Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үштұғырлы тіл саясаты – ел білім таныту жолы

Мақалада тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. «Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді ісшараларды көбейтуді қадап айтады.

Осы орайда, Үштұғырлы тіл идеясы тілдік саясаттың жаңа тұрпаты ретінде пайда болмағанын, ол заманауи қажеттіліктен туындаған қажеттілік екенін ескерген жөн сияқты. Бүгінгі таңда әлемге есігін айқара ашып, қарыштап дамып жатқан батыс елдеріндегі ілім-білімге апарар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді (ағылшын, француз, неміс және т.б. тілдер) үйрену керектігін паш етеді. Бірнеше тілді меңгерген мемле-кеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтеді. Бұл Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танытудың басты факторы болып табылады.

Қазіргі таңда елімізде білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар құжаттар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев анықтаған Қазақстанның даму стратегиясы, мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Жүйелі жоспарланып отырған Қазақстанның көптілді білім беру жүйесі «2011-2020 жылдарға арналған Тілдердің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы» тілдерді дамыту мен жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық салаларында толыққанды қолданудағы өзекті мәселелерді шешудің нормативтік ұйымдастырушы болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауы Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан – 2050» стратегиясы аталған саладағы бағыт-бағдарды айқындай түседі.

«Қазақстан – 2050» бағдарламасының ең басты мақсаты мемлекетіміздің XXI ғасырдың ортасында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі. Айқындалған мақсатқа қол жеткізу үшін белгіленген міндеттерге жаңа сапалық тұрғыдан қарау қажеттілігі туындайды.

Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. «Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді іс-шараларды көбейтуді қадап айтады.

Қазіргі таңдағы қоғамда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей үлгісі іске асырылып жатыр. Мұндағы біздің басты жетістігіміз – басқа этностардың құқықтарына ешқандай да кедергілер жоқ. Барлығына бірдей жағдай жасалып отыр. Маман даярлау сапасына да ауқымды талаптар қойылады. Мұны елбасы Н.А. Назарбаев өзінің халыққа биылғы жолдауында қадап айтып, білім беру сапасын арттыруға баса назар аудару қажеттігін көрсетті.

Сондықтан да шұғыл өзгерістер, озық технологиялар заманында туған тәуелсіз ел жастарын тәрбиелеу мен оқыту заманауи талапқа сай болуды қажет етеді. Жаһанданған әлемдегі білім берудің қазіргі кездегі маңызды мақсаты – түлектерді халықаралық сапалық көрсеткішке жеткізу, көптұғырлы тілдік компетенцияға бағдарлау, яғни мемлекеттік тілді, ана тілін және шет тілдерін игеру арқылы көптілділікке негізделген полимәдени сананы дамыту болып табылады.

Осы орайда Үштұғырлы тіл идесы тілдік саясаттың жаңа тұрпаты ретінде пайда болмағанын, ол заманауи қажеттіліктен туындаған қажеттілік екенін ескерген жөн сияқты. Бүгінгі таңда әлемге есігін айқара ашып, қарыштар дамып жатқан батыс елдеріндегі ілім-білімге апарар жол ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді (ағылшын, француз, немыс және т.б. тілдер) үйрену керектігін паш етеді. Бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтеді. Бұл Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танытудың басты факторы болып табылады. Яғни: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-аралық қарымқатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі. Мемлекеттік тілді дамыта отырып, орыс тілін қолдаймыз, ал ағылшын тілін үйренеміз.

Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі мәдениеттер мен тілдердің саналуандығы болып табылады.

Қазіргі таңда тілдік құзіреттілік пен көп мәдениетті білім беру кеңінен таралғандықтан, еңбек нарығында және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман дайындау өзекті мәселелердің біріне айналды. Көп ұлтты мемлекетімізде кәсіби қызметті табысты атқару үшін, мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгеру қажетті шарт болып отыр. Екінші жағынан, біздің ортамыздың, әсіресе білім мен ғылымның ықпалдастығы, мамандардың заманауи талаптарға сәйкестігі әлемдік білім беру кеңістігіне ену барысында шет тілдерінің ең болмағанда, біреуін жетік білу талабын қояды.

Инновациялық білім берудің бір қағидасы болып табылатын тілді үйретудегі кәсібибағытталған сипаттың қажеттілігін пәнаралық байланыстар арқылы дамыту ұсынады.

Қоғамның ортақ мәдени құрамдас бөлігі болатын, тілдерді оқытудың құнды жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру, тілді табысты дамытудың маңызды шарты болып табылады. Мамандарды кәсіби дайындаудың халықаралық сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі, білім берудің біріктірілген және кешенді сипаты, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен келісілген, ғылыми-білім беретін негіздер ынтымақтастығына негізделген, пәндерді оқытудың оңтайлы бағдарламасын таңдауды алдын ала анықтайды.

Жаһандау жағдайында қоғам өмірінде өзгеріске көбірек ұшырайтын тіл саласы болып отыр. Осыған байланысты тіл саласында білім беру жаңаша сипатқа ие болуда. Осы орайда түпкілікті идея кез келген тілді меңгеру осы тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін зерделеумен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар қоғам мүшелерінің бірнеше тілді меңгеруінің нәтижесі болып табылатын көптілді мәдениет негізінде білім беру қажет.

Осы арайда көптілді білім беруді қалыптастыру және дамыту, оның теориялық және әдіснамалық негізін жасау да бүгінгі таңда көкейкесті болып отырғандығын ескерген жөн.

Үштілдік оқытудың жаңа концептуальдық бағдарламасын әзірлеп, студеттердің мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін, тілдік орта қалыптастыру қажет. Осыған байланысты үш тілде білім беретін педагогтар буынын қалыптастыру қажет. Яғни, ағылшын тілінде оқытатын ағылшын тілді оқытушыларды дайындаудың стратегиясы жасалуы тиіс. Бұл мәселе бүгінгі таңда министрлік деңгейінде қарастырылып жатыр. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап бүлдіршіндер 1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқитын болады. Көптілдік білім беруді жүйелі жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындарына мамандарды үш тілде даярлау талабы қойылып отыр. Бүгінде еліміздегі отыздан астам жоғары оқу орны үштілдік білім беру бағдарламасына сай оқытуды жүзеге асырады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев International Herald Tribune басылымына берген сұхбатында «Әлем елдері арасындағы бәсекелестікте олардың шығарған өнімдері мен көрсеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар қоғамдық құндылықтар мен білім беру жүйелерінің даму барысы да додаға салынады. Демек, қазіргі заманғы экономикада басты назар материалдық тауарлар мен қызметтерге емес, елдің интеллектуалды әлеуетіне аударылады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім беру жүйесін қолдап, оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалды компонентін арттыру – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарттары болып айқындалады», – деп атап өтті. Сондықтан да бағдарламалар білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына бағытталуы тиіс. Нәтижесінде экономиканың және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі. Яғни, білім беруге жұмсалатын шығындарды әлеуметтік қажеттіліктерге көзделген шығындар ретінде емес, экономикаға салынған инвестициялар деп қабылдау қажет.

Қандай да болмасын білім беру бағдарламасы білім берудің сапасын, мазмұнын, құрылымын, қаржы-экономикалық және басқару тетіктерін жаңарту жолында іске асырылатын күрделі шаралар кешені ретінде танылуы тиіс.

Көпұлтты Қазақстанның жағдайында «Үштұғырлы тіл» ұлттық мәдени жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады.

Көптілдікке үйрету және көпмәдениеттілікке тәрбиелеу әр аз ұлтпен ұлыстардың мәде ни және тәрбиелік мәнін ашады.

Энциклопедиялық сөздіктерде көптілділік белгілі бір көпұлтты аумақта бірнеше (үш және одан да көп) тілдердің әрекет етуі ретінде түсіндіріледі; сөйлесу қажеттілігіне қарай тұлғаның бірнеше тілді білуі және қолдануы.

Ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарағанда көптілділік жалпыхалықтық немесе бұқаралық құбылыс, оның өзіндік ерекшеліктері бар және олар жан-жақты жіті зерделеуді талап етеді.

Әлемдегі өркениетті мемлекеттердегі білім – экономиканың негізгі өндіруші саласы болып есептеледі. Демек, білім мен ғылым өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамытуы тиіс, сонда ғана ол дүйім жұртқа пайдалы бола алады. Кез келген мемлекет алдымен өзінің білімі мен ғылымын дамыту арқылы жетекші орындарға жететіндігі айқын. Ал, қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен нарықтық экономика заманында еңбек ресурстарының бәсекелестігі сахнаға шығатындығы анық. Мұндағы бәсекелестік талаптары білімге негізделеді.

Бүгінгі таңдағы әлемдік жаһандану кезеңіндегі білім мазмұнының ұлттық құндылықтарға, мәдениетаралық ұғым-түсініктерге, ақпараттық жетістіктерге, әрине, халықаралық тілдерді меңгеру үдерісіне тәуелді екені айқын болып отыр. Заман талабына сай жаңа технология мен қаржы-экономиканың тілі болып есептелетін халықаралық тілдерді меңгерген тұлға (маман) еңбек нарығыныда басқалардан озық тұрады әрі жұмысқа тез орналасады. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің қатал қағидаттарының бірі болып табылады. Бүгінгі қоғамның өзі осыны талап етіп отыр.

Бүгінгі күнде елімізді мекендеп отырған барлық ұлттардың тілдерінің дамуына қолайлы жағдай жасалған. Елдің көп ұлтты халқының қажеттіліктерін қанағаттандыратын тілдік, демографиялық және саяси жай-күйді ескеретін тіл саясатын жүргізу ауқымды әрі жауапты іс.

Тіл саясаты мемлекеттік ұлт саясатының ажырамас бөлшегі, оның басым бағыты – мемлекеттік тілді өркендету. Қоғамның дамуы әрі өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен өлшенеді.

Бүгінде әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру және жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу үшін ағылшын тілін (шет тілдерін) меңгеру қажеттігі өздігінен туындап отырғандығын ескерген жөн.

Шындығында тұлға неғұрлым көп тіл білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді меңгеруі әлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады» дейді маман ғалымдар.

Қазақстанда тілді үйрену үшін жасанды тіл ортасын жасауға жақсы жағдай жасалған, себебі біздің еліміз көп ұлтты мемлекет және жаһандану жағдайында барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтай отырып, ұлтаралық келісім негізінде ынтымақтастық орнатқан. Елбасы Н.Назарбаев: «... Әлемде көп ұлтты елдер аз емес. АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Францияны, Германияны, Ресейді алып қарайық. Бұл мемлекеттерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ. Олай болса біздің мемлекетіміздің кереметтігі – мемлекеттік тілден бейхабар қалпында биліктің де, өнер, білімнің де кез келген саласында табысты еңбек ете беруге болатындығында болды ғой...», деп жазады.

Тарихи деректерге назар салсақ, «жетпіс тілді білген» Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап жеті тілді жетік меңгерген көптеген ұлы тұлғалар баршылық. Мәселен, ұлы ақын Абай атамыз діни сауатын араб тілінде ашып, орыс тілін өз бетінше меңгерген және де А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтің т.б орыс классиктерінің шығармаларын ана тілімізге «тілге жатық...» етіп аударды. Орыс ұлтының тілін білу арқылы ұлан ғайыр қазақ даласына орыс мәдениетін таратқан. Бұдан шығатын қорытынды ғаламдық жаһандану барысында көштен қалмау үшін қоғам талап етіп отырған тілді меңгеру қажет.

Қазіргі таңда мемлекетімізде білім беру барлық сатысында көптілдік білім беру көзделіп отыр. Жоғарыда мектептерде 1 сыныптан бастап ағылшын тілі енгізілетіндігі жөнінде айтып кетттік. Яғни, көптілдік білім беру — бұл білім беру барлық сатыларында (балабақшада, мектепте, жоғары оқу орнында) оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілдерде аудармасыз оқыту, жас ұрпақтың әлемдік білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, жаһандық ғылым негіздеріне үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді.

Қазақстанда үштілдік білім беру тәжірибесін әлі де болса шыңдау қажет. Әрине, бұл бағдарламаны енгізілгеніне де көп бола қоймағанын ескеру қажет. Әлемдік білім беру істәжірибесінде көптілді немесе билингвалды білім беру жаңалық емес, мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінің басым көпшілігінде аталған бағытта жетістіктерге қол жеткен. Мұнда мемлекеттік тілді білу арқылы (АҚШ, Франция, Англия, Германия елдерінде) өзге тілдерді, демек, екінші, үшінші тілдерді меңгеруді жүзеге асыру басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты тіл үйренушілерге кәсіби білім беруде және оқу үдерісінде көптілдік білім беруді енгізу мүмкіндігін қарастырады. Өйткені тілдік пәндерді оқу барысында білім алушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарайды. Көптілдік білім беру туралы айтқанда түрлі тілдер мен мәдениеттер арасындағы қарымқатынастар мәселелеріне баса көңіл бөлу қажет.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен бiрге бiршама өзгерiп отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, оны тәжірибеден өткізу және енгізу міндеттері тұр, ал мұның ең басты ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында анықталған.

 

Әдебиеттер

  1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Оқулық. − Алматы: Сөздік – Словарь, 2005. – 272 б.
  2. Тамерьян Т. Ю. Языковая модель поликультурного мира: интерлингвокультурный аспект : дисс… д-ра филол. наук. – Нальчик, 2004. – 460 с. – С. 2.
  3. Языковой вкус эпохи. – Спб. : Златоуст, 1999. – 320 с.
  4. Унгутбаева Г.Ш. К проблеме трехъязычия в Казахстане // Материалы научно-практической конференции. — Костанай, 2010. — С. 209–210.
  5. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011–2020 годы. — Астана, 2011. — 63 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.