Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жұмекен Нəжімеденов поэзиясындағы «түстер» сыры

Мақалада Жұмекен Нəжімеденовтің «Жеті бояу» жинағында түр-түстерге байланысты өлеңдерінде өңбояуларға байланысты атаулар бір заттың, құбылыстың түрін, түсін, сыртқы сипатын ғана білдіретіндігімен шектелмей, ауыспалы мағынада қолданылып, өмірдің жағымды-жағымсыз құбылыстары мен философиялық ұғым-түсініктерді, символдық мəн-мағыналарды аңғартады.

Жұмекен жырларының басты ерекшелігі – сөздерді қазақи ұлттық танымда сөйлетіп, философиялық астарды түрлі бояулармен бере білуінде. Ақын поэзиясында түр-түстерді өте ұтымды қолданған. Өлеңдеріндегі жеті бояу («Қара түс», «Сұр түс», «Көк түс», «Қызыл түс», «Қоңыр түс», «Сары түс», «Ақ түс») – қазақ халқының болмысын, тұрмысы-танымындағы дүниелік қасиеттерін, тарихын, салт-дəстүрін, мінезін, менталитетін шаруашылығын танытумен бірге, адамның жалпы өмірге деген əртүрлі қарама-қарсылы көзқарасын, мінезін, ішкі жан-дүниесінің қайшылығын, т.б. білдіреді. Ақынның қарапайым болмысына қарап қазір əдеби жұртшылық арасында «Қоңыр өлең – Жұмекен» деген тіркес қалыптасқан.

Ж. Нəжімеденов қолданған түр-түстік бояулар оның өлеңдеріндегі өзіндік дара тілдік бірліктер болып табылады.

Қазақ поэзиясында өзінің ұлттық стиль машығымен дараланып көрінетін ақындардың бірі – Жұмекен Нəжімеденов. Оның 1979 жылы жарық көрген «Жеті бояу» жинағына əртүрлі түстер атауымен аталатын өлеңдері («Қара түс», «Сұр түс», «Көк түс», «Қызыл түс», «Қоңыр түс», «Сары түс», «Ақ түс») енген. Жұмекен поэзиясының стилі, көркемдігі қандай деген мəселені қозғар болсақ, əрине, оның ақындық толғаныс, тебіреністерін білдіруде қолданған бояуларын айтар едік.

Кез келген халықтың ұлттық əдебиеті мен мəдениеті, халықтық наным-сенімдері, халықтың ұлттық болмысы өз тілінде көрініс табатын халық ұғымындағы түр-түстік ұғымдар, символдар баға жетпес тілдік қазына болып табылады.

«Табиғаттағы түр-түстердің барлығы əрқашанда бір заттың, құбылыстың түрін, түсін, өңреңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар, түр-түс атаулары мүлдем түр-түске қатысы жоқ, не одан бүгінде тым алыстап кеткен ұғым-түсініктерді, мəнмағыналарды, жөн-жосықтарды білдіретін де қасиеттерге ие» [2, 11].

Ақын түр-түстің əр түрін терең философиялық ой-cезіммен қолданғанын көреміз.

Жер бетіндегі əрбір халықтың шығу тегімен, ұлттық танымымен, салт-дəстүрімен астасып жататын түстер құпиясы ақынды тереңге жетелеп əкетеді. Қазақ халқының жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түс. Енді осы түс ақынның түсінігінде қандай орын алды «Қоңыр түс» өлеңінде тоқталайық.

Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, көзін сулап қалып еді қамығып.

Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп – қоңырқай ой маза берер емес түк. Қоңырайып жатыр алда жол əлі кеудем кейде қоңыр күйге толады. Қоңыр əнмен қазақ бесік тербетіп, өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы.

Осы өлеңнің ішінде «қоңыр» сөзі өң, түс мағынасында қолданылып тұр ма деген сауал туындайды. Ақын мұнда «қоңыр» сөзін түс ретінде қолданбаған. «Қоңыр» қазақ халқында үлкен философиялық мəнге ие ұғымдардың бірі. Өлеңде «қоңыр» сөзі бірнеше рет қайталанып келіп, өлеңнің көркемдік ажарын, өңін кіргізіп, стильдік реңк үстеп, қазақ елінің мінезіне тəн қарапайымдылығы мен момындығын, мамыражай тыныш өмірін бейнелеп тұр.

Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн… қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.

Қоңыр күзде қоңыр шаруа күйбеңмен, қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем. Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда – Шешем қалды қоңыр төбе басында.

Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде Қоңырайып отырамын үстелге…

Өлеңнің өн бойын құрап тұрған «қоңыр шеше», «қоңыр кеш», «қоңыр жол», «қоңырқай ой», «қоңыр күй», «қоңыр əн», «қоңыр бала»,

«қоңыр күпі», «қоңыр дала», «қоңыр үн», «қоңыр күз», «қоңыр шаруа», «қоңыр қыз», «қоңыр төбе», «қоңыр ымырт» сияқты тіркестер көшпенді қазақтың сахара даласын, философиялық, психологиялық ой-танымын, өнерін, тіршілігін, шаруашылығын, мінез-құлқын, сыпайылығын, қарапайымдылығын, бəрін-бəрін көз алдымызға сурет күйінде алып келеді. Өлеңдегі «қоңыр» сөзі ақынның идеясын толықтай айқындап отыр. Жұмекеннің бұл сөзді қолдануының мағынасы терең. Осы ойымызды жазушы Ə.Кекілбаев «Қайран Жұмекен, осы бір кіп-кішкентай өлең жолына күллі қазақтың баяғы ата-баба заманынан бергі бар-бар тірлігін, тірлік кешіп жатқан өмір ортасы, мінезқұлқы, ұлттық сипатын сол қалпында бұлжытпастан мөлдіретіп, …мүсіндеп шығарған да қойған» деп түйіндейді.

Қара көмір жанатыны əдемі,

қара судың ағатыны əдемі.

Қара көздің жақсы-ау күлімдегені, одан гөрі дала түні əдемі.

Құт кірерде қара жерге қақ тұрған, қара қазан қамы бала бақтырған. Қара қазақ қауіпті дерт, ауруын қара қойдың өкпесімен қақтырған. Қара көздің жасын түнге кептірген талай қара кезеңдерден өттім мен.

Бірақ бабам «қара мал» ғып ырысын, Қасиетін – «қара шаңырақ» деп білген.

«Қара түс» өлеңінде қара сөзінің тура сындық мағынасымен қатар, қайғы-қасірет, қаралы сəт, көңілсіздік, сонымен бірге «қара қазан»,

«қара қазақ», т.б. қазаққа қасиетті, берекелі мағыналарын беретін тіркестерді ауыспалы мағынасында қолданғанын көреміз.

Қара, қара!

Көп қой қара сөз менде көнбейтұғын етістіктен өзге емге. Қара бояу, лағынат айтам мен саған, қара көңіл бір досымнан безгенде. Қара, қара!

Көп ұғымға жат əлі, -

маған жұрттың түсінігі батады.

Қам көңіл жан қарғанғанда, қақырап

«қара түрге тапсырдым» деп жатады.

қараға да ақ пейілмен қарау жөн,

қара лента қоршағанша бейнеңді...

«Қара» сөзінің негізгі мағынасы ақтың қарама-қарсы түрі. Бұл өлеңде «қара» басқа метафораланған сөздерді тіркестіріп қайғы-мұңның белгісі ретінде («қара көңіл», «қара киіп жыламасын аналар»), киеліліктің, қасиеттіліктің белгісі ретінде («қара қазан», «қара мал», «қара шаңырақ»), табиғилық, негізділік, əдеміліктің негізі ретінде («қара көмір», «қара су», «қара көз»), жамандылықтың белгісі ретінде («қара түнге тапсырдым») қолданылған.

«Сұр түс» өлеңін оқи отырып, ақынның түсінік-танымында «сұр» жағымсыз түстердің қатарына жатады.

Темір қақпа, темір төсек – сұр бəрі ертеңді-кеш сұстанып кеп тұрғаны! Сұп-сұр ұшқын төгіп қалды сұр жанар, сұр жұдырық түйіледі ұрғалы.

Беймаза, көңілсіз сұрғылт тартқан мекеннің, дүниенің кейпін елестетеді. Ақынды жегідей жеген сұрқай өмірдің түсі кеткен тыныс-тіршілігінен көрініс береді.

«Көк түс» өлеңі:

Көктемгі жер бояуы да көк қой деп, көлеңдетіп киіп едің көк көйлек.

Көл-дүниеден көкті ғана білуші ең, Кетер болсаң – көк зəріңді төкпей кет.

Көктем еді-ау, көктем еді, дүбірлі көк бұлақтар көгал кезіп жүгірді. Көк кіреуке көзді айналған күндері көгіс тілің көк төбетпен бір үрді.

Көктемеде көкек құсап көк, көк деп көк уыңды сөйлеп болдың, төкпектеп.

Күте-күте, қуа-қуа көк түсті

кеттің білем, ақырында, көк бет боп. Көктем өтті, жаз да кетті, күз жетті, енді əр мезгіл өз бояуын іздетті.

Ал сен болсаң – баяғы сол көк, көк, көк –

көк тіліңнен көк сөздерді төк, төк, төк!

«Көк» сөзі қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде а) заттың көгілдір аспан тəрізді түсі; ə) көгеріп шыққан өсімдік, өскен шөп деп көрсетілген. Бұл өлеңде ақын көктем мезгілінде Табиғат-Ананың көк түске енуі, бетінде бұлақ суы сарқырап ағып жатқан көк шалғынды бейнелей келе, осы «көк» сөзін ауыспалы мағынасында қолдана отырып, қазақ халқындағы «көкбет» деп долы, ашулы, ұрысқақ, арсыз, бетпақ, аузынан «ақ ит кіріп, көк ит шығатын» нешебір былапыт сөздер мен қарғыстарды айтатын

«көкбеттерді» (көкбеттікке салынатын əсіресе, əйелдер қауымы болып келеді) сынайды. Ашу-

ызадан беті көгеріп, зəрі бетіне шыққан адамды

«көкбет» деп атайды. «Көкбет» сөзі «көк» жəне

«бет» сөзінің бірігуінен жасалған.

Қазақ тілінде қызыл сөзіне қатыстық символдық мағыналар көп. Жұмекен жырында да қызыл түсінің қолданылу аясының кеңдігін байқаймыз.

Жырың қызыл ғой десе, Жауап əзір, таза арым: қызыл тілім сөйлесе, қызыл қанмен жазамын. Қызыл тілім тіпті ұзын, ұқсас қызыл тасқынға ант еткемін қып-қызыл қызыл жалау астында.

«Қызыл түс – өткірлік белгісі. Сөйлеуде, поэзияда сөздің шебер қолданысында қызыл түс тура мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылуы жиі кездеседі». Ақынның жоғарыдағы «Қызыл түс» өлеңіндегі қызыл сөзі

«қызыл жыр», «қызыл тіл» тіркестері «сөзге жүйрік», шешен» мағынасында алынып отыр:

«Сары түс» өлеңі:

Ағаш басы сарғайыпты – бар ма айып мезгіл жетті.

Ойды ескіртіп алмайық.

Жата-жата архивында ақылдың

көп өлеңім қалған сынды сарғайып. Сары жел есті – сары бұта дір етті, сары күзің сары қырман күретті...

..........................................................

Сезген адам Нанның нағыз бояуын сап-сары ғып көрсе керек даланы! Сары жұртқа сара күйді шерте кеп, қарызымнан құтылмақ ем тер төлеп.

Жасамақ боп алтын-жырды құм-сөзден сары қаламды қуып келем желкелеп.

Өлеңде «сары» сөзінің негізгі түстік мағынасымен қатар, түрлі-түрлі ауыс мағыналары да бар. «Сары» сөзі тілімізде жиі қолданыста болатын, көп жағдайда түсті білдіретін лексема.

«Сары» сөзі сын есім мағынасында қолданылып, «сары күздегі» сары қырманды, ағаш жапырақтарының сарғайған түсін білдірумен қатар, «жұрт» сөзімен тіркесіп ауыспалы мағынасында қолданылып тұр. Ақын «сары жұртына» арналған «алтын-жырларын» (саф, таза жыр) тартуды өзіне міндет етеді.

Қас суретші бақытсызды салса егер сап-сары ғып қойса керек жүректі. Жапырақтың сары тілі, ал, əне сары көл бетін жалап-жалап алады.

«Сары» сөзінің ендігі бір мағынасы – уайым, қайғы, мұң-шерге, ұзаққа созылған əрекет, про-

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.