Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазаға қатысты қолданылатын сөздердегі діни лексика

Мақалада қазаға қатысты қолданылатын сөздердің діни лексикасын зерттеу, тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын қарастыру мәселесі қарастырылады. Адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің маңызы зор екендігі белгілі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті, т.б. ұғымдар арқылы танылады. Осы орайда қоғамымыздағы діннің алатын орнын баса айта отырып, діни лексиканы жан-жақты зерттеу тың бастамаларға жол ашады деуімізге әбден болады. Демек, діни лексиканы зерттеу – дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Діни лексикамыздан орын алатын ислам әлеміне тән көптеген сөздер мен ұғымдар өлім-жітім жағдайында қолданылып отырады.

Адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің маңызы зор екендігі белгілі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Осы орайда қоғамымыздағы діннің алатын орнын баса айта отырып, діни лексиканы жан-жақты зерттеу тың бастамаларға жол ашады деуімізге әбден болады. Демек, діни лексиканы зерттеу – дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Діни лексикамыздан орын алатын ислам әлеміне тән көптеген сөздер мен ұғымдар өлімжітім жағдайында қолданылып отырады. Солардың бірқатарымен таныса отырып, бұл ретте ғалым Б. Сағындықұлының «Ғаламның ғажайып сырлары» атты еңбегін негізге ал дық.

Діни лексикада өлімге қатысты ұғымдардың бірі – аруақ. Құрамындағы негізгі сөз аруақ болып келетін сөз тіркестері (аруақтарға бағыштау, аруақтарға сыйыну, аруақтарға тие берсін, аруағына атағаным, аруақтарға арнап иіс шығару, аруақ қону, Аруақ разы болмай тірі байымайды, аруақ қолдасын, тірі аруақ сынды

тілек-бата сөздер мен тіркестер қолданылып отырады. Ғалым Б. Сағындықұлы жоғарыда аталған еңбегінде аруақтың төрт түрін көрсетіп, төмендегіше түсініктеме береді [1, 56].

АРУАҚ

ӨЛІ АРУАҚ

ТІРІ АРУАҚ

ТАЗА АРУАҚ

ҚАРА АРУАҚ

1-сурет – Аруақтың түрлері

Киелі сөздердің лексика-семантикалық құрамы қазақтардың тілдік санасы мен тілдік көрінісіндегі аруақтар туралы ұғымдар мен наным-сенімдерді айқындауға мүмкіндік береді. Халық ұғымында «аруақ» деген сөзге қасиетті деген мән-мағына сінген. Осы себепті аруақ деп тірі адамдарға көмектесе алатын қасиетті, киелі рухты түсінеді. Демек, өлі рухтардың бәрі бірдей аруақ болып санала бермейді.

Өлі аруақтар. Араб тілінде «аруақ»–«рух» деген сөздің көпшесі. Халық ұғымында аруақ деген сөзге «қасиетті» деген мағына сіңген. Осы себепті аруақ деп тірі адамдарға көмектесе алатын қасиетті, киелі рухты түсінеді. Демек, өлі рухтардың бәрі бірдей аруақ болып санала бермейді. Пайғамбарлардың, машайықтардың, әулиелердің, мұсылмандардың қай-қайсысы да тірілерге көмектесе алады. Өлі аруақтар бір ерекше жағдайда болмаса көзге көрінбейді. Өз бейнесінде адамдардың түсіне ғана енеді. Адамның есі ауып, талықсыған сәтінде ғана тірі кезіндегі формасында көріне алады. Киелі кісілерді бір немесе бірнеше аруақ қолдаған жағдайда, ондай адамды халық «аруақты кісі» деп атайды. Осыған орай тілімізде «Аруақ қонған» деген тіркес қолданылады.

Тірі аруақтар. Қазақ «тірі аруақ» деп өлім халінде жатқан, құр сүлдесі қалған адамды айтады. Алайда тірі аруақтар кездеседі. Бұлар әртүрлі себеп, мақсаттармен өлмей тірі қалған адамдар. Олардың саны беймәлім. Дегенмен халықтың ішінде белгілілері – Қыдыр мен Ғайып ерен қырық шілтен.

Таза аруақтар. Қара аруақтардан айыру үшін пайғамбарлардың, машайықтардың, әулиелердің, шейіттердің, кәміл мұсылмандардың т.б. рухтарын таза аруақтар дейді. Бұлардың Аллаға ең жақын тұрғандығының мысалы сол – адамдар «құдай, аруақ жар болсын» деп сөйлейді.

Қара аруақтар. Жындардың да өз әулие, машайықтары болады. Олар өлгеннен кейін қара аруаққа айналады. Қолдарынан келгенше мұсылмандарға көмектеседі. Жалпылама көзге түсе бермейді. Бірақ қасиетті, киелі адамдардың көпшілігіне көрінеді.

Діни ұғымдардың қатарын құрайтын бұдан да өзге өлімге қатысты сөздер: Қыдыр, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Періштелер, Жындар, Шайтандар.

ҚЫДЫР

ҒАЙЫП ЕРЕН ҚЫРЫҚ ШІЛТЕН

ПЕРІШТЕЛЕР.

ДІНИ

ҰҒЫМДАР

ЖЫНДАР ШАЙТАНДАР

2-сурет – Діни ұғымдар

Қыдыр. Араб тілінің «көк», «көкпеңбек», «жасыл» деген мағынасын беретін сөзі. Өз заманында Қыдыр пайғамбар қай жерге отырса, сол жерден көктеп жас шөп шығады екен. Сондықтан «Қыдыр» деп атапты. Ол мұсылмандарға көмектесу үшін Алла тағаладан өмір сұрапты. Тілегі қабыл болыпты. Мақсатына жету үшін мәңгі тірі суын ішіпті. Қыдыр пайғамбар туралы әңгімелер халық санасында жақсы сақталған.

Ғайып ерен қырық шілтен. Арабтың, көне түркінің және парсының сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «ғайыбы» – «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «құдайлық ісі», «адам» деген мағыналарда жұмсалады. «Шілтен» парсы тілінде «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғымды береді.

Періштелер. Мұхаммед пайғамбардың нұрынан жаратылыс негіздерінің бірі – от жаратылған. Оттың таза жалынынан періштелер өмірге келген. Олар – Алла тағаланың тікелей көмекшілері. Періштелер сан алуан формада жаратылған. Мысалға періштелердің арасында адам, хайуан, мал, құс бейнелері кездеседі. Жеті қат көктің, пейіштің, тозақтың, Ғарыштың, Күрсінің тағы басқаның өз періштелері бар. Періштелердің санын бір Алла ғана біледі. Өсіп өнбейді, жыныссыз. Күнәдан пәк, кіршіксіз таза. Дегенмен де періштелер де құдайдың пендесі.

Періштелер жер бетінде өмір сүріп жатқан адамдардың істерін үнемі бақылап отырады, назарларынан еш нәрсе тыс қалмайды, әрбір сәтті қалт жібермейді. Бірде ана кісі пейішке барады, мына кісі тозаққа барады деп өзара қат-ты таласады.

Жындар. Бұлар періштелермен тектес. Бір бөлігі оттың шоғынан, бір бөлігі оттың түтінінен пайда болған. Періштелерден айырмашылығы – өседі, өнеді, өледі. Көзге көрінбейтін рухтардың ішінде адамзатқа ең белгілілері осылар. Арабтар өз тілінде – жын, парсылар–пері, түркі халықтары – дию, дәу дейді. Бұлар да бір формадан екінші формаға ауыса алады. Мекендері – жерде. Суда да, құрлықта да өмір сүреді. Адам баласы қашанда періштелердің қоршауында болады. Сондықтан жындар қасынан өтсе де көре алмайды. Періштелерін қашырып алған адам жынның көзіне түседі. Адамдардың жынданатыны осы себепті.

Шайтан. Шайтан дегеніміз – періштелерге қарама-қарсы тұрған инсан. Шайтанның алдауарбауынан, сұрқиялығынан, зиянкестігінен Сүлеймен пайғамбар әбден зықысы шығып, қатты жиіркенген. Бірде «оны жер бетінен жоқ етуді, қауымымен байлап тастауды» өтінген. Алла тілегін қабыл алып, үш күн бойы адамзатты шайтаннан мүлде ада еткен. Нәтижесінде барлық адам өмір сүруді қажет етпей қалады. Бәрінің де өлгісі келген. Тіршілік мүлде тоқтаған. Сүлеймен пайғамбар қатты сасыпты. Себебін сұрағанда Алла тағала: «Дүниенің оты шайтан еді ғой. Тіршілікке, байлыққа, бақытқа, басқаға қызықтыратын Әзәзіл болатын. Қызығушылық кеткен соң адамға дүние қажет болмай қалады» – дейді». Олай болса, шайтанды қоя беріңіз» – деген екен пайғамбар. Содан бері Ібіліс бостандықта. 999 жаман қасиеті дамығандықтан, оған мыңыншы шайтани қасиет үстелген. Ол қасиетінің мүлде жақсы жағы болмайды.

Шайтанның жолына шын түскен адам шайтанға айналады. Құдайдың шайтанынан адамның шайтаны жаман. Өйткені ол жамандықты шайтаннан да асырып жібереді. Сиқыршылардың, жәдігөйлердің қай-қайсысы да – адам шайтан. Адам шайтан – өз бойындағы бүкіл жаман қасиеттерді дамыту, жексұрын болу деген сөз.

Рух. Рух – Алла тағаланың өз қазынасы, адамдарға берген аманаты. Оның ғажайып сырлары бізге белгісіз. Рух бір мекен-жайдан екінші мекен-жайға ауысып отырады. Алғашқы мекен-жайынан ананың құрсағына келеді. Рух енгеннен кейін ғана балаға жан кіріп, қимылдай бастады. Бала өмірге келген соң денесінде, яғни жердің үстінде жүреді. Өлгеннен кейінгі мекенжайы көрде, яғни жер астында болады.

Рух жер астына түскеннен кейін ақырзаманды, қиямет-қайымды күтеді. Тезірек болғанын қалайды. Рухтар жер астында мәңгі-бақи қалмайды, көр азабынан құтылғаннан кейін бостандыққа шығады. Туған-туысқандарына, атабабаларына қосылып, топ-тобымен ұшып жүреді. Жеке-дара да ұша береді. Үрім-бұтағына келіп хабар алып кетеді. Тірілер өлі рухтардың жағдайын білмегенімен, өлі рухтар тірілердің хал-ахуалын жақсы біледі. Әрине, мұның барлығы Алла рұқсатымен болатын істер.

Жан. Рух бір басқа, адам денесінің жаны бір басқа. Рухты адамға, періште, перілерге, жанды бүкіл мақұлқатқа адам денесіне телу керек. Адам денесіндегі жанның хайуанаттардың, құстардың, бүкіл мақұлқаттың жанынан өзгешелігі өз бетінше тіршілік ете алмайды. Рухпен қосылғанда ғана әрекетке көшеді. Дененің жаны рух шығып кеткеннен кейін шығады. Рух – Алланың аманаты, жан – дененің тіршілік ету қабілеті [1, 54].

Өлім-жітімге қатысты берілген діни ұғымдармен қатар, діннің, өлім жөнелтудің «от», «отқа табынуға» қатысты тұстарын баса айтуымызға болады. Осы тұста атқарылатын отқа қатысты ғұрыптардың (жоғарыда айтылғандай) дені төмендегідей:

Шырақ жағу – өлікті үйден шығарған соң оның аруланған орынына шырақ жағылады. Мұның мәнісі де шырағы сөнбесін, ошағы өшпесін, ұрпақтары жалғастырсын деген мағынада қолданылып келеді.

От қойып арулау – Өлік шыққан үйді дереу басқа жерге ауыстырып, өлікті шығарған, оның денесі жуылған жерді тазалап, от қойып арулайды. Ол жерді қазып, үстіне топырақ, тас үйіп кішігірім оба жасайды да, оны адам, мал баспауын жіті қадағалайды. Халық түсінігінде мұндай жерді адам, мал басса әртүрлі ауыруларға ұшырайды деген сенім орнаған. Сондықтан ол жерді от қойып арулайды, бұл жерді «арулаған жер» деп атаған [ 2, 111]

Діни-табыну тәжірибесі мен қарым-қатынаста киелі сөздер (әдетте бұл Алланың есімдері мен теңеулері) мен киелі мәтіндерде (Құранның аяттары мен сүрелері) магиялық қасиет болатындығын айтуымызға болады. Мәселен, ұзақ жоқтау жырларына басу айту мақсатымен киелі құран аяттарын оқыған.

Халықтың діни танымымен тікелей байланысты жайттардың бірі – символдық сипат. Мәселен, адамның жанының шығуын құстың ұшуымен теңестіру дәстүрлі дүниетаным айғағы. Ежелгі түсінік бойынша адам жаны тәнді тастап ұшып кетеді. Ол халық ұғымында бірде дем, бірде шыбын, енді бірде құс бейнесінде сипатталады. Қазақтың дәстүрлі ұғымы бойынша адамның үш жаны болады екен дейді. Біріншісі көгілдір жалын түріндегі «шыбын жан», ол – адамның соңғы демімен ұшып кетеді екен. Екіншісі – «ет жан», ол денеде суығанға дейін болатын көрінеді. Үшіншісі – «рухани жан» ол адамнан ең соңында ажырайды-мыс. Ақпарат берушілердің мәліметінше, көне түсінік бойынша, «адам жаны үшке бөлініп, бірі аспанға ұшады, екіншісі молада қалады да, үшіншісі үйдің маңайында қалатын көрінеді Осындай діни танымымыздың тұтастай көрінісі дүниеден өткен адамды шығарып салу кезінде айқын байқалады.

 

Әдебиеттер

  1. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 101 б.
  2. Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. – Алматы: Арыс, 2007. – 332 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.