Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту

Мақалада жоғары тілдік оқу орындарында қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқытуда кездесетін қиындықтар мен әдістеме қарастырылады. Көптеген жағдайда қазақ тілді студенттер ағылшын тілінде сұрақ қойған кезде дауыс ырғағын қате қолданады, бұл, әлбетте, студенттердің сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның көркемділігіне бөгет болады.

Зерттеу жұмысы барысында көптеген ғалымдардың еңбектері қарастырылды, алайда қазақ тілі мен ағылшын тілдеріндегі дауыс ырғағына салыстырмалы талдау жасалынған еңбек жоқтың қасы екені анықталды. Сондықтан еңбектің басты мақсаты болып табылатын студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып, шетел және орыс зерттеушілерінің тәжірибесін негізге алып әдістеме жасалынды. Сонымен қатар қазақ тілді студенттерге ыңғайластырып жасалынған жаттығулар кешені құрылды.

Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс. Алайда, ағылшын тілінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды. Шетел ғалымы Б.Ф. Корндорф пікірі бойынша фонетиканы меңгерудің маңыздылығы дыбыстық тіл адамзат қоғамының жалғыз тілі болғанында.

Сөйлеушінің көңіл-күйі, эмоциясы, қатынасын дұрыс жеткізе білуінде және тыңдаушының оның сөзін дұрыс ұға білуінде дауыс ырғағының рөлі айрықша. Шетел фонетистерінің бірі Р.Кингдонның “Дауыс ырғағы тілдің жандүниесінің айнасы” деген сөзі осы мәселені дәлелдейтін секілді [1, 35].

Яғни, бірнеще зерттеушілердің берген анықтамаларын талдай келе, Брызгунова берген нақты да қысқа анықтамаға тоқталсақ деп отырмыз. “Дауыс ырғағы дегеніміз тілдің дыбыстық құралы, оның көмегімен сөзде сөйлеуші мен тыңдаушы өз ойлары мен қарым-қатынасын білдіреді.”

Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда, тілдік жоғары оқу орнында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс ырғағын ана тіліндегі сұраулы сөйлем құрылысы мен айту ырғағының ерекшеліктерінің әсерінен дұрыс меңгере алмау кемшілігін жою мақсаты зерттеу жұмысының тақырыбын осы мәселеге арнауға мәжбүр етті.

Көптеген жылдар бойы әртүрлі ұлттар аудиториясында шет тілінің фонетикасына үйретуде студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып оқыту зерттеушілердің іздену жұмыстарының басты пәні болып келеді (Г. П. Торсуев, Т. Айтжанов, В. А. Исаков, И. В. Коробова, И. С. Гизатуллин және т.б.), ал дауыс ырғағы, оның компоненттерін, олардың қызметін және рөлін зерттеушілердің де саны аз емес (В. А. Васильев, Ю. А. Дубовский, Л. Р. Зиндер, Т. М. Николаева, т.б.) және дыбыс ырғағының жүйесінің функциясын анықтауда біраз зерттеушілер еңбек сіңірді (Ф.А.Артемов, И.Г.Торсуева, D.Crystal, H.Palmer, D.Jones, R.Kingdon). Соның ішінде қазақ тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қазақ зерттеушісі М.К.Исаевтың еңбегін зор мақтанышпен айтуға болады.

Алайда ғылыми еңбектер, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасай келе тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертуде нақты да нәтижелі жол көрсетілмегені, бұл мәселе жетік зерттелмегені байқалады. Содан болар, білім беру, оқыту кезінде студенттердің ана тілінің (біздің мәселемізде қазақ тілінің) ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып жасалған оқыту әдісі жоқтың қасы.

Осының нәтижесінде көптеген жағдайда қазақ тілді студенттер ағылшын тілінде сұрақ қойған кезде дауыс ырғағын қате қолданады, бұл, әлбетте, студенттердің сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның көркемділігіне бөгет болады.

Яғни, тілдік жоғары оқу орындарындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгер-

тудің белгілі бір нақты оқыту технологиясы, ғылыми зерттеуден өткен оқыту материалдарының жоқтығы басты мәселе болып отыр.

Мұның бәрі қазақ тілді студенттердің ағылшын тілін жетік біліп, сол тілде, әсіресе сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын қолдануда білім, білік, дағдыны қалыптастыру үшін керекті, тәжірибелі әдістеме жасау қажеттілігін тудырады.

Егер студенттерге ағылшын тілінің дауыс ырғағын тез және нәтижелі меңгерту барысында олардың ана тіліндегі қалыптасқан дыбыстау білімін көңілге ала отырып оқытса, онда интонациялық дағдыларды меңгеру деңгейі жоғары болары сөзсіз, өйткені әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері болады және студенттер ана тілінде қолданылатын дауыс ырғағын салыстыра отырып үйренуге мүмкіндік алады.

Енді қазақ тілді студенттерге келетін болсақ, келесідей әдістемені қолдану тиімді болатынын айтпақшымыз.

Арнаулы әдістеме жасау мақсатының негізінде, ең алдымен, студенттердің өмір тәжірибесін, жас ерекшеліктерін, қоғамдық жағдайы мен қабілетін ескеріп, қазіргі таңға сай жаңа инновациялық технологияларды негізге ала отырып, студенттердің ана тілін есепке алу керек. Шет тіліне оқытудың бастамасын анықтау үшін алдымен білім алушының жеке тұлға ретіндегі қасиеттері мен оның адам ретінде тілді және сөзді қабылдау, меңгеру процесіндегі ерекшеліктерін көңілге алу қажет болып табылады.

Қандай шет тілі болмасын, оны оқытудағы ең басты мақсат – студенттерді шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйретіп, нәтижеге жету. Нағыз қарым-қатынаста студенттер өз ойын толық та нақты жеткізіп, еркін сөйлей алу керек, соған байланысты ана тілі емес тілді оқуда коммуникативті принципті негізге алу міндетті. Тілді үйрену процесі барысында, әлбетте, ана тілінің әсері білінбей қоймайды және де екінші тілді меңгеру ана тілімен тығыз байланыста болады, сондықтан ана тіліне сүйену принципі назардан тыс қалмайды.

Әрбір ұлттық тіл белгілі бір тарихи-мәдени ортада пайда болып, дамып, қызмет етеді. Бұл әрбір тіл белгілі бір мәдениеттің өнімі ғана емес, бір бөлігі болып саналады деген сөз. Әрине, шет тілді сол тілдің мекенінің тарихы, мәдениетін білмеу меңгеру бос сөз, сондықтан оқыту процесінде лингвомәдениеттік принципіне сүйенбеу мүмкін емес.

Біздің жағдайымызда қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағына оқыту мәселесі тұр. Тәжірибе мен зерттеулер, талдаудың нәтижелеріне назар аудара отырып, қазақ тілінің ерекшеліктерінің әсерінен студенттердің сөйлеу барысында жіберетін қателерін алдын алу мақсатымен олардың берілетін мәліметтерді саналы, танымдық тұрғыдан меңгеруіне назар аудару қажет. Сол мәліметтерді қабылдай отырып, оны қолдануды дағдыға айналдырып, өмір тәжірибесінде қолдануға бейімдеу керек. Осы әдістеменің негізгі мақсаты психологиялық мәліметтерге сәйкес дағдыны қалыптастыру үш кезең негізінде іске асады: аналитикалық, синтетикалық және іс-әрекетті автоматтандыру кезеңі.

Просодикалық материалмен танысу және оны бекіту кезеңдері адапталған түрде берілгелі отырған әдістемеде қарастырылады.

Студенттердің ағылшын тіліндегі дауыс ырғағымен ең алғаш рет практикалық сабақтарда танысады, бұл кезде мұғалім оларға ағылшын тілінің дауыс ырғағының табиғаты мен оны сөзде қолдану ерекшеліктерін түсіндіреді. Ал студенттердің алдында ағылшын тілінде дұрыс дауыс ырғағымен сөйлей алу міндеті тұрады. Бастапқы кездері студенттер өз ана тілінің ерекшеліктерінен асып кете алмай, ағылшын тіліндегі дауыс ырғағынан дұрыс қабылдап, дұрыс қолдана алмайды.

Сондықтан қазақ тілді студенттерге ғалшын тіліндегі дауыс ырғағын оқыту процесі дайындық кезеңінен басталады. Бұл кезеңді Г.К.Тусупова қазақ тілді студенттерге неміс тілінде дыбыстау дағдысын қалыптастыру әдістемесінде “ориентировочно-подготовительный” деп атаған. Бұл кезеңде мұғалімге сабақтың жалпы материалынан сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағына сәйкес фонетикалық материалды бөліп алу қажеттілігі туады. Ал келесі мәлімет беру кезеңінде ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағының ерекшеліктері мен айтылу ережелері жөнінде ақпарат береді, ана тілінің әсерінен болатын қателерді алдын алу мақсатымен қазақ тілімен салыстырмалы түрде жасалған жаттығу жұмыстарының көмегімен материалды бекітеді, тілдік құбылстарды жаттықтырады. Сөйтіп дағдыны қалыптастыра отырып, алған білім мен жинақталған дағдыны тәжірибеде қолдану кезеңі басталады. Бұл кезеңде студенттер еркін сөйлеп, қарым-қатынас процесінде сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын дұрыс қолдана білуі тиіс.

Студенттер шет тілін оқуда өздерінің ана тілі болмағандықтан, фонетикалық ерекшеліктер оларға сөйлеуге, ана тілінен шет тіліне ауысу біліктілігін қалыптастыруға кедергі келтіреді, сонымен қатар, олардың санасындағы қате жіберіп қоям деген үрей мен қорқыныш, ұялшақ мінезі де өз әсерін бермей қоймайды. Алайда, бұл факторлармен күресуге болады.

Ол үшін әдістеме бойынша қазақ аудиториясында тілдік материалмен танысу, алдымен студенттерді психологиялық дайындап, оларға маңызды, тиімді болатын материалдарды таңдап алу керек, мұның бәрі дайындық кезеңінде іске асады. Мұғалімнің бұл кезеңдегі іс-әрекеті өте маңызды рөл атқарады, өйткені мұғалімнің ұйымдастыру барысында студентке саналы түрде өзін, өз іс-әрекетін, сөзін бақылай білуге баулиды. Бұл кезеңде мұғалім жаңа фонетикалық материал, яғни тілдік құбылыс – сөйлем, соның ішінде сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағының ерекшеліктеріне мысалдар келтіре отырып, студенттерге осыдан бір қорытынды шығаруға ережелерді өздері жүйелеуге итермелейді. Әрине, мұндай міндет жас студенттерге қиынға соғуы мүмкін, өйткені сөйлемнің дауыс ырғағының компоненттерінің өзгерісі мен қасиеттеріне талдау жасау оңай болмайды.

Сондықтан мұғалім бұл құбылыстар туралы жалпы мәліметтер бере бастайды, әрине кейбір ұқсастықтар мен ерекшеліктерді қазақ тілімен салыстыра отырып, мысалмен көрсете отырып түсіндіреді. Дауыс ырғағының тек сөйлеуде ғана емес, сонымен қатар сөзді түсінуде де маңызды рөл атқаратынын айтып өту керек. Сонда студенттер саналы түрде тек сөйлеуге ғана емес, түсінуге де өз күшін салады, солай кодтау және декодтау қабілеттерін дамытады. Берген мәліметтерді бекіту мақсатымен жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Мұғалім студенттердің жіберетін қателерімен күресу үшін емес, ал оны алдын алу үшін арнайы жаттықтырады. Сұраулы сөйлемдердің түрлерін әрқайсысын бөлек, жеке-жеке, бір-бірімен салыстыра қарастырып өту керек, сонда ғана олардың тұлғалық ерекшеліктері студенттердің санасында нық орын тебеді, яғни олардың естерінде интонациялық құрылымның бейнесі сақталады. Әдетте, мұғалімдер ағылшын тілін оқытуда сұраулы сөйлемнің барлық түрін қоса түсіндіріп, аса көп назар аудармайды, олардың ерекшеліктері үстіртін түрде түсіндіріледі.

Интонациялық құрылымдарды түсіндіру процесін келесідей жүйелілікпен жүргізу керек деп В.Г.Жигиль экспериментті түрде делелдеп көрсетті: 1) түсіндіру, 2) мысал келтіру, 3) оны тану, 4) қайта мысал келтіру, 5) ұқсата қолдану, аналогиясы бойынша әрекет ету. Бірінші рет түсіндіргеннің өзінде интонациялық ерекшеліктер дауыс тонының қозғалысының бағыты графикалық түрде көрсетіліп отыру қажет. Тәжірибе көрсеткендей, интонациялық сызбаларды тон қозғалысы, синтагмалық бөлінулерді түсіндіруде, ырғақ пен екпінді айқындағанда қолдану өте тиімді.

Ал, А.С.Границкаяның пікіріне сүйенсек, материалды түсіндіруде фразаның интонациялық сызбасы, сөзбен түсіндіру және дирижерлеудің көмегін пайдалану керек, бұнымен келіспеуге болмайды, мұндай тәсіл вербалды, есту және көре отырып қаблдауға септігін тигізеді.

Берілген пікірлерді назарға ала отырып, сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын дифференциациялау және идентификациялауға арналған жаттығуларды орындатуға болады. Мысалы, а) сөйлемдегі тонның қозғалуына көңіл аудара отырып, қандай сұраулы сөйлемнің түріне тән екенін анықтаңыз, ә) қазақ және ағылшын тілдеріндегі бір сұраулы сөйлемнің айтылу тонының арасындағы айырмашылық неде екенін анықта, б) берілген сөйлемнің интонациялық сызбасын сал т.б. Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі дауыс ырғағын оқытудың ең жақсы тәсілдерінің бірі техникалық құралдарды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда, әрбір жоғары оқу орындарында арнаулы компьютер бөлмелері бар, сондықтан оқыту процесінің бір бөлігін осыған арнауға мүмкіндік бар.

Сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын оқытудың басты кезеңінде студенттің басты назары дауыс ырғағындағы әуеннің қозғалысында болады, өйркені қазақ тілімен салыстырғанда ағылшын тілінде просодикалық және фонетикалық айырмашылықтар болады. Ағылшын тілінде дауыс ырғағын қазақ тілді студенттерге үйретудің психологиялық негізі қарам-қатынас атмоферасын жасау болып табылады. Сондықтан, сабақта әуен қозғалысын анықтап, синтагмаларға бөліп, екпіннің түсетін жерін білуде, қажетті жерде іркіліс жасауй білуде магнитофон және басқа да техникалық құралдарды пайдалану өте үлкен көмек көрсетеді. Ол белгілі бір деңгейде тілдік орта жасауға, студенттер таспада жазылған сөзді түсініп, оған сай әрекет жасауға уақыт беруге өте ыңғайлы, студентке өз бетінше дайындалып, жұмыс жасауда кең қолданылады.

Сонымен қатар, біздің ойымызша, дифференциация және идентификациялауға бағытталған жаттығулар түрлері дауыс ырғағының барлық компоненттерімен жұмыс жасауда қолдануға болады.

Ырғақ пен екпіннің ерекшеліктерін бекітуде, оларды дұрыс қолдана білу қабілеттерін дамытуда жаттығудың көмегімен іске асыруға болады. Мысалы, сұраулы сөйлеммен оған берілетін жауап қатар беріледі, жауапта өзекті сөздің асты сызылады. Студенттерге берілетін тапсырма: асты сызылған сөзге назар аудара отырып, сұрауда қажетті сөздерге екпінді түсіре дыбыстау.

Тәжірибе мен зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, қазақ тілді студенттер диалогты сөз ағылшын тілінде сұраулы сөйлемін синтагмаларға дұрыс бөлуде, өз-өзін ұстай білуге үйретуде өте тиімді, өйткені ол тыңдаушыдан жағдайға байланысты білгісі келетін мәліметті сұрауға мүмкіндік алады, сөйтіп өзін сәл де болса еркін сезіне бастайды. Диалогта сөйлеуші тілдік жағдайда болады. Сонымен қатар, студенттер синтагмаларға бөлуде өздерінің рөлін анық, саналы түрде сезіне, түсіне білуі керек. Егер студент дербестік көрсетпесе, тілдік ісәрекетке психологиялық түрде дайындалып, бағытталмаса, мұғалім еш нәтижеге жетпейді.

Соған қоса, дауыс ырғағын қолдануға арналған жаттығулар ішінде маңызды орынды қайталауға, яғни мұғалімнің сөзін немесе магнитофонда жазылған сөзді қайталау. Студенттің қайталаған сөзін де таспаға жазып алуға болады, студент өз сөзі мен үлгідегі сөзді салыстыруға мүмкіндік алады, сөйтіп өз кемшілікиерін өз көзімен көреді. Бұл жаттығу көмегімен студенттің есту қабілеті де дамиды, тыңдаушының сөйлеу ерекшеліктеріне де икемделе бастайды.

Көп жағдайда студенттерді жалықтырып алмас үшін және көру қабілетін дамытып, оқытуға бағытталған жаттығуларды да қолдануға болады. Олар дауыстап оқи отырып өз-өзін тыңдауға мүмкіндік алады. Бұл мәтінді тани отырып, қандай сұраулы сөйлем қандай дауыс ырғағымен оқу керектігін, қандай тыныс белгілері қойылғанын, көзбен алдын ала оқып келе жатырып, синтанмаларға бөлуге болады. Осының бәрі оларға саналы түрде оқып, қорытындыға келуге себеп болады.

Дауыс ырғағын оқытуға бағытталған жаттығулардың бірі сөйлеуге арналған жаттығулар. Онда, студенттер қандай тақырыпта нені сұрағысы келсе, соны сұрауға, еркін өз-өзін ұстауға, эмоция, сезімдерін жасырмай, ым, ишара көмегімен сөйлеуге, нағыз қарым-қатынасқа қатысқандай сезіне алады.

Жаттығулар түрлерін біріктіре келе мынадай жалпы мінездеме беруге болады:

таспадағы немесе мұғалімнің айтқан сұраулы сөйлемнің қандай дауыс ырғағымен, тонмен, сезіммен, қандай жағдайда айтылып тұрғанын тану.

    1. сұраулы сөйлемдерді оқи отырып, транскрипция арқылы беру.
    2. оқу материалының ішінен сұраулы сөйлемдерді теріп алып, дұрыс дауыс ырғағымен айту.
    3. дауыс ырғағы сызба арқылы көрсетілген үзіндіні мәнерлеп, ережеге сай етіп оқып шығу.
    4. қазақ тілінен ағылшын тіліне және керісінше сұраулы сөйлемдерді дұрыс дауыс ырғағын қолдана отырып, аудару.
    5. белгілі бір тақырыпта диалог құрау.
    6. тыңдаған материалды үлгіге ұқсатып, қайта айтып беру.
    7. берілген жауаптарға дауыс ырғағына көңін аудара отырып, дұрыс сұрақ қою.
    8. әртүрлі тақырыпта әңгіме құрау. 10.студенттердің сөздерін таспаға жазып, қайта тыңдату.
    9. дифференциация және идентификацияға арналған жаттығулар.
    10. лабораториялық тапсырмалар беру.

Жаттығуларды орындау барысында алған білім, біліктерін қайталай отырып, дағдыға айналдыру керек. Сонда ғана алған білімдері ұзақ уақытқа есте қалады. Дауыс ырғағын дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған жаттығулардың ішінде көп қолдануға тиістісі үлгіге ұқсата отырып, дыбыстау, әрине әрдайым ойша қазақ тілінің заңдылықтарымен салыстыра отыру керек. Біз әрқашан Л.В.Щербаның ана тілінің беретін көмегі туралы айтқан сөзі дәл айтылған деп ойлаймыз: “ ... Мы ведь интересуемся самой мыслью, и остановить наше внимание на оболочке этой мысли, на языковой форме представляется крайне трудным. И вот лишь соприкосновение одного языка с другим на почве сравнений – как одна и та же мысль в разных языках по-разному выражена, естественным образом останавливает нос на средствах выражения и делает человека внимательным к тонким нюансам мысли и чувства” [2, 124].

Қорыта келе, біз көрсетілген сатыларды, принциптер мен амалдарды ескере отырып, білім берген болсақ, көздеген басты мақсатқа жетеміз яғни қазақ тілді студенттер кез-келген шетел тілінің ортасында өз-өзін еркін де мәдениетті ұстай білетін, дауыс ырғағын меңгерген мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасы болып қалыптасады.

 

Әдебиеттер

  1. Kingdon R. The Groundwork of English Intonation. – London: Longmans, Green & Co., 1958.
  2. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. – Ленинград: Наука, 1974.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.