Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Келісу / келіспеу: лингвистикадағы зерттелу жолдары

Келісу/келіспеу категориясының ғылымдағы түсінігін, сенімділік/сенімсіздік, болымды/болымсыздық және мақұлдау/мақұлдамау, ұнау/ұнамау модальділіктерінен ара-жігін ажыратып қарастыруымыздың мақсаты осы мазмұндық жағынан ұқсас, кейде берілу құралдары да ортақ болып келетін бұл категориялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Сонымен қатар келісу/келіспеудің ғылымдағы орнын анық көрсету болып табылады. Тарихи-философиялық талдаудың нәтижесінен біз келісу/келіспеу категорияларының өрісін айқындадық.

Ағашында келісу туралы түсініктің қалыптасуы «гармония» ұғымының шеңберінде іске асты. «Гармония» сөзі әлемді теориялық тұрғыдан игеруге дейін пайда болған. Ол ежелгі үндіеуропа тілінің «қосу», «байланыстыру» мағынасындағы «ар» (ar немесе har) түбірінен жасалған. Мәселен, грек тілінде түбрі (хар) болып келетін хардмодзо мен хормотто етістіктері мынадай: ұқсастыру, үйлестіру, қосу, ойдан шығару, болдыру, жақындастыру, некеге отырғызу, үйлендіру сонымен бірге келісу, келісімшарт жасау мағыналарын білдіреді. Гомердің дәуірінде «гармония» сөзі тұрмыстық «ұстағыш», «шеге» мәнді сөздер болып қолданыс тапты. Одиссеймен Илиада да «гармония» келісу, келісім, уағдаластық, илігу мағынасында қарастырылған.

Көне философияда «гармония» сөзін тереңірек қарастыру белең алды. Платон осыған байланысты: «Гармония-бұл үндестік, ал үндестік дегеніміз келісім, бір ой әр түрлі шыққан жағдайда, келіспеушілікке әкеледі» [1] дейді. Платон «әлем көрінісі» қалыптылық және құбылмалылық, ұқсастылық және айырмашылық, келісушілік және келіспеушіліктен тұрады деп санайды.

Аристотель гармонияны «алуантүрліліктегі бірлік» деп түсіндіріп, гармонияға және сәйкесінше келісім ұғымына ғылыми көзқарас қалыптастыруына жол берді. Ол: «гармония – араласу, қарама-қайшылықпен қатар жүретін үйлесімділік...» [2].

Сонымен «гармония» түсінігі гректер үшін алуантүрліліктін бірлігі ретінде, қарама-қарсылықпен күресетін диалектілік бірлік ретіндегі, жалпы болмыстың негізгі сипаты ретінде ұғынылды [3].

Гармонияны (келісім) зерттелуіндегі жаңа орам немістің классикалық философиясының пайда болуымен, оның дамуымен байқалады. Гегель гармонияны болмыстың қалыптасуымен байланыстырады. «Гармония бұл абсолютті үйлесімділік» деп атап көрссетеді. Ол өзінің

«Эстетика» атты еңбегінде гармония мен келісім ұғымдарын бір бірімен байланыстыра қарайды.

Тарихи-философиялық талдаудың нәтижесінен біз гармонияның категориялық өрісін айқындадық. Ол «тұрмыс» категориясынан бастау алып келесідей ұғымдарды қамтиды: адекваттық, ыңғайлылық, бір тұтастылық, ішкі ойдың аяқталуы, өлшем, құрылымдық үйлесім, ырғақтылық, тепе-теңдік, бірдейлік, ұйқасымдылық, үндестік, келісім, сәйкес келу, қатысы барлық, біркелкілік, тұтастылық. Осыған орай, гармония (келісім) сөзін анықтайтын әр түрлі сөздіктерге назар аударалық. 1. «Келісім – келісушілікті білдіретін, қарым-қатынаста тепетеңдігі бар заттың өзара арақатынасы» [4].

«Келісім – ұйқастылық, жүйелілік, үйлесімділік, гармония» [4]. Немістің философиялық сөздігінде «гармония ол – келісім, келісу, сәйкес келу, үндестік, ынтымақтық, ұйқастық, симетрия (ортадан екі жаққа созылған заттың екі бөлімнің өлшемдестігі)» [5] деп анықтама берсе, қазақ тілінің XV томдық түсіндірме сөздігінде келісу төмендегідей мағыналарды білдіреді:

  1. Өзара пікірлесіп бір тоқтамға келу;
  2. Пәтуаласу, сөз байласу, уәделесу;
  3. Келісімге келу, бітім жасау;
  4. Жарасу, үйлесу, ұнау, сай келу [6].

Келіспеу:

  1. Бір тоқтамға келмеу, әр түрлі пікірде болу;
  2. Бітім жасаспау; бас тарту;
  3. Ымыраға келмеу, келіспеушілік; алауыздық;
  4. Ұнамау, сай келмеу, үйлесімсіздік [6].

Келісу vs келіспеу категорияларын көптеген ғалымдардың еңбектерінде болымдылық/болымсыздық, мақұлдау/мақұлдамау, сенімділік/ сенімсізідік категориясының ішінде бірге қарастырылып келеді. Аталмыш категория қазақ тілінде жеке-дара алынып қарастырылмаған, отандық ғалымдардың ішінде осы мағына мен ұштасып жатқан категорияларға сәйкес Т. Абдығалиев «Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық категориясы» (1998), Д.Е. Масалимова «Когнитивно-прагматическое описание гармонии и дисгормонии речевого общения» (2006), А.Е. Исмагулова «Структурно-семантические модели полилога в условаиях коммуникативного акта: удача vs неудача» (2009), Д.Х. Ақынованың «Қазақ және ағылшын тілдеріндігі мақұлдау/мақұлдамау модальділігінің функционалды-семантикалық өрісі» (2010) атты диссертациялық еңбектері жарық көрген. Сонымен қатар, келісу vs келіспеу категорияларының классификациясы бірқатар орыс ғалымдарының зерттеулерінде келтірілген (Озоровский, 1974, 1976; Пройкова, 1976;Акишина, Формановская, 1978; Лекант, 1991;Галактионова, 1995; Баделина, 1997; Морозова, 2000; Колокольцева, 2001; Маслова, 2007). Алайда бұл категорияны олар әр түрлі қырынан қарастырса да, барлық лингвистер, келісу vs келіспеудің әр түрлі іс-әрекетіне байланысты көптеген түрлерінің бар екендігіне назар аудартқызады.

Мәселен, зерттеуші В.И.Красных келісу/келіспеу мағынасын диалогтық сөйлесімге тән семантикалық категория ретінде қарастырса [7], О.В.Озаровский бұл категорияға (келісу/ келіспеу) анықтама береді: «Келісу немесе келіспеу сөйлеу субъектілерінің ақиқат шындықтың қандай бір құбалыстарына сәйкестік немесе сәйкес еместік көзқарастарын білдіреді». Автор сөйлемдерді формалды-морфологиялық белгісі бойынша парадигмалық типтері (болымды және болымсыз сөйлемдер) және сөйлеудегі модалдік мағынасы бойынша (келісу және келіспеу мағыналы сөйлемдер) деп жіктейді [8]. Бұл жіктеменің тұлғалық (формалық) жағынан да, мазмұндық межесі тұрғысынан да ғылыми негізі бар деуге болады.

Н.И.Поройкова келісу-келіспеу категориясын объективті-субъективті категориялар қатарына жатқызады: «Сөйлеушінің көзқарасы жеке және қоғамдық тәжірибемен сәйкес келуі мүмкін, сондықтан келісу-келіспеу категориясы субъективті-объективті категориялар қатарына жатады. Оның құрылуына әртүрлі варианттар түзіп, өзара әрекеттестікте болатын құрылымдық грамматикалық, сондай-ақ лексика-семантикалық құралдар қатысады» [9]. Ал орыс тіл білімінің маманы Л.М.Рубашева қалау/қаламау және келісу/келіспеу мағыналарын субъективті модалділікке жатқызады [10]. Біздіңше, қандай да бір категорияны субъективті немесе объективті деп бөлу логикалық принципке негізделеді. Ал лингвистикалық тұрғыдан әртүрлі құралдардың қатысуы арқылы білдірілетін категория функционалды-семантикалық категория болып танылуы тиіс. Ал осы келісу/келіспеу модалділігін тілдік тұрғыдан қарастырған зерттеуші З.М.Байкова келісу/келіспеу модалділігінің паралингвистикалық құралдарына: 1) ым-ишарат (ым-ишарат сөйлеудің мәнін арттырып, эмоционалдылығын арттырады); іс-әрекет, қылық, мінез-құлықты жатқыза отырып, келісу/келіспеу модалділігін оң/теріс (положительная/отрицательная оценка) бағалаудың бір түрі ретінде қарастыруға болады дей келіп, растау (болымдылық) ақиқат (действительность) өрісініц шағын өрісі болып табылады деп қорытады [11].

Сөйлеу процесінде сөйлеушінің әртүрлі мақсаттарына орай, келісу-келіспеу категориясына сенімділік, үзілді-кесілділік, сенімсіздік және т.б. модалді мағыналары «жамылады». Сондайақ бұл категория эмоционалді реакция мен көңіл-күйді, қалыпты (қайғыру, өкіну, рақаттану, қуаныш, көңілі толмау және т.б.) білдіретін модалді-экспрессивті категориялармен де байланысып жатады.

Н.И.Поройкова сөйлесушінің ойына, сөзіне келісу немесе келіспеу мағынасын білдіретін құрылымдарды 1) қайталау арқылы жасалған құрылымдар (бұлар эксплицитті және имплицитті түрде көрінуі мүмкін), 2) растау немесе терістеу мағыналы сөздер қатысқан құрылымдар деп бөледі [12].

Келісу-келіспеу мағыналы репликаларды білдіретін функционалды-семантикалық құралдарды қарастырған О.Н.Морозова «келісу» ұғымын төмендегіше түсіндіреді: «Келісу сөйлеудің шындығын бірлікте мақұлдау немесе шындықтың сөйлеуші субъектіге ғана байланысты екендігін білдірсе, келісу сенімге немесе «сенім кодексіне» ғана сүйенеді» [13].

Болымдылық/болымсыздық категориясын, сенімділік/сенімсіздік, келісу/келіспеу және мақұлдау/мақұлдамау модалділіктерін қарастырған зерттеушілердің еңбегіне шолу жасауымыздың мақсаты осы мазмұндық жағынан ұқсас, кейде берілу құралдары да ортақ болып келетін бұл категориялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Себебі, келісу vs келіспеу мағынасының түп негізінде логикалық болымдылық/болымсыздық категориясының жатқандығын аңғаруға болады. Өйткені құрылымдық грамматикада бір сөйленімнің екінші бір сөйленімге қатысты болымдылық және болымсыздық мағынасы Иә, Жоқ т.б. сөйлемдері (сөз-сөйлемдері) арқылы анықталады. Біздіңше, логикалық тұрғыдан ерекшеленетін, тілде жеке атау алып дербестелген бұл ұғымдар, синоним болғанына қарамастан, жеке-жеке категория ретінде қарастырылғаны дұрыс. Осы орайда аталмыш модалдік мағыналардың және «келісу vs келіспеу» мағыналарына жуықтау сөздердің сөздікте берілген анықтамаларына талдау жасағанды жөн көрдік.

Келісу ет. 1) келісімге келу, пікірлері бір жерден шығу. Күйеуінің пікірімен Кәмаш та келісетін секілді, теріс деген жоқ (Қ. Жұмаділов, Көкейкесті). 2) Сөз байласу, уәделесу. Жолдыбай бірден келісті (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш) [14].

Қоста ет. Дұрыс деп тауып, мақұлдау, қолдау. Би Қадыржанның ақылын қостамады [15]. Қошта ет. Біреудің іс әрекетін, пікірін қолдау, құптау, мақұлдау. Осы ұсынысты біз де, аудан да қоштап отырмыз, жаңа бөлімше басына өзің барасың (Ғ. Сыланов, Замана) [16]. Құпта ет. Бір нәрсені қуаттау, мақұлдау, қоштау, растау. Рахимов менің шешімімді құптағандай болды (Б. Момышұлы, М.) [17].

Мақұлда ет. Бір нәрсеге қанағаттану, көңілі толу, мақұлдау. Жарайды, мырза, өтінішіңізді орындайын. Өзің де менің өтінішімді,..дей бергенде, Тәңірберген сөзінің арңы жағын айтқызбай: Мақұл! Уәде осы болсын,деді (Ә. Нүрпейсов).

Раста ет. Бір нәрсенің шындығын, дұрыстығын қуаттау, дәлелдеу; куәгер болу. Оны мемлекеттік қауіпсіздендіру органы растаса, мұндай бригадаларда еңбеккүн шегерілмейді (К. Шайбеков, Колхозда) [18].

Рас зат. Өтірік емес, ақиқат, шындық; дұрыс, тура. Растың бір аты хақ. (Абай, Тол. жин.) [19]. Теріс сын. 1) Дұрыс емес, қате; бұрыс. Ел жайы өзіме мәлім, мынауы теріс дейтін адам

жоқ екенін біледі (Б. Майлин, Шығ.) [20].

Келіспеу ет. Бір тоқтамға келмеу, әр түрлі пікірде болу. Оларды шақыруым керек пе, қалай ойлайсың?Керек емес. (К. Шайбеков, Колхозда) [21].

Бас тарт ет. Келісім шартты бұзу, бітім жасаспау, бас тарту;

Құптамау ет. Ымыраға келмеу, келіспеушілік; алауыздық;

Ұнатпау ет.Ұнамау, сай келмеу, үйлесімсіздік. Қалай, көңіліңнен шықты ма? Енді ы-ы шыны керек маған ұнамады. (С. Мәуленов, Жұлдыз) [22].

Осыған орай, «келісу vs келіспеу» ұғымдарының, бір жағынан, «мақұлдау/мақұлдамау» мағынасына, екінші жағынан, «сенімділік/сенімсіздік», «болымды\болымсыз» мағынасына жақындығы байқалады. Алайда логикалық пайымдауда жеке ұғым болып қалыптасып, тілдік жүйеден атау алған бұл категория өз алдына жеке қарастырылмақ.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Платон. 3 томдық шығ. – М.: Мысль, 1968-1972. – Т.2. – С. 113-114. 2 Аристотель. Шығарма. – Т.1. – М., 1979. – С. 497.
  2. Словарь античности / перев. с нем. Отв. ред. В.И. Кузишин. – М.: Изд-во Прогресс, 1989. –C. 121.
  3. Ожегов С. Словарь русского языка. – C. 688; C. 712.
  4. Philosophie und naturwissenschaften Worterbuch. Heraus-gegeben von Herbert Horz, Roef Lotner. – Deutz Verlag Berlin,1978. – C. 335.
  5. 6 ҚIVТТС 380-381 б.
  6. Красных В.И. Выражение согласия-несогласия с высказыванием собеседника // Русский язык за рубежом. – 1973. – №1. – С. 25-31.
  7. Озоровский О.В. Согласие-несогласие как категория коммуникативного синтаксиса // Проблемы учебника русского языка как иностранного: Синтаксис (сост. В.И. Красных) – М.: Русский язык, 1980. – С.109-120, 70-75.
  8. Поройкова Н.И. Функционирование средств ыражения согласия-несогласия в диалоге // Функциональный анализ грамматических категорий и единиц. – Л., 1976. – С. 102-115, 103-104.
  9. Рубашева Л.М. Реляционные предложения в современном англиском языке: дисс. ...канд. филол. наук. – Киев, 1995. – 221, 129-130.
  10. Байкова З.М. Лексико-грамматическое поле, объединенное модальным значением уверенности (подтверждения) в современном англиском языке: дисс. ... канд.филол.наук. – Рига, 1984. – 196 б., 2 6.
  11. Пройкова Н.И. Функционирование средств выражения согласия-несогласия в диалоге// Функциональный анализ грамматических категорий и единиц:сборник научных трудов. Ленинград, 1976. – С. 102-115., 114.
  12. Морозова О.Н. Функционально-семантические средства реплик со значением согласия-несогласия.
  13. ҚТТС, IV, 595 б.
  14. ҚТТС, IV, 368 б.
  15. ҚТТС, IV, 375 б.
  16. ҚТТС, IV, 486.
  17. ҚТТС, VII, 49 б.
  18. ҚТТС, VIII, 49 б.
  19. ҚТТС, IX, 13 6.
  20. ҚТТС, VII, 49 б. 22 ҚТТС, 380-381 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.