Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

-мақ, -мек аффикстерінің зерттелуі мен семантикалық ерекшеліктері

–Мақ, –мек аффикстері көне аффикстер қатарына жатады. Бұл тұлғаның көне түркі ескерткіштерінде қолданылғаны туралы проф. М. Томанов былай деп көрсетті: «-мақ, -мек аффикстері Y-YII ғасыр ескерткіштерінде есідмек тәрізді бір-екі сөз құрамында кездеседі. Ал орта ғасырлық жазбалар тілінде бұл тұлға аса жиі қолданыс тапқан тұлғалардың бірі болып есептеледі. М.Қашгари бұл тұлғаны масдар деп түсіндіреді. Орта ғасыр жазбаларында инфинитив мәнінде де, сонымен бірге істі атқаруға ниет-тілекті білдіретін тұлға мәнінде де қолданылады. Инфинитив мәнінде қолданылуы қазақ арасында XIX ғасырда қолданылған кітаби жазба тілде кездеседі. Алайда, қазақтың халық тілі мұндай ретте у тұлғасын қолданады» /1, 101/.

–Мақ тұлғасының XI – XII ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінде қолданылуы туралы түркологғалым Х.Г.Нигматов былай деп жазды: «Қимыл атауларының кең қолданылатын бірден бір көрсеткіші -мақ, -мек аффиксі. мақ, -мек тұлғасы қосымшасыз қолданылған кезде қимыл атауын білдіреді, септік жалғауларын қабылдап септеледі, шылаулармен тіркесіп қалау, тілек, мақсат сияқты әр түрлі реңктерді білдіреді және барлық түбір етістіктерден жасалады: а\ йағы бойны йанчмак тилар эрса сэн – егер қарсыласының мойнын игің келсе; б\ тапунмақ учун келдим қызмет ету ушін келдім в\ мэниң эвга кэлмак турур – ли ол менің үйіме келгісі келеді » \2, 131\.

Проф. А.Құрышжанов осы тұлғаның XII – XIV ғасырларда қыпшақ жазбаларында етістік түбірге жалғанып есім тудыратын жұрнақ ретінде де кездесетінін көрсетті /3, 33./

–Мақ, –мек тұлғасы жайлы профессор Н.А. Баскаков былай деп жазады: «-мақ, -мек аффикстері дерексіз процесті білдіру түсінігінен басқа өзінің семантикасында мақсат, ниет реңктерін де білдіреді. Бұл аффикстердің шығу тегі осы тұлғаның – ма, -ме түбірі мен мақсат, ниет мәндерін білдіретін барыс септігінің ға, ге аффикстерінен тұратыны болу керек. Сондықтан мақ, -мек аффикстері өзі жалғанған етістіктің түбіріндегі қимылды орындауды ниет ету мағынасын білдіреді» /4, 275/. Б.Серебренников пен Н.Гаджиева мақ, -мек инфинитивтері етістіктен жасалған көне – ма, -ме есімдеріндегі тұрып қалған барыс септігі тұлғасын көрсетеді: «Алмак, ичмәк тәрізді септік тұлғаларының әуелгі мәні алу үшін, ішу үшін

/для взятия, для питья/ деген мағынаны білдірген. мақ, -мәк инфинитиві әуелгіде супин, мақсатты инфинитивтің мағынасын берген болуы мүмкін » деген пікір айтады /5, 238./ Мұндай пікірді Н.К.Кононовтан да оқуға болады. Ол түркі тілдеріндегі инфинитив пен славян тілдеріндегі инфинитивті салыстыра отырып, А.А.Шахматовтың айтқан «но с течением времени инфинитив окончательно отглаголился, потеряв возможность обозначать носителя признаков, т.е быть существителным» деген пікіріне сүйене отырып мақ, -мек инфинитивін екіге бөледі: –ма қысқарған инфинитив, ал –қ, -қа, -ға, -ке, -ге барыс септігінің жалғаулары», – деп түсіндіреді /6, 276/. Белгілі түрколог П.М.Мелиоранский бұл тұлғаны тұйық етістіктің бір түрі деп көрсеткен

/7,60/. Сондай ақ, түркі тілдерінің көпшілігінде –өзбек, түрік, татар, ноғай, құмық, башқұрт, әзербайжан т.б. тілдерінде –мақ, -мек, бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалары тұйық етістік, кейде қимыл есімі болып есептеледі. Осыған сәйкес қазақ тілі грамматикаларының өзінде де

/мектептерге арналған оқулықтарда/ бұл тұлғаны тұйық етістіктің бір түрі деп қарау фактісі болды. /8,47/. Алайда, мұның тұйық етістіктен үлкен бір айырмашылығы бар. Ол іс әрекеттің субъектімен қарым-қатынасын білдіретін мағынасында, яғни осыған сәйкес бұл тұлғада мақсат, ниет, тілек және мезгіл мәндері бар. Осы жағынан қарағанда ол райларға жақын. Сондықтан да 1945 жылы шыққан С.Кенесбаев пен С.Жиенбаевтың «Қазақ тілі грамматикасынан» бастап –мақ, -мек , -бақ, -бек, -пақ, пек жұрнақтары тұйық етістік тобынан алынып тасталады. Содан бастап қазіргі қазақ тілі грамматикаларының көпшілігінде бұл тұлға «етістіктің шақтары» деген тақырыптың ішінде «мақсатты келер шақ» деген атпен беріліп жүр. Орыс тілінде шаққан академиялық «Қазіргі қазақ тілінде» бұл тұлға «айғақсыз келер шақ» аталып, мынандай анықтама берілген: «Бұл тұлға қимылдың басталғанын да, аяқталғанын да көрсете алмайды, тек мақсатты, ниетті білдіреді. Сондықтан –мақ тұлғасы жекеше тұрғанда белгісіздікті, ұзақтағы, алыстағы мақсатты көрсетеді. Қимылдың, іс – әрекеттің жүзеге асатын, аспайтыны туралы анық ешнәрсе білдірмейді.

Проф. Ы. Маманов –мақ тұлғасын «ниет келер шақ» деп атаса, белгілі ғалым, проф. Т.Қордабаев бұл тұлғаны «терминді көбейтпей ақ, сенімді келер шақтың бір түрі» деп атауды ұсынды /9, 150; 10, 77 – 79/.

Әрине, –мақ тұлғасында келер шақтың мәні бар, ғалымдарымыздың бұл тұлғаны ниет келер шақ, белгісіз келер шақ, мақсатты келер шақ, сенімді келер шақ деп әр түрлі ат қойып, келер шақ жүйесінде қарап жүргендері жайдан жай емес. Бірақ сонымен бірге бұл тұлғадан мақсат, ниет мәндері де айрықша көрінеді. Белгілі ғалым К.Ищанов –мақ тұлғасы туралы: «...Бұл тұлғаның ерекше семантикалық мәні мен ерекше модальдығы – етістіктің түбірінде берілген іс – әрекетті субъектінің орындауға деген ниетін білдіретіндігі, шын мәнінде іс – әрекет орындалмайды, тек сөйлеуші арқылы жорамал, болжам жасалады. Сондықтан бұл форманы ашық райға жатқызуға болмайды. Оны формантты семантикасына байланысты неғайбыл райлар қатарына енгізу керек» – деп жазады/12, 14/. Ал, Т.Ерғалиев бұл тұлға жөнінде: «Ол–істің істеушісімен (субъектімен) қарым – қатынасын білдіргенде шақтық және жақтық байланысқа ие болады. Бұл жағынан ол райларға жақын. Тілдегі мағынасындағы міндетті, кей қалпында мақсаттық қатынасты білдіреді» – деп көрсетсе, М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкеновалар «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты еңбектерінде: « бұл тұлғаның мағынасы сөйлеу кезінен кейін болатын қимыл–әрекетті ашық білдірмейді. Шындыққа қатысы жағынан қалау райға жақын» – деген пікірді айтады. Әрине, бұл тұлғаны келер шаққа жатады немесе қалау райға кіреді деп кесіп айту қиындық туғызады. Себебі, ол қиындық «шақ категориясы мен рай категориясының бір–бірінен мазмұн шегі де, форма шегі де ажыратылмағандығымен байланысты» /11, 323/.

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғасы ауызекі сөйлеу тілімізден гөрі көркем әдебиетте газет–журнал беттерінде кең қолданылады. Ол етістік таңдамайды. Әрине, субъектіге жағымсыз өлу, ауыру сияқты етіс-

тіктермен бұл тұлға I жақта қолданылмайды. Оның қолданылмауы етістіктердің бұл жұрнақты қабылдамауына байланысты емес, ондай амалдарды субъектінің ұнатпауына байланысты, сондықтан ондай етістіктерден осы тұлғаның болымсыз түрі жасалады. Бұл тұлғадан кейін сөзге жақ жалғаулары жалғанады.

    1. Ханға барып, мұндағы хабарды айтпақ.

/Ә.Кекілбаев/. 2. Оның «тағы не боп қалды» деп қарадай күпті болып отырған жүрегін орнына түсірмек. /Ә.Кекілбаев/. 3. Таңертең ертелетіп жүрмекпін. Қонаққа шақыртып жатпаған шығар. Сол мәселе ғой. /Ә.Сараев/.

7. Менен ақыл сұрамақсыздар ма? /Т.Иманбеков/. 8. Жақсы, – деді –Мұқтас есінеп. – ал, қалай құтқармақсың? /Ә.Сараев/.

Қазіргі қазақ тілінде бұл тұлға есімдерше де, етістіктерше де өзгере береді. Есімдер сияқты сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқара алады, көптік, жіктік, жалғауларымен өзгере береді, тәуелденеді, септеледі. Осы қасиет-теріне қарап, оны тұйық етістіктен ешқандай айырмасы жоқ деуге болады, алайда ол бо-лымсыздық жұрнақтарын /–ма, -ме, -ба, бе, -па, -пе/ қабылдамайды. Бұл тұлғаның болым-сыз түрі емес сөзімен тіркесуі арқылы жаса-лады, сондай-ақ, етістіктерше жіктелмей тұр-ғанда қимыл есімдері сияқты бар/жоқ сөзде-рімен тіркесіп те қолданылады. Жақ жалғау-лары емес сөзіне жалғанады. Мысалы:

1. Біз іні-бауырларымызды ондай жолға түсірмек емеспіз. /К.Оразалин/. 2. Әйтсе де кемпір ол кесенің өзі көзі тіріде сынғанын көрмек емес. /Ә.Сараев/. 3. Қандайлық, көңілмен айтып отырғанын білдірмек емес.

/М.Әуезов/. 4. Кел демек бар, кет демек жоқ.

/Мақпал/. 5. Сұра-мақ пен білмек бар.

/М.Әуезов/. Бұл тұлға қазіргі қазақ тілінде етістіктің түбіріне жалға-нып зат есім /құймақ, сырмақ, соқпақ, тығыл-мақ, санамақ, жұмбақ т.б/ жасайды, бірақ өте өнімсіз болып есептеледі. Сондай-ақ көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын қабылдайтынын жоғарыда айттық. Мысалы: 1. Менің сізге келгендегі сұрамағым, білмегім осы еді. /М.Әуезов/. 2. Е, айтпақтарың көп екен ғой. /М.Дузенов/. Бірінші сөйлемде –мақ, -мек тұл-ғасы тәуелденіп қолданылса, екінші сөйлемде әуелі көптік жалғауын қабылдап, содан кейін барып тәуелдік жалғауымен жұмсалған. Осы типтес сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілімізде кең қолданылады.

–Мақ жұрнағы көбінесе бол көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. – мақ жұрнағымен бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған тұлға ауызекі тілімізде де, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Бұл тұлға туралы П.М.Мелиоранский: « форма на –мақ, -мек имеет скорее значение достигательного наклонения /суріпип/. В этом смысле оно особенно часто употребляется с глаголом «бол». Например: бармақ болу» деп жазады /7, 60/. Ғалымның суріпип термині – латын тіліндегі етістіктердің ерекше категориясы, тұйық етістіктің бір түрі болса керек. Бұл қолданыстың мазмұнынан субъектінің тек ниет, арман, тілегі ғана емес, шешімі, ұйғарымы да байқалады.

Бол көмекшісі етістігі үш шақ бойынша түрленіп қолданылады. Жақ көрсеткіштері шақ жұрнақтарынан кейін жалғанады: мен бармақ боламын, бармақ болып отырмын, бармақ болдым. Сен бармақ болдың, бармақ болып отырсың, бармақ боласың, сіз бармақ болдыңыз, бармақ болып отырсыз, бармақ боласыз, ол бармақ болды, бармақ болып отыр т.с.с. Осылай шақ жұрнақтарының түрленіп жалғануы бұл тұлғаның беретін мағынасына да әсер етеді.

–Мақ тұлғасына бол көмекші етістігі осы шақ бойынша түрленіп қолданған кезде, субъектінің сөйлеп тұрған уақыттағы белгілі бір іс – әрекетті жүзеге асырудағы ниеті, тілегі, мақсаты көрінеді. Мысалы: 1. Әйгерім Гауһарды автобусқа дейін шығарып салмақ болып отыр. 2. Сіздің үйдегі жігіт туралы бір өтініш айтпақ боп тұрмын, мені дұрыс түсініңіз.

/М.Дүзенов/. 3. Екінші курстағы Смағұлов емтиханды ертерек тапсырмақ болып жүр, бірақ деканның рұқсаты жоқ. Бұл сөйлемдерде күрделі баяндауыш қызметінде жұмсалып тұрған етістіктер қимыл иесінің сөйлеп тұрған уақыттағы ниетін, мақсатын білдіріп тұр, шақтық мағына қабаттасып берілген.

Ал мақ тұлғасына бол көмекші етістігі өткен шақ бойынша түрленіп қолданған кезде, субъектінің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын белгілі бір іс – әрекетті орындамақ болған мақсатын, тілегі, сондай ақ, шешімі мен ұйғарымын айқын білдіреді. Мысалы: 1.Құдайберді Абай керек еткен жәрдемнің бәрін жеткізіп тұрмақ болды. /М.Әуезов/. 2. Ұзақ қасында жатқан әкешешесіне ұмтылды, екеуін кезек жұлқылап оятпақ болды. /М.Дүзенов/. 3. Осылардың бәрін жинап теріп келіп, Ералин Төкені орнынан босатпақ болды.

/М.Дүзенов/. Көркем әдебиеттен алынған осы үш сөйлемде де бұл тұлғадан етістіктің түбірінде көрсетілген қимылды орындамақ болған субъектінің ерекше бір ниеті мен ұйғарымын, шешімін байқауға болады.

–Мақ тұлғасына бол көмекші етістігі ауыспалы келер шақ бойынша қолданған кезде субъектінің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын белгілі бір ісәрекетті орындамақ болған ниеті, мақсаты, тілегі екінші бір себептермен орындалмай қалғандай мен көрсетеді. Мысалы:

  1. Осыған орай ән – әуен ілістірмек болады.

/М.Әуезов/. 2. Қыздар оны жататын орны

«Қа-зақстан» қонақ үйіне жеткізіп салмақ болды. Бірақ, Даурен жаяу баратынын айтып, таксиге отырмайды. /Ә.Сараев/.

–Мақ екен тұлғасы тілімізде жиі қолданылады. Бұл қолданыста сөйлеуші арқылы II, III жақтағы субъектілердің ниетін, мақсатын, арманын, ықыласын білдіреді, сонымен бірге кейде интонацияға байланысты сөйлеушінің жорамал, кекесіні тағыда сол сияқты реңтгер қоса қабат жүреді. I жақтағы қолданыс сирек кездеседі. Жақтық көрсеткіштер екен көмекші етістігіне жалғанады.

Мысалы: 1. Кембаш екеуі атамды байлап кетпек екен. Айқайын маңайдағы кісілер естіп, жиналып қалыпты. /Т.Иманбеков/. 2. Комунистер ертеңнен бастап жиналыс шешімін түсіндірмек екен. /Т.Иманбеков/. 3. Ауылды көркейтпек екенсің ғой, бала, – деді Жұрымбек кекесінмен болды. /К.Найманбаев/.

Бұл тұлғаның болымсыз түрінде қолданылуын кездестірмедік.

-мақ еді мақ бол тұлғасына мағыналас, синонимдес тұлғалардың бірі. «–мақ тұлғасының мақсаттық мәні еді көмекші етістігімен тіркесе жұмсалғанда айрықша айқын көрінеді. Мен бармақпын дегеннен гөрі мен бармақ едім дегенде мақсаттық мән айқын екені белгілі. » ... Бірақ соңғы тұлға /–мақ едім/ өзінен кейін тағы басқа бір сөздің, сөйлемнің айтылуын қажет етеді » /126, 147/.

Әсіресе, бұл форманттың мағынасынан субъектінің өткендегі жүзеге аспай, орындалмай қалған шешімін, мақсатын, ниетін байқауға болады. Жақтық көрсеткіштер еді көмекші етістігіне жалғанады: мен бармақ едім, сен бармақ едің, сіз бармақ едіңіз, ол бармақ еді. Болымсыз түрі еді көмекші етістігінің алдынан емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалады.

    1. Осының жобасын өзінше дәлелдемек едім, келемежге ұшырғандай болдым. /Т.Иманбеков/.
    2. Ағасына: «Төмен құла!» – деп айғайламақ еді, үні шықпады, айғайламақ болып ашқан аузына жүрегі кептеліп қалғандай.

Бұл сөйлемдерде субъектінің ниеті, ойы екінші бір іспен, қимылмен ұштасу себепті орындалмай қалатын қауіп туғандығын аңғартады.

    1. Бұл жолы сендер ұстамағанда Қоқанға өтіп кеткен соң, содан бастамақ едім. Қоқаннан Ташкентке, Ташкенттен Бұқараға өтпек едім. /Ә. Тарази/. 4. Ал, батыр Тәкежанның жолын мықтап кескен секілдісің, енді не істемек едің? /М.Әуезов/. 5. Ол журналда Толстойдың жаңа романы басылыпты, соны оқымақ едім. /М.Әуезов/. 6. Оның аузына сөз салмақ еді, Зиба кимелей кетті. /Ә.Сараев/.

Жоғарыдағы сөйлемдердің барлығында да ниет, мақсат мағыналары айқын беріледі де, шақтық мағына контекске байланысты көрінеді. Мысалы, бірінші, екінші, алтыншы сөйлемдерде өткен шаққа мезгелсе, төртінші, бесінші сөйлемдерде келешекке мегзелгендей.

–Мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғаларынан кейін шығар, тәрізді, сияқты, екен, дейді, көрінеді модаль сөздері тіркесіп қолданылғанда қосымша жорамал, болжал, күдік, тыңғылықтылық сияқты мәндер береді. Мысалы: 1. «Мыналар тәуекел қылайын деді. Біреуді өткізбек қой » , депті теңізшілер.

/Ә.Сараев/. 2. Майбасар бір семізді сойып, барлық өз тобын осы орайда сыйламақ тәрізді.

/М.Әуезов/. 3. Күндегі дағдысымен егін танабын бір шолып өтпек шығар? /Ә.Сараев/.

    1. Тәкежан інісіне жаңағының үстіне тағы бір үлкендік көрсетпек сияқты. 5. Айдархан ұлы Тілектің ескерткіші қызыл шүберекпен безендірілген. Мерекелік митинг осы арада өткізілмек екен/М.Дүзенов/. 6. Мекайіл Мұхтарды Қарқалыға ертіп апармақ екен. /К.Оразалин/.

Осы берілген сөйлемдердің бәрінде қимыл иесінің етістік түбірінде көрсетілген әр түрлі іс-әрекетті орындамақ болған мақсаты мен тілегін, ниеті мен шешімін сөйеуші арқылы тиянақтап, не болжалдап көрсету мағыналары бар. Алғашқы төрт сөйлемнен сөйлеуші пікірі (лебізі) арқылы жорамал, топшылау мәндері көрінсе, бесінші, алтыншы сөйлемдерден сенім, тиянақтау мағынасы байқалады.

      1. Ескі болса да таза киім беріп, үстілеріндегі сілікпелерін өртеп, адам қалпына келтірген ол жақсылығын қалай ұмытпақ?
      2. Еркін жүріп, еркін тұрып, өзі үшін қызықты

іспен айналысса, саушылығына да игі әсер етпек. /М. Сықақбаев /. 3. Шешенің орны бір бөлек те, ал әкенің орны тіптен бөлек, екеуі адамның қос қанаты тәрізді, онсыз адам өмір айдынында еркін самғап кете алмақ емес.

/Ш. Құмарова/. 4. Ресми қабылдаған еңбек жоқ. Сонда қалай болмақ? Соншама уақыт архив кеміріп қалай отырмақ?/М. Сықақбаев /.

–Мақ тұлғасы контекстегі мазмұнына сәйкес келер шақ тұлғасының мәнінде, ал ниет, міндеттілік, мақсат мәндері қосымша модальдық реңк беріп жұмсалатын кездері де болады. Жоғарыда берілген төрт сөйлемде де қимыл иесінің алдағы уақытта жүзеге асатын, я аспайтын іс-әрекеті туралы баяндалған.

 

Әдебиеттер:

  1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1981. – 204 б.
  2. Нигматов Х.Г. Функциональная морфология тюркоязычных памятников XI-XII вв. – Ташкент, 1989. – 191 с.
  3. Курышжанов А. Язык старокыпчакских письменных памятников XIII-XIY вв. – Алматы, 1972. – 344 с.
  4. Баскаков Н.А. Историко-типологическая морфология тюркских языков. – М., 1979. – 275 с.
  5. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. – Баку,1979. – 304 с.
  6. Кононов А.Н. Тюркские этимологии: Ученые записки. – Ленинрад, 1954. – 280 с.
  7. Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка. – Ч. I. Фонетика и этимология. – СПб, 1894. – 72с. – Ч.II, Синтаксис. – 1897. – 92с.
  8. Аманжолов С. Қазақ тілінің грамматикасы. – I бөлім. Морфология. –Алматы, 1939. – 98 б.
  9. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. –Алматы, 1966. – 155 б.
  10. 10.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. – Алматы, 1953. – 116 б.
  11. 11. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991.– 383 б.
  12. 12.Ищанов К. Повелительное и желательное наклонение в современном казахском языке. Автореф. Канд. Дисс. – Алма-Ата, 1963. – 30 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.