Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Т. Ізтілеуұлының жазба айтыстары

Мақалада жазба айтыс өнерінің шығу тарихы мен даму жолынан бастап, ауызша айтыстан айырмашылығы, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны айқындалады. ХХ ғасырдың басында жазбаша айтыстың үрдіс алып суырыпсалма айтыспен қатар дамығанына тоқтала келе халық арасында ерекше қолдауға ие болғаны сөз етіледі. Жазба айтыс өнеріне үлес қосқан ақындарды атай келе, Т. Ізтілеуұлының жазба айтыстарының көркемдік қыры мен тәрбиелік мәні зерделенеді.

Айтыс – ауыз әдебиетіндегі ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр екені белгілі. Көшпелі елдің өмірімен бірге жасасып келе жатқан бұл жанрдың халық мәдениеті мен өнеріндегі мәні зор. Айтыс қазақтың жиын-тойының сәнін келтірсе, екінші жағынан әлеуметтік мәселелердің талқыға салынып, ел мүддесі таразыланып жатады. Мұхтар Әуезов айтыс жанрының әлемдік сөз өнері тарихында қазақ әдебиетіне ғана тән екендігін атап көрсетеді де, оны әлемдік сөз өнері дамуымен сабақтастыра бағалайды: “Тегінде қазақтағы айтыс өлеңдері – өзге жұрттың әдебиетінде кез келмейтін, біздің әдебиеттің байлығына дәлел болған айрықша бір түр”[1, 227]. “Айтыс” өнері мен “айтыс” атауының шығу тарихы жөнінде М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, М. Жармұхамедов, Ә. Қоңыратбаев сынды әдебиетші ғалымдарымыз пікір айтып, оның түрлерін жанжақты зерттегендігі баршамызға мәлім.

Ал жазбаша айтыстар – өлеңдерін жазба түрде жазған, оқымысты ақындардың ортақ туындылары. Әрбір ақынның өзіне тән жазу мәнері, қағазға түсіру барысында сұрыпталған, екшелген, талғам таразысына салынған сырлы толғаныстары болатындығы белгілі. Жазбаша айтыстарда ақындар өмір келбеті, замана ағымы туралы, адамдардың мінез-құлық, дағды қасиеттерін саралап жырлайды. Өлеңмен замандасын ой бөлісуге шақырады. Жазбаша айтыстардың жазылуындағы дәстүрлі бағдар – сайысушы ақындардың бірдей өлеңдік өлшем өрімін қатаң сақтайтындығы, қара өлең үлгісіндегі он бір буындық өлең өлшемін сақтамаған ақынды сынайтыны. Жазбаша айтыстар қазақ поэзиясының көркемдік дәстүр тағылымын байқатады. “Жазбаша айтыс – ерте заманда Шығыс поэзиясында, атап айтқанда, араб, парсы, түрік, моңғол әдебиеттерінде болған үрдіс. Осы Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан айтыс дәстүрі қазақ арасына кең тарады. Жазбаша айтыс ауызша айтыстың қорынан пайда болды, яғни соның заңды жалғасы. Егер ауызша айтысқа екі адам қатысатын болса, жазбаша айтысқа кейде бірнеше ақын араласады, айтыс ұзап кетсе, сырттан біреу тоқтау сөз салып, төрелік айтады. Мысалы, Ырысты мен он алты ақынның айтысы да жазу түрінде хатқа түскен айтыс. Мұнда қара өлең формасы мен ғазал араласып келеді. Ырысты мен он алты ақын адамгершілік, ізгілік, еңбек, әділдік, махаббат жайлы толғайды”, – дейді [2, 142-143]. Жазбаша айтыс Қазақстанның бірнеше өңірінде, әсіресе, Сыр бойында қарқынды дамыды. Сыр бойындағы жазба айтыс мұраларын ғалым Ә.Қоңыратбаев зерттеп, жүйелесе, зерттеуші М.Байділдаев оларды жинақтауда үлкен еңбек сіңірді. Сыр бойындағы жазба айтыс жөнінде ғалым Т.Тебегенов өзінің зерттеу еңбегінде: “Ақындардың жазып айтысу дәстүрі қазақ әдебиетінің тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бірінші жартысында айрықша дамып қалыптасты. Әсіресе Сырдария мен Әмудария аралығындағы қазақ, қарақалпақ ақын-шайырлары мен Қаратау атырабындағы Шығыстың классикалық әдебиетінің дәстүрлерін меңгерген ақындар шығармашылығында жазбаша айтыстар тұрақты орын алды”, – деп жазды [3, 292-293]. Демек, жазбаша айтысты ауызша айтыстың заңды жалғасы ретінде ақындарды сауаттылыққа, тапқырлыққа, көркем бейнелеуге, ой ұшқырлығына тәрбиелейтін сөз өнерінің ерекше жанрларының бірі деуге әбден болады. Осы орайда зерттеуші Е.Әбдіхалықова: “Қазақтың сөз өнерінде ақындардың бір-бірімен жазбаша түрде айтысуы, хат арқылы сөз додасына түсуі тек қана Сыр бойы емес, басқа да өңірлерде кездесіп отырғандығы мәлім. Ш.Құдайбердіұлының “Жайлаудың баласымен айтысқаны”, М.Дулатұлының “Қарақұс һәм адам”, Ж.Басығариннің “Ғылым мен надандықтың айтысқаны”, т.б. айтулы туындылары жазба айтыстың көркем әдебиеттің бір түрінде дамығандығын дәлелдей түседі”,– деп тұжырымдайды [4, 10]. Біз бұл тұжырымды құптай отырып, жазба айтыс үлгісінің бастауы көркем әдебиетте ХІ ғасырдағы Махмұт Қашқари жазып қалдырған “Жаз бен қыстың айтысы” және ХІІ ғасырдағы Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметіндегі” “Жұмақ пен дозақтың айтысы” туындыларынан, сондай-ақ Иасауи шәкірті Сүлеймен Бақырғани жырларындағы діни ұғымдардың сөз сайысынан қылаң беретінін аңғарамыз. Мұнан жазба айтыс ХІ ғасырдан басталды деген пікір туындамауы тиіс. “Жаз бен қыстың айтысы” мен “Жұмақ пен дозақтың айтысы” сондай-ақ ХХ ғасырда дамыған жазба айтыс үлгілеріндегі ортақ ұқсастық қағаз бетіне түскендігінде жатыр. Бірінде екі немесе бірнеше адам бірі-бірімен хат арқылы айтысса, екіншісінде, жеке авторлар абстрактілі ұғымдарды бір-бірімен айтыстырады.

Қазақ халқының айтыс өнері бүгінгі күнге дейін ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Әсіресе жастарды өнерге, еңбекке, адамгершілік ізгі қасиеттер – қайырымдылық, бауырмалдық, ерлік, ар-ұят, ождан сақтау, елін, жерін, Отанын қорғауға баулуда, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін дамытуда айтыстың орны ерекше. Айтыста тапқырлықпен қатар сөз шеберлігі, шешендік, аталы сөзге тоқтаған бабалар өнегесі, ар-намысты қастерлеген аталық ақыл-өсиет көрініс тауып жатады.

Қазақ ақындарында жазып айтысу дәстүрі елеулі орын алған. Бұл әсіресе шығыстың классикалық әдебиетінен үйренген ақындар тәжірибесінде жиі ұшырайды. Шығыс әдебиетін үлгі тұтқан айтыскерлер сөз сайысында әйгілі “Мың бір түн”, “Кәлила мен Димна”, “Шахнама” тәрізді классикалық шығармалардан мысал-аңыздар келтіріп отыруды да үлкен білімділік санаған.

“Қазақ поэзиясындағы жазбаша айтыстар – ақындық өнер шығармаларының көркем әдебиет ұғымын құрайтын жанрлық түр” деген пікірдің жаны бар [3, 289]. Сыр бойының дауылпаз ақыны Т.Ізтілеуұлы сөз өнерінде ежелден келе жатқан ерекше дүние – айтыс жанрында да қалам тербеген ақын. Тапқырлық сөз, шешендік үлгідегі өлеңдерінен байқағанымыздай, Тұрмағамбет ақынның суырыпсалма ақындық қасиеті де көп айтыскер ақындардан кем болмаған. Бірақ көзбе-көз отырып айтысқандығы жөнінде дерек бір жерде ғана көрініс тапқан (Тұрмағамбет пен Нұрғалидың айтысы, 1934 жыл). Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болған. Тұрмағамбет ақын жазбаша айтысып қана қоймай, әр кезеңде болған ақындар айтыстары-

на аралық сөздер айтқан. Айтыс ұзап бара жатса, басу сөзбен тоқтатып отырған, айтыстың тату түрде тәмамдалуына себін тигізген. Сөзіміздің дәлелі ретінде Тұрмағамбеттің Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға айтқан аралық сөздерін келтіруге болады.

Тұрмағамбет шығармашылығында жұмбақ айтысы мен хат арқылы жазбаша айтысу үрдісі үлкен орын алған.

Жұмбақ айтыс – айтыстардың ішінде өзіндік орны бар ерекше түр. Бұл айтыс адамзаттың өмір құбылыстарын, табиғаттың тылсым құпия сырын танып-білсем деген арман-тілегінен туындаған, тарихы тереңнен тамыр алатын өнер үлгісі. Ақындықпен қатар білгірлікті, тапқырлықты қажет етеді (Әсет пен Ырысжан, Қожахмет пен Әбубәкір, т.б.). Жұмбақ айтысы дүниетаным өрісін кеңейтіп, өмірді тереңірек білуге, ой-сананы өрістете отырып, қиялды шарықтатуға жетелейді. Жұмбақ айтыс ақындардың ойөрісінің, танымының кеңдігін, білімін, адамгершілігін сынау, байқау құралы ретінде қызмет атқарған. Жұмбақтау, жорамалдау, топшылау сипатында болғандықтан тіршіліктегі өзара ұқсас құбылыстар айтысқа негіз болады. Табиғаттағы егіз және қарама-қарсы кескінді заттар мен құбылыстар жарыстырыла жырлану, салыстыру секілді көркемдік тәсілдер арқылы жасырылады. Мысалы, қыс пен жаз, күн мен түн, жақсылық пен жамандық, аз бен көп, жер мен көк, т.б. Әбубәкір мен Құлымбеттің, Қожахмет пен Әбубәкірдің, Сапарғали мен Нұржанның, Ырысты мен он алты ақынның, Шәкей сал мен алты ақынның, Ешниязұлы Жүсіп пен Баймағамбетов Қуаныштың, Көлдейбекұлы Ерімбет пен Шораяқтың Омарының, Тұрмағамбет пен Кенжебекұлы Даңмұрын және Ешниязұлы Жүсіптің, Тұрмағамбет пен Шәді төренің, Құдайбергенұлы Жүсіп пен Төлеген есімді ақындардың жұмбақ айтыстары – осы жанрдың ұлттық сөз өнеріндегі ерекше үлгілері.

“Тұрмағамбет пен Шәді төренің” жұмбақ айтысы пішіні жағынан жазба айтыс түріне жатады. Жұмбақты қоюшы – Тұрмағамбет, шешуші – Шәді төре, екеуі де Сыр бойының саңлақ ақындары. 1906 жылдың қараша айында Тұрмағамбет ақын он төрт шумақтан тұратын жұмбақ-өлеңді жазып, Шәді төреге жібереді. Шәді ақын жауабын дұрыс тауып, екі айдай уақыт өткенде, қаңтар айында хат жазады. Өлеңнің мазмұнынан байқап отырғанымыздай, Тұрмағамбеттің жұмбағын Шәді төреге сол кездің белгілі айтыс ақындарының бірі – Мансұр Бекежанов жеткізген екен.

Тұрмағамбет жасырған жұмбақтың мазмұнына қысқаша тоқталып өтсек, бір патшаның бағында түстері бір тектес үш-төрт гүлі, одан бөлегірек тағы бес-алты гүл мен ортасында ертелі-кеш сайраған бұлбұлы, мешітінде жеті молдасы мен оның сегіз-тоғыз жолдасы, он жерде тәлім-тәрбие беретін ордасы бар екендігі айтылады. Мұны Шәді төре:

“Ғажайып патша көрдім” деген сөзің,

Ол – туған бала емес пе адамзаттан? – [5, 106].

деп шешеді. Үш гүлдің шешімі – үш жасқа дейін бөбектің гүлдей жұпар иісті болатынын, төрт-бес жаста бұлбұлдай шырын тілімен атаанаға сүйкімді болатыны мен жетіде мектеп табалдырығын аттап, он жаста ғылымның дәмін тататындығын мәлімдегені еді. Он бес жаста ала-бұртқан көңілмен қызметке кіру мен жиырма жастағы аңғал жігіттік, айдаһардың айбатындай “ай-һай, жиырма бес!” пен қабыланның қайратын еске түсіретін отыз жастың мән-мағынасы мен қадір қасиеті дөп баса жұмбақталған. Қырық жаста ақыл тоқтатып, елу жаста елге кеңесші болары, алпыста ақылдан сәл адасып қалудың да болып тұратындығын қырық ақылшы уәзірдің, елу кеңесші мен сары тістене бастаған алпыс атан түйенің жұмбақ ретінде жасырылуымен түсіндіруге болады.

Қазылған жетпіс жап бар ордасында, Бау-бақша еккен миуа ол басында. Бұл кезде су тартылып, сөлі кепкен, Із қалған атыз-жаптың формасында...

Сарайда сексен дарақ құлап жатқан, Ысрайыл соққан дауыл ғаламаттан Оларды “тұрғызам” деп тоқсан кісі, Әуре боп сілелері әбден қатқан.

Зынданға жүз кісіні байлап салған,

Олардан жоқ шығар жан тірі қалған [5, 107].

Жетпіс, сексен, тоқсан, жүз жастардың жұмбақ ретінде жасырылуы Тұрмағамбет ақында жоғарыша көрініс табады. Бұл жұмбақтың өлеңдік негізде құрылуы мен шешілуінде де ақындық шеберлікпен қатар үлкен тапқырлық, білгірлік жатқандығын байқаймыз. Ақын “Өмір өткелдері” деген бір өлеңінде өмір белестері туралы баяндаса, мұнда әрбір жас ерекшелігін ескере отырып жұмбақ етіп жасырған. Жұмбақ айтысы адам баласы санасының даму кезеңінде әр алуан өмір құбылыстарын түсініп білуге деген құштарлықтан туындағаны белгілі. Яғни

Т.Ізтілеуұлының жасырған жұмбағы адамтану аясын қамтиды, адамгершілік мұраттарды сөз ету барысында, алдыменен, адамның өзін-өзі танып алуы қажет екенін мегзейді. Жұмбақта адамның түрлі қасиеттері жас мөлшеріне сәйкестендіріле ашылады. Алғашында жайқалған гүлге, сайраған әдемі үнді бұлбұлға теңеліп, адамның балалық, періштелік шақтары әсемдікпен үйлесімді көрінеді. Біріншіден, жұмбақты шешу үшін ойланады, екіншіден, сол мөлшердегі жастардың өткен-кеткенге есеп беріп, ойға шомуына өлеңнің себі тиеді. Жұмбақ айтысқа тән композициялық құрылым жұмбақ және шешіммен қатар бұл айтыста өмір туралы ақындық толғаныс орын алған. Тұрмағамбет ақынның сұрағынан да, Шәдінің жауабынан да ақындық шеберліктің шыңдалуы, таным-талғам мәселесінің кемелденуі байқалады, айтыстың өмір жайлы философиялық толғамдарға толы келетіндігін көреміз.

Айтыс ақыл-ой парасатын шыңдап, тапқырлыққа тәрбиелейді. Ал жұмбақ адамның қиялдау қабілетін дамытып, ойды жетілдіруде зор мәнге ие болады. Ол ойды тікелей емес, салыстыру мен ұқсату арқылы жеткізеді. Жұмбақ жайында А. Байтұрсынов былай деп түйіндейді: “Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан: яғни қолдың ішінен бірнәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақта нәрсені қолда жұмып тұрып таптырмайды. Оны көріп айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрсені сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптыртады. Жұмбақ – зейінді ұстартуға пайдалы нәрсе” [6, 233]. Өйткені заттың белгісі, қасиеті, тұлғасы, түсі, жасалуы, үні, дауысы мен ырғағы сияқты ұқсатуларды білу барысында және жұмбақталған ойдың шешімін табуда адамның ақыл-парасаты, білім деңгейі байқалады деп ұқтырады халық педагогикасы. Астарлап сөйлеп, жұмбақтай айтудың әсері мен ықпалын, тәлім-тәрбиелік мәнін айтыстан көбірек байқаймыз. Осы жолда қазақ халқы адамгершілік танымдарды дамытудың бірден-бір жолы ретінде айтысты таныған.

Халықтық салт-дәстүрдің моральдық қағидаларын мейлінше сіңісті еткен өнер түрі айтыстың қазақ халқы тарихында алар орны ерекше. Бұл бір жағынан өнер сайысы, екіншіден, адамгершілік тағылымды, тәлім-тәрбиені мазмұнына сыйдырған жақсылық жаршысы болғандықтан айтысушы екі жақ тақырыпқа орай қоғамдық, әлеуметтік мәселені де, жеке адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы, келбет-пішіні, адамдармен ара-қатынасы – бәрі-бәрін тапқырлықпен сөз етеді. Айтыс халықтық тәрбие мектебі, эстетикалық мәні зор өнер болуымен бірге, сөз шеберлігін шыңдайтын, сөз зергерлерін халық талқысынан өткізетін орын. Айтыстың мазмұн желісінде сөз болатын мейірімділік, жомарттық, парасаттылықтан ұрпақ өнеге алып, шеберлікпен жеткізілген әсемдіктен үйреніп, оны өзіне үлгі етеді. Ал дүмшелік пен даңғойлықты, дарақылық пен парықсыздықты кемшілік ретінде көрсеткен сөз сайысы ондай мінез-құлықтан сақтандырады. Абыройға дақ түсіретін келеңсіз мінезді ділмарлықпен жеткізген ақын сөздері тыңдаушысын толғандырары анық. Айтысушы екі жақтың бәсекесіне мән беріп, айтыстағы астарлы ой жөнінде толғанып, әрбір тыңдаушы не оқырман өзінше пайымдап, өзіндік таным қорытындысын шығарады, өнегелік түйіндеулер жасайды, тәлімдік тағылым алады.

“Тұрмағамбет пен Жүрсіннің айтысы” осындай тағылымды жазба айтыстардың бірінен саналады. Екі ақынның бір-біріне деген қошемет сөзінен бастау алған айтыс Тұрмағамбет ақынның қамқоршы аға болып, Жүрсіннің жасы кіші іні ретінде сыйласқан ізгі ниетімен жалғасын тауып, оқырманның жанын жадырата түседі. Тұрмағамбеттің “қиғаш қас, құралай көз нағыз һүр (сұлу) екенсің”, “кемеңгер, білімге бай анық дүр (ақын) екенсің” деген мақтау сөзіне алғашында Жүрсін сеніңкіремей, кері түсініп, “жазуымды жөндей алмай жүргенімді айтқаның ба?” дейді. “Зейінім сүйегіңді танып еді” деген көреген сөзінен кейін барып Жүрсін ақын ағасының адал көңіліне сене отырып:

Сөзіңе “дуа дарыған” адам едің,

Басыма кетпес онда бақыт қонбай, – [5, 115].

дейді. “Жақсы сөз – жарым ырыс”, “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген халық нақылдарын өлеңдеріне өзек еткен халық ақындары бір-біріне көлгірсуден аулақ. Жақсы қасиеттерді әсем сөздермен жеткізу арқылы оқырманын әдемілікке жетелейді. Жан мен тәннің сұлулығын сипаттай келе адамдықтың биік шыңын нұсқайды, адамгершілік мұраттарды көздейді.

Басыңа ықпал орнап, бақыт қонса, Қайырсыз қатарыңа болма онша. Қазаның халық біткенге қайнап тұрсын!

Жаз салқын болсын үйің, қыс күн монша [5, 115].

Айтыс өнерінің тәрбиелік мәні жоғарыдағы шумақтан барынша айқын көрінеді. Ықпалды

бола қалған жағдайда, биліктің бір ұштығына қолың жетсе қатарыңа қайырсыз болма, жанжағыңа мейірім шуағыңды төге жүр. “Қазаның халық біткенге қайнап тұрсын” дегені – көпшілдікке, қонақжайлылыққа үндегені. Үй-жайың қай кезде де жұрттың жайын табатындай жағдайда болсын деп елдің қамын ойлар ер-азамат болуға шақырған өлең жолы “жаз салқын болсын үйің, қыс күн монша” ретінде көрініс табады.

Қарсыласы іні ретінде ізет сақтап, жауап қатып қана отырады, негізгі сөздің тұтқасы Тұрмағамбет ақында болады. Адамдық асыл қасиеттерінің бірі – татулық болса, сөз көкпарында тартысқан ақындардың мәреге жеткенде, көңіліне кір сақтамай, құшақ айқастыруы өнегелі іс. Алайда жазба айтыста ақындардың көзбе-көз отырып, сөз таластыруы болмайтындықтан, татулық көрінісі айтыстың өне бойынан байқалып отырады. Кей айтыстарда ақындар бір-бірінің мінін теріп, сүрінер тұсын аңдып, ұрымтал жерін іздеп, ұтуды мақсат тұтып жатады, ал бұл айтыста ағалық риясыз көңіл мен інілік ізет қатар өріліп, сөз сайысы жарастықта аяқталады.

Тұрмағамбет ақынның жоғарыда сөз болған айтыстарынан бөлек Әбдікәріммен айтысында бозбалашылық, жігіттік жөнінде сөз қағыстырса, Сәнбаламен жазбаша айтысында қыз бен жігіт айтысының үлгісін көрсетеді.

Жалпы, жазба айтыста ақындардың бірінбірі жеңуі мақсат тұтылмайды. Ортаға тасталар ой, пікірталас туғызар кейбір жағдаяттар айтысты бастаушы ақынның өлеңіне өзек болады. Ол ой бар ақынды да толғандырып жүруі мүмкін. Мезгілі жетіп, пісіп жетілген ой қағазға түсіп, хат болып жолданады. Демек, жазба айтыс жеңу мұратын емес, ой, пікірталас туындату мақсатын ұстанады. Жазба айтыста да, суырыпсалмалық айтыста да халық мүддесі алдыңғы қатарға қойылады. Суырыпсалма айтыс пен жазбаша айтыстың айырмашылығы: суырыпсалма айтыста екі ақын ғана сөз таластырса, жазбаша айтыста екі немесе онан да көп ақындар бір тақырыпта хат арқылы бір-бірімен жауаптасып айтысады (“Ырысты мен он алты ақынның айтысы”). Бұл турасында Ұ.Асанова “Қос ақынның хат арқылы айтысу салтымен қатар (“Молда Мұса мен Манат қыз”) көптеген ақындардың бір күрделі тақырып төңірегінде топтасып айтысу дәстүрі де кең орын алды. Бұған Сыр бойында өріс алған сан-салалы ақындар айтысы дәлел (Кете Жүсіп – Жұбанияз – Құлназар айтысы, Алты ақынның өмір туралы айтысы)”, – деп түйіндейді [7, 35-36]. Зерттеуші мысал келтірген “Алты ақынның өмір туралы айтысы” – Тұрмағамбеттің Шораяқтың Омарына жазғанынан басталып, айтысқа Кете Жүсіп, Кете Шахар, Керейт Шәді, Сарғасқа Молдағали сынды ақындар қатысады. Мұндағы ақындар есімінің алдында келіп, айқындауыштық қызмет атқарып тұрған Кете, Керейт, Сарғасқа атаулары – кіші жүздің ру аттары, ақындардың шыққан тегінен хабардар етеді.

Келтірмес өлімді ойға нәпсіге ерсең, Нәпсіге ер емессің, ерік берсең.

Тастайды ара шөлге адастырып, Алдыңа “әуес” атты қойып керсең, –деп басталатын Тұрмағамбет ақын сөзінде үлкен философиялық ой жатыр. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдерінде “нәпсі” ұғымының сөз етілуі бір бұл емес, бірнеше туындыларында кездеседі. Адам табиғатында рух пен нәпсінің тайталасып өмір сүретіндігін негіз еткен ақын “нәпсіге ерік берсең ер емессің” дейді. Яғни, рухтың биіктей түсуін жақтайды. Тұрмағамбет “келтірмес өлімді ойға нәпсіге ерсең” деп ортаға сөз тастау арқылы айтысты діни дүиентанымға негіздейді. Өлімді әрдайым ойда ұстаған жан ғана о дүниелік азаптың барын есте сақтап, жамандықтан, қиянат жасаудан аяғын тартып жүре алады. Ал нәпсі – қанағатсыздықтың негізі, бастау алар көзі. Ол ешқашанда тоят таба алмайды. Нәпсіге ерік берсең адамгершіліктен ада болғаның. “Нәпсіге ерік берсең ер емессің”, адам емессің, адам деген атқа лайық емессің. Адам боп өмірге келгеннен кейінгі баршамызға міндеттелер мақсат адам атына сай өмір сүру, азғындамай, адам қалпында қалу. Тұрмағамбет ақын нәпсінің екінші атауын “әуес” деп беріп, атқа теңейді. Әуестікке ерсең, шөлде адасасың дейді.

Барға қанағат етуге, мал-мүлікке қызықпай, денсаулықты сақтауға, нәпсінің дегеніне көніп, соңынан ілесе бермеуге шақырып, Тұрмағамбет өлеңін Шораяқтың Омарына жолдайды. Айтысқа қатысқан алты ақынның ішінде Шораяқтың Омары мен Сарғасқа Молдағалидың өлеңдері бір арнада тоғысады. Тұрмағамбет ақын қозғау салған ойға тереңдеп бармай, кей ақындар “қайғысын бұл жаһанның қабат ойлағанша, ақылыңды екі бөлсең қайтеді” (Омар), “бәрінен де ақ жеңешем қасында домбыра шертіп отырсаң” (Молдағали) жақсы емес пе деген сияқты ойларын қысқаша қайырады. Керейт Шәді ақынның қайырған жауабы өмірлік философияны толғауы тұрғысынан Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңімен астасып, басқаларымен салыстырғанда тақырып аясын кеңінен ашуға тырысады. Шәді ақын тұрғыласы Тұрмағамбеттің ойын дамытып, оқырмандарын әділ жолдан қия баспауға, адалдықтың, адамдық ардың ақ жолына шақырады.

Зерттеуші Л. Әбдіхалықова Т. Ізтілеуұлының “Көкқұтан мен шымшық” мысалын мысал айтысқа жатқызады. Себебі мұнда көкқұтан мен шымшық адам кейпінде бір-бірімен жауаптасып айтысады. Мысал айтыстың түріне жататын осы туындыда көкқұтан мен шымшық арқылы өмірдегі осындай мінезді бір қауым бейнеленген”, – деп тұжырымдайды 3, 17. Осы ойды жалғастыра келе Тұрмағамбеттің жазба айтыстарын діни айтыс (“Тұрмағамбет пен Ермұраттың айтысы”), хат айтыс (“Тұрмағамбет пен Жүрсіннің айтысы”, “Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы”), жұмбақ айтыс (“Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы”), мысал айтыс (“Көкқұтан мен шымшық” мысалы) деп жіктеуге болады.

Қазақтың нағыз сөз мәйегін, терең сырлы ой тұңғиығын, тұнық сөз тұмасын Т. Ізтілеуұлы басқа туындыларымен бірге жазба айтыста да молынан қолдана білген. Ақын шығармашылығының бағасын арттырып отырған да осы мәндес жырлары.

 

Әдебиеттер

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
  2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.
  3. Тебегенов Т. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі: филол. ғыл. док. дис. – Алматы, 1998. – 345 б.
  4. Әбдіхалықова Л. Сыр сүлейлерінің жазба айтысы: Филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 2004. – 30 б.
  5. Ізтілеуов Т. Назым. – Алматы: Жазушы, 1972. – 318 б.
  6. Байтұрсынов А. Шығармалар / Құрастырғандар Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы, 1989. – 320 б.
  7. Асанова Ұ. Қазақ халқының айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1993. – 141 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.