Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мұнай және газ өндірісіндегі терминдер семантикасы мен функциясы

Аннотация. Берілген мақала мұнай және газ өндірісіндегі терминдер семантикасы мен функциясына арналған. Қазақ тілінде аталған тақырыптың зерттелуі өте маңызды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мұнай және газ саласындағы терминдердің семантикасы мен функциясы өте аз зерттелген. Қазақстанда мұнай және газ саласының дамуымен қатар шет елдік инвесторлардың да елде аталған салада жұмыс жасауы артып келеді. Мақала халықаралық тіл болып табылатын ағылшын тілі мен Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілдеріндегі терминдерді қарастырады. Автор мұнай және газ саласындағы терминдердің семантикасы мен функциясын қарастырады.

Қазақстан Республикасы экономикасының жаһандануы, мұнай өндірісінің елдегі ірі мұнай мен газ өңдеу сияқты дамуы, сондай-ақ, әлемдегі ірі компаниялардың осы салаға ірі инвестициялар құюы елдің экономикалық өсіміне ғана емес, қазақ, ағылшын тілдеріне деген өспелі мүдделілігіне әсер етуде.

Егеменді Қазақстан экономикасындағы жаһандық өзгерістерге байланысты, атап айтсақ, халықаралық ұйымдардың қатысуымен оның мұнай ғаз өндірісі саласында сәттіліктерімен қоса қазақ тілінде осы салада көптеген терминдер етек жайды. Осыған қатысты аталмыш терминдер жіктеу мен лингвистикалық көзқараста кеңінен зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Бәрімізге белгілі, мұнай мен газ өндірісі энергияның қайнар көзі бола отырып, әлемде жанармай-энергетикалық шаруашылығында шешуші орынға ие болып отыр. Аталған шикізаттың энергересурстардың жалпы қолданымында тоқтаусыз өсуде. Мұнай және газ саласымен аудармашылар қызметі көмегімен жүзеге асырылатын, халықаралық қатынастың үлкен бөлігі байланысты. Оған қоса, аталмыш нысанмен негізгі өндіріске заңды, қаржылық, маркетинг және басқа да қызметтер көрсететін мыңдаған адамдар айналысуда. Соңғы жылдары мұнай химия, мұнай өндіру және барлау сатысында көрнекті және шартты маңызды өзгерістер орын алып, лексика-терминологиялық құндылықтардың кеңеюіне жол ашты. Арнайы тілдер арасындағы лексикалық ерекшеліктерді түсіну барлық қызмет блогындағы жұмыс сапасының өсуіне әсер етіп, динамикалық нарық шартындағы тез уақытта нәтижелі шешім шығаруға мүмкіндік береді.

Соғыстан кейінгі жылдары мұнай барлау және қайта өңдеу өндірісімен, мұнай химиясының дамуымен, терминологиялық бірліктер санының қарқынды өсуі зерттеліп отырған тақырыпта көптеген энциклопедиялық басылымдар мен сөздіктердің құрылуына жол ашты. Қазақстандық зерттеушілер: А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, А.Қайдаров, С.Кеңесбаев, Т.Сайрамбаев, Б.Нургазина, А.Ысқақов, М.М.Копыленко, С.Е.Исабекова, А.Е. Карлинский, Р.З.Загидуллин, У.Айтбаев, М.Балакаев, К.Жұбанов, Ш.Құрманбайұлы, Ш.Билялов, К.Тунгушбаев, Н.Ш.Шаймерденов, сонымен қатар, шет елдік лингвист зерттеушілер: А.А. Реформатский, Г.О.Винокур, В.В. Виноградов, С.Г.Бархударов, О.С. Ахманова, Ю.Д.Апресян еңбектерінен аталған тақырып бастау алған.

Қазіргі кездегі тіл ғылымында соңғы он жылдықта өз еңбектерін терминология саласына арнаған бірқатар зерттеушілер бар. (В.М.Лейчик, Н.В.Подольская, А.В.Суперанская, Г.П.Немец, Н.В.Васильева, В.П.Даниленко және т.б.). Танымал зерттеуші В.М.Лейчик терминтануды жеке ғылыми пән ретінде қарастырады. [1, б.14]. Қазіргі кездегі зерттеушілердің ойларынша, осы кездегі терминология-әрбір бірлігі қолданымда белгілі бір шетеулерден және болуы мен дамуы үшін оптималды шарттарда тұратын жасанды құрылымды пласт болып табылады. Терминді басқа номинация типтерінен ажыратып тұратын салдары – ғылыми концепциялармен байланыс болып табылады. Яғни, терминнің тілдік статусы өзі бағынатын білім саласының әсеріне илігеді.

«Термин» түсінігінің анықтамасы мен оған деген талап әлі күнге дейін әр алуан болып отыр, себебі, көптеген тіл танушылар осы түсінікке зерттеу объектісіне байланысты әр түрлі анықтама береді. Оған қарамастан, Д.С.Лоттенің терминге қатысты: термин ұлттық терминологиялық жүйенің мүшесі ретінде қарастырылады; терминоэлемент терминологиялық мағынаға ие және термин құрылымына жататын минималды бірлік болып табылады; жасанды терминологиялар белгілі бір «жетіспеушіліктерге» ие; терминдердің «абсолютті» және «қатысты» бір мағыналылығы ажыратылады; түсінікті «жеке» және «тартымды» деп бөлу қажет (жеке түсінік терминдері ғана реттеледі); алғашында мамандар терминдердің жаңа түсінігіне үйренісу үшін, реттелген терминдерге терминологиялық ұсыныс мәртебесін беру керек; ең бірінші терминөндірушілер болып табылатын терминдер негізінің дұрыс құрылуына назар аудару керек, болмаса, осыларға жеке салалық терминологияның барлық құрылымы байланысты; құрылған терминнің аталған салада синонимдері мен омондимдері болмай, жеке пәннің немесе түсініктің атауы болуы керек; қалыптасқан және тағы туындайтын термин белгілі бір - «жеке» (мағыналық) немесе «негіздік» (агрегатты) ассоциацияны құруы керек деген ережелері жалпыға ортақ болып табылады. [2, б. 56 – 58].

Қазіргі тіл біліміндегі «термин» түсінігі анықтамалары ішінен В.М.Лейчик ұсынған анықтаманы: «Термин-белгілі бір тілдің арнайы мақсаттары үшін лексикалық бірлігі, жалпынақтылықты немесе абстаркттылықты білдіретін-қалыптасқан арнайы білім мен қызмет саласындағы теория түсінігі болып табылады деген анықтаманы ұстануға бейімбіз. [3, б.16– 17].

Лингвистикада термин зерттеуінің екі негізгі жолы танымал: нормативті және дескриптивті. Нормативті жолда термин жалпы әдеби тілдің сөздерінен ажыратып тұратын,ерекше семантика мен грамматикалық құрылымға ие белгілі бір түрдің лексикалық бірлігі ретінде қарастырылады. Нормативті жолды жақтаушылар термин бір мағыналы, нақты, жүйелі, қысқа және ешбір синонимдері мен антонимдері болмауы керек деген талап қояды. Осы жолды жақтаушылар қатарына Д.С.Лотте, А.А.Реформатский, В.И.Сифоров, Т.Л.Канделаки жатады. Олардың зерттеулерінде термин динамикалық, тірі тілде қызмет етуші емес, сәйкесінше, фиксация саласындағы статикалық элемент ретінде қарастырылады. Лингвистикада осындай терминге «идеалды термин» деген анықтама берілді.

Қызмет ету саласына байланысты терминді зерттеу барысында дескриптивті жолды жақтаушылар (Г.О. Винокур, Б.Н. Головин, Р.Ю. Кобрин, В.П. Даниленко, А.И. Крылов) терминдерге фиксация саласының статикалық элементі деген ой түйінінің дұрыстығына күмән келтіреді. Дескриптивті жолдағы термин спецификасы термин ерекше сөз емес, тек ерекше қызметтегі сөз болып табылады. Яғни, кез келген сөз термин бола алады, кез келген термин жалпы қолданылатын лексика саласына ене алады. Сәйкесінше, термин көп мағыналы, синонимдер мен антонимдері болуы мүмкін. Заманауи зерттеушілер дескриптивті жол жақтаушыларының дұрыстығын растайды.

Жаңа терминнің пайда болуы кезінде қалыптасып үлгерген тілдік тәжірибе негізінде қажетті белгілік ақпарат іздеу мен оның «тілдік ақ-па-раттық-терминологиялық саласында» бекітілуіне тура келеді. XXI ғасырдың басында терминді тілдің жаңа бірлігі ретінде қарастыру абстрактілі дефинициялардың жалпы деңгейі жаңадан пайда болған терминдерден жоғары болып, ал семантикалық құрылымы бар ілімнің қажеттілігінде қолданылатын терминдермен салыстырғанда ыңғайлы болуына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшырайды [4, б.21].

Термин өз репрезентациясында салаларының көпжоспарлылығы мен көп қызметтілігімен сипаттала отырып, құрылым, ғылыми байланыс құралы болып қалыптасады.

Алғаш рет «терминдік аумақ» түсінігін А.А.Реформатский қолданады (1931ж.). Мұнай және газ өндірісі саласындағы терминдік аумақ біріккен құрылым бола отырып, терминологиялық жүйе, терминологиялық қатар және өзара қатынасты термин құрайды.

Мұнай және газ терминологиясы атаулар жүйесі ретінде адам қызметінің мақсатқа жету жолының нәтижесінде дамып, өзара біріге және экономикамен байланысты қалыптасады.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминдік жүйеге ортақ лексико-тематикалық топтың болуы (area ─ аудан, surface ─ бет, drilling ─ бұрғылау), сонымен қатар, терминдердің логикалық, құрылымдық және семантикалық ортақ құрылымдылығы, оның ішінде: терминдер семантикасының түсініктілік жағы, семантикалық байланыс құрайтын, терминологиялық жүйенің құрылуы мен олардың қатынасына әсер ететін терминдердің сөз тудырушылығы мен дериватологиясы тән.

Аталған тілдердегі ұлтаралық терминдердің болуына байланысты терминологиялық жүйенің қалыптасуында бірыңғай шарт пайда болады. Оған келесі лексемалар: абсорбент (absorbent), абсорбция (absorption), агломерат (agglomerate), баррель (barrel); сонымен қатар, ағылшын тіліндегі мұнай және газ терминдерінің қазақ тіліндегі балама термин жүйесіне енуі:

вакуум (vacuum), ингибитор (inhibitor), инжектор (injector), коррозия (corrosion) дәлел бола алады.

Ағылшын тіліндегі терминология келесі хронологиялық шеңберге саяды:

  1. «ерте ағылшын» кезеңі; V– ХI-ғасырларды қамтиды,
  2. «орта ағылшын» кезеңі; ХII ғ. орта кезеңі мен ХVI ғ.қарастырады,
  3. «жаңа ағылшын» кезеңі; ХVI аяғы мен ХIХ ғ.,
  4. «қазіргі» ХХ – ХХI ғғ.

Ал қазақ тіліндегі мұнай және газ өндірісіндегі терминологияның қалыптасуы да кезеңді қамтиды. Яғни, қазақ халқы көрнекті ағартушылары қазақ тіл біліміне, оның ішінде терминология саласында ғылыми ашулар жасаған, ХIХ ғасырдан бастау алады. ХХ ғасырдың басы қазақ терминологиясының дамуында ерекше кезең болып табылады (А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Қожанов және т.б. еңбектері). Революциядан кейінгі кезеңде қазақ тілінің дамыған терминологиялық жүйесін құруда мықты практикалық және теоретикалық база қалыптасады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында терминология жасау жолындағы алғашқы талпыныстар жасалса, 30 жылдардан бастап техникалық терминологияда алғашқы сөздіктер пайда болады, ал 40 – жылдары соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдердегі қажеттіліктерге байланысты ғылымның қарқынды дамуы байқалған болатын. 50-60 жылдары мұнай және газ саласындағы терминология лексикография саласында толық томды еңбектерге ие болды. ХХ ғасырдың 90 – жылдары мен ХХI ғасырдың басында қазақ тіліндегі тілдік өзгерістер қоғамдық құрылыстағы саяси және экономикалық өзгерістер салдарынан пайда болады. Мұнай және газ өндірісі саласындағы терминология жаңа терминдер мен терминдік жүйенің қалыптасуымен тез арада тілдік өзгерістерге әсер етті. Мұнай мен газ саласында дамыған мемлекеттер тәжірибесі негізінде, әлеуметтік және шаруа-шылық қызметтердің, адам ойының жетістікке қол жеткізуі нәтижесінде қазақ тілінде де атал-ған терминологиялық жүйенің негізі қаланған болатын.

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың барлық салаларында қазақ тіліне белсенді тәржімалау жүріп жатқандықтан, қазақ терминологиясының дамуына үлкен назар аударылуда.

Қазақстанда аталған саладағы терминологияның күшті базасының қалыптасуына А.Қайдаров, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлы, Ш.Билялов, Р.Шойбеков және т.б. сияқты лингвист-терминологтардың үлесі зор.

Қазіргі қазақ және ағылшын ғылыми терминологиясы – ғылым тілінің ұзақ тарихи дамуының нәтижесі. Мұнай және газ өндірісі саласындағы жаңа терминдердің қалыптасуы мен дамуында халықаралық қатынастардағы сыртқы экономикалық байланыстар әсер етеді. Яғни, бір ел терминдерінің екінші тілге енуі байқалады.

Ағылшын тіліндегі «мұнай және газ» терминдік аумағының құрылуы алғашында көбінесе латын, грек, ескіфранцуз тілдерінен, аздап неміс тілінен: crude (лат.) ─ шикізат, ointment (ерте фран.) – май, octane number (грек. okto – сегіз) –октандық сан, ене отырып қалыптасқан. Ал қазір мұнай және газ өндірісі саласының әбден дамуы арқасында ағылшын тіліндегі жаңа терминдердің енуі бұрыңғы лексика негізінде аталған тілдің өзінде пайда болуда.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мұнай және газ саласының дамуымен қазақ тіліне интернационализм еніп, көбінесе ағылшын, орыс тілдерінен сәйкес көп компонентті терминдердің синтаксистік калькирования, сондай-ақ, орыс тілі арқылы ағылшын тілінен ұлтаралық лексика қорын игеру, лексикалық және семантикалық кірме жолдарымен енуде. Орыс тілі ағылшын және қазақ тілдері арасында делдал болып табылады.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарастырылып отырған терминдердің ішінен, тематикалық түсініктері мен шығу тектері бір терминдердің өзара байланысы бар терминологиялық бірліктердің мағыналық қатынастары жүйелілігін дәлелдейтін, келесі терминдік аумақ туындаған: «мұнай өңдеу», «мұнай химиясы», «мұнай өндіру өндірісі», «жобалау». Мысалы, oil − мұнай (нефть)oil pool ─ мұнай шоғыры (залежь нефтяная); oil show ─ мұнайдың көрінуі (проявление нефти) және т.б«Мұнай өңдеу» терминдік аумағы ішіндегі терминдер арасында «бұрғылау» және «ұңғыма» мағынасын беретін көлемді блок байқалғанdrilling − бұрғылау (бурение): structural drilling ─ құрымдылық бұрғылау (бурение структурное); drilling speed ─ бұрғылау жылдамдығы (скорость бурения); и др.well, hole − ұңғыма (скважина): well depth ─ ұңғыманың тереңдігі (глубина скважины), well hole ─ ұңғыманың оқпаны (ствол скважины) және т.б. терминдік жүйесі.

Терминдердің құрылуы мен жаңа сөздің құрылуында бірдей сөз тудырушы жолдар қолданылады. Дегенмен, сөзге қарағанда терминнің құрылуында «терминологиялық номинация мазмұнын толық ашу қажет болып табылады. Яғни, түсінік дефинициясы жаңа пайда болған терминнің сөз тудырушы актісіне кіргізу қажет. Себебі, дефинициясыз, берілген түсінік мазмұнының шектерін анықтаусыз терминді толыққанды деп атауға келмейді» [5, б. 94].

«Мұнай игеру», «газ игеру», «мұнай химиясы», «мұнай өңдеу» интернационалды лексикасы ағылшын және қазақ тілдеріне ортақ болып сіңуде. Термин құрылуындағы тіл дамуының осы деңгейінде жалпы әдеби сөз құрылымы ерекшеліктеріндегі көптеген әлеуетті мүмкіншіліктер жүзеге асырылады. Бір жағынан кеңейтілу (метафоризация) байқалса, кейбір кездері семантикалық ілгерілеу (конверсия, семантикалық компрессия) көрінеді. «Жалпы термин құрылу жүйесі формалды компоненттерден (термин құрау және термин құраушы құрылымдар әдісі) тұратын, ғылым мен техника тілінің қызмет ету кезінде көрінетін қиын организм іспеттес [6, б. 30]. Терминдердің басқа тілден немесе интернационалды термин қорынан енуімен мұнай және газ саласындағы жаңа терминдік бірліктердің пайда болуы да семантикалық әдіспен жүзеге асырылады. Мысалы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі құралдар мен жабдықтардың, кейбір механизмдер атауларының пайда болуына белгілі бір құралдардың сыртқы келбеттері әсер еткен: ағыл. piston skirt – юбка поршня, butterfly – көбелек (горизонталды жазықтықтағы тарту бағытын өзгертетін алмасу құрылғысы); қаз. – анод құлағы, бұрғылау жеңі – және т.б.; үй заттарына ұқсастық негізінде: bin, bucket ─ сынабекітпе (ковш), disk, plate ─ табақша (тарелка) және т.б. Сөз-терминдердің санының артуымен қатар, кейбір сөз топтары семантикасы қарама-қарсы бағытта дамиды, яғни, әсірелеу жағы артып, бұрыңғы нақты түрлік сипаты азаяды [6, б.62–63]: ағыл. – soapstone – сабынды тас, bit teeth – бектіпе тісі, chemical attack – химикалық агрессия, tongs jaw – кілт жағы; қаз.– баспалдақ – қойылмалы баспалдақ, сүйеніш –, сырғанатқыш, тұздық.

Сонымен, қазақ және ағылшын тілдеріндегі мұнай және газ өндірісінің терминологизациясы міндеттеріне: геология, мұнай және газды өңдеу, өндіру мен тасымалдау саласындағы салааралық терминдер қорын құру, мұнай мен газ бойынша көптілді терминологиялық сөздік жасау, лексикографиялық әдебиеттерде терминдер мен термин құрылымдарын тәржімалаудағы сапаны арттыру маңызды болып табылады.

 

Әдебиеттер:

  1. Лейчик В.М. К определению философских основ терминоведения. –М., 1998. – 258 с.
  2. Лотте Д.С. Упорядочение технической терминологии // История отечественного терминоведения. Классики терминоведения: Очерки и хрестоматия. – М., 1994. – С.77.
  3. Лейчик В.М. О языковом субстрате//Вопросы языкознания. – 1986. – № 5. – С. 87-97.
  4. Алексеева Л.М. Терминопорождение как основа научного творчества // Терминоведение. – М.: Московский лицей, Русский филологический вестник, 1998. – Т.31, вып. 1-3. – С. 19-27.
  5. Айтбаев У. Основы казахской терминологии. – Алматы: Арыс, 2000. – 114 с.
  6. Жубанов К. Исследования по казахскому языку. – Алматы: Ғылым, 1999. – 560 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.