Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің жұмсалуына қатысты норма

Мақалада қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің жұмсалу ерекшеліктері мен нормалық сипаты қарастырылған. Сұраулы сөйлемдердің жарыспа варианттары талданып, олардың қолданыстағы көрінісі, құрылымдық жайы айтылады. Тіліміздегі жарыспалы вариантта жұмсалатын сұраулы сөйлемдердің жасалуына қатысты тұжырымдар беріледі.

Сұраулы сөйлем жасайтын сұраулық шылаулардың қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын жұмсалуы (барасың ба?-барамысың?) норма тұрғысынан талданып, сөйлеу тіл стиліне тән норма екендігі айтылады. Сондай-ақ сұраулы сөйлемнің бұл түрі (барамысың?) алғашқы тұлғаларына вариант болып жұмсалатыны, көркем шығармаларда диалогта стильдік мақсатта қолданылатыны қарастырылады. Тілдік жүйеде ауытқудың да, вариант тұлғалардың да болатыны сөз болады.

Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің грамматикалық көріністері, жұмсалу ерекшеліктері тек сөйлеу тілінде ғана емес, көркем әдебиет тілінде де әр қырынан көрінетіндігі сипатталады. Олардың түркі тілдеріндегі жұмсалуына мысалдар беріліп, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Синтаксистік тұлғалардың құрылуы жүйедегі грамматикалық ережелермен қатар нормаға да бағынатыны айтылады.

Қазақтың бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің әлеуметтік өрісі кеңейіп, функционалдық стильдері сараланды, олардың әрқайсысы өзіндік белгілерімен айқындалып, шыңдала түсті.

Қазіргі қазақ тіл білімі – жан-жақты өркендеген ғылым. Сондықтан тілдің нормалары мен стильдік категорияларын анықтауда оның қазіргі жағдайын ескере отырып, тіл мәдениетінің көптеген мәселесін шешуге, тіл құбылыстарын дұрыс бағалап бағдарлауға толық мүмкіндік бар [1,10]. Сондықтан норманың өзіне тән табиғатын айқындап, қалыптасқан тілдік құбылыстарды бірізділікке түсірудің маңызы зор.

Жаңа құбылыстарды бағалау, оларды қабылдау немесе қабылдамау, тілдегі ауытқулар лингвистерден қолдану нормасының сипаты туралы толық түсінікті, қалыптасу заңдылықтарын, тіл жүйесі құрылымдарындағы нормалардың қалыптасуын, өзара әсерін білуді талап етеді. Бұлар нормаға түсіру қызметінің теориялық базасын құрайды.

Сөйлемнің құралуы күрделі құбылыс болғандықтан, онда ауытқулар да, құрылымдық өзгерістер де болуы мүмкін. Сұраулы сөйлемдердің грамматикалық көріністері, жұмсалу ерекшеліктері тек сөйлеу тілінде ғана емес, көркем әдебиет тілінде де әр қырынан көрінеді. Cұраулы сөйлем белгілі бір оқиға жайынан хабар алу үшін жұмсалады. Ғалым К. Ахановтың сөзімен айтқанда, «Сұраулы сөйлем коммуникативті қызметі жағынан басқа бір хабардың келіп тууын қажет ететін хабар болып саналады» [2, 209]. Сұраулы сөйлем басқадан жауап алу, тыңдаушының ой-пікірін білу мақсатымен айтылады. Сондықтан сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарына қарай, оларға қойылатын сұрақтың мазмұны да алуан түрлі болып келеді.

Сұрақ құрылымдық тұрғыдан не сұрау сөз, не демеулік шылаудың болуымен сипатталады. Осылардың ішінен сұраулық шылаудың кірігіп жіктік жалғаулардан бұрын келуі арқылы сұраулы сөйлем жасалуына назар аударамыз: сен келесің бе? – сен келемісің?

Сұраулы сөйлемдер қимыл иесінің түрлі күйіне, қалпына, іс-әрекетіне қарай сұрай айтылып, логикалық мазмұнға сай құрылады. Сұраулы сөйлемнің құрамында оның сұрау мағынасын айқындай түсетін сұраулық шылаулар, сұрау есімдіктері жиі қолданылады. Сондай-ақ, сұраулы сөйлем айтылуына қарай интонацияның көмегімен, кейде кейбір көмекші етістіктер

мен қосымшалар арқылы да жасалады. Мысалы:

Бірақ дәл осы кезде, үнсіз тұрған жиын жақтан жапыр-жұпыр дауыстар естіліп қалды.

Сен ал!

  • Е, сен ше?
  • Ал өзің? десіп, қау-қауласып тұрған жұрт қолды-қолына бір-бір кесек тас көтеріп алыпты (М. Әуезов).

Жоғарыда берілген диалогте сұраулы сөйлемдер сұраулық шылау (ше) мен интонация арқылы жасалған. Сұраулы сөйлем жасауға қатысатын «ша», «ше» сұраулық шылау, негізінде, диалогте алдыңғы сөйлемге жауап бере отырып, тікелей бір мәселе жайында сөз қозғағанда қолданылады.

Профессор Д. Әлкебаеваның айтуынша,

«Сөйлемнің айтылу мақсатының әртүрлі сипаттарына қарай жауап немесе кейде сөйлеушінің өзі жауабын таныту қызметіне байланысты сөздер тізбегі сұраулы сөйлемдердің негізін құрайды» [3, 186].

Ал, төмендегі берілген диалогтерде одағай сөздер мен қыстырма сөздің қатысуымен сұраулы сөйлемдер жасалып тұр.

  • Иә, жаңағы поездан түстім. Жайылма ауданына баратын едім.

-Өзің былай, студентсің-ау, деймін? -Бейтаныс жігіт сауалын жалғастыра түсті (Қ. Сегізбаев).

Тышқан... Тышқан...

-Саршұнақ де.

-Айтсаң да, мұнайшының баласы ау, ә?-

деп қарт езу тартты (М. Сүндетов).

Сондай-ақ бұл сөйлемдерде айтылатын ойдың жалпы бағытына қарай одағай сөздердің айтылу ырғақтары да(сұраулық ырғақ) құбылып отырады. Соған орай сөйлемде сұрау мағынасымен қатар таңдану, күмәндану сияқты ерекшеліктер байқалады.

Мағынасы жағынан сұраулы сөйлемдердің әртүрлі болуына байланысты, бір нәрсе туралы түсінік алу, сұрау, білу, жаңа мәлімет жинау мақсатымен айтылатын сөйлемдердің түрлері көп.

XVIII ғасырдан сақталған шығарманың синтаксистік құрылысын талдаған Т.Қордабаев сұраулы сөйлемдердің қолданысына қатысты өз пікірін былай білдіреді: «Қадырғали Қошымұлының «Жамиғ-ат тауарих» атты шежіресінде сұраулы сөйлемнің екі түрлі тәсілмен сұрау есімдігі мен сұраулық шылау арқылы жасалған түрі кездеседі.Санамалы түрде кездесетін сұраулы сөйлемдер белгілі бір тарихи адамның сөзі ретінде келген төл сөздерде ғана кездесіп қалады. Өйткені бұл еңбек жеке бір ғана автордың баяндауы түрінде жазылған шығарма» [4,72]. Қай уақытта жазылса да шығармалардың стилінде өзіндік ерекшеліктер болатынын байқауға болады.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде -ма,-ме сұраулық шылаудың жұмсалымына мынадай түсінік береді: «Сұраулық шылау (-ма,-ме, -ба,-бе, -па,-пе) жіктік жалғаудың екінші жағының жалғауынан кейін де бұрын да келе береді. Бірақ бұрын келгенде сұраулық шылаудың ашық дауысты дыбысы (-а,-е), сөздің жуан, я жіңішкелігіне қарай, қысаң дыбысқа (-ы,-і) айналады. Мысалы: оқушы-сың ба? – оқушы-мы-сың? Сондай-ақ тәуелді сөздің бірін-ші және үшінші жақтарында да, сұраулық шы-лау (-ма,-ме) жіктік жалғаудан кейін де, бұрын да келе береді: оқушы-м-сың ба?– оқушы-м-бы-сың?» [5, 76].

Осыған ұқсас пікірді ғалымдар М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев та айтады: «Сұраулық шылау қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды. Сұраулы сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тән болғандықтан олар диалогтарда жиі ұшырайды» [6, 18].

Осы орайда түрколог-ғалым Н.К. Дмитриевтің пікіріне назар аударайық: «Сұраулы сөйлемдерде сұраулық аффикс мүмкіндігінше жауап алатын сөйлем мүшелеріне қойылады. Бұл көбіне баяндауышта болады, бастауышта сирек кездеседі. Мысалы, татар тілінде: син бу китапны алдыңмы?, башқұрт тілінде: һин был китапты алдыңмы? «ты эту книгу взял?»; тат. синме бу китапны алдың?, баш. һинме был китапты алдың? «ты ли взял эту книгу?» [7, 21].

Нормалау принциптерінің негізі әрбір әдеби тілдің өсу дәрежесімен, нормалау объектілерінің ерекшелігімен байланысты. Нормалау бағытын алдымен көп жылдық тәжірибеге сүйеніп, тілде орнаған қалыпты басшылыққа алып, тілдің жүйелік қасиетін негізге алады.

Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық туралы жазған И. Ұйықбаевтың пайымдауынша, сұраулы сөйлем жасайтын ма(ме), ба(бе), па(пе) сұраулық шылаулары -мы,-мі,-бы,-бі,-пы,-пі тұлғаларының бірінде сөз ішінде қолданылып, олардың алғашқы тұлғаларына вариант болып жұмсалады [8, 81]. Мұндай сұраулы сөйлемдер жинақы(ықшам) түрде құралып, диалогтық

жағдаятқа байланысты жұмсалу ерекшелігіне қарай эмоциялық сипат алады. Мысалы:

  1. Тойдың ду-дуының ортасында жүрген жігіт:
  • Көке не боп қалды?деген таңданып.

Қайтпақшымысыз?

Өстіп жүре бермекпісің?деді шал салған жерден (Ә.Найманбаев).

  1. Мен теріс айтты деп отырмысың? (М.Әуезов).
  2. Өзіңді аямасаң да жарыққа жаның ашысын да. Түнімен жағып қоямысың? (Т. Иманбеков).
  3. Сен өзің бұзған жоқпысың? (Ғ.Мұстафин).

Бұл сөйлемдердегі қайтпақшымысыз, жүре бермекпісің, отырмысың, қоямысың, бұзған жоқпысың сөздерінің көмегі арқылы сұраулы сөйлемдердің жасалуы -мы,-мі тілдік формасының кірігіп жұмсалуынан көрінеді. Сұраулы сөйлемдердің табиғатының ашылып саралануы көркем әдебиет стилінде ерекше көрініп, экпрессивті қызметте қолданылады.

Кейбір зерттеушілер вариант болған жерде норма ұғымы да қатар жүреді деп есептейді. Осыған қатысты Н.Н. Коротковтың пікірін келтірейік: «Норма мәселесі қаралған тұста бөлініп шығатын негізгі категория – бұл варианттылық категориясы» дегенді айтады [9, 10]. Осыған ұқсас позицияны Ф.П. Филин де қолдайды: «Норма... немесе одан ауытқу тілдік жүйедегі бір мағыналы элементтерді пайдаланудан көрінеді» [10, 17].

Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар вариант тұлғаларын әдеби тіл нормасы тұрғысынан сөз етеді. Олардың параллель варианттарды түрге бөлудегі фонетикалық және грамматикалық пікір алшақтығы кездеспейді. Варианттылық – тіл-тілдің барлығында болатын және бар құбылыс. Ол – заңдылық. Бірақ тіл өзінің даму барысында және сол дамуға қоғамның саналы түрде араласуы нәтижесінде жарыспалылықтан арыла түсуге тиіс [11, 5].

Қазақ тілі білімінің негізгі мәселесіне тіл бірліктерін қолдануда жаңа тенденцияларды айқындау және оларды реттеу, тілдің барынша икемді негізгі құрамдары мен тәсілдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті қойылады. Сөз етіп отырған сұраулы сөйлемдердің тұлғалық көрінісі туралы А.М. Щербак былай дейді: «Оның орны жақтық және сандық көрсеткіштерден кейін немесе олардың алдында болады, кейде сол және басқа варианттары да қолданысқа енеді. Варианттардың позициялық мүмкіндігі тілге және етістік формаларының сипатына байланысты. -мі,-му шылаулардың сандық және жақтық көрсеткіштерінің алдында жұмсалуы көбіне осы және келер шақта байқалады, өткен шақ формасында бұл аффикс көп жағдайда аталған көрсеткіштерден кейін келеді» [12, 41].

Түркі тілдерінде де кездесетін мұндай құбылыс сұраулы сөйлем құрудың ерекше стильдік амалы болып табылады. Салыстырып көрейік: гагауз тілінде: аларсінізмі—алармісініз «возьмете ли?», өзбек тілінде: кэларсанмі— кэлармісан «придешь ли?», түрік тілінде: вэрірмісініз «дадите ли?». Ал якут тілінде -мі-му шылауы жоқ, оның орнына аналогия ретінде дуо шылауы қолданылады [12, 41].

Ғалымдар М. Балақаев, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов өздерінің зерттеулерінде сұраулық шылаудың кірігіп жұмсалуынан пайда болған сұраулы сөйлемдерге қатысты айтқан пікірін келтірейік: «Қазақ тілінде сұраймысың?, келемісің?, түсінемісің? дегендер әдеби норма емес, сөйлеу тіл стиліне тән норма. Сондықтан оларды жазушы көркем әдебиетте диалогты сөйлемдерде қолданса орынды болады деген тұжырым жасайды [13, 226].

Сұраулы сөйлемдердің осы үлгідегі түрі

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында да кездеседі:

Малымды қара жетім бағамысың, Біздерге бұл қылықпен жағамысың? Дарияға қол ағашын тастай бердің,

Қатқаныңның басымен қағамысың?

Бұл келтірілген шумақта бағамысың-бағасың ба, жағамысың-жағасың ба, қағамысыңқағасың ба деп ұғынылады. Бұлар үнемі осылай жарысып қолданыла бермеуі де мүмкін. Сұраулы сөйлемнің бұл түрі көркем әдебиет тілінде керек жерінде стильдік мақсатта ғана жұмсалады. Қалай дегенмен қазір қолданыста екені анық. Тіл білімінде жарыспа тұлғалардың болуы заңдылық.

Жай сөйлем құрылысындағы құрылымдық өзгерістер, грамматикалық тұлғалардың жұмсалуындағы ерекшеліктер, ауытқулар норма тұрғысынан анықтауды қажет етеді. Оларды бірізділікке түсіруді көздейді. Дәстүрлі синтаксистік норма вариант тұлғаларының даралануына айқын бағыт берді.

Қазақ тілі нормасы тіл құрылысы мен заңдылықтар жүйесін, оның дамуын көрсететін көп салалы күрделі құбылыс. Сондай-ақ ол тіл дамуының әрбір кезеңдеріндегі құбылыстарды қоғамның эстетикалық, мәдени талғамын бейнелейді.

Тілдің грамматикалық құрылысы қатып қалған құбылыс емес. Ол адамдардың қарым-қатынасын қамтамасыз ету кезінде, өз қызметін атқару үстінде үнемі екшеліп, дамып, күрделеніп отыратыны белгілі. Олай болса сұраулы сөйлемдердің қолданылуы тілдік түрлі ситуацияларға байланысты түрлі шешім тауып, ерекшеліктерге ие болып, оның мағынасы да, қолдану аясы мен мүмкіндігі де күрделенуі заңды.

 

Әдебиеттер

  1. Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. – Алматы: Ғылым, 1997. –208 б.
  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері (Оқу құралы). – Алматы: Санат, 1996. -240 б.
  3. Әлкебаева Д. А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.-244б.
  4. Қордабаев Т.Р. Тарихи синтаксис мәселелері (ХV–ХVІІІ ғасыр матер. бойынша). – Алматы: Ғылым, 1964. – 244 б.
  5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.
  6.  Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1997. – 240 б.
  7. Дмитриев Н.К. Детали простого предложения//Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Синтаксис. – М.: Издат-во АН СССР, 1961. – Ч.3. – С. 19-42.
  8. Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. – Алматы: Ғылым, 1976. –143 б.
  9. Коротков Н.Н. Норма, система и структура как этапы анализа и описания языкового строя //Спорные вопросы грамматики китайского языка. – М., 1963. – С. 5-20.
  10. Филин Ф.П. Несколько слов о языковой норме и культуре речи // Вопросы речи. – 1968. – Вып. VІІ. – С. 15-22.
  11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 118 б.
  12. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков: Глагол. – Л.: Наука, 1981. – 183 с. 13 Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1968. – 239 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.