Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Төлеу Көбдіков позиясының көркемдік кестесі

Мақалада автор халық ақыны Төлеу Көбдіковтің поэзиялық туындыларына талдау жасай отырып, көркем шығарманың сапасы оның идеялығымен, айтайын деген ойымен ғана өлшеніп қоймайтынын айтады. Яғни сол идея оқушыға қалай жеткізілді, қалай әсер етті деген критерийлерге де тоқталып кеткен. Автор ақынның өлең ұйқасы түрлерін, әдебиеттану ғылымында қолданылып келетін көркемдік құралдарды пайдалану ерекшелігін сөз етеді. Сонымен қатар автор ақынның ұлттық поэзия нақыштарын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, жаңа сөздер мен көнерген сөздерді пайдалануын сөз етеді. Мақала авторы ақынның жалпы шығармашылығының қай арнасынан болмасын көркемдеу құралдарының үлгілерін талғампаздықпен пайдалана отырып, оның мәнді де ойлы, әуезді де ажарлы болуына ерекше назар аударып отырған. Мақалада Төлеу творчествосының көркемдік кестелері әлі де болса үңіле қарап, терең зерттеуді талап ететіндігі, әсіресе, ақынның тілдік қоры – игерілмей жатқан, берері мол тың дүние екені айтылады.

Автордың ойынша, тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма бола алмайды. Сондықтан әдебиет сыншысы бәрінен бұрын шығарманың тіліне, автодың сөз өрнегіне назар аударуы шарт.

Көркем шығарманың сапасы оның идеялылығымен, айтайын деп тұрған ойымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге сол идея, оқушыға қалай жеткізілді, қандай әсер етті деген критерийлермен де айқындалады. Ал, қандай да ойды болмасын жазбаша да, ауызша да оқушыға, тыңдаушыға жеткізіп тұратын әдебиеттегі бірден-бір құрал – сөз. Сондықтан да жазушының, ақынның тіл байлығы неғұрлым зор болса, сөзді таңдап, талғап қолдануға ол неғұрлым машық болса, шығармасы да соғұрлым әдемі, соғұрлым құнды болып шықпақ. «Тіл – әдебиеттің бас мүшесі» деген Горький сөздері осыған орай айтылған. «Тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма болған емес және бола алмайды... Әдебиет сыншысы бәрінен бұрын шығарманың тіліне, автордың сөз өрнегіне қарауы шарт», деп талап етеді академик З. Қабдолов [1, 200-201].

Шындығында да, бір ауыз өлеңнің басын құрап айта алмайтын қазақ баласы кемде-кем. Ал, солардың бәрін ұйқастыра алады екен деп бәрін ақындар қатарына жатқыза берсек ақындықта да, көркем шығармада да ешқандай құн қалмаған болар еді. Әрбір жазушы, әрбір ақын осы қағиданы түсіне біліп, есіне мұқият ұстаса, соны күнделікті бұлжытпай орындай алса, сонда ғана оның шығармалары құнды болмақ, сонда ғана оның аты өлмейтін болады, еңбектерін ел қадір тұтады.

Міне, осы тұрғыдан қарағанда Төлеу Көбдіковтің – қазақ әдебиетінен алатын өз орны, өз сыбағасы бар ақын. Төлеудің ауызша айтқан да, жазбаша шығарған да өлеңдерінен оқушы тәтті нәр алғандай болады. Ақынның тіл байлығына, тілінің сап алтындай тазалығына, артық сөз қоспай, әр сөзін өз орнына қойп, пайдалана білетін талғампаздығы таң қалдырады. М.Әуезов бір хатында «Төлеудің басқа қарт ақындардан өзгеше бір қасиеті – өлеңді жазып та, ауызша да шығаратындығы және өлеңіне көлденең бірден-бір жол еңгіздірмейтіндігі. Ол жазған, шығарған нәрсеге хатшы ақынның қол жүгір-туінің қажеті жоқ көрінеді», деген еді [2, 93]. Мұхаң осындай баға берген ақынға бұдан артық мақтау айтуға бола ма екен?

Өлеңге әркімнің ақ құмары бар, Ішінде аз-аз ғана ұғары бар.

Көн жамап былғарыға былғамалық, Әр сөздің өз жөнімен ұнары бар...

Аз сөзден көп мағына шығарып ал [3, 228] – дейді ақын. Осы талабынан өзі де ауытқымауға тырысқан.

Төлеу Көбдіков өлеңдері өзінің көркемдік қасиетімен, халық мүддесіне сай терең мазмұнымен, қалың бұқара жұртшылыққа түсінікті қарапайымдылығымен елге әсерлі, өнегелі болды. Ол қандай тақырыпта қалам тартса да оның жырларынан өрен жүйрік халық ақынының тұлғасын көреміз. «Ақынның қаруы – тіл». Күллі құбылыстар құпиясы мен олардың сабақтастығын айтып бере алтын күш – поэзия десек, ал поэзия тілі – образды қуат пен бейнелі суреттің, сұлу ырғақ пен төгілмелі ұйқастың негізі» [4, 17]. Төлеу ақынның поэзиясы да осы талап деңгейінен шығып, көркемдік қуаты ішкі мазмұнымен астарласып, үндестік тапқан.

Төлеу шығармашылығында қазақ тілінің орасан зор байлық қорын молынан пайдалана білген. Оның өлеңдерінде қазіргі кезде сирек естілетін, тіпті мүлде естілмейтін архаизмдер мен өнер-білімнің жетілуінен, қоғамның өсуінен пайда болған жаңа неологизмдер де көп кездеседі.

Бірақ, ақын соларды қалай болса солай тізбектей бермей, орын-орнына қойып, талғап пайдаланады. Көнерген сөздер мен архаизмдерді көбінесе ескі ауылдың тұрмысын, өзінің өксіп өткен жастық өмірін сипаттағанда қолданса, бүгігі өмірін, бүгінгі колхозды ауылды, әділетті жаңа заманды жырлағанда кейінде туып кең етек жайған жаңа сөздерді пайдаланады.

«... Құн алы, жесір жауы, жер таласы...»

«...Ойда ояз, қырда болыс, ұлықтары...»

«...Шығатын елу уйден елубасы,

Қолынан ұстағанға шардың тасы...» [3, 213], деген жолдардағы асты сызылған бүгігнгі күні екінің бірі біле бермейтін сөзермен кешегі меңіреу өмірді суреттесе, бүгінгі өмірді жырлағанда тіліміздегі жаңа лексикалық атауларды (комбайн, трактор, плуг, сеялка, бункер, элеватор, канал, танк, самолет, автомат, бесжылдық, ударник т.б.) пайдаланады.

Елінің елдік намысын қорғап, жауға шапқан батыр бабаларын өз дәуіріне лайықты қылып

Долданып қорамсаққа қол салғанда, Сар жебе сарнап өтіп сан қабаттан. Бота көз, бөкен қабақ, болат тұяқ, Аттары теке жаумыт қазанаттан Желегі найзасының дүр-дүр етіп,

Көк сұңғы ұңғысынан қанға батқан, [3, 22], - деп сипаттайды, сөйтіп әр заманға, әр дәуірге лайық бояулар арқылы жылрап отырған объектісін тыңдаушысының көз алдына елестетуге тырысады.

Төлеу көнерген сөздер мен архаизмдерді өлеңдерінде жиі пайдаланғандығы, сөз таппай отырғандықтан емес, туған өлкенің табиғаты мен дәулетін, оның дәстүр-ғұрыптарын ана тіліміздегі нақыш бояуларымен әрлендіру, көркемдеу үшін пайдаланады, тақырыбына орай қазақ халқының тілдік қорын кең қолдануға тырысады. «Өскен мал, өнерлі еңбек» деген өлеңі осының дәлелі.

Кержағал, ащы аралас малға шүйгін, Қонысы – тау, саясы – самал екен. Бүргелі, бүлдіргелі, бадамшалы

Сай-сайдан мөлдір бұлақ ағады екен [3, 141].

Осы шумақтағы кержағал, бүрген, бүлдірген, бадамша деген шөп аттарын екінің бірі біле бермейді. «Бүргелі, бүлдіргелі, бадамшалы» деп,

-лы, -лі қосымшаларының қайталанып келуі арқылы ақын колхозды ауылдың шүйгін жайылымдарының бояуын қоюландырып көз алдыңызға елестетеді.

Төлеудің лирикалық қорында ескірген архаистік сөздермен бірге жергілікті диалектілер де бірен-саран кездесіп отырады. Татыраң, құтып, ебі, бұлық, зың тағы сондай сөздер тегі Семей облысы тұрғындарының жергілікті диалектілері болса керек.

Ақын творчествосына тән тағы бір қасиет – Төлеу өз өлеңдерінде халық қазынасы болып табылатын мақал-мәтелдерді жиі пайдаланылады. Мысалы «Еріншектің ертеңі таусылмайды», «Жақсы әке жаман ұлға қырық жыл азық», «Бірлік қыл – тірлік қылсаң», «Көпке ырыс – жақсы туса», т.б.

«Жері байдың елі бай» деген осы»

«Алыссаң атаңды жық» деген бар ғой,

«Жақсыда кек, жаманда тек болмайды» [3, 153-207], -

секілді мақал-мәтелдер ақын өлеңдерінде жиі кездесіп отырады. Төлеу өзі де кей жерлерде ұтымды ойларын мақал-мәтелдерге ұқсата құрастырып отырады, яғни ақын шығармашылығында тыңнан құрастырылған бір топ сөздер ел ішінде кең таралып, мақал-мәтел ретінде қолданылып жүр:

«Ақымаққа адырайған көз бітеді, Мақтаудың әңгімесі тез бітеді».

«Ақ көңіл, аты арымас ақ жарқыным. Керегі жоқ дедім ғой итке алтының. Басқа елдің ерен бақты сарайынан,

Жұрты артық көшіп кеткен өз халқымның».

«Табысқа мақтансақ та, мастанбайық»

«Мылтықтың күмісін емес, тиісін айт» [3, 126-155], -

деген ой түйіндері – қанатты сөздер қатарынан орын алуға лайық сөздер.

Жалпы халық ақындары шығармашылығында қазақ халық әдебиеті тілі байлығының ең бір нәрлі де ажарлы, көркемдік сазы келіскен үлгілері молынан ұшырасады.

Тақырыбын ашып, оқушыға ойын қызықты да көркем етіп жеткізе білу үшін Төлеу поэзиясында теңеу, айқындау (эпитет), ауыстыру (метафора), астарлау (символ), кекесін (ирония), ұлғайту (гипербола), литота (кішірейту) сияқты халық ақындарының тілдік қолданыстарында кездесетін көркемдік-бейнелеу тәсілдерінің бәрін ұтымды пайдалана білген. Және бұл тәсілдерді пайдаланғанда ақын бұрынғы ауыз әдебиетінің дәстүрімен үнемі жалаң қолданбай, күрделендіріп те отырған.

Ақын шығармашылығында «көркемдік қиялдың жемісі» саналатын теңеу жиі кездесіп отырады. Мысалы:

Майысқан балдыр гүлдей, жиырма бес, Шал болдық бүкірейген буын қатып. Түлкідей түнде жортқан, қайран өмір,

Күн батса, кеш тұрамыз бұрын жатып [3, 156],

немесе,

Мұғалім берген сабағын, Екі айтқызбай жаттаймын. Кәмелетке жетемін,

Енді қарап жатпаймын. Қаламым найза қанжардай, Дәуітімді ақтаймын.

Жауға қарай қаптаймын, Басынан қарғып аттаймын. Өз жерімнің шетіне

Барғанда бір-ақ тоқтаймын [3, 47].

Ақын қаламын «найза қанжардай» деген теңеу арқылы өткірлік, күштің бейнесі ретінде алынады. «Қазақтың білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақалына үндес, «Жауға қарай қаптаймын, Табаныммен таптаймын» деп нағыз күштің білімде екенін астарлап, бейнелеп береді.

Аумағым – Алатаудың аймағындай, Салмағым – бүкіл дүние салмағындай, Шоқтығым бар әлемнен жоғары тұр,

Асқар шың Гималайдың заңғарындай [3, 48].

Туған елінің тәуелсіздікке ие болып, дербес шаңырақ көтерген Қазақстанның бүгінгі береке-дәулетіне масаттанады, аумағын Алатауға, салмағын жерге, шоқтығын Гималайдың биік

шыңына теңейді. Елінен өзін, өзінен елін бөлмейді, елінің орнына өзін қойып мен деп сөйлейді.

Менің бұл күштілігім елімменен,

Елімнен туған мың-мың ерімменен [3, 47], дейді.

Мен – қаһарман алыппын, Әлемге айна жарықпын. Басқан сайын бақ өрлеп,

Нұрға толған халықпен [3, 11-48], -

деп метафоралық сөз алмастыру тәсілі арқылы Қазақстанын алыпқа да теңейді, сәулелі жарыққа да балайды.

Сонымен қатар, біріңғай дауысты дыбыстарды қайталайтын (ассонанс) дыбыстық үндестіктің мол кезедесуі – Төлеу Көбдіков поэзиясына тән ерекшеліктің тағы бірі. Мысалы:

Алғаннан басқа ойлаған санаң бар ма,

Айтып болмас, құлқы ауған надандарға [5, 20].

немесе,

Ел үшін туған соң, мен елім деймін, Еліме еңбек етсем ерінбеймін [5, 21].

Ақын поэзиясында біріңғай дауыссыз дыбыстардың да қайталануы (аллитераия) да жиі кездеседі.

Бәрі ақын Шардан барған Рақымбай, Бәрінің қалағаны жоқ ұнатылмай.

Бәйгіге тың қосылған жүйрік еді,

Бұ-дағы сөйлеп шықты бір ақындай [5, 25].

«Кез-келген ақынның күштілігі, шығармаларының қуаттылығы көркем дүниелерінің метафоралық жүйесінде. Метафоралық ойлаудан ақынның көзқарасы, ойы, қабылдауы, философиясы ғана танылмайды, индивидуалдық творчество иесі екендігі де аңғарылады» [3, 28].

Халық ақындары поэзиясында жиі қолданылатын көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдардың бірі – символ. «Символ бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру» [6, 219].

Символ арқылы халық ақындары адам бейнесі, жалпы өмір туралы көзқарастарын астарлап білдіріп, ажарлап, айшықтап көрсететін болған. Мысалы, хал үстінде жатқан Уәйістің көңілің сұрай барған Төлеу ақынның:

Көк тұлпар кісінесе белдеудегі,

Тулаған өлең шығар кеудеңдегі. Кәрі қыран секілді бір сілкінші, Ақын ең бас имеген өр кеуделі... Басыңда бір қара құс сұқсияды,

Сен қашан дос болып ең молдаменен [3, 167], -

деген сөзіндегі көк тұлпар, қара құс – символдық бейнелер.

Өлеңді өлең етіп, оған нәр беріп, көркемдеп тұратын факторлар тек буын, бунақ, шумақпен ғана шектеліп қоймайды. Қай елдің өлеңі болмасын, әсіресе қазақ өлеңдеріне тән, бір маңызды фактор – өлеңнің ұйқасы.

Ұйқас өлең тармақтарындағы аяққы сөзердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне келген, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп.

Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары мыналар:

  1. Қара өлең ұйқас
  2. Шұбыртпалы ұйқас
  3. Ерікті ұйқас
  4. Кезекті ұйқас
  5. Шалыс ұйқас
  6. Егіз ұйқас
  7. Аралас келетін ұйқас
  8. Осы күнгі ерікті ұйқастар

Ал Төлеу шығармаларына үңіле қарасақ, біз одан ұйқастын алуан түрлерін кездестіреміз. Онда толымды ұйқастар да, толымсыз ұйқастар да кездеседі.

Мусин сипап көрген жоқ маңдайымнан. Төпелеп ертеңді-кеш мал қайырған,

Бір күні ауыздықпен қоя берді,

Сонысы қалар емес таңдайымнан [5, 66].

Бұл үзіндіде әр тармақтың соңғы буыны бірдей естіліп, ұйқасып келеді. Сондықтан толымды ұйқастар қатарына жатады. Ал мына бір үзіндіде

Жол салып, бақыт шыңы – болашаққа,

Еңбекке, білімге кең есік ашты, Ер, әйел, аға-іні, кәрі-жасқа [5, 89].

Әр тармақтың соңғы бір буыны ғана ұйқасып келіп толымсыз ұйқас құрайды. Дегенмен, Төлеу өлеңдерінің көпшілігі толымды ұйқас түрімен жазылған.

Енді ұйқастарының түрлерін талдап көрсек, ақынның көп өлеңдерінде қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас, шалыс ұйқастар жиі кездесетінін

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.