Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктері

Аннотация. Бұл мақалада автор қазіргі түркі тілдеріндегі сөз ортасында ұяң з дауыссызының қолдану ерекшелігін салыстыра қарастырып, олардың бір қатары түркі тілдеріндегі этимологиялық д-ға сәйкес келетіндігін анықтайды. Профессор Б.Сағындықұлының «дз аффрикаты бұл – қатаң тс (ц) аффрикатының ұяң варианты» деген қағидасын негізге ала отырып, қазіргі ұяң з дыбысының түпкі тегін тс (ц) – дз – д – з – й бағытында қалпына келтіруге тырысады.

Қазіргі түркі тілдерінде ұяң, з дауыссызы сөз басында, ортасында және сөз соңында қолданылады. З дыбысы жасалу тәсіліне қарай ұяң, жасалу орнына қарай тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай жинақы жуысыңқы дауыссыз [1,27]. Сөз басында дыбысталатын з дауыссызы түркі тілдеріне енген кірме араб – парсы және орыс сөздерінде ғана кездеседі. Мысалы:

қазақ т. – зиян, зардап, зерек; тува т. – забастовка, зебра, звено, зоб; құмық т. – зайтун, залим, зар; татар т. – зар, зарар, зират; чуваш т. – завод, задача, залог; якут – замок, забастовка;

қ.қалпақ т. – зар, зийин, зыян, забой; өзбек т. замон, зарар, зардоб; ұйғыр т. – загс, завод, земинар, зәлим, зерәк т.б. Көне түркі тілінде сөз басында з дыбысы болмаған [2,55]. Сөз ортасында з дыбысы тұрақты қолданылады: қаз., қырғ, қ.қалп., құм., ноғ., қ.балқ.т бұзау/ бузау, қызық, қазан, қазық; тат.,башқ. т. бозау/ бызау, казык, казан шор т. пызааказун «береза», як.т. узун «длинный», азуғ «коренной зуб», хак. т. азак «нога», азхур «жеребец», азуғ

«медведь» т.б. З дауыссызының сөз ортасында қолданылысын салыстыра қарастырсақ, олардың бірқатары түркі тілдеріндегі этимологиялық дға сәйкес келетіндігін аңғарамыз. Мысалы: хак.т. азак, шор, сагай, барабин нареч. азак «нога» (азак пынан ас пасты – мало он становился на ноги), сар.ұйғ., башқ.т. азак саян наречиесінде адак/1-1, 658/, тув., қарағ., ойр., қырғ.т. адак, көне түркі жазба ескерткіштерінде адак/ адаг, осман түріктерінде ад/адак/ азак/ аiак [3,474] (салыст. түркм.т. айак, құм.т. аякь, тат., башқ.т. аяк, қаз.т. аяқ); қойбалды, шор, сағай, наречиесінде кузуруғ, хак.т. хузурук «хвост»тув.т.кудурук (салыст. құм., чағ., өзб., әз., қырғ., алт.т. куйурук, қаз.т. құйрық). З қараханид – ұйғыр текстерінде де (Х-ХV) кездеседі: azag «нога»,kuzặc «сосуд, кувшин», kozun «отец жены», kozgu «короткий», gozu «вниз, внизу» [4,291]. Тілдік деректердегі д~з сәйкестіктерінің орын алуы бұл дыбыстардың көне дз аффрикаты құрамынан жіктеліп шыққандығының айғағы болмақ. «Дз аффрикаты бұл – қатаң тс (ц) аффрикатының ұяң варианты. Түркі тілдерінен сары ұйғыр, салар тілдерінде ғана кездеседі. Мысалы, сары ұйғыр: дзи (же), дзеп (жіп), дзепзе (айыр), дзигек (түйін), дзора (монастырьдың ауласы), салар: дзимде (шырылда) т.б. Монғол тілінде дзураг (сурет), дзағал (жағал), дзун (жаз), дзайсан (жайсаң), дзарц (жалшы), дзарлиг (жарлық), дзурх (жүрек), дзүү (жүз), дзүл (шырақ), дзеб (жебе)» [5,19]. Көне дз аффрикаты қазіргі түркі тілдерінің сөз басында кездеспесе де, сөз ортасында жүйелі қолданылған. Көнетүркі жазба ескерткішінде: «Өкүз адзақты болғынша бұзағу башы болса иег» мысалындағы адзақ сөзі (өгіз аяғы болғанша бұзаудың басы болған жақсы) дз аффрикаты арқылы жазылған. Йүсүп Баласағунидің «Құтадғу билиг» атты даста-нында дз аффрикаты мынадай сөздерде сақ-талған: Бод ´з ´ун. Халық, ел. Елин етти түзди байуды бод ´з ´ун. ҚБ 44 (Елін нығайтты, жолға салды, халқы байыды). Бодун барча бузулур болур елка йут ҚБ 68 (Халықтың барлығы бұзылғанда мемлекет жұтқа ұшырайды [6, 102б.,108б.,]. Ноғай тілінің қара ноғай тіліндегі кьодалак/ кьозалак нұсқасының кездесуін С.Калмыкова тек осы говорға тән ерекшелік деп анықтаған. Ноғай әдеби тілі, сондай –ақ басқа диалектілерде бұндай өзгерістер орын алмаған [7,115].

Дз аффрикаты көне түркі тайпалар тілінде қолданылған. Бұл жөнінде ғұлама ғалым М. Қашқари мынадай қорытынды пікір айтқан:

«Яғма ,тухсу, қыпшақ, ябақу, татар, қайжумул және оғыздар барлық кезде з әрпін й әрпіне ауыстырады және еш уақытта дз әрпін қолданбайды. Сондықтан басқалар қайың ағашын қадзың десе , бұл тайпалар қайың дейді. Басқа тайпаларда қайнын қадзын десе, бұлар қайын дейді. Чігіл және басқа түркі тайпаларының тілінде дз әрпімен айтылған сөздер қыпшақ, ямақ, сувар, бұлғарлардан бастап Орыстар мен Румға дейінгі басқа тайпалар тілінде з әрпімен алмастырып айтады. Мысалы, түріктер аяқты адзақ десе, олар азақ дейді. Чігіл түріктері қарын тоздты – қарын тойды десе, олар қарын тозды дейді. Басқа атаулар мен етістіктер де осылай. Қорытып айтқанда , Чігілдерде дз әрпімен айтылатын сөздер яғмо, тухси, оғыз және Чынға дейін созылған жерлерде тұрақтаушы арғуларда й әрпімен алмастырылады. Румға дейінгі қыпшақ және басқа да тайпаларда з әрпімен алмастырылады» [8,100]. Демек, түркі тілдерінің көне дәуірлерінде болған дз аффрикаты уақыт өте келе, тілді үнемдеу заңдылығы, қатаң дыбыстардың ұяңдану үрдісі негізінде кейінірек аффрикат дыбыстардан жіктелген. Бірқатар түркі тілдері з дыбысын қабылдаса, енді бірқатары д дауыссызын иемденген. Бұған тіл деректері айғақ болады. Башқұрт тілі з дауыссыз дыбысын сөз ортасында біршама тұрақты қолданатын тілдердің қатарына жатады. Сондықтан, басқа түркі тілдерімен салыстырғанда сөз ортасында з дауыссызын қолдану башқұрт тілі мен диалектілеріне тән көне белгі, дыбыстық ерекшелік.

Татар және башқұрт тілдік деректерін салыстыру д~з сәйкестігінің қосымшаларда да көрніс беретіндігін байқатады. Мысалы, башқұрт тілінде бар -за «есть ведь» татар тілінде бар дакарза «в снегу» татар тілінде – кардатауза «в горе» татар тілінде таудаайза «в месяце» татар тілінде айда. Башқұрт тілінің арғаяш говорында бас – база «шагает», бос – боза «прячется», кис – кизә «режет», дем говорында калаза әдеби тілде калада «в городе», баразыр әдеби тілде баралыр «он наверное пойдет», бармазы әдеби тілде бармады «не пошел». Сондай –ақ азым «шаг», өзге түркі тілдерінде адым. Бұл заңдылыққа башқұрт тіліне енген кірме сөздер де бағынған. Мысалы, әзәм «человек», бизрә «ведро», иәзрә «ядро», файза «польза» [9,249-253].

Дз аффрикаты Қарахан дәуірінде жазылған мұра «Диуани луғат ит турк» шығармасында жиі қолданылған. Мысалы:

Аушы неше ал білсе, адзық анша йол білір

(Аушы қанша айла білсе, аяқ сонша жол білер).

Бұл ол ерен бойнын қадзырған (Бұл ерлердің мойнын қайыратын адам). Сондай-ақ адзрыш (айырық), едзгү (ізгі), ұдзытқан (ұйықтататын), ұдзытты (ұйытты), құдзырған (құйысқан), қадзырған (қайыратын), тодзырған (тойдыратын), құдзұрұқ (құйрық), тыдзығ (тыйым), қадзғұ (қайғы), бұдзын (халық) сөздері дз аффрикатымен қолданылса, з нұсқасын сақтаған үлгілер де бар: Күмүш кунгә урса, Алтун азақын келуір. (Күміс күнге қонса, Алтын (өз) аяғымен келер.). Алым кеч қалса, азақланур. (Қарыз кешіксе, қадам бітер.). «Қадаш» теміш қаймадуқ, «Қазын» теміш қаймыш. («Туғанның» дегенге қарамадық, «Құда» дегенде жалт қарадық) [8,42-43]. Бұл мәтелдердегі з мен айтылатын сөздер қазіргі түркі тілдерінде адак/адақ/атах, құда нұсқасында дыбысталаталады. Бір тілде д – мен де, з – мен де айтылатын түбір сөздердің жарыспалы қолданыста болуы з дауыссызының көне дз аффрикаты ның құрамында болғандығының тағы бір белгісі. Әсіресе, түркі тілдерінің шығыс тайпалары тілінде бұл заңдылық өте жақсы сақталып қалған. Тіл деректеріне жүгінсек, төмендегідей сөздердің екі тұлғада да, дмен де, з – мен де айтылатын нұсқаларын кездестіреміз. Мысалы, ұйғыр наречиесінде адыр / азыр (аjыр/аiр) «разделять». Сагай, шор, койбалды наречиесінде азыр/адыр/ (аiр) «щель, вилообразный». Осман түріктерінде ад/адак/ азак/ (аiак) «нога». Барабин наречиесінде адаш/ азаш «заблудиться». Қырым наречиесінде азаш «заблудиться». Сагай наречиесінде аздаһа/ аждаһа «дракон». Ұйғыр наречиесінде кадык «береза», казын су «березовый сок». Шор, лебеді, сагай, койбалды наречиесінде казык «береза» [3]. Д›з дауыссыздар сәйкестігі сагай, шор, качинск, белтерек, қойбалды, камасин, кызыл, кюэрик тілдерінде кездеседі [3,142]. Ғалым Ғ. Мұсабаевтың мынадай пікірі көңіл аударарлық:

«Алтай халықтарының тіл көнелігін сақтауындағы тарихи шындық әр түрлі этнонимдерден құрылғандығында деп қорыту керек сияқты. Олар сан қилы тайпалардан құрылғандықтан бір мың жылдам астам уақыт өтсе де, тайпалық тіл ерекшеліктерін жоюға қажетті жағдай болмаған. Көптеген туыстас (түркі) елдер Алтай, Саян тауларын ата мекен еткен. Найман, керейлер де, дулат пен алшын да, ұйғыр мен түргештер де бұған соқпай қойған емес. Бірақ мұның бәрі кезінде жазылып, тарих бетінен орын алып отырған жоқ –ты. Әйткенмен де даусыз мәселе – шығыс түркі халықтарының мекені, қара шаңырағы Алтайда болған. Бұл турасында егжейлі – тегжейлі болмаса да, түркілердің көне мекені Алтай деп, түркологтар ғана емес, бүкіл шығыстану ғылымымен шұғылданған ғалымдардың бәрі мойындаған. Ал осы күнгі алтай халықтары – бұрынғы кезде әр дәуірде Алтайды мекен еткен көп халықтардың әрқайсысынан қалған қалдықтар» [10,10]. Демек алтай тілдеріндегі д~з сәйкестігінің сақталуы қазіргі түркі тілдері үшін көне тілдік белгі деп қарастыруға тұрарлық, түркі тілдерінің тарихында болған дыбыстық өзгеріс. Шығыс түркі тілдерінде ежелгі дз аффрикатының жалаңдануы нәтижесінде орныққан сөз ортасында бірде д – мен, енді бірде з – мен дыбысталатын екі нұсқасы да сақталса, өзге түркі тілдерінде бұл дыбыстық қатардың не з варианты, не д варианты қалыптасқан. Мысалы: сагай наречиесінде азық/ адық/ аiу «медведь», ұйғыр наречиесінде адық/адыг/ азыг/ аjыг/ аjу/ аjы «медведь», сөзі тува тілінде адығ түрінде д – мен сақталсаМ.Қашқари сөздігінде

: Аучы нечә ал білсә, Азығ анча йол білір (Аңшы қанша айла білсе, Аю сонша жол білер.) [8,35], яғни з –нұсқасын қабылдаған. Сондай – ақ, шығыс түркі тілдеріндегі мысалы, алтын ерканга ок казалып партыр – стрела полетела, и воткнулась в золотой косяк двери. Ол ок парып каjа казалды – стрела полетела и воткнулась в скалу (саг.) сөйлемдеріндегі «уколоться», «быть воткнутым» мәніндегі каза (сагай, шор, койбалды нареч.) етістігі [3] башқұрт т. казау, татар т. кадарга, қазақ т. қадалу, құмық т. кадальмак, ұйғыр т. қадалмақ, өзбек т. кадилмоқ, тува т. кадал дыбыстық нұсқасында, яғни д – мен айтылады. Телеуіт, лебеді, қырғыз, қара қырғыз наречиелерінде де кадал сөзі жоғарғыдай мағынада жұмсалады. Енді бірқатар сөздер, мысалы, шор, сагай наречиесінде казын «родство по мужу и жене» , казын аба «свекорь», казын ана «теща», ұйғыр наречиесінде казын/ каiн «тесть» з – мен айтылса, телеуіт және тува тілдерінде кадун дмен дыбысталады. Дәл осындай тілдік деректер түркі тілдерінің шығысында жиі және тұрақты кездеседі: ұйғыр наречиесінде адыр / азыр (аjыр/аiр) «отделять, разлучать, разделять» сөзінің сары ұйғыр т. азыр, тува т. адыр нұсқалары сақталған. ХIV ғ. татар әдеби тілінің үлгісі «Нәхжел фәрадисте» адыру нұсқасы қолданылған: «баланы кәттән адыру»( отделить ребенка от молока) [11,47]. Ал хакас т., шор т. азыр «вилы», якут т. адаар «торчать в разные стороны», түркімен т. адыр «холмы» сөздерінде де д~з дыбыстар сәйкестігі көрніс тапқан. Демек, жоғарыдағы сөздердегі д және з дыбыстары жарысып қолданылатын сөз нұсқаларын көне заманғы тілдік норма, дз аффрикатының екі жапсары деп анықтаған дұрыс.

Тіл деректері д~з дыбыстық сәйкестіктерін й 

–мен алмасқандығын байқатады. «... д дыбысы жарты дауысты й – ға бірден ауыса қоймайтын сияқты, бұл екеуі алмасып айтыла келе, о бастағы алғашқы басқыш аффрикат дз болмаса

, зд болып, одан кейін д дыбысына айналады. Сөйтіп й дыбысына алмасу үшін интервокал д болуы міндетті емес. Әуелде аффрикат дз болмаса зд болуы қажет. Айталық екі а дыбысының арасында (интервокал) тұрған д дыбысы барлық жағдайда й дыбысына айналады десек , жаңсақ болар еді.

Өйткені, ада, адарғы, адас, адасу дегендердегі д сөздің алғашқы буынында екі а дыбысының арасында тұрып – ақ ешбір өзгерісті қажет етпейді. Ендеше д дыбысы й – ға айналуы үшін бір фактор әсер еткен деп, оны аудара қарап, ақтара тексерсек, й – ге айналатын дыбыс о баста аффрикат дз немесе дж болуы қажет екен. Ондай дыбыс болмаса дара д дыбысы й дыбысына айналмайды. Негізгі заңдылық осы» [10,16]. Интервокал д дыбысының й – ға айналуына әсер еткен дж емес дз аффрикаты екендігіне тіл деректері дәлел болады. Қазіргі тілдерде бұл өте сирек кездескенмен көне тілдік белгі ретінде бірқатар түркі тілдерінде сақталып қалған. Көне түркі тайпаларында «береза» мәні кадзын нұсқасында сақталса, бұл сөздің ұйғыр наречиесінде кадык «береза», казын су «березовый сок», д мен айтылатын нұсқасы, ал шор, лебеді, сагай, койбалды наречиесінде казык «береза» з мен дыбысталатын нұсқасы сақталған. Бұл сөз қазақ т. қайың, башқұрт т., гагауз т. кайын, құмық т. кьайын агьач.

Ғалым Ғ. Мұсабаев монғол тіліндегі қадан, қаданата сөздеріндегі д – дыбысын көне заманғы норма, тіл қалдығы деп есептейді. Бұл сөз қазақ тілінде қайын, қайын ата, тува т., телеуіт т. кадун, шор, сағай, койбалды, качин т. казун, құмық, қараим, қырғыз, алтай т. қайын, гагауз т. кайын, құмық т. кьайын түрінде дыбысталады, сондай -ақ осм.т. куйрук қаз.т. құйрық атауы қойбалды, шор, сағай, наречиесінде кузуруғ, хак.т. хузурук «хвост», тув.т. кудурук нұсқасында қолданылады. Татар тілінің маманы Л.З. Залялетдинов қазіргі татар тіліндегі айырылыу сөзінің көне түркілік адырылу «отделяться» сөзінен туындағанын дәйектей отырып, бұл сөздің кейінгі татар тіліндегі азғын «блудный» сөзімен түбірлес, бір негізді бола алатындығын зерделеген (азгын сыер «блудная корова, т.е. корова которая не подчиняется стадному режиму, азгын кеше «человек блудный, распутный, т.е. не подчиняющий семейному режиму», азып тузып йөру «вести распутный образ жизни»). Дәл осы д~з~й сәйкестігі арқылы ғалым татар тіліндегі аз «мало» сөзі мен «отдельный, обословленный» мәнінде де жұмсалатын айырым сөзін бір мағыналық ұяға енгізеді.Мысалы, айырым хужалық «жеке шаруашылық», яғни, көп емес жеке, ұжымнан тыс, сол себепті «аз» деген мәнді де иемденген [11,47]. Аз ай (азырым айырым) түбірлерінің дамуына бастау болған тілшінің пікірінше, көне түркілік адырылу «отделяться» сөзі. Ғалым пікірінің лингвистикалық тұрғыдан дәйекті, дәлелді екендігі анық. Адырылу/айырылу сөздерінің ұйғыр наречиесінде адыр/азыр/аjыр/аiр («разделять») нұсқаларының сақталғандығын ескерсек, түбір сөздің алғашқы буынындағы й дыбысының көне түркілік д –ға сәйкес келетіндігін аңғару қиын емес. Бұл дз аффрикатының екі жапсары д және з дыбыстарының одан әрі дамуы.

Ежелгі дәуірдегі дз аффрикатынан жіктеліп түркі тілдерінде сөз ортасында дз~д, дз~з, д~й, з~й сәйкестіктерін туындатқан сөз варианттары қазіргі түркі тілдерінде осы дыбыстық өзгерістердің бірін сақтай отырып тұрақталған. Мысалы:

Soi наречиесінде кадыр «вывернуть», сагай, шор, койбалды наречиесінде казыр «загнуть, в виде кручка» , казра букту «он загнул» қазақ, қырғыз, ұйғыр, қараим т. қайыр;

осман түріктері наречиесінде Хызыр /Қыдыр «имя пророка», қырым татарларында Хідір

қазақ тілінде Қыдыр ата /Қызыр ата

ДТС сыdыr, хакас т. сызыр «соскабливать, выскревать, шор, сагатай наречиесінде сыйыр «сдирать, сечь розгами», түр.,гаг., азерб., қырғ., қазақ т. сыдыр.

сар.ұйғ.т. азыр «отделять, разлучать», азырыл «отделяться, разлучаться»,

сагай наречиесінде азырыл «отдельяться», шор наречиесінде азыр / адыр/ аiр «расходиться, раздвоиться, разделяться», алтай, телеуіт, қара қырғыз наречиесінде аiрыл «разделяться»көпшілік түркі тілдерінде айыр, айырыл;

сар.ұйғ.т. азғыр «жеребец» қаз., қырғ., қ.қалп. т. айғыр .

Ерте дәуірде адзақ түрінде дыбысталған сөздің хак.т. азак, шор, сагай, барабин нареч.,

сар.ұйғ.башқ.т. азак «нога», саян наречиесінде адак, тув., қарағ., ойр., қырғ.т. адак, көне түркі жазба ескерткіштерінде адак/ адаг, осман түріктерінде ад/адак/ азак/ аiак сөздерінің түркм.т. айак, құм.т. аякь, тат., башқ.т. аяк, қаз.т. аяқ нұсқасында сақталуы дз аффрикатының д және з дыбыстарына әлі де болса ажырап болмағандығын байқатады. Керек десеңіз, қазақ тілінің өзінде айақ (аяқ) деудің орнына адақ, адағында (аяғында), адақталды (аяқталды) деп қолданылатыны бар. Сондай – ақ, ойрот, қырғыз, қазақ тілдерінде адақ болып сақталуы, алғашқы тілде жиірек, соңғы екі тілде айтылуы сирек болса да, азербайжан, түрікмен, осман (Түркиядағы түріктер) тілдерінде сақталмауы дз аффрикаты түрік халықтарының шығысында болғанына дәлел болса керек. Дз аффрикаты құрамынан екі дыбысқа ажырап, әрқайсысы жеке дауыссыз дыбысқа айналған з және д дауыссыздарын салыстыра отырып, олардың даму жолдарын былайша сипаттауға болады: дз аффрикаты бұл – қатаң тс (ц) аффрикатының ұяң варианты; дз аффрикаты түркі тілдерінің өте ерте кезеңдерінде қолданылған; дз аффрикатының құрамы д және з дыбыстарына ажыратылған, бұл өз алдына д~з сәйкестіктері негізінде бір тілде жарыспалы қолданылатын түбір сөздердің шығуына әсер еткен; бірқатар түркі тілдері көне дз аффрикатының д –мен айтылатын нұсқасын сақтап қалған; бірқатар түркі тілдері көне дз аффрикатының з –мен айтылатын нұсқасын сақтап қалған; дз аффрикатының одан әрі дамуы нәтижесінде д~й сәйкестігі қалыптасқан. Демек сөз ортасында д және й дыбыстарын қатар қолданатын тілдер тобы да бар.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана, 2002.
  2. Ряссянен М. Материалы по исторической фонетике тюркских языков. – М., 1955.
  3. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий (в IV томах). – М., 1963.
  4. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. – М.,1984.
  5. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикологиясы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы, 1994.
  6. Кулжанова Б.Р. ХI-ХII ғасырлардағы түркі әдеби ескерткіштері тіліндегі зат есімдер («Құтадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайиқ» лексикасы материалдары бойынша) Фил. ғыл. канд. ғылыми дәоежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2007.
  7. Калмыкова С. О состоянии изучения диалектов ногайского языка // Вопросы диалектологии тюркских языков. – Фрунзе, 1968.
  8. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы, 1993.
  9. Дмитриев Н.К. Согласные с и з в тюркских языках // Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Фонетика. – М., 1955.
  10. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы, 1988.
  11. Залялетдинов Л.З. Опорный диалект в образовании татарского языка // Вопросы диалектологии тюркских языков. – Баку, 1958.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.