Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы герменевтикалық сарындар

Оралхан Бөкей шығармашылығындағы айқын бір арна – адамның ортадан шеттеу, жатсыну, жалғыздық күйін шынайы, иланымды бейнелеудегі өзіндік қаламгерлік ұстаным, беталыс бағыты. Түптеп келгенде, бұл тұрғыда кеңіте зерттеуді қажет етіп жатқан мәселелер бар. Оралхан кейіпкерлері жалғыз жүргенімен жатбауыр емес, ортадан баз кешіп, жан баласын керек қылмай кеткен кісікиіктер де емес. Олардың жалғыздығы – жағдай тудырған сырттай жалғыздық. Мақалада О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасы герменевтикалық аспектіде қарастырылған. Көбіне көп тұспал, жасырын, ишара, меңзеу, жұмбақтап айту үлгілерінде берілген бұл туындыда автор адамның түпкі құпияларына батыл бару еркіндігін дарытуда елеулі еңбек жасаған. Аталмыш шығармада жалпыадамзаттық қасірет көлеңкесі, ХХ ғасырдағы өктем жүйе жұтқан қайырсыз жылдар өксігі, ұлттық сенделіс-дағдарыс, ұлы дүниенің тұтас құдіретіне қапысыз ынтығу серпіндері анықталды.

Кіріспе

Герменевтика– филологияғылымыныңежелден келе жатқан мәселелерінің бірі. Ол көркем мәтінді терең түсінудің әдісі болып табылады. Ф. Шлейермахер, В. Дильтей, Г. Гадамердің еңбектерінде герменевтика мәселесіне байланысты ой-тұжырымдар нақты сараланған.

«Мәтінді «алдын ала ұғу» немесе «түсінбеу» деген құбылыстардың өзі әдеби шығарманы түсінудің логикалық сатылары екенін қайтақайта еске салатын герменевтиканың негізгі қағидаларын білген жөн. Қазіргі кездегі герменевтикалық теориялар мәтіндегі жасырын, құпия ишара, меңзеу түріндегі көркем ақпаратты танудың жолдарын қарастыруда. Автордың ойлау жүйесіндегі мифтік сананың, ұжымдық сананың, архетиптердің, әрқилы иррационал образдардың табиғатын зерттеуге деген қызығушылық басым» (Есембеков, 2015: 162). Осы тұрғыдан ойымызды өрбітсек, адам баласының жаратылыс жұмбағынан туындап, күні бүгінге дейін шешімін таппаған, табылуы мүмкін де емес жан жүйе болмысының ұлы құпияларына ынтыға үңілген Оралхан Бөкей – ой айтуға бейім жазушы. Қаламгердің оңаша күн кешетін кейіпкерлері ұдайы ой қамауында жүретіндігі иланымды. Өз кеудесін күйдірген өткір әлеуметтік, адамгершілік проблемалар ды жазушы кісікиіктеу табиғатымен дараланып отыратын кейіпкерлер шоғырында солардың іс-әрекет, ой-пайым, дүниетаным иірімдерінде көтеріп, қозғап отырды. Жазушы көксеген жан тазалығын, ар тазалығын, маңдай термен нан табудың мехнат-рақатын, ұлттық мүдделер, ұлттық рух идеалын оның әрқилы тағдыр, әр қалыпты ғұмыр кешіп жатқан кейіпкерлері өмірлік мұрат еткен.

«Атау кередегі» Нюра кемпірдің жалғыздық күйі – қарт адамның өмір көшінің соңындағы тына бастаған қалпымен де, баласы Еріктің қалауымен болған ортадан жырақтау жағдайымен де, тіпті қала берді, қаншама жерден қазақтың от анасы болғанымен де, діл, орта, арғы негіздер тұрғысынан да қылаң беруі тиіс жалғыздығы.

Нюра характерін шынайы шыңдауда жетіспей жатқан да нышандар бар. Тым қазақша ойланып, қазақша күйзелуі, қазақша мінез қалпы соншалықты иландыра да бермейді.

Нюра – науқас адам. Төсек тартып жатыр. Көбіне жалғыз қалады. Ондайда ой қамайды. Өткен-кеткен есіне түседі. Өткен өмір дегені «көппен көрген ұлы той» – сонау бір жылдардағы төңкерістің, ақ пен қызылдың, кәмпеске, ашаршылықтың заманы. Адамзатқа тажал болған соғыстың естелігі. Нюра кемпірдің ойы бітпейді. Ұзақ тарихты түгендеп шығады. Жазушы осы тәсілімен белгілі бір кезең, уақыттардың жалпы мінезін, қоғам, заман құрсауындағы адамдар мінезін ашады.

Заманның екпіні қатты уақыттарда да адамшылығын сақтап қалғандар өмір атты ұлы көшті үзіліп қалудан сақтауға септігін тигізгендер. Нюраның бітпейтін, таусылмайтын ойларынан арғы мен бергі, Алтайдың ой-қырын мекен еткен адам мінездері, кесек тұлғалар болмысы орын табады.

Талдау

«Атау кереде» жазушы Нюра кемпірдің ішкі ойларымен заманның мың құбылған аярлығын, құбылған заман бұзған адам баласының азғантай, мардымсыз бірдеңелерді малданып, ақырындап, асқақтап барша адамның абыройдан жұрдай болар бақытсыздығын жекелеген кейіпкер әрекеттері арқылы ашуға ден қойған.

Нюраның қыр соңынан қалмай қойған Шолақ қол да – заман тудырған адамның шынайы кейпі.

««Шынымызды айтсақ қайтеді» деген тәуекелге бел байлаған мезетте, ауылдың аш құрсақ итін шулатып Шолақ қол келіп үлгереді. Амал жоқ, алдынан шығып, қарсы алды. Аттан адамша емес, оң аяғын ердің алдыңғы қасынан асырып, шабандоз баладай секіріп түскен нәшәндік:

«Қоңдысыңдар ғой өздерің, не жеп семірдіңдер? – деді қамшысын сапиян етігінің қонышына тыға сөйлеп.

  • «Өлмегенге өлі балық» деген, жолдас бастық, колхоз не берсе, соны талшық етеміз, – деп жауап берді Көкен.
  • Есеп-қисаптан жырым-шеттіктейді деген сигнал бар. Істеп жүрген жерінен тістеп жүретін қазақтың ежелгі әдеті. Сені де тексеру керек. Екі қатынды, екі баланы асырайтын азық қайдан келді саған.
  • Тексеріңдер.
  • Көрші ауылдағы бригадирдің қалай ұсталғанын, қалай сотталғанын білесің бе?
  • Естімеппін, – деді Көкен.
  • Ондайда құлағың керең бола қалады. Аттонын ала қашып танып болмаған соң, баласының тезегін тексеріп келіп жібергенде ішінен бидай шықты, – деп қарқылдап күлді. – Ал енді сендер бара тұрыңдар, Нюра Фадеевнамен оңаша сырласып көремін» (Бөкей, 2013: 128).

Нюрадан дәмелі осы бір кемтар адамның жан күйіне жазушы жаны да ашып қарайтындай. Адамның осалдығы да, әлсіздігі де – барлығымызға ортақ күй ғой дегендей ойлар қамайды оқушыны.

«Қақ маңдайдан ұрдың-ау, аспан көз қатын. Қайтейін сені, қайтейін, жалғандағы жалғыз қуанышымнан айырдың, абыройымды айрандай төктің, жігерімді құм қылдың, жігіттігімді қорладың, аяулы сезімімді аяқ асты еттің. Енді қайтіп ашуланбаймын, енді қайтіп елді қан қақсатпаймын, айтшы өзің... Жазығым не, жазығым жар қызығын көрейін дегенім бе?

Нюра таңғалды. Шолақ қол бетін қос алақанымен басып алып, әйелдерше ал кеп солқылдап жыласын. Басқа-басқа да, дәл осындай оқыс қылық, босаң көңіл күтпеген еді әрі оған тас емен жүрегі жылып, жаны ашыған» (Бөкей, 2013: 128).

«Атау кере» повесіндегі өнімді көркемдік тәсілдің бірі – Оралхан Бөкейдің қаламына, оңтайлы әдеби шешім – психологиялық талдау. Жазушы Нюра кемпірдің ішкі ойлары арқылы тұтас бір дәуірдің қайшылықты өмір ағысында арпалысқан адам образдарын ашу амалдарына жол табады.

Нюра кемпірдің ішкі ойында қырланып, даралана түсетін бейненің бірі – баласы Еріктің образы.

«Тура жүріп, тура сөйлейтін Қандауырдың тым-тым қара қылды қақ жарған әділдігі тұқым қуалап, Ерікке жұға қойған жоқ-ты»; «Ұлым менің әкеме тартқан пысық, қолы ісмер-ді. Бірақ...»

Нюра кемпірдің әкесі – орыс ұлтының өкілі. Заманында байлық жасап, жалшы жұмсаған бақуатты жан.

«Атау кере» бұдан ара туралы айтумен қоса будан адамның да болмысын көлденең тартады.

Еріктің бойындағы суықтау бірбеткейлік, әкесі Қандауырға тартпаған жатбауырлық...

Оның жабайы сонаға айналып кеткендігі туралы жазушы жайдан-жай айтпас еді. Қай туындысында да тұспал, ишара, меңзеу «Атау кереде» де жеке адамдар тағдыры мен қоғам, заманалар тарихындағы сабақтас айқын нышандар, зауал мен зардап, қайырсыз, қайтарымсыз қаттылыққа асыққан адамзаттың ақырзаманы туралы да ой желісін түрлі астастырулар аңғарында баяндаған. Көркемдеудегі ой ағыны арқылы қасында мың қаралы адам жүрсе де жападан жалғыз қалған жалаңаш тағдыр жанның күйін жеткізуге Оралхан Бөкейдің қаламгерлік, суреткерлік әлуеті әбден жетеді. «Атау кередегі» екі баланы жеке тәрбиелеп өсіріп жатқан шал – шындық өмірде болуы екіталай тұспал бейне. Символдық астарда бұзылып бара жатқан қоғамдықәлеуметтік өмір ортасын жатсыну, қаны таза ұлттық болмыс дара, жалпыадамзаттық ізгілік, игілік өресіндегі жақсы адамды сақтап қалу.

«Ұлымның аты – Қозы, қызымның есімі

  • Баян, ырымдап әдейі қойдым, – деді ақсақал әңгімеге ықылас білдіріп. – Егер тегін қуаласаң, бірі – батыстан, бірі – шығыстан. Әдейі Қазақстанның екі қиыр шетіндегі балалар үйінен алып келдім. Қандары араласып, балталаса бөлінбейтін ұжымды ел болсын дегенім.
  • Шынымды айтсам, ағасы, сіздің осы әрекетіңізге түсінбей отырмын. Не үшін? Жаман айтпай жақсы жоқ, ешкім де мың жасай алмайды...
  • Өліп кетсең, екі бала кәмелетке толмай далада қалады деген уайымың шығар. – Айтшы, шырақ, маған қанша жас бересің?
  • Шамамен... – деп, ойланды Таған. – Кем дегенде жетпіске жақындап қалдыңыз.
  • Сақалым мен шашымның ағына қарап ажыратсаң, солай, әрине. Нақтысы – 1924 жылғымын, демек, елу сегіздемін. Енді бір он бес жылсыз өлімнің дұзағына іліне қоймаспын деген сенім бар. Ендеше менің екі балам ол кезде бірі бой жетеді, екіншісі ер жетеді, яғни жиырманың үстіне келеді деген сөз... Одан ары менің керегім жоқ, өз күндерін өздері көреді, атамекеннің атпал азаматы болады.
  • Қызық екен... ертектегідей... бәрібір түпкі мақсатыңыз тұманды. Елдің ішінде отырып ер жеткізсеңіз кім таршылық жасар еді. Обал ғой, аға, обал...
  • Бүгінде ел қалды ма? – деп саумалады шал.
  • «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген... Егер мен елден қашсам, баламның саудайы қылық, арзан қызықтан таза өссін дегенім.
  • Ағайыннан көңіліңіз қалған-ау. Әйтпесе Үлкен Жердегінің бәрі ақымақ дегенге кім сенер. Рас, көпшіліктің ортасында жүріп те жалғызсырайсың, ондай ауыр сәт өз басымда да болған. Бірақ айналайын халықпен қақтығысып жүргенге не жетсін. Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тәкаппар ұрпағын тәрбиелеймін. Иә, пәле – қала, өсекжаладан ... меңдуана жегендей желіктірер әуен мен әумесер қылар айғай шудан да алып қашып отырмын.
  • Адамзаттың өмірі Алтайдан басталған деуші еді, әрі жазушы, әрі тарихшы бір досым. Соның сөзін бәлкім, сіз дәлелдеп шығарсыз, – деп күлді Таған. – Сонда қалай, екеуін үйлендіресіз бе?
  • Дәм жазса, ондай ойым жоқ емес» (Бөкей, 2013: 176).

Талқылау

«Атау кереде» бір шоғыр жан ортадан оқшауланып өмір кешіп жүр. Әрқайсысының өзіндік себебі бар. Шығармадағы орталық кейіпкердің бірі – Таған. Таған бейнесінде жазушы ХХ ғасырдың белгілі бір кезеңінде – тоқырау жылдары тұсында бел алып, орнығып қалған зардапты жайларды айыптайды. Ар тазалығы, жан тазалығы тапталған адамгершілік құндылықтар сақталмаған қоғамда Адам қанша жерден дарынды, адал, ақ болса да тығырықтан шықпай, аяусыз жан азабының қыспағында күн кешетінін меңзейді. Жазушы Оралхан Бөкейдің жылдар бойы Адамға жақын жүрген, Адам тұлғасының күрделі күйлерін болжаған, оның мұңы мен шаттығына ортақтасып отырған қаламгерлік жолындағы көркемдік табысының бірі – Таған образы. Бұл – мейлінше реалистік бейне. Жас адамның қалыптасу жолында етектен тартып, еңсесін түсірер, алған бағытынан адастырар кедергілер дендеп кеткен дәуірдің ащы шындығымен суарылған осы Таған образы...

Ешкімге қылдай қиянаты жоқ, білімді, алғыр, адал жас адам – Таған айықпас дерт – маскүнемдікке түсті. Жүрек қан жылайтын, күйзелетін ауыр күй. Ақиқат. Кеңестік кезеңнің бейбіт бір күндерде бел алып кеткен ауыр кесапаты.

Алтай – ата-бабаның алтын ұясы. – Қайран, Алтай – сол Алтай – сол Алтайдың аяулы адамдары Тағанды да айықпас кеселден біртіндеп арылтады. Жазушы жас адамның арылу, таза-

ру жолын шынайы, шым-шымдап баяндайды. Тағанға бала күнгі досы Ерік қай пиғылмен болса да қол созған.

Нюра кемпір мен Айнаның адамшылықтан озбаған ықылас, пейілі де дертке дауа, таптырмас ем болғаны рас. Жазушы шығарманың көркемдік желісіндегі мәнді арқау – маскүнем Тағанның жұмбақ тағдырын біртіндеп-біртіндеп ашады.

Оралхан Бөкей өзінің жазу машығындағы оңтайлы көркемдік тәсілдің бірі – ой ағынын пайдаланған. Бір жұтым сыраға үздігіп, өң мен түсті айыра алмай есалаң болып қалған, әйтеуір кеудесінде жан бар тірі өлік Тағанның сырын жазушы көпке шейін жасырып отырады. Бұл – маскүнем адамның болмысына орайластырылған шынайы өмірлік жағдайлардан туындаған мығым логика.

Біртіндеп жаны тазара бастаған, ара-тұра табиғат тылсымымен тыныстап, дүниеге енді көз ашқан сәбидей таң тамаша қалып қарай бастаған Таған енді өзінің кім екенін, өткен оқиғаларды, бұл күйге қалай тап болғанын ойлай бастайды. Ойлана бастайды. Ол ойланбастан бұрын автор өзі кең толғап, арғы-бергідегі атамекен тағдырын, ұлт жайын, оның қазір тығырыққа түсіп, тыпыр ете алмай қалған халін жорналшы Оралхан Бөкейдің алымды мақамымен публицистикалық сарында көсіпкөсіп, шындықтың бетін біліп отырып баяндап, жүректі қапаландырған, қамаған ойларын төгіптөгіп алады.

Бір қызығы, бір қарағанда өзі іш тарта бермейтін кейіпкері Еріктің ойымен де бірталай шындықты жеткізеді. Соған қарағанда Ерік те тұра қашатындай тұғырсыз бейне емес. Еңбектің адамы. Бірақ ой-өрісі сараңдау көптің бірі.

Жазушы өз кейіпкерлерін жалғыз-жарым алып, шоқитып қана көрсетуден, бәріне жазықты етіп жерден алып, жерге салып айыптаудан аулақ. Әңгіме жалпыадамзаттық ауқымға ойысып кетіп отырады. Шындықтың төркіні қайда екені меңзеледі.

«Ол ойлағандай, дүниенің бәрі құрыған, тіршілік қуарған, су суалған жоқ еді. ... Табиғаттың ең ақылды да саналы түлегі болып есептелетін Адам, ең бір аңқау да ақымағы еді. БІЗДІҢ ақымақтығымызды Жаратқанның басқабасқа мүшелері – жанды, жансыз күн-түн, жылжыл, ғасыр-ғасыр сайын көзге шұқып, көрсетіп жатса да, жан кешті айқас пен айға шабар арынымыздан арылған емеспіз. Түп атамыз түркіден бермен түсін де, үнін де өзгертпей, мәңгіліктің қыл қобызы секілді Алтайды күйге бөлеген

Қатын өзені-ақ Біздің бейшара тірлігіміздің мазақшысы емес пе. Енді... енді ол қаһарлы Қатынға қылбұрау түсіп, дәл бауыздауынан бөгеп ГРЭС салмақ. Бұл хабардан осы өңірдің өр кеудесін жайлаған қазақтар хабарсыз еді. Өйткені жоспаршылар жойқын құрылыс саларда жергілікті халықпен ешқашан санасқан, ақылдасып, кеңескен емес. Есептемейді де, есептесе, есептен жаңылады. Алтайдың қос бұрымы бар десек, бірі мынау Қатын суы болса, екіншісі Бұқтырма болатын. Сол жарықтық Бұқтырманы бұрқатып бөгерде де сөйткен, тұрғылықты жұртшылықтан рұқсат сұраған емес, ал енді сол бөгесіннен пайда болған жасанды теңіздің астында не қалмады: атамекен, бабалардың бейіті, екі ауданның егістік жері қалды. Тәңірімау, толайым тарихымыз су астында қалды! Кәне осы сорақылықтан дүниенің қылшығы қисайғаны?! Әне, Қатынға да қауіп төнді. Асыл Қатын бұғауланбақ» (Бөкей, 2013: 190).

Жазушы Алтайдың сұлулығына сұқтана түскен санасы біртіндеп қайта жаңғырып, «адам болып» келе жатқан Таған таудағы Шал үйінен қайтарда осы бір ой тасқынын сел құйғандай төпелеп, өз уақытының көкейкесті, өзекті күйлерін төгіп-төгіп айтып алады да, әңгіме бағытын алаңсыз бір рахат күйге ойысқандай, жан түкпірін түрткілеген дүниелер бас көтере бастаған Тағанға қайта бұрады.

Табиғатқа еміне қарап, жігіт жан рахаты на кенелгендей бір күйге түскен. Газет оқып, радио тыңдамағанына қаншама уақыт бол ды. Осының өзі дұрыс па деп ойлады. Төрткүл дүниенің дүбіріне алаңдамайсың, дүрбелеңнен шошымайсың. Оңаша бір тыныштық. Ерік те бірдеңе білгеннен осылай жүр-ау. Денсаулық үшін де тау арасының оқшаулығы жақсы екен... дегендей ойлар баурайды Тағанды.

Баяғы біз көргеннен ойсыз, қамсыз маскүнем Таған енді арғы-бергіні ой елегінен өткізе бастайды. Оның жаны сауығып келе жатқанын жазушы ұтымды оқиға өрбіту, ой логикасы арқылы ашқан. Таған біртіндеп, күрделі кесек тұлғаға айнала бастайды. Ол ел қамын ойлаған азамат екен. Оның мұңы тіпті де жеке бастың қызығын қуалаған тар мүдденің мұңы емес екен. Таған – ұлы мұраттармен ұшқыр ғұмыр кешкен, тағдырлы, тарихы бай ұлтының ұлы. Жалпы адамзаттық ауқымдағы, әлем әдебиетіндегі әсершіл, әуес, әрекетті жас адамдардың өмір бұралаңдарындағы жан-күйі ашылған озық туындылардағы орталық кейіпкерлермен қандас, туыс тұлға. XIX ғасырда, одан бұрын да Батыс, орыс әдебиетінде қатар түзген қайшылықты өмір ағысында малтыған жас адамдар образының ортасына қосылуға қақылы бейненің бірі деуімізге де болады.

«Әлі есінде, Алтай тарихына қатысты, яғни онда мекендеген уранхайлықтар туралы бір кітапты оқып отырып, көзі қарауытып, басы айналып кеткені. Қан қысымы көтерілді ме, неге екені белгісіз көпке дейін ес-ақылын жия алмады. «В 1862 году десять семейств уйманских раскольников (река Уйман – один из двух истоков – реки Катунь. Долина ее издавна заселена была раскольниками) вышли в Улукемскую степь и обосновались на р. Урон...» деген сөйлемдерден солтүстік Алтайдың, яғни Россия құрамындағы Алтайдың тарихын танығандай болған. Әрі қарай құмарта оқып келе жатып: «В деле русской колонизаций Криссанского края, роль искателей «Беловодья» имели выдающееся значение деген тұсқа келгенде, өз ауданындағы Ақсу – Беловодья аталар ауыл есіне түскен. Сол жерді қоныстанған кержақтар тарихын танып, түп-төркініне үңілгендей болған. Ал енді «Вся история России представляет из себя картинку постопенного продвижения славянского племени на восток и ассимиляции им менее культурных народностей...» дегенін қалай түсінуге болады?

Совет өкіметі орнаған тұста жазылған, басылған бұл кітаптың әр ұлттың өз ерекшелігі мен тілін, ділін, генетикасын сақтау керек ке саятын лениндік методологияға қайшы емес пе? Оны былай қойғанда, «Земля тому кто ее отрабатываеттың» кері емес пе? Ой айтудағы концептуалдық қателік әрқашан да ұлт наразылығын тудырарын ескере бермейтініміз, әлбетте, өз нәтижесін, қайғылы нәтижесін бермей қоймайды. Міне, Тағанның қан қысымын көтерген де осына тұжырымдар еді. Ендеше тарихты терең білген сайын, денсаулықтан айырыласың» (Бөкей, 2013: 191).

Қорытынды

Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде бірнеше әлеуметтік өзекті күйді арқау етеді. Арғы тарих та, адамның ар алдындағы жауапкершілігі де, белгілі бір кезеңнің саяси, шаруашылық ахуалы да, жалпы адамзаттық адамсүйгіштік аңсар да – барлығы қосақабат тау арасындағы оқшау өмірдің ішті қазандай қайнатып жатқан өкініш, үміт, өтірік пен шындық, жақсы мен жаман, ақ пен қара араласқан өмірінің фонында айтылып ашылады. Жазушы көзбен көріп, жанымен сезініп отырған өз уақытының рухани дағдарыстарына, қазақ үшін қайырсыз болған қасіретті тұстарына қайырылып отырып, тау арасындағы оқшау өміріне дән риза омарташы Еріктің, оның сұлу да, сырлы келіншегі Айнаның анасы Нюраның, кездейсоқ келіп қосылған кешегі ержігіт – бүгінгі еңсесі түскен Тағанның тағдыр сырлары, әрекет, аңсарлары ауқымында көркемдік кеңістікке алып шыққан.

 

Әдебиеттер

  1. Бөкей О. Шығармалары. Роман, повестер. 2-том. – Алматы: Ел шежіре, 2013. – 384 б.
  2. Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. –186 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.