Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлтымызды ұлықтаудағы ұлттық идея мәселелері

Бұл мақалада қазіргі кезеңде ең өзекті болып табылатын Қазақстан халқын бір арнаға тоғыстыратын ұлттық идея мәселесі қарастырылады. Ұлттық идея – белгілі бір бағыттағы қоғамның даму өлшемі мен бағытын анықтаушы құрал. Ұлттық идея – қоғамның бастапқы даму сатысында оның негізгі біріктіруші факторы ретінде рөл атқарады. Сондықтан жеке адамның қызметінде оның өмірлік ұстанымын анықтап, оған шабыт беріп, сонымен бірге барлық қоғам мүшелерін бір арнаға тоғысуға жетелейтін құндылықтар идеясы болады. Алайда қазіргі таңда қоғамда нақты ұлттық идеяның болмауына байланысты түрлі идеялардың өзара күресі туындап, ол халықты бір бағытқа жұмылдырудың орнына керісінше белгісіз жағдай туындатуда. Сондықтан мақалада қазақ тарихына үңіле отырып, жалпы қазақ халқын біріктіретін ортақ ұлттық идеяны іздеуге талпыныс жасалған.

Тәуелсіз Қазақстан өзінің даму барысында және ұлттық бірегейлігін қалыптастыру кезеңінде арғы шығу тегi, салт-дәстүрiн, руханимәдени ұстанымдарын, тарихын, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. Ұлттық өзіндік менді қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан алуан. Оған көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние есiгiн ашқан сәбидiң құлағына естiлетiн ән мен күйге дейiн кiредi. Солардың бәрiнiң басын қосатын, бәрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз жөн. Ойы онға, санасы санға бөлiнiп отырған қазаққа ортақ ұлттық идеяны таба қою оңай мiндет емес. Ал қажеттiгiн отансүйгiш рухтағы әрбiр қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны айдай ақиқат [1].

Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды пысықтап алу керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиiс. Яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден алыс тұрғаны абзал. Екiншiден, ұлттық идея Қазақстанның атын анықтап отырған қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ететiн болуға тиіс. Үшiншiден, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн баса көрсеткенi жөн. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да түсiнiктi жайт. Мәселен, қазiрдiң өзiнде тарихи отанында отырған қазақтар мен диаспора санатында шетте жүрген қазақтардың ұлттық мұраты бiрдей деп айта алмаймыз. Бiрiншiлерi үшiн Қазақстанның бүгiнi мен ертеңi басты мәселе болса, екiншiлерi жүрген ортасында қазақ болып қалу қамын көбiрек жейдi. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осынау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат. Қытайдағы қазақтардың кейiнгi толқыны қытайланып, Түркиядағылар түрiктенiп бара жатқаны белгiлi. Мың өлiп, мың тiрiлумен азаттыққа жеткен қазақтың тағдырын анықтағыш ұлттық идеясы қазақстанда ғана өз жемiсiн бере алады.

Ұлттық идея Қазақстандағы барлық халықтардың тiлiнде орнықтырылуы керек, сонымен қатар ол қазақ мұратын көздейтiнiн жасырудың еш қажетi жоқ. Мұндай қадамға барудың негiзiнде бiрнеше себеп жатыр. Бiрiншiден, Қазақстанға қоныс аударған келiмсектердiң соңғы легi тың игеру жылдары келдi. Содан берi жарты ғасырдан астам уақыт өтiптi. Яғни басқа этнос өкiлдерiнiң ең кем дегенде үшiншi ұрпағы қазақ топырағын басып жүр. Бұлар қазақ болып кетпесе де қазақстандық екенiн бiр адамдай бiледi. Тарихымыздан, салт-дәстүрiмiзден, мәдениетiмiзден, ендiгi тiлiмiзден хабардар. Қазақстан халқы, қазақстандық ұлт дегендi осылар үшiн айтамыз. Ал Қазақстан, қазақстандық дегенiмiз қазақ дегендi бiлдiредi. Екiншiден, шекарадағы темiр перде ысырылып, ақпараттық алмасу үдегендiктен алыс шетелдердегi өркениеттi мемлекеттiң өзiнде байырғы халық пен кiрме халықтың қалай өмiр сүретiнi, құқықтарында қандай айырмашылықтар бар екенi баршамызға мәлiм болды. Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын екi әлеуметтiк қауым арасында мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Ең алдымен бала бақшада тәрбиеленушi бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Содан кейін мамандар мен зиялылардың ұлттық идеяға қалтқысыз берiлу сезімін қалыптастыру. Осылардың санасына, өмiр салтына сiңген ұлттық идея кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне күмән жоқ.

Ұлттық идея барша халықтың күш-жiгерiн, iс-әрекетiн уақыт алға қойып отырған аса жауапты тарихи мiндеттi шешуге жұмылдыратын, баурап әкететiн күш болуын қалаймыз. Өткен күндерден айғақ дәлел келтiрер болсақ, ХІХ ғасыр аяғындағы Ресейде ұлттық идея мiндетiн "Самодержавие, православие, народность" деген атау-терминдер атқарса, кешегi Ұлы Отан соғысы жылдарында большевиктер ұлттық идеяның арқалар жүгiн "Бәрi де майдан үшiн, бәрi де жеңiс үшiн" деген ұранға сиғызды [2, 26]. Кез келген мемлекетке ұлттық идея қажет, ал оның ұғым-түсiнiгi, атау-терминi әр кезеңде әрқилы болып келуi объективтi заңдылық. Сондықтан да бүгiнгi ұлттық идея міндеттi түрде ұзақ немесе қысқа мерзiмдi қамтып жатуы керек деп шарт қоюдың негiзi жоқ.

Республика президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр деген сөзі мұның бірден-бір айғағы.Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазiргi таңда "Қазақ елi, Азаттық, Бiрлiк" деген ұғым-түсiнiктер аша алады [3, 69].

Идеология – кез келген мемлекетте қоғамды дамытуға, оның мүшелерін бір мақсат жолында біріктіруге, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруға, ғылымды, білімді, мәдениетті ілгерілетуге, жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыруға пайдаланылады. Бір сөзбен айтқанда, идеология мемлекет дамуының басты құралы қызметін атқарады.

Елбасының Қазақстандағы “бүгінгі таңдағы идеологиялық саланың төрт шешуші басымдығы” ретінде ұсынған “Ұлттың тұрақты дамуы”, “Мемлекеттіліктің нығаюы”, “Халықтың бірлігі” және “Келешекке сенімі” бұрыннан айтылып келе жатқан және жүргізіліп отырған саясатпен қатар, ішкі саясаттағы жаңа құндылықтардың және міндеттердің енгізілгендігін білдіреді. Бұрын абайлап айтылатын, енді еліміздегі ішкі саясаттағы басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылатын “Ұлттың тұрақты дамуы” туралы Елбасы Н.Назарбаев қазақ тілді басылым басшыларына берген сұхбатындағы “Ұлтымыздың даму деңгейіне көңіліңіз тола ма?” деген сұраққа былай деп жауап берген болатын: “Біз осы мемлекет үшін негізгі жауапкершілік жүгін өз мойнымызға алып отырған ұлтпыз. Біз мемлекетті ұйыстырушы ұлтпыз. Әр адам жедел жаңғырмайынша, мемлекет жедел жаңғыра алмайды. Тұтас ұлт бәсекеге қабілетті болмайынша, мемлекет әлемдік ікономика мен қоғамдастыққа кіріге алмайды [3].

Идеология ұлттың бойында саналы түрде, өз еркімен, құлшыныспен, патриоттық сезіммен орын алғанда ғана тиімді қызмет етеді. Сонымен қатар, идеологиялық қызметтің табысты болуы, ең алдымен патриоттық тәрбие беруге келіп тіреледі. Патриот еместерге, өз елін, Отанын сүюге немқұрайлы қарайтындарға мемлекет идеологиясымен бірге, ұлттық идеяларды да сіңіру қиынға соғады. Елбасы Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай тарихына, болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс.

Ұлттық идеяны "Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк" ұғым-түсiнiктерiмен бейнелеу жалпақшешейлiк, жалтаңкөздiк, баяғы көнбiстiк емес, қайта саяси, танымдық, рухани кемелдiгiмiз бен оралымдылықты паш етсе керек. Қазақтың нартұлға ұл-қыздары идея үшiн, ал тоталитаризм тұсында қасаң идеяның ойранымен жанын аз қиған жоқ, ендi идея қазақ мұраты үшiн құрбан болғанын тiлейiк. Қазақ елiнiң, азаттығымыздың, ынтымақ-бiрлiктiң мүддесiне қызмет етiп, дiттегенiне жеткен күнi қош-есенге кете баратын кемел де кесiрсiз ұлттық идеяны бекемдеу әрқашан жауапты мiндет болып қала бермек. Сондықтан ұлттық идеяны ұлт мұраты деп алып, қабылдайтын болсақ, мәселенің тоқ етерін тапқанымыз. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, деген екен бабаларымыз. Ал ондайлар алтаудан да көп болғандықтан, этностың өз ішіндегі ала-құлалық ұлттың, мемлекеттіліктің болашағына қатер туғызбай қоймайды. Алғашқыда ұлттық тұтастықтан, содан мемлекетінен айрылудың әкелер қасіретін-бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күн болатынын осыдан XIII ғасыр бұрын Күлтегін тасына қашап жазған байырғы түркілер даналығына қалайша бас имейміз. Олай болса, Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы – тарих толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет», деп жазуында өмірлік мәні бар шындық жатыр [4]. Ұлттық идея ұлттық «Менді» қалыптастырып қана қоймай, жаппай бәрін өрге сүйрейтін құдірет деп білгеніміз жөн, армансыз адам-қанатсыз құспен тең, дейді халқымыз. Осыдан-ақ шығарар қорытындымыз, ұлттық идеясыз нендей жағдайға душар болатынымыз белгілі жәйт, дейтұрғанмен, көлдей жайылып, келе жатқан жаһанданудың табанында жаншылып қалмау үшін де ұлттық идеяның өзектігі мен қажеттігі күн санап артып келеді.

Халық идеясыз, ал мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды. Көпұлтты ірі мемлекетті ұстап тұру үшін де құдіретті идеология керек екені әлемдік тәжірибеден белгілі. Батыс елдерінде ұлтты азаматтық деп түсінуі аясында мазмұны-нағыз ұлттық, ал пошымы – азаматтық идеология ұзақ жылдар бойы қалыптасып, берік орнықты. Ал Қазақстанда қазақ халқының бейбіт сүйгіш, өзінің ұлан-ғайыр даласындай кең пейіл менталитетінің еліміздегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді орнықтыруы өзгелер қызығарлықтай қуатты идеологияның функциясын табиғи түрде атқарып тұр. Идеологияның өзі мемлекеттің басты сүйенер діңгегіне емес, бүкіл қазақстандық азаматтардың ортақ ісіне айналуы тиіс. Осы орайда, Президентіміз мемлекеттік идеологияның негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетіп жүр: Достық, Ұлттық идея мен мәдениет, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және экономиканың үйлесімді бірлігінен жалпыұлттық идеологияның күш-қуаты арқылы халықты түрлі ұлт өкілдерінен құралған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру. Ұлттық идея – мемлекеттік субъекті болып табылатын саяси-этникалық қауымдастыққа тән болса, өз кезегінде әр түрлі мүдделер мен қауымдастықтарды тұтастырушы ортақ құндылық ретінде мойындалады және өз кезегінде қоғамның трансформациясы барысында ұлттық рухпен тұтасып, мәні де, заты да бір мемлекеттік идеологияны құрайды.

Достоевскийдің: «Асқақ идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре алмайды» деп жазғанындай, ондағы асқақ идея әр ұлттың болмысына байланысты қалыптасқан ұлттық идея деп білеміз. Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады, дейтұрғанмен, ұлттық идея бері салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер ұрпақтарға да шамшырақ бола алатын заманалық рухани философия, тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының филоcoфиясы арқылы үңілу.

Ал енді «қазақстандық ұлт» идеясын ұсынып ұлттық идеяға айналдырмақ болып жүрген ғалымдарымыз Қазақстандағы қазақ ұлтының тарихи орнын ұстап, азаматтық делінетін ығыжығы қауымдастық құруға итермелейді, мұндай жағдайда исі қазақ этникалық қанын сұйылтып, жер мен мемлекеттің мұрагері ретіндегі құқынан айырылады. Елімізде «қазақстандық ұлт» құрудың қандай қажеттілігі бар екендігі белгісіз. Мүмкін өзге ұлт өкілдерінің этникалық сезімін сұйылтып, қазаққа айналдыруға ұмтылған түріміз бе? Жаһанданудың қазақстандық үлгісін жасағымыз келді ме екен? Бұл ешқандай нәтиже бермей, тарих та, бүгінгі күн де, ертеңгі келешек те кешірмейтін күнә болар еді.

Мысалы, кейінгі онжылдықтарға үңілетін болсақ, Кеңес Одағы ұлттық аймақтарда дәстүрлі этномәдениеттерді шектеу бағытында мынадай іс-шаралар жүргізді.

Халықтың мәдени мұрасы екі бөлікке бөлінді: «үстем тап өкілдері жинақтаған кертартпа әдеп-ғұрыптар» және «қаналушы топтардың моральдық ұстындары». Алғашқылары «революциялық құқық» дегеннің атымен заңсыз деп жарияланды.

Атеистік идеология тұрғысынан канондық – құқық пен мораль мүлдем теріске шығарылды.

Адам құқықтары идеясы (табиғи құқық) «буржуазиялық наным» болып жарияланды.

Әдет-ғұрып нормаларын пайдалану ісін жоққа шығарып қана қоймай, ұлттық сана мен психологияны есепке алуды да жоққа шығарды.

Дейтұрғанмен, Қазақстан жартылай көшпелі және көшпелі мұрасына қарамастан дамыған елге ұмтыла бастады. Оның экономикасы, негізінен қысқа ауқыт ішінде өзгерісті басынан өткізді және болашақтағы дамуы үшін аграрлыққа қарағанда, индустрия саласында қор жинақтады [5, 69-105].

Зер салған адамға қазір қазақ ұлтының рухани жаңарып, өшкенін жандырып, өлгенін тірілтуге тырысып жатқандығы көрінер еді. Осыған қарап қазіргі кездегі ұлттық пассионарлық кернеудің шамасы – шындығында да өрлеу сатысында екендігіне толық көз жеткіземіз. Демек, келесі пассионарлық жарылыстың да этностық кеңістік үшін уақыты аса алыс болмауы керек.

Қазіргі тарихи кезеңде, яғни, XXI ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғалары мен ойшылдардың бүкіл дүниеге таныту, бай рухани және мәдени қазынасы әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Дегенмен, осы заманауи маңыздылығы бар нағыз рухани қайта түлеу мағынасындағы іс-әрекеттердің іргетасы сонау XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шынайы, халық сүйгіш қызметтерімен астасып жатады. Сондықтан тарихи тамырластықтың көрінісін жандандыру арқылы этностық мәдени мұрамыздың рухани келбетін өзектендіре түсеміз, данагөй тұлғалардың есімін халық жадында сақтаймыз. Демек, қазіргі уақытта алдыңғы ағалар Шығысқа, артқы інілер Батысқа қарап тұрған заманда ұрпақтар сабастығы, рухани сабақтастық өз шешімін таппаған мәселе болып қала бермек. Абай атамыз тәлімтәрбие беретін адам болса, оны қабыл алатындар жоқ емес десе, сол үлгі өнеге болып көрінетін ағалар тарапынан қандай нәтиже бермек, жас ұрпақ қандай ұстанымға келуде, ойға салмақ түсіп, нені үлгі етуде? Әке мен бала мәселесі бүгінгі күні қайта қарастырылуды қажет етеді, яғни, келешек ұрпақтың бағыт-бағдарына қоғамдағы көзқарасы мен ойы әділ бағаланатынына сенімді жағдай тууы тиіс. Дейтұрғанмен, мазмұны космополиттік ағайындар сауалдамаларына, осындай, мылтықсыз шайқаста, Ұлттық идея жауап беруге тиіс, ал заман биігінен табылуды намыс мұраты етуұлттық идеяның күретамыры болып табылады.

Жалпы, қазақ ұлтының тұлғалануы, қазақ ұлтының жетілуі – ұлттық мұраты жолында Бөгенбай мен Қабанбайша қайраттанып, Абай мен Ахметше толғанып, Шәмші мен Нұрғисаша тебіренуі ғана қалды [6, 56].

Алда бұралаң жол, асу бермес асулар, өткел бермес өзендер, кешу бермес көлдер, шеті жоқ мұхиттар бар. Сол ұзақта, қызық сапарға өзгелермен иық қағыстырып тағы бір халық тәуекелдің кемесіне қаймықпай мінді. Ол қазақ халқы. Оның өзінің гиді болуы тиіс, әрі бар да, ол өз әлінің рухын жоғары ұстап, ақ парус астында әлемдік мұхиттар айдынан көктей өтіп, сара жолдай адасуға мүмкіндік бермей, туған халқының айбарын асыра береді деген сенімдеміз.

 

Әдебиеттер

  1. Қалиев С. Халық педагогикасын насихаттаудың маңызы мен мәні // Мұрагер. – 1992.
  2. Артановский С.Н. Историческое единство человечества и взаимное влияние культур. – 1967.
  3. Қасымжанов А.Х. Болашақ және менталитет. – Алматы: Ниса. – 1998.
  4. Әбжанов Х. «Алаш ұлықтаған ұлттық идея» // Егемен Қазақстан. – 2008. – № 174. – 13 маусым.
  5. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы: Ғылым, 1999.
  6. Айталы А. Ұлттық идея. – Алматы, 2006.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.