Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілді оқытуда қолданылатын әдістер

Мақалада мемлекеттік тілді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер сөз етіледі. Сабақ нәтижелі болу үшін студенттердің немесе тіл үйренушілердің тілді үйенуге қызығушылығын арттыру жолдары мен оны практикада дұрыс қолдану үшін дағдыларын қалыптастыру жұмыс түрлері айтылған. Сондай-ақ тиімді жаттығу жұмыс түрлері беріліп, олардың тиімділігі талданған.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдер, стратегиялар қолданылады. Оқытушылар сабақтың қызықты, әрі әсерлі өтуіне ерекше мән бергені жөн. Сабақты қызықты, әрі тартымды өткізу түрлі методикалық тәсілдерді қолдануға, сабақты дұрыс ұйымдастыруға тиімді жоспарлауға байланысты. Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері әрдайым ауысып, түрленіп отыруы қажет. Яғни бір сабақ екінші сабаққа ұқсамайтындай етіп өткізілгені дұрыс, бұл әрине оқытушының шеберлігіне байланысты.

Студенттердің мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылығын арттырып, оны практикада дұрыс пайдалана білуге үйрету, тіл мамандарының міндеті.

Осы мақсатқа жету үшін ең бірінші студенттердің тілді үйренуге деген ынтасын арттыруымыз керек. Ол үшін сабақ тартымды, әрі қызықты болуы шарт. Қызықтару амалдарына көркем жасалған көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және қызықты мысалдар жатады.

Әсіресе тілді үйретуде өтілген жаңа тақырыптарды тиянақтау, бекіту және жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауда дидактикалық материалдардың маңызы өте зор. Жаңа сабақтың тақырыбы лексикалық және грамматикалық болып бөлінетіндіктен дидактикалық тапсырмалар да оқытушының алдына қойған мақсаты мен педагогикалық шеберлігіне байланысты әр түрлі болады.

Тапсырмалардың бірі орфографиялық немесе пунктуациялық қырағылықты дамытса, енді біреулері ережелерді қолдана білуге үйретеді. Үшіншілері студенттердің сөздік қорын байытады. Кейде оқытушы студенттердің оқу материалын қалай түсінгенін тезірек, әрі жеңіл тексеру үшін де дидактикалық материалдарды пайдалануға болады. Мысалы, оқытушы белгілі бір карточкадағы тапсырмалар төңірегінде оқушысын жан-жақты іздендіріп, тиянақты жұмыс істете алады. Оқытушы студенттің өз бетімен жүргізген шығармашылық жұмыстары бойынша олардың білім дәрежесін анықтап, соған орай тапсырмалар бере алады. Дидактикалық тапсырмаларды жеке студентке және бірнеше студентке немесе түгел бір топқа орындатуға болады.

Студенттердің сабаққа ынтасын арттырудың бірден-бір жолы бұл тапсырмалардың ойын түрінде өтуі. Ойын-жаттығулар мағынасыз ермекке айналмайтын әдеттегі жаттығулар тәрізді болуы керек. Демек, оған өзгеше түрде берілетін оқу жаттығулары алынады. Студенттер көбінесе қиындау, бірақ грамматика жөніндегі білімдерін бекітуге, орфография мен пунктуациядан берік дағдылар қалыптастыруға, тілдерін жетілдіруге қажетті тапсырмалар алады. Бір жаттығудың өзі әр түрлі ойын түрінде орындалуы да мүмкін, оны таңдап алу оқытушыға, оның өз алдына қойған мақсатына, педагогикалық іскерлігіне, тапқырлығына байланысты. Ойын жаттығуларын ауызша да, жазбаша да өткізуге болады.

Ауызша сұрау әр сабақта жүргізіледі. Ауызша сұрау арқылы әуелі өткен материалды қайталап, тексеруге болады. Ауызша сұраған кезде студент материал бойынша өз білімімен біліктілігін шыңдай отырып, граматикалық теорияны, өтілген тақырыптарды өз бетімен түсіндіре білуді бойына қалыптастырады. Ауызша сұрау студенттің оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі – ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі – оқу материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі – көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау, немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру. Ауызша жауап беру логикалық ойды, есті, зейінін, тілді, яғни дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан да ауызекі сөйлеу білім алушының сауатты сөйлеуін бақылау үшін тиімді әдіс. Жазбаша бақылау жұмыстарында тапсырмалар нақты, әрі түсінікті болуы керек. Тапсырмалар студенттердің шынайы білімін көрсетеді. Білім алушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жазбаша жұмыстардың тапсырмалары мынандай мақсатта құрылуы керек: 1) грамматикалық ережелерді қалай меңгергенін және нелерді шала білетінін байқау үшін; 2) білімді жаңа жағдайда қолдана алуын тексеру үшін. Сондай-ақ, жазбаша жұмыстары білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін қалыптастыруда жүргізіледі. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өткенді жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрынырақ меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік береді, әрі өтілген материалды құрғақ жаттамай, саналы меңгеруге көмектеседі.Оқу материалдарын саналы түсіну үшін білім алушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады. Теориалық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді, материалды өз бетінше түсініп, өз бетінше қолдануға дағдыландырады. Түрлі творчестволық жұмысарды өздігінен орындауға бейімдейді. Жазбаша жұмыстары білім алушылардың оқу жұмыстарын өздігінен орындау белсенділігін арттырады.

Методикалық тұрғыдан алғанда тақырыптық материалдың мазмұнына, оқытушының қарауындағы уақытқа байланысты. Ойынның ауызша түрі уақыт жағынан ұтымды болатыны белгілі. Ауызша жаттығулар сабақта жазбаша жұмыстар көп орындалып, студенттердің сабаққа деген ықыласы нашарлаған жағдайда өткізген абзал. Студенттердің ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есептеуде. Ойынға қатысушылардың өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу әр түрлі: әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін ұпай (балл) есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі. Студенттердің тақтаға жазылған сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыруын, ол сөздерді есепке алу, қол көтеріп немесе тиісті тапсырмаларды дұрыс орындауын, белсенділік танытуын, жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу, тағы басқалар ескерілуі қажет. Ойын жаттығуларының түрлері өте көп. Сондақтан оқытушы өзінің педагогикалық шеберлігіне қарай әр түрлі мақсатта, өткізіп жатқан тақырыбына ыңғайлап, қолдануға болады. Айталық «Эстафета» ойынын мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстарының бірі ретінде пайдалануға болады. Топты екіге немесе үшке бөліп, осыған байланысты тақтаны да екіге не үшке бөліп, медицина оқу-орнының студенттеріне арнайы құрылған мәтін бойынша біріне аурудың себебін, біріне белгісін, ал үшіншісіне алдын-алу шараларын жазу тапсырылады. Әр топ ойыншысы оқытушының шақыруын күтпей-ақ тақтаның өздеріне тиісті бөліміне барып, өзерінің тапсырмаларына тиісті сөздерді жазады. Тақтаға бір жазылған сөз қайталанбайды. Тиісті топтың сөзі жазылып біткен соң, сөз жазу тоқтатылады. Орындалған жұмысты әр түрлі жолмен тексереді. Әр топтың жұмысын қарсылас топтың ойыншысы тексеруге болады. Осы ойын нәтижесінде студенттердің мәтінді меңгеруін, ондағы жаңа сөздердің игерілуі тексеріледі. Ал, анамнез құруда осы ойынның шартын өзгертіп, тақтаның бір бөлігіне өтілген жүйеге қандай аурулар жатады, екінші бөлігіне оның ортақ белгілері, үшінші бөлігіне аурудың алдын алу шараларын немесе дәрігерлік кеңес жазу тапсырылады. Ойын аяқталғаннан кейін тақтадағы дайын жазылған аурудың белгілерін, себебін, дәрігерлік кеңесті пайдалана отырып, науқас пен дәрігер арасындағы сұхбатты құруға болады. Сұхбат құруда бұл ойынды мәтін алды жұмыс түрінде пайдалану ыңғайлы.

Келесі ойын түрі «Кім тез де, дұрыс табады» ойын-жаттығуы. Бұл ойынды тіл дамыту жұмыстарының бірі ретінде алуға болады. Тіл дамыту арқылы жастарды тіл өнеріне баулу, мемлекеттік тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Бұл ойынның шартында екі студент тақтаға шығады, олар тақтаға екі қатар етіп жазылған сөздердің тиісті синонимдерін атау керек. Сөздерді өтіліп отырған мәтін ішінен алған абзал. Келесі кезекте басқа екі студент шақырылып, оларға осы сөздердің антонимін атау тапсырылады.

Ойын-жаттығулары үшін үйреніп жатқан материалды бекіту сабағында, сол сияқты үлкен тақырыпты қамтитын, талдай қортындылайтын қайталау сабақтарында зор мүмкіншілік туады. «Терминдер табайық» ойынын қайталау сабағында жүргізген қолайлы. Ойынның шартында екі студент ортаға шығып, бірі өтілген тақырып бойынша термин сөзді айтады. Екіншісі сол сөздің қай жүйеге жататынын табу керек. Мысалы, қуық – зәр шығару жүйесі, қабырға – тірек қимыл жүйесі, тоқ ішек – ас қорыту жүйесі, т.т.

Крассворд студенттің ойлау қабілетін белсенді жұмыс істететін ыңғайлы форма. Красвордты дайындау үрдісінде студентке теориялық және практикалық материалдарды тыңғылықты қарастырып, тек дәрістер мен оқулықтарды ғана емес, қосымша және анықтамалық әдебиеттерді де қолануы керек. Студент материалдарды таңдап, талқылау барысында алған білімін тереңірек меңгеріп, қосымша мәлімет алады. Бұның барлығы біртіндеп жоғарғы білім деңгейін қалыптастырады. Сондай-ақ, тапсырманың стандартты емес формасы берілген тапсырманы әдеттегіден бөлек орындау түріне ынталандырады. Бұл танымдық қызметін ғана көтеріп қоймайды, болашақ маманның шығармашылық қызметінің бастамасы.

Крассвордты мақсатты түрде модульдық материалды оқытудың аяғындағы аралық бақылау формасы ретінде қолдануға болады. Крассвордты аралық бақылау формасы ретінде қолданудың мынандай артықшылығын бөліп көрсетуге болады:

  1. оқыған материалдарын тереңірек талқылай отырып, қайталау;
  2. студенттердің пән негізін мегеруі;
  3. сөздік қорының белсенділігін арттыруы;
  4. сөзді зерттеу және шығармашылық жұмыстары; сұрақтар мен тапсырмаларды нақты және дұрыс құрастырудың практикалық дағдысын қалыптастыруы, нәтижесінде мәдени сөйлеу сауаттылығын дамытуы;
  5. тапсырмаға шығармашылық тұрғыда қарауы студенттердің креативті ойлауын дамытып, стандартты емес шешімдер жасатады;

Тақырыптық кроссвордтарды құру сияқты жұмыс түрлерін пайдалану студенттердің жұмыс нәтижелеріне қызығушылығын арттырып, және шығармашылық потенциалының дамуында пән материалдарын сапалы меңгеруіне мүмкіндік туғызады.

Екінші бір тілді үйретуде мәтінмен жүргізілетін жұмыстың мәні ерекше. Оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Әрбір жаңа мәтінді өту арқылы сол тілде дұрыс оқу, сауатты жазу, байланыстырып сөйлей білу, грамматикалық анықтаманы бекіту, жаңа сөз үйрету т.б. жұмыстар қамтылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, тіл үйренушілердің дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Мәтінмен жұмыс істеуде қолданылатын талаптардың ең бастысы – түсініп оқу. Ол үшін студенттің қазақ тілінен сөздік қоры жеткілікті болуы шарт, яғни бірінші сабақтан бастап меңгерген жаңа сөздерін есіне сақтауы қажет. Сондықтан сабақта пайдаланатын жаттығу жұмыстары лексикалық тақырыпқа байланысты құрылғаны жөн. Берілуге тиісті жаңа сөздердің бірсыпырасы тілдік материалға қатысты түрлі жаттығулар кезінде біртіндеп беріліп, мәтінге алдын ала дайындық жүргізілуі қажет. Мәтінмен жүргізілетін жұмыстың мынандай түрлерін айтуға болады:

  1. Жаңа сөздерді беру; жаңа сөздермен сөйлем құрау; сөйлемдегі жаңа сөздерді синонимдерімен ауыстырып қолдану; немесе маңа сөздерді мәтіннен студенттердің өзіне тапқызу. Жаңа сөздерді дәптерлеріне жазғызып, оның дұрыс жазылуы мен дұрыс оқылуына да көңіл бөлу керек. 2) Мәтінді оқу, аудару жұмыстары.
  2. Мәтінге сұрақ қою және оған жауап беру.
  3. Мәтінді мазмұндау.

Білім алушылардың білім, білік дағдысы кезеңдер бойынша қадағаланып отырғаны дұрыс. Ол үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, өзіндік жұмыс, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау, үйде бақылау, аралық бақылау сияқты жұмыстар жүргізуге болады.

Сабақ барысында жүргізілген бақылау жұмыстарында студенттердің алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді. Білім алушылардың бақылау жұмыстарында жіберген кемшіліктерін түзетіп, оларды талдап, жоятын арнайы жұмыстар жүргізген жөн. Ол үшін түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу сияқты әдістер қолданылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні – білім алушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, білім алушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындауы үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Сондықтан да әр сабақтың соңында немесе жаңа тақырыптан соң бақылау жұмыстарын жүргізіп отырудың мәні зор. Әр сабақтың соңында жүргізілетін бақылау жұмыстары арқылы студенттердің тақырыпты қаншалықты меңгергендігі ғана емес, сабақтың мақсатына жеткендігі де тексеріледі. Студенттердің жұмысын күнде бақылап отыру арқылы оқытушы олардың білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, оқытушы студенттердің жеке ерекшеліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, студенттердің білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады. Ал, аралық бақылау тақырыптық жоспардың бірнеше тақырыптарын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл бақылаудың мақсаты – оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары арқылы әрбір семестрдің ортасы мен аяғында студенттің білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.

Тестік тапсырмалар. Тестік тапсырмалар студенттердің білім деңгейін тексеруде өте тиімді. Тест әдісі білім алушылардың меңгерген материалын ескере отырып, біріншіден, өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден, алған білімдерін практикада күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Сондықтан да бұл әдісті тақырыптардың соңынан және бөлімдерді қайталау, әрі пысықтауда қолданған жөн. Тест тапсырмалары студенттердің білімін аз уақыт ішінде тексеруге оқытушы үшін де, студент үшін де тиімді. Бақылау жұмысы мен тестік тапсырмаларды студенттердің білім деңгейіне қарай әртүрлі күрделі, орташа, жеңіл нұсқада жасауға да болады.

Дәстүрлі болып қалыптасып келе жатқан тестілеу жүйесінде, лексика-грамматикалық тестіден гөрі студенттердің қазақ тілінен білімін бағалаудың коммуникативтік-прагматикалық бағдарын ұстанған дұрыс. Өйткені коммуникативтік-прагматикалық бағдарлы тестілер студенттің нақты сөйлеу жағдаяттарына лайық, сәйкес келетін сөйлеу бірліктерін тану, іріктей алу, қолдану, түсіну, айта алу сияқты білік-дағдыларын тексереді. Осымен бірге «лексика-грамматикалық тест» деп аталып жүрген тестілеу түрі тек сандық өлшемге ғана бағынады. Ал жақсы тестілеу жүйесі білімнің сапасын да көрсете алуы керек.

Қазақ тілін оқып-үйреніп жатқан студент өзінің коммуникативтік құзыретінің қай деңгейде екенін білуі керек. Сол білгеніне байланысты өзінің қазақ тілін әрі қарай қай деңгейде, қандай бағытта үйрену керектігіне өзі де жауапкершілікте болады. Сөйтіп, тест – студенттің қазақ тілін үйренудегі бейнесін танытатын болады.

Жаттығудың түрлері өтіліп жатқан тақырыптарға тікелей байланысты болып келеді. Түріне қарай дидактикалық мақсаттары, әдістемесі де нақты жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ғалым Қ.Жолымбетов жаттығу жазудың дидактикалық талаптарын төмендегіше сараптайды: «Жаттығудың әр жақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі жаттығумен шектеліп қалуға болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту кезінде де қайталана жаттықтырылуы керек». Демек әр жаттығу жұмысы арқылы алған білімдерін қайталай отырып, практикада қолдана алу дағдысын қалыптастырамыз. Жаттығу жұмыстарының тиімділігі туралы орыс ғалымы А.В.Текучев жаттығуды грамматикадан өтілген теориялық материалды түсіндіруді сипаттайтын әдіс деп қарауға болмайды дей келіп, ол – тілден ұйымдастырған сабақтың қажетті бөлімі және айырып қарауға келмейтін тарауы. Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім беретін болса, ол өмірден, практикадан нақтылы тілдік материалдардан қол үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді, деп түсіндіреді. Сабақты қызықты, тартымды өткізу түрлі методикалық тәсілдерді қолдануға, сабақты дұрыс ұйымдастыруға, тиімді жоспарлауға байланысты. Сабақта жүргізілетін жұмыстың түрлері ауысып, түрленіп, отыруы міндетті шарттардың бірі. Әрбір жұмыс түріне берілетін уақытқа да ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені бір жұмыс түріне көп уақыт бөлінсе ол тіл үйренушілерді жалықтырады. Сондықтан оқытушы сабақты дұрыс жоспарлауға, оны түрлі тәсілдермен әсерлі өткізуге ерекше мән беруі қажет. Ол үшін әр сабақтың толық жоспары күні бұрын жасалып, сабақта өтетін материалдар күні бұрын анықталып, онда қолданатын тәсілдер белгіленуі керек. Сабаққа оқытушы қандай материалды қалай үйрететінін әбден анықтап алуы керек.

Жаттығудың тиімділігін төмендегідей саралауға болады: алған теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білуге, білімдерінің тереңдеуіне, көркем жазуға, зейінінің жетілуіне, еске ұстау қабілетінің дамуына, өз беттерімен анализ, синтез жасай білуіне, сөздік қорларының дамуы мен тіл байлықтарының жетілуіне, мәтінді талдай білуге, сауатты жазуға, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, пәнге деген қызығушылықтарының артуына түрткі жасайды.

Қорыта айтқанда түрлі әдіс-тәсәлдер арқылы жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы ғана сабақ өз мақсатына жете алады.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Қасымбеков Ә. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары. – А., 1989.
  2. 2 Қазақ орфографиясының негіздері. – А., 1975. – 78 б.
  3. 3 Методика русского языка в средней школе. – М., 1970.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.