Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі таңдағы мәдениаралық коммуникацияның аудару контексті

Мақалада келтірілген білім мәдениаралық құзыреттілік мәнін құрайтын біріктірілген кәсіби біліктер негізін ұсынады. Осындай біліктердің дискрипторларын тілдік емес түлектері үшін, бір жағынан, өз мәдениетіне коммуниканттар тиістілігімен туындаған ғылыми-кәсіптік салада қатысым қиындықтарын білуге, түсінуге және жеңуге, екінші жағынан, басқа тіл мемлекеттерінің мәдениетіне; кәсіби қатысымның мәдени және мәдениаралық аспектілерді шығаруға; мәдениеттердің конструктивті диалогын жүргізуге, ой-пікірлермен ашық алмасуға; өз ұстанымдарын қайта қарастыруға, мәдениаралық қатысым процесінде өз мәдениеті сияқты басқа мәдениетті де үйретеді. Мақала мақсаты – лингвистикалық емес бейінің болашақ маманның шетел тілін оқытудағы мақсаттар құрамында мәдениетаралық құзыреттілік қандай орын алатынын және ол шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілікпен қалай қатынасатынын белгілеу. Көптеген зерттеушілердің, мысалы Э. Холлдың және И.И. Халееваның тұжырымдары айтылады.

Мәдениаралық коммуникация ақпараттық қорды кеңейту, заманауи менеджердің мәдениаралық коммуникация құзыреттілігін жоғарлату – дәуір талабы. Басқа мәдениеттердің тәжірибесіне қарау қылығы «мәдениеттердің қарым-қатынасы» деп аталады. Халықаралық қатынастардың ұлғаюынан және әр түрлі мәдениеттердің қарым-қатынасынан, олардың зерттеулері өздеріне көп назар аударады. Мәдениетаралық қатынас мәселесінің назары күннен күнге өсіп тұрады. Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың шағылысулары коммуникацияның арқасында өрнектеледi. Коммуникацияның нақ сол ауызша және ауызша емес таңбалары салт, мәдениеттi, халық және елдiң сипаттарын қаттырақ бiлдiредi [1,49].

Зерттеудiң өзi және аралық мәдениеттi коммуникациялық нормалар байланысының зерттеуі кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нормалар, ауызша және ауызша емес аралық мәдениеттi коммуникациялық бiрлiктердiң мiнезқұлығының анық айырмашылығын бередi. Аутмәдениетті нормаларының мiнез-құлықтары шет тiлін және мәдениетін оқып жүргендерге лингвомемлекеттік білімінің және мәдениетаралық компетенцияның құрылу факторының бай қайнар көзі болып табылады.

«Мәдениет» ұғымының қалыптасуы көп сипатталған. Латын тектi cultio және culteсi сөздер ежелгi Рим құжаттарындағы сөздер өңдеуді бiлдiретiн және ауыл шаруашылығында қолданылатыны белгiлi. Этимологиялық жағынан латын тілде ежелгi colereетiстiгiнің бастапқы мәні «жер өңдеу» болған, ал кейін – «сыйлау», «қадыр тұту» деген ұғымға ие болды. Римдiк мемлекеттiк қайраткерлерде мәдениет жаңа мағыналармен ауқаттана кеңи түсті. Келесi ғасырларда топырақтың өңдеуi туралы ғана емес, ақылдың дамытуы, бiлiм және сенiмнiң артуы туралы ендi сөз бола бастады. Пұтқа табынушылық ұлы дiндерiндегi адамның мүмкiндiгiн жанды және қабiлеттiлiкті құдайға махаббат тәрбиесіне ауыстыру деген ойымен сипатталды. Философия және теология мәдениетке кiредi, оны жұтады, онымен жұтылады. Мәдениет ұғымына кейін civils –азаматтық, мемлекеттік латын терминiнен шыққан өркениет (цивилизация) ұғымы қосылады [2,38].

Ғылым қазiргi мәдениеттер терминнiң көп анықтауларының негiзгiлерін атап өтуге мүмкiндiк бередi. Мәдениет бұл – адамның қоршаған ортаны өзгерту қабілетімен байланысып, осы өзгертулер барысында пайда болатын заттардың жасанды әлемі, символдар, адам арасындағы қарым-қатынас адамның тағдыр характеристикасы болып табылады. Адам арқылы жасалынған және оған байланысты болатын барлық заттар мәдениет болып табылады. Коммуникация және қарым-қатынас адам өмiрiнiң ең маңызды бөлiктерi болып табылады, демек, ол дегеніміз мәдениеттiң бiр бөлiгi. Көп зерттеушiлер мәдениетті әңгімелесуге (коммуникация) жатқызады. Э. Холлдың айтуынша мәдениет бұл коммуникация, ал коммуникация бұл мәдениет.

Адам баласы өз өмір тарихында көптеген тәртіп белгілерін құрастырды. Адам үшін таңбалар және таңбалау жүйелерiмен иеленуі, басқа адамдармен қарым қатынасқа түсу және мәдениетке қосылу деп есептелінеді.

Осыған орай пайда болған және қолданылатын бiрнеше таңбалардың түрлерi мыналар:

  1. Копия таңбалары шындықтың әр түрлi құбылыстарын шығаратын көшiрме, бiрақ өздерi шындыққа жатқызылмайды (фотосурет).
  2. Нышан таңбалары зат туралы кейбiр мәлiмет ақпарат жеткізеді (аурудың температурасы).
  3. Сигнал таңбалары – келісімде бойынша жинақталған мәлімет туралы ақпарат береді (мектеп қоңырауы).
  4. Символ таңбалары – қасиетіне немесе белгісіне сәйкес зат туралы мәлімет береді (мемлекеттік елтаңба).
  5. Тiл таңбалар.

Әртүрлi мәдениеттердiң арақатынастары мәдени антропологияда «мәдениет-аралық қарым-қатынас» атауын алды, әртүрлі формаларда пайда болатын екi мәдениеттер арасында қарым-қатынасты бiлдiреді. Бұл айырбас саясатта және адамдардың қарым-қатынас арасында, жанұяда, формалды емес қатынаста бола алады.

Коммуникацияның вербалды және вербалды емес деген екi түрi болады.

Вербалды коммуникация адам өмір қызметтiң кез келген облысында басшылық ететiн сипатын алады. Сөз дұрыс қолдану әр бір мамандықта жетiстiкке жетуінің айырылмас бір бөлігі.

Вербалды емес сөйлесу, дене күйі және дене қимылы тілі болып саналады, өзіне сөздерге тіреспейтін адамның өздік айту белгілерін қосады.

Мәдениетаралық коммуникацияның екiншi мiнездемесi конфликт және түсiнбеушілік болып табылады. Мәдениетаралық кездесулер кезінде адамдардың мiнез-құлығы бiздiң күтулерлерге сәйкес келмеуі ықтимал. Бiз мұндай мiнез-құлықты жиi түсiндiрiп беремiз бұл құндылықтар және мораль бiздiң жүйенiң жасырын ниетіміз. Ол бiздiң концепциясын өзгертетін негативтi эмоцияларды шақырады. Бұл конфликт адамдармен ғана емес, (көпшiлiк пайданалатын көлiкпен, почта, сауда, кәсiпкерлiкпен) мәдени жүйенiң басқа өкiлдермен сонымен бiрге адам аралық мәдениеттi қарымқатынастарда пайда болады.

Тиiмдi мәдениетаралық коммуникация бiзге әрдайым оңай берiлмейдi. Конфликтілер және түсiнбеушіліктер шарасыз болады, ал біздің кәдімгі этноцентрлік және стереотипті ойлау түрі, конфликт және қателiктер туралы негативтi құндылық пiкiрлерге жиi бағыттайды. Мұндай пiкiрлермен негативтi эмоциялар жиi байланысады. Бұндай реакциялар интеракцияның конструктивтi қолдануын қиындатады; олар бiзге айырмашылықты бағалап және бiзге

ұқсас емес адамдармен қарым-қатынасқа түсуін қиындатады [3].

Мәдениетаралық коммуникациясында конфликт шарасыз болғандықтан, өз негативтi ашу-қысуын басып үйрену өте маңызды болып табылады. Өз эмоциясын қадағалай алатын адам ең сәтті мәдениетаралық интеракцияларға есік ашып мәдениетаралық конструктивті процессті жеңілдете алады. Бұны істей алмаған адам есiктің сыртында қалады. Демек, эмоциялар, мәдениетаралық табыстың тәжiрибесіне кiлт бола алады.

Мәдениаралық коммуникация – мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер (жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990шы жылдарда мәдениаралық коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарымқатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлғаның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне түрткі болған мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар (мысалы, ЮНЕСКО), саяси көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады [4,243].

Қазіргі кезде коммуникативті тәсілмен тығыз өзара байланыста арнайы мақсаттар үшін шетел тілін оқытуға мәдениаралық тәсіл дамуда, немесе солай аталатын лингвистика саласындағы білімнің мәдениаралық парадигмасы. Оның компетенттік тәсілмен үйлесуі лингводидактикада оның басқа лингвомәдени қауымына тиістілігін саналық және есепке алу негізінде коммуникация бойынша басқа тілді серіктеспен сөйлеу қатысымын құру қабілеттілігі ретінде түсіндірілетін мәдениаралық құзыреттілік ұғымының пайда болуына алып келді. Осыған байланысты тек тілдік емес, сондай-ақ түрлі профильді тілдік емес жоо-дар студенттерінің мәдениаралық құзыреттілігінің белгілі деңгейін қалыптастыру ең өзекті міндеті тұрады. Тілдік емес жоо-дың түлектері басқа мәдениетке тиісті әріптестерімен тікелей қатысымға дайын болу керек. Осындай қатысымның мақсаты – жаңа білімді өзінді құру, жалпы мағынасын өндіру. Осылайша түсінуге болатын мәдениаралық қатысымның мақсаты бір (коммуниканттардың біріне шетел тілі, кейде екеуіне де) тілде олардың тікелей немесе жанама қатысым үрдісіндегі басқа мәдени коммуниканттар (қандай да бір салалардағы кәсіби қызметтегі мамандары) арасында өзара түсінушілікке жетуді қамтамасыз ету керек. Осы мақсат тіпті шектеулі көлемде де мәдениаралық кедергілердегі осындай қатысым үрдісінде сөзсіз пайда болатын өзіндік жеңіп шығуға, мағынаның мәдени компонентінің қатысушылары үшін жалпы қатысым құруға дайындықсыз қол жетпейді. Мәселен лингводидактикада коммуникативтік және мәдениаралық тәсілдердің мағынасы туралы жалпы қабылданған ұстанымдардың болмауынан шиеленіседі.

Оқыту мақсатын қоюға тікелей әсер көрсете отырып, олар ажырамас өзара байланысына қарамастан дамиды, шетел тілін оқытуға осы екі тәсіл арасында негізді айырмашылық бар, өйткені олар түрлі мақсатты тұжырымдауға шығады деп зерттеушілер белгілейді. Коммуникативтік тәсіл мәдениаралық – бимәдени тілдік тұлға, мәдениаралық коммуникант (мәдениет медиаторы), мәдениаралық (мәдениаралық бағдарланған) мультимәдени тұлға қалыптастырғанда тіл тасымадаушы коммуникативтік құзыреттілік нұсқасы бойынша модельдейтін шеттілдік коммуникативтік құзыреттілікке бағытталған, содай-ақ түрлі оқу ұйымдарында шетел тілін оқыту мақсатын қалыптастыруда. Қандай да бір жағдайда екі құзыреттілікті интеграциялауға ұмтылу байқалады, өйткені олардың өзара байланысын айқын деп есептеуге болады. Оқытудың мақсаттары мен мазмұнында олардың интеграциясы тәсілдерінде және олардың екеуінің құзыреттіліктері, басым бағыттарының көрсетілген түрлерінің арақатынасы туралы сұрақтары, әсіресе тілдік емес жоо-дағы студенттердің, үйренушілердің нақты контингентінің талабына сай шешілуі керек. Орта мектептегідей, тілдік емес жоо-да шетел тілін оқытудың иегері мақсаты туралы сияқты екінші тілдік тұлғаны қалыптастыру туралы сұрақ қоюды шектеуде ғана болады. Осы шектеулер шеттілдік кәсіби қатысымда болашақ маманның талаптарымен анықталады, ол шеттілдік кәсіби бағытталған тілдік тұлға түсінігін енгізуге рұқсат етеді, соған сәйкес шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілік лайық. Мақала мақсаты – лингвистикалық емес бейінің болашақ маманның шетел тілін оқытудағы мақсаттар құралымыда мәдениетаралық құзыреттілік қандай орын алатынын және ол шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілікпен қалай қатынасатынын белгілеу [5].

Көптеген зерттеушілер коммуникативтік және мәдениаралық құзыреттіліктердің айырмашылықтарын көрсететінін, және де дәлірек олардың тығыз өзара байланысы мен өзара ықпалын ерекше айқындайтынын белгілейміз. Бұл кезде осы құзыреттіліктердің өзара байланысы мен өзара ықпалының сипаты әртүрлі түсіндіріледі. Бұл, мәдениаралық құзыреттілік тіл тасымалдаушы құзыреттілігінен ұқсастығының болмауы және «тіл үйрену арқылы түрлі мәдениет ерекшеліктері сияқты олардың (мәдениеттер) өзара іс-әрекетінің ерекшеліктерін де таныған, тек тілдік тұлғаға – мәдениаралық коммуникантқа тиесілі болуы мүмкін» ерекше құзыретілікті өзінше көрсетуге сәйкес көзқарасты бөлеміз. Осында, «мәдениаралық құзыреттілік мәдениаралық қатысымда екі немесе бірнеше бар ұстанымдар (лингвистикалық немесе бұл шынында да мінез-құлықты) негізінде жаңа мағына «құруда» және лингвистикаға дейінгі, психологиялық компоненттерді енгізуде шеттілдік коммуникативтік құзыреттіліктен ерекшеленетіні» маңызды.

Мәдениаралық құзыреттілік компоненттері «соңғылардың мазмұнының бөлігін модификациялай отырып және оларға мәдениаралық өлшем қоса отырып, шеттілдік коммуникативтік құзыреттіліктің компоненттерімен қатысты» тұжырымы маңызды болып көрінеді. Жоғарыда белгіленген пікірге сәйкес, коммуникативтік және мәдениаралық құзыреттілік ішінара басып өзады. Осы тәсілді алып және осыған сүйене отырып, біз ойлаймыз, лингвисткалық емес жоо-да кәсіби мәдениаралық құзыреттілікті шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті жеке құру пайда болу процесінде тікелей қалыптастыруға болады. Ол үшін шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті құрайтын әр мазмұнына мәдениаралық аспект енгізу қажет. Бұл ұстаным келесідегідей тұжырымдалуы мүмкін. Шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілік тілдік емес жоо-да оқытудың соңғы мақсаты ретінде екінші тілдік тұлғаны қалыптасуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Егер де соңғысының барлық компоненттері мәдениаралық өлшеуді ескеріп қалыптастырылатын болса, онда кәсіби коммуникативтік құзыреттілікке сәйкес компоненттеріне мәдениаралық аспектілер жиынтығы кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті құрайды. Кәсіби коммуникативтік құзыреттілік оқыту мақсатының дербес компоненті ретінде қарастырыла алады, ал шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілік компоненттері бірі болып емес. Басқаша айтқанда, жиынтығында мәдениралық аспектілерді ескеріп шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілік құрастурышыларын қалыптастыру, студенттерде құзыреттіліктердің ерекше түрін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, ал дәлірек кәсіби мәдениаралық құзыреттілікті.

Айтылғанға сүйене отырып, тілдік емес жоода оқыту мақсатын анықтағанда кәсіби мәдениаралық құзыреттілікті қалыптастыру оқыту мақсатының дербес компоненті ретінде бөлінуі, ал оның мазмұны кәсіби қатысым саласында бірінші кезекте маңызды мәдениаралық қатысым мәселелесін шығару негізінде анықталуы керек. Осыған байланысты тілдік емес жоо-дар түлектерінің кәсіби мәдениаралық қатысым ерекшеліктерін анықтау, табысты мәдениаралық коммуникация қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылар құрылымында кәсіби таңбаланған сипаты бар элементтерін бөліп шырау қажетті болып табылады. Сол бір мезгілде осы құзыреттілік жалпы мәдени компонентті қосады, яғни анықтау мен сипаттауға жататын кәсіби іс-әрекет саласына тәуелсіз білім мен білік. Біздің зерттеу ракурсында, мәдениаралық құзыреттілікті қалыптастыру «тек мәдениаралық қатысым біліктерін қалыптастыруды ғана емес, сонымен қатар олардың нақты мәдениет ерекшеліктері мен өзара қатынасының ерекшеліктерін үнемі танудағы эвристикалық тәртібі мен стратегиялары оның нәтижелілігін қамтамасыз ететін біліктерді қолдануды болжайды» деген ойды маңызды етіп ұсынады. Сөзсіз, бұл пікір рефлексивті біліктерді дамытуды тұспалдайды. Бұл туралы «мәдениаралық құзыреттілік – бұл тілдік тұлғаға өзінің мәдени ұқсастығын жоғалтпай, өз мәдениетінен шығуға және медениет медиаторының қасиетін алуға мүмкіндік беретін қабілеттілік», «мәдениеттер мен білік айырмашылықтары туралы білімі негізінде болып жатқан басқа мәдениет әңгімелесушімен бірыңғай мағынасын мәдениеттер арасында елші бола отырып құру қабілеттілігі», пікірі айғақтайды. Осы туралы И.И. Халеева: «Мәдени жүйелілік жүйе шектеуінен асқан жағдайда танылатын адами өзара іс-әрекеттердің барлығы мәдениаралық болып табылады» деп жазады. Кәсіби мәдениаралық құзыреттілік басқалар сияқты білім мен білік терминдарында да сипатталады. Егер білім туралы айтсак, кәсіби мәдениаралық құзыреттілік қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқытудың мазмұнының мәдениаралық аспектісі өзіне коммуникацияда қиындықтардың себебі бола алатын тарихи және мәдени белгіленген айырмашылықтардың білімнің қажетті минимумын ғана емес, сонымен шетелдік әріптестермен қатысым процессінде осы қиындықтарды алдын-ала білу және меңгеруге қажеті

білімдерді тарту ғана емес. Үздіксіз мәдениаралық өзін-өзі дамыту процессінің негізін тудыруға қабілетті осындай білім мәдениаралық құзыреттілікті қамтамасыз ете алу керек. [6,12]. Қорыта келгенде, осындай білім студентте қатысымның мәдени және мәдениаралық аспектілеріне сезгіштігін, конструктивті диалогқа, ой-пікірмен ашық алмасуға, өзін-өзі бақылауға дайындығын, өз ұстанымын қайта қарастыруға, бөтен және өз мәдениетінің мәдениаралық қатысым процессінде үздіксіз рефлексивті ұғынуға қабілеттілігін және өзін өзі соның өкілі ретінде қалыптастыру керек. Келтірілген білім мәдениаралық құзыреттілік мәнін құрайтын біріктірілген кәсіби біліктер негізін ұсынады. Осындай біліктердің дискрипторларын тілдік емес түлектері үшін бір жағынан, өз мәдениетіне коммуниканттар тиістілігімен туындаған ғылыми-кәсіптік салада қатысым қиындықтарын білуге, түсінуге және жеңуге, екінші жағынан, басқа тіл мемелекеттерінің мәдениетіне; кәсіби қатысымның мәдени және мәдениаралық аспектілерді шығаруға; мәдениеттердің конструктивті диалогын жүргізуге, ойпікірлермен ашық алмасуға; өзін-өзі бақылауды жүргізуге, өз ұстанымдарын қайта қарастыруға, тиімді шешулер табуға, мәдениаралық қатысым процессінде өз мәдениеті сияқты басқа мәдениетті де, және өзін сол мәдениет өкілі ретінде үздіксіз ұғыну; оқылатын тіл мемлекеттерінің мәдениет нормаларына сәйкес өз тәлім-тәрбиесін құру деген біліктерді есептеген лайықты.

 

Әдебиеттер

  1. Евдокимова М.Г. Система обучения иностранным языкам на основе информационно-коммуникационной технологии (технический вуз, английский язык): Автореф. дис. пед наук. – М., 2007. – 49 с.
  2. Елизарова Г.В. Формирование межкультурной компетенции студентов в процессе обучения иноязычному общению: Автореф. дис. ... д-ра пед наук. – Спб., 2001. – 38 с.
  3. Койгелдиев С. Дело госязыка запуталось в «трех соснах» // Казахстанский юридический портал 2006 г. – www.zakon.kz
  4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. – 243 с.
  5. Мәдениетаралық қарым – қатынас теориясының даму тарихы // http://zhangbyrzhan.ucoz.ru/ publ/stati/ lichnye/ m_denietaraly_arym_atynas_teorijasyny_damu_tarikhy/13-1-0-28
  6. Международные отношения: социологические подходы / Под редакцией проф. П.А. Цыганкова. – М.: Гардарика, 1998. – 12 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.