Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тоқтар Бейісқұлов – Б. Майлин шығармаларын зерттеуші

Аннотация. Филология ғылымдарының кандидаты Т. Бейісқұлов ғажайып сөз зергері, асыл азамат Б. Майлиннiң өмiрi мен шығармашылығын зерттеуге қырық жылға жуық уақытын арнап алты кiтабын, “Би аға” естелiктер жинағын құрастырып шығарды. Олардың сыртында көптеген ғылыми мақалалары және бар. Бастаған ісіне барын салып жұмыс жасайтын ғалым кезiнде Б. Майлиннiң жинақтарына кiрмей қалған, белгiсiз болып келген туындыларын шығарумен де шұғылдануда. Қазіргі таңда бұл істі әрі қарай жандандыруда.

Адам қоғамындағы ең асыл қазына сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол – тіл құдіреті. «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осы-лай шығарған сөз...» /2,147-148 б.б/ деп тұжырым жасайды сөз өнерінің теоретигі Ахмет Байтұрсынов.

Әр өнердің өз дәріптеушісі, өз зерттеушісі болады. Публицистика саласындағы жетістіктерді үзбей тергеп-тексеріп отыратын білімпаздар қатары саусақпен санарлық қана/1/. Бұл саладағы барды бар қалпында санамалап айтып беру мұрат емес, оны ғылыми негізде саралап талдаушылар әсіресе, қазіргі таңда жоқтың қасы. Жоқ деп айтпаймыз, бірен-саран бар. Сол «бардың» бірі де бірегейі саяси, ғылыми публицистикалық еңбектерімен танымал болып келе жатқан Тоқтар Бейісқұлов.

Тоқтар Бейісқұловтың халықтың күнкөріс көзі, жер, тіл мәселелері, еңбек адамы, олардың ересен істері төңірегінде қозғаған мақала, толғаныстары аз емес. Қазіргі таңда Тоқтар Бейісқұловтың баспасөз беттерінде жарық көрген 200-ден астам мақаласы бар. Қазақтың алып жазушысы, парасатты азаматы, «Үш арыстың» бірі Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мақалаларының саны 65-тен асады. Сонымен қатар, ақын, жазушы, сыншы, ғалым, қоғам-мемлекет қайраткерлері туралы еңбектері де қаншама. Осының бәрі Тоқтар Бейісқұловтың шаршамай, шалдықпай еңбек ететіндігінің дәлелі. Оған мысалдар жеткілікті, мысал керек пе, “Әкелер даңқы жолымен”, “Кеудесін оққа тосып”, “Біздің ауыл Үшқайың!”, “Желтоқсан ызғары”, “Сарбиік сағасында”, “Толғауы тоқсан тағдыр”, “Үйгентас өңірі”, “Таңшолпан жарқырап туды”, “Майлышат” және тағы басқа деректі-публицистикалық зерттеу-толғауларын атасақ та жеткілікті. Бұл туындылардың арқауы қазақ елінің өткені, болашағы, ел мен жер тағдыры.

Тоқтар Бейісқұловтың ғылыми-шығармашылығының үлкен бір саласы қазақтың классик жазушысы, алыптар тобының ардақтысы, нақақтан «халық жауы» атанған Бейімбет Майлин мен оның отбасының тауқыметін баяндайтын жайлар. Студенттік шақтан бастау алған бұл ғылыми-зерттеу жұмысына Тоқтар Бейісқұлов өмірінің жартысын арнады.

Бейімбет Майлинге арналған ең алғашқы еңбегі белгілі ғалым Темірғали Нұртазиннің басшылығымен жазылған «Талантты да тағанды журналист» атты дипломдық жұмысы. Сосынғылары “Б. Майлин публицист”, “Қанатты қаламгер”, “Дарын даралығы”, “Бейімбетті атқан кім?” еңбектері. Мазасыз ғалым “Би аға” естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Автор ұзақ жылғы ізденісінің арқасында “Қилы заман азабы” кітабын жазды. 2005 жылы “Бейімбет Майлин және ұлт өнері” атты деректі-публицистикалық эссесі баспадан жарық көрді.

Бейімбет Майлиннің тағдыры мен шығармашылығын зерттеп-зерделеумен бірге ол көп ізденістер нәтижесінде автордың көзі тірі кезінде жарияланбаған туындыларын архивтен тауып, жариялатқан. «Кең атыздың таласы», «Күлегеш жеңгей», «Оспан Олжабаев», «Кездескендер» повестері мен жеті фельетонын, төрт очеркін, он тоғыз хатын тағы басқа өлеңдерін, аудармаларын уақыт тозаңынан тазартып көпшілік назарына ұсынған. Тоқтар ағамыз уақыт өте келе Б. Майлин жөнінде “Ұлы тұлғалар” сериясы бойынша “Сарыарқа саңлағы” кітабын шығарып, өзі оған шығарушы, редакторлық қызмет атқарды.

Т.Ә. Бейісқұловтың қаламы қарымды, қоғамдық тұлғасы да еңселі. Ол 1997 жылы “Бейімбет Майлин сыншыл публицист” деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Республика Әлеуметтік ғылымдар академиясының 2001 жылғы 30 шілдедегі жалпы жиналысының шешімімен Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі болып сайланды. Қаламгерғалым он жыл бойы Қазақстан тарихи-әлеуметтік және құқық қорғау “Әділет қоғамы басқармасының” мүшесі. 2003 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетіндегі диссертациялық кеңесінің, Жазушылар Одағының және 1965 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі болып белсенді қоғамдық қызметтер атқарды.

Енді негізгі мәселе, Тоқтар Бейісқұловтың Бейімбеттануға қосқан үлесіне оралсақ, Бейімбет Майлиннің мол жазуына орай бүркеншік аттарының да көп болғанын ғалым Темірғали Нұртазин жазып кеткен. Демек, Б.Майлин шығармашылығын зерттеген ғалымдарды оның өмірі мен шығармашылығы ғана қызықтырып қоймай, «бүркеншік аттары» да елең еткізген. Қазақ әдебиеті тарихында көптеген ақын-жазушылардың бүркеншік атты қолданғаны мәлім, бірақ солардың ішінде бүркеншік аты молы Б.Майлин. Неге? Әрине, бұл заңды түрде туындайтын сұрақ. Бұл сұраққа әр зерттеушінің өзінің болжамы бар. Үлкен жазушының осындай әдісті не үшін қолданғандығын Темірғали Нұртазин былайша тұжырымдапты:

    1. тарихи-саяси жағдайдың түбірлі түрде өзгеруі, сонымен байланысты қаламгердің өзіне басқа мәнді псевдонимді лайық көруі;
    2. жазушы бір газетте өз атымен бірнеше мақаланы жариялауды қолайсыз көруі/3,96 б/.

Т.Нұртазин 1968 жылы жарыққа шыққан «Әдебиеттердің көрсеткіштері» кітабында Бейімбеттің бүркеншік атының «жалпы саны отызға жуық» деп көрсетіпті. Бірақ уақыт өте Б.Майлиннің бүркеншік аттарының саны көбейе түсті. Осы салада көп жылдар бойы еңбек сіңірген Т.Нұртазиннің «бәрі түгелденді деу қиын» дегені қалған ғалымдарды ойландырып, қамшылай түсті. Б.Майлиннің фельетондарын зерттеуге үлкен үлес қосқан профессор Т.Қожакеев те осы төңіректе біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Бейімбеттанушы ғалым Серікқали Байменше де осы төңіректе біраз тер төкті. Ғалым «Ауыл», «Ауыл тілі», «Лениншіл жас», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан» газеттерінде жарияланған жазушының туындыларында көбінде «Жасқаншақ», «Алтай», «Қор-

ғасын», «Алакөз» тәрізді бүркеншік аттары да ұшырасатынын ескертеді.

Еңбекқор, алымды қаламгер Бейімбет Майлин

«Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарында мақалаларын, очерктерін, өлеңдерін, фельетондарын үзбей жариялатып тұрғаны белгілі. Бұл құбылысты Тоқтар ағамыз былайша түсіндіреді: «Журналдың немесе газеттің бетіне бірнеше шығармасын жариялап отырған Бейімбет өз атын елге паш етуден ыңғайсызданып, көбіне бүркеншік аттарды қолданғанын жүйелі, дәлелді түрде көрсеткен. Мысалы, баспасөз бетінде ең бірінші болып кездескен Бейімбет Майлиннің бүркеншік аты

«М.М.» екен. Бұл бүркеншік есім 1913 жылы

«Фельетон» атты туындысының соңында «Айқап» журналының №21 санында (440-443 б.) жарияланған. Сонымен қатар, Бейімбеттің «Шаңқан», «Малай», «Жолаушы», «Тілші», «М», «Б» деген бүркеншік аттары белгілі. Тек «Малай» деген бүркеншік аты 95 рет кездесіпті»/7,386 б/. Б.Майлин шығармашылығын тынбай қарастырып келе жатқан Тоқтар Бейісқұлов назарынан мұндай қызғылықты жай қалай қағыс қалсын. Т.Нұртазин зерттеу еңбектерін басшылық-

қа ала отырып Б.Майлиннің бүркеншік аттары әлі де толық табылып бітпегеніне көз жеткізеді. 1983 жылы жарық көрген «Қанатты қаламгер» атты еңбегінде Тоқтар Бейімбеттің бүркеншік аттарының санын 30-дан асырған. Одан әрі зерттеуді тастамай, жалғастырғанының нәтижесінде қазір Биағаның 74 бүреншік есімі болғаны мәлім. Т.Бейісқұлов Б.Майлиннің бүркеншік аттарын іздестіргенде зерттеуші жазушының шығармалары мен мақалаларын жете білетіндіктен, жазу стиліне, оларда көтерілген проблемалар мен мазмұнына, сөз қолдану мәнеріне, жіті үңіліп, салыстырулар арқылы тұжырым жасағандай. Т.Бейісқұлов Б.Майлиннің бүркеншік есімді көп қолдануы оның бұқаралық ақпарат құралдар бетінде жарияланған мақалаларының көптігі, тақырыбы әр алуан болғандығымен ұштастырады. Бұл тұжырым жоғарыда келтірілен басқа да зерттеушілердің пікірімен орайласып жатыр. Бүркеншік есімдердің анықталуына байланысты Бейімбеттің көптеген беймәлім еңбектері де табылуда. Осының өзі-ақ Б.Майлиннің 74 бүркеншік есімін анықтаған Тоқтар Бейісқұлов еңбегінің маңыздылығын байқатады.

Тоқтар Бейісқұлов анықтаған Бейімбет Майлин шығармалары

Шығарма жанры

Туынды атауы

Саны

1

Романдары

1)Қарашаш 2)Азамат Азаматыч 3)Ауыл

  1. Қоңсылар
  2. Қызыл жалау

5 Алтыншы

«Қарашаш» романы табылмады

2

Повестері

1)Шұғаның белгісі

  1. Кең атыздың таласы
  2. Берен
  3. Раушан коммунист
  4. Әміржанның әңгімесі
  5. Жастық жалыны, кейін

«Әдет құшағы» деп аталады

  1. Құсайын Құлбеков

8)Тартыс

9)Оспан Олжабаев

10) Атылмаған оқ 11)Жалбыр 12)Хат 13)Қырманда 14)Кездескендер

15)Батыр большевик

16)Күлегеш жеңгей

16

3

Поэмалары

1)Зәйкүл 2)Маржан 3)Рәзия қыз 4)Байдың қызы 5)Өтірікке бәйге

6)Қашқан келіншек 7)Бай ермегі 8)Сағындық 9)Кемпірдің ертегісі

10)Қанай

11)Досалыдан бір дастан

12)Хан күйеуі

  1. Қанжар
  2. Қосын 15)Байшұбар 16)Бөліс 17)Мырқымбай 18)Көкен

18

4

Пьесалары

1)Шаншар молда 2)Неке қияр 3)Қос қақпан 4)Әмеңгер 5)Қаламқас 6)Қасырмай 7)Қырық парыз 8)Қалпе

9)Сәлде 10)Айша

11)Ауыл мектебі(немесе

«Ел мектебі» деген)

12) Бетім-ау, құдағи ғой

(әуелі «Алданған»)

13)Келін мен шешей

14)Жасырын жиылыс

  1. Көзілдірік
  2. Шабуыл
  3. Пұрткел

18)Шұға

19) Біздің жігіттер

20)Майдан

21) Талтаңбайдың тәртібі

22)Жалбыр

23) Амангелді

23;

табылғаны 16

5

Сценарийлері

Алтын сандық Амангелді

2

6

Либретто

Дидарай

1

«Дидарай» жоғалып кеткен

7

Өлеңдері

201ден асады

тағы да табылуы мүмкін

8

Әңгімелері

96

9

Фельетоны

132

10

Очеркі

38

11

Мақаласы

700-ден асады олардың 300-ге жуығын жинай алды

 

Әдебеттер:

  1. http://www.kitaphana.kz «Публицистика»
  2. Бейісқұлов Т. Байтұрсынов А.
  3. Бейісқұлов Т. Бес томдық жинағы. Мақалалар, публицистік сараптамалар, очерктер.– Алматы: Толғанай. – 2008. – Т.1. – 512 б.
  4. Майлин Б. Таңдамалы. Үш томдық. – 1.Т. –Алматы: Рауан, 1979. – 317 б.
  5. Байменшин С. Майлының Бейімбеті. – Алматы: Білім,1994. – 16 б.
  6. Бейісқұлов Т. Қайран, Биағаң // Ана тілі 19.10.2009.
  7. Бейісқұлов Т. Бес томдық жинағы. 3 том. – Алматы: Толғанай, 2008. – 448 б.
  8. Бейісқұлов Т. Бес томдық жинағы. 4 том. –Алматы: Толғанай, 2008. – 448 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.