Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ антропонимдерін дәуірлеу мәселелері

Бұл мақалада қазақ есімдерінің дәуірлену мәселесі көтеріледі. Осыған дейін де бұл мәселе сөз болған. Қазақ есімдерінің зерттелуінде зор орны бар ғалым Т. Жанұзақовтың есімдерді дәуірлегені баршаға аян. Алайда, аталған антропонимдер туралы дәуірлеу классификациясына ғылыми зерттеулер барысында жаңа дәуірлердің де қосылу қажеттілігі айқындалды. Тарихи кезеңдердегі тілдік деректер, антропонимдер сол дәуірге тән екендігімен ерекшеленеді. Әр дәуірлерде келген есімдерімізді сол этаппен атап көрсету ғылыми зерттеулердің жүйелі жүргізілуіне өз пайдасын тигізетіні белгілі. Әр кезеңге тән есімдерімізді нақты мысалдар арқылы беру – мақалаға арқау болды.

Ұлт болмысының тілдегі көрінісі антропонимдер екені белгілі. Этносты іріктеп-атап көрсетуші номинативтік бірліктер – тілдік қатысым барысында әр индивидтің өзіндік лингвобелгісі болып табылады. "Адамзат әлеміндегі әрбір индивидті даралаушы лингвистикалық таңба адам есімдері этнос санасында танылған идеялар жиынтығының сұрыпталған жүйесі"[1. 317]. Кез-келген ұлттың антропонимдері мен сол туралы ғылымы, яғни антропонимикасы өзге ғылымдар секілді пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдерін бастан кешіретін ұзақ уақыттық күрделі процес. Мұндай кезеңді қазақ есімдерінің де бастан өткізгені баршаға аян. Адамзат дамуының құрамдас бөлігі ретінде жер шары халықтары мен қатар қоғамдық құбылыстарды, тарихи жағдаяттарды, саяси-экономикалық үдерістерді бастан өткерген этнос – түркі халықтары. Түркі халықтарының өзіндік тарихи жолы, дәстүрлі мәдениетімен бірге жазу өнерінің (сауаттылығының) бар екенін дат ғалымы В. Томсен оқылу құпиясын ашқан көне түркі жазба ескерткіштері, яғни құлпытастар тілі дәлелдейді. Кез-келген ұлттың тілі оның тарихымен біртұтастықта қаралуы қажет. Түркі халықтары және оның арғы аталары болып табылатын ғұндар мен сақтар адмзат өркениетінде елеулі рөл атқарып із қалдырған, әлемнің өзге де тайпалық құрамы сияқты өзіндік мәдени болмысын қалыптастыра алған, мәдениеттер араласуы барсында өзге халықтар мәдениетіне, этнографиясына сонымен қатар тіліне ассимляциялық әсері де тиген. Бұл туралы тарихшы Л.Н.Гумилев өзінің "Хундар" еңбегінде "...Еуропаның көптеген руларын хундардың рақымсыз қаталдықпен талқандауы, батыста олар жөнініде баскесерлер мен қарақшылар деген жаман атақты жайып жібереді, ал сол кездегі қытай авторлары оларды барша "тағылар" ішіндегі ең мәдениетті халық ретінде сипаттайды" [2, 228]. "...Ашина державасы көптеген белгісі жағынан спарта мемлекетіне ұқсайды, бірақ бұл одан әлденеше үлкен жерді иемденді" [3, 65]. Түркілер және олардың этногенезі тарихының зерттеліп бірізге түсуінде елеулі орны бар ғалым Л. Н. Гумилевтің пікірлері жоғарыда айтқан ойларымызды дәйектей түседі.

Қандай да бір тайпа, халық не бірлестік қарым-қатынасқа түсуі барысында тілдік әлемнен тыс өмір сүрмейді, керісінше белгілі бір лингвистикалық ауқымда, жүйеде ғұмыр кешеді. Бұл туралы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», дейді [4, 141]. Сол сияқты қазақ халқы да, оның түпнегізі түркілер де, оның арғы аталары ғұндар мен сақтар да белгілі тілдік әлемде коммуникациялық лингвобірліктерді қолданды. «Қай дәуірде болмасын мемлекеттердің өз ішіндегі қарым-қатынас антропонимдердің құрылымдарының жүйеленуіне себепші болса, сыртқы елдермен байланыс кірме сөздер арқылы лексикалық құрамының жаңа есімдерімен толығуына себепші болады»[5, 6]. Лингвистикалық бірліктердің құрамында антропонимдердің алар орны ерекше. Халық дүниетанымында тілдік бірліктер арқылы көрініс табатын кісі есімдерінің, сол жайлы ғылымның пайда болу, қалыптасу, даму жолдарын топтастыру, кезеңдерге бөлу – аса маңызды. Қазақтың антропонимика туралы ғылымын сөз етпес бұрын, оның есімдерінің шығу төркінін, жүріп өткен жолын дәуірлеп алған әбден орынды. Қазақ есімдерін дәуірлерге бөлген, осы ғылымның негізін салушы Т. Жанұзақов [6, 27] болатын. Ғалым антропонимдерімізді мынадай төрт дәуірге бөлуді жөн деп санайды:

  • І дәуір көне түркі заманы, V-VІІІ ғасырлар аралығы.
  • ІІ дәуір орта ғасырлар, ХХVІІ ғасырлар.
  • ІІІ дәуір ХVІІ-ХІХ ғасырлар.
  • ІV дәуір Октябрь революцисынан кейінгі Совет заманы.

Ғалым Ұ. А. Мұсабекова антропонимдердің тарихи дамуын бес дәуірге бөліп көрсетеді.

  • І дәуір көне түркі заманын, яғни Ү-ҮІІІ ғасырларды қамтиды.
  • ІІ дәуір орта ғасыр дәуірін, яғни Х-ХҮІІ ғасырларды қамтиды.
  • Есімдердің ІІІ дәуірі ХҮІІ-ХІХ ғасырлар.
  • ІҮ дәуірінде Кеңес өкіметі заманы.
  • Ү дәуір ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бергі тәуелсіздік алған кезеңі.

Ұ.А.Мұсабекованың дәуірлеуі Т. Жанұзақов классификациясына бесінші дәуірді қосыуымен ерекшеленеді. Бесінші дәуір қазақ халқының 90-жылдары алған тәуелсіздігінен басталатынын айтады. Бір қарағанда логикалық тұрғыдан дұрыс та сияқты. Алайда, біз, тарихи ірі оқиғалардың тарихымызда, мәдениетімізде, тілімізде, салт-дәстүрімізде, дінімізде өз ізін қалдырмады деп айта алмаймыз. Тіл ұлттың тұрмысымен біте қайнасқан күйінде дамып жетіледі. Тілдің тарихын сол халықтың тарихынан тыс қарау, әрине, тіл білімі ғылымы үшін жат. Қазақ тілі – түркі тілдерінің бір бұтағы. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков түркі тілдерінің тарихын былайша дәуірлеуді ұсынады, және бұл ұсыныс көпшілік ғалымдар тарапынан кең қолдауға ие.

  1. Алтай дәуірі а) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, ә) Орал және алтай бір-бірінен бөліну кезеңі;
  2. Ғұн дәуірі б.з.б. ІІІ б.з.Ү ғасыры;
  3. Көне түркі дәуірі ҮҮІ ғасырлар;
  4. Орта түркі ІХ-ХҮ ғ. негізгі түркі тайпаларының қалыптасу дәуірі;
  5. Жаңа түркі ХҮ-ХІХ ғ.түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі;
  6. Ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі даму дәуірі [7, 592].

Бұл – түркі тілдерінің тарихи жолын дәуірлеу болса, түркі антропонимдері тілден, халық тарихынан бөлек өмір сүрмек емес, қайта қоянқолтық тығыз байланыста ғұмыр кешеді. Қырғыз есімдерін зерттеген А.Идрисовтың ("Кыргыз тилиндеги ысымдар" канд. дисс. Фрунзе, 1971) еңбегінде антропонимдердің қалыптасу кезеңдері қоғамның тарихи-экономикалық даму кезеңдеріне сәйкес анықталды:

  1. Алтай дәуіріне дейінгі ежелгі кезең. Оған жануарлармен, құстармен, географиялық атаулармен байланысты антропонимдер жатады.
  2. Хун дәуірінде қалыптасқан антропонимдер (б.э.д. ІІ, ІІІ-VІ б.ғ.) Оған мал жануар, құс, өсімдік, жәндік, аспан денелері т.б. байланысты аттар жатады.
  3. Көне түркілік кезең (V-Хғ.) Алдындағы кезеңдердегі антропонимдермен қоса, мысал ретінде ескі түркі ескерткіштеріндегі антропонимдер – Чур, Барс, Шумкар, Арслан т.б. келтіреді.
  4. Ортағасырлық кезеңдегі (Х-XVғғ.) аттарға араб есімдері қосылады.
  5. Жаңатүркі кезеңде (ХV-ХХғғ.) бұрынғы есімдерге ескі еврей (библиялық) араб, парсы аттары қосылады.
  6. Октябрьден кейінгі кезең аттарының қатарында революционерлер, әдеби кейіпкерлер, мемлекеттік ресми тұлғалар атауларымен сипатталған. Ғалым А. Идирисовтың топтастыруы дұрыс сияқты, дегенмен әлі де нақтылық жетіспейтіндей. Бұл классификация жоғарыда келтірген Н. А. Баскаковтың түркі тілдерін кезеңдерге бөлуін антропонимдердің қалыбына көшіріп салғандай.

Әрбір тарихи-лингвистикалық дәуір өлшемдерін ескере отырып, антропонимдерімізді былайша топтастыруды жөн көрдік. Олар:

І дәуір – Көне түркі дәуіріне дейінгі кезең. Бұл дәуір – түркі тілінің пайда болуынан толық қалыптасу кезеңдерін бастан кешірген өте ерте дәуір. Аталмыш дәуір түркі этносын құрап қалыптастырушы сақ, ғұн тайпаларының өмір сүрген уақыты. Бұл тайпалардың әлемдік тарихта алған орнын Л. Н. Гумилевтің жоғарыда келтірген пікірлерімен және оның ғылыми еңбектерінен көре аламыз. Аталған дәуірді түркітанушы Н.А. Баскаков түркі тілдерінің тарихын дәуірлегенде Алтай дәуірі а) Оралалтай дәуірі, ә) Орал және алтай бір-бірінен бөліну кезеңі; Ғұн дәуірі деп екі кезеңге бөліп көрсетеді. Бұл дәуір Т. Жанұзақовтың есімдерді дәуірлеуіне және ғалым Ұ. Мұсабекованың классификациясынан да орын алмағанын байқаймыз. Қырғыз есімдерін дәуірлеген А. Идирисовтың топтастыруында Н. А. Баскаковтың ізі сайрап жатыр. Бұлай жіктеу шартты да, себебі, түркітанушы ғалымдар келіскен ортақ жіктелім осы болатын. Біз бұл кезеңді Көне түркі дәуіріне дейінгі кезең деп атауды жөн көрдік. Бұл дәуірге тән есімдер мыналар: Мөде, Еділ (Атилла), Томирис,(ежелгі дәуір әдебиеті жырларында) Ергеникон, Шу батыр, Алып Ер Тұңға секілді осы кезеңге тән есімдер кездеседі. ІІ дәуір – Көне түркі дәуірі. V VІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Көне түркі дәуірі біздің және туысқан халықтарымыздың ұлт ретінде қалыптасуына, ұлттық тіл ретінде орнығып толысуына бірден-бір негіз болды. Сондай-ақ, антропонимдеріміздің де алғашқы тілдік бастаулары осы кезеңде көрініс береді. Бұл – көне түркі дәуіріне дейінгі уақыттағы есімдерді жоққа шығару деген сөз емес. Қайта өзіне дейінгі

антропономономинациялардың семантикалық толысуын қамтып, түркілік тілдік болмыстың ішкі табиғаты мен сыртқы тұлғасын қалыптастырды. Бұл кезеңдегі антропонимдерді әр зерттеуші әртүрлі таңбалайды. Біз аталмыш уақытқа тән кісі аттарын қазақ тілінің табиғатына сай етіп беруді жөн көрдік. Олар, Бумын, Йолығтегін, Елтеріс, Білге, Тоныкөк, Күлтегін, т.б.

ІІІ дәуір – Исламдық өркениет кезеңі. Бұл ІХ-ХІ ғасыр аралығын қамтиды. Исламдық өркениет кезеңі мен Орда дәуірі және Қазақ халқының ұлттық қалыптасу, толысу дәуірінің жартысы Т. Жанұзақ пен Ұ. Мұсабекова жіктелімінде Орта ғасырлар (Х-ХVІІғ.) деп берілсе, ғалым А. Идирисовта Ортағасырлық кезеңдегі (Х-ХVғ.), Жаңатүркі кезеңінде (ХV-ХХғ.) деген Н.А. Баскаковтың топтастырылымын қайталау орын алады. Аталған уақыт аралығын жіктеулер әлемдік тарихты, ғылымды, философияны дәуірлеуде дұрыс болғанмен ұлттық лингвистикада, соның ішінде антропонимикада жалпылыққа бой алдыру болып табылады. Аталған дәуірді біз Исламдық өркениет кезеңі деген терминмен атадық. Себебі, бұл кезең Араб халифатының белгілі миссияны көздеп шапқыншылық жасаған заманы. Бұл дәуір – орта азия халықтарына ислам дінін жайып қана қоймай, сонымен бірге арабизмдердің келуімен де тікелей байланысты. Араб сөздері мен қоса парсы сөздері де тіліміздің сөздік қорын байытты. Аталған қос тілдің антропонимдері де тіліміздің табиғатына ыңғайланып сөздік қордың бір бөлшегіне айналды. Мысалы, Мухаммедханафия, Ибраһим, Махмут, Ахмет, Жүсіп, Мухаммед, Мұстафа, Әмина, Мәдина, Фатима, Әли, Рахматолла, Мырзахмет, Мырзатай, Шамшат, Шернияз, Шерәлі, Шерхан, Әдина, Әсия, Гауһар, Дүрия, Дана, Жансая, Зиба, Меруерт, т.б.

ІV дәуір – Орда дәуірі. ХІІ-ХІҮ ғасырларды қамтиды. Шыңғысхан империясының орталық азиядан Үндістанға қарай шабуылдап, өз билігін кеңейту дәуірі. Тарихта бұл кезең "моңғол шапқыншылығы" дәуірі деген атқа ие. Осы заманда да моңғолдық кірме сөздердің, соның ішінде антропонимдердің тілімізге көптеп келгендігін байқай аламыз. Мысалы, Баян, Ноян, Шыңғыс, Барлас, Дөненбай, Ойрат, Сайын, Сатай, Сарман, Томан. Шона, Құралбек, Садан, Сайдар, т. б. дәуір – Қазақ халқының ұлттық қалыптасу, толысу дәуірі. ХV – ХІХ ғасырларды қамтиды. Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлген Б. Кенжебаев, Х. Сүйішәлиев, М. Жолдасбеков, М. Мағауин бес дәуірге бөледі, 1. Көне дәуір (V ХІV); 2. Хандық дәуір (ХV-ХVІІІ); 3. ХІХ ға-сырдағы әдебиет; 4. ХХғасырдың басындағы әдебиет (1900-1920) бұқарашыл әдебиет; 5. Социалистік дәуір әдебиеті. Әдеби тіл тарихын дәуірлеген лингвист-ғалым Р. Сыздық екі үлкен дәуірге бөледі. "І. Қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі. ІІ. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқаннан кейінгі әдеби тілі. Алғашқы дәуірді екі кезеңге бөледі: 1-кезең ХV ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы. Екінші дәуірді ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастайды. Бұл қазақтың ұлттық жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасу тұсы болды" [8, 21-22]. Біз сөз етіп отырған дәуірге (V дәуірге) Қазақ халқының ұлттық қалыптасу, толысу дәуірі деген атау бердік. Тұтас ұлттық тілдің антропонимдер бір бөлшегі ғана. Соған қарамай бұл уақыттағы кісі есімдерінің тарихын әдебиеттің тарихын, әдеби тілдің тарихын дәуірлегендей өз ішінде екі дәуірге бөлуді жөн көрдік.

а) ХV-ХVІІІ ғ. аралығын қамтып, қазақ халқының ұлт ретінде әлемдік кеңістікте қалыптасуы, рухани шығармалардың толассыз халық өмірінде дүниеге келуімен ерекшеленетін дәуір. Сөз болып отырған кезеңде қазақ хандығының өз алдына енші алып, дербес хандық құрған заманы болатын. Жеке халық, жеке хандық болған соң айналадағы елдерден (хандық-патшалықтардан) қорғану барысында батырлардың шығуы, олардың ерліктері, би-қазылардың қара қылды қақ жарып төрелік жасауы халыққа әсер етпей қоймады. Осыған еліткен халық өз перзенттеріне батырлардың, хандардың, билердің, төрелердің есімдерін беруді үрдіске айналдырды. Көрші Жоңғар, Қоқан хандықтарының шабуылдауы халықтың армантілекті жырларының дүниеге келуіне өзек болып жатты. Жыр кейіпкерлері халықты мұратына жеткізер алып батырлар еді. Осы кезеңге тән кісі аттары ұлттық тілдің табиғатын бойына сіңірген антропонимдер болатын. Осындай есімдер: Алпамыс, Қобыланды, Абылай, Жомарт, Богенбай, Төле, Қазыбек, Жәңгір, Қасым, Гүлбаршын, Жібек, Шолпан, Әйгерім, Қарлығаш, Тоғжан, Тәуекел, Жәнібек, Ақтамберді, Қазтуған, Майқы би, т.б.

ә) ХІХ ХХғасырдың басы, Қазан төңкерісі, 1917 жылға дейінгі кезді қамтиды. Бұл дәуір – қазақ тілінің ұлттық тіл ретінде қалыптасуын бастан кешіріп, ХІХ ғасырда әдеби тіл дәрежесіне көтерілуімен ерекшеленді. Осы уақыт аралығында қазақ әдебиеті де ұлттық әдеби мұраларды туғызуымен, қазақ руханиятының

толысып жетілуіне зор әсер етті. Әдеби тілдің ұлттық сипаты – қазақ халқының толық ұлт болғандығын көрсетті. Аталған уақыт көлемінде дүниеге келген кісі есімдері бір түбірден де, екі не одан да көп морфемадан да немесе туынды түбірлер мен аффикстерден де жасалғандығын байқауға болады. Мысалы, Абылай, Райымбек, Қарасай, Жомарт, Богенбай, Төле, Қазыбек, Жәңгір, Ақан, Ыбырай, Абай, Шоқан, Тоғжан, Махамбет т.б. Орыс империясының қазақ даласына үстемдігі жүрумен қатар, интеллектуалдық кеңстікте ұлттық тұлғалар Шоқан, Ыбырай, Абайлардың бой көрсетуі қазақ руханиятына сілкініс жасады. Интелектуалдық сілкініс, ХХ ғасыр басындағы ұлттық серпіліске алып келді. Осы кезді ұлттық ояну, (теңеу түрінде) бас көтеру, ұлт тәуелсіздігін талап ету дәуірі десек қателеспеспіз. Бұл кезеңді ұлттық сауаттану мәселесімен қатар бодандық кезең, ұлтты отарлау қатар жүріп жатты. Осы кезеңге тән есімдер, Сьезд, Болыс, Болысбек, Роза, Мәрия, Мәриям т.б. болатын.

дәуір – Кеңес дәуірі кезеңі. ХХ ғасырдың басы, Қазан төңкерісі мен 1917 – 1991 жылдар аралығын қамтиды. Сөз болмақшы уақыт, яғни Кеңес Одағы өмір сүрген дәуір тарих үшін қанша аз болса да, ұлттық тілдің тұралап қалуына өз септігін тигізбей қоймады. Империя тұсында идеология алғашқы орында тұрып, қоғамдық, гумандық салаларды уысында ұстады. Науқаншыл-нәубетшіл кезеңнің тілімізге, тілтану ғылымына оң әсері мен қатар, өзіндік салқынын да тигізбей өтпеді. Қазақ тілінің халі мүшкіл күйге түссе, қазақ лингвистикасы қалыптасып даму кезеңдерін басынан кешірді.

«Кеңес өкіметінің орнауымен қоғамдық-саяси өмір де, әлеуметтік өмір де жаңалықтарға толы болды. Қазақ есімдер жүйесінде орыс тілінің әсері көрініс бере бастайды»[9,24]. Мысалы, Колхозбай, Совхозбек, Мәскеубек, Октябр, Спартак, Кеңесбай, Роза, Лаура, Раушан,Эльмира, Зина, Марина, т.б. «Осы дәуірде баспасөздің дамуымен қазақ бүркеншік есімдері пайда болып, қолданысқа түсе бастайды. Қазақтың алғашқы зиялылары – қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылары, ғалымдары мен журналистері қоғамда орын алған тап тартысы, жер дауы, жесір дауы, оқу-ағарту т.б. мәселелерге дер кезінде үн қосып, баспасөз бетінде жариялап отырады. Түрлі себептер авторлардың өз аты-жөнін жасырып, бүркеншік есіммен жазуға мәжбүр етеді». Оның ішінде саяси қуғын-сүргінге түсуден бас сауғалауды да мақсұт тұтты (бүркеншік есіммен жазу сол кезде ғана қолданысқа түсіп, сәнге айналғандықтан еліктеушіліктен туған жағдайлары да болды). Мысалы, «Қазақпаев» /Ғ.Қарашев/, «Төңкерісұлы» /С.Мұқанов/, «Қырұғлы» /Ә.Бөкейханов/, «А.Ж.»., «Ж.».«Ж.А.» /Ж.Аймауытов/,«Быж», «Быжы» Бейімбет Жармағанбетұлы Майлин, «Іс.» /Сәбит Дөнентаев/, «Мыж-Мыж» /Мағжан Жұмабаев/, «Өт» /Өтебай Тұрманжанов/, т.б.

VIІ дәуір – Тәуелсіздік – Жаңа дәуір. Қазақ ұлтының 1991 жылы тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болып орнығуынан қазірге дейінгі уақытты қамтиды. Мемлекетіміз өз алдына бостандық алған соң, бұғаулықта тұрған сана, қысымда тұрған қоғам, тізгіндеулі бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз сырттан келетін ақпарат ағынында қалып қойды. Дүние жүзінің техника ғылымында, басқа салаларда да, алға кеткен ел өнімдері жерімізге еркін еніп жатты. Түрлі өнімдер мен бірге ақпараттар да, түрлі сериал-кинофилмдер, халықтар арасындағы мәдени, сауда байланыстары арқылы кірме сөздер, соның ішінде антропонимдер де

кіріп келді. Халық өз тарихын еске алып, өткенін жаңғыртуға кірісті, салт-дәстүрін қолға алды. Тарихтағы адам аттары қайтадан сәбилерге беріле бастады. Әлемнің ұлы тұлғалары мен түрлі салалардағы саңлақтарының да есімдері антропонимдік қорымызды байытып жатыр. Мысалы, кірме есімдер: Әнел, Жанел, Диана, Элонора, Карина, Дамир; тарихи жаңғырған атаулар: Абылай, Атилла, Төлеби, Қабанбай; әлемдік тұлға есімдері: Жанна, Данил; саясимәдени науқанға байланысты қойылған есімдер: Астана, Саммитбек, Азиада т.б.

Есімдеріміздің халық тарихымен тікелей байланыста өмір сүретінін ескерсек, әрбір тарихи оқиғалар тілімізге, оның ішінде кісі аттарына өз әсерін тигізбей қоймады. Әрбір тарихи үдерістер жаңа сөздер, жаңа есімдермен сөздік қорымызды байытып отырды. Әр кезеңдегі тілімізге салған тарих ізін аңғару, оның бүгінгі тұлғалану-таңбалану мәселесін анықтаумен қатар, лексика-семантикалық мағынасын дәл ашуға зор септігін тигізбек.

Қазақ антропонимдерінің дәуірлері және сол кезеңдерге тән есімдер (1-кесте)

І дәуір – Көне түркі дәуіріне дейінгі кезең

ІІ дәуір – Көне түркі дәуірі

ІІІ дәуір – Исламдық өркениет кезеңі

ІV дәуір –

Орда дәуірі

Мөде, Еділ (Атилла), Томирис, Шу батыр, Алып Ер Тұңға, т.б.

V дәуір – Қазақ халқының ұлттық қалыптасу, толысу дәуірі

Бумын, Йолығтегін, Елтеріс, Білге, Тоныкөк, Күлтегін, т.б.

Ибраһим, Әли, Махмут, Ахмет, Жүсіп, Мухаммед, Мұстафа, Әмина, Фатима ,Мәдина, Рахматолла,Мырзахм ет,Мырзатай, Шамшат,Шерни яз, Шерәлі, Шерхан, Әдина, Әсия, Гауһар, Дүрия, Дана, Жансая,

VI

дәуір – Кеңес дәуірі кезеңі

VIІ дәуір Тәуелсізді к – Жаңа дәуір

Баян, Ноян, Шыңғыс, Шона Барлас, Дөненбай Ойрат, Сайын, Сатай,Сарман

,Томан, Құралбек, Садан, Сайдар,т. б.

Алпамыс, Қобыланды, Абылай, Жомарт, Богенбай, Төле, Қазыбек, Жәңгір, Қасым,, Жібек, Шолпан, Әйгерім,

Колхозбай,Зина Совхозбек,Сьезд, Мәскеубек. Роза, Октябр,Мәрия, Спартак,Мәрия м, Кеңесбай,Рауша н,Эльмира, Марина, т.б.

Әнел, Жанел, Диана, Элонора, Карина, Дамир, Астана, Саммитбек, Азиада, т.б. (1-кесте)*

* Қазақ антропонимдерінің дәуірленуін әр дәуірдің мерзімдік уақыты және оларды мысалдар арқылы топтап көрсету үшін берілді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.