Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Визуалды әлеуметтанудың әлеуметтану ғылымының саласы ретінде қалыптасуы

Визуалды әлеуметтану фотосуреттерді және т.б. көзге дәл көрінетін объектілерді қоғам мен мәдениетке талдау жасайтын құрал. Қазіргі кезеңде визуалды әлеуметтану әдіс ретінде әлеуметтанудың сапалы әдістерінің қатарына кіреді. Шетелдік кітаптар, монографиялар мен мақалаларда визуалды әлеуметтанудың деректі базасына фотосуреттерді, видеофильмдер, суреттер, сызбалар мен графиктерді жатқызады.

Алғаш рет визуалды материалдарды антропологияда пайдалану XX ғасырдың 40-жылдары қолданылған болатын. Ол антропологияның зерттеу объектісінің өркениеттен шалғай жерлерде тұратын ұлыстар мен халықтардың мәдениеті болуымен түсіндіріледі. Ұлттардың рухани немесе материалдық мәдениетін зерттеуде ешқандай мәтіндік құжаттар болмағандықтан бірқатар қиындықтар туындап, зерттеушілер мәселені талдау кезінде  видео  түсірілімдер  мен фотосуреттерді қолданған. Материалды мәдениетті зерттеуде бұл әдісті Г. Бэйтсон мен М. Мид пайдаланған. Әлеуметтануда визуалды әлеуметтануға деген қызығушылық постструктурализм мен семиотика шеңберінде П. Бурдье, М. Фуко, Р. Барта және т.б. еңбектерінде пайда болды.

Ең алдымен әлеуметтанушылар әртүрлі тарихи оқиғалардың фотосуреттеріне, сонымен қатар фотосуреттер мен биліктің өзара қарымқатынасына, визуалды қайта таныстыруларда түрлі идеологиялар мен бақылау стратегияларының бейнесіне назар аударды. П. Бурдье бойынша   фотосурет, ең алдымен, әлеуметтік рөл мен стратификациялық айырмашылықтарды көрсетеді, ал барлық жеке ерекшеліктер маңызды емес болып қалады. Р. Барт семиотикалық ыңғайдың негізін салып, фотосуреттерде көрініс тапқан айырмашылықтарға талдау жасады [1].

Визуалды әлеуметтанудың дамуына үлкен үлес қосқандардың бірі – П. Штомпка [2]. Ол визуалды әлеуметтануға терең талдау жасап, пән саласын нақты анықтаған болатын. Визуалды елестету саласында, яғни арнайы жасалынған суреттерде (мысалы, өнер саласында, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдарында) ғана емес, жалпы қоғамдық өмірде көрініс табатын оның визуалды көріністері де жатады.

Визуалды түсініктер мен визуалды көріністер қоғамның визуалды жиынтығын, басқаша айтқанда, «қоғамдық бейнесін» құрайды. Осының өзі визуалды әлеуметтанудың  пәні  болып табылады. Зерттеу пәні болып тек суретке түсірілгендер ғана емес (фотографиялық бейне немесе визуалды сұлбалар), суретке түсіруге болатын заттар да табылуы мүмкін (қоғамдық өмірдің іштей қабылданатын аспектілері, яғни фотоаппараттың объективіне түсіріп алуға болатын   қоғамның   визуалды   көріністері).   П. Штомпка визуалды әлеуметтанудың жеке таным объектісі ғана емес, одан да көп затты, атап айтқанда, қоғамдық өмірді тану құралы болып табылатын фотографиялық бейнеге аса үлкен назар аударады.

Визуалды ақпаратты қолдана отырып, әлеуметтанушы әлеуметтанулық қиялдың көмегімен қоршаған әлеуметтік әлемнің құбылыстары мен процестерінің мәніне терең енуі мүмкін. Мұндай жағдайда өмірдің бұл көріністеріне талдау жасау мен оның социумға әсері әлеуметтанушыларға әдеттегі әдістердің шегінен шығуға, ең бастысы, әлеуметтік шынайылықты тану мүмкіндігін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді. Дегенмен визуалды әлеуметтану жаңа үлгідегі, жаңа сәндегі сала болып табылмайды. Мысалы, фотосурет визуалды әлеуметтанудың бір компоненті ретінде кейбір жағдайларда ғана қолданылады. Бірақ көптеген әлеуметтанушылар визуалды материалдарды иллюстрациялар, құжаттық растау, мұрағаттық құжаттар ретінде пайдаланып, оларға бөлшекті талдау жасамайды [3].

Жалпы визуалды әлеуметтанудың бастауы фотосуреттермен байланысты екені бәрімізге анық. Алайда фотосуреттермен визуалды әлеуметтанудың байланысып дамуының тарихы қатарласып келе жатқанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Жоғарыда визуалды әлеуметтанудың даму импульстерін атап өттік, енді соларға жекежеке тоқталсақ. Алғашқы импульс визуалдық репрезентация мәдениеті түсінігімен батыстың интеллектуалды  тарихында   терең   тамырға  ие. Екінші импульс әлеуметтік зерттеулердің әдістері мен техникаларының жетілуімен жүзеге асты. Визуалды әлеуметтануда визуалды әдістерді эмпирикалық жұмыстар ретінде пайдалануда лидерлік позицияны америкалық әлеуметтанушылар иемденді, яғни олар бұл әдістерді PhD бағдарламасы қолданысқа енген кезден бастап қолданып келеді. Соңғы үшінші импульс – қоғамды тұтас организм ретінде адамдардың іс-әрекетін бақылау. Сонымен, бірінші импульсте фотосуреттердің интерпретациясы мен визуалды репрезентациясына  деген қызығушылық, батыстың интеллектуалды Ренесансымен байланысты. Көркем сурет тек тарих пен сынды бойына жинап қана қоймай, живопись көрермендердің қызығушылықтары арқылы образдардың методологиясын сомдады. Әлеуметтанушылар халықтың фотосуреттердің интерпретациясына назар аударуы ХХ ғ. техникалық революцияның басталуымен деп түсіндіреді. БАҚ арқылы адамдардың медиа өнімдерді қолдануға уақыттары көп. Мысалы, газет бетіндегі кез келген фотосурет, анимация арқылы да түсінік қалыптастыруға  мүмкіндік  береді  [4, 147 б.].

1920  ж. маркстік  емес тұжырымдамаларда әлеуметтану интеллектуалды постмодернизмнің әртүрлі сыни теорияларының ықпалында болғанын байқауымызға болады. Вальтер Беньямин (Беньямин 1996 ж.) және Франкфурттік мектеп, Раймонд Уильямс (Williams 1981 ж.) және Стюарт Холл (Hall 1973 ж.), Ролан Барт (Барт 1997 ж.) секілді ғалымдар алғаш мәдениеттің визуалды құбылыстары деген парадигмаға түсінік берді. Осы авторлардың мақалаларының арқасында әлеуметтік-эмпирикалық ғылымының көмегінсіз фотосуреттерге, анимацияларға және т.б. суреттерге интерпретация жасауға мүмкіндік болды. Фильмдер, танымал телебағдарламалар, ойыншықтар, киім-кешек, денені көркемдеу, үй текстилі, дизайн және т.б. заманауи мәдениеттер визуалды әлеуметтану дамуының алғы шегі болды.

Екінші импульсті қарастырып өтсек – бұл импульс эмпирикалық  әдістердің  кеңейген түрі, визуалды әдістер ғылыми зерттеулерде фотоаппараттың дамуы секілді ұзақ мерзімді тарихы бар деп айтсақ қателеспеген болар едік. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында антропология, физиология,  криминология  және  т.б.   пәндер өз идеяларына жету үшін күн тәртібінің бір құралы  ретінде  адамдарды  суретке  түсіру  мен киносъемка жасауды әдіске айналдырды. Әлеуметтанушылардың иллюстративті аргументтері көбінесе концептуалды диаграммаларда басты ерекшеліктерге назар аударып отырды. Мысалы: «Америкалық әлеуметтанушылар» журналында АҚШ-та әлеуметтік фотосуреттерді зерттеу дәстүрі бойынша бірнеше әлеуметтанушылармен жасалынған фотосуреттер басылымға шығып тұрды. Алғаш он бес жыл ішінде «Америкалық әлеуметтанушылар журналында» фотосуреттер әлеуметтік реформа сияқты мақалаларда иллюстрациялар секілді реформаға дейінгі және кейінгі жағдайларды баяндап отырды. Кейбір фотосуреттердің қатары қымбат құжаттық құндылықтарға ие болды, мысалы: Чикагоның тұрғын үйлерге жағдай жасау фотосуреті. Өйткені 1914-1915 жж. визуалды материалдар тұрған үй мәселелерін айқындап отыруға көмектесті. 1914 ж. «Америкалық әлеуметтанушылар» журналында ерекше өзгерістер толқыны орын алды, яғни Альбион Смолл басшылыққа тұрған кезде лидерлік позиция бихевиористер қолына енеді. Жаңа редактор  визуалды тілді  әлеуметтанушылар қажет етпейтін делентантизм үлгісі деп таныды. Ғылым болу үшін физика мен биология жеткілікті деген нақты шарттар қойды. 1915 жылдан бастап фотосуреттер алынып тасталып, орнына статистикалық негіздемелері бар мәліметтер ене бастады. Сол кезде фотосуреттер тек танымал адам өмірден озғанда ғана, өмірден озған адамның суретін көрсетуде қолданылды.

Көптеген мақсаттарын жүзеге асыруда әлеуметтанушылар фотосуреттердің қажеттілігіне аса мән бере қойған жоқ. Тек 1974 ж. Говард Беккердің «Фотосуреттер және әлеуметтану» деген еңбегінде визуалды әлеуметтану жайлы сын-пікірлер жан-жақты қаралды. Бұл кітаптың өзгешелігі мұнда автор әлеуметтанушы мен фотографты екі әлеуметтік фактілерге ұмтылған желі ретінде бір-біріне қарама-қарсы етіп қояды. Осы арада Говард Беккер өзінің идеясында фотосуреттерді әлеуметтанушының қолындағы құрал ретінде санайды, яғни фотосурет мәселені шынайы анықтайды, камера немесе интервью болсын шынайылыққа жетелейді, «фотосурет пен әлеуметтану екеуі бір күнде дүниеге келді, себебі Конттың 1839 ж. ғылыми теориясын және Дагердің металл пластинкаға суреттерді бейнелеу жаңалығын қарастыратын болсақ, екеуінің ғылыми бағыты қоғамды зерттеу, сондықтан да екеуі қарама-қарсы емес, қатар жүретін құбылыс» деген тұжырымға келеді. Расында да логикалық оймен терең зерделесек, фотосуреттер  қоғамның  тірідей  тарих  көзі, ол - толқулар мен өзгерістерді объективке ендіріп мұрағаттайтын таптырмас құралдардың бірі.

Мораль мен метафизика заңдылықтарын ысырып қоятын болсақ, әлеуметтанудың қоғамның картасын дайындауға бағытталғанын аңғарамыз, мысалы: қоғам қалай қызмет етіп жатыр, бұзылулар мен түзетулер орын алдыма т.с.с. Әлеуметтанушылар іске кіріспес бұрын, алдымен, зерттеу әдістерін таңдайды, зерттеу жұмыстары қоғамның өзекті деген мәселелеріне бағытталады және бұл мәселелер үкімет тапсырмалары бойынша жүзеге асады: кедейлік, нашақорлық, эмиграция, университетте, мектепте, колледжде орын алатын жанжалдар немесе гетто және т.б. Ал фотографтардың қызметі әртүрлі, олар жарнамамен жұмыс жасайды, бай адамдардың бейнесін құрайды, орташа, кедей таптармен жолығады, газет-журнал беттеріне иллюстрациялар ойлап табады, музейлерге  коллекциялар жинайды. Фотосуреттер жасаудың маңызы – ортақ адамдардың тұрмыс-тіршілігін бақылау. Фотосуреттер пайда болысымен қоғамды бейнелеу үшін қолданылып келеді. Алғашында, фотографтар географиялық жойылып кеткен аймақты кейінгі ұрпақтар көрсін деген мақсатпен камераны  пайдаланды,кейіннен болашақ ұрпақтарға құр суреттің керек еместігі айқындалып, фотографтар әлеуметтанушылардың көмегіне сүйенді, фотосуреттермен қатар фотосуреттердің әлеуметтік  интерпретациялануы ғылымға жүйеленді. 1920 ж. Еуропада иллюстративті күнделіктердің дамуына байланысты фотографтармен жасалынған фотоочерктер  мен фоторепортаждар әлеуметтік талдау жасауға септігін тигізді. Фотографтар саяси фрагменттерді аулады, субмәдениет, институттар, әртүрлі ұйымдардың іс-әрекеттерін әлеуметтанушылардың назарын аудару үшін қолданды. Осындай тақырыптардағы очерктер жарияланып, мықты фотограф және мықты зерттеуші-аналитик деген атақтар берілген болатын. Фотосуреттер әлеуметтану   секілді өнер сферасында коммерция мен журналистикадан жоғары тұрды, әлеуметтану академиялық ғылым деңгейіне көтерілгендіктен, жан-жақты дамыды, саясатқа үнемі араласып отырды, ал фотосуреттер шығармашылық деңгейді бірқалыпта сақтады. Ары қарай Г. Беккердің мақаласында адамға теориялық идеялардың жақсы нәтиже беретіндігі жайлы бақылаған болатын, фотоға түсіруші адам белгілі бір назар аудартуларға ие болады, әлеуметтік идеяларды мүсін ретінде түсіндіреді. Фотограф  және  әлеуметтанушы екеуі де ортақ мәселені бір бағытты қарастырады, яғни синтетикалық бағыттың іргетасын қалаушылар. Әлеуметтанушылар арасында визуалды образдарға қызығушылық 1970 жылдың ортасынан басталды, визуалды әлеуметтану жайлы  бірнеше   кітаптар мен брошюралар таратылды. 1972 ж. Бостон университетінде Александр Блюменстайл және Кларисса СтацШтольдің басшылығымен «Видеоәлеуметтану» деген журнал ай сайын жарық көріп тұрды. АҚШ әлеуметтанулық  базасында  визуалды әлеуметтанудан емтихандар жыл сайын өткізілді, сонымен қатар ол Еуропада иығын кеңге созып дамыды, Францияда «sociologie de l’image» деген  атпен,  «Medienwirkungsforschung»  деген есіммен Германияда таралды [4, 160 б.].

1970 ж. бастап визуалды зерттеулерде бұрылыс кезеңі анықталды, ауқымды материалдар, яғни психология, антропология, деректі фильмдер өздерінің артықшылықтарымен көзге түсті. Эмпирикалық визуалды әлеуметтанудың шарықтап дамуы Маргарет Мид және Грегори Бэйтсонның Балиде түсірілген этнографиялық киносы, Джона Коллиера және Малкольма Коллиераның өңдеулерімен тікелей байланысты. Фотосурет пен фильм қажетті фрагменттерді аулайды, яғни қоғамда туындаған мәселелерді бірнеше уақыт өткеннен кейінде тірі күйінде көрсете береді. Камераның, фотоаппараттың диапазон көлемі жоғары, олар адам есінде қалмаған, адам көрмеген деректерге тез жетеді. Жоғарыда айтылған ғалымдар камераның қуаттылығын, ерекшеліктерін айтып кеткен болатын.

Визуалды әлеуметтанудың жеке пән ретінде пән аралық шекарасын анықтайын көптеген концептуалды құрылымдар дүниеге келіп жатыр. Майкл Эммисон және Филипп Смит визуалды зерттеушілер бақылау әдісінің жаңа заманғы түрлерін иемдену керектігін дәлелдеген. Олардың ғылыми зерттеулерінің басты принципі бақылау өнеріне арналған. Көптеген визуалды әлеуметтанушылар суреттерді бақылау әдісінің жаңа түрі ретінде қарастырады. Ал кейбіреулері бақылау әдісі сияқты көптеген техникаларды дамытады десе, енді біреулері қоғам мәдениеті мен өнімі үшін анализ жасайтын бірден-бір құрал деп түсіндіреді.

Бүгінгі таңда шетелдік әдебиеттерде визуалды әлеуметтану әлеуметтанудың жеке бір бағыты ретінде қалыптасуда: жеке пәндер, курстар, семинарлар жүргізіледі, ғылыми журналдар шығарылып, конференциялар өткізілуде; бірақ визуалды әлеуметтанудың толыққанды қалыптасуы мен институционализациялануы туралы айту әлі ерте. Бұл бағыттың қалыптасуына қандай да бір әлеуметтік мәселені зерттеуде сапалы әдістерді терең қолдану мен оның  дамуы түрткі болған. Мысалы, бақылаудың, фокус-топтың, терең сұхбат  жүргізудің бірнеше түрлерін қолдану талдау мен түсіндіруді талап ететін фотосуреттер, видеоақпараттар мен сызбалардың пайда болуына әкелді. Әлеуметтік мәселелерді зерттеуде сапалы әдістерді қолдану ақпарат берушіден мәлімет алудың  видео талдау сияқты формалары мен әдістері бар  түрлі эксперименттерге және талдаудың жаңа түрлеріне алып келді.

Мұнда тағы бір айта кететін жағдай, визуалды әлеуметтанудың дамуының негізгі факторларына XIX ғасырда фотосуреттердің, XX ғ. 80-жылдарындағы цифрлік видеокамералардың пайда болуы, ал бүгінгі таңда визуалды бейнелерді қалыптастыруда мобильді телефондар үлкен рөл атқаруда. MMS хабарламаларының арқасында мобильді телефон иелерінде өзінің ұялы телефондарына тек мәтіндерді ғана емес, сонымен қатар графика, музыка және видеоларды жіберіп, қабылдау мүмкіндіктері туады. Ақпараттық сауаттылық пен интернет технологияларының дамуы қолданушыларға шынайы өмірден тыс «виртуалды кеңістіктерді» қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Интернетте адам өзіне шынайы өмірден басқаша, жаңа имидж жасап, өзін басқаша қырынан ұсынуы мүмкін. Мұндай жаңа онлайндық бейнені бірінші кезекте жастар игереді.

 

Әдебиеттер

 

  1. Сергеева О.В. Исследовательское поле визуальной социологии // Социология и социальная антропология. – – Том XI, №1. – С. 136-146.
  2. Штомпка П. Визуальная социоллооггиияя.. ФФоотография как метод исследования. – М.: Логос, 2007. – 168 с.
  3. Миллс Ч. Социологическое воображение/ пер. с англ. О.А. Оберемко. – М.: Издательский дом «Nota Bene», 2001.
  4. Захарова Н.Ю. Визуальная социология: фотография как объект соцоиологического анализа // Социология и социальная антропология.– 2008. – Том XI, №1. – С. 147-161.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.