Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух

Мақалада қазіргі қазақ лирикасының жаңашылдығы сөз болып, қазіргі лириканың жай-күйі, ұлттық рухтың, қазіргі ақындардың поэзиядағы азаматтық ұстанымдары жайлы айтылады. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашыл бағыттар сараланып, қаламгерлер шығармашылығы ғылыми, әдеби-теориялық тұрғыдан зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жасалынды. Мақаланы жазу барысында қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашыл бағыттар сараланып, қаламгерлер шығармашылығы ғылыми, әдеби-теориялық тұрғыдан зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жасалынды. Мақаланың негізгі мақсаты – қазіргі қазақ лирикасындағы көрнекті қаламгер шығармашылығының бет-бейнесін ашу, жаңашылдықты анықтау, қазіргі лириканың өзіндік ерекшеліктерін тану, туындылардың қазақ әдебиеті тарихындағы орнын белгілеу болып табылады. Мақалада қазіргі қазақ лирикасының жаңашылдығы сөз бола отырып, тәуелсіздік алған тұстан бері қарай қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбамен, үнмен келген ақындар легінің шығармашылығына ден қойып, қазіргі белгілі ақындарымыз Қалқаман Сариннің, Ақберен Елгезектің, Әлібек Шегебайдың, Алмас Темірбайдың, Асылзат Арыстанбектің шығармалары талданады. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдықты зерттеуге бағытталған бұл мақаланы жоғары және орта оқу орындарында, жекеленген ақындар шығармашылығымен таныстыруда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік дәуірі өзінің даму арнасымен, бағытымен ерекшеленетін, өз дәуіріне сай үні бар қаламгерлерді тудырған дәуір. Бұл дәуір әдебиеті азаттық таңының шуағына шомылып, тәуелсіздік деген ұғымның асқар биігіне шыққан бейнесін сомдайтын туындылар толқынының бейбіт шеруі іспеттес. Қаламгерлер шығармашылығы тек өз дәуірінің емес, өзіне дейінгі дәуір әдебиетімен сусындап, жаңа дәуірге сай шығарма жазып, қазақ әдебиетінің алтын қазынасын толықтыра түскені байқалады.

Әдебиет – дүниені қабылдаудың бірден-бір көркем жүйесі. Адам әдебиет арқылы өзі өмір сүріп отырған ортаны тұтас қабылдайды. Өз қоғамының бейнесін, дәуірінің бет алысын байқайды. Сондықтан әр дәуірдің өз әдебиеті болады. Әдебиет үнемі дамып, жаңарып отырады. Қазақ әдебиеті тарихының әр дәуіріндегі поэзиясының өзіндік үні болды. Сонау түркі заманынан бастау алатын қазақ поэзиясы өз заманында тақырыптық-идеялық, көркемдік жағынан жаңартылып, толықтырылды. Дәстүрлі поэзия өкілдерінің өлең үлгісі кейінгі ақындар поэзиясында көрініс тауып, сонымен қатар жаңа өлең үлгілері туды. Поэзияда дәстүр жалғасып, жаңашыл өріс те кеңінен ашылды. Осылайша қазақ поэзиясы қоржыны толыса берді.

«Қазақ әдебиеті қай кезеңде болмасын өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отыра дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашты. Әсіресе, мұндағы жыраулар әдебиеті мен зар заман әдебиетінің, асқарлы Абай өнегесінің құнарлы болғанын атап айтқан абзал. Әдебиеттің әр кезеңінің табалдырығын шығармашылық талаппен аттаған жас ақын-жазушылардың қай-қайсысы да осынау бір ұлт әдебиетінің қайнар көздерінен нәр алып барып түрлі ізденістерге бой ұрды. Дәстүрлі жалғастыру мен жаңашылдыққа ден қою ой-сана тұтастығына, идеялық-көркемдік бірлікке алып келді. Бәрін біріктірген ортақ ұлы мақсат – ұлттық сананы оятып, азаттыққа қол жеткізу болатын.

Белгілі бір дәуірде өмір сүрген суреткерлер шығармаларында болжалды идея үнемі бірыңғай күйде көрініс таппай, сан-салалы көркемдік шешімдер арқылы бой көрсететіні ақиқат. Әрбір әдеби бағыттың, көркемдік әдістің өз шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Әрбір үлкен суреткердің айқындалған бағыты бар, ол сол өзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді. Бұл бағыттарды біріктіретін бір-ақ ұстаным бар, ол – ұлттық рух» [1, 176].

Ұлттық рух жолындағы күрес белгілі бір дәуірде идеяға айналады. Барлық адамзаттың күш-жігері мен мүмкіндік-қабілеттері сол идея айналасында қызмет етеді. Осылардың ішінде әдебиет өкілдері идеяны жүзеге асыратын бірден-бір «күш иелері» болып табылады. Әдебиет те, әдебиет тарихы да, әдебиет өкілдері де қоғаммен тығыз байланыста өмір сүреді.

Біз шығармашылығын сөз етіп отырған ақындар тәуелсіздік дәуірінің, ата-бабамыз аңсап кеткен азаттыққа қол жеткен күнде ғұмыр кешіп жатырған ұрпақтары. Сондықтан қазіргі қазақ лирикасының азаматтық ұстанымы мен идеясы – тәуелсіздікті сақтау, құрметтеу, бағалау идеясымен астасып жатыр. Негізінен тәуелсіздік идеясы сонау көне түріктер заманынан бастау алып, күні кеше қол жеткен нағыз тәуелсіздік дәуіріне дейін жалғасып келді. Біз үшін ұлттық жетістігіміздің ең қымбаты да осы – тәуелсіздікке қол жеткені.

Ақындар өздерін қоршаған ортадан бөлектеніп кете алмайды. Олардың болмысы бөлек болғанмен, олардың жан дүниесі мына әлеммен астасып жатады. Жырына арқау, жанына жылу болар қажеттісін бәрібір біз бен сіз өмір сүріп отырған әлемнен іздейді. Ондағы әлеуметтік, саяси, қоғамдық т.б. мәселелерден сырт қалу – ақынға жат құбылыс. Әуел бастан ақынның бір қызметі – халықтың жоғын жоқтау болатын. Сондықтан заман бейнесін, сіз бен біздің осы замани бейнемізді, тіршілігімізді «өмір-өлең» өрнектейді.

Жаңа ғасыр поэзиясындағы қазақ қоғамындағы ең үлкен тарихи оқиғаның бірі тәуелсіздік алуымыз еді. Ендеше осы нағыз тәуелсіздікті жырға қосу осы дәуір поэзия өкілдеріне бұйырған соны тақырыптың болып табылады. Бұған дейін еркіндікті, азаттықты аңсаған болсақ, енді соған жеттік, енді соны бағалау жолдарын қарастыруымыз, тәуелсіздіктің тарихын, бағасын ұрпақ санасына соны сіңіруіміз керек деген ұстаным ақындар шығармашылығынан көрінді. Тәуелсіздік қазақ поэзиясында ең көп жырланған тақырып десек те, оны еркін де тәуелсіз жырлау осы кезеңнің жемісі болып отыр. Өйткені қазақ елі соғыстан, бодандықтан құтылған бейбіт ел ретінде өмір сүріп отырғаны енді ғана. Жетпіс жыл бодандықтың қамытын киген тұстағы поэзияда, әрине, бұл тақырып жырланған еді, алайда тәуелсізбін деп айқайлайтындай қауқарлы емес едік. Тек қазақтың даласын, қазақты жырладық. Ал нағыз тәуелсіздік поэзияның пәрменді тақырыбына енді айналды. Бүгінде ақындарымыз ешкімге жалтақтамайды. Өйткені бұрынғыдай сұсты семсерлі цензура жоқ.

Сонымен тәуелсіздік туралы тұғырлы жырларын ақындар былайша өрбітеді. Қалқаман Саринның қарымды қаламы мен шалқар шабытынан:

Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің. Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Уа, Еркіндік,

қош келдің! 

деген жыр жолдары туып, ақын бойындағы шексіз қуанышты көрсетеді, ал Әлібек Шегебайдың «Қабірден хат» өлеңінде тәуелсіздік рухына тағзым:

Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт, Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк. Бөрі мінез Бабалардың арманы – Айналайын, алтын қанат – Азаттық! –

деп Тәуелсіздікке жету жолындағы күресте қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың монологы түрінде берілген.

Аппақ сезімінің сырын ақырын, үнсіз, Тәңірімен тілдесу арқылы шертетін Ақберен Елгезек те тәуелсіздіктің құнын «Қанды түнек» өлеңінде құрбандарға деген асыл құрметін білдіру арқылы ұғынған, ұғындырған:

Қан төгілді, қызыл жалау құлады, Қатып қалды жас өркеннің бұлағы. Құрбандығың қабыл болды, қазағым, Жалп-жалп еткен сөнбесінші шырағың!

Алмас Темірбай желтоқсанның құрбаны, біздің дәуірдің батыры Қайрат Рысқұлбековтың атынан сөйлеген моногында «Желтоқсанда ай туады солынан» дейді. Қазақта айдың солынан тууы жақсы ырым емес. Ақын батырды осылай сөйлету арқылы қазақ тарихта болған «құбыжық құбылыс» салқынын тағы бір ойға салады. Осы желтоқсанда солынан туған айдан сақтасын деген тілегімен өлеңін аяқтайды:

Айға қарап

Ар жылайды, жыласын,

Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың! Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім, Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!

Темір тордың алдында,

Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына!

«Отыз жеті» ойран қылған қазақты,

«Сексен алты» сергелдеңге салды ма?!

... Жылап тұрып, Жақсылыққа жорығам:

«Алты Алашым адаспағай жолынан!».

...Жылдың соңы... Кімнің соры?

Сақтай гөр!

Желтоқсанда Ай туады солынан...

Жалпы Желтоқсан оқиғасының шындығын білу, ол оқиғаның тарихтағы орнын беру мәселесі әлі күнге дейін ұлт тарихындағы ауыр трагедиялы мәселенің қатарына жатады. Алайда дәл соның бағасын біліп, Желтоқсан құрбандарын, батырларының ерліктерін дәріптеу – бүгінгі ұрпақты саналылыққа, ұлтжандылыққа, мықты рухқа ие болуға тәрбиелейтіні сөзсіз. Әдебиеттің бірден-бір тәрбиелік қуатын осындайда пайдаланамыз. Бұл ескіні қозғап, іріткі шығару емес, тарихи шындықты жоққа шығармау, сақтау.

Қазіргі қазақ лирикасы бұдан өзге де азаматтық лирикаларға бай. Әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәселе, жалпы қазіргі қазақ қоғамын қамтитын үлкенді-кішілі оқиғалар мен жағдайлар ақындар шығармашылығында астарлы сатирамен, кейде ашықтан-ашық сыналып, айтылып жүр.

Тегеуріні темір үзердей жырлары бар Темірғали ақынның азаматтық ұстанымы берік және ол оның көптеген өлеңдерінен көрінеді. Ол өзін қоршаған ортаны бағалау, оның келеңсіз жайттарын айтуды өзіне азаматтық міндет етіп алғандай. Мәселен, «Сахна» өлеңі өмірді «сахна» қып көрсетеді. Адамдардың бәрі шетінен маска киіп алған. Біреудің шын бет-бейнесін көру мүмкін емес. Бұл жалқы сахнада сол актерлердің өнеріне күле берсең, оларды қолпаштай берсең ғана жағады екенсің. Алайда Темірғали ақын олардың қатарынан емес. Ол:

Сахнаға қарап едім биіктен,

Күлкің қайда, құтылмадым күйіктен. Мен емес ем шаттығынан безінген, Күлсем болды, қан тамады көзімнен, –

дейді. Ақын жаны шын жылайды. Ақын көзінен неге жас емес, қан тамады? Демек ақын жаны ауру. Жанының жарасы асқынған. Көзінен қан тамуы да сол. Ақын жаны қара басының қайғысынан емес, қоғамның қайғысынан ауру болған. Бірақ ақын бұл қоғамнан безінбейді.

Мына біздің заманда,

Жақсы да бар, жаман да. Көргеніміз – көркіміз, Шүкіршілік әманда, –

деген ақын, келесі бір өлеңінде қайғысы мен қуанышы, жақсылығы мен жамандығы қатар өмірде адамға жақсылық, қуаныш сыйлау бақыт екенін айтады. Бұл өлең – ұрпаққа өнегелі өлең. Өлеңнің «Мән» деп аталуының өзінде бір мән бар:

Мен кеше

Бір сәбиді жұбаттым, Қолына

Күлше беріп қуанттым. Өйткені ол адам ғой, –деп басталатын өлеңнің өң бойында ақынның адамдарға жасаған жақсылығы тізбектеліп келеді де:

Міне осылай, уақыт, Қанатында самғаймын, Өзімді өзім жұбатып, Өзімді өзім алдаймын. Өйткені мен де адаммын, –деп аяқталады. Иә, расында біреуге жақсылық жасасақ қайтарымын күтпей, оның адамдық борышымыз екенін есте ұстағынымыз абзалырақ секілді.

Қазақты сүю, оның тіршілігін құрметтеу, тарихын бағалау, бүгінгісіне шүкірлік етіп, келешегіне сену, қазақтың аталардан жалғасқан салт-сана, дәстүр-жоралғысын естен шығармай, ұрпаққа аманаттау – міне бұлардың бәрі ұлттық рух қалыптастыру жолындағы ақынның азаматтық ұстанымына тікелей қатысты. Өз ұлтын сүйіп жарытпаған адам, ол ұлт үшін еңбек ете алмақ емес. Сондықтан да қашанда ұлттық рух пен азаматтық ұстаным, міндеттерді бірлікте қарастырамыз. Жақсысы болсын, жаманы болсын қазақтың мәселесін көтеріп, халықтың мұң-мұқтажына ортақтасу – ақынға да, азаматқа да парыз.

Қазақтың ақындары қашанда бұрынғы өткен ата-баба аруағына тағзым етіп, олардың ерліктерін жырына арқау етіп отырған. Сол арқылы халық тарихы қай дәуірде де ұрпаққа жетіп отырды. Асылзаттың да осындай өлеңдері бар. Оның «Кенесары және Мен», «Кенесарының аруағына мұң шағу» өлеңдерінде Кенесары атасына:

Жылжиды уақыт, ай құлап, көкте сөнбес күн, Боркемік ұлмен белдесе кетсе жеңбес кім.

Ұрпағын сатып, ұртын майлаған мәңгүртті, Сенен тараған ұрпақ деп айтсам, сенбессің.

Нәпсіге тежеу салатын кім бар тағат қып, Осыдан талай науқастың түрін тараттық. Тірлігі түнде, етегін сатқан әйелден, Өзіңдей тұлға туат деп айту ағаттық, -

деп қоғами, адами мәселенің қазақтың жанжарасына айналып кеткенін, Кенесарыдан тараған ұрпақтың ұсақталып кеткенін, бабалар аманатын аяқасты етіп жүрген пендауи тірліктің барын жасырмай жайып салады. Сол арқылы бұл мәселе ақын жанын ауыртатынын көрсетеді. Жалпы жезөкшелік қазіргі қоғамның басты дерті. Асылзаттың осы дертті сынап жазған бірнеше өлеңдері бар. «Жезөкше түн» деп налитын ақын жаны қазаққа осы бір түннің кесірі көп екенін айтады. «Тірі жетім бөбектерай, бөбектер» деп аталатын өлеңіндегі ақын қынжылысы бәріміздің көкейдегі мен жүрегіміздегіні дөп басады:

Тірі жетім бөбектер-ай, бөпелер, Сендерді де сайқал өмір жетелер. Мауқын басқан біреулердің күнәсі, Мойныңда тұр, әлің жетсе көтерер.

Туғандығын білмейтін қай анадан, Туа сала тұмар таққан наладан.

Сендерсіңдер түсіп қалған шанадан, Сендерсіңдер тауып алған даладан.

...Тағдырыңа нали бермей бекерге, Сен жүре бер өмір жүгін көтер де,

«...Милы адамдар» менен бұрын қимылдап, Ұрлықшы ұшақ ұшып кетті шетелге...

«Тіл – ұлттың жаны» деген Ахмет атамыз. Сол жанымыз бүгінде жаралы боп, тәнімізден ажырап бара жатқандай. Қазақ қоғамының үлкен дерті де, мәселесінің бірі де бірегейі осы – тіл болып отыр. Ащы да болса шындық өз елінде өгейдің күйін кешкен ана тілі ардақталудан қалып барады. Ұлтына жаны ашитындар мүмкіндіктерінше күресіп бағуда. Мұндайда ақынның да үнсіз қалуы мүмкін емес. Қазіргі қазақ лирикасында ана тіліміздің мәселесін сөз еткен өлеңдер көптеп жазылуда. Жалпы тіл мәртебесін көтеруге орай арнайы мүшәйраларда ұйымдастырылып жүр. Міне, тәуелсіздік алып, тайраңдап жүрсек те, тіліміздің мерейін үстем ету жағынан әлі да сана тәуелділігінен арыла алмай келеміз. Ана тілінің ертеңіне алаңдайтын Асылзат

«Өлмеу керек өр Қазақтың төл тілі» дейді:

Ұқтыра алмай ұлы сөзді кереңге, Қамшы бастым қапылыста өлеңге. Тілім менің өліп кетсе,

Басында

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.