Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің табиғаты, лингвомәдени айырмашылықтары

Мақалада «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдер олардың табиғаты, лингвомәдени айырмашылықтары ғылыми түрғыда талданады. Эпопеядағы орын алған топонимдік деректер, яғни жер-су атаулары мен кісі есімдері халықтық мәдениет, тіл мен әдебиетті арқау ете отырып, оны ұлттық болмыс пен сипатты танытудағы өзекті мәселеге айналдырып, топонимдік деректер туралы тұжырымдар айтылады. Әр халықтың даму үдерісінде мәдени ақпарат кеңінен орын алып, өткен кезеңнің тарихынан хабар береді. Бұрынғы ақпарат көздерінен тілдік ақпараттың алатын орны ерекше. Осы тілдік ақпарат ішінен ономастиканың атқаратын маңызы зор. Көркем туындылардағы ономастикалық атауларды лингвистикалық тұрғыда немесе оның этнолингвистикалық табиғатын, оны қолданудағы ерекшеліктерін, болмаса ұлттық сипатын қарастыру өзекті мәселе. Бұл тақырып аясында бүгінге дейін біршама түрлі деңгейдегі ғылымизерттеу жұмыстары жүргізілді. Романда орын алған Алтай, Семей, Балхаш, Орал, Алматы, Омск, Өскемен сияқты макротопонимдер әлі де қолданыстан шыққан жоқ.

Кез-келген халықтың даму тарихында жасалып, қалыптасқан рухани мұралары күн өткен сайын сол дәуірдің даму жайын айқындайтын мәдени дерек қызметін атқарады. Өткен кезеңнен мәлімет берер дерек көздерінің ішінде тілдік ақпараттың маңызы зор. Осындай тілдік ақпараттардың ішінде ономастикалық бірліктердің орны ерекше.

Олай болса, көркем туындылардағы ономастикалық атауларды лингвистикалық тұрғыда, немесе оның этнолингвистикалық табиғатын, оны қолданудағы ерекшеліктерін, болмаса ұлттық сипатын қарастыру өзекті мәселе. Бұл тақырып аясында бүгінге дейін біршама түрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Осындай жұмыстардың бірі М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атаулары мен кісі есімдеріне байланысты зерттеулер. Бұл мәселеге байланысты бүгінгі таңға дейін бірталай тілші-ғалымдар әртүрлі деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Көрнекті жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында орын алған топонимдік деректерді зерттеу халықтық мәдениет, тіл мен әдебиетінен ерекше мол мағлұмат беретіндігін айта келіп, осы асыл рухани дүниеміздің тілін зерттеген Е.Жанпейісовтің де эпопеядағы ономастикалық материалдарға баса көңіл бөлгенін еске түсіреді. Е.Жанпейісовтің аталмыш романэпопеяда 450-дей кейіпкер есімі, 250-ден аса жер-су атаулары орын алған деген дерегін, және әйгілі шығарманың жиілік сөздігін әзірлеген авторлардың онда кездесетін антропоним, этноним және топонимдердің ұзын саны 1019-ды шамалайды деген деректерін алға тартады.

Өз зерттеу еңбегінде К.Еспаева осы шығармада 965 антропонимдер, 412 этнонимдер, 400ден аса топонимдер бар деген мәлімет береді..

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы топонимдерге тілдік талдау жасай келе, ол 40 көне түркі тілін байланысты, 231 қазақ тіліне қарасты, 17 араб тіліне кірген, 10 парсы тілінен енген, 12 монғол тілінен кірген, 50 орыс тілінен енген, 40-тан аса Кавказ, Европа, Сібір жұртына тиісті топонимдерді анықтайды. Сондай-ақ, К.Еспаева бұл топонимдермен қоса 100-ден аса географиялық терминдердің орын алғандығын айтады [1, 224-239].

К.Еспаеваның негіздеуінше, жер-су атауларын туғызуда географиялық терминдер мен апеллятивтердің маңызы зор. Ғалым олардың бірталайы біріккен тұлғалы топонимдердің компоненттеріннен тұрады да, ол жерлердің тау, төбе, тас, адыр, қырат, дөң, жота, шат, аңғар, теңіз, өзен, көл, су, құдық, сай немесе жайлау, қыстау болмаса, қоныс екендігін нақтылап, айқындап беретіндігін жазады. Шығарма арқауына өзек болып отырған дәуірдің тұрмыс тіршілігі, күн көріс, шаруашылық жағдайымен осындай терминдер немесе, есім сөздердің жиі қолданылуы тығыз байланысты деп тапқан ғалым романда ауыл сөзі 1726 рет аталатынын, ал, 1220 рет жер сөзі, 486 рет болыс сөзі, 296 рет дала атауы, 219 рет қыстау сөзі, қоныс сөзі – 158 рет, өзен сөзі – 113 рет пайдаланылғанын анықтайды [2, 66].

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы бірталай топонимдердің жиі қолданыс табуы, біріншіден, аталмыш аймақтарда өткен тарихи-қоғамдық, саяси жағдайларды ашып көрсетуге ықпал етіп, сыр-сипатын айқындаса, екіншіден, шығарма образдарының тұрмыс-тіршілігінен, әртүрлі іс-әрекетінен, қоршаған ортасынан жақсы дерек береді.

К.Еспаева романда М.Әуезовтың Петербор – Петербург – Петергоф – Петербор – Питер немесе, Омбы – Омск деп, Ресей – Россия, Руссия – Русия – Россейские – Русский және Семей – Семипалат – Семипалатинск – Семипалатинский; Жетісу – Семиреченский тәрізді қала атауларын бірнеше жерде әрқалай қатарынан пайдалану себебі қазақ және орыс, яғни, екі тілде қолданылу әрі айтылу ерекшелігін беруді мақсат еткендіктен, сондай-ақ, осы топонимдерге айрықша бояу, жетік көңіл бөлгендіктен екендігін айтады. Шындығында осы туындыдағы жер-су атауларының лексикалық құрамын, жасалу тәсілдерін тілдік жағынан талдап, оның мән-мағынасын ашып, этимологиясын айқындау бүгінде тілдегі өзекті мәселе екендігіне күмән тудырмайды.

Шығармада картаға түскен биік тау, үлкен өзен, көл немесе, ірі-ірі қалалар сияқты макротопонимдерден гөрі ауыл, жайлау, қыстау, қоныс, бұлақ, жылға, жазық, адыр, қырат, ой, ойпат, жыра, қорық, бастау, дария, қайнар, құдық, су, төбе, жота, жан, қыр, дөң, сайқорық сияқты, микротопонимдер мейлінше көп қолданылғанын айта келіп, оған: Құнанбай ауылы, Дөң қонысы, Әйгерім қыстауы, Қаумен ауылы, Қасқабұлақ, Есболаттың қарасуы, Тақырбұлақ, Ащысу, Ортабұлақ, Қарасу, Айқұдық, Көлқайнар, Аққұдық, Қызылқайнар, Бозамбай құдығы, Бетқұдық, Жөкең құдығы, Көшбике қоныс,

Жидебай қорығы, Аралтөбе, Жұпар қорығы, Ақадыр, Мұсақұл қорығы тәрізді жер-су атауларын мысалға келтіреді.

К.Еспаева осындай мысалдарды алдыға тарта отырып, Орталық Азия оның ішінде Қазақстан аймағындағы жер-су атауларының дүниеге келіп, дамуын зерттеген ғалым А.Ф.Гумбольдтың осы жерлердің ең алғашқы топонимдері жалпы есімдерден тұрған тәрізді деген пікіріне қосылады. Олай болса, жер-су атаулар тау, су, бұлақ, қайнар, бастау, төбе, көл, жар, тас дегендей жалпылама сөздерден тұрған дейді.

Аталмыш туындыда ғалым ХІХ ғасырдың екінші жартысында Семей аймағында мекен еткен ру-тайпалардың көшпелі тұрмысына байланысты туындаған топонимдер мол ұшырасатындығын айтады. Себебі, мал шаруашылығымен айналысып, малға жайлы, шөбі шүйгін, жері шұрайлы, суы мол, қонысқа тиімді әрі өзенді, әрі құрақты көлдерді қоныс еткен халқымыз мекен еткен жерлерінің бет-бедері, табиғат құбылысына орай айдар тағып ат қойған. Осы мәселені ескере келе, К.Еспаева уақыт өткен сайын бұл топонимдер кейбірі қолданыстан қалып,ұмтылса, енді біреулері халық жадында сақталып, нәтижесінде бүгінгі Қазақстан аймағының немесе, облыс картасынан орын алғандығын арнайы мысалдармен дәлелдейді.

Романда орын алған Алматы, Семей, Балқаш, Орал, Семипалатинск, Өскемен, Омбы – Омск, Алтай, Бақанас сияқты макротопонимдер де бұрынғыша қолданыстан шықпаған. М.Әуезовтың осы романдағы топонимдерді берудегі бір ерекшелігі жер-су аттарын тек шығарма сюжетіне арқау етіп қоймай, аталмыш топонимдердің саяси-әлеуметтік мазмұнына, халықтық дүниетанымға сай мағыналық астарларына көңіл бөліп, оған терең назар аударып, мейлінше түсінікті етіп сипаттағандығы [2, 272-273].

К.Еспаева тарихқа зер сала келе, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ережеге сай облыстар уездерге, ал, уездер болыстарға, болыстар ауылдарға жіктелгендігін, тағы басқа осындай тарихи, саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайлар романда жан-жақты, кеңінен суреттелгендігін айта келіп, осыған байланысты қаламгер шығармада әкімшілік-саяси терминдер мен сол тұстағы болыстарға жақсы көңіл бөліп атап отырғандығын айтады.

К.Еспаева «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының құрылымын тілдік сипатта жіктеу арқылы, оларды дәстүрлі үш салаға бөліп қарастырады.

Олардың біріншісітопонимдердің ішіндегі бір құрамдылары болып табылады. Оларды ғалым екіге бөліп жіктейді. Бір құрамды топонимдердің алғашқы бөлігі – жеке дара сөзден туындаған топонимдер. Мұндай топонимдерге К.Еспаева романда кездесетін Қапал – жер, Бура-Семейтау, Хан – биік, Аба-қала, Шор – Қарқаралы, Дөң – қоныс, Шар – өзен, Шаған – өзен, Сырт – өлке, Шат – жер, Машан – тау сияқты біршама атауларды жатқызады. Ал, екінші, бір құрамды топонимдерді туынды тұлғалыларға жатқызып, оларға Борлы-тау, Арқалық-тау, Аршалы – болыс, Бөрім-жер, Бақты – жер, Бұғылы-тау, Жыланды қоныс, Доғалаң – тау, Қоныс-жер, Жымба – жар, Миялы-қыстау, Көлденең – жер, Қоғалы – жер, Кіндікті – жатақ, Шілікті – тұмсық, Көкпекті – округ тәрізді жер-су мекен атауларын жатқызады.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының дәстүрлі екінші жүйесі құрамында екі не одан да көп сөзден жасалған топонимдер. Мұндай топонимдерге талдау жасай келе К.Еспаева көркем туындының ішінен осындай жер-су атауларына бірталай мысалдар келтіреді. Романда кездесетін Ақадыр – жер, Ақшатау – жер, Аягөз, Ақжал – қоныс, Ақирек кең дала, Ақшоқы – жер, Белағаш – жер, Балтаорақ жатақ, Қазбала – қоныс, Жидебай – қорық, Қызылқайнар – қоныс, Қарасу – өзен, Мол сулы қоныс, Қасбұлақ – адыр, Шұбарағаш – жер, Ойқұдық – дала, Найзатас – қоныс, Сарыадыр – жота, Талдыбұлақ − қоныс-ауыл, Сарыкөл – көл деген топонимдерге лингвистикалық зерттеу жұмысын жүргізеді [1,70]. Дәстүрлі үшінші жүйесі екі сөзден де көп бірнеше сөз тіркестерінен құралған жер-су атаулары жатады. Оларға романдағы Есембай жырасы, Бөкенші асуы, Ботақан ошағы – қоныс, Кіндік Шолпан – қыстау, Кең қоныс – жер, Қоңыр әулие – үңгір, Қаршығалы Қопа – қоныс, Кіші Қасқабұлақ – қоныс, Қара Ертіс, Хандар сайы – сай, Үлкен Көксеңгір – жайлау, Есболаттың қара суы, Байқадам Сапақ жатағы, Тақыр қолтық – жер, Миялы Байғабыл жатағы, Мұсақұл қорығы – қыстау, Сыбайлас Қаршығалы өлкесі, Сақтоғалақ жатағы деген мысалдар жатады.

Ғалым романдағы топонимдер ішінде түске қатысты атаулар мейлінше жиі кездесетінінін жазады. Шығарма ішінде қара, ақ, сары, қоңыр, көк, қызыл түстермен біріктіріле жасалған топонимдердің мағыналық сипаттары әрқалай.

Мысалы, романда Ақшоқы, Ақжал, Ақадыр, Ақтас, Ақтомар, Ақирек, Аққұдық, Ақшәулі, Қарашоқы, Көкше, Көксеңгір, Көкшетау, Қарабиік, Қарабөктер, Қара Ертіс, Қарасу, Қаарабас, Қаратау, Қоңыртай, Қоңырқожа, Қызылжар, Қызылқайнар, Қоңыршәулі, Қызылтас Байқоңыр, Қызылшоқы, Сарқабақ, Сарыарқа, Саржазық, Сарадыр, Саркөл, Сардала, Саржел сияқты топонимдер тобы айрықша орын алады. Ғалым бұл топонимдерді жеке-жеке саралап, лексикалық түбір, мағынасын ашуды болашақ ісі деп түйеді.

Сонда да К.Еспаева қайсыбір топонимдердің этимологиясы кімді де болса қызықтыратындығын айтады. Романда орын алған Қоңыр сөзімен қатысты туған жер-су атауларының Қазақстанның басқа да аймақтарында бары белгілі. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм ауданында Қарақоңыр деген жер болса, Семей өңірінде Қоңыр, Қоңыршәулі деген мекендер бар. Талдықорғанның Қапал ауданында Қоңыр және Қоңырөлең деген жерлер орын алса, Алматы облысы Қаскелең ауданына тән Үшқоңыр елді мекені және Қоңыр − Ат, Қоңыр – ой деген атаулар Таулы Алтай өңірінде де кездесетінін жазады. Міне, осы мысалдардың құрамындағы қоңыр сөзіне байланысты Е.Қойшыбаев: «Ыңғайына қарағанда, топоним төркіні түркі немесе түркі-монғол тілдерінде бұрын болған, бірақ беріде жаңғырған өсімдік (от) атымен аталғанға ұқсайды» деген пікірін білдіреді[6, 67-68].

К.Еспаева қоңыр сөзі кейбір басқа түстің атаулары қара, ақ тәрізді көп мағыналы болып келетіндігін айтады. Олар: бірінші, нағыз қоңыр, қоңыр-күрең, қызыл күреңболып тура мағынасында қолданылуы; екінші, жұмсақ, жуас, майда сынды мағына білдіретін мінез турасында ауыспалы мағынасы білдіреді. Қазақ тіл білімінде өте сабырлы адамды қойдан қоңыр, баяу үнді адамды қоңыр дауысты деп атайды. Осы мәселеге зер ала келе, тілші-ғалым жер атауының Байқоңыр немесе, Қоңырадыр болып келуі белгілі бір ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін деген пікір білдіреді. К.Еспаева ол топонимдердің бұлай аталуы қызыл күрең не қоңыр күрең болуына қатысты дейді.

Сондай-ақ, ғалым шығармада орын алған Қарқаралы топонимін жан-жақты қарастырады. Осы топонимге байланысты бірнеше аңыздар мен деректерге тоқталады. Мысалы, Ш. Уәлихановтың еңбегінде халық аңызы негізінде жорық жылдары өзен маңында тұтқынға түскен қалмақ қызының бас киіміндегі құс қауырсынына орай қарқара деп аталған деген дерегін және Қарағанды өңіріндегі Қарқаралы деген тау атауы жайында тұрғылықты тұрғындар «осы Қарқаралы тауында бір қыздың бас киімі жоғалады. Кейіннен осы тауға қарап тұрып жігіт қызға мына тау сенің жоғалған қарқараңа ұқсайды екен деген. Міне сол себепті тау Қарқаралы аталған деген» аңыз-әңгімесіне өз пікірін білдіреді. Сол тәрізді К.Еспаева В.В.Радлов, А.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаевтардың ғылыми пікірлеріне сүйенеді.[1, 71] В. В. Радлов осы атауға байланысты біріншіден, Қарқара қырғыз, қазақ халықтарында құстың бір түрі ретінде аталатындығын айтады; екіншіден, өзен аты және қызбаланың бас киіміне тағылатын қарқара деген құстың үлпілдек үкісі деген ой айтады. В.В.Радловтың бұл пікіріне сүйене отырып ғалым А.Әбдірахманов аталмыш топоним қарқара -лы туынды сын есім жұрнағы негізінде тууы мүмкін деген болжам жасайды. Ал Е.Қойшыбаев бұл топоним ертеректегі түркі қарқар түбірге –лы қосымшасы жалғануынан туған атау деген пікір білдіреді [6, 54-56].

Осындай халық аузында сақталған аңыздар мен ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып К.Еспаева Қарқаралы топонимі қар+қара+лы деген үш бөлшектен құралған деп қарастырады. Ғалымның түйіндеуінше, бұл топонимнің алғашқы сыңары «аппақ қар» деген ұғымды білдірсе, екінші компоненті хыра деген түркі – монғол тілдеріндегі «тау», «шың», «биік», «қырат» деген мағынаны беретін сөзден жасалған. Екі компонентті жинақтай келе «қарлы биік тау» деген мағынаны білдіретін қарқара сөзін құрайды. Сөз соңында мол, көп деген жиынтық мағынаны меңзейтін сын есімнің лы жұрнағы қосылып қары мол тау деген мағынаны білдіретін Қарқаралы атауы туындаған деген қорытынды ой айтады. Осындай топонимдердің шығармада оншақтысы кездесетінін жаза келе, К.Еспаева мұндай атаулар Қазақстан аймағында неше жүздеп кездесетіндігін айтады. Осылай жасалған топонимдер Е. Қойшыбаевтың сөздігінде 130-ға тарта екендігін дәлелмен береді [6, 62-68].

Ойымызды қорыта келгенде, ономастикалық атаулар, олардың тілдік ерекшеліктері, этимологиясы бүгінгі таңда біршама қарастырылды десек те, көркем шығармаларда орын алуы әлі де жан-жақты зерттеле қойған жоқ. Олай болса, өткен дәуірден сыр шертер мәдени дерек көзі ономастикалық бірліктердің маңызы зор. Тілдің құрылымдық тарихын зерттеуде негіз болар ономастика туралы М.Томанов «Ономастикалық материал тілдің лингвистикалық және экстралингвистикалық даму жолдарының бірлікте болатынын дәлелдейді. Ономастикалық атаулар көбіне тілдің қалыптасқан сөз өзгеру жүйесінің аумағына сыймайды. Олар тілдің даму барысында жоғалып кеткен сөз өзгерту модельдері бойынша жасалған болып келеді немесе ұмытылып кеткен мағынаны өз бойында сақтауы мүмкін» деп жазады [5,13 ].

 

Әдебиеттер

  1. Еспаева К.С. Лексико-семантические типы антропонимов в эпопоее «Путь Абая» М. Ауезова: Сб. Тюркская ономастика. – Алма-Ата, 1984. – 229-234 б.
  2. Әуезов М. Абай жолы роман-эпопеясы. – Алматы, 1959. − 272-300 б.
  3. Керімбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функциональном аспектах. – Алматы, 1995. – 248 с.
  4. Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. – Алматы: Ғылым, 1965. – 224 б.
  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 264 б. 6 Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттар сөздігі. – Алматы, 1985. – 72 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.