Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Құтты біліктегі» тұрақты тіркестердің қолданылуы мен семантикалық ерекшелігі

Мақалада ХІ ғасырдың жұлдызды шығармаларының бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тұрақты тіркестердің қолданысы қаралады. Ғылыми сипаттама, жүйелеу, тарихи-салыстырмалы, контекстік, құрылымдық-семантикалық әдістерді қолдану арқылы дастанның тілдік табиғаты анықталып, тұрақты тіркестердің семантикалық ерекшеліктері айқындалады.

Жазба ескерткіштер – қай халықтың болмасын өткен тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тұрмыс-тіршілігі, дінінің өткен тарихынан мәлімет алуға мүмкіндік беретін асыл мұрасы. Тілдің өскен сайын дамуы тамырының тереңдігімен де өлшенеді. Сондықтан тілді білу үшін әуелі түпкі тамырын зерттеп, тарихын білу – бүгінгі ұрпақтың еншісі.

Біздің қазіргі тіліміздің пайда болу, өсу, дамуының заңдылықтарын, қалыптасу жолдарын білу үшін ескі түркі жазба ескерткіштерінің тілін жан-жақты зерттеп, қазіргі ана тілімізге қатысы қанша екендігін анықтау қажет.

Осы тұста кейбір ескерткіштердің әлі де өз деңгейінде зерттелінбей отырғандығын айта кеткеніміз жөн. Жан-жақты зерттеуді қажет ететін осындай ескерткіштердің бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны.

«Құтты білік» дастаны ХІ ғасырдың жұлдызды шығармаларының бірі ретінде өз бойына классикалық түркі әдебиетінің, поэзиясының бірегей қасиеттерінің, эстетикалық тәжірибелерінің нәрін жиған туынды. Қоғамдықәлеуметтік мақсаты айқын, танымдық талғамы биік поэтикалық құбылыс. Таза әдеби шығарма ретінде ол өзіне дейінгі түркі поэзиясының ішкі заңдылықтары мен барша көркемдік қасиеттерін шығармашылықпен сіңіріп, әдебиеттің кейінгі кезеңдеріне өзгеше даму арналарын ұсынған шоқтықты эстетикалық белес.

Шынайы талантты энциклопедиялық бітімдегі шығарма тарихи түйінді құбылыс. Халықтық сипат, ұлттық мінез-құлық қырлары, сана, дәстүр болмысы солардан бедерленіп көрінбек. Ұлттық ой-сана, менталитет ұзақ сүзіліп, баяу қалыптасатын әрі баянды сақталатын күрделі түзілім. «Құтты білік» дастанының беттерінен де қазақ елінің жаратылысына тән сипаттардың куәгері болғандаймыз. Халқымыздың қанына сіңген әдет-құлықтар, қасиеттер: үлкенге құрмет, кішіге ізет, барға қанағат етушілік, жомарттық пен қонақжайлылық, мейірімділік пен қайырымдылық сынды көптеген адамгершілік өнеге-сипаттар мемлекеттік іс, тұрмыс, өмір, мораль, әдеп-иман тақырыптарын жырлаған тарауларда ақындық ой-маржандарымен астасып жарқырай көрініп отырады да, бір-бірімен ұласып келісті бір тұтас ұлттық бітімді көзге елестетеді. Бала тәрбиесі, әйел алу, жар таңдау, қонақ шақырып, қонақ күту, қызметшілермен, алуан мамандық иелерімен қарым-қатынас жасау жөніндегі тараулардағы осындай мағынадағы ойлар, тұжырымдар халқымыздың қазіргі бойында тумысынан біткен, тұрмысында бар, санамызға ана сүтімен сіңіп, бабалар ақылымен дарыған қасиет-сипаттармен жалғасып, жақын түсіп отырады. Баланы жасынан қолыңда тәрбиеле, жатқа жіберме, үйіңде өсір, өнер-білім үйрет, имандылыққа баулы, еңбекке баста дейді ақын. Ұзын жолдың бойына үй тікпе, тасыған арынды өзенге жақын қонба, қамал қасынан алыс жүргін дейді. Бұлар әдет-нанымнан да, әдеби шығармалардан да жақсы таныс түйіндер [1, 20].

Басты дереккөз – А.Қ. Егеубаев аударған алғашқы басылым «Жүсіп Баласағұн. Құтты білік» (Алматы, Жазушы, 1986) кітабы. Енді осы еңбектегі тұрақты тіркестердің семантикалық ерекшеліктерін сөз етейік.

Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологизмдік бірлік (единица), фразеологизмдік тіркес, фразеологизмдік орам, фраза сияқты атаулармен аталып жұр.

Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбекте: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы», – деп жазады [2, 187].

Қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестер құрылымдық-типологиялық, семантика-морфологиялық, тақырыптық, түрлі аспектілік (этнолингвистикалық, мәденилингвистикалық және т.б.) тұрғыдан XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап зерттеле бастады. Қазақ фразеология саласының көшбасшысы І. Кеңесбаев алғаш рет жалпы түркі фразеология ғылымының теориялық негізін салды. Қазіргі уақытта қазақ лингвистикасында фразеологизмдердің теориялық және практикалық мәселелері (Ә. Қайдар, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, С. Исабеков, А. Алдашева, Г. Смағұлова, С. Сәтенова, т.б.), тұрақты тіркестердің стильдік қызметі (М.Серғалиев, Г. Құсимова, Г. Боранбаева), олардың көркем шығармаларда қолдануы (Ө. Айтбайұлы, Б. Шалабай, Х. Қожахметова, М. Жәнібеков), фразеологизмдердің мағыналық, тақырып тық тұрғыдан топтастырылуы (А. Елешова, Р. Жайсақова, Р. Авакова), фразеологиялық бірліктердің жеке категориялары (Ф. Оразбаева, А. Байталиев, Р. Таева), фразеологизмдегі диалектілік ерекшеліктер (Ш. Сарыбаев, Қ. Қалыбаева, С. Мұстафаұлы), фразеологизмдердің жеке тілдер деректерімен салыстыра зерттелуі (А.С. Аманжолов, З. Ахметжанова, Р. Валиханова, М. Әбдіғалиева, П. Дәулетова және т.б.) мәселелері тіл білімінің түрлі аспектілерінде зерттелді. Сонда да қазақ тілі фразеологиялық қорын кешенді түрде зерттеу бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Дастандағы тұрақты тіркестердің бүгінге жету жолы, түрлену үрдісінің көріністері шартты түрде мынадай ыңғайда жіктеліп қарастырылады:

Жұмырланып, жетіліп тілдің поэтикалық ерекшеліктерімен ұшқырланып мақал-мәтелге, өнегелік шағын шумақ, жырларға айналып, халық санасына, әдебиетіне шығармашылықпен сіңу арқылы жеткен толғамдар; Мыс.:

«Шайтан ісі — абдыраған, асыққан, Асыққан іс ығын бермей жасытқан» (5217). «Асыққан шайтанның ісі» (қазақ мақалы). «Кісі сүйсе айыбы асыл көрінер, Сүймесе егер, асылы айып көрінер» (533) «Сүйгеніңнің шұнақтығы байқалмас» (халық мақалы).

Түпнұсқадағы бәз күйінде, қаз-қалпында сақталған тұрақты тіркестер; Мыс.«Ұлық болсаң, кішік бол» (4532). «Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз, Адам көркі жүз, жүздің көркі көз» (274).

Мағынасы, мәні, өзегіндегі нәрі, өміршең қағидасы жаңа сөз тіркесімен, жаңа үлгімен жеткен ой-толғамдар; Мыс.«Өзіңнен де зорлар сөзін қозғаса, Құлағың сал, сөйлеп әуре болма аса» (4116) «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» (мақал); «Күштілерім сөз атса, бас изеймін шыбындап» (Абай); «Ас арқауың, онсыз күнің қараңғы, Құлқын-өңеш билемесін адамды» (3667) «Ас адамның арқауы» (мәтел), «Құлқынның құлы» т.с.с.).

Тіршілік-тұрмыстың үлкенді-кішілі заңдылықтарына айналған рәсімдер; Мыс.«Өсекшіге араласпа жақындап, Өсекшінің өртер тілі лапылдап» (4212); «Аузыңды бақ, енер содан кесел де!» (4615); «Әдептінің түр-түсі де әдемі» (4604); «Айтарыңды сайлап сөйле, жүректі ер!» (3878); «Сөйлемесең, сөзің саған құл болар, Сөйлеп қойсаң, сені өзі құл қылар...» (3880);

«Көңіл жақын болса, жақын алыс жер, Көңілді бақ, алыс кейде қарыс жер!» (3705).

Халық даналығына ұласып, ұлттық парасат-сана қисындарымен суарылып, мазмұнын байытқан толғаныстар. Мыс.: «Тіршілікке алданбағын, өшеді, Дүниеге алданбағын, көшеді!»;

«Жамандықты қусаң, азап шегесің, Жамандыққа жақсылық қыл, жеңесің!»; «Ақыл бұйда, ере түссең жетелер, Сөйтіп арыз-тілегіне жетеді ер...»; «Ақылдылық асылы ізгі жандардың, кішілікте кісілік бар, аңғарғын...» [1, 22-23].

Ауқымды дастанның ойлары, насихат-уәзипалары осылайша алуан қырымен халқымыздың тұрмысына, салт-дәстүріне, санасына, әдебиетіне сіңіп, кең таралып кеткен. Шығарманың халық рухына осыншама қойындасып, біте қайнасып, өлмейтін өрелі сөзге айналуы сирек құбылыс. Бір жағынан, толғам тереңдігі, көркемдік шындықтың әлеуеті тәнті етсе, екінші жағынан, халықтың өз тәжірибесінен, халықтың өз рухани тірлігінен еркін алып қолданған, игерген мақал-мәтелдері тілге орамды, жүрекке жылы тиіп баурап алады. Ойды ой жаңғыртып, ойды ой дамытып, сан ғасырлық әдеби көркемдік таным диалектикасын алға тартады. «Классикалық түркі поэзиясының тарихы Құтадғу білік поэмасынан басталады» [3, 21] деген пікірдің бір дәлелі осындай таза теориялық бітімінен де аңғарылады. Кейінгі кезеңдердегі халық әдебиетіндегі, ауыз әдебиетіндегі, классикалық поэзия үлгілеріндегі ағартушылық мұраттардың бір ұшығы осынау ежелгі дәуір дастанында жатыр. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жарық көрген, сол кезеңде жазылған туындылардың дені осындай насихат-ғақлия мәнерінде жазылып, саяси-әлеуметтік, моральдық, этикалық мәселелерді батыл да ашық үнмен толғаса, сол арқылы халыққа жол нұсқауды ниет етсе, мұндай этика-дидактикалық бағыттың түп-тамырын тағы да ежелгі түркі толғауларынан табамыз.

І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды», – деп жазады [4, 589].

Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылымизерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады. Біз де «Құтты біліктегі» тұрақты тіркестерді осы сөздіктен көре аламыз. Оны төмендегі тіркестер мен оның беріп тұрған мағынасынан айқын көруімізге болады.

«Жалған дүние» алдамшы, тұрақсыз деген мағынада; «жаратқанға табынды» құдайдан тіледі, аллаға жалынды, мiнажат етті; «пайдаң тисе» жақсылығың болса; «тілегін тіле» біреудің қамын жеді, өмірін-жүрімін сұрады;

«жанын қиып» басын тікті, өзін садаға етті;

«шипа болса» себебі, пайдасы тиді; «ой жіберіп» әр жайға ойша барлау, шолу жасады;

«ұйқы қашып» тынышы қашты, бейбітқалпы бұзылды, қайғы мазасыз етті; «дұға қылды» аллаға жалынды, тілек тіледі; «қызығын көріп» игілігін, рахатын көрді, пайдасын тамашалады; «көңілі құлап» құштар болды, ықыласы түсті; «көзің тігілсің» 1) қадала қарады, тесіле қарады 2) тағдырына көз жіберді ойланды; «басын берер» 1) неден болса да тайынбады 2) өтеуін, төлеуін берді; «күні туса»

  1. көксеген мезеті жетті, дер кезеңі келді
  2. басынан қиыншылық түсті, істі болды;

«барымен базар» қолдағы барға қанағат ету мағынасында; «жаныңды сал» аямай күресті, бар ынта-ықыласын салды, ынты-шынтымен аянбай істеді; «көзі ашылар» 1) көкірегін, сансын оятты, санасы оянды, өмірді білді, таныды 2) сордан арылды, теңдікке, еркiндiкке қолы жетті; «тік тұрып» барынша қызмет етті, жақсылап күтті; «ұлық тұтып» дәрежесі жоғары, биік санады; «сөзін ал» 1) айтқанына көнді, дегенімен жүрді 2) уәдесін алды; «дүние қуған» мал-мүліктің соңына түсті, көзі тоймады; «жаласына қаларсың» бәлеге басын шатты, айыпты болды, біреудің обалына ұшырады; «қадіріне жете біл» сыйлап, құрмет-теп көрсетті, ардақтап, бағаламай алды, жақсылығын бағалай алды, қадірін түсінді [4],[5].

Бұндай тұрақты тіркестерді шығарманың кез-келген бәйітінен тізбелеп келтіруге әбден болады. «Құтты білік» дастанының бүкіл тіл орамдары қазіргі қазақ тіліне үндес қана емес, кіндіктес, үлгілес.

Поэтикасы, қоғамдық әлеуметтік мәні жағынан, философиялық терең тұжырымдарымен дүниежүзіне кеңінен тарап үлгерген «Құтадғу біліктен» туған еліміздің рухани, ақиқатты-этикалық тұлғасын, Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіміздің кеніш тарихы мен дәстүрін көреміз. Әдеби аяда, этика-философиялық дастанның көркемдік өнегесі, кейінгі түркі тілдес әдебиеттерге ұласқан дәстүрі, тақырыптық тынысы, халықпен бірге жасайтын өміршеңдігі айқын сезіледі. Шығарма тақырыптарын шартты түрде: а) имандылық, әдеп-адамгершілік тұғырлары; ә) тіл, білім, ақыл-парасат сипаттары; б) әлеуметтік-қоғамдық түйіндер; в) тұрмыстіршілік толғамдары; г) мемлекет түзіп, ел түзеу туралы толғаныстар, д) табиғат, жаратылыс суреттері деп қысқа қайырып топтастыруға болады.

Қорыта келгенде, тілдің тұрақты тұғырын таныта алған түркі тілдес халықтар әдебиетінде дидактикалық сарында жазылған көркем сөздердің ғажайып үлгісі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде тіл шеберлігі мен сөздің терең мағынасы кеңінен танылған. Жүсіп Баласағұн поэзиясындағы тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшелігі, ақын өмір сүрген кезеңдегі түркі тектес халықтың өмір-тіршілігінде қолданыста болған тіркестердің, бүгінгі ғылымдағы тіркестермен синонимдік қатар құрайтын және қолданылу ерекшеліктерімен аса бағаланатын еңбек екенін ескеруіміз қажет.

Жұртшылыққа таңсық, поэтикалық қарымы жағынан алымды әрі қарапайым, әрі ұтқыр тіркестердің даналығы қай ғасырда да тозбасы анық. Тұрақты тіркестердің сонау IX-XI ғасырлардан бүгінге дейін жалғасқан тарихи жолы сайрап жатыр. Оларды әлі де зерделеп, жүйелі түрде зерттеу қазақ тілінің, жалпы түркі тілінің бай мазмұн өрнектерін, мағына құнарын аша түсетіні күмәнсіз.

 

Әдебиеттер

  1. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық: 5-т.: Жүсіп Баласағұн. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ. Егеубаев. — Алматы: «Таймас» баспа үйi, 2007. — 536 б. — (Әдеби жәдігерлер).
  2. Болғанбаев Ә.Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б. 3 История всемирной литературы. – М.: Наука. – Т. 2. – 201 с.
  3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977.– 712 б.
  4. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ. Егеубаев. —Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.