Ұстаздардың ақпараттық-логикалық құзыреттілігін арттырудың кейбір жолдары

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, əлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мəселелерін шешуші кəсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Еліміздің Білім жəне Ғылым министрлігінің ұсынған «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогының үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Жоғары кəсіби-педагогикалық құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кəсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мəдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кəсіби даярланған болуы тиіс.

Бүгінгі таңдағы мұғалімнің кəсіби-педагогикалық құзыреттілігі оқу үдерісі барысында кəсіби шеберліктерін мақсатты жетілдірумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке тікелей қатысуымен астарласуы тиіс. Ол мұғалімнің жалпы мəдени, əдіснамалық, психологиялық- педагогикалық, пəндік блоктарды өмір талабына сəйкес арттырып отыруын қамтамасыз етеді.

Бірқатар зерттеушілер мұғалімнің кəсіби-педагогикалық құзыреттілігін зерттей отырып, оның құрамына əдістемелік құзыреттілікті де жатқызады. Олар əдістемелік құзыреттіліктің барлық пəн мұғалімдері үшін ортақ қасиеттері болып табылатын компоненттерін нақтылайды. Ал біздіңше мұғалімнің ақпараттық-логикалық құзыреттілігі кəсіби-педагогикалық құзыреттілік, əдістемелік құзыреттілік ұғымдарының анықтамасы мен құрылымына қайшы келмейтінді жəне ақпараттық- логикалық құзыреттілік жалпы кəсіби құзыреттіліктің негізгі құраушысы болып табылатындығын атап көрсетеміз [1,2].

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында соңғы жылдары кəсіби-педагогикалық, əдістемелік жəне ақпараттық-логикалық құзыреттіліктің жаңа компоненттері анықталып, толықтырылуда. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің кəсіби ақпараттық-логикалық құзыреттілігін арттыруға бірден-бір себеп болады. Ақпаратты-логикалық құзыреттілік ұғымына арналған басты бағыттар дидактикалық нəтижеге жеткізетін мұғалімнің тұлғалық кəсіби шеберлігі, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық, жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, өз пəнін оқытуға теориялық, практикалық жəне əдістемелік дайындықтарының үйлесімділігі деп анықтауға болады. Ал ақпараттық логикалық құзыреттіліктің компоненттеріне тұлғалық, іс-əрекеттік, танымдық, аналитикалық-синтетикалық болжау, жүйелік-іс-əрекеттік ыңғай, жобалау, модельдеу, бағдарламалау қабілеттерін жатқызуға болады.

Мұғалімнің ақпараттық-логикалық құзыреттілігін кəсіби дайындық тұрғысынан арттыру жөнінде зерттеулердің тапшылығы жоғары оқу орындарында информатика мұғалімінің кəсіби дайындығының мақсатын, педагогикалық алғы шарттарын, əдістерін, құралдарын, оқыту технологияларын, əдістемелерін айқындай түсіп, мұғалімнің кəсіби ақпараттық-логикалық құзыреттілігі дидактикалық тұрғыда нəтижелі болатын тұлғалық кəсіпкерлігінен, практикалық іскерлігінен жəне өз пəнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану шеберлігінен құрылатындығын анықтайды.

Бүгінгі қоғам үшін информатиканың, кибернетиканың, синергетиканың, экологияның, микроэлектрониканың жəне т.б. жаңа ғылымдардың рөлі мен мəні туралы түсініктерді дамыту – қазіргі кезең – ғылыми-техникалық төңкерістер кезеңіне тəн ерекшеліктердің бірі.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары басталған бұл даму осы ғылымдардың қалыптасуына жəне адамзат əрекетінің көптеген салаларына, яғни өндірістік кəсіпорынға, ғылыми зерттеулерге, білім беруге, əлеуметтік мəселелерге жəне т.б. əсер етті. Бұл жүйелерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, жүйелілік жəне басқару сияқты факторларды ескеру қажеттігіне алып келді.

Қоғамды дамытудың қазіргі заманауи кезеңі үшін келесі факторлар мен міндеттер тəн [3,4]:

  • адамзат іс-əрекетінің əртүрлі салаларынан шешім қабылдауды жеңілдету, олардың мəн- мағынасын оңтайландыру үдерістерін компьютерлендіру;
  • табиғат пен қоғамның даму үдерісіндегі ақпарт рөлінің арта түсуі, оны алу (таңдау), жинақтау, өңдеу жəне мақсатты түрде қолдану құралдарын жетілдіру қажетілігі;
  • болып жатқан үдерістердің мəн-мағынасының сипаттамасы ретіндегі ақпарат пен энтропияның өспелі рөлі;
  • неғұрлым жетілген ақпараттық технологияларды жасау, таза ақпараттықтан компьютерлі интеграцияланған өндіріске өту, ары қарай ақпараттық қорды жетілдіру;
  • ақпараттық үдерістерді интенсификациялауға ұмтылу: хабарларды тасымалдау жылдамдығын арттыру, ұсынылатын ақпараттың көлемін арттыру, ақпаратты өңдеуді жəне оны ендіруді жеделдету, кері байланыстарды, ақпаратты көрнекі бейнелеуді неғұрлым толық түрде қолдану, басқарушылық еңбекті техникалық жабдықтауды арттыру;
  • адамзат потенциалын неғұрлым тиімді қолдануға ұмтылу, сəйкесінше материалдық жағдайларды, ұнамды психологиялық климат жасау;
  • ЭЕМ-нің бірқатар есептеу, бақылау жəне басқарушының қызметтерін тасымалдау жолымен адамның ақыл-ой іс-əрекетінің мүмкіндіктерін көбейте түсу;
  • ақпараттық технологияларды жетілдіру, компьютерлік интеграцияланған өндіріс жасау;
  • ақпараттық тілдердің қалыптасу тарихын ескере отырып, оларды жетілдіру: сөйлеу тілі, жазба " ғылыми тіл (құрылымдау мен формальдауға ұмтылу) "метатіл (табиғат пен қоғамның неғұрлым жалпы заңдылықтарын қолдану);
  • басқару факторын жетілдіру жолымен, оның мəнін күшейту;
  • даму үдерісінде өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру жəне жүйелік ыңғайдың рөлін арттыру; жүйе параметрлерінің нормадан ауытқу мəнін есептеу;
  • басқару үдерістеріне, шешім қабылдау үдерістерінің тиімділігіне көңіл бөлуді күшейту.

Барлық қарастырылған үдерістерді, ұғымдарды, факторларды олардың тұрақты өзгеру жағдайында, философиялық көзқарас тұрғысында ой елегінен өткізу; оларды бір жүйеге біріктіру - өте күрделі мəселе.

Академик Р.Ф.Абдеевтің «Ақпараттық өркениеттің философиясы» деген танымал монографиясы осы бағытқа арналған. Ол ұсынған қоршаған орта – сызықты емес заңдылықпен өмір сүретін, өзін-өзі ұйымдастыратын ауқымды жүйе [3, 13б]. Біздің зерттеу жұмысымыз бойынша Р.Ф.Абдеев ұсынған «ақпараттық құрылымдарды ұйымдастыру үдерісінің ойша моделі» жəне оны ЭЕМ буындарының дамуы мысалында интерпретациялау үлкен қызығушылық тудырды.

Модельді жасау екі алғышартқа сүйенеді: жүйелілік, жинақылық жəне өзіндік ұсыну, оларды қазір таным шындығының барлық деңгейлерінде дамытылады, бұл даму құбылысын толығымен екі қарама-қарсы бағыттың – ұйымдастыру мен дезорганизацияның күресі ретінде қарастыру мүмкіндігін береді. Ең жоғары энтропиядан басталатын даму үдерісі, жалпы түрде құрылымдық ақпаратты жинақтау үдерісі ретінде сипатталуы мүмкін. Ұсынылған модель координаталар жүйесінде «қысыңқы спираль» түрінде болады, яғни, ойша үш өлшемді кеңістікте энтропия ақпараттың жинақталуы барысында перифериядан орталыққа қарай ығысады (модельдің осіне қарай) бұл мезгілде берілген объектіні ұйымдастыру деңгейі оны дамыту үдерісінде сəйкесінше өсетіндігін білдіреді.

Осылайша бұл ақпараттық құрылымның өзін ұйымдастыру үдерісі келесі кезеңдермен анықталады:

  • екілік санау мен электрленуге өту (бастапқы секіру, электромагниттік реледен электромагниттік лампаларға төңкеріс арқылы өту) – ЭЕМ-нің І буыны;
  • ЭЕМ-нің І буынынан ІІ буынына жəне ІІ буынынан ІІІ буынына өтеді, осындай төңкеріс сипатында болды жəне «ескі элементтерден (электронды лампа – жартылай өткізгіш – интегралды схема) əрекет ету жылдамдығы 1-2 рет жоғары болатын жаңалардың пайдасы үшін бас тарту керек болды»;
  • ЭЕМ-нің ІІІ буынынан ІV буынға жəне V буындарына өту кезінде элементтік база (интегралдық схема): «ИС – ОИС (орта интегралдық схема) – ҮИС (үлкен интегралды схема) – ӨТИС (өте үлкен интегралды схема)» жетілдірілді. Дамудың бұл кезеңі эволюциялық үдеріс ретінде сипатталады, яғни ол барлық бөліктерді сақтау барысында жекелеген бөліктерді жаңартуды іске асырады, жаңа жетістіктердің пайда болуына байланысты оларды жедел жəне экономиялық түрде ендіреді;
  • есептеу техникасын ары қарай дамыту сапалық басқа қағидаларды талап етеді. Өте үлкен көлемдегі ақпараттарды заманауи ЭЕМ-нің көмегімен өңдеу барысында пайда болатын қиыншылықтар мен техникалық прогрестің объективті қажеттіліктері қарастырылып отырған сала бойынша жаңа революциялық төңкерісті даярлауда (оптикалық ЕМ, биокомпьютерлер жəне т.б.)

Осы айтылғандарға байланысты мұғалімнің ақпараттық-логикалық құзыреттілігін арттыруды бағдарламалық қамтамасыз етуді, құралдарды жобалауға, жасауға, қолдануға, байланысты ақпараттық технологиялардың құралдарын өзіндік ұйымдастыру үдерісін, олардың техникалық құралдарға тікелей қатынасын ескере отырып, баламалы модельмен сипатталатындығын болжауға болады [5, 6, 7]. Мұндай модельді құру үшін АТ құралдарын дамыту үдерісіне əсер ететін басқа да құраушыларды: олар негізделген формальды аппараттардың даму деңгейін; бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейін; АТ құралдарын адамзат іс-əрекетінің түрлі салаларында қолдану арқылы жəне т.б. ескеру керек.

Сондықтан мұғалімнің ғылыми дүниетанымда жаңа технологиялардың орны ерекше, себебі ол заманауи ақпараттық технологияларды қоғамның барлық саласында жəне ғылыми-техникалық зерттеулерде кеңінен қолданылуынан келіп туындайды. Ғылыми-техникалық революциямен бірге өмірге келген ақпараттанудың ғылыми салалары, ақпараттық технологиялардың дамуындағы ішкі заңдылықтары мен логикасын, оны өндіргіш күшке айналу үдерісін арттыра түсті.

Қорыта айтқанда оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданып оқыту арқылы дүниенің тұтастығын түсінеміз, жалпы интеллектің артуына ықпал жасаймыз. Ал біздіңше жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кəсіби дайындау үдерісінде жəне мұғалімнің өз іс- тəжірибесінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде қолдануы оқу пəндерінің сапасының артуына алып келеді жəне осыған байланысты оқытудың жаңа формалары мен тəсілдерін қарастырудың өзектілігі артады.

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кенжебеков Б.Т. Жоғары педагогикалық оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кəсіби құзырлылығын қалыптастыру. Пед.ғыл.докторы диссер. –Қарағанды, 2005.- 267 б.
  2. Қасқатаева Б.Р. Болашақ математика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығын қалыптастыру. –Алматы, 2009. -345 б.
  3. Абдеев Р.Ф. Философия информационной цивилизации. –М., 1994. -336с.
  4. Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. –М., 1991. -280 с.
  5. Буланова-Топоркова М.В. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов н/Д:Феникс, 2002. -544с.
  6. Педагогика профессионального образования. Под редакцией В.А. Сластенина. М.:ACADEMA, 2004. - 368 с.
  7. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Учеб.пособиедля студ.пед.вузов и системы повыш. пед. кадров. – М.: Издательский центр “Академия”, 2001-272 б.

 

Жыл: 2011
Қала: Алматы