Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепте көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту мəселесі

Көне дəуірдің қоғамдық-мəдени əрі əдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жəдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұра болып табылады. Сөздердің сыртқы тұлғаларында да, ішкі мағыналарында да сəйкестіктер сақталған. Осынау жоғары тіл мəдениеті мен білімнің айғағы болып табылатын көне жазба ескерткіштер туралы деректерді меңгерту үлкен əдістемелік дайындықты, еңбекті қажет ететіні белгілі. Мақалада мектепте көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту мəселесін жүйелі түрде жүзеге асыру жайы сөз болады.

Мектеп оқушыларына көне түркі жазба ескерткіштері туралы берілетін мəлімет жалпы шолу түрінде ғана болғандықтан, əдебиет пəнінен қосымша сабақтарда, əдеби үйірмелерде оқушылар тиісті деректерді меңгеруі қажет. Онда да мұғалімнің ұстанатын басты бағыты шығармалардың сюжеттік мазмұнын ғана емес, одан көрінетін халық өмірі, қоғамдық сипат, шығарманың тілі мен көркемдігі сияқты тарихи-əдеби мəселелерді де ұғындыру басты ұстанымы болуы тиіс. Оқушыларға көне жазба ескерткіштердің табылу тарихы, олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыста түсіндірген абзал. Жалпы біздің тіліміздің түп тамыры осынау кезеңдерден бастау алатыны, олардың күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған сырларының мол екендігі оқушы санасына жеткізілуі керек. Тіпті көне жазба ескерткіштердегі тасқа қашалған жазулардың əр сөзінің, əрбір жолының өзіндік шежіресі бар екендігін зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып жеткіземіз. Бір сəт оқушыларды сонау көне замандағы тарихи оқиғаларға жетелеп əкетуге де болады. Бұл жерде тарих пəнінің мұғалімін көмекке шақыруға болады. Тарихи деректерді жақсы меңгерген оқушыға əдеби материалды ұғындыру əлдеқайда жеңілірек болады.

 

Халықтың бұл мəдени мұрасы – халықтың салт-санасы мен философиялық, діни көзқарастары, тəлім-тəрбиесі мен ғылымы, тарихы – бəрінің басы түйіскен үлкен қазынасы. Осы қазынаны тіл арқылы жеткізудің ұлы күш екені белгілі. Тілсіз рухани мəдениет биікке жете алмайды, халықтың рухани күші тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені «Өнер алдытіл». Тілойдың ең басты қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба жазу. Жазу адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-қатынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Əрбір дəуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сəулет өнерінде бейнелеп қалдырған. VIX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орталық Азия жерінде жазу, сызу, егін, əдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ. ОрхонЕнисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дəуіріне сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі жəне Талас бойы. Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей жəне Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді. Енисей жазба мұралары деп аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты.

Ал Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі əзірше өте шағын жəне сан жағынан да аз. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба жазулар, тастар Əулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан жəне Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мəдениетін дамытқан. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дəуірдің қоғамдық мəдени, əрі əдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жəдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Жалпы сырын ішіне түйген осынау жəдігерлер туралы біздің білетінімізден, əлі білмейтініміз көп. Бұл турасында белгілі ғалым, түркітанушы А.Аманжолов: «Көне түркі жазба ескерткіштері – көне түркі тайпаларының жоғары тіл мəдениеті мен білім өресінің көрсеткіші. VI-ІХ ғасырларда жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері, негізінен, Монғолия, Оңтүстік Сібір, Қазақстан мен Қырғызстан жерінен табылғаны белгілі. Мысалы, Монғолияның Орхон, Селенгі өзендері бойынан табылған көлемді ойма жазулардың қатарына əйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-Шор, Мойын-Шор, т.б. құлпытас ескерткіштері жатады. Олардың зерттелу тарихы жүз жылдан асса да, шешілмеген сырлары аз емес»,деп көрсетеді [1,7]. Көне түркі жазуларын оқытуға арнайы сағаттар жеткілікті көлемде бөлінбесе де, оқушыларға бұл деректерді реті келгенде жеткізіп отыру – əр ұстаздың міндеті. Өйткені «...қазақ халқы өзінің ұзына тарихында төрт түрлі жазуды тұтынып, сол жазулармен қыруар рухани мұра жасай алды. Ол жазулардың біріншісі, байырғы түріктің бəдіз (рун) жазуы. Қолданылған мерзімі біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ-І мыңжылдықтар мен біздің заманымыздың VIІІ-ІХ ғасырлар аралығы. Екіншісі, араб (қадим, жəдит, төте) жазуы. Бұл жазуды ІХ ғасырдан бастап 1929 жылға дейін тұтындық. Үшіншісі, байырғы грек əрпінен бастау алып, одан батыс грек, одан этрусс, одан латын əрпі болып жеткен жазу. Бұл жазуды 1929-1939 жылдар аралығында тұтындық. Төртіншісі, 1939 жылдан бастап, күні бүгінге дейін тұтынып келе жатқан, байырғы грек, одан шығыс грек, одан классикалық грек, одан Рум(Византия) арқылы жеткен орыс кириллицасы. Осылардың ішінде əрісі түрк халықтарына, берісі қазақ халқына төл мұра болып табылатыны байырғы түрктің бəдіз жазуы. Яғни, руникалық жазулар» [2,7]. Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі рутайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мəлім.

Міне, сол ежелгі түркі дəуірінің қоғамдық, əдеби мəдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған», жəне «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы əдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Тек түркі халықтары мəдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мəдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мəні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. 1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден əлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зəулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді. Н. Ядринцев тасқа мынадай сипаттама береді: биіктігі 3,5 метр, төменгі ені 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған. Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр (кейінгі зерттеудің нəтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен əрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қараған адам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нəтижесінде əлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені жəне айқындалып отыр. Көп кешікпей Н.Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың назарын Орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген атқа ие болады. Ежелгі мəдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл əлемге əйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бəріне ортақ көне түркі əдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізі-не, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі жəне Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі жəне қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары.

 Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан дат ғалымы Вильгельм Томсен болатын. Кейін орыс түркітанушылары да аударып, көп зерттеді. Ескерткіштегі жазулар "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. В.Томсен ең алғаш рет "Түрк" жəне "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен. Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дəуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірə, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк əрі батыр, əрі шешен, жырау, əрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде əскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мəнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мəтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып» деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді. Көне түркі авторлары, өзімізге əбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны ақындық тəсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сəттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Өз кейіпкерін дəріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін сүреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тəсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сəт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дəстүрлі əдісі ме деп ойлаймыз» [3,60].

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.