Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дастан-поэмалардағы дүбірлі дәуір сипаты

Ұлт-азаттық тақырыбы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. Мақалада Көдек Маралбайұлының, Таңжарық Жолдыұлының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін, оның шығу себептерін, сипатын қамтыған өлең-жырлары талданады. Автор өзі өмір сүрген дәуір шындығының ауыр көрінісін айна-қатесіз бейнелеген ақындардың ішінде Көдектің, Таңжарықтың орны бөлек екенін жан-жақты қарастырып, ғылыми тұжырым жасайды. Мақалада ақын өлеңдерінде әділетсіз саясаттың ауыр зардабы, Азамат соғысы жағдайындағы майдан өмірі, азапты күндері кеңінен қамтылып, бар болмысымен жырланғаны туралы айтылады. Ақын поэзиясы заман шындығын жырлаған өзге ақын-жазушылардың шығармаларымен бірлікте, сабақтастықта қарастырылған.

Кіріспе

XIXғасырдыңсоңғыширегімен XXғасырдың бірінші жартысында өз шығармаларына халық тағдырын, көңіл күйін, ел тіршілігін, заман тынысын арқау еткен ақындар шоғыры өмір сүрді. Олар халық тағдырын, аласапыран жылдардың қатал шындығын, өз басындағы күйініші мен сүйінішін көркем ой, кестелі тілмен өрнектеді. Өктемдікке, теңсіздікке, кер заманға кектеніп, оны сын тезіне алып, қилы кезеңнің көркем шежіресін жасады.

Халқымыздың басынан өткен қилы заман аз болмағаны шерлі тарихтан белгілі. Ел басына күн туған сондай аумалы-төкпелі шақтардың өткен ғасырдың алғашқы жартысына тиесілі екені мәлім. Ғасырмен ере келген аласапы ран заманның, әрқилы өзгерістердің ұлт басына үйірілген тұмандай әсер еткен жағдайы 1916 жылғы оқиғалардан, одан кейінгі қуғынсүргіннен, зұлмат жылдардан ерекше байқалды. Ұлтының азаттығы, бас бостандығы үшін атқа қонған ер-азаматтардың ерлігін, алмағайып шақтың ауыр зардабын жырға қосты.

Эксперимент

Кер заманның теперішін көріп, екі империяның да өктем үнін естіп өскен Көдек те, Таңжарық та өздерінің бастан кешкен азаптарын, қалай тұтқындалуынан бастап, айдауда кешкен зардабын, абақтыдан шыққанға дейінгі көрген қорлығы мен жантүршігерлік қинауларын, абақтының азапты өмірін суреттеу арқылы сол тұстағы ұлттың рухын өшіруді мақсат тұтқан әділетсіз үкіметтің зорлық-зомбылығын, отаршылдық саясатын шыншылдықпен әшкерелейді. Қуғын-сүргін жылдардың қасіретін, жазықсыз жәбірленген ел азаматтарының көрген құқайы мен аянышты тағдырын дастан-толғауларына, поэмаларына арқау етіп, кестелі тілмен шынайы сипатта баяндайды. Ресей патшалығы мен Қытай империясының сол кездегі зорлықшыл саясаты мен елдің басына төнген ауыр да, мүшкіл халін бүкпесіз көрсетумен бірге, барша халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай білді. Бұқара халыққа қысым жасап, зәбір көрсеткен билеушілердің отарлау саясатының қиянатын танып, еңсесі түскен қалың қауымның ауыр халын дәл бейнелеп, ақындық биігі мен азаматтық болмысын танытар туындыларын жазды.

Озбырлық саясаттың кесірінен шекараның қос қапталында қалып, тағдыры екіге бөлінген ұлтымыздың көргенін тілге тиек ете отырып, сол тұстағы өздері көрген, куә болған шындықтан ауытқымай, қаз-қалпында суреттейді. Әділетсіз өкіметтің қысымынан босқын болып ауа көшкен елдің тартқан тауқыметі мен абақтыда шеккен азабын ет жүрегі езіле отырып толғайды.

Талқылау

Өзі өмір сүрген дәуір шындығының ауыр көрінісін айна-қатесіз бейнелеген ақындардың ішінде Көдек Маралбайұлының орны бөлек. Көдектің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін, оның шығу себептерін, сипатын қамтыған толғау-дастандарының бірі «1916 жыл» дастаны болса, екіншісі «Сағыныш толғауы» деп аталады. Ақынның басқа өлең-жырларынан бұл туындыларының мәні, орны бөлек. Өйткені мұнда халық басына түскен отарлық пен озбырлық және өктемдіктің қысымы нақтылы дерек арқылы көрініс тапқан. «Көңіл ырза болмаудан наразылық туады. Наразылық мұңға айналады. Мұңнан ой, қиял тербеледі. Сөйтіп, көңіл ырза болмағандағы шығатын толғаулар жалғыз көңіл күйінің сөзі болмай, ой, қиял қатысып шығады...» (Baytursinuly, 2013: 334) – деп Ахмет Байтұрсынұлы толғау ерекшеліктерін көрсетіп жазғандай, ақын толғауында өз өмірінің бел-белесіндегі бір ақиқатты айту арқылы халық басындағы қым-қуыт тіршілікті, ауыртпалықты мейлінше қамтып, кеңінен суреттейді.

Толғауда халыққа жасаған қысымы мол патшалық Ресейдің отарлау саясатының пиғылын сезіп, қиянатын танып, еңсесі түскен қалың қауымның ауыр халін, патша өкіметінің озбырлық саясатының кесірінен жергілікті азаматтардың қызыл қырғынға ұшырағанын дәл көрсетеді. Бұл нәубеттің кесірінен тек қазаққа ғана емес, көршілес қырғыз елінің де көргенін тілге тиек ете отырып, сол тұстағы халықтың көргенін тарата түседі, әрі болған шындықты ауытқымай, қаз қалпында суреттейді.

Қырылды Қарақолдың түрмесінде Кемеңгер жұрт бастаған саңлағым-ай. Басшыдан ақыл табар айырылған соң, Албанның бекер босқа сандалуы-ай.

Туындының нақты қай жылы жазылғаны белгісіз болғанымен, ондағы суреттелетін оқиғаның сол дүрбелең дәуірдің шежіресін танытатынын анық байқаймыз. Көдек те әскер қатарында болған, бар қиындықты өз басы нан өткерген. Бір қарағанда өлең өзінің өмірі, жүріп өткен жолы, мехнатты сапары туралы болып көрінгенімен, астарында ел басына төнген нәубет, ел азаматтарына түскен ауыртпалық, жалқының емес жалпының мұң-шері жатқаны анық. Әскерге алынған ер-азаматтар алдымен қырғыздың бірнеше қыстақ, қалаларын басып, Жамбыл, Шымкент, одан кейін Ташкент арқылы Бұқара, Самарқан қаласына барады. Артта қалған ел мен жерді сағынған ақын өзінің сырсезімін тартымды жырлайды.

Бір алла өзің сақта ғарыбыңды, Дүние жаман көрдім қалыбыңды. Құдайға бір мал айтып сояр едім Текесті, көрсем аман аға-інімді.

Туған жердің әр тасы қымбат екенін ұзақ та беймәлім сапарға шыққанда тереңірек ұғынған ақын жанын түсінгендейміз. Өзінің туып-өскен мекенін, өскен ортасын, туған жерінің ғажайып табиғатын көз алдыңа әкелетін ақын жырлары сағыныштан, сезімнен туғанын анық аңғарамыз. Қарқарада өткен балалық шағы, Текесте қалған бозбалалық кезеңі есінен бір шықпайды. Ақын алыста қалған туған жерін, елін аңсайды. Олар Отанын қорғаудан қашпақ емес, қорлық іске жұмсалғандарына зығырданы қайнайды. Майданғақолданжасалған«іспескеменшақырып жүргізгеніне», ел билеушілерінің аяр амалдарына, сол тұстағы әміршіл жүйеге қарсылық екенін аңғаруға болады. Бүкіл халықтық бағыт алған ұлт-азаттық көтерілістің шығуының басты себебі майданның қара жұмысына адам алу болатын. Сондықтан 1916 жылдың дабылы мен дауылын халық аз көрмеген еді. Бұл – бүкіл халық басына түскен нәубет, еркіндікті аңсаған елдің ашу-ызасы. Айналып келгенде, шет аймақтардағы ұлттық қозғалыстар ресейлік үстемдікке қарсы жүргізілген күреске ұласып, отаршылдық жүйеге елдің ашу-ызасын туғызды. Ақын да майданға алынған көп азаматтың бірі. Сондықтан ауылынан алыстап алыс сапарға аттану азап өмір ретінде суреттеледі. Бұл – анық ақиқат. Өмірдің өзі тудырған шындықты бүкпесіз жырлап, заманның бет-бейнесін шыншылдықпен бейнеледі.

Айдады тағы төмен қамандарым, Жоқ болсын дүниеде неге арманым. Барлықты тарлықпенен тең көрсетіп,

Сұм жалған осы ғұрлы неге алдадың, – деген жолдар да көп жайдың бетін ашады. Ақынның үміт пен күдікке толы ой-сезімі, назналасы айқын көрінеді. Тек Көдек қана емес, бұл тұста туған шығармалардың бәріне ортақ бір түйін-тұжырым бар. «Ұлт-азаттық көтеріліске туған поэзия үлгілері 1916 жылғы қазақ халқы ұлт-азаттыққозғалысыныңсанқырлысипатымен сан алуан құбылысын терең қамтып, жан-жақты ашатын жырлар болып табылады. Бұларда маусым жарлығына жаппай наразылық толқынының жалпы халықтық стихиялы көтеріліске ұласу мен оның өрлеу, даму кезеңдері, майдан өмірі сияқты ірі-ірі оқиғалары молынан елес беріп отырады» (Abdimanuly, 2002: 72). Бұл шынында, сол кезең поэзиясының дәуір сипатына, замана шындығына байланысты ерекшелігін танытадыдеп тұжырым жасауымызға болады.

Ақын «Сағыныш толғауында» деп аталатын туындысында Нарынқол өңірінен аттанып, өзі жүріп өткен жерлерді (Пржевал, Қарақол, Піспек, Шолпаната, Арыс, Түлкібас, Мерке, Шымкент, Ташкент т.б.) тізбектеп, ұзақ сапар барысында көрген-білгендерін, алған әсерлерін өз түсінігіне орай суреттеп отырады. Елдің шетінде, желдің өтінде жаяу-жалпылап, кейінірек атпен жүрген солдаттарды ақыры отарбаға отырғызып, беймәлім жаққа қарай алып кетеді. Ақырында көп жерлерді басып өткен оларды Ташкент арқылы Самарқан дуанының маңайына алып келеді. Таулы аймақтың тұнық су, таза ауасында өскен адам үшін бүрге-шыбыны қаптаған қапырық ыстыққа төзу де оңай болмайды. Ақын қаламынан осының бәрі шынайы тұрғыда жырланады. Жан да тәтті, жарлық та қатты. Абақтының ауыр тұрмысымен бара-бар азапты өмір сол тұстағы халық ақындары жырлаған шындықпен сәйкес екенін аңғарамыз. Еркінен тыс жегілген жұмыс ақын жанын жегідей жейді. Патшаның жарлығына, отаршылдардың айла-шарғысына қарсы келу, бұзу мүмкін емес екеніне көздері жете түседі. Бұрын тәртібі қатал әскери өмірді көрмеген, елінен ұзап шықпаған адам мұндай тіршілікке бірден көндіге қоюы қиын. Мұны ақынның жыр жолдары да растайды. Орысқа солдатқа беру баласын жоғалтумен бірдей екенін ашық айтады. Көдектің қаламынан майданға алынған жігіттердің көрген ауыр азаптары да қаға беріс қалмайды. Бұрын қару-құралды ұстап көрмеген жігіттерге сегіз ат тартатын ауыр зеңбіректі алып жүру оңай емес. Ақынның «азапты мұндай көрген сұрамаңыз» дейтін сөзі бекер айтылмаған. Жабылып атпен сүйрелеген жандалбаса тірліктері, зеңбіректің жолын күрекпен, кетпенмен ашамын деп әуреленгендері, майдан даласындағы ауыр шындық ақын назарынан тыс қалмайды.

Сайлапты төрт кісіден зеңбірекке, Сегіз ат тартады екен дөңгелетсе. Азапты мұндай көрген сұрамаңыз Матырылып жатады екен көлден өтсе.

Халық басына түскен зілді жарлық ешкімге де жеңіл тимеген. Мұндай озбырлыққа біреу шыдайды, біреу шыдамайды. Империяның қатал қысымынан туған жерін тастап кеткендер де аз болмаған. Майданның қара жұмысында жүріп мерт болғандар да жоқ емес. Сондай азаматтардың бірі, елден бірге жолға шыққан жолдасы Мамырхан жол азабына шыдай алмай, ауыр сапарда мерт болады. Ақын ауылдан бірге жүріп, бірге келген оның мезгілсіз қазасына қайғырады. Ертеңгі күнге деген сенім азайып, үміттің шоғы болмасыз жылтырайды. Мұны Көдектің өзі де ауырып, дәрігердің көмегіне жүгінген сәтінен байқауға болады. Қиналған жанына дәрігердің де емі шипа бола қоймағанын, одан ары қиналып, азапқа салынғанын бей-жай оқу мүмкін емес. Тәні ғаны емес, жаны жаралы екенін кімге айтпақ, кімге мұңын шақпақ? Кіндік кескен жұртынан айырып, халқын сергелдеңге салғандардың жазасын кім бермек? Босқын елдің халі түзеліп, бостандық таңы атар күнді аңсайды. Ақын ауыр халін жырға айналдырып, жаралы жанына ем іздегендей аласұрады.

Көдек Маралбайұлы өзінің осы бір толғаужырлары арқылы-ақ 1916 жылдың тарихи шындығын, отаршылдық саяясаттың астарпиғылын, езілген елдің ыза-кегін көз алдымызға әкеледі. Әділетсіз саясаттың ауыр зардабы, Азамат соғысы жағдайындағы майдан өмірі, ел-жұртынан алыста жүрген жігіттердің мұңзарлары, азапты күндері кеңінен қамтылып, бар болмысымен жырланған. Отаршылдыққа қарсы үлкен серпіліс тудырған ұлт-азаттық көтерілістің шындығын барынша шынайы, көркемдікпен бейнелеген.

Азаматтардың ұлт бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен талайлы тағдырлары, жүріп өткен жолы, көрген азабы мен мехнаты, азапты өмірі көркем шығармаға арқау болып, ұлттық рухты өзек еткен шығармасы шынайы тұрғыдан кескінделген.

Таңжарық Жолдыұлы поэзиясын да өзінің өмірінен, бастан кешірген тағдырынан бөле-жара қарауға болмайды. Ақын туындыларының тарихи негізі, туу себептері өз өміріне, көріп, білген оқиғаларына барып тіреледі. Қысқа ғұмырының саналы бөлігі түгелдей қуғын-сүргінде болды, алты жылдан астам уақыт бойы абақтының ауыр азабын бастан кешірді. Түрмедегі түнек өмірдің жан түршігер бейнесі өлең-толғауларында бар болмысымен, шын кейпімен көрініс тапты. Шындығында да, Таңжарықтың қазірге дейін жарық көрген мол мұрасының басым көпшілігі сол түрмеде жатқан кезінде жазылған. Арғыбергі дәуірде түрме тағдырын кешкен қазақ ақындары аз емес. Алайда түрме хәлін, абақты азабын ұзақ әрі қинау әрекетінің неше түрін басынан кешірген, оны жеріне жеткізе суреттеп, өлең жолдарына түсірген ақын ретінде Таңжарықтың орны оқшау тұратынына ешкім де шек келтірмейді деп есептейміз. Оның өмірі мен шығармашылығы ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытайдағы қазақтардың шындық шежіресі деуге болады.

Төңкеріс пен демократияға опасыздық жасап, милитаризмге бет бұрған шың шысай үкіметі халықтың саналы деген азаматтарын қойдай көгендеп, Үрімжі түрмесіне апарып тыға бастады. Сонымен Таңжарық 1940-жылдың басында Үрімжі түрмесіне айдалып кете барды. Ол гоминдаң жендеттерінің қаніпезер қаталдығын әшкерелейтін ең тамаша өлеңдерін осы түрмеде отырып жазды. Жеті жыл бойы ақынның үні бір толастамай, оның өлеңдері ауыздан-ауызға таралып, жауларының бетіне қарғыс таңбасындай басылып жатты. Абақтының азапты шындығының нақты суреті жасалды. Ол туралы жазылған ақынның «Абақты» дастаны барша қазаққа әйгілі.

Үрімжі абақтысында жоғарыдағыдай екі рет қамауда болу барысында Таңжарық ақын гоминдаң тұтқындаған көп ұлттың озық ойлы адамдарымен пікірлес болады.

Өлсекте біздің өлмес атағымыз, Белгілі істеп жүрген шатағымыз. Алыстан алтын сәуле бір күлімдер, Болғанмен қазір түнек жатағымыз,-деп ішкі сырын бүкпей, жайып салады. Әділет, ұлт теңдігі, еркіндік, тәуелсіздік жолындағы ұлы мұратын ашық айтып, көпшілікке ұғындырғандай болады. Ақынның жауынгерлік рухының қоғамдық сипат алғанын көреміз.

Ақынның абақты өмірі бастан-аяқ тасқындаған поэзия өмірі болды. Туындыларының басым көпшілігін абақты ішінде жазды. Қазақ тарихында талай ғұламалардың, талантты ақын-жазушылардың ғұмыры абақтыда сор лап сөнген. Таңжарық поэзиясы абақтының жантүршігерлік жауыздық өмірінің күнделігі сипаттас, онда абақтыда күн сайын түлеп, жетіліп отырған өздерінің асыл мұрат-мақсаттарынан хабар беретін жеке өлеңдер де бар. Мұндай жеке бір лирикалық циклды құрайтын Таңжарық ақынның өлеңдеріндей мұра сирек. Осындай шыншыл да сыншыл, ұлт жанды,көркемдікқуаты мол ақын поэзиясы түрме ішіндегі түрмелестерін ояту, баулудың үстіне, сондай қыспақты қиын шақтарда да, көңілдеріне үміт отын жағып, бір жарық сәуле түсіргендей болады. Жалынды жырға зындан-түрме бөгет бола алмады. Ол қапас-қамаудай шығып, кең байтақ ел-жұртымен, қан майданда әділдік, ұлттық еркіндік, теңдік үшін сайыста жүрген сардар-сарбаздардың жүрегіне жол тауып жатты. Оларды әділдікке, үмітке, тайсалмастыққа, нұрлы болашаққа сенуге шақырды.

Қай дәуірдің, қай халықтың қаламгері болмасын, егер ол шындықты айналып өтіп, өз жанын ғана күйттеп, жалғандыққа жол берсе, онда ол адамның қас талант, халық ұлы болмағаны. Егер ол шын талант, үлкен жүректі азамат болатын болса, өзі өмір сүрген дәуірдің шындығын бедерлемей тұра алмайды. Бұл тұрғыдан қарағанда, Шыңжаң қазақ әдебиетінің классигі, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлы – өз заманының бар шындығын көркем ой, кестелі тілмен өрнектеп кеткен ұлы тұлға. Шындықты шымбайына батыра айтқаны үшін, халық тілегі, ұлт мүддесін жырлағаны үшін, ол теңсіздік жайлаған қоғамда әділетсіз үкіметтің тегеурініне ілікті. Қуғынсүргын көрді, жеті жылға жуық түрмеде отырды. Алайда оның бәрі жүрегінің оты бар, өр мінезді, өжет ақынды жасыта алмады. Қайта қажырын қайрап, өршелене өрге жүзді. Отты жырларын дауылдата түсті.

Бұл туралы профессор Зұфар Сейітжанов «Шыңжаң қазақ әдебиеті» атты монографиясында: «Абақты» аймақ әдебиетін қойып, бүкіл қазақ әдебиетінде түрме туралы жазылған алғашқы көлемді шығарма болып табылады» (Seitzhanov, 1999: 136) -деген-ді. Дастанда отызыншы жылдардың соңын ала «үкіметке қарсылар, ұлтшылдар» деген атпен гоминдаң үкіметі жағынан жүргізілген қанды қырғын қапысыз бейнеленеді. Оқиға лирикалық кейіпкердің атынан баяндалады. Лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Ол – түрме түнегіндегі азапты өз басынан кешкен, азаттық үшін арпалысқан ерлердің бірі. Ақын өзінің екі реткі қалай тұтқындалуынан бастап, абақтыдан шыққанға дейінгі көрген қорлығы мен жантүршігерлік қинауларын, абақтының азапты өмірін суреттеу арқылы сол тұстағы ұлттың рухын өшіруді мақсат тұтқан әділетсіз үкіметтің зорлық-зомбылығын шыншылдықпен әшкерелейді. Қуғын-сүргін жылдардың қасіретін, жазықсыз жәбірленген ел азаматтарының аянышты тағдырын баяндайды.

Дастанда гоминдаң абақтысының адам баласы көргенді қойып, құлақ естімеген неше түрлі жазалаудың, қинаудың небір сұмдықтарын қолданып, бейкүнә жандарды тірідей шырылдатып жатқаны көз алдыңа елестейді. Абақтының азабын тартып аштықтан бұралған адамдарды қинаудан он шақты түрін ойлап табады. Соның бірі бірнеше тәулік не тамақ, не су бермей қояды. Адамның еті сүйегіне жабысып қайыстай қатып қалады. Осындай сәтте екі бетке ұрады. Сөйлеуге тіл жоқ адамды осылай есеңгіретіп құлатады. Ал енді жазалаудың екінші түрі мынадай:

Көмірге отырғызып ұсақ шағып,

Қан деген май құйрықтан судай ағып. Үрпіңе ши жүгіртіп боздатқанда,

Шыбын жан шығып кетпей тұрсың нағып!?

Адамның жанды мүшесіне ши жүгірту қандай қорлық. Мұндай қинауға екінің бірі төзе алмаған. Тақтайға шеге қағып, соның үшкір жағына отырғызу – нағыз тағылық, қинау болса, тырнақтың көбелері ине сұққан кезде адамның шыбын жаны шырқырап есінен танары хақ. Тағы бір кезекте қинаудың басқа бір түрін қолданады. Тектеу-тиым болмаған соң гоминдаң жендеттері ойларына келгенді істеген.

Ет жүректі пенденің қиналуы, жәбір көруі дәл осы жырда баяндалғаннан артық болмас. Қандай жаза болғанда да, осындай адам баласы төзгісіз, адам түгіл хайуан екеш хайуанға да істетпейтін жаза қолданып, қорлау, қан қақсату қанішер жауыздардың, адам тонын жамылған тағылардың әрекеті. Бұл – аңыз емес, шындық. Суреткер ақын осы шындықты өз басынан өткізді де, оны қаз-қалпында аса шеберлікпен оқырманның жан дүниесіне ерекше әсер ететіндей психологиялық серпін арқылы бейнелейді. Ақын дастанда абақтыдағы осы ақиқатты айна-қатесіз бейнелейді. Қаралы жылдардағы қанды наубеттің қалай басталып, қаншама адамдардың өмірін қиғанын хабардар етеді. Абақтыда жатқан әр ұлт халқының тағдыртауқыметіне көрген азабына ақын өз басының, өз ұлтының тауқыметіндей ортақ күңіренеді. Бел шешіп, білек сыбанып күрескенде ғана азаптан арылып, еркіндік, теңдікке қол жететіндігі сынды ақиқатты ұғындырды. Ел тағдырын, ұлт азаттығын жырының қайнары, күресінің мұраты ете білген күрескер ақын:

Келсеңдер Үрімжінің қаласына, Көзің сал қалтарыс сай-саласына. Ұмытпа өле-өлгенше осыны деп, Тапсырып кет балаңның баласына, – деп осы қысым-қиянатты өле-өлгенше ұмытпауға, қанды кек қайтарып, еркіндік үшін күресті тоқтатпауға, ұрпақты баулып күреске шақырады. Осылайша ақын өзінің әділетшіл, бостандықты аңсаған, отаншыл, күрескер ақын екендігін әйгілеп кетті.

Қорытынды

Қысқасы, ақынның «Абақты» дастаны – халық тағдырының қаралы беттерін қапы сыз бейнелеген, өзінің ажар-айшығымен, көркемдік қуатымен, тәрбиелік құндылығымен өткен күннің ғана емес, бүгінгі, тіпты, ертеңгі күннің де талап-тілегіне сай келетін өміршең, реалистік қуаты мол, деректі туынды. Ақын асқан шыншылдықпен өз кезіндегі қанқұйлы зұлымдықты талдап, таңбалайды.

Ақындық өнердегі алғашқы адымдарын шығыс сюжеттерін негіз етіп шығарма жазудан бастаған Көдек, Таңжарық сынды ақындарымыз біртіндеп қоғамдық-әлеуметтік шындықты арқау еткен туындылар жазып, қазақ жазба әдебиетінің жанрлық мүмкіндігін арттыруға, дастан-толғау жанрының көркемдік шарттарын жетілдіріп, тақырыптық ауқымарнасын кеңейте түсіп, өмір шындығының шынайы, көркем тілмен жырлануына үлкен үлес қосты.

 

Әдебиеттер

  1. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-Шежіре, 2013. – Т. 1. – 384 б. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 б.
  2. Сейітжанов З. Шыңжаң қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 185 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.