Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Б. Өтепұлы мен Т.Үркімбаевтың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмыс

Әдебиеттану ғылымында жекелеген ақындар шығармашылығын қарастыру, оны ұлт қазынасына қосу қашан да күн тәртібіндегі мәселе. Бұл мақалада шығармашылығын белгілі ортада қалыптастырған, бұрынсоңды өткен ақындардан тәлім, дәстүр жалғастығынан нәр алған Б. Өтепұлы мен Т. Үркімбаев сынды ақындардың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмысы айқындалған.

Мақалада ақындық поэзия мұраларындағы жазбаша айтыс үлгiлерiнiң жанрлық қырларына талдаулар жасалып, өзіндік дәстүрлі мектебі бар Сыр бойы ақындарының жазбаша айтыстары ақындық дәстүрдiң көркемдiк жалғастығы негізінде зерттелген.

Ақындардың бұл жазбаша айтыстары уақыт пен кеңiстiк бiрлiгi аясында бағаланады. Себебi ақындардың аталған айтыстары – ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы кезең шындығының шежiресi. Айтыста қозғалатын ортақ тақырып – аудандарды құрайтын ауылдардың шаруашылық дамуының көрсеткiштерiн эпикалық баяндаумен қамтып жырлау. Идеясы – ауыл шаруашылығындағы адамдардың еңбек майданындағы қажырлы iс-әрекеттерiн, халықтың материалдық тұрмыс мәдениетiнiң жақсылықтарын мадақтау, кемшiлiктерiн сынау. Шаруашылықтарды жетiстiктер мен кемшiлiктердi салыстыра тiзбелеудiң поэтикалық түйiндеуi – адамдардың еңбек майданында ғана өсiп-өркендей алатынын дәлелдеу.

Б. Өтепұлы мен Т. Үркімбаевтың жазбаша айтыстары – қазақ тұрмысының ұлттық-этнографиялық шынайы болмысын поэтикалық көркем бейнелеген әдеби шығармалар. Ақындардың жазбаша айтыстарында қазақ халқының төрт түлiк малды, әсiресе жылқыны күтiп-баптаудағы эстетикалық-гуманистiк көзқарастары романтикалық-реалистiк дүниетаным сарындарымен жырланғандығы талданған.

Жазбаша айтыстар – ақындардың шығармашылық тұлғасын биіктетіп, өлең өнерiнiң көркемдiкэстетикалық тағылымын әдеби сын құралы тұрғысында жырлаған шығармалар екендігі байыпталған.

Бұл жазбаша айтыс – қазақ сөз өнерiнiң адамгер-шiлiк, отаншылдық тәлiм-тәрбиесi, құралы ретiндегi классикалық үрдiсiн дәлелдеген танымал шығарма. Жалпы алғанда, қазақтың ақындық поэзиясы Кеңес Одағы аумағында Ұлы Отан соғысы болып аталған осы екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында қанды шайқастар жүрiп жатқан алғы шептегi майдандарда да жеңiске демеу, тiрек болған тылда да, қоршауда қалған қалаларда да халықтың қаһармандық жiгерiн жанитын, жеңiске жiгерлендiретiн, жабыққан көңiлдердi серпiлдiретiн оптимистiк-романтикалық қуаттылықпен танылды.

Ақындық поэзияның көрнектi тұлғалары Ж.Жабаевтың [1, 2], Н.Байғаниннiң [3], К.Әзiрбаевтың [4, 5], Д.Әлiмбаевтың [6], Ш.Қошқарбаевтың [7], А.Тәжiбаеваның [8, 9], Н.Бекежановтың [10] және тағы басқалардың өлеңтолғаулары, айтыстары, дастандары халықтың фашизм апатына қарсы кұресiне дем бердi. Мысалы, Ж.Жабаевтың «Ата жаумен айқастық», «Өмiр мен өлiм белдестi», «Ленинградтық өрендерiм» және т.б. шығармалары [1, 2] болса, Н. Байғанин «Капитан Гастелло», «Ер Талалихин», «Партизан», Кеңес Одағының Батырлары Нарсұтбай Есболатовқа «Ер туралы жыр», Төлеген Тоқтаровқа «Жиырма бес» және т.б. [3] көрнектi туындылар арнаған. Бұл өлеңдер адамзатқа төнген фашизм зұлымдығына арналған халықтық ашу-ызаны бiлдiрдi. Жазбаша айтыс жанрының қамтылып отырған кезеңдегi дамуына ақын Байназар Өтепұлының шығармашылығы да қосылады.

Ақынның жазбаша айтыстары ұлттық сөз өнерi тарихындағы өзiндiк сипатымен танылған. Ол Қуаныш Баймағамбетов (1895–1973), Төлеубай Үркiмбаев (1898–1959), Мұзарап Жүсiпов (1905–1972), Нұғыман Молыбаев (1906– 1975), Нәби Жетiлгенов, Әбдiразақ Қаналиев және т.б. ақындармен айтысқан. Осы айтыстарында халықтың қоғамдық-әлеуметтiк, тұрмыстық өзектi мәселелерiн арқау етiп жырлады. Фольклор мен әдебиеттiң көркемдiк ықпалдастығы аясында қалыптасқан жазбаша айтыстарында өмiр шындығын көркемдiк жинақтаумен, шыншыл да сыншыл тiлмен өрнектедi.

Байназар мен Төлеубайдың жазбаша айтысы екiншi дүниежүзiлiк соғыс жүрiп жатқан кезде Қазалы аудандық «Большевиктiк жол» (№53(971), 1943 жыл, қыркүйек), Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (17 қазан, 1943 жыл, №205(1625), Сырдария аудандық «Ленин туы) (№39 (798), 1 қыркүйек 1945 жыл; 1 қазан 1945 жыл) газеттерiнiң беттерiнде жарияланған.

Адамзатқа зор қауiп-қатер болып төнген фашизм апатына қарсы күресудiң алдыңғы шептегi шайқастарда да, елдегi еңбек майданында да үздiксiз жүргенiн, жас балалардан бастап еңкейген қарттарға дейiн соғыс өртiн сөндiруге жұмылған қажырлы қайраттың, арпалысқан күрестiң шынайы болмысы ақындардың майданнан жазған хаттарынан, елдегi ақындардың өнер мен өмiр қимылдарын ұштастырған қызметтерiмен танылды. Ақындық поэзия өкiлдерiнiң барлығы дерлiк майданда да, тылда да өлеңдерiнiң қаһармандық ерлiкке жiгерлендiретiн ықпалымен, патриоттық толғауларымен, арнауларымен халықтың көңiлiн көтердi, жеңiске жететiн үмiт шырағын жандырды. Байназар Өтепұлы мен Төлеубай Үркiмбаевтың жазбаша айтысы – аталған кезеңдегi тарихи шындықтың көркем поэтикалық сипатпен жырлануының үлгiсi. Екi ақынның айтысындағы тақырып – соғыс жылдарындағы халық тұрмысы. Идеясы – халықтың соғыс, еңбек майдандарындағы қаһармандық тағылымын таныту. Екi ақынның кезектесе жазып газет беттерiнде жарияланған хат-өлеңдерiнде осы аталған тақырып пен идея тұтастығы поэтикалық желi болып тартылған.

Мысалы:

  1. Төлеубай:

Майданда қатты соғыс болып жатыр, Ерлерiм жауды шөптей орып жатыр. Мұзбалақ, болат топшы қызыл қыран, Бүркiттей жау үстiне қонып жатыр.

Бiздiң елдiң қаһарман ұлдарының, Ғажайып ерлiктерi толып жатыр [11, 5].

  1. Байназар:

Майданнан хабарым бар қанды соғыс, Сол жеңбек кiмнiң iсi болса дұрыс.

Ерлерiм қанды майдан жорығында, Қаһарман қаруланған болат құрыш

Батырлар қазiр жауды еңселеуде Қойсын ба адал ниет, тасқынды күш. Қазiрде жазда жеңiс бiзге айналды, Жеңiс жыл болуы анық алдағы қыс.

Жоқ етiп елдiң жауын ерлер келiп,

Шат тұрмыс, бақытты өмiр болар тыныш [11, 89].

Тақырып пен идея – ақындық поэзия шығармаларының, жалпы көркем өнер туындыларының басты өзегi. Жазбаша айтыс – хат-өлеңнiң күрделенген үлгiсi. Сондықтан, бұл жанрдағы шығарманың лирикалық сыршылдығы да, дидактикалық насихаты да, эпикалық сипаты да тұтастана жырланады. Байназар мен Төлеубайдың осы жазбаша айтысындағы негiзгi тартыс өзегiнде айтыстардың классикалық үрдiсiне тән ерекшелiктерi сақталған. Яғни, негiзгi желi – екi ақынның да өздерiнiң аудандарындағы материалдық және рухани мәдениет салаларындағы жетiстiктерiн айтып желпiнуi және қарсыласының ауданындағы кемшiлiктердi тiзбелеп сынайтыны поэтикалық сайыстың негiзгi желiсiн құрайды.

Айтыстың тақырыптық-идеялық желiсiне арқау болған Қазалы мен Қармақшы аудандарының шаруашылық дамуының көрсеткiштерiн салыстыра жырлауда екi ақын да тылдағы халық еңбегiнiң тұрпатын нақты деректерге сәйкестенген романтикалық көтерiңкi көңiл-күймен өрнектеген. Бұл орайда, екi ақын да халықтың еңбек арқылы мәртебеленген биiктiгiн, майдандағы жеңiске жiгер қосқан үздiк көрсеткiштерiн мақтанышпен толғайды. Ақындардың жырларында халықтың еңбектегi ерен қимылдары жыр өрiлiмiндегi бейнелiлiк өрнектермен тiзбелене, түйдектеле берiледi.

Жазбаша айтыстардың лирикалық сипатын танытатын басты ерекшелiгi – сайысу шумақтарындағы лирикалық қаһарманның – ақынның өзiндiк тұлғасының даралана жырланатыны. Ақын лирикалық «Мен» поэтикалық ұғымының жинақталған сипаты аясында халықтық көңiл-күй, мiнез-құлық психологиясына тән ерекшелiктерiн өз атынан тебiрене толғайды.

Ақынның лирикалық толғаныстары арқылы көркемдiк жинақтаумен дараланған шығармашылық тұлғаның әдеби бейнесi де айқындалады. Айтыс процесi үстiндегi автор бейнесiнiң даралана танылуы – бұл жанрдың лирикалық сипатын танытатын басты ерекшелiк.

Б.Өтепұлының жазба айтыстарынан ақынның өзiндiк шығармашылық келбетiн байқаймыз. Ақындық тұлғаның бейнелi мағыналы сөздердiң көркемдiк кестелермен өрнектелуi – шығармашылық тұлғалардың шеберлiк келбеттерiн де аңғартады. Мысалы:

Кiм бiлсiн кiмнiң жайын кездеспесе, Жүйрiктiң аты шықпас озбай көпте. Байқалар батыр жауда, палуан тойда, Нарға сын ұзақ жолда, ауыр жүкте.

Дегендей: «Ер – егесте, ақын – тiлде»,

Бағасы барлығының көпшiлiкте.

Алтын, жез, мыс, қоланың нарқы мәлiм, Болғанмен түсi сары бiр реңкте.

Ақындық атаққа ортақ iнiң болам, Өзiңнен өзге емеспiн бiр тiлекте. Қолға ұстап қалам-найза қаруыңды, Iнiңдi шақырыпсыз күреспекке [11, 8].

2. ...Өлеңнiң егесi бiз болғанменен, Аралар бiзден кетiп жұртшылықты.

Халық сыншы халықта нелер ойлылар бар, Сонда өлең көрмей өтсiн көптен түрткi.

Көрнектi көркем болып маған шықсын, Пайдасы халыққа тиетiн түпкiлiктi [11, 11].

Байназар ақынның жауап жырларында қарсылас ақынның айтқан кемшiлiктерi мойындала отырып, өзiнiң ауданындағы жетiстiктерi тiзбектеле баяндалады. Төлеубай ақынның ауданында орын алып отырған кемшiлiктердi (мал жоспарының орындалмағаны, қырсыз басшылар, сиырлардың өлiм-жiтiмге ұшырағаны, төрт түлiктiң қысыр қалғаны, т.б.) атап көрсетедi. Отан соғысы деген атаумен Кеңес Одағы бойынша тарихта қалған елдiк пен ерлiк танылған сындарлы жылдарда азаматтық парасат тұғырында болған қазақ халқының нар тұлғалы адамдарының тұлғаларын даралап бейнелейдi. Мысалы, шопандар Сағымбаевтың («Ақ иық бүркiт секiлдi», «Астына мiнiп тарланды, үстiне киiп тай жақсы, қызыл жарғақ шалбарлы, ерiксiз еске түсiрер атақты батыр Қобыланды») «Қойға шапқан жиырмаға тарта көкжалды» өзi соғып алған Естанның («Бiр төл шығын болмайды бағып жүрген қойынан») ұқыптылығы, жас сауыншы Рабиғаның, басқарма Зияданың, ферма бригадирi Әлиманың, сиыршы Зәуренiң, жылқышы Толыбаев Әйтпембеттiң, егiншi Өтеубай Қуанышевтың, басқарма Қашақбайдың және т.б. еңбекшiлердiң еңбектегi ерлiк iстерi тарихи баяндаумен жырланған.

Ақындық поэзия өкiлдерi – халық әдебиетiнiң көркемдiк негiзiнен нәр алған шығармашылық тұлғалар. Байназардың да, Төлеубайдың да жазбаша айтысу барысында шешендiк толғаныстар, жыраулық нақыл өлеңдер үлгiсiмен термелеп төге жырлайтын жерлерi де кездеседi. Мысалы, Байназардың екiншi жауап сөзiндегi афоризмдiк сипаты бар тiркестер («Халық төрешi – халық әдiл», «Ұмтыл, ақын, ар үшiн», «Өткiр сөздiң қылышын мен де аянбай сермедiм», «Ақынға мiндет – әдiлдiк») және нақыл өлең тармақтары көрiктi ойдың көркем кестесi болып төгiлген:

...Жүйрiк-жүйрiк бола ма, Думанда озып шаппаса. Дариядан не пайда, Ойдағы жерге ақпаса Батырлық атақ ала ма

Ер жауынан ықтаса. Ақын ақын бола ма, Үлгiлi кеңес таппаса. Адал деуге бола ма, Арам пiкiр сақтаса

Халық үшiн тудым дегенге, Жұрт сенбес басын ақтаса. Халық күлмей ме шешенге, Өзiн-өзi орынсыз,

Құр көтерiп мақтаса. Жарысуға бола ма, Озғаның жұртқа жақпаса. Халық та бөтен демейдi,

Жеңiлген жерде тоқтаса [11, 26].

Ал, Асан Қайғының, Шалкиiздiң, Қазтуғанның, Доспамбеттiң, Марғасқаның, Жиембеттiң, Үмбетейдiң, Бұқардың, т.б. (ХҮ–ХҮIII ғғ.), Дулаттың, Махамбеттiң, Сүйiнбайдың, Мұраттың, Бiржанның, Ақанның, Балуан Шолақтың және т.б. (ХIХ–ХХ ғғ.) ақын-жыраулардың толғауларындағы бейнелiлiк оралымдарында жылқыға, тұлпарға байланысты поэтикалық қолданыстардың мол кездесетiнi мәлiм. Сондықтан Байназар мен Төлеубайдың жазбаша айтысындағы бейнелiлiкпен өрнектелген жылқыға, тұлпарға арналған кестелi тармақтар арқылы ақындардың ұлттық-этнографиялық тұрмыс дәстүрi аясындағы көркемдiк-эстетикалық көзқарастарын көремiз.

Ақындық поэзияның барлық жанрларында да ұлттық мiнез-құлық психологиясын танытатын осындай сәттерде шабытқа қозғау салатын дала адамының қызу қанды, желпiнiстi көңiлкүй әуендерi айқын сезiледi. Мысалы, Байназардың да, Төлеубайдың да өз аудандарындағы жылқы туралы бейнелеулерi екеуiнiң де көркемдiк-эстетикалық таным деңгейлерiн дәлелдейдi. Мысалы:

  1. Байназар:

...Ат бердiк асыл тұқым арғымақтан,

«Тұлпар ат – деген нақыл-ерге серiк».

...Аттар бар ауданымда аты шыққан, Таңлағы таңырқатқан көрсе көптi –

Барғанда Қазалыға көрсетемiн, Бәйге алған ұлы дуда не жүйрiктi. Бiреуi сол жүйрiктiң елiмдегi Ақын дос, таныстырам Қаракөктi.

...Қой мойын, құлын сауыр, құлан шеке, Салық төс, қамыс құлақ, қоян сыртты. Шаңына iлеспейдi ат шабысқанда, Тұлғасы таңдандырған бүкiл жұртты.

Шын таза ақалтеке тұқымынан, Жасында түрiкпеннен келтiрiптi. Қыс бағып, жаз үйiрге жiбередi Тұқымы қазiр оның жүзге жеттi...

Нар бар ма сауса бұлақ мiнсе көлiк. Қажымай көтеретiн бүтiн жүктi.

Ат бар ма ауызға алып ардақталған,

Талассыз шабыста озған, мiнсе мықты [11, 11-12].

  1. Төлеубай:

...Атым бар әр тұқымнан алуан-алуан, Жаясы жая құлаш, жал бiлектей.

Сымбатты сағақтары сала құлаш, Иiлген алма мойын, ақ үйректей.

Шапса жүйрiк, мiнсе көлiк жануарлар, Күшi бар бүтiн жүктiк нар үлектей.

Әрқайсысы екi жүз пұт жүк тартады, Екi елi екпiнiнен кейiн кетпей.

Екi жүз шақырымнан шаң бередi, Шаптырып көрiп тұрсаң он минуттей. Жүргiзiп көп желiп көр, шауып та көр, Егер де күмәндансаң көзiң жетпей.

Атыңнан атым озса жарысқанда, Сен қалай құтыласың тiзе бүкпей?

...Қазiр бар текежәумiт, күрең аты, Қаз соққан қанаттарын бiр серметпей.

Сiлтiдей Сырдың бойын тындырып жүр, Тұрады күрең десең ұйып сүттей [11, 19].

2. Байназар:

...Жылқы өсiрдiк жүйрiктен, Ерге серiк болатын.

Кебеже құрсақ кең танау, Бием көп тұлпар егесте, Еңселеп жауды қуатын. Соның бiрi кешегi,

Өзiңе айтқан көк тұлпар, Сондай тұлпар жылқыны, Көрмей сырттан сынадық.

...Iздегенiң табылар,

Жүйрiк пенен жорғадан [11, 32].

Айтыстың идеялық-композициялық желiсiнде жылқыдан басқа да түлiк түрлерi жырланады. Ақындар түлiктiң басқа түрлерiн (түйе, сиыр, қой) жырлауда да фольклорлық-этнографиялық бейнелеулердiң айшықты қолданыстарын мол пайдаланған. Жалпы, ақындардың төрт түлiк малға арналған тұрмыс-салт жырларының поэтикалық болмысын айтыстың құрылысына көркемдiк шешiммен енгiзетiнiн байқаймыз.

Төрт түлiк мал туралы жырлар – қазақтың халық өлеңдерiнiң ең байырғы үлгiлерi. Зерттеушi Б.Уахатовтың арнайы жазылған еңбектерiнде [12, 1326] халық эстетикасының дүниетанымдық кеңiстiгiн, тереңдiктерiн жинақтаған болмысына баға берiлген едi. Жазбаша айтыстың композициясында осындай халықтық-эстетикалық дүниетанымды танытатын төрт түлiк малға байланысты жақтары өмiрдiң шынайы реалистiк болмысынан туындаған. Зерттеушi Б.Уахатов түркi халықтары тұрмыс-салт жырларының еңбек, шаруашылық кәсiбiне сәйкес туындаған ерекшелiктерiн атап көрсетедi: «Халық поэзиясы – халық өмiрiнiң айнасы. Өлең әр халықтың арман-тiлегiнен, ойынан, мiнез қарекетiнен, тұрмыс-тiршiлiгiнен тұрады. Және соның бәрiн әр халық әр түрлi жолмен, әр ұлтқа тән өзiндiк формада бейнелеп көрсетедi. Мысалы, қазақ өлеңдерiнде қазақ халқының көшпелi малшылық өмiрi, сонымен байланысты туған ой-сана сезiмi суреттелсе, өзбектерде баубақша өсiрген отырықшы халықтың тұрмысы баяндалады. Ал, алтай, саха, буряттарда Сiбiрдiң қақаған аязды ақ қар, көк мұзы, мүйiзi қарағайдай бұғысы мен құлжасы, аңшылық өмiрi бейнеленген» [13, 81-82].

Бұл орайда, Байназар мен Төлеубай ақынның айтысында Қазалы мен Қармақшы аудандары халқының ата-бабалық дәстүрге сай төрт түлiктiң жылқыдан да басқа түрлерiн өркендеткен шаруашылық тынысы өмiр шындығына лайықты жырланған:

Жазбаша айтыста ақындардың төрт түлiкке байланысты қолданған сөздерi халқымыздың ұлттық-этнографиялық болмысына тән ойлау тереңдiктерiн, тiлдiк қорымыздың дәстүрлi өрнектерiн көрсетедi. Жинақтай айтқанда, Байназар мен Төлеубайдың сайысы –этнографиялық сипатты шығарма. Екi ақын да шаруашылық көрсеткiштерiн салыстыра жырлағанмен, төрт түлiктiң ата-бабалық дүниетаным өрiсiндегi қасиеттерiн толық қамтуы, көркем бейнелiлiк кестелерiмен өрнектей жырлауы арқылы ұлттық дәстүрлi көзқарастар, бағалаулар жүйелене айқындалған. Әсiресе жылқы, түйе түлiктерiнiң қасиеттерiн әрi саралай, әрi даралай жырлау арқылы жазбаша айтыстың ақындық поэзияға тән фольклорлық-этнографиялық ерекшелiктерi айқындала түскен.

Ақындық поэзияда халықтың тұрмыс-салт өлеңдерiндегi поэтикалық үрдiстердi желi етiп жырлау арқылы қазақтың ұлттық көңiл-күйi психологиясы танылады. Халықтың негiзгi күнкөрiс тiршiлiгiнiң қайнар көзi болып саналатын төрт түлiктi арқау еткен жырлар арқылы поэтикалық бейнелiлiк астарларына мағыналық негiз болған атаулардың, сөз тiркестерiнiң мәнi де байқалады. Бұл арқылы жалпы халықтық тiлдiк қолданыстардың ақындық поэзия арқылы көркем сөз қорына қосылатын болмысы да аңғарылады.

XIX ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақ әдебиетiнiң дамуында фольклор мен әдебиет ерекшелiктерi сабақтасқан жанр ретiнде өрiстеген жазбаша айтыстардың ұлттық рухани мәдениетiмiздегi маңызы анық байқалды. Қоғамдық-әлеуметтiк оқиғалардың ақпараттық тұрғыда бағалануында жазбаша айтыстардың көсемсөздiк мәнерi жалпы халықтық қабылдауға ие болды. Сондықтан, сөз арқауындағы Байназар Өтепұлының жазбаша айтыстарын дәстүрлi өнердiң жалғасқан көрнектi үлгiлерi ретiнде бағалаймыз.

Қорыта айтқанда, ақындық поэзия дәстүрi, оның мектептiк жалғасы ұлттық мәдениетiмiздiң көркемдiк мұрасы ретiнде рухани құндылықтарымыздың маңызды саласы болып бағаланады. Ақындық поэзияның көркемдiк ойлау негiзi болып саналатын мақал-мәтелдер, қара өлеңдер, ой-шешендердiң толғаныстары, жыраулардың толғаулары – барлығы да өлең өнерiнiң, қазақ сөзiнiң қарым-қатынастар мәдениетiнiң құралы екендiгiн айқындайды. Ақындардың дидактикалық-лирикалық өлеңдерi (арнаулар, нақыл, насихат өлеңдерi, табиғатқа, атамекендерге арналған пейзаждық-топонимикалық жырлар) этнопедагогикалық-этнопсихологиялық сарынды қазақ поэзиясының ұлттық сипатын көрсетедi. Ақындардың жазбаша айтыстары фольклор мен әдебиет дәстүрлерi тоғысында жырланды. Классикалық Шығыс үрдiстерi жазбаша айтыстарда сабақтаса өрiлдi. Қазақ тұрмысы, төрт түлiк, әдеби сыншылдық, ақындық тұлға ұлағаты және т.б. тұрмыстықәлеуметтiк мәселелер жазбаша айтыстарда мол қамтылды. Арал, Қазалы өңiрлерi ақындарының лирикалық-дидактикалық өлеңдерi, айтыстары жалпы ұлттық қазақ әдебиетi тарихының дамуында эстетикалық-көркемдiк ұлағаты мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан даму жолымен келедi. Бұл – қазақ сөз өнерiнiң өмiршең өнегесi.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Жабаев Ж. Екi томдық таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым. 1996. – 1-т. – 312 б. 2 Жабаев Ж. Екi томдық таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 2-т. – 384 б.
  2. Байғанин Н. Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер, толғаулар, дастандар / Құрастырған, алғы сөзiн жазған О.Нұрмағамбетова. – Алматы: Жазушы, 1991. – 400 б.
  3. Әзiрбаев К. Екi томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т. 1: Өлең, терме, толғаулар /Құрастырушылар Н. Төреқұлов, Б. Әзiрбаев. – 360 б.
  4. Әзiрбаев К. Екi томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т. 2: Айтыстар, дастандар / Құрастырушылар: Н. Төреқұлов, Б. Әзiрбаев. – 352 б.
  5. Әлiмбаев Д. Кеншi жыры: өлеңдер, толғаулар, ертегi, айтыстар / құрастырғандар: С. Негимов, Б.Ысқақов. – Алматы: Жазушы, 1986. – 136 б
  6. Қошқарбаев Ш. Ақ қайың: Өлеңдер, толғаулар, дастан, айтыстар / құрастырған С. Негимов. – Алматы: Жазушы, 1984.– 160 б.
  7. Тәжiбаева А. Ана даусы. – Алматы: ҚБМ, 1948. – 48 б.
  8. Тәжiбаева А. Ана сыры. – Алматы: ҚМКӘБ, 1955. – 88 б.
  9. Бекежанов Н. Аманат: Өлеңдер, айтыстар, дастандар. – Алматы: Жазушы, 1990. – 272 б.
  10. Өтепұлы Б. Жүйрiктiң аты шықпас озбай көпте. – Қызылорда: Тұмар, 2005. – 120 б.
  11. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдерi. – Алматы: Ғылым, 1974. – 288 б.
  12. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. – Алматы: Ғылым, 1983. – 160 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.