Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлт ақыны жəне ұлт тағдыры

Мақалада зар заман ақындары ой-пікірлерінің өміршеңдігі, халықтық педогогика мұраттарымен үндестік табуы сөз болады. Сонымен бірге онда бұл топтағы ақындардың заманның тамыр соғысын дөп басып, шынайы хал-ахуалын айшықтай білгендігі көрсетіледі. Автор отаршылдар билеген дəуірдегі халықтың қасірет-қайғысын жырлаған ақындар шығармашылығында елдік мүддеміз бен ұлттық болмысымыз ойлы образдар, тосын теңеулер арқылы жан-жақты көрініс тапқанын дəлелдеуге күш салады.

Ұлт басына қатер төнгенде ұлт ақыны дараланып шығады. Ол елдің сөзін айтып, басын бəйгеге тігеді. Бұл – барлық халықтың əдебиетінде байқалған құбылыс. Біздің қазақ əдебиеті де мұны талай басынан өткерді. Əсіресе, ақындық ұстаным ұлт тағдыры таразыға түскен отаршылдық дəуірде айқын көрінді. Қайғы мен мен шерге толы бұл кезең ұрпағы үшін алаңдаған ұлт ақындарын тарих сахнасына шығарды. «Қазақ пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіріледі, қай жөнмен алып, қай орынға көшіреді – оны қазақ білмейді» [1,222], – деп Ахмет Байтұрсынов бейнелеп-бедерлеген көнбіс халықтан шыққан жыр жүйріктері шетінен қайраткерлік биікке көтерілді.

Олардың өлең-жырларында азаттықты аңсаған қазақтын рухы сақталды. Бұл шығармалардың өзегінде ұлтты езгіден құтқару идеясының негізі қаланды. «Əдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы» [2,20], – деген академик З.Қабдоловтың тұжырымына сай зерделесек, зар заман – бұғауда бұлқынған қазақ ұлтының шерлі шындығы. Зар заман жырларындағы отаршылдыққа наразылық сарыны кейін ұлт қамын ойлаған ақындардың шығармашылығына түгел жайылды, рухты оятып, күрескерлік сананың қалыптасуына жол ашты.

Отаршылдық дəуірде өмір сүрген ақындар көшпенді өмірдің тіршілігін идеал тұтуы, ұлттық болмыс-бітімнің, салт-сананың бұзылуына қарсылығы, жаңа қоғамның құбылыстарын құбыжық көруі жағынан бір-бірімен үндес. Олар тозған заманның азған адамның бейнесін кейіптеп, рухани құлдыраудың себептеріне үңілді. Мұның бəрі осыған халықтың ішкі əлемінің наразылығы сипатында көрінді. Дəуірдің сүреңсіз түрі еркін заманның ізгіліктерін танытатын ұғымдармен шеңдестіру арқылы бейнеленеді.

Осындай ой-тұжырымдар азаттықты аңсау, бодандықтан босау идеясына қозғау салды. Бұл тұрғыдан алғанда зар заман жырлары елдің ертеңіне елендеп, дабыл қағу міндетін атқарды. Күңгірт келешек, күмəнді қоғам, азған адам ұғымдарының ой-пікірге өзек болуы – отаршылдық дəуірге жиреніштің, назалы көңіл-күйдің көрінісі.

Халықтың өз танымында берік орныққан «ел» ұғымы ақындар шығармашылығында əр қилы сипатта көрінді. Көпшілігі оны адам болмысымен сабақтастыра бейнеледі. Осы тұста қазақ поэзиясында шебер шендестіру мен ұтымды астарлаудың үлгілері мол байқалды.

Мысалы, Дулат Бабатайұлының өлеңдерінде [3] «ел» сөзімен байланыстырылған образдар жеткілікті. Мұндай бейнелі тіркестердің бəріне халықтың ауыр ахуалы, қайғы-мұңы өзек болған. Соның ішінде мына екі жолдың орны бөлек:

Ел тереңге сүңгіді, Қармайтұғын қалмай тал.

Ақын кейбір күрделі образдардың əсерін күшейту үшін қиюласпасты қиюластырады, логикалық қисынды əдейі бұза отырып, сұлу сөзбен сурет салады. «Ел тереңге сүңгіді» – «суға кеткен тал қармайдымен» төркіндес тіркес. Яғни, пəле-жаладан, кесел-кесепаттан құтылу үшін жанұшырып-жанталасудың белгісі. Қалыпты мағынасы «қармайтұғын тал қалмаған соң, ел тереңге батып кетті» дегенге саяды. Ал ақын бұған өзгеше өң беріп, жаңаша қисын түзеді. Ел тереңге сүңгіді (ерікті, белсенді қимыл), қармайтұғын қалмай тал (құтқарар күш жоқ). Халықтың еш нəрседен қайыр күтпей, заманның ырқына көніп, ауыр ахуалға мойынсұнуын Дулат осылайша көркем кестеледі. Күллі елдің бір адамдай «тереңге сүңгуі» бар бояуы келіскен əсерлі көрініс береді.

«Ел» ұғымын адамдарға тəн нəрселер арқылы бейнелеп, алуан түрлі образдар жасаған Дулаттың үздік үлгілерінің бірі: «Ел құлағы саңырау, Кімге айтамын сөзімді?». Қоғамды жайлаған ұғымсыздық, саңылаусыздық атаулының бəрі «ел құлағы саңыраудың» аясына сиып тұр. Бұл – халықтың рухани құндылықтан алшақтап, сыртқы дүниенің құбылыстарынан оқшауланып, тұйыққа тіреле бастауының да белгісі. Ақынның өзі айтқандай, «Сөлі кетіп қазақтың, Қалған кезде сіркесі», – дейтін кезең осы. Заманның зіл салмағы мойнына түсіп, отаршылдардың озбырлығын көріп, бойдағы қуатынан айрылып, сөлі кетіп, сіркесі қалған қазақтың бастан кешкен бейнеті мен тартқан тауқыметін Дулат «ел-адам» образын кейіптеу тəсілімен көрсетті:

Арқасы елдің жауыр боп,

Артқан жүгі ауыр боп, Төрт аяқтап ақсады-ай.

Соңғы жолдан ақынның елді жүк көтерген төрт түліктің біріне балап отырғаны көрінеді. Төрт аяқтап ақсау, арқаның жауыр болуы – елдің тереңге сүңгуінің себеп-салдары. Дулаттың танытқаны – əбден титықтап, тұралаған жұрттың хал-жағдайы. «Жауыр болу» – қасіретқайғының, «артқан жүктің ауырлығы» – зорлық-зомбылықтың баламасы ретінде алынған. Халық тіршілігінің берекесізденуін («Тоғыңды елім шайқады, Тұнығыңды сапырды»), ағайынның ауызбіршіліктен айырылуын («Ел ұйтқысы шайқалып, Төгіліп судай ортайды-ай») ақын шеберлікпен жеткізді. Елдің «тұнығының сапырылуы» – Дулаттың эстетикалық зор талғамын аңғартатын тіркес. Жалпы, ақын өз үшін ең қадірлі нəрселерді, атап айтсақ, ішкі сырын («Тұманың тұнық суынан»), жүректегі жырын («Тұнық жырмен жуынам») осы тазалықтың белгісі – тұныққа балайды. Сол «тұнықты сапыру» тіркесі арқылы сүттей ұйып отырған жұрттың трагедиялық ахуалға ұшырағаны айтылады. Ақынның көбіне-көп образбен өрнектеген халық тағдыры хақындағы өкініш-күйініші:

Ебі кеткен ел болды,

Енді қайда мен барам?!

деп түйінделді.

Ел тағдырын бейнелеген зар заман өлеңдерінде қасірет-қайғы ұғымын білдіретін тіркестер де жеткілікті. Дулаттың «Ұйқы беріп, қайғы алам», – дегеніне өзек болған ойды Шортанбай Қанайұлы: «Түшіркеген ұйқы жоқ. Қайғының асқан зарлығы» [4, 21], – деп өрнектейді. Ал Мұрат Мөңкеұлы «Қазтуған» атты жырында «Күндердің күні болғанда, Қайғыға шіріп өлерсің» [5, 209], – деп ел-жұрттың келешегіндегі жаманшылықтан хабардар етеді. Осындағы «қайғыға шіріп өлу» тіркесі «құса болуды» өзгеше түрлендіру арқылы жасалған. Адамның қайғыға шіруі бейнелі əрі қалыпты тіркестен əлдеқайда əсерлі. Кердері Əбубəкір өлеңінде қасірет-қайғы образды түрде:

Көздің жасын жинасаң Күніне аяқ толады [6,189], – деп түйінделді. Ойы ұшқыр, сөзі сұлу Дулат поэзиясында кең ауқымдағы халықтық қайғышердің мысалы бар. Бұған бірінен соң бірі тақым батырған үлкенді-кішілі ұлықтардың елге көрсеткен зəбірі астар болған. Ел билеген бектер мен еркінен айырылған халықтың отаршылдық бодауындағы хал-ахуалы ақынның

«Сүлейменге» дейтін өлеңінде ұтқыр сөз-образдар арқылы көркем кестеленді:

Ұлт ақыны жəне ұлт тағдыры

Аяз қысса мүйізді, Мүйіз қысып тұқылды. Қанталаса тұқылың, Алпыс екі тамырың Қаңсып қалған сықылды

Дулат кейіптеген аяз – мүйіз – тұқыл желісіндегі ең төмеңгісінің жаншылып-мүжілуі – бейнелі ұғымды ел тағдырына орайластырғандығының көрінісі. Тұқылдың қанталауы – халықтық трагедияның астарлы оймен айтылуы. Ат басындай алып жүректі шалып жығатын қайғының күшін ұлғайту түріндегі бейнелі сөз танытып тұр. Осы екі жолдың образбен өрнектелген алдыңғысы құлаққа əбден сіңісті болған «қайғы басып шерледі» тіркесіне жаңаша рең, өзгеше өң береді.

Зар заман поэзиясында қазақтану, ұлттану талаптарының биігінен зер салсақ, құнды қазынаның бағасы одан сайын арта түсері сөзсіз. Бұл жыр жүйріктері қазақ ұлтының көшпенділіктен ажырап, отаршылдықтың бұғауына мойынсұнған кездегі көрген зорлық-зобалаңы мен тартқан қайғы-қасіретінің шерлі шежіресін жасады. Қазақ халқының белгілі бір дəуірдегі ұлттық танымының тарихнамасын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

Бұл шоғырдың тағы бір алыбы Албан Асанның шығармаларында осы əуен, осы байлам айна-қатесіз жалғасын табады. Айналасындағының бəрінен түңіліп, жақсылық пен ізгіліктің бəрін өткен «өзбек қайран заманнан», яғни Қоқан хандығының билік құрған тұсынан іздейтін, қазақ пен қырғыздың ұлттық табиғатын көршілес қонып, еншілес жүрген албан мен бұғы руларының қарым қатынасы арқылы суреттейтін Асан Барманбекұлы да ұл мінезіне, ұрпақ тəрбиесіне соқпай өтпейді. «Құйын келіп ұрғандай шым-шытырық бір замандағы» қазақ баласына ақын былайша баға береді:

Доңызшы қарар əкеге, Ұлдың өзі туғандай. Бар малыңа өзі ие,

Басқаны үйден қуғандай, Баланың қылған ісіне,

Жүрегің мұздап суығандай... [7, 52]

***

...Ізет көрмей барасың Балаң менен ініңнен. Əдеп көрмей барасың,

Қызың менен келініңнен [7,59], – дейді ақын «Заманнның түрі» атты толғауында. Ол осы жөнсіздіктің себебін өзінше топшылап көрсетеді. Асанша айтсақ, бұл ақыл-кеңес, ұлағат айтатын қариялардың азайғандығынан. Əдетте, ұрпақтың орнын ұрпақ басады деген қағидаға сүйенсек, алаштың ақсақалсыз, қазақтың қариясыз болмайтыны алғаусыз ақиқат. Бірақ Асанның аңсары – көкірегінде – сəулесі, жүрегінде – иманы бар данагөй қария. Ұлттық дəстүрді ұстанған, салт-сананың сырын ұғатын, кейінгі ұрпағына айтары бар ақсақал.

Ұлт тəрбиесі, ұрпақ қамы қырғыз ақындарының да зар-мұңға толы шығармаларының түп қазығы болған. Қырғыз бен қазақтың арғы-бергі тарихтағы бар тауқыметті бірге тартқандығы идеясы, мақсат мұраты, өлеңдік өлшемі жағынан бірбірінен көп айырмашылығы жоқ зар заман жырларынан айқын аңғарылады. Енді олардың ұрпақ тəрбиесі хақындағы өлеңдерінен мысал келтірейік:

Қалығұл Байұлы: Келинден келбет кетээр, Катындан уят кетээр. Уулдан урмат кетээр, Кыздан кылык кетээр, Атаның тилин уул албас,

Аганың тилин ини албас [8, 41]. Арыстанбек Бұйлашұлы: Бойго жеткен кыздардын Баштагыдай көркү жок,

Той азаят дечү эле. Кыз онбешке чыкканда, Энесине баш бербей, Боюн күүлөйт дечү эле.

Эмки азамат баарысын, Катын бийлейт дечү эле [9,54]. Молда Қылыш:

Қыз-келиндин жаманы,

Үй бүлдүргөн чычкандай [10,29].

Байыптап қарасақ, зар заманның сарынымен жырлаған қазақ ақындары да, қырғыз ақындары да отаршылдық қысымының ұлт тəрбиесіне əсерінен туындаған келеңсіздіктерді нысанаға алған. Олар осыған рухани наразылық танытып, күн ілгері дабыл қақты. Бүгінгі күнгі қырғыз бен қазақтың ұлт мəселесіне, ұрпақ тəрбиесіне қатысты түйткілдерді зар заман ақындары сол кездің өзінде-ақ тайға таңба басқандай етіп көрсетіп берді. Олардың шығармалары сонысымен де құнды. Тағы бір атап көрсететін жайт–жыр жүйріктерінің өздері наразы болған замандағы бозбала мен бойжеткеннің жөнсіз қылықтарын таяп келе жатқан ақыр-заманның белгісі деп білуі екі елдің əдебиетіне де тəн.

Қазақ халқының отаршылдық дəуірдегі қасіретін жеткізген зар заман жырлары арқылы поэзияда елдікті сақтау, бірлікке шақыру, салтдəстүрлерді ардақтау идеясы берік қалыптасты.

«Отаршылдық экспансия отарлаушылардан тек əскери күш қолдануды ғана емес, басып алған елін белгілі бір мөлшерде зерттеп-білуді де талап етті» [11,9], – деп Н.И.Конрад айтқандай, жаулық пиғылды танып, ұлттық мүддені қызғыштай қорыған бұл өлеңдердің мəн-мазмұны кейінгі дəуір ақындарының шығармаларында жаңаша жаңғырды.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.