Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М. Мағауиннің «əдепкі əңгімелер» циклі

Мақалада қазақ əдебиетінің классигі, қайраткер-жазушы М. Мағауиннің соңғы жылдары жарық көрген прозалық шығармалары тақырыптық, стильдік жəне көркемдік жағынан қарастырылады. Жазушының шығармашылық лабораториясына тарихи тұрғыда талдау жасай отырып, қазақ прозасының бүгінгі күнге дейінгі даму жолын, қоғамдық, əлеуметтік құбылыстардың əдеби үрдіске ықпалын, сондай-ақ қазіргі қазақ əңгімелерінің тақырып аясы мен көркемдік, стильдік ерекшеліктерін қарастырады. Қазақ əдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосқан М. Мағауиннің «əдепкі əңгімелер» цикліне енген шығармаларын тақырыптық жағынан талдау барысында, ауыл мəселесінің көтерілу маңызын ашуға талпыныс бар. Қазақ əдебиетіндегі «ауыл прозасының» көтерген жүгін, ұлт руханиятының кемелденуіндегі рөлін, автор тілінің ұлттық, көркемдік сипатын ғылыми тұжырыммен берген. Мақалада қаламгердің көркем ой қуатының жалпы əдеби үрдіске тигізген əсері дəйектелген. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап əдебиетке келіп, біразы бүгінгі қазақ əдебиетінің классигі дəрежесіне көтерілген бір шоғыр қаламгерлердің ішіндегі өзіндік стилі мен қалам қарымының қуатымен танылған жазушының бірі – Мұхтар Мағауин. Əдебиеттану ғылымының кемелденуіне, қазақ əдебиеті тарихын дəуірлеу ісіне де айтарлықтай үлес қосып, ғылыми тұжырымдарымен де танылған оның əдебиет айдынындағы үлкен есімі тарихи тақырыпқа жызылған («Аласапыран» романы), коммунистік қоғамның əлеуметтік мəселелерін көтерген («Көкмұнар» романы, «Қара қыз» повесі), ғасырлар тоғысындағы қазақ халқының күйін суреттеген («Шахан шері», «Сары қазақ» романдары) көлемді туындылары мен əр түрлі тақырыпта жазған əңгімелерімен танылды.

Қазақ əдебиеттану ғылымы кеңестік билік тұсында өз нысанасын негізінен саяси идеология өлшемімен қарады. Кез келген мұра таптық қалыпқа салынып, социалистік мұраттарға қатысы барлығы, əлде жоқтығы жағынан қарастырылды. Сол қоғамның эстетикалық бейнесінің өлшеміне айналған социалистік реализм қағидасы кез келген көркем туындының негізгі қалыбын қалыптастырды. Сол себепті де, қаламының желі бар, көркем ойлау қарымы өзгеден артық тұрған көптеген сөз зергерлері өз кезеңінің шындығын айтуға құрылған шығармалар жазудан қашқақтап, аз да болса шығармашылық еркіндікке мүмкіндік беретін тарихи тақырыптарға ойысты. Қазақ əдебиетіндегі, жалпы кеңес əдебиетіндегі бұл үрдіс əдебиеттің тақырыптық, көркемдік тұрғыда дамуына айтарлықтай əсер еткені де белгілі.

Тырнақалды туындыларымен ақ əдебиеттанушылар, сыншылар мен қалың оқырманды елең еткізген М.Мағауин де осы үрдістен ауытқып кете алмады. Қайта оның қаламынан туған тарихи тақырыптағы көркем дүниелер қазақ əдебиетінің жауһарлары қатарына қосылып, кейінгі əдебиеттің даму барысында бағдар болатындай деңгейге көтерілді.

Жалпы, М.Мағауиннің шығармашылығы туралы əр кезеңдерде əр түрлі мазмұндағы бағалар берген сыншы, зерттеушілер баршылық. Оның сыртында ол ең əділ сыншы – оқырманның оң бағасын алған бүгінгі қазақ əдебиетінің ақсақалы дəрежесіне жеткен дегдар мінезді жазушы. Сондықтан біз жазушының ілгерідегі шығармаларын қоя тұрып, ХХІ ғасырдың басынан бері жазған əңгімелерінің көркемдігі мен ондағы көтерілген тақырып аясына тоқталмақпыз.

Əдебиеттанушы ғалым А.Нұрқатовтың «Реализмнің тарихы көркем идеялардың, əралуан сюжет пен қилы-қилы характерлердің бұрқырай жаңғырып отыратындығын сипаттайтын мысалдарға кенде емес. Сонымен бірге бұл – көркемдік формалардың да жаңғырып, жаңадан жасалып отыруының тарихы. Бұл жалаң абстракция емес. Өйткені, ол əрбір ірі жазушының шығармашылығында жаңашылдық сипатқа ие болады» деген пікірі М.Мағауиннің шығармашылығына тікелей қатысты сияқты болып көрінеді. [1, 378-379].

«Əйгілі жазушы М.Мағауиннің тəуелсіздік жылдарда жазған жаңа тұрпаттағы шығармалары көркемдік əлемді игерудің тың арнасын қалыптастырып, ұлттық рухты сілкіндіретін өзгеше дүбірлі құбылысқа айналып отыр. Əлемдік əдебиетке түрік рухының тыныс-демін əкелген классик жазушының əсіресе соңғы кезде жазған кез келген шығармасы формалық тұрғыдан мүлде күрделі, əдіс-тəсілі тосын. Əйткенмен бұл туындылардың арғы қатпарында, терең діңінде халық мұрасының құнарлы да айшықты белгілері мол болғандықтан оқырманды тылсым табиғатымен қызықтырып баурап алады. Ең негізгі бір ерекшелік – бұл шығармалар ақиқатпен əдіптеліп, шындықпен суарылған. Сол себептен де ХХІ ғасырдағы деректілік пен нақпа-нақ ақпаратты талап ететін жаңа буын оқырманның сұранысына жауап беріп отыр» [3] дейді əдебиет зерттеушісі А.Тойшанұлы.

Жазушының екімыңыншы жылдардан бері баспа бетінен шыққан, əр түрлі мерзімді баспасөздерде жарық көрген ірілі-ұсақты жиырма шақты əңгімелері бар. Олардың тақырыбы мен көтерген мəселелері де əр алуан. Кеңестік империя ыдырап, əр ұлт өз қамын күйттеп кеткен өлара шақтағы қазақ қоғамы, бүгінгі жастар психологиясы, өткен өмір шындығы, сананы тұрмыс билеген замандағы адами құндылықтар өлшемі т.б. əдеби шығарманың тақырыбына жүк болатындай күрделі мəселелер М.Мағауин əңгімелерінің негізгі арқауы болып келеді.

Жалпы М.Мағауин шығармаларына тəн ерекшелік – шыншылдық. Қаламгер нені суреттессе де, қандай бейне сомдаса да əсіре ұраншылдыққа, жалғандыққа бармайды. Қайта ақиқат шындықтағы өмір тартысы мен тіршіліктің мəні көркем оймен жымдасып, кей тұстарда параллель дамып, бірін-бірі толықтырып отырады. Жазушының «Бір үзік сəуле», «Екеу»,

«Қылмыс», «Эльза жеңешем» жəне «Күмбез» т.б. сияқты «əдепкі əңгімелерінің» тақырыбы біз күнделікті көріп жүрген, немесе көзіқарақты жанды ойландырмай қоймайтын қоғамдық түйткіл мəселелерді қамтиды. Уақыт шындығын кестелі сөз, көркем бейнемен тап басып суреттей білген жазушының əдебиет тарихында өзіндік ерекшелігімен көрінген кең тынысты тарихи шығармалармен қатар күнделікті, əдепкі саналатын өмір құбылыстарын бейнелейтін осы бір қысқа əңгімелері бүгінгі прозаның көркемдік деңгейін көтеруге қосылған үлес екендігі сөзсіз. Бақай есеп пен бас пайданың қос тізгініне қос қолдап жабысқан қала «ақжағалысы» мен даланың дархан мінезді, табиғаты тарпаң кең қолтық қазағының контрастілі бейнесі, қазіргі жаһандану үрдісінің жемісі – нигилизм мен космополитизмнің асық үлгісі ұлт «сілімтіктерінің» (подоноктардың) жиіркенішті бейнесі де жазушы əңгімелерінде нанымды суреттеледі.

Қалтасы тоқ, қолы ұзындардың өз ата-бабаларының батыр, би, көсем болғандығын дəлел-деп, оған ел-елде ауыл, көше аттарын алып беру үшін қызыл кеңірдек таласқа түскен «ұлы науқанды» уытты да өткір тілмен, теріңді тіліп, сүйегіңе дейін осып өтер əжуə-мысқылмен суреттеген қаламгер «...Бұл Сылан молдамыз арыда қызыл белсенді болған. Қаншама жұртты қан қақсатқан. Содан соң Іңкібіді, Імгібінің есігін күзеткен. Сыртынан көрсетіп, жала жауып ұстатып, талай боздақтың сорын қайнатқан. Одан соң колхозда біргəді. Совхозда қара жұмысшы. Алайда, мілиса аты қалмапты. Енді міне, зейнетке шыққан соң, ең бастысы, тəуелсіздікке қол жеткен соң молда болып алыпты. Əрі өткендегі күнəсі жуылады, əрі күнделікті тіршілігіне талғажау табады. Жай ғана молда емес, ауылдың құрметті ақсақалы» [2, 272-273] деп кешегі атеист коммунистердің бүгінгі пірəдар сопыға айналу процесін халық трагедиясымен, ұлттың қасіретті тарихымен астарлатып береді.

М.Мағауин шындықты, құбылысты, олардың ішкі мəнін мейлінші жіті көре білген, ерекше нəзік талғаммен сезіне білген, əрі оны жеткізіп суреттей алған жазушы. Ел мен жер, отан тарихын қайта жазу, өмір шындығы мен тарихи оқиғалардан ауытқымай тек ақиқатқа жүгіне жазу науқаны кезіндегі қарадай əсіреқызылдық пен жалған атақ-даңққа ұмтылудың келеңсіз көріністері мен өзімшіл, аяр, шолақ ойлы пенделердің оспадар тірліктерін жазушы « ...Осындай да сұмдық болады екен. Болады. Болып жатыр. Төбесі бір ауыл көлемінде ғана көрініп тұрған күмбузіңіз не, атырап, аймақ, бүкіл елге əйгі көк кесене, ақ сарайлар салынып жатыр. Болмаған аталардың жасамаған ұлы істеріне айғақ ретінде. Тілсіз, дымсыз құрылысыңыз тұрыпты, том-том кітаптар жазылып қойды. Болмаған батырлардың басқа бір бабалар жасаған ерлігіне иелік туралы. Ақ селеуді алып еменге, қара қойшыны қайтпас қаһарманға айналдырған. Ауыл, аудан, аймақ емес, ел көлемінде тойланып жатқаны бар. Алды мектеп оқулықтарына еніп те кетті. Ресми тарихқа тіркелді» деп, қатты ашу, ащы ызамен жаза келіп, «Біздікі сол, жарты аяқ қара көженің буынан өрбіген кенеусіз көп өтіріктің кішкентай ғана бір тармағы» [2, 274] деп, «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» айтпасқа болмайтын дүниені айтпай тұра аламайтын мінезін танытады. Ал оның көркем тілдің стихиясын, сөз сырын сезінуі тіпті айрықша күшті. «Эльза жеңешем» əңгімесіндегі соғыстан аман келгенмен, бейбіт өмірдегі жазалаушы органдардың зорлығына шыдамай өзіне өзі қол салған кейіпкердің жалғыз ағаш бұтағына асылып тұрған аянышты өлімін «...Күп болып іскен, екі көзін, бет-аузын қарға шоқып тастаған екен дейді. Бірақ еш жері ауырмаса керек. Ауырғанын сезбесе керек» деп суреттей келе, «Бар азаптан құтылды!» деді үлкен ағам. «Жігіт-ақ екен!» деді Кенже ағам». «Иманы жолдас болсын!» деді атам» [2, 250] деп кейіпкерлердің репликалары арқылы олардың ұлттық сөйлеу ерекшеліктері мен мінез-өзгешеліктерін, заман аужайына, уақыт шындығына қарай адам өлімінің өзінен адамдық қасиет іздеген дала мінезінің сабырлылығын көрсетеді.

М.Мағауин шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесінің басты ерекшелігі сол, жазушы өзі сомдаған əр бейненің бойына ешкімге ұқсамайтын даралық қасиеттерді сыйғыза білген. Мейлі ол қоғамның бір мүшесі ғалым, студент, малшы болсын, мейлі шығарма кейіпкеріне айналған «өзі» болсын жоғарыда айтылған даралық қасиеттерімен ерекшеленеді. М.Мағауиннің кейіпкерлер галереясы шындық өмірдің қайнаған ортасынан шыққан өз заманының нақты адамдары бейнелерінен тұрады. Сол кейіпкерлер қатарын қарап отырсаңыз көңілі күдікті кемелді («Қылмыстағы» Алпамыс), көкейі күңгірт құмбылды («Екеудегі» жаңа қазақ), бар айласы бас пайдасынан аспайтын нəмартты «Күмбездегі» Білгір Бекен), надандығы нар жығатын көркеуде («Подоноктағы» Сілімтік) мен жақыны үшін жанын берген жанкештіні де көрер едіңіз.

Көркем бейне жасаудағы жазушының тағы бір ерекшелігі оның түрлі көркемдік əдістерді қолдана білуінде. Мысалы, «Күмбез» əңгімесіндегі Білгір Бекеннің бейнесі бірде оның өз қимыл-əрекеті, сөйлеген сөзі, ойы арқылы беріліп отырса, бірде авторлық баяндау, енді бірде ауылдас-туыстың ішкі монологі, сөйлеген сөзі, Бекенге деген көзқарасы арқылы, енді бірде оның ата-бабасы туралы ел аузындағы аңыз ретінде беріледі.

М.Мағауиннің əдеби-эстетикалық көзқарасы да жүйелі. Бұл əрине бүгінгі күннің жаңалығы емес. Десе де əдеби əлемнің еңселі қақпасынан сыналай еніп келе жатқан қазіргі жас оқырман үшін Мағауин əлемінің, оның көркем де шұрайлы тілінің, күрделі де ұғынықты ой орамдарының, көзі ашық, көкірегі ояуға тұтас панорамалық көрініс болып көрінетін шебер суреттеулерінің бөтен бір тылсым ғаламнан келген құбылыстай көрінуі мүмкін. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.