Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы түс көрудің символикасы

Бұл ғылыми мақалада жазушы Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы кейіпкерлердің түс көру құбылыстарының мәні мен маңызы, шығарма көркемдігіне, ондағы кейіпкерлердің көңіл-күйіне әсері, олардың шындыққа қатысы туралы сөз болмақ. Қаламгер өз шығармасына арқау еткен рухани ізгі құндылықтар құлдырап, жоғалуға айналғанын түс символдарымен көрсетуі мәселенің өзегіне айналып отыр. Міне, осы шығарма ішіндегі әңгіменің негізгі фабуласын құрайтын түс көру мен аян берудің романдағы символикалық мәнін ашуға ерекше назар аударылады.

Қазақ әдебиеті өзінің әлемдік әдебиеттегі тұғырынан қай заманда да тайған емес. Тәуелсіздік жылдарында да төл әдебиет жаңа кеңістіктегі сапарын жалғап келеді. Әдебиет – құнарлы ойдың, сәулелі сананың мәңгілік көші болса, сол көштің лек басынан жазушы Дидар Амантайды көреміз.

Қазіргі көркем шығармаларды біз қоғамдық проблемалардың шеңберінен ғана қарастырып жүрміз. Әлеуметтік процестердің өзгеруін көркем мәтіннен іздейміз. Ал автордың жеке құндылықтары ше?! Қазіргі прозада автор қоғамнан өзін бөліп алып өмірлік құндылықтарын

іздестіруде. Сондықтан да болар автор шығарма арқылы өмірдің әр кезеңіндегі ізгіліктерін аңсайды. «Ата-баба жасаған құндылықтардың соншалықты құлдырауының сыры неде, себебі не?» деп ойлана бастауы көңілге жұбаныш әкелетін, қуаныш сыйлайтын ізденістің көркем нышаны екендігі сөзсіз. Өмірдің айнасын көрсетуді мақсат тұтпайды, керісінше өміріне әсер еткен сұлулықтарды сөз етеді. Мәселен, Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптары». Романның бас кейіпкері Әлішер бір кездегі атақты, қазіргі уақытта жігері жасып, сағы сынған халқының өткені мен бүгінін саралап, болжау жасаған, «басын тауға да, тасқа да соққан» жан. Дегенмен ол қанша арпалысқанмен жанын жегідей жеп, маза бермеген сұрақтарына жауап таппай қиналады. Жазушы үшін гүл мен кітап құндылық болып саналады. Автор адам құндылығын шығармада ашық алаңға шығарады. Кітап, гүл, жазушылар, Әлішердің арманы бұлардың барлығының бояуы қанық. Романда автор бұл құндылықтар адам өмірінің мәні екенін ашық түрде көрсетеді. Себебі бұл дүниелер бұған дейін қоғамда өз орнын жоймаған болатын. Енді олар керексіз. Автор осы жоғалған, жоғалуға айналған дүниелерін іздейді. Әлішер осы құндылықтар шетке ысырылып, қалтарлылардың үстемдігі орнаған дәуірде ұрпақ қамын желеу етіп, ақ парақты шимайлауды көк тиындық құны да, пайдасы да жоқ екенін, ештеңені өзгерте алмасын да біледі. Алайда ол бәрібір ұлттың өркендеуі мен құлдырауының сырын ашып, құпиясына тереңдей баруды бәрінен биік қояды. Бір кездері оған: «Мүмкін ешқашан кітап жазбау қажет шығар, бәрібір сіз одан шын бақыт, қалың дәулет, жақсы атақ, үлкен абырой, зор жұбаныш, адал көңіл таппайсыз. Тұрлаусыз махаббаттың әуресі. Үмітіңізді ақтамайды, тұрмысыңызды жақсартпайды... Кітап тек ғұмырдың баянсыз мұратына жалған мағына жүктеген алдамшы мақсат қана» деген де ой келеді. Бірақ кейіпкер солардың барлығын біле тұра бойындағы құштарлыққа қарсы тұрып, кедергі бола алмайды, ақыр соңында құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған игі мақсаттың хатшысы – жазушы болуға еріксіз бас мойынсұнады. Күнделікті күнкөріс, тіршілік қамын былай ысырып қойып, қиялдың жетегінде кеткен жанның тұрмысы қалай болуы керек?!

«Екі бөлмелі пәтер іші шынымен тым жұпыны, бірақ кітаптарым бар ғой, деді ол дауысын көтере сөйлеп». Сөйте тұра түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырған аласапыран ойдың ұштығына бару үшін, сырт көзге «өткенді қайта оралтқысы, қалпына келтіргісі, болмайтынды болдырғысы келген қияли адам» көрінетінін іштей сезіп тұрса да Әлішер алған бетінен қайтпайды. Жазылып жатқан романды әрі қарай жалғастыру оның негізгі мақсаты болды. Міне, сол ойымен қолжазбаны шығарып та тынды. Шығармадағы дискурс тек осы құндылықтар мен Әлішер арасында өрбиді. Автор барынша кейіпкердің әрбір әрекетін мағынаға негіздейді. Жоғарыдағы сығандардың, талантсыз ақындардың, жезөкшелердің жеке тұлға үшін еш мәні жоқ, мағынасыз екендігі көрінеді.

Әр тарауға тоқталу жеке зерттеуді қажет етеді. Сондықтан біз оған тоқтала алмаймыз. Жеке бір тарауын алып оқырман ретінде әртүрлі пәлсапаларға бара беруіңіз де мүмкін. Ол оқырманның қиялына байланысты. Романда барлық дүние бұлыңғыр, ештеңе тайға таңба басқандай айқын емес. Аңыз-әңгімелер мен әбсаналардың элементтері де кездеседі. Дидар романында әрбір қоғамдық мәселелер Әлішердің көзқарасымен тарамдалып отырады. Әлішер неге өзгермейді деп сын айтуға болады. Расында Әлішердің жүрегін ешқандай адам жылыта алмайды. Ол өлімді ғана ойлайды. Неге Марфуғаны жар тұтпады? Марфуға оның адамгершілік талаптарына сай еді ғой. Адамдар бойында мүлде құндылық қалмады ма? Әлішердің өлімге бет бұруына кінәлі материалдық көзқараста ойлайтын адамдар ғана ма? Бұған тағы бір себеп жалғыздық болуы мүмкін. Дидардың бір ұнағаны романның ара-арасында гүлдердің кереметтігін бере отыруы.

Содан кейінгісі өмір туралы пәлсафалары жаңашыл. Тараушалардың әрбір тақырыбы оқырманның ойына рухани азық.

Бұл тұрғыдан келгенде Дидар Амантайды қазақ халқының өткені мен болашағы жайлы ғасырдан ғасыр асып ішінде сақтап келген, бірақ әлі сыртқа шықпаған шерін талантты жазылған көркем туынды арқылы қозғап жазушылар қатарына жатқызуға болады.

Дидар Амантай «Гүлдер мен кітаптар» романындағы түс көру, аян беру шығарма ішіндегі әңгіменің негізгі фабуласын құрайды. Құндылықтардың кейіпкер өміріне қауіп төндіретінін, ажалына себепші болатынын көрсету үшін түс көрудің символикалық мәнін пайдаланады. Бұл жөнінде зерттеуші Г.Пірәлиева:

«Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйлердің бірі түс көру. Ұйқы дегеніміз – мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлдем болмайды, не кем болады... Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы – ояу деген күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін нәрселеріміздің пернесі болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз», – дейді [3, 271].

Өмірінің мәніне айналған гүлдер мен кітаптарды қымбат санаған Әлішердің жан дүниесі аласапыран. Күндіз күлкіні, түнде тыныш ұйқыны ұмыттырған бұл асыл дүниелер. Бір нәрсені меңзегендей түнде түсіне еніп, ұйқысында маза бермейді. Сондықтан ұйқыда жатса да, ояу жүрсе де Әлішердің, сонымен қатар жаны ашып, қасынан табыла білген, досының тағдыры үшін алаңдап, сары уайымға салынған Марфуғаның да жан дүниесіндегі алақұйын арпалыс сезім түс символына сыйдырылған. Себебі, «түстегі үрей мен қорқыныш кейіпкердің ішкі жан әлеміндегі әлдебір қобалжуды, көңіл түкпіріндегі күдік пен күмәнді әшкерелейді» [2, 96]. Оған қоса Әлішердің жаны жалғыз. Ол тек жалғыздықты қалайды. Ал жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Бұл – адамға өз ойымен болуға, еске алу, ойлану, қайғыру, белгілі бір шешім қабылдау, бас тарту секілді толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процестерді, әртүрлі сезімдік құбылыстарды бастан өткеретін кезең. Ішкі ой қақтығыстарының жүзеге асатын кезі де осы сәт. Кейде адам қатты қапаланғанда немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс-әрекеттерге баруы да мүмкін. Оны психологияда, философияда, әдебиеттану ғылымдарында шындықты санамен бейнеленуіне тікелей қатыспайтын, еркіннен тыс болатын-психикалық, физиологиялық құбылыс «санасыздық» (безсознательность) делінеді. Міне дәл осы мезетте адам санадан тыс мезетте орын алған оқиғалар мен құбылыстарды еске алып, өзінше ойлап, сараптап, талқылап, бір шешімге келуге не болмаса сол жұмбақтың шешімін табуға, оған тырысуға мүмкіндік береді. Айталық түнгі ұйқыда көрген түске қайта оралып, оның нені меңзегенін, нені айтқысы келгенін, қандай ескерту жасап, нендей нұсқау көрсеткенін түсінуге, шешімін тауып, өзіндік шешім қабылдауға болады.

Түс көру тәсілі – бұл психологиялық бейнелеудің бір түрі. Бұл тәсіл біздің әдебиетімізде кейіпкердің ішкі өмірін беруде жиі қолданылатын әрі берік дәстүрге енген көркемдік компонент [3, 28]. Оны жазушы жиі қолданбаса да ең оңтайлы сәттерде сәтті пайдалана да біледі.

«Жер бетін тұман басты. Содан кейін аспан салбырап төмен түскен. Еңсені көтеріп жүру мүмкін болмай қалды, адамдар бойын тіктеп тұра алмаған соң, жер бауырлап еңбектей бастады. Қорлықтың ауыры құрысқан жауырынды жазып тік жүре алмауда екен. Жорғалап келе жатып ол жердің иісін таныды, кітаптың иісі шығады. Кәдімгі шаң-топырақ басқан сары ала байырғы қағаздың таңсық оқшау иісі тап иегінің астынан аңқып тұр.

Аспан мен жердің арасын бозамық қалың тұман жапқан. Неткен бұл заман болды, ешкім ойланып үлгерген жоқ, аласапыран аяқ астынан бауырынан алып жаншып тастады. Ол ақ шаңқан бұлт ішімен жайлап ақырын жүзіп келеді. Жан-жағына абайлап үнсіз қарап қояды, халық сапырылысып жатыр, жұртты тегіс үрей билеген, мұндай күннің тууына кім жазықты, оны білетін адам бар ма екен. Әлішер сауалына жауап беріп жатып оянып кетті. Көрпесін кейін серпіп, орнынан көтерілді. Терезеден мүлгіп атқан алғашқы таң шапағы көрінді. Үй іргесіндегі бағана басына ілінген шам сығырайып жанып, желдің екпінімен әлсіз ырғалады. Дүние тозып кеткен секілді. Таңғы жарық алдында өшпей қалған жалғыз шам кенет отынан айырылып, ала көлеңкеде өлмеусіреп барып біржолата сөнді.

Ол бетін жуып жатып көрген түсіне қайта оралды. Көк пен жер астасқан кезде қасқырдың ұлыған дауысынан аспан қайыра ажырап, көтеріліп кетіпті деген аңыз бар еді. Су шүмектеп ағып тұр. Нені білдірді екен соншама түсініксіз түс. Топырақтан кітаптың иісі шығады. Жаратқан Құдай қандай белгі жіберді, қай тұстан мен қата бастым, оны маған дәл қазір таба қою қиын шығар. Дегенмен жақсы ырым емес. Әлде мен теріс жорып тұрмын ба, қағаздың топырақтан иіс тартуы бір қасиетті меңзегені болуы да мүмкін. Ол қайыра жуына бастаған» [1, 7] деп әу дегеннен-ақ «бісмілләсін» жан жалғыздығын кешкен Әлішердің түсін баяндаудан бастаған бұл шығарма жазушы тағдырының кітаппен тығыз байланысты екендігі туралы ой салады. Оның мінез-құлқы да, іс-әрекеті де осы түске сай өрбиді. Г.Пірәлиеваның тілімен айтсақ: "Көңіл-күйлеріндегі күйзелістермен, жан әлеміндегі арпалыстармен, ішкі буырқаныстардан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтағы сезімдік құбылыстармен көрінеді" [3, 172]. Бұған тағы бір дәлел – оның досы Марфуғаның ұйықтап жатып көргені:

  • Бір жаман түс көрдім, деді Марфуға, - сізді кітаптар жабылып жеп жатыр екен.
  • Ол нені білдіреді? Әдетте кітапты адам кемірмей ме?
  • Қазақта түсті қалай жорысаң, солай болады дейді ғой, мен шошып олжа салып о бастан асығыс жаманға жорып қойып едім – содан қорқып, кеше сізге телефон шалғанмын.
  • Онда кітаптан өлетін шығармын.
  • Мүмкін, сізге бұл кітапты жазбау қажет шығар.
  • Білмеймін [1, 31]. Міне, бұл түстердің жалпы мазмұны, тематикасы бір. Жерден, топырақтан кітаптың иісі шығады немесе адам кітапты емес, керісінше кітап адамды жеп жатыр. Не себепті кітаптың иісі бөлме ішінен, не болмаса кейіпкердің киген киімінен шықпай, топырақтан шығады? Өйткені адам өмірден озғанда жер қойнауына баратыны, топырақ жастанатыны белгілі. «Топырағы торқа болсын» деп айтылады қайтқан адамға. Ал кітап не үшін әлгі адамды кемірді? Оның аузы жоқ емес пе? Мұнда кітап адамның өмірін жеп, уақытын тауысып, тоқтататыны тайға таңба басқандай анық. Ал кейіпкердің бар ғұмыры осы құндылықтармен тығыз байланысты. Оны басқа ештеңе қызықтырған емес, қызықтырмайды да. Бүкіл уақытын сарп еткен, қымбат саналған құндылықтары Әлішер өміріне балта шабатыны түс арқылы көрсетілген. Мұндағы түстің ескертпе, хабарлама қызметін атқарып тұрғанын көруге болады.

Мұндағы келесі түстер аян беру түрінде көрінеді десек қателеспеген болар едік. Мұнда ескертпеден гөрі шындықты айту, анығына көз жеткізу, сендіру жағы басым. Мәселен, «Мұса, Ғайса, Мұхамбет» тарауында Иса Мәсіхтің дүниеге келуін түсінде берілген аянмен байланыстыра сипаттайды:

«Оның анасы Мәриям о бастан Жүсіпке айттырылған-ды. Екеуі, бірақ, әлі қосылмай тұрғанда-ақ Мәриямның Киелі Рухтың құдіретімен жүкті екені белгілі болды. Әулие шешеміздің болашақ күйеуі Жүсіп сияр шәріф әділ кісі еді, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартуды ұйғарады. Алайда, ол асқабы бұл жайтты ойлап жүргенде, Жаратқан ие түсінде аян беріп:

«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі, құрсағындағы баласы – Киелі Рухтан. Мәриям ұл таппақ, оның атын Иса деп қой, себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», – деді. Жаратқан Иенің пайғамбар аузымен алдын ала айтқанының жүзеге асуы үшін уақиға солай өтті. Аян жұмбақ сырдың құпиясын айтқан еді:

«Біліп ал, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Иманиул, яғни «Құдай бізбен бірге» деген ат қояды», Жүсіп оянып, орнынан тұрғаннан кейін Жаратқан ие періштесінің бұйрығын орындап, Мәриямға үйленді. Ал Мәриям босанып, Ұлын тапқанша, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Нәресте дүниеге келген соң, оның атын Иса деп қойды» [1, 14-15]. Сонымен қатар,

«Топан су» атты тарауда тоғыз жүз тоқсан тоғыз жыл жер басып жүрген Алашаның түсінде қаншық қасқыр аян бергені баянда лады:

«Сол күнгі түнде Алаша бір түс көрді, түсінде аян беріп келген қаншық қасқырдың аруағы еді, көк бөрі мынадай ойын айтты:

«Алаша, сен тоғыз жүз тоқсан тоғыз жыл өмір сүресің, анаңның тар құрсағын кеңітіп, жыл уақыт жатқаныңды есептесек, жер бетінде жүргеніңе мың жыл толады, ұрпағың сен пәниден озғанша үзіліссіз ондаған есе көбейеді, о дүниеге сапар шеккен соң Тәңір мен жерді байланыстыратын өзің боласың, үңгірде байғыздың неге қонып отырғанын түсінбедім, құз басындағы ескі ұяңа қайта барып көрші, байғыз әлі отыр ма екен, әлде ұшып кетіп пе?», Алаша үңгірге барса, байғыз енді үңгірдің төбесінде емес, аузында жырақ отыр екен, ол салы суға кетіп тау етегіндегі тұрағына қайтты, арада жылдар өтіп, тұқымы өсіп, он атадан асқанда, Алаша өзіне тиесілі о дүние төріне дайындалды. Жұмсақ тамаша жерден көр қаздырды, сосын үйіне барып, сыртқа шықпай жатып алды, ажал оған алыс жолдан шаршап сүйретіліп жетті, тәжірибесі шамалы лақуа құбадүмбіл жастауы екен, жетектеп бірден ертіп алып кете алмады, дұғасын жиі шатастыра берді, Алаша үлкен ағаш кереуеттің үстінде жаны шықпай ұзақ қиналды, қыруар жұрт қош айтысып, оқшау тіккен шаңырағына тоқтаусыз ағылып жатты, бірде он алты жасар бір сұлу қыз онымен қоштасуға келді, «е, соны күтіп жатыр екенмін ғой», деп ойын түйді абыз ақсақал, ол қыз кеткен соң да өле алмай қойды, көп азап шекті, ұрпақтарым жасаған күнә мені жібермей жатыр деп байлам жасады, тек қыз келіп кеткен күннен кейін жылжып алпыс тәулік өткенде ол таң ата – елдің бәрі терең ұйқыда жатқанда – жүрегі тоқтап, көзін мәңгі жұмды, ажал дәл осы мезгілде ғана дұғасынан жаңылыспап еді, сөйтіп, жаратылыстың жаңадан басталуы көне шежіреге айналды» [1, 59-60]. Мұнда да қаншық қасқыр Алашаның болашағын айтып, оны алда күтіп тұрған, болатын жайттардан хабардар етеді. Расында да түс тек болған оқиғалардың көрінісі немесе жалғасы болып қана енбейді, маңызды оқиғалардан, шындық туралы, болашағы туралы да хабар беріп, Жаратқан Құдай белгі жіберуі, ескерту жасауы, сақтануды талап етуі мүмкін.

Тіршіліктегі адамзат баласына күн түсіріп, жарық берген, сәуле шашқан, рухани азық болған кітаптың қасиетінің төмендеп, оны аяқ асты болуы өкінішке орай, қазір де өмірде көрініс тауып отыруы ғажап емес. Алайда халықтық ұстаным бұған жол бере қоймасы хақ.

Адамның ішкі өмірін оның қайшылықтары, күрделілігі мен тереңдігін көрсету Д. Амантайдың шығармаларына тән қасиет. Сондықтан да психологизм суреткердің өзіне лайық стилі де. Әрине, адам өзінше бір жұмбақ әлем. М. Жұмабаев айтпақшы, «Теңіз терең емес, адамның жаны терең. ...Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ, адам – шешуі жоқ жұмбақ» [4, 96]. Сол жұмбақ дүниенің шешімін табу таза таланттың ғана шығар шыңы. Ол үшін адамды сырттай суреттеп, бейнелеу емес, оның ішкі өміріне ену, оны зердемен зерттеу психологиялық бейнелеудің кеңдігін талап етеді.

Сыншы, мәдениеттанушы Ә. Бөпежанова «Гүлдер мен кітаптар» сынды шығарманы мен қазақ әдебиетінде бұрын-соңды алғаш оқуым» деп ішкі таңданысын жасырмаған. Жазушының айтуынша, «әдебиет – сағынышқа құрылған мөлдір әңгімелер».

Осы аталғандардың бәрін көркем тілмен жеткізу жазушылық шеберлікті талап ететіні түсінікті. Қаламгердің «Гүлдер мен кітаптар» романы осы үдеден алыс емес. Автор романда өрбитін оқиғаларды қазақ халқының өткен ғасырларынан бері жалғасын тауып келе жатқан, келеңсіз тіршілігін, рухани құндылықтардың бағасының кеміп, аяқ асты болуын көркем туындысына арқау ете отырып, оларды кейіпкер-жазушының көрген түсімен, оның мағынасыз тіршілігімен ұштастыра әдемі көрсете білген. Осы шығарманы оқи отырып, онда келтірілген әрбір түстің кейіпкер-қаламгердің өміріне, көңіл-күйі мен іс-әрекетіне ерекше әсер еткенін байқауға болады. Және де олардың нақты болатын нәрседен хабар беріп, шындықты суреттеуі, ескерту жасауы, аян беру арқылы киелі рухтармен байланыс жасауы шығарма көркемдігін арттыруда ерекше қызмет атқарып тұр.

 

Әдебиеттер

  1. Амантай Д. Гүлдер мен кітаптар / Қарқаралы басында: роман, повесть, әңгімелер, эсселер, өлеңдер. – 1 т. – Алматы, 2010. – 369 б.
  2. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. – Алматы, 1994. – 138 б.
  3. Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері: Әдеби сын. Зерттеу. Сұхбаттар. – Алматы: Б.Ж. – 2001. – 776 б. 4 М.Жұмабаев. Шығармалар. Үш томдық. – 2-3 т. – Алматы: Білім, 1996. – 295 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.