Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интеллект мәнді фразеологизмдер

Қазақ лингвистикасында фразеологиялық бірліктер берілген мағынасына қарай әртүрлі топтарға топтастырылып, жан-жақты зерттелген аспектіге жатады. «Интеллект мәнді фразеологизмдер» атты мақалада ҚТФС-да қамтылған адамның ақыл-ой жүйесіне байланысты қалыптасқан фразеологизмдер жинақталып, қолданылуы мен жасалу жолдарына қарай талданып, топтастырылған. Интеллект мәнінің фразеологизмдерде берілуінің ерекшеліктері көрсетілген.

Кез келген тілдегі тұрақты тіркестер – халықтың салт-санасынан ақпарат беретін адам ақыл-ойының тілдік көрінісі. Халықтың танымын аңғартатын, ұлттың ұшқыр ойын, терең білімін айқындайтын, ғасырлар бойы қолданысын жоймай келе жатқан фразеологизмдер адамның интеллектуалдық сипатын таныту үшін қолданылады. Қазақ тілінде жиі айтылатын: көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын жан), ақылы там (ақылды, ақылы мол), надан кеуде (көңілі соқыр, топас адам), ақылы Аплатондай (дана) және т.б. көптеген қолданыстар бар. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде адамның ақылын танытатын, білім деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесін, шешендігін білдіретін немесе интеллектісінің төмендігін я, біліктілігін бейнелейтін жізге жуық тұрақты тіркес қамтылған.

Адамның ақыл-ой, парасат (интеллект) деңгейінен хабар беретін тұрақты тіркестер көбінесе тірек ұғымға негізделіп жасалады. Мысалы:

  1. «Ақыл» ұғымы тірек болған фразеологизмдер: ақыл құсы адаспай аспандаса (ойсанасы шарықтаса, алысқа ой жіберсе), ақыл қосты (кеңес берді, ой салды), ақыл сөз (ой саларлық, дұрыс кеңес), ақыл тапты (шаруаның ретін, жөнін келтірді), ақыл таразысына салды (ой елегіне салып, екшеді, артық-кемін оймен салмақтады), ақылы Аплатондай (дана), ақылы Балқаш, ақылы көл-көсір, ақылы там (ақылды, ақылы мол).
  2. «Көз» ұғымы тірек болған фразеологизмдер: көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын жан), көзі ашылды (1. Көкірегін, санасын оятты; санасы оянды, өмірді білді, таныды.
  3. Сордан арылды, теңдікке, еркіндікке жетті), көзі қанық (жете білетін, білгір кісі), көз қарақты (білімді, оқыған адам, көкірегі сара).
  4. «Ой» ұғымы тірек болған фразеологизмдер: ойға қонымды (көңілге, ақылға сыятын; түсінікті), ойға салды (ойланып қарады, пікір таразысын өлшеді), ой көзімен тыңдады (зейінмен, ақылға сала құлақ қойды), ой кіргелі (ақылға ие болғалы, ақыл қонғалы), ой салды (әр түрлі ой оралтты, әр түрлі пікір ұялатты), ой тоқтатты (1. Ер жетті, ақылы толысты. 2. Тұрақты пікірге, бір тоқтамға келді, зер салды, назар аударды), ой туды (жаңа пікір келді, сана-сезімі, ойы оянды), ой түбіне жетпеді (көп ойланды, ой ұшын ұстай алмады).
  5. «Тіл» ұғымы тірек болған фразеологизмдер: орақ ауыз/от ауыз/от тілді, орақ ауызды (өткір, өктем тілді, адуынды мінезді; тілді кісі), өткір тілді (кесіп түсер тура сөзді кісі; бет-жүзі деп иба етіп жатпас тура айтар тіл), тілі мірдің оғындай/тілі өткір (1. Тілі шаян щаққандай ащы. 2. Тілі тіліп түсер, дегенін жеріне жеткізе дәл, тура айта алатын адам), қызыл тіл (шешен, орамды, жүйрік тіл), тілге

Интеллект әрекет- қызметнін білдіретін ТТ

Ойлау, саралау

Ақыл-кеңес беру

жүйрік (сөзге шешен, шебер), тілдің майын ағызды (сөзге шебер, шешен кісі туралы айтылады), тілінің ебі бар (сөзге шебер, шешен), ұғым жасады (диал. ұғынды, қорытынды асады), буынсыз тіл (шешен, сөзшең), алмас тілді (өткір, әділ тілді; шешен сөзді; сөзі мірдің оғындай).

  1. «Ми» ұғымы тірек болған фразеологизмдер: ми кептірді (бас қатырды, әуре қылды), ми толмады (ақыл-ойы жетілмеді), миы жетті/ миына қонды (ақыл алды; түсінерліктей, ұғынарлықтай болды), ми жетті (ақыл жетті, білді).
  2. «Көңіл» ұғымы тірек болған фразеологизмдер: көңілдегі жерінен шықты (ойлағандай, діттегендей болды), көңілдегі кірді тапты (ойындағы сырды білді), көңілден көңіл су ішер (рухани сұхбаттасу мағынасында айтылады), көңіл жүйрік (білгір, алғыр), көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе (ұшқыр қиял туралы айтылады), көңілге бекітті (есте сақтады, жадында ұстады).
  3. Адамның осындай ақыл-ойы, парасаты, саналылылығын сипаттайтын фразеологиялық бірліктер тіліміздегі «интеллект» концептісінің мағыналық-ақпараттық аясын жан-жақты кеңейтіп, тередете түседі.

Жалпы интеллект мәніне қатысты тұрақты тіркестерді екі негізгі топқа бөлуге болады (1сурет): адамның интеллектуалдық әрекетқызметін білдіретін және интеллектуалдық қабілетін сипаттайтын тұрақты тіркестер.

Адам интеллектісін бейнелейтін тұрақты тіркестер (ТТ)

Интеллект қабілетін сипаттайтын ТТ

Ақылды, дана

Білімді, тәжірибелі

Айлалы, тапқыр

Шешен (ақын)

1-сурет

Білу, меңгеру

Сызбада бейнеленгендей, «Интеллектуалдық әрекет-қызметті білдіретін ТТ» тобына енетін интеллект мәнді фразеологизмдерді жиналған тілдік фактілер негізінде:

  1. «Ойлау, саралау» мағынасындағы тұрақты тіркестер.

Ой салды [түсірді, тастады] (әртүрлі ой оралтты, әртрлі пікір ұялатты). Мысалы: Әр жайға өздігімен, кейде өз бетімен тыңойлар айтқыш Жандос қазір жаңа бір ой тастады (М. Әуезов).

Ой туды [келді, түсті] (жаңа пікір келді, сана-сезімі, ойы оянды). Мысалы: Ой артынан ой туар, Желге мінсең, жеткізбес (Абай).

Ойға салды (ойланып қарады, пікір таразысына өлшеді). Мысалы: Кім біледі кез болса арттағылар, Ойға салып оқыр да сөзін сынар (Абай). Ой көзімен тыңдады (зейінмен, ақылға сала құлақ қойды). Мысалы: Жақсы әнді тыңдасаң ой көзімен, Өмір сәуле көрсетер судай тұнық(Абай).

Алды-артына қарады (түбін ойлады; келеркетерін аңғарды; пайымдады, жан-жағын топшылады, абайлады). Мысалы: Сонда ақын беліп буып, Алды-артына қаранар. Дүние кірін жуып, көрініп ойға сөз салар (Абай).

Алды-артын орады (алдын-ала ойлап, қарсы келуге мұрша бермеді). Мысалы: Алды-артымды орап, қамап болдың-ау, жарқыным (Абай).

Ақыл [ой] таразысына салды (ой елегіне салып, екшеді, артық-кемін оймен салмақтады). Мысалы: Қобыланды мен Ақжол дауын тағы да ақыл таразысына салу керек (І. Есенберлин).

Өлшеу қылды (ақылы таразысына салды). Мысалы: Ақыл-мизан өлшеу қыл. Егер тзу көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл (Абай).

Абайлап [байқап] сөйледі (сақ сөйледі, байымдап сөйледі, аңдап сөйледі). Мысалы: Абайлап сөйле барланып. Бұл сезім мақұл емес пе, Қарашы өзің ойланып (Айтыс).

«Білу, меңгеру» мағынасындағы тұрақты тіркестер.

Көзі ашылды/көз [көзін] ашты (1. Көкірегін, санасын оятты; санасы оянды, өмірді білді, таныды 2. Сордан арылды, теңдікке, еркіндікке қол жетті 3. Бір нәрсенің тиегі ағытылды; жолы ашылды, қолайлы жағдай туды 4. Сауаттанды, білім алды). Мысалы: Сенің көзіңді қыран көзіндей етіп сол ашқан екен (М. Әуезов). Біренсаран оқып, көзі ашылған әйел болмаса, көпшілігі әлі күнге ошақтың үш бұтынаныға алмай отыр (Б. Майлин).

Көзін тапты (істің ретін, орайын келтірді). Мысалы: Еш нәрсенің көзін таппай, кібіртіктей жүріп, жоқ жерде оқыс кетуіңіз де мүм-

кін, деді Қаржас Медешбековқа (Ә. Сатыбалдиев).

Миы жетті/миына қонды (ақылы алды; түсінерліктей, ұғынарлықтай болды). Мысалы: Соған енді ғана миың жетті ғой! (ауызекі сөйлеуде).

Ми жетті (ақыл жетті, білді). Мысалы: Алло! Алло! – деген не? Кім сөйледі, шырағым, Мынау темір көмейде? Жетер ме екен, балам, ми? – деп сұрады анау шал, Қасында тұр бір бала (І. Жансүгіров).

Зият болды (парасатты, артықша, жарқын болды). Мысалы: Ақыл, ғылым, пиғылдың білсін парқын. Астан жілік тістейсің, тойдан ілік, Шарапатты жақсымен жүрсең жақын (Ақан сері).

Сауаты ашылды (таным, білімі, түсінігі кеңіді). Мысалы: Шаршап келген шығар. Мазасын неге алдың? – дедді Бәтима ері Ақанға. – Абай сөзі шаршағанға – қуат, сауатсызға – сауат емес пе? – деді Ақан. – Абайды оқумен сауатың ашылса, ашылатын болып еді ғой, деді Бәтима (Ғ. Мұстафин).

Сауат ашты (хат таныды). Мысалы: Ішанде сауатын ашқан біреуі жоқ, сонда да кітаптың әрбір сөзін қалт жібермейді (І. Омаров).

Сөз таныды (сөз білді). Мысалы: Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы (Абай).

Ебін [есебін] тапты (амалын келтірді, істің жөнін, қисынын келтірді). Мысалы: Есебін тапқан екі асар (мақал).

«Ақыл-кеңес беру» мағынасындағы тұрақ-ты тіркестер.

Жол [жөн] көрсетті [сілтеді] (басшылық жасады, өміріне бағыт сілтеді). Мысалы: Ел ішінен сау келсең, Тағылым айтпас ер ме едің? Жол көрсетіп, сонда өлсең, Арманым бар дер ме едім (Абай).

Жөн айтты (1. Жөн сілтеді 2. Ақыл-кеңес берді). Мысалы: Қысқа күнде ол қамтып, Шығады қырық колхозды. Бәріне де жөн айтып, Маздатады мол сөзді (Қ. Бекхожин).

Жөнге салды (1. Жолға түсірді 2. Бетін жолға салды). Мысалы: Солардан бас қорғау ретінде және бір жағынан жаманын жазалаймын, жөнге саламын деген талаппен Абай алысады (М. Әуезов).

Келеге кеңес кіргізді (ортаға ой, ақыл салды; қауымға ақыл қосты). Мысалы: О, шіркіндер, ол күнде Бұл күніңді ойлап па еді! Ол күнге енді бір сәлем! Онан бері өтейін, Келеге кеңес кіргізген Кешегі күнге жетейін (І. Жансүгіров).

Келегелі кеңес [сөз] (ақылға қонымды, ауқымды әңгіме). Мысалы: Етпекке кеңес келелі, Азырақ сөйлеп берелі. Бақ пен дәулет тең келсе, Адамның болар кемелі (Майлықожа).

Ақыл тапты (шаруаның ретін, жөнін келтірді). Мысалы: Адамзат тірлікті дәулет білмек, Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. Екуеінің бірі жоқ, ауыл кезіп, Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек? (Абай).

Тағлым тұтты [алды] (ісін, мінезін, ақылпарасатын өнеге етті). Мысалы: Қазірдей көктем емес, Ол да күзде. Албырт шақ, Дүние де кең де бізге. Ақылын ағалардың Тағылы тұттық, Ар-ұят ұялаған кеудемізде (Қ. Бекхожин). Ақыл қосты [айтты, берді, салды] (кеңес берді, ой салды). Мысалы: Жердің, көктемнің жөнін сұрасқанда, Досан қарт, Әлмен, Сәлмен үшеуі ойлана, біріне-бірі ақыл қоса сөйлесті (М. Әуезов). Төрелік айтты/төресін берді (ақыл айтып, кеңес берді, келісім айтты). Мысалы: Сүйте жүріп, екі баласына ыстық асты әкеліп қоя отырып, аналық бір төрелік айтты (М. Әуезов).

«Интеллектуалдық қызметті білдіретін ТТ» тобына жататын тұрақты сөз тіркестерінен адамның ақыл-ой жүйесі жеке емес, қоршаған ортамен байланыс орнату арқылы жетілетінін, танылатындығын аңғартады.

«Интеллектуалдыққабілетті сипаттайтын ТТ» тобына:

  1. «Ақылды, дана» мағынасындағы тұрақты тіркестер.

Өресі биік [жоғары, төмен] (диал. ақыл-ойы, шалымы өте жоғары). Мысалы: Кім болса да, баласын өресі биік жан болса екен деп тілейді (ауызекі сөйлеуде).

Жіті көз (өткір көз, көреген). Мысалы: Панферов ойынан тез серпіліп, төңірекке көз жіберді. Әскери адамның жіті көзі күзгі қоңырқай жер реңінде әрең байқалатын, жақсы тасаланған зеңбіректерді байқады (Т. Ахтанов).

«Білімді, тәжірибелі» мағынасындағы тұрақты тіркестер.

Бес саусақтай білді (жатқа білді, жетік білді). Мысалы: Барлық сабақты бес саусақтай біліп алып, барлық класты аузына қаратса ғой!

– деп қиялданды Сапар (М. Иманжанов).

Көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын жан). Мысалы: Ойласам, барласам, надан сахарадан, қараңғы қауынан шығып, көзі ашық адам болғанымды ен енді ұмытса керек, деді Абай (М. Әуезов).

Көзі қанық (жете білетін, білгір кісі). Мысалы: Біздің мұғалім мектебіміздегі еі көзі қанық адам деп есептеймін (ауызекі сөйлеуде).

Омыртқасы түзу жігіт (диал. білімді, ақылды, көрнекті, іскер жігіт). Мысалы: Осы күні омыртқасы түзу жігіттердің дені отбасын құрып алған (ауызекі сөйлеуде).

«Айлалы, тапқыр» мағынасындағы тұрақты сөз тіркестер.

Айла ойлады/айла жасады/айла басты (әдіс қылды, қулық іс істеді). Мысалы: Егде тартұан алпыс айла жасап жүріп, қолына зорға қондырған жас әйеліне тез-ақ оралам, оған дейін сен де магазиндерге барып қайт, деп кеткені де есінен шықты (Р. Райымқұлов).

Айласы асты/айласын [амалын] асырды/айласын тапты (әдісі артып түсті; ретін келтірді, жөнін тапты, әдісін білді). Мысалы: Қайратпен кіріп жалынбай, Ақылмен тауып айласын, «Мен қалайға» салынбай, Жылы жүзбен жайнасын (Абай).

Тақыр жерден шөп шығарған (қу, айлакер адам туралы айтылады). Қулық, айла тапқырлықтың белгісі ретінде алынып, контексте интеллектуалдық мәнге ие деп санаймыз. Сондықтан осындай мағынадағы фразеологизмдер де топтауға қосылған.

Тасбақаның аузынан шөп алған адам (диал.

өте айлалы, тапқыр, епті адам).

Алпыс екі [алпыс алты] айлалы (қу, амалы көп). Мысалы: Арт жағынан жауырыны бүлкіл дейді, Қыран бүктеп астына дәл басқанда. Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда (Абай).

«Шешен, ақын» мағынасындағы тұрақты тіркестер.

Буынсыз [сүйексіз] тіл (шешен, сөзшең). Мысалы: Буынсыз тілің, буулы сөзің, Әсерлі адам ұлына (Абай).

Алмас тілді (өткір, әділ тілді; шешен сөзді; сөзі мірдің оғындай). Мысалы: Тақылдаған таңдайы, Кере қарыс маңдайы. Алмас тілді немесе Шешен болар ма екенсің? (С. Сейфуллин).

Көмейі [көмекейі] бүлкілдейді (1. Өте шешен сөйлейді 2. Бірдеңе айтысы келді, дегісі келді). Мысалы: Арман сені де жақсы ізілдеген екен. Көмейің бүлкілдей берсін, шырағым. Бірақ, айтқаным айтқан: я Телғарамен, я Абзаловпен бол! (Ә. Тәжібаев).

Жағы жоқ ақын [жан, шешен] (сөзуар, шешен адам туралы айтылады). Мысалы: Қалтадан өлең екен шыққан қағаз, Жағы жоқ ақын екен жігіт сабаз. Көшіріп ап өлеңді қолыма алдым, Жел сөзге онан өтер ақындық аз (М. Сералин).

Орақ ауыз [ауызды]/от ауыз [ауызды]/от тісті [тілді] (өткір, өктем тілді,адуын мінезді;

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.