Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үнемдеу құбылысының Магент тіліндегі көрінісі

Үнемдеу құбылысы – тілдің дамуында шешуші қызмет атқаратын лингвистикалық заңдардың бірі. Үнемдеу жалпы тіл білімінде, түркітануда, қазақ тіл білімінде сөз болғанда құбылыс, үрдіс, үдеріс, заңдылық аясында ғана қарастырылып келді. Бірақ соңғы кездегі зерттеулердің нәтижесі үнемдеуді заң деп танып, үнемдеудің ықпалынан болатын тілдегі барлық заңдылықтар мен құбылыстарды соның аясында қарастырудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Осы күнге дейінгі зерттеу еңбектерінде үнемдеу заңының тек тіл білімінің салаларына байланысты, яғни фонетика саласында дыбыстардың түсіп қалуы, синтаксисте сөйлемдердің ықшамдалуы қарастырылған болса, бүгінгі мақалада ғылыммен бірге қатарласа дамып келе жатқан жаңа ақпараттық технологиялырдың ықпалы, жастар арасында қолданыс аясының қаншалықты кең екендігі қарастырылады. Сонымен қатар мақалада осы үнем заңының жаңа технологиялар интернет желісі Магентте жастардың қолдану көрінісі талданады. Өзара хат алмасу барысында сөздердің, сөйлемдердің тек белгілі бір дыбыстар арқылы берілуі, көңіл-күйді білдіруде смайликтерді қолдану және осы әрекеттердің орын алуына итермелейтін, яғни үнемдеу заңын қолдану аясының ұлғаюына ықпал еткен факторлар анықталады.

Қоғамның дамуы адам өміріндегі әртүрлі өзгерістердің орын алуына әкеліп соқтырады. Заман ағымына байланысты дүниеге келіп жатқан әртүрлі жаңа технологиялық құралдардың да адам өмірінен алар орны маңызды. Осы құбылыстар тіл білімі саласына да өз әсерін тигізбей кетпейтіні анық. Қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда жан-жақты қарастырылып жатқан, бүгінгі күнгі зерттеу объектісіне айналған үнем заңына да осы жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өз үлесін қосуда.

Жаңа ақпараттық құралдар ұялы телефон, интернет желілері арқылы хат алмасу барысында көптеген сөздер үнемдеу құбылысына ұшырап, сөздің белгілі бір көрінісі ғана бейнеленіп жатады.

Осы құбылыстардың орын алуында басты себепкерлердің бірі Mail.ru интернет желісі және соның ықпалымен пайда болған ұялы телефонға арнайы жасалған Магент (мобильді агент) жүйесі.

Ең алғаш рет 1998 жылы американдық Data Art компаниясының программистері веб-сервер ретінде электронды почтамен хат алмасу орталығын қалыптастырады. Бұл орталық үлкен қолданысқа ие болады. Ал 2001 жылдың 20 ақпанында Ресейлік интернет желілері Port.ru және netbridge орталықтарының арасында үлкен сәйкестік байқала бастайды. Осы сәйкестіктерді жою мақсатында компания акционерлерінің шешімімен екі желіні біріктіру арқылы сол жылы 15 қазанда әлемге әйгілі Mail.ru интернет желісі дүниеге келеді.[1] Бұл интернет желілері адам өміріне өзіндік пайдасын да алып келді. «...Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды», деп Ыбырай Алтынсарин өз өлең жолдарында айтып өткендей өмірге ХХІ ғасырмен жарыса келген бұл жаңалық алыс аймақтардан уақыт созып күттірмей, тез әрі үнемді ақпарат алмасуға болатын байланыс түрін орнатты.

Бертін келе ұялы байланыс та өз қарқынында жылдам дамып, қоғамда өзіндік орын иеленіп, кең қолданысқа ие бола бастады. Соның ықпалымен 2004 жылдың қаңтар айында ұялы байланыс аппараттарына арналған Mobile@Mail.ru мобильді сервисі (Магент) дүниеге келді. Жаңа ғасырдың жаңалықтары халық өміріне үлкен үлесін қосуда. Солардың бірі арадағы қашықтыққа қарамай сапалы байланыс орната отырып, ақпарат алмасу жылдамдығы. Осы жылдам ақпарат алмасу адамдардан көпсөзділіктен гөрі керісінше, тиянақтылықты талап етеді. Соның барысында адамдар арасындағы байланыс ықшамдалған диалогтарға құралады. Мысалы:

  • Slm!
  • Slm!
  • Kaksyn?
  • Ok! Oz?
  • Tema.
  • N.i.j?
  • Uhpyyyw…Sen?
  • Sol sabak karap.
  • Mmm, poka.
  • Mhm, KT!

- KT! [3]

Бұл Магент желісіндегі ақпарат алмасушылардың диалогынан көрініс. Ал осы диалогтың толық нұсқасы мынадай болмақ:

  • Сәлем!
  • Сәлем!
  • Қалың қалай?
  • Жақсы.Өзің қалайсың?
  • Өте жақсы.
  • Не істеп жатырсың?
  • Ұйықтайын деп жатырмын. Сен не істеп жатырсың?
  • Сол сабақ қарап отырмын.
  • Түсінікті, пока.
  • Ия, қайырлы түн!
  • Қайырлы түн!

Осылайша Магент арқылы өзара байланыс орнатқан бүгінгі жас және орта жастағы адамдар әңгімелесу барысында көптеген өзгерістер тудырады. Солардың бірі – айтар ойды ықшамдап, қысқартып, белгілі бір дыбыстар арқылы бейнелеп беру сынды үнемдеу құбылысы.

Адам әрбір қимыл-қозғалыс, іс-әрекет барысында өз бойынан белгілі бір мөлшерде энергия, күш жұмсайды. Осы энергия, күшті сақтап қалу барысында тілдегі ықшамдалу, үнемдеу құбылысы дүниеге келеді. Жоғарыда келтірілген мысалды белгілі бір сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді тек дыбыстармен беру көрініс тапты. Ендеше бұл Магент байланыс жүйесіндегі ықшамдалу көрінісінің бір түрі.

Тілдегі үнемдеу адам ойы мен санасында қалыптасқан, сөйлеушінің қарым-қатынас жасау барысында жұмсайтын энергиясының үнемделуін, ойды жеткізушінің құрылымдық жағынан қысқа әрі мағыналық, мазмұндық жағынан бай, өкпеден шыққан ауаның бірыңғай, біркелкі, бірдеңгейлестігін, сонымен қатар сол тілде сөйлеушінің тілінің әуезділігін, эмоцияны адамның қолданылу ыңғайына қарай бейімделуін қамтамасыз етеді және қарастырады.

Тілдік үнемдеу құбылысының сөйлеуге қатысты екеніндей, сөйлеуші коммуникативті тұлға ретінде өз ойын тілдің барлық деңгейлеріне қатысты ықшамдап жеткізе алуына түрлі факторлар әсер етеді. Соның бірі –психологиялық фактор. Яғни бұл адам эмоциясын көрсетуде ықшамдалу құбылысына тағы да өз септігін тигізеді. Адам көңіл-күйін тек тілмен ғана бейнелеп қоймай бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы арқылы да білдіріп жатады. Осының ішіндегі бет – әлпет қозғалысы біршама күрделі әрі маңызды екені баршамызға анық. Өйткені сіз біреудің бетіне бір қарап-ақ оның көңіл-күйін аңғара аласыз. «Көз көңілдің айнасы» деп жатамыз. Бүгінде осындай қимылқозғалысты сөзбен емес, белгілі бір суретті бейнелер (смайликтер) арқылы көрсетеді.

Смайлик (ағл.smile) эмоцияны білдіретін идеограмма. Ең алғашқы смайликтің авторы – дизайнер Харви Белл. Ол кезде Американың сақтандыру компанияларында күрделі кезең болып, екі компанияның біріктірілуінен қиындықтар туындап жатады. Сол қиындықтардың кесірінен компанияның іскерлік қабілеттеріне нұқсан келтіре бастады. Компания басшылары көтеріңкі көңілді жарнамалайтын акция өткізуді жоспарлайды. Оның символын салу суретші Харви Беллге тапсырылады. Ол 1963 жылы он минут ішінде көңілді кейіпті сипаттайтын бейнені жасап шығарады. Осы бейнелі суреттің негізінде жұмыскерлердің төсбелгісі тағайындалады. Ал ол суретке «смайлик» деген ат берілді. Ең алғашқы смайлик осылайша өмірге келді. Өзінің осы туындысы жайында Харви Белл былай дейді: «Бүгінгі күнге дейін адамзат және өнер тарихында жан-жақты тарала отырып, бақыт, қуаныш, рақат сыйлайтын туынды болмаған. Қарапайым болса да, баршаға түсінікті».

Бертін келе 1969 жылы Владимир Набоков та өзінің бір сұхбатында көңіл-күйді білдіретін бір графикалық белгіні ойлап тапқысы келетінін айтып өтеді. Бірақ ең алғаш хат арқылы ақпарат алмасу кезінде 1982 жылы 19 қыркүйекте ағылшын азаматы Скотт Фалман смайликтерді бүгінгі күні кең тараған көңілді жағдайда «:-) », керісінше көңілсіз күйде болғанда

«:-(» түрін қолдануды ұсынады.[1]

Әрбір смайлик адамның әртүрлі көңіл –

күйін көрсетеді. Мысалы:

    • күлімсіреу;  көңілсіз,  -

ұялу, ашулы;

 жылау;  таңқалу;  -

көз қысу; керемет;

    • гүл сыйлау;  -жүрек;  -

күлу; қорқу, т.б.

Смайликтер арқылы адамдар өз бойындағы психологиялық жай-күйін жеткізеді. Психологиялық фактордың үнемдеу заңын нақтылай түсетін бірінші құбылыстары –сөз жұту, үнсіз қалу. Үнемдеу заңынан туындайтын сөз жұту жеке адамның психикалық жай-күйіне байланысты болмақ. Сөйлеушінің сөйлеу актісіндегі сөздерінің жұтылуы түрлі психологиялық жағдаятқа байланысты екенін төмендегі түрлі сезім мен көңіл-күйдің өзгерісінен пайда болатын психологиялық жай-күйлердің әсерін анықтауға болады. Сөз жұту психологиялық жайкүйге (яғни, «қорқу», «толқу», «өкіну», «қуану», «ашулану») бейвербалды амалдарды жатқызуға болады. [2]

Осы жай-күйлерді бейвербалды амалдар арқылы Магент желісінде жеткізуде жастар смайликтерді кеңінен қолданады.

- ...

  • Kaksyn?
  • Oz?
  • , onwa emes.
  • ne boldy?
  • Suyk tigizip aldym.
  • Tezirek sauygyp ket. 

- Raha, [3]

Міне, осы мысалда адамның көңіл-күйін сөзбен жазып отырмай-ақ, қысқа бейнелі смайликтер арқылы танып-білу оңайға соғатынын анық көруге болады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында қалыптасып, бүгінгі күні кең өріс жайып келе жатқан, яғни үнемдеу заңын қолдану аясының ұлғаюына ықпал еткен факторлар:

1.Уақыт үнемдеу, яғни жылдамдық. Соның салдарынан сөйлемдегі сөздер, сөз тіркестері белгілі бір дыбыстар арқылы беріледі. Мысалы, не істеп жатырсың? деген бір сөйлем, ықшамдалу барысында n.i.j.? деген 3 сөздің алғашқы дыбыстары арқылы берілсе, сәлем деген сөз slm деген тағы да сол дыбыстар арқылы ғана адресатқа жеткізілуде.

  1. Өзінің жай-күйін көрсету. Адамның көңілкүйін сөзбен айтып жеткізу, өте күрделі көп сөзділікті талап етеді. Сондықтан да белгілі бір смайликтер арқылы адамның сол кездегі күйін ашып толық суреттеп беруде.
  2. Материалдық үнемдеу. Магент көп жағдайда ұялы телефон байланысы арқылы жүзеге асатын болғандықтан, бірліктер көп жұмсалады. Әрбір жөнелтілген хаттардың төлемі болады, сондықтан да бұл жастарымызға материалдық үнемдей отырып, тілдік бірліктерді де үнемдеп, сөз, сөйлемдерді ықшамдап беруіне әсер етеді.

Осындай факторлардың әсерінен белең алып, жастар арасында кең қолданысқа ие болып тұрған үнемдеу заңының көрінісі күрделіден қарапайымға қарай қадам басуда. Бұл құбылыс қайда, қандай жағдай, болса да өз орнымен жұмсала бермек.

 

Әдебиеттер

  1. www.wikipedia.ru
  2. Оданова С.А. Қазақ тіліндегі түбір сөздердің үнемделуі (автореферат). – Алматы, 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.