Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби іс-əрекетке тұлғалық дайындық мəселесінің психологиялық ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында»    атты    Қазақстан    халқына   Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа    тірелері    анық» деумен қатар,«...қазақстандық жоғары оқу орындардың міндеті  –  əлемдік  стандарттар  деңгейінде білім беру» деп атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы жоғары оқу орындарының жаңа тұрпаттағы болашақ маманды, яғни шығармашылық ойлау қабілеті, кəсіби-педагогикалық біліктілік  деңгейі жоғары, білім беру саласындағы инновациялық процестерді жүзеге асыруға қабілетті маманды даярлау мəселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.

Іс-əрекеттің  адамға  əсері  Б.Г.  Ананьев [1],А.Н. Леонтьев [2], С.Л. Рубинштейн [3] жəне т.б. теориялық түрде дəлелденіп, практикалық түрде негізделген. А.Н. Леонтьев «Іс-əрекет – бұл реакция емес жəне реакциялар жиынтығы емес, өзінің құрылымына, ішкі өтулер мен өзгерістері, өзінің дамуына ие жүйе» [2] деген пікірлермен келісу керек. Студенттерге көрсетілген түрлі білім алу, ойлана үйрену, талдау мүмкіндігі  жаңа педагогикалық философияға бағытталған: терең интеллектуалды құзыреттілік позициясынан кəсіби мəселелерді шешуде іс-əрекеттітұлғалық қатысуға дайын болу. А.К. Маркова белгілегендей, адамның кəсіпқойлығы – бұл тек онымен қойылған жоғары кəсіби нəтижелерге жету ғана емес, тек еңбек өнімділігі емес, сонымен қатар психологиялық компоненттердің болуы – еңбекке деген адамның ішкі қатынасы, оның психикалық қасиеттерінің жағдайы [4].

Соңғы жылдары болашақ мамандардың кəсіби маңызды қасиеттер мəселесіне қызығушылық жоғарылады. Педагогика жəне психологияда олар туралы педагог тұлғасының концепциясы негізінде қалыптасқан көптеген ойлар бар (А.А. Бодалев [5], В.А. Кан-Калик [6], Н.В. Кузьмина [7], А.К. Маркова [8] жəне т.б.).

Болашақ маманның кəсіби мəдениетінің мəнді бөлігі, оның кəсіптік қызметті жүзеге асыруға қабілеттілігі жəне даярлығының бейнесі болып табылатын кəсіби құзыреттіліктің негізі жоғары оқу орнында қаланады. Маманның инновациялық іс-əрекетті жүзеге асыру құзыреттілігі, жалпы кəсіби құзыреттілігі оның бүкіл кəсіптік өмірі барысында қалыптасып, дамиды. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру мəселесі, кең мағынасында, отандық экономиканың, өндірістің инновациялық дамуымен байланысты жаратылыстану пəндерін  оқытудың  жаңа міндеттерінен туындайды. Тұлғаның кəсіби маңызды сипаттамалар құрамы (барлық ғалымдар дерлік берілген сұрақты болашақ маман тұлғасына байланысты қалыптастырады) айтарлықтай кең – ол өзіне көптеген əлеуметтік сипаттамалар қатарына бірнеше психологиялық сипаттамаларды қосады [9,10,11-б.].

Зерттеудің əдіснамалық жəне теориялық негіздерін біртұтас педагогикалық үдерісіне жүйелілік тұрғысынан келу тұжырымдамасы (Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, В.В. Юдин, Ю.А. Конаржевский, Н.Д. Хмель жəне т.б.); жеке тұлғаға іс-əрекеттік тұрғыдан келудің психологиялық тұжырымдамасы (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн жəне т.б.); білім беру мазмұнын құрудың қазіргі тұжырымдамалары (И.Я. Лернер, В.С. Леднев жəне  т.б.);  білім  беру технологиялары саласындағы зерттеулер (В.П. Беспалько, М.В. Кларин, Т.М. Давыденко, Т.И. Шамова, П. Юцявичене жəне  т.б.);  білім беруді белсендіру теориясы (Т.И. Шамова, И.Ф. Харламов); жалпы жəне педагогикалық инновацияның негізгі теориялық ережелері (В.А. Сластенин, Н.Р. Юсуфбекова, Ш.Т. Таубаева жəне т.б.); кəсіптік білім беруге құзыреттілік тұрғысынан келу теориясы  (А.И.  Савенков, Г.К. Селевко, Н.С. Розов жəне т.б.) құрайды.

Болашақ маманды нағыз маман ретінде даярлау   ерекшелігін  қарастырғанда педагогикалық мамандықты қоғамға қажетті, əлеуметтік құнды жəне шектелмеген, еңбек бөлінісінің салдары, адамның өзінің сарп еткен еңбегінің өтеуіне адамның өзінің дамуы мен өмір сүруі үшін  мүмкіндік  беретін,  адамның  рухани жəне физикалық күшін салатын сала ретінде түсіндіріледі.

Жоғары оқу орны шеңберінде даярлау студенттерде осы мамандық пен оның ерекшелігі туралы, қызметтің негізгі элементтерін жүзеге асырудағы шарттар мен факторлар туралы, тұлғаның қалыптасу механизмдері жəне жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі тұлғаның ары қарай өзін-өзі дамуын қамтамасыз ету туралы түсінік жүйесі қалыптасады.

Осыған байланысты оқу үдерісін ұйымдастыруда негізгі назар тек оқу процесін жақсартуға ғана аударылмайды, сондай-ақ бұл қызметтің «технологиялық» элементтерінен, əсер ету жəне өзара əрекет ету тəсілдері мен стильдерінен, оқу материалын меңгерудің тиімді тəсілдерінен тұратын, өзінің іс-əрекетін болжай алу мүмкіндігін дамыту, психикалық белсенділігін оптимизациялаудан тұратын студенттің субъективті тəжірибе жинақтау мен дамуында əртүрлі педагогикалық технологияларға да үлкен назар аударылады [12].

Педагогикалық мамандық, оның үлгісі, болашақ мамандардың рефлексивті қабілеттіліктері, олар ЖОО-ға түспей тұрып-ақ тұрақты сипаттамаға ие болады. Педагогикалық қызметтің маманданған педагогикалық білім берілгенге дейін меңгеріліп қойылған бірнеше элементтерін бөліп көрсетуге болады. Оған педагогикалық қабілеттілік туралы ұсынысты да жатқызуға болады [13,14].

Заманауи жағдайларда оқыту мақсаты жалпы мəдениеттің жоғары деңгейінің қалыптасуына, тұлғаның білім алу сұраныстарын қанағаттандыруға, өзіндік дамуға жəне өзіндік анықталуға жағдай жасауға бағытталған. Мұндай жағдайда оқытушы міндеті білім беру сапасы мен тəсілін оптимизациялау; оқушылардың өзіндік индивидуалды жұмысында əрекеттердің бағдары мен бағыттылығын тікелей қалыптастырады. Егер бұрын аудиториядан тыс сабақтар екіншілік, қосымшалық ретінде қарастырылса, жаңа жағдайларда оларды студенттердің шығармашылық іс-əрекетінің икемдері мен дағдылары жəне өзіндік білім алу қалыптасатын оқыту процесінің негізгі формасы ретінде қарастыру керек. Осыған байланысты, табиғи түрде, студенттердің оқу жұмысының сапасын сессия аралық бақылау сипаты туралы сұрақ туындайды. Бақылаудың мəні студентті тəртіпке келтіретіндігі, студентте табандылық жəне мақсатына жетудегі жауапкершілікті қалыптастыратындығы, жүйелі оқу еңбегіне үйрететіндігі мəлім. Бір жағынан, бақылау студенттің оқығандық  деңгейін анықтайды, басқа жағынан – оқыту-тəрбиелеу процесінің сапасын бағалайды [15].

Зерттеу оқытушы мен студенттің келесі ісəрекеттеріне түзетулерді жасауға мүмкіндік береді. Жетістік пен сəтсіздікті анықтай отырып, сонымен бірге олардың себептерін анықтай отырып, педагогикалық жүйені айтарлықтай тез бейімделу мүмкіндігін алуға болады. Жүргізілген эксперименттен келесі қорытынды алынды.

 1-кесте – Эксперимент барысындағы құзыреттілік компонеттерінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштері   

Болашақ мамандардың коммуникативті құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін эксперимент соңында бағалау,  сонымен қатар  рейтингтік бағалау əдісі негізінде де жүргізілді, рейтингтік бағаны оқытушылар береді.

 2-кесте – Мамандарының коммуникативті құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін рейтингтік бағалау əдісі негізіндегі көрсеткіштері

 Эксперименттік жəне бақылау тобы студенттерінің кəсіби құзыреттілігінің қалыптасуының   (эксперименттің басы мен соңы)  даму деңгейі  көрсеткіштерінің  динамикасын  1 жəне 2-суреттерден көруге болады.

         1-сурет – Студенттердің кəсіби құзыреттілігі деңгейінің көрсеткіштері (экспериментке дейінгі % есебімен)

  2-сурет – Студенттердің кəсіби құзыреттілігі деңгейінің көрсеткіштері (эксперименттен кейінгі % есебімен)

Тəжірибелік-психологиялықжұмыстыңнəтижесінде егер жоғары оқу орындарындағы жоғары курс студенттерінің болашақ кəсіби іс-əрекетіне тұлғалық дайындығын кəсіби құзыреттілігі арқылы  қалыптастырса  болашақ  мамандар дəстүрлі, іс-əрекеттік тұрғыдан ескірген компоненттерден арылып, жаңа құралдарды пайдалану арқылы жаңа нəтижелерге қол жеткізу бойынша іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негіз  болатын теориялық білімдерін, жаңа технологияларды жобалау жəне пайдалану қабілеттерін, тəжірибелік дайындықтарын жүйелі түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылатын болса, онда зерттелетін сапаны студенттерде тиімді қалыптастыруға болады деген жорамал расталды.

Қорыта келе, келесідей нұсқаулар беруге болады:

Болашақ мамандарды кəсіби дайындауда университетте білім беру үдерісінде кəсібидидактикалық құзыреттілік қалыптастырудың мүмкіндіктерін пайдалану өз жемісін беретіндігін үнемі назарда ұстау, ол үшін ұсынылып отырған ғылыми-əдістемелік жүйені негізге алуға болады.

Бүгінгі əлеуметтік, педагогикалық жəне кəсіби дайындықтың сұранысын қанағаттандырудың басты бағыты – болашақ мамандардың кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық курсын жоғары оқу орнының типтік оқу жоспарына міндетті пəндер қатарына енгізу керек. Мамандыққа дəріс оқитын профессор-оқытушылардың қызмет бағдарын жұмыстың негізгі арқауы кəсіби құзыреттілік қалыптастыруға бағытталатындай дəрежеге көтерген жөн.

Күтілетін нəтижені жəне оның түрлері мен тəсілдерін өзгерту. Студенттің базалық, кəсіптендіру пəндерін меңгерудегі күтілетін нəтижесі олардың кəсіби біліктілігін түйінді құзыреттіліктер негізінде əлеуметтік-құқықтық, ақпараттық – технологиялық, тілдік  аясында  өзбетінше көтере білу жəне жүзеге асыру қабілетіне байланысты екендігін үнемі назарда ұстау.

Университеттің педагогикалық факультеттерінде студенттердің кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін кеңейтуге арналған ғылыми жобалар түрлерін ұйымдастыру жəне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет.

Қарастырылып отырған мəселе өте ауқымды жəне тың болғандықтан, ол толық зерттеліп болды деуге болмайды. Келешекте болашақ мамандардың кəсіби құзыреттілігі қалыптасуының біртұтас жүйесін студенттердің зерттеушілік, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бағыттарында құруға болады.

 

Əдебиеттер

 

  1. Ананьев Б. Г. Некоторые проблемы психологии взрослых. – М., 1973. – С. 28-30.
  2. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1977. – С. 30-32.
  3. Рубинштейн С.Л. Мотивы поведения деятельности. – М.: Наука, – С. 13-14.
  4. Ковалев В. И. Мотивы поведения и деятельности / АН СССР, Ин-т психологии. – М., 1988. – С. 13-15.
  5. Бодалев А.А., Рудкевич Л.А. Как становятся великим или выдающимся. – М.: Просвещение, 1997. – С. 23-25.
  6. Кан-Калик В.А. К разработке теории общего и профессионального развития личности специалиста в ВУЗе // Формирование личности специалиста в ВУЗе: сб. науч. тр. – Грозный, 1980. – С. 5-13.
  7. Кузьмина Н. В. Очерки психологии труда учителя. – Л., 1997. – С.
  8. Маркова А.К. Психология труда учителя.– М., 1993. – С. 19-21.
  9. Вачков И.В., Гриншпун И.Б., Пряжников Н.С. «Введение в профессию «психолог»»: учебное пособие / под ред. И.Б. Гриншпуна. – М.: Издательство Московского психолого-социального института. – Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2002. – С. 46-48.
  10. Самоукин А.И., Самоукина Н.Б., Шишов А.П. Психология бизнеса. – М: Ассоциация авторов и издателей «Тандем», Изд-во Экмос,– С. 27-29.
  11. Психология. Словарь / под общ. ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. – М: Политиздат, – С. 49-50.
  12. Якунин В.А. Педагогическая психология: учеб. пособие – 2-е изд. – СПб.: Изд-во В.А. Михайлова, 2000. – С. 32-34.
  13. К проблеме профессионального становления личности // Проблемы развития и формирования личности в современных условиях: сборник статей и тезисов. – М.: Изд-во «Гуманитарный институт», – С. 71-73.
  14. Профессионально-личностные особенности студентов-психологов // Проблемы развития и формирования личности в современных условиях: сборник статей и тезисов. – М.: Изд-во«Гуманитарный институт», – 2004. – С.74-76.
  15. Вачков И.В., Гриншпун И.Б., Пряжников Н.С. «Введение в профессию «психолог»»: учебное пособие / под ред. И.Б. Гриншпуна. – М.: Издательство Московского психолого-социального института. – Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2002. – С. 46-48.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.