Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Рaй категориясының мағыналық, тұлғалық сипаты

Рай категориясын сипаттамасы туралы және білдіретін мағынасы мен тұлғасына қарай бөлуде жалпы түркі тілдерінде болсын, қазақ тілінде болсын әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдар арасында рай категориясына әртүрлі анықтамалар беріліп, оларды жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып келді. Рай категориясын түрліше түсіну, оны модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көзқарастың пайда болуына себеп болды. Осыған байланысты профессор С. Исаев рай категориясы етістіктің модальдық мәнін толық қамти алмайтынын дәлелдеп, олардың арасындағы айырмашылықтарды талдап берді. Ал рай категориясын бөлудегі бірізділіктің болмауы (олардың саны үштен он беске дейін жетеді) түркі тілдерінде рай категориясы әлі жеткілікті зерттелмегенін байқатады.

Етістіктің семантикалық, грамматикалық құбылыстары күрделі болып келетін түрі – рай категориясы. Екі тілді тіл білімі сөздігінде:

«Рай – етістіктің сөйлеп тұрған адамның тұрғысынан алып қарағанда шындық болмысқа деген қатысын көрсетеді. Рай модальдық қатынасты, сөйлеушінің іс-қимыл, әрекетке деген субъективтік қатысын көрсететін грамматикалық тәсіл», – делінген [1, 224-225].

Ал, рай категориясына орыс тілінің лингвистік-энциклопедиялық сөздігінде: «Наклонение – грамматическая категория, выражающая отношение действия, названного глаголом, к действительности с точки зрения говорящего» – деп анықтама берілген.

Жалпы тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де ғалымдар арасында рай категориясына осындай әр түрлі анықтамалар беріліп, оларды жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып келеді. Рай категориясын түрліше түсіну, оны модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көзқарастың пайда болуына себеп болды, кезінде академик В.В.Виноградов рай тұлғасы туралы:

«Ол іс-әрекеттің модальдығын, яғни іс-әрекеттің сөйлеуші жақ белгілеген шындыққа қатынасын айқындайды», – деп анықтама берді. Бұл пікірді көптеген лингвист-ғалымдар И.И. Мещанинов, Е.И. Коркина, Н.Е. Агазаде және т.б. қолдайды.

Қазақ тіл білімінде академик В.В. Виноградовтың пікірін профессор А. Ысқақовтың қолдағанын, рай мен модальдықты бірлікте қарастырғанын автордың мынандай анықтамасынан байқауға болады: «...сөйлеуші лебізінің, я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілу жүйесі модальдық (рай) категориясы деп аталады. Модальдық категориясының етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады. Олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модальдық мән бар» [3, 311-312].

К. Ахановтың, М. Томановтың пікірлері де осындай: «Рай категориясы модальдылықты, ісәрекетті шындыққа қатынасын білдіретін грамматикалық категория. «...Рай – сөздің белгілі бір формасымен берілген модальдылық». «Рай деп, әдетте әр түрлі етістіктің модальдық мән беретін тұлғалары аталады» [5, 335; 4, 101].

А.Ысқақов райды модальдықтың шындықты ақиқат (реалды), ақиқат емес (ирреалды) тұрғыда білдіруіне қарай топтайды. «Модальдық категориясы арқылы айтылатын пікірдің ақиқатқа қатынасы не реалды болып, не неғайбыл болып көрінуге тиіс. Осындай ерекшеліктеріне қарай, демек амалдың (әрекеттің, қимылдың) ақиқатқа қатынасын білдіруіне қарай етістіктің райлары іштей сараланып, ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) райлар деп аталатын екі салаға бөлінеді» [3, 312].

Белгілі ғалым И.Маманов райды модальдықтың объективтік және субъективтік болып бөлінуіне қарай топтайды. И.Мамановтың ойынша «ашық рай сөйлеушінің қимылдың болу-болмауы туралы объективті шындықты баяндауын көрсететін етістіктің арнайы формасы». Яғни, қимыл объективтік шындыққа қатысты болады. Ал, райдың басқа түрлері сөйлеушінің бір іске субъективті көзқарасын білдіреді. Басқаша айтқанда, сөйлеушінің бір істі қалауы, өкінуі, шарт қоя сөйлеуін көрсетеді [6, 120].

Осыған байланысты профессор С.Исаев: «Рай категориясы етістіктің модальдық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, ... білгішсіну, жүріңкіреу, келгіштеу ... сияқты сөздермен негізгі етістік пен модаль сөздердің тіркесімен құралған тіркесті түбір етістіктер (барған сияқты, айтуға тиіспін, айтуым керек)

де әр түрлі модальдық мән беретіні күмән тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқымына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль мән, реңк тудыратын қосымшаларда категориялық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым жүйелі жалғана алмайды, екіншіден, олардың көпшілігінің (-сы, -сі, -сын, -сін, -сындық, -ғым, т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар немесе лексикаграмматикалық сипаты бар, етістік түбірінің грамматикалық сипатына сай келеді, үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс», -деп, олардың арасындағы айырмашылықтарды талдайды [7, 193].

Жалпы түркі тілдерінде болсын, қазақ тілінде болсын білдіретін мағынасы мен тұлғасына қарай рай категориясын бөлуде әр түрлі пікірлер қалыптасты.

Ең алғаш рай категориялары туралы өзінің 1860 жылы жазған «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде Н.И. Ильминский қазақ тілінде төрт рай: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, тұйық рай бар деп тұжырымдаса, 1894 жылы жарық көрген «Краткая грамматика казах-киргизского языка» атты еңбегінде П.М.Мелиоранский рай категориясын бес түрге бөледі: бұйрық рай, қалау рай, шартты рай, ашық рай, тұйық рай [9, 138; 10, 51].

1897 жылы миссионерлер қоғамы басып шығарған В.В.Катаринский еңбегінде рай категориясының сегіз түрін көрсетеді: бұйрық рай, ашық рай, қалау рай, тұйық рай, шартты рай, күмән рай, шарттылық рай, қарсылықты рай [21, 9].

Ал кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі жылдары жарық көрген Г.Архангельскийдің «Қазақ тілі грамматикасы» (1927 ж.) мен К.Кемеңгеровтың «Қазақ тілі» оқулығында (1929 ж.) жоғарыда айтып өткен В.В.Катаринскийдің «Қырғыз тілі грамматикасынан» еш айырмашылығы болмады.

Қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы, ірі қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы өзінің «Тілқұрал» оқулығында етістіктің рай тұлғасының он бес түрін атап көрсетті: тұйық рай, билік рай, ашық рай, шартты рай, ереуіл рай, реніш рай, қалау рай, сенімді рай, сенімсіз рай, болжал рай, мұң рай, көніс рай, азалы рай, теріс рай, қалау рай [8, 234].

А.Байтұрсынұлы берілген осы он бес райдың ішінен қазіргі біз айтып жүрген қалау райды қалай түсінген?

«Қалау рай дегеніміз – істі көңіл қалау-қаламауын көрсететін сөз, мәселен, барсам екен, бармасам екен, айтсаң екен, айтпасаң екен, білдірсе екен, білдірмесе екен деген сияқты сөздер қалау рай болады» деп, анықтама беріп са екен тұлғасын ғана қалау райға енгізеді. Ал, -ғай(-гей) тұлғасын (алғаймын, алмағайсың, тұрғайсың, тұрмағайсың, болғай, болмағай) сенімді рай түріне жатқызады.

са игі еді тұлғасын (барса игі едім, бармаса игі едім, алса игі едің, алмаса игі едің, жүрсе игі еді, жүрмесе игі еді) теріс рай түріне жатқызады [8, 234-244].

Түркі туыстас тілдерде де рай тұлғасын бөлуде бірізділік көрінбейді. Олардың саны үштен он екіге дейін жетеді.

Н.П.Дыренкова хакас, ойрот, шор тілдерінде рай көрсеткіштерінің төрт түрін көрсетсе, [11, 66-83], Е.И.Коркина өз еңбегінде якут тілінде он түрлі: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, мүмкіндік рай, бекіту райы, болған істі білдіру райы, болмаған не істелмеген істі білдіру райы, үндеу райы, болжау райы, мақсат райы бар екенін жазады.

У.Б.Алиев қарашай-балкар тілінде рай категориясының жеті түрін көрсетеді: белгісіздік, бекіту (утвердительное), растау немесе қолдау (подтвердительное), шартты, бұйрық, қалау, салыстырмалы (относительное).

Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде бес рай: ашық, бұйрық, шартты, қалау, тұйық райларын атаса, А.А.Юлдашев алты түрін көрсетеді: ашық, бұйрық, шартты, қалау, міндеттілік, ниет райлары. Ал, ұйғыр тілінің грамматикасын жазған В.М.Насилов пен Э.Н.Наджип ұйғыр тілінде үш райды атаса (ашық, шартты, бұйрықты-қалау), қазіргі ұйғыр тілі мамандары алты түрін көрсетеді (ашық, бұйрық, қалау, шартты, күмән, мақсат).

С.А.Джафаров азербайжан тіліндегі «Түркчэ сэрф нәһф» деген еңбекте рай категориясының он екі түрі, У.И.Гасановта сегіз түрі, Т.Демирчизаде мен Д.Гулиевтің грамматикасында он түрі, бұдан кейінгі еңбектерде де рай тұлғаларының саны әр түрлі екенін жазды.

Осындай бірізділіктің болмауы туралы белгілі түріктанушы Н.А.Баскаков былай деп жазды: «Түркі тілдеріндегі рай және шақ категориялары әлі жан-жақты зерттелген жоқ. Түркі тілдері грамматикасының көпшілігінде бұл категориялар қалыптасқан дәстүрлі схема (латын, грек, батыс европа, орыс тілдерінің грамматикалары) бойынша берілген, яғни нақты бір тілдегі әрбір тұлға салыстыру арқылы анықтамай, олардың беретін мағынылары шынайы зерттелмей, ерекшеліктері мұқият есепке алынбай жазылған».

Ол түркі тілдерінің көбіне егжей-тегжейлі дұрыс зерттелмей, орыс, латын т.б. тілдердің үлгесінде асығыс жазылып жүргенін мойындай отырып, ғалымдарды түбегейлі зерттеу жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ, бір құрылымды топқа жататын тілдердің, яғни түркі тілдеріндегі бір категориясының әр түрлі аталуы сол құбылыс жайындағы түсініктің біркелкі болмауынан деп те түсіну керек. Мысалы, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі аффикстерін қазақ тіл білімінің ғалымдары көсемшенің бір көрінісі деп есептейтін болса, ұйғыр тілін зерттеушілер бұл тұлғаны жеке рай тұлғасына жатқызып, мақсат райы деп санайды.

Мұның өзі түркі тілдерінде рай категориясы әлі жеткілікті зерттелмегенін байқатады.

30-40-жылдарындағы қазақ тіл білімі қазақ тіліндегі рай категориясы беске бөлінеді деп, тұйық етістікті қосып есептейді. Профессор Н.Т.Сауранбаев 1939 жылы «Халық мұғалімдегі» мақаласында («Етістік») рай категорияларына тек ашық, бұйрық, қалау, шартты райды ғана жатқызады. Бірақ кейінгі оқулықтарында аталған райларға қайтадан тұйық райды қосады. «Тұйық рай деп жүргеніміз – етістікке ұқсап жіктелмейді, яғни шақпен өзгермейді. Атауыш сөз сияқты септеледі, көптеледі, тәуелденеді, ...есімше мен тұйық рай атауыш сөздерше септелетіндіктен, тәуелденіп, көптелетіндіктен, сөйлемнің бастауыш, толықтауыш, әсіресе, анықтауыш мүшесі бола алады», деп жазды. Н.Т.Сауранбаевтың бұл пікірін Ы.Маманов, С.Исаев, Қ.Неталиева т.б. ғалымдарымыз қуаттайды [6, 89; 7,62;].

Академик В.В.Виноградов тұйық етістік жайлы: «Орыс тіліндегі тұйық етістік, яғни инфинитив не шақты, не санды білдіре алмайды, ең бастысы шақ мәнін бере алмайды. Ал шақ тұлғаларының жүйесі рай тұлғаларымен байланысты» дей отырып, одан әрі былай жазады: «XIX ғасырдың аяғынан бастап орыс тілі грамматикасында тұйық етістік рай тұлғалары жүйесінен бірауыздан сызылып тасталды» [2, 459].

Орыс тіліндегі неопределенная форма глагола – инфинитив XIX ғасырдың аяғынан бері рай категориясына жатқызылмаса, яғни рай категориясының бір түрі деп танылмаса, қазақ тіліндегі тұйық етістік 50-60-жылдардағы ғылыми мақалалар мен грамматикалық оқулықтардың барлығында рай категориясының бір түрі ретінде есептеледі.

Рай категориясы, әрине, әр кезде шақпен байланысты екенін жоғарыда айтып өткенбіз. Ал, тұйық рай туралы мұны айта алмаймыз. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді, бірақ шақпен де, жақпен де байланысты болмайды, яғни тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді. Ол тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.

1960 жылы К.Неталиеваның «-У тұлғалы қимыл есімі» деген еңбегінде бұл мәселеге назар аударылып: «-у тұлғалы етістіктер осы кезге дейін қазақ тілі оқулықтарында, ғылыми еңбектерде рай категориясы ішінде жіктеліп келді. – у тұлғалы етістіктер рай категориясына енетін басқа ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты райлардай рай категориясына негізгі түйін болатын жақтық, шақтық, шарттық белгілерді білдіре алмайды. Сондықтан да осы –у тұлғалы етістіктерді рай категориясы ішінде емес, етістіктің есімше, көсемше формалары сияқты жеке тақырып негізінде қарасақ дейміз», – деп көрсетіледі.

Осыдан бастап бұл тұлға қазақ тілі оқулықтарында «тұйық етістік» деп сөз алдында жеке бөлек тақырыпшада қаралатын болды.

Ал, рай категорияларының қатарына төрт рай – бұйрық рай, ашық рай, қалау рай, шартты рай кіретін болды.

Қазақ тіл білімінде тұйық етістіктің рай қатарына қосылып есептелуіне әуелдегі П.М.Мелиоранский сияқты ғалымдардың райларды жіктеудегі үлгісі әсер етсе керек. Оның үстіне елуінші жылдары жалпы түркітануда рай категориясы мен тұйық етістіктің ара жігі айқын ажырап, дербес қарастырылмағандығы да ықпал жасаған тәрізді.

Алайда, рай тұлғаларын зерттеген ғалым К.Ищанов осы төрт райдың қатарына қажет және ниет райын қосады, ал профессор Ы.Маманов өзінің 1966 жылы жазған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында аталған райлардың (ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай) үстіне шарттылық рай, өкініш рай деген тағы екі түрін қосады [6, 15-20; 151-154].

Мұны профессор С.Исаев «ғалымның шарттылық рай деп отырғаны ашық райдың бір түрі де, өкініш райы деген ниет, тілек мәніндегі қалау райдың бір түрі сияқты» деп түсіндіреді [7,169].

Сонымен, қазіргі қазақ грамматикаларының барлығында дерлік етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.

 

Әдебиеттер

  1. Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 б.
  2. Виноградов В.В. Русский язык. – М: Высшая школа, 1972. – 614 c
  3. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991. – 383 б.
  4. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1981. – 207 б. 5 Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1965. – 600 б.
  5. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, 1966. – 155 б.
  6. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. – Алматы, 1992. 8 А.Байтұрсынұлы . Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б.
  7. Ильминский Н.И. Материялы к учению киргизского наречия. – Казань. – 1860. – 199 с.
  8. Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка.Ч.I. Фонетика и этимология. – СПб 1894. – 72 с. .II. Синтаксис, 1897. – 92 с.
  9. Дыренкова Н.А. Грамматика хакаского языка. Фонетика. Морфология. – Абакан, 1948. 12 Сауранбаев Н. Етістік. // Халық мұғалімі, 1939. №23.24.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.