Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жəне кəсіби білім беру

Еліміздің даму деңгейі  бағаланатынын  əрбір мемлекеттің мəдени-экономикалық дамуы қайсыбір тарихи кезеңдерде болмасын ондағы кəсіптік білім жүйесінің деңгейіне байланыстылығы дəлелдейді. Сондықтан да қазіргі таңда кəсіптік білімге көзқарас та, сұраныс та əлемдік деңгейде бетбұрыс алуда. Елімізден экономикалық жүйені қалыптастыратын бірденбір жол – кəсіптік білім жүйесі болмақ [1].

Қазіргі кезде нарықтық қоғамға тəн жаңа қоғамдық қатынастар орнығып, жұмыс істей бастағалы республика кəсіпорындарына, ауылшаруашылығы мен қызмет көрсету салаларына белгілі бір кəсіп түрін меңгерген жоғары білікті маман жұмысшы кадрлары – механиктер, слесарьлар, тракторист-машинистер, компьютерде жұмыс істей алатын шеберлер, интернет, веб-дизайн, e-mail мамандары, телерадио жөндеу шеберлері, тұрмыстық күрделі техникаларды жөндеуші ісмерлер, газэлектриктер, даяшы-сатушылар, бармендер, аспазшылар, тігіншілер, сатушы кассирлер,  еурожөндеуші  құрылыс  шеберлері,   слесарь-сантехниктер, сауда жарнамалық агенттер, ветеринар, фельдшер, қонақүй бизнесін, туризмді, шағын жəне орта бизнесті дөңгелетіп əкететін қызметшілер, т.т. көптеп қажет болып отыр.

Осыған байланысты, өсіп келе жатқан жас, жеткіншек ұрпақтың белгілі бір кəсіп түрін дұрыс таңдап, оны саналы түрде меңгерулеріне ұйытқылық жасау, сөйтіп олардың қазіргі нарықтық қоғам өндірісі талаптарына сəйкес кəсіптенулеріне шынайы, ақ ниетпен көмектесу қажеттілігіне айрықша назар аударылып отыр. Бұл мəселенің ойдағыдай шешілуі, ең алдымен жалпы орта, бастауыш жəне орта кəсіптік білім беретін мектептерде оқушыларды кəсіпшілдіктің белгілі бір нысанын таңдауға бейімдеп, оны меңгертудің жай-жапсарын жан-жақты саралап, зерттеуді талап етеді.

Жеткіншек ұрпақты кəсіпшілдіктің белгілі бір түрін таңдауға бейімдеп, оны меңгерту, сөйтіп барып оларды өндіріс кəсіпорындарында, ауылшаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында еңбектендіруге талаптандыру қажет.

Жеткіншек  ұрпақты  кəсіпшілдікке  бейімдеу - кең өрісті жалпы, политехникалық жəне еңбекке дайындау негізінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін жəне қоғамдық қажеттіліктерді есепке ала отырып, дер кезінде оларды еңбектік іс-əрекеттің түрлерімен таныстыруға бағытталған жалпы орта,  бастауыш  жəне  ор-  та кəсіптік білім беретін мектептердің оқу-тəрбие процестерінің құрамдас бөлігі. Десек те, оқушыларды кəсіптің белгілі бір түрін меңгертуге бейімдейтін, оларға кəсіптік бағдар беретін бастапқы негізгі буын жалпы беретін мектеп. Əйткенімен, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты кəсіпшілдікке бейімдеу жұмыстары өз құрылымы мен мазмұнына əрбір оқушының белгілі бір кəсіпті меңгеруге талаптылығын есепке ала отырып, оларға жалпы орта, бастауыш жəне кəсіп түріне машықтандыру əрекеттерін де қамтиды. Олай болса, осы жоғарыда біздер тарапынан нақтыланған іс-əрекеттер мен шараларды іс-жүзіне асырып келе жатқан жеткіншек ұрпақты кəсіби тұрғыдан тəрбиелеуге, əрбір өсіп келе жатқан жас азаматтың белгілі бір кəсіпті өз бетінше дұрыс таңдап, меңгеруіне негіз қалайды [2].

Оқушыларды   кəсіпшілдікке  бейімдеудің құрылымында жетекші орынға ие болатын «кəсіптік бағдар беру» ұғымына түсініктеме бере кетейік.

«Кəсіптік бағдар беру» ұғымының қалыптасуына  оның  ішкі  «іс-əрекет», «кəсіп»  жəне «бағдар беру» сияқты құрылымдық элементтері ерекше рөл атқарады. Кəсіпшілдікке бейімдеу көп салалы қиыншылығы мол күрделі процесс. Кəсіпшілдікке бейімдеу негізгі жалпы, жалпы орта политехникалық білім беретін мектептерде 1сыныптанбастап11-сыныпқадейінжүйелітүрде сабақтастық сақтала отырып үздіксіз жүргізіледі. Сонымен қатар кəсіпшілдікке бейімдеу кəсіптік мектептер мен сондай-ақ тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, курстарда жəне жұмысшылар мен қызметтерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда жүзеге асырылады. Шын мəнінде, бұл жалпы политехникалық білім беретін мектептерден бастау алатын əлеуметтік-кəсіптік бейімдеу, кəсіптік тəрбие, оның тиімділігі, политехникалық білім беретін негізгі жалпы, жалпы орта, бастауыш жəне орта кəсіптік білім беретін мектептердегі оқу-тəрбие үрдісі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне тікелей байланысты. Жас ұрпақты кəсіпшілдікке бейімдеу,  оларға кəсіптік бағдар беру ісі  табандылықты, тиімді ұйымдастыру амалдары мен нысандарын үнемі іздестіріп, жетілдіріп отыруды талап етеді.

«Кəсіптік бағдар беру» белгілі бір кəсіптік дəріптеу немесе оны басқа бір кəсіппен салыстыру арқылы оқушыларға таңдатуға мүмкіншілік тудырады. Сондықтан да жеткіншек ұрпаққа кəсіптік бағдар беруде басқару органдары, оқуағарту жүйелері жəне мұғалімдер қауымы оның əлеуметтік астарына айрықша назар аударуы тиіс. Атап айтқанда, олар оқушының  белгілі  бір кəсіпті немесе мамандықты таңдауына ғана көңіл аударып қоймай, белгілі бір кəсіп пен мамандықты дұрыс таңдай білудің терең мəнді əлеуметтік құндылығы болатындығын да жанжақты негіздеп, түсіндірулері керек. Өйткені өскелең ұрпаққа кəсіптік бағдар беруді дұрыс түсіндіріп, ұғындыру, оқушының білім деңгейі мен қабілетіне қарай кəсіптік, арнаулы жəне жоғары оқу орнын дұрыс таңдату, талап-тілегіне сай белгілі бір еңбек ұжымына жұмысқа орналасуына көмектесу, қызмет бабында өсуіне ықпал ету, тағы сол сияқты кəсіптік бағдар берудің əлеуметтік салалары болып табылады.

Кəсіптік бағдар беру мен еңбекке даярлаудың диагностикалық технологиясы, яғни тəсілі. Бұл тəсілді пайдаланудың мақсаты – əрбір баланың белгілі бір кəсіпке бейімділігі мен қабілеттілігін алдын ала анықтап, байқау. Себебі зерттеліп отырған объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпылама тəсілі болып табылады. Мектеп мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері, сынып жетекшілері мен тəлімгер үшін басты мақсат – оқушылардың өздері өздерінің бейімділіктері мен қабілеттіліктеріне орай, кəсіптің белгілі бір түрін таңдауларын анықтаудың барынша кең тараған құралдары – тестімен, сауалнама таратумен, тіптен болмаса, кəсіп таңдаудың компьютерлік диагностиканы пайдаланумен жұмыс жүргізу болып саналады.

Оқушының белгілі бір кəсіп түрін меңгеруге бейімділігі, олардың əлеуметтік-кəсіби тұрғыдан қалыптасуы  көбінесе               өндірістік   практикада көріне бастайды. Сондықтан да өндірістік практика оқу жоспарларына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Кəсіптік тəрбие оқушыларды кəсіпті əрекетті жүзеге асыру тəжірибесімен қаруландырады, кəсіптік таңдауда жəне оны меңгеру барысында жеткіншектердің қабілеттіліктері мен  бейімділіктерін  дамытады,  қоғамдық белсенділіктерін арттырады, еңбекке, ғылым мен техникаға, өнерге, əдебиетке, спортқа, ұлттық дəстүрге құштарлығын тəрбиелейді, парызгерлік пен жауапкершілік сезімдерін, кəсіби іскерлігі мен кəсіби мақтанышын қалыптастырады.

Қазіргі қоғамдық құрылысқа тəн құндылықтарды ескере отырып, олардың орнын нарықтық қоғамдық қатынастарға тəн құндылықтардың басқандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осыған байланысты біздің елімізді де нарықтық ашық қоғам сұраныстарына сай өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты кəсіпшілдікке бейімдеудің, оларды кəсіптендірудің шарттары біршама өзгеріске ұшырады.

Ал, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпаққа кəсіптік бағдардың дұрыс берілгендігінің, олардың кəсіптің белгілі бір түрін шебер меңгергендігінің анықтаушы орны, əрине, бұл өндіріс кəсіпорны. Себебі нарықтық қоғамда өндіріс кəсіпорындары жұмыс беруші заңды тұлға ретінде кадр мəселелерін шешуде жұмысқа орналасуға тілек білдірген тұлғаның жеке басына, оның біліктілігі мен ісмерлігіне, күші мен моральдық тұрғыдан мықтылығына зор мəн береді.

Сонымен қатар нарықтық қоғамда кез келген маман үшін, мейлі ол жоғары білікті  маман жұмысшы болсын немесе жай қарапайым қол күшімен еңбектенетін жай жұмысшы болсын жұмысқа орналасу өте күрделі. Кез келген маманға жұмысқа орналасу үшін өзі тақлеттестермен бəсекеге, тартысқа түсуге тура келеді. Олардың ішінен тек біліктілігі жоғарысы, ісмерлік шеберлігі ептісі ғана жұмысқа қабылданады. Олай болса, мемлекетіміз үшін де, кəсіптік білім беретін мектептер үшін де өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, əсіресе, ауылдық жерден шыққан жеткіншектерді кəсіпшілдікке бейімдеп, оларды кəсіптендіру ісін одан əрі жан-жақты жандандырып дұрыс жолға қою уақыт сұранысы, заман талабына сай кезек күттірмейтін іс.

Қазіргі жас ұрпақ кəсіп  таңдауда  белгілі  бір кəсіптік тек тартымдылық деңгейіне ғана қызықпайды, сонымен қатар таңдалған кəсіптің өздерінің көзқарастары бойынша əлеуметтік маңыздылығына да ой жүгіртеді. Нарықтық экономиканың орнығып, дамуы, еліміздің əлемдік экономикалық кеңістікке енуі көбіне көп кəсіби біліктілігі жоғары маман кадрларды көптеп   дайындауға   байланысты,   бұл бағытта елімізде бірқатар игі істер атқарылуда. Ол жұмыстарға  көптеген  ғалымдар  ат   салысу-  да. Атап айтатын болсақ, кəсіптік білім беру жұмыстарын негіздеуде академик А.П. Сейтешов баға жетпес еңбек атқарды. Ол – мемлекеттік білім беру стандартының «Бастауыш жəне орта кəсіптік білім беру» бөлігінің авторларының бірі. Ол бастауыш жəне орта кəсіптік білім беру оқытушыларын даярлаудың 22 түрі қамтылған əртүрлі техникалық арнайы пəндердің жобасын жасап, даярлап берді.

Бастауыш жəне орта кəсіптік білім беру стандарттарының  маңызды   шарттарының  бірі, оның мазмұнының əрдайым жүйелі түрде жаңартылып отырылуы қажет. Өйткені олар білім беру халықаралық стандартты жіктеу халықаралық еңбек рыногында ұсынылатын білікті маман жұмысшы кадрларға қойылатын талаптарға сай болуы керек.

Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу ұсынымдарына сəйкес бастауыш жəне орта кəсіптік білімді меңгерту стандарттарының негізгі мазмұны төмендегідей болып келуі мүмкін:

  • халықаралық стандартқа сəйкес белгілі бір кəсіптің эквиваленттілігінің түзілуі;
  • мемлекеттік білім органдары тарапынан тиісті нормативтік-құқықтық базаның əзірленуі;
  • кəсіп иесінің кəсіби білімі, дағды-ісмерлігі мен біліктілігі деңгейіне жəне сапалығына барынша оңтайлы талаптар қою жəне білім мазмұнының халықаралық талаптарға сəйкестенуі;
  • белгілі бір кəсіп иесінің бəсекелестікке қабілеттілігін бағамдау, т.б.

Жалпы жеткіншек ұрпаққа кəсіби бағдар беру барысында төменгі тұжырымдарды ескерген жөн:

  • жеткіншек ұрпақты жалпы негізгі, жалпы орта, бастауыш жəне орта кəсіптік білім беру мектептерінде кəсіпшілдікке бейімдеудің міндеті – əрбір оқушының жеке басты мүдделері мен жергілікті еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып, оларға өздері өмір сүріп келе жатқан аймақта, ауданда, ауылда атқарылатын шаруашылық түрлерімен айналасуға мүмкіндік беретін кəсіптерді саналы түрде таңдауларына түрткілік жасау;
  • бастауыш жəне орта кəсіптік білім берудің белгіленген оқу жоспарларында көрсетілген білім түрлерін меңгерту арқылы оларды белгілі бір кəсіп түріне икемдеу;
  • сол кəсіпті меңгертуге ықпал ете алатын биліктілік пен шеберлікті меңгерту, халық шаруашылығының əртүрлі салалары, əртүрлі мамандықтар туралы, оқушылардың ұғымтүсініктерін еңбек тəрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру;
  • əрбір оқушының шығармашылық, рухани жəне дене мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен берік адамгершілік негіздерін қалыптастыру, дара ерекшеліктерін одан əрі жетілдіру арқылы байыту;
  • оқушының азаматтық пен адамгершілікке, өз Отанына сүйіспеншілікке, қоғамдық жұмысқа белсенділік арттыруға, адам баласының ақылой күшімен, қолымен жасалған материалдық жəне рухани игіліктердің барлық түріне құрмет сезімімен қарауға, болашақта сапалы тұрғыда іскерлікпен адал еңбектенуге тəрбиелеу.

Халыққа қызмет көрсету салаларында да ауыз толтырып айтарлық табыстар көп-ақ. Осының барлығы барлық қазақстандықтардың, ең алдымен, жұмысшылардың, ауыл еңбеккерлерінің жəне қызмет көрсету саласы қызметшілерінің ерен еңбектерінің жемісі. Ал еңбек өнімділігін бұдан əрі дамыту үшін терең кəсіби білімді, шеберлікті, білікті, дағды-іскерлікті тереңдете түсуі керек. Демек, барлық деңгейдегі техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолға алынуы шарт. Бұл – өмір талабы, уақыт сұранысы. Сондықтан да бірінші кезекте қазақстандықтардың сапалы білім алуы мен кəсіптік деңгейлерін сапалық тұрғыдан жаңа сатыға көтеруге күш салынуы керек. Жеткіншек ұрпаққа əлемдік стандарттарға сай келетін сапалы кəсіби білім, əлемдік еңбек рыногындағы бəсекелестікте өтімді біліктілік дағды мен іскерлікті меңгерту керек.

Жеткіншек ұрпақтың өзінің қабілетіне, талғамы мен біліктілігіне сай белгілі бір кəсіп түрін дұрыс таңдап, меңгеруі, бұл тек жеке бастық қана емес мемлекеттік те маңызы бар мəселе болып отыр. Өйткені өз кезегі келген-   де өсіп келе жатқан жас ұрпақтың белгілі бір кəсіп түрін дұрыс таңдап, оны шебер меңгеруі олардың жеке бастарының молшылықта өмір сүруіне ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің  де өсіп өркендеуіне, əлеуметтік-саяси тұрғыдан берік болуына, құқықтық жəне моральдық тұрғыдан тұрақтануына ықпал етеді. Кез келген жан-жақты дамыған  қоғамда  жоғары  білікті маман жұмысшы кадрлары, орта тап  сол қоғамның экономикалық тұрғыдан одан əрі өсіп, өркендейтіндігінің, əлеуметтік-саяси, құқықтықморальдық тұрғыдан беріктігінің кепілі болып саналады.

Ал енді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың белгілі бір кəсіпті меңгеруін экономикалық тұрғыдан алып қарастыратын болсақ, оның экономикалық тиімділігі зор. Біріншіден, кəсіпкерлік, іскерлік, сол аймақтың да, мемлекеттің де өсуіне ықпал етеді.

Кəсіптік училищесінде оқушылар қабылдауды негізінен тоғызыншы сыныпты бітірушілердің контингенті есебінен қабылдаған дұрыс. Себебі, кəсіптік-техникалық мектептерде белгілі бір мамандықты меңгеруге қоса орта білім де беріледі. Сонда өсіп келе жатқан жас ұрпақ оқусыз да, жұмыссыз да бос жүрмейді. Əрі мұндай шешім жасөспірімдер арасында орын алып отырған жүгенсіздікті, бұзақылық қылықтарды азайтуы мүмкін.

Жұмыс беруші өкілдері жұмысшы мамандар даярлайтын орта кəсіптік білім беру ұйымдарының мемлекеттік емтихандарына комиссия төрағалары ретінде қатыстырылғаны жөн. Себебі мұның өзі олардың өздеріне қажетті жұмысшы кадрларын іріктеп алуларына септігін тигізеді.

Қазақстандық білім беру жүйесінің əлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігуі ең алды-  мен отандық білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Ол үшін, республика мектептерінің материалдық-техникалық базасын елеулі түрде нығайта отырып, оқушылардың білім сапасының барынша жоғарылауына мүмкіндіктер тудырылуы ке-  рек. Техникалық жəне кəсіптік білімнің рөлін жаңаша сезініп отырып, жастарға кəсіптіктехникалық білім беретін оқу орындары желісін дамытуға бағытталған шаралар қолға алынуы тиіс. Жалпы орта, бастауыш жəне орта кəсіптік білім беретін мектептердегі еңбек сабақтарында, сондай-ақ нарықтық қоғамдық қатынастарға тəн экономикалық процестердің мəн-мағыналары түсіндірілуі тиіс.

Жалпы орта бастауыш жəне орта кəсіптік білім беретін мектеп оқушыларын қазіргі таңда қоғамымызда орнығып, дамып келе жатқан нарықтық қоғам өндірісі талаптарына жауап бере алатын кəсіпшілдікке баулу, іскерлікке үйрету, оларды нарықтық ашық  қоғам  экономикасы-  на  қатысты  экономикалық  білім негіздерімен қаруландыру жалпы орта, бастауыш жəне орта кəсіптік білім беретін мектептердің негізгі қызметі. Осыған орай жеткіншек ұрпақты жалпы негізгі, жалпы орта, бастауыш жəне орта кəсіптік білім беру мектептерінде кəсіпшілдікке бейімдеудің міндеті – əрбір оқушының жеке бастық мүдделері мен жергілікті еңбек рыногының сұранысын есепке ала отырып, оларға өздері өмір сүріп келе жатқан аймақта, ауданда, ауылда атқарылатын шаруашылық түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін кəсіптерді саналы түрде таңдауларына ықпал еткені дұрыс [3].

Жедел өзгерiп тұратын  əлемде  жəне ақпарат легiнiң көшкiн тəрiздi артып отырған жағдайында iргелi пəндiк білім мiндеттi, бiрақ ол бiлiм берудiң жеткiлiксiз мақсаты болып табылады. Бiлiм алушылар білiмнiң, дағдылар  мен iскерлiктiң жиынтығын (оқыту центризмi) меңгерiп қана қоймауға тиiс, қазақстандық бiлiм беру жүйесiсоғанбағытталған. Білiмалушыларға барынша өзiн iс жүзiнде көрсете бiлу жəне қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн ақпаратты өз бетiнше табу, талдау, құрылымдау жəне тиiмдi пайдалану дағдысы сияқты құзыретті бойына сiңiрту (құзыреттілiк) аса маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесi оған əлемдiк бiлiм беру кеңiстігінде лайықты орын алуға мүмкiндiк бермейтiн əдiснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны ескiрген жағдайда дамуын жалғастыруда. Білiм беру мазмұны фактологиялық  күйiнде  қалып  отыр  жəне бiлiм алушыларды қоғам өмiрiне құзыреттiлiк, жауапкершілік пен шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiру жүйесiнiң болмауы, бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штаттық санының жетiспеушiлiгі білiм берудi тиiмдi басқаруға терiс əсер етедi.

Қазақстанның бəсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы техникалық жəне кəсіптік білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың басым бағыттарын жəне мамандарды кəсіби даярлаудың сапасын арттыруға бағытталған түбегейлі қайта құруларды жүргізудің қажеттілігін жəне ел экономикасының алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуді алдын ала айқындайды. Бағдарлама техникалық жəне кəсіптік білім берудің икемді, қол жетімді, үздіксіз дамитын жəне тиімді жүйесінің негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін жəне оны құру тетіктерін айқындайды.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру кəсіпорындардың жаңа технологияларды енгізумен жəне осы заманғы өндірісті басқарудың жаңа формаларын игерумен қатар жүреді.

Өндірісті жетілдіруде  осы  қызметтің  негізгі субъектілері жаңа технологиялармен жұмыс істеуі тиіс кəсіпорын қызметкерлерінің өзгерістерге дайын болуы жəне оны қабылдай алуы істің сəтті жүзеге асуына ықпал ететін басты фактор болып табылады. Адам  факто-  ры – кез келген экономикалық реформалардың басты   бəсекелестік   артықшылығы,   өйткені ол белгіленген міндеттерді жүзеге асырудағы өздігінен ұйымдасатын бірден-бір элементі.

Бүгінгі таңда қоғам инженерлерге, яғни техниканы жақсы меңгерген мамандарға жəне бұқаралық кəсіптің жоғары білікті жұмысшыларына зəру. Нарықты жұмысшы күшімен қамтамасыз ету көздерінің бірі – уақыт талабына дереу үн қататын əрі қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруға қатысты қосылыстарды қалыптастыратын білім беру ісі.

Соңғы 10 жылдың ішінде білім беру жүйесінде арнайы орта жəне бастапқы кəсіби білім түрлерін беруге мамандандырылған оқу орындарына қарағанда жоғары білім беретін оқу орындарының дамуы алда келеді. Ол елдің бір формациядан екіншісіне өту кезеңінде орын алған жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне  жауап ретінде стихиялы түрде қалыптасты. Қазақстандық индустрияның көптеген алыптары «үйелеп» қалды. Кəсіби жұмысшыларға деген қызығушылық білім беру қызметінің негізгі тұтынушыларында – жастарда аз уақытта төмендеп кетті.

Осылайша, жоғары білім келешекте жұмысқа орналасудың кепілдігі ретінде қарастырылатын болды.

Кəсіптік білім беру мемлекеттік мекемелерінің тағдыры келешекте оларды жеке меншік компаниялардың жекешелендіру желісі бойынша құрылуы ықтимал.

Жоғары білікті жұмысшыларды дайындауға арналған жоғары білім беру базасын пайдалану үшін жоғары білім беру ісіне өзгерістер енгізіп, əр жыл сайын оны өткізгені үшін жоғары оқу орнын қандай да бір дипломмен марапаттау керек. Мұндай іс-тəжірибе Францияда бар. Бакалавриат бөлімінде бір немесе екі жылды аяқтағаннан кейін осы деңгейдегі оқудың түлегі техник, медбике, мал дəрігері болады. Бізде басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеп үйренген жоғары білікті жұмысшы шығуы тиіс.

Сондықтан еліміздегі əлеуетті қызметкерлерге  еңбек  нарығына  барынша  жол  ашылуы тиіс. Өйтпеген жағдайда ұлтаралық араздықтар мен инциденттерге тап  боламыз.  Кəсіби білім беру жүйесіндегі білім берудің  тағы бір тобына өндіріс шеберлерін оқыту жатады. Оларды дайындаудың бір нысаны – мамандарды   шетелдерде   дайындауды  көздейтін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасында өндіріс  шеберлерін  дайындауға  жəне  олардың біліктілігін арттыруға кем дегенде 300 квотаорын бөлу қарастырылу керек [4].

 

Əдебиеттер

 

  1. Абдугулова Б.К. Білім берудегі менеджмент. – №2. 2007.  – 78-79-б.
  2. Абдрайымова Г.С. Ценностные ориентации современной молодежи. – Алматы: Жібекжолы, 2005. – С.
  3. Роль НПО в развитии гражданского общества в Казахстане/ Халықаралық ғылыми конференцияларының жинағы. – Алматы,– 177-181б.
  4. Қасенова А.Е. Білім беру мекемесі басшылығының анықтамалығы.  –  №1.  –– 73-80-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.