны жазушының өзінің айтқан пікіріне деген көзқарасы, қарым-қатынасы модальдылық категориясы арқылы берілетін болса, баға беру оның құрамында міндетті түрде кездеседі. Мысалы:

«Жыныстық қатынасты жарнамалайтын анимациялық фильмге мұқтажбыз ба немесе психологтардың қай сасқаны?», «Бекболат Тілеуханов ағамыз «Бұл – таза халықты азғырушылық. Қайсысымыздың анамыз биологияны оқып немесе осындай дүниені көріп, 14 баланы тауыпты. Ешқандай қажеттілігі жоқ. Бұл – тек жүректің түкпірінде жатқан шайтанды ояту үшін жасалып жатқан дүние», дейді» /Қазақстан Заман, 18.03.2010/

Жоғарыда көрсетілген газет мәтіндерінен көріп отырғандай тақырыптан бастап бағалауыштық категория элементі көрініс тауып отыр. Психологтардың қай сасқаны деп журналист психологтардың сасқандығы деген шешімге келіп тұр.

Мақаланың тақырыпаты оның эпиграфы іспеттес. Өзіне назар аудару үшін тақырыпат «мен мұндалап» аудиторияға сигнал тастап тұруы қажет. Мұндай тәсілдер ретінде олардың сұраулы сөйлеммен берілуін немесе жалпықалықтық сипатқа ие мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді қолдануды атауға болады. Мысалы:

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгермеді» /Қазақстан Заманы, ақпан, 2010/

«Соқыр көргенінен жазбас немесе орыс тілінде ыңғайлы» /Ана тілі, 28 мамыр, 2009/

«Агент мені үйге жіберші!» /«Ақ желкен» журналы, №9, 2010/

Бастапқы екі мысалда біреуі халыққа бұрыннан белгілі өлең мәтінін қолдану арқылы, екіншісі халық мәтелін пайдалану арқылы оқырман назарын өзіне еріксіз аударса, соңғы мысалда леп сөйлеммен беріліп, экспрессиялық мән үстеу арқылы аудиторияға сигнал тастап тұр.

Прагматикалық функция атқаратын микрокомпоненттердің бір түрі синтаксистік құрылымдар дыбыстық қайталаулар арқылы аудитория назарын өзіне аударта алады. Мысалы:

«Төбеден тажал төнгенде», «Байыған үстіне байып жатқан кім? Ким ғой әрине», «Әз ағаңа екі сағат дегенің аз екен» /Жас алаш, 7 қазан, 2010/ «Зинақорлық зауалы», «Легионер ме, миллионер ме?», «Іскер ортаның қазақ тілімен ісі жоқ», «Шектен шыққан «Шығысэнерготрейд», «Ауыр атлетші апалар» /Жас қазақ, 8 қазан, 2010/

Газет бетіндегі визуалды графикалық құралдар мәтінге қарағанда жылдамырақ ақапарат беріп, сигнал тарататын бірліктер. Мәселен Жас алаштың 2010 жылдың 7 қазанында жарияланған «М ӘСКЕУ мен МИНСКІНІҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ Кедендік одақты таратып тынатын шығар» деп аталған мақаласында екі ел басшысы Медведев пен Лукошенконың жұдырықтарын түйіп, қабақтары түксиген суреттерін қоюы істің мәнжайынан хабар беріп, мәселенің ушыққанын байқатады. Сондай-ақ мақала мазмұнынан лезде ақпарат береді.

Сөйлеу тілінде тілдік конструкциялар автоматты түрде құрастырылып коммуникантына жолданып отырады. Мұнда сөйлесім прагматикасы сөйлеушінің коммуникативтік мақсатымен тікелей байланысты. Мақсатқа қарай прагматика туғызатын тілдік бірліктер таңдалады. Мысалы:

«Келдің бе?» (↑) – десе расында да сұрақ қойып, оған жауап күтеді.

Ал «Келдің бе!» (↓) – десе экспрессия арқылы тыңдаушысына наразылығын танытады.

Ауызша тілдесімде тілдік бірліктерге ілесе ақпарат бейвербалды амалдармен беріледі. Мәселен екі адам ауызша амандасып қана қоймай, сонымен қоса қолдарынан қысып, арқа қағысып жатса, сол коммуникациядан әрекет иелері жағымды әсер алады. Коммуникация барасында, шапалақ ұру, бет шымшу, жұдырық түю, қол бұлғау, қол сілтеу, жымию, қабақ шыту сынды бейвербалды амалдар коммуникативтік мақсатына сәйкес адресатының сәйкес прагматикалық әсерін туғызып отырады.

Прагматикалық әсер туғызушы объектілердің үшінші тобы графикалық белгілер. Мысал ретінде қала көшелерінде ілінетін жарнама тақтайшаларын алайық. Олардың мақсаты – жарнамалайтын тауар немесе қызмет түрін өткізу. Ал визуалды графикалық белгілер олардың фишкасы. Мәселен «Орбит» сағызының жарнамасында «Сергітетін жеміс қуаты» деген мәтін фонында жүзі жадыраған, құстай қалықтаған сүйкімді қыздың суреті тұтынушының жағымды реакциясын қалыптастырып, коммуникативтік мақсат өз үдесінен шығып тұр. Графикалық белгілер арқылы ақпарат беруде түстердің өзі маңызды рөл ойнайды. Әрбір компанияның өзіне тиесілі графикалық белгісі, логотипі болатыны барлығына белгілі. Мысалы «Билайн» ұялы байланыс желісінікі – сары және қара түстер кезектескен жолақтар, «Актив» байланыс желісінікі – қанық қызыл түс, КСЕЛЛ – күлгін түс, Халық банкінікі – жасыл және сары түстерге боялған айқасқан ромб тәрізді, БТА банкінікі – қызыл және ашық жасыл түсті төртбұрыштар. Дәл осы түстер, сәйкес графикалық формада қоғамда ұшырасып жатқан кезде адам санасында дәл сол компаниялармен ассоциация туып, сол компанияның тауары мен қызметі ұсынылатындығы жайлы ақпарат алады.

 

Әдебиеттер:

  1. Есенова Қ.Ө. Қазіргі қазақ медиа-мәтіннің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде). – Фил. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 2007.
  2. Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтінінің прагматикалық функциясы (қазақ тілінде шығарылатын газет материалдары бойынша). – Фил. ғыл. канд. диссертациясы. – Алматы, 2000.
  3. Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтініндегі прагматикалық функция атқаратын микрокомпоненттер// Вестник, филолог. Науки. – 2001. – № 3.212 Е. Ильясов

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.