Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі одағай сөздерге салғастырмалы талдау

Мақалада қазақ тіліндегі, орыс тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі одағай сөздер және олардың қолданылуы, топтастырылуы жеке-жеке қарастырылып, салғастырылады. Келтірілген мысалдар арқылы одағай сөздердің үш тілдегі табиғаты, ұқсастықтары мен айырмашылықтары, ұлттық-мәдени ерекшеліктері айшықталған. Қорытынды алынған мысалдар негізінде жасалды.

Туыс емес тілдерді сол тілдердің өздеріне тән тілдік заңдылықтарға сүйене отырып, өзара салғастыра зерттеу, әсіресе, қазіргі жаһандану заманында өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Өйткені ғаламдану құбылысы барысында алуан түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, әлем халықтарының бір-бірінің өнері мен мәдениетіне, тарихы мен әдебиетіне, тілі мен салт-дәстүріне деген қызығушылығы өсіп келеді. Ал мұндай мақсаттың тек тіл арқылы ғана жүзеге асатыны мәлім.

Тілдің экспрессивті-эмоционалды лексикасы саналатын одағай сөздер – тіл білімінде белгілі дәрежеде зерттелген мәселе, алайда олардың сан алуан тілдердегі зерттелу дәрежесі әр қилы. Бұған себеп – одағай сөздердің өздеріне ғана тән тілдік ерекшеліктері мен олардың алуан түрлі тілдердегі қолданысының әр түрлілігі. Мәселен, көптеген ғалымдар бұл сөздерді жанжақты зерттеп, бірқатар түркі тілдерінде дербес сөз табы ретінде қарастырса, үндіеуропалық тілдерде бұл сөздер негізінен үстеулердің құрамында сарапталады. Көптеген ғалымдар тілдегі атқаратын рөлі жоғары, негізгі сөз таптарына жататын сөздермен салыстырғанда одағай сөздер аса бір маңызды тілдік феномен болып табылмайды деген пікірді ұстанатын еді. Алайда тілді және оның бірліктерін тілдік таңбалардың қатынасы емес, сөйлеуші мен тыңдаушының қатынасы аясында қарастыратын прагматикалық лингвистиканың дамуымен бірге бұл сөздерге деген жаңа көзқарастар қалыптаса бастады.

Тілдің негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын экспрессивтік-эмоционалдылықты жүзеге асыруда таптырмас құрал, ал коммуниканттар арасындағы қарым-қатынаста маңызды тілдік бірліктер болып табылатын одағай сөздердің мәдениаралық қарым-қатынастағы ерекшеліктері мен құрылымдық, функционалдықсемантикалық және ұлттық-танымдық айрықшылықтары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің материалдары негізінде алғаш салғастырыла зерттеліп отыр. Соңғы жылдарда халықаралық тілдердің қатарына енетін ағылшын, орыс тілдері мен қазақ тілі ауқымында теориялық тұрғыда салғастырыла зерттелген тілдік құбылыстардың саны да, сапасы да өсіп, олардың өз практикалық жемістерін беріп жүргені белгілі жайт. Сондықтан тіл жүйесіндегі алатын орны ерекше одағай сөздердің аталмыш үш тілде алғаш рет салғастырыла зерттелуінің тіл біліміне қосары мол.

Аталған үш тілдегі одағай сөздердің ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліндегі одағай сөздердің классификациясы мен құрылымдық тұрғыда қарастырылуына байланысты жалпы қалыптасқан көптеген пікірлерге сай ортақ топтастырылу үлгісін алдық. Одағай сөздер құрылымы жағынан негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Ал, туынды одағай сөздерге: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға..., т.б. жатады.

Ал, мағынасы жағынан ишарат одағайлар, жекіру одағайлары, шақыру одағайлары, көңілкүй одағайлары, императивтік одағайлар, тұрмыс салт одағайлары және т.с.с. болып бөлінеді. Соның ішінде әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек. Ишарат одағайлары – бұйрық, сұрау, мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б. Майлин)Жекіру одағайлары: 1) адамға арнайы айтылатын одағайлар: көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні), ұсыну сөздері (мә, айда), тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт); 2) жануарға арнап айтылатын одағайлар Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы: түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"; қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!; жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!; ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс! Шақыру одағайлары – таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді. Көңіл-күй одағайлары – адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар: жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.); жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай-бай! т.б.); әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл-күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пайпай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді. Императивтік одағайлар – адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді: адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т.б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сапсап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады. Тұрмыс-салт одағайлары – Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т.б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағалайкүм! Хайыр! Құп! Ләббай! Кеш жарық! т.б. одағайлар жатады [1, 72].

Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бірмағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т.б.) және көпмағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т.б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоцияналдық-интонациялық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды көп қабылдай бермейтін сөздер. Олардың арасында жекедара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындары да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т.б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т.б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, аһ ұрды, шу дегеннен, әу деді т.б.).

Одағай сөздерді түрлі топтарға бөле беруге болады, дегенмен нақты әрі ұтымды топтары осы болып келеді. Себебі, әрбір сезімге байланысты одағайларды бөле берсек мәні кетеді деп ойлаймыз.

Орыс тілінде одағайларды түрлі белгілеріне қарап топтастырады, мәселен, пайда болу белгілеріне қарай, құрылымына қарай және мағынасына қарай:

  • пайда болу белгілеріне қарай: негізгі және туынды одағайлар.
  • құрылымы бойынша: жай, күрделі, құрамдас одағайлар.
  • мағынасына қарай: эмоцияналды, қозғаушы, әдеп одағайлар.

Одағай сөздердің генетикалық жақтан байланысы бар топтардың айрықша сөздер бойынша классификациясы өте ауқымды:

  • зат есімдерден: батюшки, господи, боже және т.б.
  • етістіктермен: ишь, вишь, пли және т.б.
  • есімдікпен, үстеумен, бөлшектермен және жалғаулықтармен: то-то, эка, ш-ш, вот-вот және т.б.

Одағай сөздерге сонымен қатар төмендегілер де енеді:

  • жетілулер: на тебе, ну да, да уж, эх вот как, вот те раз және т.б.;
  • тұрақты тіркестер мен фразеологизмдер:

батюшки светы, слава богу және т.б.;

  • түрлі дыбыстар, жанауарлар мен құстардың дауысын келтіретін сөздер: тра-та-та, бабах, мяу-мяу, дзинь-дзинь және т.б.[2, 16].

Одағай сөздер көптік мағынада қолданылғанда зат есімдерге ауысады. Одағайлардың басты дереккөздері сипаттаушы, бағалаушы зат есімдер (страх, ужас, беда) мен экспрессивті етістіктер (постой, погоди, давай, валяй, мути, замути) болып табылады. Орыс тілінің классификациясы мүлдем бөлек. Әрине, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері болады.

Ағылшын тіліндегі одағайлардың арнайы классификациясы жоқ. Бұл оны толық зерттелмеген дегенге сай келмейді. Тек мағыналары мен жасалу жолдарына қарай ғана топтастырылады. Олар эмотивті одағайлар, еліктеуіш одағайлар, белгілі бір қимыл не ым-ишарамен бірге айтылатын одағай сөздер және таптық мәні бар дербес сөздер негізінде жасалған одағай сөздер болып төртке бөлінеді. Соның ішінде:

  • эмотивті одағайларға Ahem! A-hey! Ai! Aw! Ay me! Cor! Dammit! Hah-hah! Height-ho! Hiphip hurrah! Hem! Hooray! Pshaw! Ur! Whoops!;
  • еліктеуіш одағайларға Cock-a-doodle-doo! Flop! Poop! Woof! Wink-wink! Mew-mew! Bzzz! Mooo! He-haw!;
  • үшінші топтағы одағай сөздерге Achoo! Bo-o! Cracko, jacko! Dilly-dilly! Heave-ho! Heypass! Hush-a-bye!;
  • төртінші топтағы одағай сөздерге Ah me! By George! Jazz up! My! By gum!, және т.б. жатады.

Одағай сөздер экспрессивті немесе қозғаушы қызмет атқарады, мәселен, адамда таңырқау сезімін тудырып (қазақ тілінде – Па! Беу! Пах!; орыс тілінде – Ох! Ого! Ого-го!!!; ағылшын тілінде – Crazy! Gee! Goodness! Gosh! Ha! Heyday!), немесе шақыру (Құрау-құрау! Оу! Әй!; Эй! Цып-цып!; Wink-wink! Mew-mew!) немесе бұйыру (Кәне! Кәнеки! Ал! Әйда!; Брысь!; Hey-pass! Let’s go! Ur! Hush! Whoops!) одағай сөздерін пайдалануға түрткі болады. Көптеген одағай сөздер сыртқы дүниенің әсеріне қарсы шығатын эмоционалды айқай мен дыбыстардан пайда болған делінеді (Бай-бай-бай суығын-ай!; А-а-а, Ах, больно! Ух, тяжело! Брр. Холодно!; Аһ! Оһ! Ouch! Ow!), мұндай одағай сөздердің құрамындағы дыбыстар айрықша қасиетке ие. Одағай сөздер арасында дыбыспен айтылуға келмейтін одағайлар да кездеседі, олар адамның таңдай, тіл, тіс және т.б. дене мүшелері арқылы айтылады. Одағай сөздер көптеген сөздерді немесе бір сөйлемді қысқартылған формадағы одағай сөздермен ауыстырады. Мысалы, қандай керемет деген таңырқау сөзін бір ғана мәссаған! одағайы немесе қатты қуанып тұрмын деген сөзді бір ғана алақай!

одағайымен ауыстыруға болады. Орыс тілінде:

какая гадость! – тьфу, брр; тише, не шумите

– тсс...подите сюда, послушайте – эй, пст және т.б. Ал ағылшын тілінде: that’s bad – boo; it’s cold – brr; I didn’t mean to do that – oops; wait, I’m thinking – uhh және т.б.

Ағылшын тіліндегі одағай сөздер жүйелі сөзде сөйлеушінің сезімін жеке дыбыстармен білдіре алады: Ok! Oh! Ah! Bravo! Hush! Hurrah! немесе тіркесіп те келе алады: For shame! Ұят-ай! Well done! Жарайсың! және т.б. Сөйлем негізінде де: «Well, perhaps you are right! – Бәлкім, сіздікі де дұрыс шығар», «Oh! What a pleasure! – Паһ, қандай тамаша!».

Орыс тіліндегі ох, ой, пли, ух, фу, фи, ага, ах, апчи, батюшки, господи, ишь ты, боже ж ты мой, о чёрт! Ай молодца! Молодец! Молодчина! да ну ты брось, да ну как же оно так вышлото, вот, при! ... және т.б. одағай сөздердің лексикалық және грамматикалық мағынасы жоқ, өзгермейді және сөйлем мүшесі бола алмайды. Тек қана, егер одағай сөздер, мәселен, зат есімнің орнына келсе ғана, сөйлем мүшесі бола алады: «В темноте раздалось грозное эй».

Сонымен қатар орыс тіліндегі одағай сөздер де род категориясы бойынша, жекеше не көпшеге түрленбейді және байланыстырушы қызмет атқармайды. Кей кездері одағай сөздер өзге сөз табы ретінде сөйлем мүшесі бола алады. Сол кезде арнайы лексикалық мағынаға ие болады: «Ай да мёд!», «Вот раздалось ‘ау’ вдалеке».

Ал ағылшын тіліндегі одағайлар мағынасы жағынан былайша түрленеді:

Ашулану сезімін білдіретін одағайлар: Damn! Damnation! The devil! Doggone! Ha! Hang it! Hell! Hunh! Rats! Shit! What! Zounds!; Түршігу, тітіркену Bother! Deuce! Drat! Drot! Mercy! Merde! Oof! Ouf(f)! ouch! Rot! Son of bitch! Spells! Tut! tut-tut! Zut!; Қолдау, мақұлдау Нear! Hubba-hubba! Hurrah! Keno! Ole! So!; Ұнатпау, жек көру Вah! Boo! Booh! Hum! Humph! Hunh! Paff! Paf! Pah! Pfui! Pho! Phoh! Phoo! Phooey! Pish! Poof! Pouf! Pouf! Pooh! Prut! Prute! Pshaw! Puff! Poff! Quotha! Sho! Shoo! Shuh! Shah! Soh! Yech! Zut!; Таңдану Аh! Ach! Coo! Coo-er! Goody! Goody goody! Whacko! Whizzo! Wizzo!; Жиіркену Aargh! Buh! Gad! Humph! Pah! Phew! Phooey! Pish! Pshaw! Pugh! Rot! Shit! Shoot! Ugh! Yech! Yuck! Hubba-hubba! Wahoo! Zowie!; Eeek! Oh! Oh, no!; Қызығу, әуестік Hubba-hubba! Wahoo! Zowie! Қорқу Eeek! Oh! Oh, no!; Сабырсыздық chut! Gah! Pish! Pooh! Pshaw! Psht! Pshut! Tcha! Tchah!

Tchu! Tchuh! Tut! Tut-tut! Why! Zut!; Наразылық Here! Why!; Ашулану Cor! Corks! Doggone! Hell! Hoot! Lord! Lor’! lor! Lors! Lordy! Lord me! Merde! Sapperment! Shit! Upon my word!; Қуану, шаттану Heyday! Hurrah! Ole! Whee! Whoop! Whoopee!; Ауырсыну Аh! Oh! Ouch! Ow! Wow! Yipe! Yow!; Аяу Alas! Dear! Dear me! Ewhow! Lackaday! Lackadaisy! Las! Och! Oche! Wellaway! Welladay! Welliday!; Ләззаттану Аha! Boy! Crazy! Doggone! Good! Heigh! Ho! Wow! Yum! yum-yum!; Жеңілдену Whew! Whoof!; Күйіну Alas! Ay! Eh! Hech! Heck! Heh! Lackadaisy! Las! Mayrone! Och! Oche! Wellaway! Welladay! Welliday! Wirra!; Тосын сыйлық Ah! Alack! Blimey! Caramba! Coo! Cor! Dear! Dear me! Deuce! The devil! Doggone! Gad! Gee! Geewhiz! Golly! Good! Goodness! Gracious! Gosh! Ha! Heck! Heigh! Heigh-ho! Hey! Heyday! Ho! Hollo! Hoo-ha! Huh! Humph! Indeed! Jiminy! Lord! Mercy! My! Nu! Od! Oh! Oho! Oh, no! phew! Say! Shit! So! Son of a bitch! Upon my soul! Well! What! Whoof! Whoosh! Why! Upon my word! Wow! Yow! Zounds!; Қолдау Now! Tsk!; Триумф Aha! Ha! Hurrah! Ole! So!; Таң қалу Вlimey! Crazy! Gee! Goodness! Gosh! Ha! Heyday! Oh! What! Wow! [3, 5-6].

Бір қызығы, мұндағы түрлі эмоционалды күйлердің кейбіреулерінің аса бір-бірінен айырмашылығы байқала қоймайды және кейбір одағайлар қайталанып келе берген. Әрине, бұл одағайлардың көпмағыналылығынан хабар береді.

Одағай сөздер күнделікті өмірімізде қалыспай, әсіресе, ауызекі стилінде жаппай қолданылып келеді. Бірқатар одағайлар қайта жаңартылып қолданылып жатса, бірқатары кірме одағайлары болып табылады. Заманауи жаһандану үрдісіне сәйкес, көптеген төл шығармаларымыз шет ел тілдеріне тәржімаланып, сауда-саттық, тәжірибе алмасу, т.с.с. халықаралық қатынастар саны күннен-күнге артуда. Сондықтан өзге елдермен қатынас жасауда көпір қызметін атқаратын мәдениаралық қарым-қатынаста сөздерді ұтымды пайдалана білу өте маңызды. Бұл жағдайда одағайлардың да атқаратын рөлі үлкен. Соның салдарынан одағай сөздердің түрлі ерекшеліктері күн санап көбейіп келеді.

Осы тұрғыда алып қарағанда одағай сөздер сөздер жайлы зерттеулер әлі де болса аксиомаға айнала қойған жоқ және әлі де толықтай зерттеуді талап етеді. Одағай сөздердің әр тілдің ұлттық-танымдық ерекшеліктерін білдіруде де үлкен рөл атқаратыны мәлім. Сондықтан осы тұрғыда зерттеу одағайлардың жан-жақты сыры мен ерекшеліктерін ашуда өз көмегін көрсетеді.

Одағай сөздер үш тілде де сөз табы болып табылады және адамның көңіл-күйін, эмоционалды жағымсыз, жағымды сезімін және т.б. императивтік ишаратын білдіреді. Сонымен қатар аталған үш тілде де бірмағыналы және көпмағыналы бола алады, сөйлемде түбір күйінде де, тіркесіп те, басқа сөз табы есебінде де келе береді. Тек ерекше жағдайларда болмаса, үш тілдегі одағайлар да түрленбейді және сөйлемнің не басында, не ортасында, не аяғында үтір арқылы келеді.

Одағай сөздер үш тілде де ауызекі тілде де, көркем әдебиеттің кез келген түрінде де кеңінен қолданылады. Соңғы кездері, әсіресе, жастар тілінде белсенді түрде қолданылып келеді. Тіл-тілден одағай сөздер еніп, кірме одағай атанады. Кейбір одағайлар баламасын тауып, сіңісіп кетіп жатады. Ал кейбіреулері баламасыз, сол күйінде қолданыла береді.

Бірақ жоғарыда атап өткеніміздей, одағай сөздерді зерттеушілердің пікірлері мен көзқарастары әлі де болса біржақты емес. Сонымен қатар отандық ғылымда одағай сөздерді зерттеу жұмыстары толық жетілмеген. Сондықтан да одағай сөздерді жан-жақты зерттеу келешектің еншісінде.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты. – Алматы, 1998. – 509 б.
  2. Шаронов И.А. Междометие в языке, в тексте и в коммуникации. Филол.ғыл.д-ры ... дис. автореф. – М, 2009. – 35 б.
  3. Vladimir Z.J. The form, position and meaning of interjection in English. Facta Universitatis Series: Linguistics and Literature, 2004. – № 3. – P. 17-28.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.