Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлихан Бөкейханның əдеби-зерттеу еңбектеріндегі қазақ əдебиетінің өзекті мəселелері

Мақалада Əлихан Бөкейханның қазақ əдебиетінің дамуына қосқан өзіндік үлесі қарастырылады. Шығармаларға берген ғылыми бағасы нақты мысалдармен дəлелденіп, тұжырымдалған. Ауыз əдебиетінен бастап, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларынан мысалдар келтірілген. Əлихан Бөкейханға сол кездегі берілген пікірлер мұрағат материалдарынан алынған. Зерттеу нақты мəліметтерге сүйеніп жазылған.

ХХ ғасырдың басындағы көркем əдебиетімізде эстетикалық мұрат (идеал) негізінен ауыз əдебиеті мен классикалық поэзияның жəне сол кезде ене бастаған басқа озық əдебиеттердің ықпалымен қалыптаса бастаған-ды.

Эстетикалық норма халықтың сана-сезімі мен əдет-ғұрпына тікелей байланысты. Яғни, санасезім, əдет-ғұрыппен бірге ол да кемелденіп, жаңарып отырады деген сөз.

Жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттық санада өрлеу ерекше күш алды. Бұл құбылыс қазақтың тұңғыш саяси партиясы «Алашқа» қатысты зиялы қауымның есімдерімен тығыз байланысты. ХХ ғасырдағы қазақ зиялылары, əсіресе, елдің азаттық бостандығы үшін алысқан Ə.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов сынды революционер-демократтардың, алаш қозғалысының рухани көсемдерінің үлгілерінен өнеге алған ағартушылар мен ақынжазушылар халық шығармашылығын, əсіресе, əдеби мұрасын жинауға, зерттеуге айрықша ынта қойды. Ол екпін төңкерістен кейін өрістей түсті. Əсіресе, Ташкент пен Мəскеуде шоғырланған алаш зиялылары көп еңбек етті, елдің рухани дүниесін жинап өзіне қайтадан таныстыруға іждағат білдірді. Мұны Орынбордағылар онша құптай бермегендерін де жасырмаған абзал. Олар өздері істейтін игі істі алашшылардың атқарып жатқанына қызғанышпен қараса, екіншіден, жарияланып жатқан жыр-ертегілер, өлең өрнектері мен жинақтары коммунистік идеологияға жанаспайды, əдейі қысастықпен бұрмалап жатыр деген деген пиғылда болды. Тапшылдықпен таңбаланбаған деп даурыққандар да аз болмады. Сондықтан Орынбордағы Қазақстан мемлекеттік баспасынан халық əдебиетінің үлгілері мейлінше аз жəне кедей-кепшікті жырлағандары ғана басылды.

Азамат соғысының лаңы басылып, ел емінеркін іске кіріскен сəті, əсіресе 20-жылдардың алғашқы жартысы қазақ мəдениеті үшін айрықша құнарлы болды. Бұған объективтік себеп те жоқ емес. Біріншіден, жеке меншікті баспалар мемлекеттің қарауына көшкен тұста мүмкіндігі барлар оны пайдалануға мықтап кірісті. Екіншіден, баспа өнімін беретін зиялылардың санасы да шешуші рөл атқарды. Ташкентте қазақ азаматтарының қызметіне өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ бауырлар қызыққанын, үлгі алғанын талайлар растайды, істері дəлелдейді. Ал Мəскеуде Орталық Кіндік баспада Нəзір Төреқұловтың директор болып істеуі, жоғары оқу орындарында оқып жатқан көп қазақ жастарын былай қойғанда, қазақ секциясында Ə.Бөкейханов, Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев, Г.Тоғжанов сынды білікті азаматтардың шоғырлануы да қазақ мəдениетіне аз олжа салмасы белгілі еді. А.Байтұрсынов пен Дулатовтар осы екі орталықпен идеялас қана емес, байланысты болып, өздерінің еңбектерін жариялап отырды.

Міне, бүкіл қазақ жері қосылар сəттегі ісəрекеттің əрі мол, əрі сапалы болуының бір сыры осыдан еді. Білген мен білмегеннің арасы жер мен көктей екендігінің үстіне, білімдінің атқарар ісі, Ахмет айтқандай, «ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» дегеніндей болғаны айдан анық.

Екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-қатынастардан əрі арыла қоймаған, рулық, феодалдық күрес-тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры Əлиханды қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең алдымен, білім мен мəдениет керек екендігін анық ұғады. Халқын Еуропаның мəдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мəдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды.

Əлихан əдебиеттен аулақ мамандық жолында орысша оқып, қызмет қылғанына қарамастан туған халқының əдебиетіне көп көңіл бөлген. Алғаш ауыз əдебиеті ескерткіштеріне қызығып, естігендерін қағаз беттеріне түсіріп, ғылыми тұрғыдан зерттеп талдауды 1897-1904 жылдары, яғни белгілі орыс ғалымдары Ф.А.Шербина мен Л.К.Чермак экспедицияларының жетекшісі ретінде ел аралап жүргенінде бастаған.

Санкт-Петерборға 20 жасында келген Əлиханның студентік күндерін қалай өткізгендігі жайында Англияның əйгілі білім ордасы Оксфорд университетінің «Орта Азияны зерттеу қоғамы» өзінің «Қазақтар 1917 жылға дейінгі орыстар туралы» атты кітабында «Əлихан Бөкейхан жас күнінде орнықты революционер, социалист болды жəне «Зарзаман» атты орыстарға қарсы əдеби топтың мүшесі, фольклоршы болды. Ол қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым еді».

  1. – деген пікірі оның «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Женщина по киргизской былине Кобыланды» жəне Шəкəрімнің «Қалқаман – Мамыр» дастанына жазған пікірлеріне сүйене отырып айтылса керек.

«Қара Қыпшақ Қобыландыны» атты ғылыми сын еңбегін Абайдың:

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы, Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы....

деген өлең жолдарынан бастауы «өлеңге», «өлеңшілерге», «жыршыларға» қойған талаптілегі іспетті. Бұдан Əлиханның қазақ халқының əдебиетіне деген өзіндік көзқарасы мен бағытын, сара жолын байқаймыз. Орыс əдебиеті жəне орыс əдебиеті арқылы басқа да елдердің шығармаларымен жетік таныс Əлиханның өз халқының əдебиетіне деген сын-пікірлерін көреміз. Екі тілде қатар оқып-жазатын Əлиханның қазақ халқының болашағына деген талпынысын аңғарамыз.

«Қара Қыпшақ Қобыландыны» атты ғылыми сын еңбегінде бүкіл қазақ халқының ауыз əдебиеті ескерткіштеріне «тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан келіп, мынадай құнды анықтама берді:

«Қазақ халық творчествосы ескерткіштері мазмұн мен түр, сан жағынан да əр текті. Олардың бір парасы жыйналған, бір парасы əлі хатқа түспеген. Олардың ең басында эпикалық жəне лирикалық өлеңдер. Бұл халықтық мол поэззияны қазақтар ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде «өлеңшілер», «жыршы» арқылы жеткізіп отырған. Қазақ поэзиясының өзгешелігі – нəзіктігі – лиризм...», «.... ең ежелгі көне жырлар мəн-мазмұны жағынан да, өлеңдік мінсіз сұлулығы жағынан да барынша ажыратылады» [1],деп ғылыми жоғары баға берген.

«Қобыландыда» ақын қосқан, тарихқа тура келмейтін көп қосымша бар»:

Мен айтайын өзіңе, Көбікті деген қалмақ бар. Берен тонның жағасы Көбік қанныңбаласы.

«Жыр басында Көбікті қалмақ еді, енді хан болып тұр»,-деп, əрбір эпикалық, тіпті өлеңнің де өз бойында жеткізушінің өз көзқарасы, ұмтылысы мен идеалы болатынын таныта отырып, оның тарихи шындықпен қаншалықты айырмасы бар екенін анықтап берді.

«Қобыланды батыр Ақжолға болса, оның жорықтары 15-інші ғасырда болған. Жақсы, көркем жырда сол уақыттағы қазақтың болмыссалты көрініп тұруға лайық. Тарихтың сарын жолы екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайдаланғаны соғыс істері. Біздің қазақ білетін тарих осы. Шəкəрім шежіресінің де малданғаны осы жол. Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс тілінде «история культуры» дейді) пайдаланғаны

  • жұрттың болмыс салты. Рухани мəдениетінің дəрежесі. Бұлардың бəрі сол жұрттың сол замандағы тіккен үйінен, киген киімінен, ұстаған аспаптарынан, сөздерінен білінеді. Анық тарих
  • осы екінші. Бұған кем нəрселер (материал) жақсы, шын ақындар шығарған, бұзылмаған жырларда болады... Қобыландыда» бұл сияқты дəмді сөз жоқ десек, адасқан болмаймыз. «Қобыланды» кейінгі айтушының шекбісін көп көріпті...» Сыншының жырды кітап қылып бастырған авторына шығарған тұжырымы да қатал:

«Қобыланды» кітабының сыртында батырдың сүгіреті басылған... Қазақта мақал бар: «Ат ерінді, ер мұрынды» деген. Сүгіреттегі Қобыланды мұрынынан айырылып пұштиып тұр. Орыстың үш батырының сүгіретіне қарасақ, Қобыланды батырға мінгізген боз айғыр Добрина Никитичтікі, Қобыланды батыр өзі Алеша Попович..., күн салып қарауы Илья Мурамец көрінеді... Бұл менің жоруым рас болса, басқан басқарма адасқан. Бұл – ұят. Мұны мəдени жұрттарда ұрлық дейді. Тайбурылды тяжеловоз боз айғырға айырбастағанға қазақ көзі ұялады»[3], – деп жырдағы мəдениет тарихына, яғни салт-дəстүр, əдет-ғұрыпқа көп көңіл бөлуге ақындарды шақырса, екінші жағынан халқын Еуропаның мəдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мəдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қойған зерттеушінің жан айқайын көреміз.

«Орыстың үш батырын салған Васнецов шебердің картинасы бар», деп орыс халқының əдебиетімен ғана емес, сонымен бірге тарих, мəдениетімен де етене жақын екенін көрсетеді.

Əлихан «Қара пышақ Қобыланды» еңбегінде ауыз əдебиеті шығармашылығындағы аса маңызды бір мəселенің басын ашып, бастап берді. Ол қазақтың батырлар жырындағы əйел бейнесі. Демек, ғалым Аналық, Құртқа, Көклен кемпір – əрқайсысына жеке-жеке тоқталып, əрқайсысының жырдағы суреттелетін оқиғаларға байланысты атқаратын қызметін, ойнайтын рөлін талдап, жіктеп ашып береді. Оқиғалардың екі тарихи дəуірдің бетпе-бет соқтығысқан кезінде, төрт түлік малға табынау дəуірінен Іслəм дініне көше бастаған аралықта болғандығын өте орынды көрсетеді. Іслəм дінінің қазақ халқына деген зор ықпалын түсініп, дұрыс бағалай білген жəне өзінің халықты білімге, мəдениетке, өнерге тарту ісін осы діннің халық арасындағы зор беділі мен ықпалы арқылы жүргізудің тиімділігін, жемістілігін көре білген. Оған дəлел: біріншіден – 1914 жылдары Петерборда болған мұсылман съезіне Семей облысының мұсылман қазақтарының атынан депутат болып сайланып, дін мəселесіне белсенді түрде араласу болса, екіншіден – Ресейдің мемлекеттік дума құрамындағы мұсылман фракциясының бюро мүшесі болып сайлануы тағы бар. Үшіншіден – кезінде өзі бастаған Алаш үкіметіндегі дін мəселесін Ғұмар Қарашұлына сеніп тапсыруы.

Əлихан əйел мəселесіне кейінгі зерттеулерінде де оралып отырады. «Безправность киргизских молодух», «Қызды малға сату», «Батыр бекет».

Бұлар Ə.Н.Бөкейханның төңкеріске дейін жарыққа шыққан фольклорлық зерттеулерінің аса маңыздылары. Енді оның төңкерістен соң шыққан еңбектеріне шолу жасайық. КСРО халықтарының кіндік баспасында қызметте жүрген Əлихан 1923 жылы «Ер Тарғынның» Марабай ақын жырлағын нұсқасын өңдеп, түсініктерін жазып кітап етіп бастырған. Кітаптың соңында берілген түсініктерде ол «бұл жырды В.Радлов жазып алған. Мен қара сөзбен жазғанын қысқартып, өлеңмен жазған жерлерін өңдедім» деп жазды. Келесі ол жоғарыда аталған

«Қозы Көрпеш – Баянды» басып шығарған-ды.

«Қозы Көрпеш – Баянның» жайылмаған түрік жұртында жері жоқ десе де болады: «Қозы Көрпеш – Баян Ертіс аяғы Тобыл татарында, күншығыс Түркістаны тараншыда, Түркістанда, Сарыарқада, Алтайда, Орынхайда, Оралда, Башқұртта, Кавказда, шешенде, есетінде бар. «Қозы Көрпеш-Баян» көп мағыналы түрік жұртын сыйпаттайтын əдебиет қорының таңдамасы...» деп «Сөз басы» иен түсініктерін жазып баспаға əзірлеген Əлиханның өзі –тін. Ал, 1926 жылы «23 жоқтау» жинағы жарыққа шықты. Кітаптың бірінші бетінде «Қазақ тарихының төрт жүз жылын алады» деген жолдан кейін» «жиған, түзеткен: Байтұрсынұлы Ахмет, «Қыр баласы» деп жазылған. Осы соңғы кітапта А.Байтұрсынұлының есімі берілсе де «23 жоқтаудың» бəрін демесек те басым көпшілігін жинаптерген де, кітаптағы сілтемелер мен ғылыми түсініктерін жазып əзірлеген де «Қырдың баласы» Əлихан Бөкейхан болатын.

Ə.Бөкейханның ағылшын ғалымдары атап өткендей «тұңғыш фольклортанушы ғалым» есебінде қазақ ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп жазып жəне тасқа қалдырған барлық мұрасы міне осы. Бұл орасан зор асыл мұра. Өйткені, нақ осы еңбектерімен ол қазақ фольклортану ғылымының, алдымен, қалыптасуына үлгі-өнеге беріп, зор түрткі болса, төңкерістен кейін оның өркендеп, дамуына ол орасан зор үлес қосқан. Сондағы Əлиханның алдына қойған мақсаты мынау: «Тіл деген нəрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» бұл тілді безеп, жол-жөнге салып, жүйесін иіріп өсіреді. Сондықтан əдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса – ол əдебиет адасқан»[4].

Ə.Бөкейханның негізгі көздеген мақсат-мүддесін француз ғалымдары ашып айтады: «Ə.Бөкейханның «Қыр баласы» деген псевдониммен жарияланған, қазақ эпосы турасандағы тамаша зерттеулері оның отандастарының ұлттық санасезімінің дамуына көп ықпал жасады.

Ə.Н.Бөкейхан ұлттық қазақ əдебиетінің қалыптасуына жəне өркендеуіне ерекше мəн беріп, өзінің шамасына жəне уақытына қарай ұлттық əдебиеттің қалыптасуына жол, бағытбағдар көрсетті. Оның осы бағытта жасаған алғашқы қадамы – Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығын тұңғыш ғылыми тұрғыдан зерттеп, баспа бетіне бірінші болып жариялауы. Бұл пікірімізді төмендегі деректер де қостайды. Міржақып Дулатов кемеңгер ақынның қайтыс болуына10 жыл толуы қарсаңында жазып «Қазаққа жариялаған «Абай» атты мақаласында «1905-ші жылы «Семипалатинский листок» газетасында һəм онан кейін Семейдегі географический общестовоның шығарған бір кітабында Ғалихан Бөкейханов Абайдың тəржіме халін жазды» деп атап көрсетеді. Оған қоса Ахмет Байтұрсынұлы «қазақтың бас ақыны» деп сыни еңбегінде «Абайдың тəржіме халін Ғалихан Бөкейханов жақсы жазды» деп атап көрсетті.

Əлихан Абайдың шығармашылығына ертеден-ақ көңіл бөлген. Ойымыз дəлелді болу үшін мысалдар келтірейік.

«Абайдың өлеңдерін орысша аударып «Киргизская степная газетаға» тұңғыш жариялаған Əлихан[5].

Саясатшы ғалым П.П. Семенов Тянь-Шаньскийдің редакторлығымен «Россия. Полное описание нашего отечества» атты қоғамдық альманах шығып тұрғаны мəлім. Альманахтың қазақ өлкесіне арналған: «Киргизский карай» деген 18 томы 1908 жылы Ресейдің сол кездегі астанасы Петерборда жарық көрген. Осы томды жазып дайындаған ғалымдардың қатардында қазақ зиялыларынан қатынасқан жалғыз Ə.Бөкейхан болатын. Əлихан еңбектің «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты тарауын жазған. Бұл еңбекте Əлихан қазақ ақын-жазушыларынан жалғыз Абайға тоқталып, оны қазақ əдебиетінің «көшбасшысы» ретінде жоғары бағалайды. Бұл əдебиетіміздің Абай мұрасын игеру жолындағы тұңғыш талпыныс, Абайтану ғылымының алғашқы қадамы болатын. Кітаптың 1903 жылы жарияланғанын ескерсек, Əлихан өзінің Абай туындысындағы алғашқы пікірлерін ақынның көзі тірісінде айтқандығы айқындалады: «Ал енді қазақ поэзиясындағы жаңа толқынның өкілі ретінде, формасы тұрғысынан аса нəзік, жəне мазмұны жағынан терең, поэтикалы, əсіресе – табиғат лирикасы, көптеген өлеңдердің авторы Абайды атаған жөн. Евгений Онегин мен Лермонтов өлеңдерінің тамаша аудармалары да, қазаққа жақында түсінікті болғаны осының өлеңдері болса керек, осы автордың қаламына жататын. Сөйтіп, Семей əншілерінің аузынан өз əуеніне салып айтқан, мысалға ,

«Татьяна хатын тыңдауға болады». Ə.Н.Бөкейхан осы тоғыз-ақ жолдан тұратын шағын ақпарда өзінің маңызды да терең ойларын жеткізе алған. Мəселен, ақын өлеңдерінің сыртқы түрпішінін «изяшны по форме» деп сипаттаған, олардың поэтикалық мазмұнын, мəнін, «поэтично по содержанию» деп жоғары бағалаған жəне ақынның лирикасына əсіресе, табиғат лирикасына баса назар аударған: «поэтичны... особенно описание природы». Əлихан Абайдың жылдың төрт мезгілін суреттеген табиғат лирикасына жататын өлеңдерін дəріптей келе, былай дейді: «Оның жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз жəне қыс суреттелетін теңдесі жоқ ғажайып өлеңдері Еуропаның əйгілі ақындарының да мақтанышы бола алар еді»[6]. Əлиханның бұл жолдарынан асқан құрмет нышанын байқаймыз.

Əлихан Абайдың аудармалары туралы «Этому же автору принадлежит хорошие переводы «Евгения Онегина» и многих стихотворений Лермонтова который оказался наиболее понятным для киргиз» деген байыпты пікір айтады. Əлиханның кемеңгер ақын турасындағы алғашқы ой-пікірлерінен өзіне ерекше назар аудартатыны «Қазақ поэзиясындағы жаңа толқынның өкілі ретінде... Абайды атаған жөн» деген пікірі. Бұған қарағанда Əлихан Абайды қазақ поэзиясындағы «жаңа толқынның», жаңа ағымның өкілі ретінде қарастырып отырғандығын сеземіз. Абайды қазақтың шын мəнісіндегі тұңғыш халық ақыны, өмір шындығының теңдесі жоқ жаршысы, дала халқының байлығын Абайдай кең қамтығын жəне көркем бейнелей алған жоқ деп санаған.

«Абай өлеңдерінің күші – поэтикалық терең мəнісінде жатыр, оны кез келген өлеңдерінен көруге болады. Қазақ халқы оны асқан мақтаныш тұтады. Абай – халықтың рухани жандүниесін тереңнен көрсете алған қазақта бұрын-соңды болмаған ақын». Бұдан Əлиханның шығармаларымен кең таныстығы барлығы аңғарылады.

1910 жылы Қазан қаласынан Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты романы тұңғыш жарық көрген-ді. Бұл қазақ əдебиеті тарихындағы роман жанрына жазылған тұңғыш кесек туынды болып табылатын жəне ол ұлттық əдебиетіміздің идеялық, көркемдік, жанрлық жаңа белеске көтерілгендігін аңғартқан.

«Бақытсыз Жамал» жарыққа шыққанда қазақ қауымын ерекше өлеңдетіп, бірнеше орыс жəне қазақ баспасөзі көздерінде оған бірталай жылы пікірлер жазылған. Қазақ баспасөзінде жазылған пікірлердің бірі «Роман не нəрсе» деген «Арыстанұлынан» мақаласы. Бұл мақаланы осы уақытқа дейін Ахмет Байтұрсыновтікі деп келді. Бірақ библиограф – ғалым Ү.Субханбердіқызы «Арыстанұлының» ашылмаған бүркеншек есімі болды дегенге жауап «Ғалиханның «Қазақ» бетінде жарияланған «Роман бəйгесі» деген мақаласынан табылды. Мақалада мынандай жолдар бар: «Бізде мұнан бұрын роман жазылған емес. Мір Яғкуб романы

«Бақытсыз Жамал» кішкентай ғана кітап. Мен мұны «Қазаққа» сын жазбақ болып қолға алдым. Екі жұма отырдым. Бұл менің бұрын қылмаған ісім еді. Сонан ба, жоқ, сын өнеріменде де жоқтықтан ба, оны оқушылар білер».

Демек, Ғалихан, біріншіден «Бақытсыз Жамалды» кішкентай ғана кітап десе де «роман» деп мойындайды жəне екіншіден – оған сын жазып жариялап қойғандығын білдіріп отыр. Сонымен, «Роман не нəрсе?» деген мақаласын «Арысұлы» деп жариялап отырған Əлихан Бөкейхан болып шығады. Мақаланың мазмұны да, құрылымы мен сөйлем құрылысы да осыған толық көз жеткізеді. Бұл пікіріміз дəлелді болу үшін бернеше мысал келтіре кетуді жөн көрдік. Автор сыни мақаласын – «роман» деген термин сөздің мағынасы мынау. Осыдан 150 жылдан соң Италия французды билеп тұрған заманда екі тіл қатысып ортадан дара роман тілі туады. Осы тілмен француз жазушылары сол заманның кемшілік таршылығын көрсетіп кітап жазған һəм кітаптарын роман тілімен жазғаны үшін «роман» деп атаған» деп терең шолу жасаудан бастайды да, романның жанрлық «ішкі мағынасына», оның алдына қойылған «асыл мақаласына» тартымды да толық сипаттама береді. Əрі қарай автор «18 һəм 19-шы ғасырдағы атақты роман жазушылар» деп ағылшындардан Вальтер Скотт, Чарльз Диккенс, Уильямс Теккрейді, орыс жазушыларынан Пушкин, Лермонтов, Толстойды атайды. Оның үстіне «Арысұлы» қазақтың тұңғыш ірі прозалық шығармасын»... біздің қазақта ең бірінші көзімізге көрінген романды озық жұрттардыкімен салыстыруға болмайды, біз өз бойымызға лайықтап, мұна қазақ əдебиетінде «тəуір қызметке санаймыз» десе, Ахмет Байтұрсынов керісінше шығарманы «басқа жұрттардың» осы типтес жанрын үлгі ете отырып, оны өресі мен өрісіне жəне көлеміне қарай «ұзақ əңгімеге» жатқызып отыр. Сондай-ақ «Арысұлы» туындыны Л.Н.Толстойдың романэпопеясын «Соғыс пен татулық» романында бар: патша да, министр де, төре де, офицер де, солдат та... еркек те, əйел де, бала да, кəрі де, жас та» деп таныстыра келіп, «Бақытсыз Жамалда» қазақтың қазіргі жағдайынан біраз көрінеді. Мұнда қазақтың қай жерінде болса да, малға қызығып, я партияға қызығып қыздарын жастай күйеуге беру жайы бар, ысырапқа ақша шашып, жақынымен араздасу, қызын сүймегеніне жылатып ұстап беру, бұған шыдай алмай қыз теңін көксеп қайғыға бату бар... Мұнда бар...» деп салыстыра отырып, мазмұны тұрғысынан келіп, ол шығарманың роман жанрына жататындығына шек келтірмейді. Міне, осы бірнеше мақалдың өзінен-ақ «Арысұлының» Ə.Н.Бөкейханның келесі бір жасырын есімі екендігіне толық көз жеткізеді.

«Арысұлы» деп Əлихан «Қазаққа» тағы бірнеше еңбектерін де жариялаған. Мысалға

«Əн, өлең һəм оның құрамы», «Қытай қазағы» немесе «Абақ керей» сынды зерттеуі мен мақалаларын атауға болады. «Қазақ» бетінде басылған оның басқа да əдеби сын зерттеулері де жеткілікті. Оның бірі, Шəкəрім Құдайбердіұлының 1912 жылы басталған «Қалқаман

–Мамыр» дастанына жазған сыны. Демек Əлихан прозалық шығармаларды ғана емес, «өлеңдігі ақын сынаған жөн» деп санаса да, бірақ

«орыста Пушкин, Лермонтов сынға салып, жұртқа жайған Белинский сөзга ақын емес, ойға ақын еді. Шəкəрім Пушкин болмас, біз Белинский болмаспыз» деп Шəкəрімдей философ ақынның поэзиялық шығармаларын да батыл сынаған.

«Қалқаман – Мамырда» бұрынғы қазақ жұртының салты, қазақ мінезі, қазақтың іс-қимылы əлгі орыс өлеңдеріне қарағанда тіпті аз. Шəкəрім жақыннан қайырып, ойдағыдай толымды қылып жазбады.»,-деп сыншы Шəкəрім-ді

«досым едің ғой деп аяп отырған жоқ.Бірақ, дейді ол одан кейін ақталғандай – «көп бергеннен, көп сұралады» деген. Мен мұны Шəкəрімнен сұрап жаздым».

«Дүниеде адам баласы айналып өтпес екі – ақ көпір бар: бірі – өлім, бірі – махаббат. Қалқаман мен Мамырдың жалынғаны махаббат емес пе еді. Сүйіскен екі ғашық молла айтты деп, шариғатта солай деп мыжи ма? Махаббат адамда байлағанда шариғат пен моллаға уақыт қала ма? Бұл жерде Шəкəрім ақындық жолынан шыға шабылып, Пушкин, Лермонтов, Шекспир, Толстой қарауылына салсақ, зор күнəға батып тұр». Тағы да бір мысал келтірейік:

Əй, Мамыр, бұл іс оңай алмасаң, Зорлық жоқ, өзің сүйіп таңдамасаң. Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер, Моллалардан естідім əлдеқашан.

Қалқаман мұны айтқан жоқ. Қазақ қызына 190 жыл бұрын түгіл, осы күні ерге тию болған жоқ. Шариғатта бұл болмағанымен мұны ол уақыт сөйлеген жоқ. Бұл ақынның Қалқаман өтірік айтып рəсімінің ыңғайына жайылатын моллаға жапқан жаласы. Осы екі мысалдан да сыншы Шəкəрім қажға «ақын жолынан шыға шабылып, қажылыққа көбірек ауып кеттің» дегендей сыр білдіреді. Ал мақаланың соңында автор Шəкəрімнің «өзге кітабына тағы да бір кезде айналмақ» ниетін білдіреді. Əлихан оның «өзге кітабына арада бір жыл өткен соң оралған. Бұл жолы ол философ ақынның 1911 жылы шыққан «Түрік, қырғыз һəм хандар шежіресі» атты ғылыми шығармасын саралайды. Ə.Н.Бөкейхан қазақ халқының өткен-кеткен жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Дəл сол тұста қазақ тарихын одан терең білген қазақ азаматы табылмасы хақ. Сондықтан болса керек, автор сыни мақаласында қаралып отырған шежіренің тарихи негізділігіне баса назар аударады. Бұл жұмысында ол ғылыми шығарманың кемшілік-кетігін тізіп сынаудың алдында оның жетістіктерін де бірсыпыра айтыр өтеді.: «Шəкəрімнің бұл кітабы – қазақ шежіресіні тұңғышы: қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шəкəрім кітабын əбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ, көшпелі далада жүріп Шəкəрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай жұмыс емес». Əйтсе де, Əлихан Шəкəрім жұмысын «қазақ шежіресінің тұңғышы» деп, енді өзі «кішіпейіл» мінезін танытып отыр. Өйткені, Ф.А.Шербина экспедициясымен «Қарқаралы уезі...» жəне «Павлодар уезі қазақтарының шежіресін» тұңғыш зерттеп жазып, экспедиция «матариалдарының» IV–інші жəне VI-ыншы томдарында жарияланған да Əлиханның өзі болатын жəне бұл екі шежіре Шəкəрім жұмысынан əлдеқашан жарық көрген. Бірақ ол жұмыстардың Шəкəрім шежіресінде бір «кемшілігі» олар орыс тілінде басылады. Əлиханның мақалада «мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ.» – деп жазуының себебі осында. Ə.Н.Бөкейхан «тұңғыш» шежіренің жаңсақ кеткен тұстарын ажыратып көрсетеді.

Ə.Н.Бөкейхан өмірінің ақтық «Мəскеу кезеңі» 1922 жылдың жазынан 1937 жылдың қыркүйегіне дейін аралықты қамтиды. Соның 1922 жылдың желтоқсанынан 1927 жылдың қазанына дейінгі кезеңі КСРО халықтарының Кіндік баспасында қызмет атқаруына байланысты. Қазақ əдебиеті мəселелерімен тікелей қатысты болды. Соған қарамастан Кеңес үкіметі тұсында ол əдеби-сын зерттеулерімен белгілі себептермен бұрынғыдай белсене көріне алмады.

 

Əдебиеттер

  1. С.Аққұлұлы. Ə.Бөкейхан – əдебиетші ретінде. «Жұлдыз». 1993. №6.
  2. А.Байтұрсынов.Əдебиет танытқыш. Шығармалар жинағы. А. 1989

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.