Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану мамандарын кəсіби аниматорлық іс-əрекетке дайындау жолдары

Кіріспе

 «Өзін-өзі тану» пəні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тəрбиелей аламыз. Өзін-өзі тану пəні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, əрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді.

«Жақсы адамды кездестірсең, одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез құлықтағы адамды кездестірсең өзіңді-өзің зертте», – деген Конфуций. «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» Сократ (б.ғ.д. 469-399 жылдар) деген болатын. «Рухани кəусар бұлаққа барар жолды іздеу – əр адамның міндеттерінің міндеті», – деген С. Алпысқызы.

С. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының  алға   қойған   мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тəуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде жəне қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім  қабылдай  алуына  жəне өз сөзі мен əрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тəрбиелейді. «Өзін-өзі тану» пəнін оқытудың негізгі шарттары:

  • Мектепте сүйіспеншілік, сенім, шабытты шығармашылық, өзіңді-өзің зерттеу, өзіңді түйсікпен ұғынуды дамыту атмосферасын құру үшін жағдай жасау;
  • Рухани-адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісімен ықпалдастыру;
  • Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек қана позитивті жəне ізгі əдістерді қолдану қажеттілігі.

Бағдарламаны жүзеге асыру қағидаты:

  • Гуманистік бағыттағы қағидаттар;
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидаты;
  • Əлеуметтік ынтымақтастық қағидаты;
  • Ұлттық рухани мұра қағидаттары;
  • Табиғи жас ерекшеліктеріне сай қағидаттардан тұрады.

Өзін-өзі  тану  пəнінде  жалпы  адамзаттық құндылықтар ақиқат, дұрыс əрекет тəрбиесі, ішкі тыныштық, ұстаз ұлағаты, қиянат  жасамау сүйіспеншілік деп бөлінеді. Осы орайда əлеуметтік педагог жəне өзін-өзі тану мамандардың қызметінде анимациялық іс-əрекеттерді білудің маңызы ерекше. Олар «Педагогикалық анимация» курсынан анимациялық бағдарламалар құрастыру, мəдени дем алу жұмысын ұйымдастыру, ақпараттар жинау жəне оны құрастыру, іс-шара жоспарын құрастыру мəселелеріне байланысты білім ала отырып, тəжірибелік жұмыстар арқылы  оны іске асырады.

Анимациялық іс-əрекет негізінде болашақ мамандардың коммуникативті, ұйымдастырушылық, рефлексивті мəдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

 Кəсіби аниматорлық іс-əрекетке дайындау жолдары

 Жоғары оқу орнындағы оқу-тəрбие процесін жетілдіру мен мамандарды дайындау сапасын жақсартуда əдістемелік жұмыстың маңызды екенін ескеру қажет. Міне, осы мақсаттарды орындау үшін мынадай міндеттер көзделіп отыр: біріншіден, нарықтық экономика жағдайына қарай ғылыми-техникалық үрдіс талаптарына сай мамандар дайындаудың қолайлы мазмұнын  анықтау,  екіншіден,  ең  тиімді  əдістер  мен құралдарды жасауды қайта қарастыру, үшіншіден, оқу-тəрбие үдерісінің ғылыми дəлелденген материалдық техникалық базасын жасау жəне құру, төртіншіден, оқу барысында студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру жəне оларға берілетін ақпаратты берік игеруін қамтамасыз ету – басты міндетіміз.

Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекет - өзіне операционалды жəне жеке аспектілерді қосатын көп қызметті құбылыс. Болашақ маманды айтылған кəсіби іс-əрекетке дайындығын қалыптастыруда, сол іс-əрекетті жəне оның жүзеге асуына талаптар мен сипатталатын өзіндік ерекшеліктері бар.

«Анимация»  термині  принципиалды мəнде «Animation» француз тілінен аударғанда: жандылық, жандану, тірілту, бос уақытты ұйымдастырушы кəсіп  деген  мағынаны   білдірсе, латын тілінде «anima» анимация түбірінің бірнеше жеке мағыналары бар.  Латын  тілінде ол мынадай мағыналарды білдіреді: өмірлік бастау, өмір, саналы бастау, рух. Осыларға байланысты келесі түсініктерді қарастыруымызға болады, яғни «anima» (жен) жəне «animus» (муж): тілек, ұмтылу, ерік «жан құштарлығы», көңіл-күй «жан қалайды», батырлық ерлік «рухпен қабылданады», рахаттану, лəззат алу, көңіл көтеру «жан қуалағанның бəрі». Сонымен анимацияның түбірі «anima» тірілту, жандандыру, «аnimator» сөзбе-сөз аударғанда өмір беруші, мінезді тəрбиелеуші деген мағынаны білдіреді, ал француз тілінен «Animateur» терминін сөзбесөз аударғанда дем беруші, басқарушы, бос уақытты ұйымдастырушы, жол көрсетуші деген мағынаны білдіреді. Ұғымның қызықты жағы маманның жұмысының өзгешелігін көрсетуінде: аниматор қызықты жəне əлеуметтік пайдалы ісəрекеттерді ұйымдастыруға жағдай жасап, адамдарды іс-əрекетке қызықтыруға жəне онымен айналыстыруға тырысу деп қарастырылады.

Анимациялық бағдарлама – бұл көңілді қойылым. Ол мəдени-демалыстық қызмет көрсету саласымен тікелей байланысты. Туризм, қоғамдықтамақтанунемесеспорттық-сауықтыру салаларындағы қызмет. Егер əлеуметтік педагогты аниматор ретінде қарастырсақ. Аниматор (актер) – сан қилы іс-шараларда əртүрлі кейіпкерлерді көрсететін əртіс болып табылады. Анимациялық топтың (ағыл. animation team) құрамына кіреді. Қонақтарды қарсы алу мен олардың көңіл-күйін көтеру қызметін атқарады. Аниматордың негізгі функциясы – болып жатқан оқиғаларға үнемі көңілді аудару.

Аниматорлардың негізгі кейіпкерлері болып, клоундар, деректі жəне мультипликационды фильмдердің кейіпкерлері, пираттар мен қарақшылар жəне т.б. болады. Ал əлеуметтік педагогика жұмысындағы кейіпкерлер девиантты мінез-құлықты балалар, қиын өмірлік жағдайларға душар болған балалар, қарттар, мүгедектер жəне т.б. деп қарастырамыз. Кең мағынада аниматор –  кеңес  дəуірінен  бері  келе жатқан «массовик-затейник» қызметінің қазіргі кездегі атауы болып табылады. Қазіргі кезде аниматордың қызметі – жаңа технологияларды қолдана отырып, тəрбиелік ісшараларды ұйымдастыру. Əлеуметтік педагогтің анимациялық əлеуеті болып коррекциялық жұмыстарды жүргізе алуы, девиантты мінезқұлықты балалармен əлеуметтік  педагогикалық технологиларды пайдалана алуы, əлеуметтік педагогикалық үйелерді басқаруы, тренингтер,  педагогикалық-психологиялық   диагностика жүргізуі болып табылады. Əлеуметтік педагог аниматор ретінде көмек көрсету акцияларды, кештерді, іс-шараларды ұйымдастырады. Аниматорлар кез келген мерекені ұйымдастырушылармен  бірігіп,  ойластырып,  көптеген конкурстар мен қызықты заттарды ойлап табады. Іс-шаралар барысында аниматорлар келген қонақтарға көңілді, қызықты болуды қадағалап жүреді, ешкімнің де ұмытылып не шетте қалып қоюын болдырмайды. Осығай байланысты, аниматор жақсы психолог та болғаны абзал, сонда ғана ол əр адамға өзіндік тіл табысу тəсілін таба алады. Сонда барлық конкурстар, эстафеталар мен қызықты байқаулар тек бақытқа бөлейді [1]. В.Г. Бочеровтың анықтамасында «анимация» ұғымы – бос уақытта шығармашылық ізденіс ісəрекетін ұйымдастырумен байланысты кəсіби іс-əрекет деп түсіндірілген. Ал А.И. Лучанкин мен А.А.Сняцкий «аниматор» атауын: балалармен, жеткіншектермен, жастармен мəдени тəрбиелеу құралдарымен шеберлікпен қарымқатынаста болатын, педагогикалық бос уақытты ұйымдастырудың технологиясын меңгерген маман деп түсіндіреді.

Кəсіби педагогикалық аниматорлық ісəрекеттің мəнін анықталған типтегі, өзара əрекеттесудегі шынайы əрекеттен көруге болады. А.В.Мудрик анықтағанындай өзара əрекеттесу қарым-қатынасты қажет етеді. Бос уақыттағы өзара əрекеттесу ерікті жəне таңдаулы болады. Кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекетіне мəніне берілген көптеген анықтамаларды талдай келе оған төмендегідей анықтаманы беруге болады.

Кəсіби педагогикалық аниматорлық ісəрекеттің мəні: бос уақыт саласында əр түрдегі жəне формадағы педагогпен тəрбиеленушінің арасындағы өзара əрекеттесуінің, көпшекті жəне көпбағдарламалы іс-əрекетінің жинақталуы. Осының көмегімен: релоксациалық-қалпына келтіруші, мəдени білім беруші жəне мəдени шығармашылық қасиеттерімен, тұлғаның белсенділігіне жағдай жасауға бағыттайтын аниматордың іс-əрекетінен көруімізге болады [2].

Берілген  анықтамаларды  жүйелей,  кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекеті тəрбиеленуші тұлғаның үйлесімді жəне жан-жақты дамуына бағытталады деген тоқтамға келдік. Осыдан шыға оның негізгі мəселелеріне мыналарды жатқызамыз: жеткіншектердің өзіндік іс-əрекеттерінің дамуына мотивацияның қалыптасуы: жастардың қызығушылықтарына байланысты топтарды ұйымдастыру жəне жастардың өзара əрекеттерін шығармашылық қатынаста ұстау, ортақ мерекелік кештерді ұйымдастыру.

Педагогикалық іс-əрекет барысында  теория мен тəжірибе ұштастырылады. Оны тəрбие теориясы→технология→техника→оқытушы тұлғасы деп қарастырамыз.

Анимация – əлеуметтік ортада мəдени ісшараларды екі не одан да көп мамандардың белгілі бір уақыт ішінде ауысып өз іс-əрекеттерін жылдам əрі нəтижелі ұйымдастыруы.

«Əлеуметтік мəдени анимация»  термині  бос уақыт саласында алғаш рет ХХ ғасырдың 50-жылдары      француз      əлеуметтанушысы Ж. Дюмазадьенің «қоғамның мəдени даму досугі» атты контекстік теориясында қолданылды.   Ұйымдастырылған   досуг   саласында  лидер  феноменіне  қатысты    Ж. Дюмазадье «əлеуметтік мəдени лидер» ұғымын қолданды, ал кейінірек оны «əлеуметтік мəдени анимация» термині етіп ауыстырды. Содан соң бұл термин ғылыми-практикалық лекцияларда «бос уақытты ұйымдастырушы кəсіп» деген атпен қатаң аталып кетті.

Көрсетілген кəсіптің өзгешелігі белгілі топтағы адамдарға (маманның басқару жəне ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты) ресми жəне бейресми ықпал ете білуі болып есептеледі. Ресми ықпал ете білу маманның басқару жəне ұйымдастырушы мүмкіндігіне байланысты, ал ресми емес ықпал ете білуі маманның жеке қабілеттерінде  анықталады. Бос уақыт саласында тиімді кəсіби іс-əрекетті ұйымдастыру маманның беделіне де  байланысты. Əлеуметтік психологияда «бедел» ұғымына: адамның қабілетін көрсетіп, еріксіз əрекетке əкелмейтін, адамға ықпал етудің ерекше түрі деп түсіндіріледі.

Кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекетінің құрылымында, педагогикалық іс-əрекеттегі қызметтің ортақ түрлерін сол сияқты тек өзіне қатысты қасиеттерінің өзгешеліктерінен көрсетуге болады.

Сөйтіп, кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекетте құрастырушы-моделдеуші шекте жобалау, талдау, болжаушылық қызметтерді бөліп көрсетуге болады. Бұл қызметтер кез келген басқару іс-əрекетінде көрінетін мақсатты пайымдау, болжаушылық, жоспар жасау, шешімді өңдеу жəне таңдау əрекеттерімен байланысты. Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекетіндегі аталған қызметтер бос уақыттағы өзара əрекетті ұйымдастыруға бағытталады.

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні дамыған өркениетті  елдерге  бара  қалсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мəселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Өйткені  олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нəрседен қағылатындықтарын жақсы біледі. Адамның өмірінің басты мақсаты – ол мəдениет принциптеріне сүйене отырып, өзінің бойындағы дарынды-қасиетті дəйекті де тұғырлы етіп тəрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мəдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дəйектілігін, мəнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады.

Бос уақытты ұйымдастыру жұмысының мазмұнын, ұстанымдарын, мақсатын кесте түрінде  көрсетіңіз.

 Кесте – Бос уақытты ұйымдастыру жұмысының мазмұнын, ұстанымдарын, мақсатын

Сөйтіп, педагогикалық аниматорлық ісəрекеттің мотивациялық компоненті өзіне: балаларға жəне басқа адамдарға эмоционалдық құнды қатынастарды (тұлғаның гуманистік бағыты) өзіндік кəсіби сапалардың дамуына жəне мамандығына жағымды қатынаста болуды (кəсіби педагогикалық бағыт) педагогикалық аниматорлық іс-əрекетінің пəніне жағымды қатынасты (көркем шығармашылық бағыт) қосады.

Жоғарыда   қарастырылған  феномендердің мəнін ашып, болашақ мамандардың педагогикалық аниматорлық іс-əрекетке дайындығын: бос уақыт саласында əлеуметтік тəрбиенің ерекшелігін білуде, толығымен тəрбиелеу процесінің мəнін білуде, педагогикалық ұйымдастырылған бос уақыт саласындағы өзара əрекеттердің технологиялық ерекшеліктерін, мəнін, құрылымын білуде, кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекеттің əртүрлі технологиясының мəнін білуде деп көрсетуге болады.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Философия и  педагогика  каникул / под ред. Крыловой Н.Б. – М.: Творческая педагогика, 1997. – 202 б.
  2. Харькин В.Н. Педагогическая импровизация. – М.,
  3. Черный Г.П. Педагогическая  технология  массового  праздника. – М.: Изд-во Ин-та  молодежи, 1990. – 240 б.
  4. Жарков А.Д. Технология культурно-досуговой деятельности: учебное пособие. – М.,
  5. Ярошенко Н.Н. Педагогические парадигмы социально-культурной деятельности: учебное пособие. – М.,
  6. Ярошенко Н.Н. Социально-культурная анимация. – М.,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.