Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әзіл-сықақ парадигматикасы

Ұсынылып отырған мақалада «Әзіл-cықақ» ұғымы әлеуметтік феномен ретінде қарастырылады, себебі тілдік белсенділік шеңберінде қолданылатын жалпы және толық (бүтіндей) қабылдау әдісі іс-әрекетке бағытталған. Аталмыш әдіс қазіргі неміс тілінде «handlungsorientiert» атты терминмен таныс. «Humor» парадигматикасын зерттеу барысында оның бар лексикалық және семантикалық деңгейін неміс халқының ділдік және когнициялық тұрғысынан көрсету мақсаты қойылды. Зерттеу барысында жалпы алғанда «Humor» семантикалық өрісінің 1300 шамасындағы тілдік элемент талданған, соның ішінде 400 (біздің ойымызша) қызықты лексикалық фразеологиялық бірлік мақалада ұсынылады. Негізгі көңіл «Lachen/ lachen» (күлу) парадигматикасындағы концептуалды және контекстуалды семаларына бөлінді, себебі «lachen» тек гипероном ретінде ғана 15 етістік-гипоном, 17 айтылу оралым және мақал-мәтелдерді қоса алғанда 28 фразеологизмді қамтиты. Осындай дәлділік тілдің байлығын көрсетеді және деректер көрсетілімдерін бұрыс беруге жол бермейді.

Кез келген шет тілінің лексикасын меңгеру оның тәсілі мен техникасын, ішкі мазмұнын түсіну қажеттілігін және оның түрлі көрінісін дискурстық формада қолдану қатынасын қамтиды. Егер оның экстернді контекстік қабылдау шамасын ақпараттың мөлшері мен мазмұны арқылы шектесе, менталдік контекст тілде кейде толық өлшемде байқалмайды. Ойлау оның ықпалына ұшырауы және кейде көбінесе зердеге, білімді сақтауға, түсінік күшіне, елеске, сонымен қатар басқа да ішкі когнитивтік (соның ішінде әсіресе эмоционалдық) үдеріске бағынышты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда экстернді көріністі көз алдынан және менталді концептіні ой елегінен өткізу қолайлы нұсқа болып табылады. Ол әрбір тілдік бірліктің парадигматикасын, құрылымы мен семантикасын анықтауды (әсіресе шет тілін үйрену барысында) қажет етеді. Егер «тіл – шын мәнінде кез-келген адами әрекетті реттеу факторы» [1, 8] болса, онда лексиканы немесе лексеманы түсіну – ол тілді түсіндірудің (интерпретация) әдіс-тәсілі мен қажеттілігі, қандай да бір мақсатқа бағытталған қарым-қатынастың бірден-бір таптырмайтын құралы. Дегенмен тіл үйренушілердің тәжірибесі мен қабілеттілігін, қарымқатынастың сыртқы, яғни экстралингвистикалық контекстегі негізгі белгілерін және коммуникативтік белсенділікті естен шығармаған жөн.

Заман талабына сай шектеулі кредит санына қарамастан, біз оқу үдерісінде және дәрісханадан тыс оқыту барысында сөздік қордың барлық мағыналары мен ұғымдарының концептуалді және контекстуалді белгілерін мысалдар немесе тілдік жағдаяттар, немесе лексикалықсемантикалық кабат деңгейінде, немесе жеке құралдар арқылы көрсетуге тырысамыз. Мұндай жағдайда интернет-қоры, слайд-шоу, сонымен қатар басқа да компьютерлік мүмкіндіктер мен интерактивті технологиялар көмек көрсетеді.

Біз тілге тиек етпек болып отырған неміс тілінің «Әзіл-сықақ» (Humor) ұғымының парадигматикасы әлеуметтік феномен ретінде қарастырылады, себебі тілдік белсенділік шеңберінде қолданылатын әдіс тұтас алғанда қоғамдық іс-әрекетке бағытталған («handlungsorientiert») [2, 21]. Немістің әзіл-сықағы парадигматикасында көптеген мақал-мәтелдер, пікірлер, ойлар, нақыл-сөздер бар. Олардың кейбіреулері тіпті афоризм болып кеткен, мысалы:

«Немістің әзіл-сықағы – нағыз сымбаттылық жасаушысы: оны кездестіру үшін бірнеше миль жүгіріп өту керек» (Deutscher Humor ist ja ein echter Schlankmacher: Man muss meilenweit laufen, bis man ihn trifft), деп Дитер Галлерворден жазған. Ал Пауль Гербигер «Әзіл-сықақ – ол айнаның көмегінсіз-ақ адамның өз-өзіне күлуіне мәжбүр ететін өнер» (Humor ist die Kunst, sich ohne Spiegel selbst ins Gesicht zu lachen), деп қалжыңдайды. Әзіл-сықақты «рух сыйы емес, жүрек сыйы» (Humor ist keine Gabe des Geistes, es ist eine Gabe des Herzens), деп Людвиг Берне айқындай түседі. Сықақшыл, мысқылшыл адамды (Humor-Mensch) компьютердің көмегімен көрсету әр алуан формадағы түрлітүрлі құрамдағы слайдтар жасауға мүмкіндік береді, олардың бірі ретінде төмендегіні ұсынуға болады (1-ші суретті қараңыз). «HumorMensch» парадигматикасында Spassmacher» (сөзбе-сөз «қалжың жасаушы») біріккен сөзі маңызды, себебі барлық берілген композит-терді тек осы сөздің астына немесе төңірегіне топтастыруға болады: 1. қалжыңбас; тапқыр әзілқой адам; 2. күлдіргіш, масқарапаз; және басқа жағдайда ол «derjenige, der Spass macht» яғни «қалжың жасайтын, жұбаныш айтатын адам» деп өзгертіледі, сонымен қатар бұл қатарға басқа да Spassvogel (қалжыңбас құс), Spottvogel (мысқылшыл құс), Galgenvogel (дарға асылған құс) [3, 523-527]; Witzbold (қалжыңбас), Gaudbursch (ойын баласы); Rafzahn (қақсауық тіс), Giftszahn (улы тіс); Schandmaul (ұятсыз ауыз/тұмсық), Lastermaul (шірік ауыз/ тұмсық) [4, 87-89; 5, 320-323]; Wortheld (сөз батыры), Maulheld (тұмсықты батыр); Phrasenmacher (бос сөз жасаушы), Phrasenbrecher (сөз бөлгіш), Phrasenheld (сөз батыры) және т.б. жатады.

Қазіргі неміс тілінің деректеріне сүйенсек «Humor» ұғымы мынандай үлгіде суреттеледі [6, 80]: a) Humor ist eine Fähigkeit und Bereitschaft, auf bestimmte Dinge heiter und gelassen zu reagieren («Әзіл-сықақ» – ол белгілі жағдайға ашуланбай-ақ назар аударатын қабілеттілік пен дайындық); er hat, besitzt einen goldenen Humor (қалжыңбастық оның қанында бар немесе алтын әзіл иесі); etwas mit Humor tragen (бір нәрсені әзілмен қабылдау); ein Mensch ohne Humor (әзіл көтермейтін адам); er hat keinen Humor (reagiert sehr leicht verärgert-жылдам ашуланғыш, ist nicht in der Lage, etwas gelassen auf-, hinzunehmen-қалжың көтеруге шамасы келмеу); er hat keinen Sinn für Humor (ihm fehlt der Humor-әзілі жоқ, er ist humorlos-қалжыңы жоқ); du hast [ja vielleicht] Humor! (was denkst du dir eigentlich! –Қалжыңың болар!); Humor ist, wenn man trotzdem lacht (Әзіл-сықақ – ол, адамның ештеңеге қарамастан күлуі) және т.б.; б) sprachliche, künstlerische Äußerung einer von Humor bestimmten Geisteshaltung, Wesensart (Әзіл-сықаққа деген шын көңілді қарым-қатынастың тілдік, көркемдік білдірілуі, яғни жан қоймасы): der rheinische, der Kölner Humor; gezeichneter Humor (Humor in der Kunstform der Karikatur o.Ä.); schwarzer Humor (Humor, der das Grauen, Grauenhafte einbezieht-әлемді сұр етіп көрсететін әзіл) және т.б.; в) Humor in “gute Laune, fröhliche Stimmung” (жақсы көңіл-күйдегі әзіл): (Grammatik, ohne Plural), мысалы: den Humor [nicht] verlieren (әзілін жоғалтпау); Humor d. wieser және т.б.: «Übrigens sind nicht alle Menschen der humoristischen Einstellung fähig, es ist eine köstliche und seltene Begabung, und vielen fehlt selbst die Fähigkeit, die ihnen vermittelte humoristische Lust zu genießen.» (Шындығында барша адамдар қалжыңдауға бейім емес, бұл өте құнды және сирек кездесетін қабілет, сонымен қатар көбінде өздері қолданатын әзілден ләззат алу қабілетінің өзі адамдарда жоқ.) [6, 81] «Humor» парадигмасы өз шеңберінде мынандай лексемаларды қамтиды: lachen (күлу), laecheln (жымию), laecherlich (күлкілі), scherz (en) қалжың/қалжыңдау, kichern (сықылықтау /келеке ету), wichern (мырс-мырс күлу), witz(en) қалжың/қалжыңдау; кекесін әзіл/тапқыр болуға тырысу, Laune (көңіл-күй, рух ықыласы), Lust (ғанибет; ляззат), Heiterkeit (жайдарылық) және т.б. Егер біз «lachen» лексикалық-семантикалық өріс, яғни «lachen» ұғымын гипероном деп санасақ, бір ғана «lachen» парадигматикасы гипоном есебінде көптеген басқа да тілдік бірліктерді астына топтастырады, мысалы синоноимді лексемалар (sinngleiche Spracheinheiten), сөз тіркестері (Wortverbindungen), мәтелдер (sprichwoertliche Redensarten), сын есімді сипаттамалар (adjektivische Charakteristiken) және т.б. Бұл тақырыпта әр лексема өзінше бөлек ықыласқа, зерттеу мәселесіне лайық. Сөзіміздің шындығын дәлелдеу үшін «Lachen/ lachen» (күлкі/күлу) атты элементтерді неміс тілінің «Humor» ұғымын Humor-Mensch, Spassvogel, Spottvogel, Galgenvogel, Witzbold, Gaudbursch, Rafzahn, Giftszahn, Schandmaul, Lastermaul, Wortheld, Maulheld, Phrasenheld, Phrasenmacher, Phrasendrecher, Spassmacher сияқты мәндес сөздерімен ішінара салыстыра аламыз.

1-ші сурет: «Humor-Mensch» (әзілқой/қалжыңбас) парадигматикасы

Spassvogel Spottvogel Galgenvogel

Rafzahn Giftszahn

Humor-Mensch

Wortheld Maulheld Phrasenheld

Witzbold Gaudbursch

Schandmaul Lastermaul

Phrasenmacher Phrasendrecher Spassmacher

Деректер мәліметтеріне сүйене отырып «Lachen/lachen» ұғымына бірсыпыра контекстуалды қатарларды ұсынуға болады [6, 119]: а) In Lache немесе in ein Gelächter ausbrechen (күлкіден жарылу), Tränen lachen (жас аққанша күлу), sich vor Lachen ausschütteln (күлкіден селкілдеу); kichern (тырқалдау), grinsen (тісі ақсия күлу), losplatzen (жарылу), losprusten (гүрілдей күлу), losbrüllen (аюша күлу), herausplatzen (аунағанша күлу), sich kugeln (бүк түсе күлу), feixen (мысқылдай күлу), sich kaputtlachen (шаруасы біткенше күлу), sich totlachen

(өлгенше күлу), quitschen (шиқылдап күлу), quik[s]en (жайдары күлу), gackern (айқай салып күлу), wiechern (пысқырына күлу); sich schieflachen (қисая күлу), sich scheckig lachen (атша сілкініп күлу), sich einen Ast lachen (sehr triumphierend lachen) (мақтана күлу); vor Lachen vom Stuhl fallen (күлкіден орындықтан құлай күлу), zum Lachen reizen (күлкісін шақыру); seiner Drohungen/Mahnungen (қауіп көрсете күлу, қорқыта күлу) және т.б.б) Осы тұрғыда мұнымен қатар бұдан басқа да мақал-мәтелдер топтамасын ұсынған, цитаталар мен басқа тілдік элементтер берг жөн: das Glück lacht j-m (біреуге бақыт қонып тұр, күліп тұр) ; da lachen ja die Hühner (das ist ja lächerlich) (тауықтарға күлкілі болып); die Sonne lacht (sie scheint besonders hell) (күн күлгендей); Tränen lachen (so lachen, dass die Tränen kommen) (жасы көзге келгенше күлу); er hat bei ihr nichts zu lachen (sie behandelt ihn sehr schlecht od. streng) (күлкіге қалдыру, күлетін түгі де жоқ болу); ja, er kann lachen (er hat erreicht, was er wollte!) (шатта, рахаттана алады, соған қол жеткізу); sein lachen (dabei ist nichts zu lachen (күлетін ештеңесі жоқ)= das ist zu ernst; das wäre je gelacht, wenn wir das nicht könnten; sich das Lachen verbeißen), sich eins in den Bart lachen (мұртынан күлу) және т.б.; в) «Lachen-Paradigmatik», мұнда мынандай үйлесім-үлгілерді кездестіруге болады, мысалы: Wie? (Қалай?)-Modelle: freundlcih lachen (достық күлкі/күлу), fröhlich lachen (қуана/шаттана күлу), hämisch lachen (тадалап қуану/күлу), herzhaft lachen (жанымен күлу), herzlich lachen (жүрек жарды күлу), laut lachen (дауыстап/айқайлай күлу), leise lachen (жәй/даусын шығармай күлу), schallend lachen (саңқылдап күлу), aus vollem Hals lachen (тамағын жыра күлу), j-m ins Gesicht lachen (біреудің бетіне күлу) және т.б. Әрине неміс бұл қорытындылармен шектелмейді, ол ақыл-ойды толқытатын «байсалды сөздерге» тағы да қызықтыратын бірнеше көңілді пікірлер ұсынады: «Wer lacht, lebt länger und vor allem gesünder» (Кім көп күлсе, сол ұзақ жасайды, және ең бастысы денсаулығы мықты болады). Халықаралық ойлардан бірнеше мысалдар келтірейік: Американдық сізге «Lache, und die Welt lacht mit Dir; weine, und Du weinst allein» (Күл, әлем де сенімен бірге күледі; жыла, сен жалғыз жылайтын боласың) дейді. Африкада болса мынадай дейді екен: «Lachen reinigt die Zähne» (Күлкі тістерді тазалайды). Берілген қатарды славян өз өсиетімен толықтырады: «Nur Kinder verstehen es, vollkommen arglos zu lachen, deshalb sind sie auch so bezaubernd» (Әбден жайдары және жан тәнімен күлудің не екенін тек балалар ғана түсінеді, сол себепті де олар сондай сүйкімді). Жазушы Эфраим Кишон еврей даналығын еске мынадай «Wer grundlos lacht, lacht am besten» (Кім дәлелсіз күлсе, сол бәрінен жақсырақ күледі) деп салады. Өз кезегінде «Humor» мен «Lachen/ lachen» басқа Freude (қуаныш), Lust (көңіл-қош), Laune (көңіл жарасымы) және т.б. элементтерді облигаторлы түрде өзіне қарай жақындатады. Олардың кейбіреулерін жоғарыдан көруге болады. Ақиқатында «Humor» сөзі мен «Lachen» лексемасы арасына теңдік белгісін қоюға әбден болатын еді: «das Lachen ist gesund und der Humor ist ausgelassen, wenn man trotzdem lacht» (Күлкі адамның денсаулығын жақсартады, ал әзіл-сықақ, егер ештеңеге қарамай күлсең, еркіндік береді). Бұл компоненттердің тарихына оралсақ, мынаны сезінуге болады «der Humor im Allgemeinen und das Lachen im Speziellen» (сөзбе сөз: Әзіл-сықақ жалпылай, ал күлкі арнайы, салыстырыңыз: Әзіл-сықақтың дерексіздікке, ал күлкінің өзгешеге қатысы) [7, 81].

«Lachen/lachen» лексико-семантикалық парадигмасында негізгі акцент түрлі концептуалді және контекстуалді семаларға жасалады [төменді қараңыз], және коммуникативті әрекетті ұйымдастыра алатын жағдайда болады, себебі ондай семаларды табу адам ділінің құрамды бөлігі болып табылады. Адамның ділдік контексі айқын болып тұрады және түрлі құралдар көмегімен экстерн-концептін толық және ауқымды сипаттау үшін әрқашан сөздік қорды

«жаңартуды» қажет етіп тұрады. Жоғарыда көрсетілген «Humor» ұғымының басымдылығына тіл үйренушілер үлкен тәжірибелік қызығушылық танытады, бірақ ешуақытта адами немесе лексикографиялық мүмкіндіктер түрғыдан ешқандай шек бола алмайды. Тек бір ғана «Humor» лексикалық-семантикалық өрісінің өзі оған дәлел бола алады: 1) «Lust» келесі семантикалық құрылымдарды қамтиды Neigung, leites Verlangen, Bedürfnis; Wohlgfühl, Wohlgefallen, Freude; Befriedigung; Genuß, Gefallen; оның қатарында синонимдық үйлесімдер Animo, Gusto, gelüsten; Bock, auf etwas Bock haben; Vergnügen, Wollust, Libido, Jieper, Hedonismus, Liebe, Trieb, Gieper, futtern; антонимдық қатар Traurigkeit, Traur, Langweile, Kein Bock auf etwas haben; Abneigung, Hass, Satt sein және т.б.; 2) «Laune» келесі семантикалық құрылымдарды қамтиды Gemütsstimmung, einer augenblicklichen Stimmung; entspringender Einfall; синонимдер: Caprice, obenauf Gag, Grille, Inspiration, Kapriole, Anwandlung, Einfall, Eingebung, mies; антонимдер: „Guter Schlaft bringt gute Laune“ және т.б.; 3) «Heiterkeit» келесі семантикалық құрылымдарды қамтиды: Stete Fröhlichkeit, Zufriedenheit, Ausgeglichenheit, Gelächter, оның ішінде синонимдер: Heitere, Serenität, Freudigkeit belustigen; Chäromanie, Euthymie, Euphorie, Munterkeit, ал антонимдер: „Der Heiterkeit und Eifersucht ist der Berg kein Hinderniss“ және т.б.

Әр алуан семалар немесе семемаларды бейнелейтін «Humor» семантикасына қатысты 400ден аса лексико-фразеологиялық бірліктер шамаланған. Бұл ретте тосын бірліктер мен «Humorarten», «Witzarten» (әзіл түрлері мен типтері) тематикасына қатысты рецепиент-тіл тасымалдаушыcы арасындағы сауалнама мәліметтері есептелмеген. Егер қолда үйретуші мен үйренушінің лингвистикалық компетенция мен жаңартпашылық жақындауы болса, концептуалды әлемнің болмысын түсіну кезінде кез-келген бірліктің терең семантикасын анықтауға болады. Сонымен қатар олардың оқу мен танымдық әрекет кезіндегі қажеттілікті ұмытпау керек.

 

Әдебиеттер

  1. Компьютерная лингвистика: моделирование языкового общения. В.: Новое в зарубежной лингвистике // Бас. XXIV. Компьютерная лингвистика. – Мәскеу: «Прогресс», 1989. – Б. 5-30.
  2. Gemeinsamer europaeischer Referenzrahmen fuer Sprachen: lernen, lehren, beurteilen. –Берлин-Мюньхен-Вена-Нью Йорк, 2001. -232 б.
  3. Салжанова Л.Е. Словообразовательно-семантическая парадигма слов // II Халықаралық сырттай ғылыми-практикалық конференция материалдары «Инновации в науке: пути развития». – Чебоксары: НМЦ, 2012. – Б. 612.
  4. Салжанова Л.Е. Особенности лексем со вторыми конституентами, называющие части тела. // Аль-Фараби атындығы ҚазҰУ-нің Жаршысы, Филология сериясы, № 7 (79), 2004. – Б. 234.
  5. Layla E. Salshanova. Liguokulturelles Konzept von Koerper-Metaphern // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Cultural Linguistic approach to foreign language education: Methods and technologies». – Алматы: Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, 2010. – Б. 480.
  6. Duden: Das grosse Woerterbuch der deutschen Sprache in 12 Baenden. – Mannheim: Duden-Verlag, 2009. – 2338 б. немесе http://www.duden.
  7. P.L. Berger. Erlösendes Lachen. Das Komische in der menschlichen Erfahrung. – Berlin: Verlag Walter de Gruyter, 1998. – Б. 40-44.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.