Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан әлеуметтануының қайнар көзі

Қорқыт ақын және жазушы (VIII ғ.), ақыл ды ойшыл, қиын жағдайға душар болғандарға ақылкеңес  берді  және  ол  соғысқа  аттанатын батырларға жеңіс тілеп, батасын берген. Қазақ халқында Қорқыттың аты қобыз жасағандығы мен жария болды М.О. Әуезов «Мұны көрген Қорқыт өзінің жалғыздығынан шырғай ағашы нан бірінші қобызын жасап, оған ішектер тар тып, өзінің толғандырған ойлары мен сезімін суреттей отырып, қобызда ойнады. Бұл әуенге ол өзінің барлық жанын салды. Осылайша оның керемет әуендері барлық әлемді жаулап, оларды баурап алды», – деп жазды [Ауэзов М.О., Собо лев Л. Эпос и фольклор казахского народа // Ли тературный критик. 1939. №1011].

Қорқыттың әуендері мен мотивтер халық арасында ең көп тарағандардың бірі болып та былады. Олардың ішінен «Қорқыттың  мотиві»,«Саймақты сары өзен», «Бозайғыр» және т.б. Қорқыттың дүиентанымы ежелгі, зорастрийлік ұстанымдар сараптамасы болды да, пұтшылдық пен исламның жаңа сенімімен бірікті. Дәстүр лер Қорқыттың, мифологиялық тақырыптар мен коллективті бейнедегі өмірді сүюіне әсер етті.

ӘлФарабидің қайырымды қала және қо ғамды толығымен қамтамасыз ету қажеттілігі кейінгі қоғамдық ойдың қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Адамдар өздері әсер ететін қо ғамда өмір сүреді, сондықтан да оның қалыпта суы үшін заңдар мен ережелерді басқару қажет. Оларға табиғатынан барлық нәрсеге қол жеткізу мүмкіндігі бірдей бөлінген, сондықтан да бас қарушылардың ісәрекеттері бірінші дәрежелі маңызға ие, олар нақты философиямен қанат тандырылып, қоғамды қайырымдылыққа алып келуге ықпал жасады.

Адам «таза парақ» сияқты, қоғам оған не жазғысы келсе соны жазады. Онда жақсы құн дылықтар мен нормаларды қалыптастыру қажет, сол кезде ғана басқарушыфилософтар жақсы жағдаймен, географиялық ортамен және өзін өзі белсенді тәрбиелеу мүмкіндігіне қол жет кізеді. Адам мінезқұлқының нормаларын өзі қалыптастырады. Айта кетсек, барлық сапалар ісәрекеттің шектеуіне тәуелді. Осылайша, аса батылдық шектен шығуға, ал оның жетіспеуші лігі қорқақтыққа алып келеді. Қолы ашықтық тан сараңдыққа, ақылдылық – сайқымазақтық және қалжыңдық сезімі жоқ болуына, адалдық тан – күдік пен қулық, достықтан – жалпыл даушылық пен менмендікке ауысып отырады, сондықтан да, бақытқа жету адам үшін жоғары мақсат болып табылды. Нақты бағытталған іс әрекет үлкен жетістікке қол жеткізуге ылпал ет ті [Орынбеков М. Философские воззрения Абая.Алматы: Билим, 1995].

Қоғамның құрылымы адамның биологиялық организміне ұқсас әлеуметтік организм. Бас қарушының  қызметі  адам  емдейтін дәрігердің қызметімен бірдей десек те болады. Бірақ бас қарушы денені емес, жанды емдейді. Қоғам – ойшылдың айтуы бойынша қажеттіліктер мен еңбек бөлінісі десе де, ол адамдардың рухани қауымдастығы.

Қоғамдық өмірді зерттеу – илм алмадания (қала мемлекет) әл Фарабидің ғылыми мұра сындағы негізгі орынға ие болады. Қоғам құ рылымы теориясына ол бірқатар еңбектерін арнады, соның ішінде «Қайырымды қала тұр ғындарының    көзқарастары  жайлы  трактат», «Бақытқа жету кітабы». «Бақыт жолын көрсету» атты еңбегі оның жанжақты жүйесінің қоры тынды бөлімі болды.

ӘлФараби қоғам өмірінің мәселелерін зерт теу барысында келесі сұрақтарды қарастырды:

  1. Қоғам жайлы ғылымның объектісі мен пәні анықтау.
  2. Философия тұрғысынан әлеуметтік бір лестіктердің түрлері мен құрылымы, пайда бо луы мен құрамы.
  3. Қала – мемлекет, қалалық бірлестіктер дің өмірі мен ерекшеліктері, мемлекет және оны басқарудың түрлері.
  4. Адамның қоғамдағы орны мен міндетте рі, еңбек ісәрекеті, құндылығы және тәрбиесі.
  5. Мемлекеттік бірігудің мақсаты, бақытқа жетудің жолдары мен тәсілдері.

Үлкен өмірлік көзқарастары мен өмірлік ақ параттары, идеалдық қоғам нормалары, саясат, ғылым мен мәдениет салалары туралы мәлі меттер Жүсіп Баласағұнның энциклопедиялық туындысында қарастырылған.

«Құтадғу білік» (Благодатное звание) еңбе гінде адамдардың өмір сүруінің тәжірибелік ба ғыттары анықталған, нақтырақ айтсақ, минист рге, топ басшысына, хатшыға, елшіге және т.б. қажетті сапалары суреттелген.

Ол әртүрлі жіктерге тән адамдардың қоғам дағы мінезқұлқының тәртібін, қоғамның әлеу меттік иерархиясын игеруде маңызды орынға ие болатын басшы мен бағынышты арасындағы қа рымқатынас немесе адамдық қарымқатынас тың ережеге сай құрылымын құрудың қажетті лігін толығымен сипаттап береді. Мұнда өзіндік адам философиясы мен қоғам қалыптасады, яғ ни қоғамда өмір сүретін әлеуметтік шындық өз орнын табады.

Әлемді бағындыру үшін білімнің мәнділігі жайлы мәліметтер Баласағұнның тезистерінде зерттелген. Макрокосмос (әлем) және микро космос (адам) мәселесі Баласағұн адам мен дү ниетанымдық  ойлаудың  негізі  болды.  Біз байқап отырған әлемдік үйлесімділік негізінде әділ қоғамды құруымыз қажет, осыдан келіп ғылым мен білімнің фундаменталдық рөлінің маңызды лығы айқындалады.

Білімді өмірге енгізуіміз керек, яғни, қараң ғы бұқараны білім нәрімен сусындатуымыз қа жет. Олар білім бұл – элексир, ақыл – керемет сарай екендігін ойламайды, оған ұмтылмайтын әрбір адам еріксіз өзінөзі шеттетеді. Таным жолында қайырымдылыққа жетеді, ол тақсыр ды да, ойшылды да, шенеунікті де адам сүйгіш тікке бағыттайды. Таным мәңгілік өмір сүретін қайырымдылық жолына жетелейді.  Алайда,  бұл өмірде жиі сенімсіздікпен қарайсың, себе бі уақыт сондай немесе достар қатыгез болуы мүмкін.

Өмірдің мәнін түсінуде адамды тәрбиелеу мен қалыптастыру үлкен мағынаға ие. Егер құ дай бүкіл әлемнің жаратушысы болса, онда ана мен әке ұрпақты жалғастырушы ретінде өзде рінің балаларын тәрбиелеуі қажет. Атаананың негізгі мақсаты – балаларына өткенді ғибадат ету мен атабабаларын сыйлаудың қажет екенді гін санасына жеткізу. Олар балалар үшін қоғам да да күнделікті өмірде де үлгі болуы тиіс.

Махмұд әлҚашғари өзінің саяси мәселелер қатарымен түркі халықтары орналасқан бар лық облыс аймақтарында болды. Сол кездегі салжұқтарға тиеселі болған Бағдад  қаласына  да Қашқари кітап жазу туралы ой түйген бола тын. Онда түркі халқына жанжақты сипаттама берілді, оның менталитеті, әдетғұрпы, геогра фиялық орналасуы, соның ішінде тіл мәселесіне баса назар аударылды.

Махмұд әлҚашғаридың «Дуани лұғатат түрік» атты атақты кітабында түркі энциклопе диясы туралы мәлімет берілген. Онда тарихи мәдени, этнографиялық және лингвистикалық ақпараттар жайлы толығымен жинақталған. «Ди ван» алҚашғари – түркі мәдениетінің ескерт кіші, ХІ ғасырдағы түркі халқының дүниені қа былдауы, этикалық құндылықтары мен норма ларын сипаттаған болатын. Кітапта ежелгі зо растрилікшамандық өмірді танумен қатар жаңа идеологияның элементтері – исламның суфизм сияқты ағымдары да қарастырылған.

Махмұд әлҚашғари адамның руханиқұн дылықты негізіне баса назар аудартатын түркі хақының қоғамдық өмірінің бағытын зерттеген. Құдай мен адамның, индивид пен дүниетаным ның, жан мен тәннің, рух пен жүрек ұғымдары түркілердің ісәрекеттері мен қызығушылық тары  ретінде  адамгершілікке  біріктірілді.  Бұл мораль мен адамгершілік бастауды осы халық өкілдерінің өмірінің бастамасы болды. Адам өміріндегі барлық өмірлік ісәрекеттер адамгер шілік позициясынан бағаланды.

Оған түркілердің табиғатқа жақын екендігі және онымен бірге екендігі көмектесті. Қазақ халқының қалыптасуы өзінөзі сақтау мен өз ұрпағын жалғастыру мәселесі, халықтың өзара қолдауына үлкен мән берді, бұл моральдық қа рымқатынастың алғашқы базасы болды.

Махмұд «Диуани лұғат аттүрік» еңбегінде ғасырлар бойы ұжымдық өмір тәжірибесімен сақталған түркілердің дәстүрлері мен әдетғұ рыптарының, үлкендерді сыйлаудың мағынасы туралы жазады.

Түркі этносын, оның ерекшеліктері мен пай да болуын тану жас ұрпақты туған жер мен Отан ды сүюге, яғни патриоттыққа тәрбиелеу үшін ана тілін зерттеуге деген қажеттілікті туғызды.

Махмұд тіл дегеніміз барлығының бастама сы деп білді, яғни ол тәрбиенің басы, байланыс қан сөзді тіспен де ажырата алмайсың, дұрыс айтылған сөз ғылым мен білімді тануға алып келеді дейді. Бұл барлық түркі тілдерінің аста рында сақталған сөздерді, ақылдылықты түсіну ге бағытталған.

Қазақстандағы суфистік философияның қа лыптасуы ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің есі мімен байланысты болды. Қожа Ахмет Ясауи өзінің көзқарасы бойынша суфист болды, аске тизм мен шектеуді ислам ішіндегі мистиканы зерттеуші.

Суфизмдегі негізгі болып тұрмыстық бірлік табылды, ол үш деңгейден – абсолюттен, есім дер мен архетиптен, феноменалдық әлемнен кө рінеді. Абсолют – бұл құдай, шындық, бір ғана нақты шынайылық, әлем құдайдың көлеңкесі, ал оның арасында есімдер тұрады, олар абсолют ті және материалдық тұрмыс арасында болады. Осы «атақты есімдер» құдайдың модустары мен атрибуттарын көрсететін теологиялық катего риялары және философиялық ұғымдары болып табылады. Мұнда неоплатонизмнің әсері байқа лады, идеялар иерархиясы болады, олар өз бе тімен шынайылыққа ие бола алмайды, тек қана біршама жоғары идеялардың пайда болу форма сы ретінде ғана қызмет атқарады, ал олар болса, өз кезегінде одан да жоғары болып көрінеді.

Әлемдегі барлық өмір сүрушілер құдайға қатынасы жағынан екінші рет пайда болғандар. Бұл неоплатонигінен келген, біріккен тұрмыс триадасында өз ішінде болады, кейіннен өз шең берінен шығып, соңынан қайтып өзіне оралады.

Бұл қайта олар қалыптасқан адаммен жүзеге асырылады, ол – құдайдың туындысы, оның қо рытындысы болып табылады. Ол өзінде құдай дың туындысы ретінде оның мөріне ие болады. Сондықтан да адам универсумның ең қалып тасқан тіршілік иесі, ал басқалары Құдайдың атрибуттарының, көптеген аспектілерінің бірі ғана. Адам құдай туындыларының барлық фор маларын өзіне жинақтайды, тіршіліктің барлы ғы сонда интеграцияланады да шынайы әлемді біріктіреді. Әлем макрокосмос болса, ал адам – микрокосмос.

Бұл адамға барлық тұрмыстың өлшемі бо луға мүмкіндік береді, ол тек қана микрокос мос қана емес, ол құдай мен әлемнің арасында ғы бірлікті қамтамасыз етеді. Тұрмыстық бірлік идеясы, құдайлық субстанция барлық тіршілік тің имманентті себебі болады, ол өмірлік, соны мен бірге, күнделікті қозғалыста және ол әртүр лі формаларда пайда болып отырады.

Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда ірі феодал Құнанбай Өскенбаевтың  отбасында Шыңғыс тауында Семей облысында дүниеге келген. Абай аристократиялық отбасынан жан жақты білім алды. Ол бір жағынан орта мектеп және рухани семинар болып табылатын мұсыл мандық оқу орнына медресеге барды. Сонымен бірге, Абай орыс мектебінің де оқушысы болды. Оның әлемді тануына бір жағынан шығыс ой шылдары мен ақындары (Фирдоуси, Алишер На вои, Низами, Физули, Ибн Сина), ал екінші жа ғынан орыс классиктері әсер етті. Орыс  әдебиеті арқылы ол батыс Еуропа әдебиетімен танысты. Абай, өз халқын батыс мәдениетінің жетіс тіктерімен таныстыру міндеті деп есептеді. Ол батыс әдебиетін насихаттаушы мен аудармашы ретінде болды. Оның аудармаларының ішінде: Лермонтовтың, Гете мен Байронның өлеңдері, Крыловтың баснялары, Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасы. Абай жаңа өлең өлшемдерін құрып, өлең құрастыру жүйесінің реформаторы болды. Сонымен бірге, алты және сегіз жолдық өлең қатарының жаңа формаларын ойлап тапты. Ақын қазақ қоғамының мәселелесіне баса назар аударды. Ол әлеуметтік жәбірлеу мәселесі қатты толғандырды.

Абай 170ке жуық өлеңдер мен бірнеше поэмалардың авторы. Оның атақты туындыла рының бірі «Қара сөз» поэмасы. Поэма 45 бө лімге бөлінген болатын. Онда Абай тарих, пе дагогика, мораль мен құқықтың мәселелерін қозғайды. Сонымен бірге, тұлғаның әлеуметте ну үрдісі, оның құрылымы мен маңыздылығын бейнелейді. Әлеуметтенудің жағымды үрдісі ол жақсы қоршаған ортадан көреді.  Жетінші  қа ра сөзінде: «Бала екі бастамаға ие бола отырып өмірге келеді. Оның бірінші тамақ, су мен ұйқы ны талап етеді. Бұл – тән қажеттілігі, онсыз тән өсіп нығаймайды. Келесісі танымға деген ұмты лыс. Жас бала ашық заттарға ұмтылады, олар ды аузына салады, дәмін көріп, бетіне басады. Есейе келе, тынышы кете бастайды, көзі көріп, құлағы естігендердің барлығы жайлы сұрай бас тайды. Бұл не? Не үшін? Ол неге олай істейді? Бұл, барлығын естіп барлығын үйренгісі келген жан қажеттілігі».

Абай адамдағы әлеуметтік және биоло гиялықты нақты ажыратып береді, оның таби ғи бастамасы мен әлеуметтік дамуын талдайды: «адам баласы өмірге ақылды болып келмейді. Тек есту, дәмін көру арқылы ғана жақсы мен жа манның айырмашылығын ажыратады».

Абай ілімінде қоғам мен адамның даму про цесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі – төменгі са ты, онда белгілі бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл «жарым адамның» ауыр, ұзақ, бақытсыз өмірі, ол адамды Абай жану арға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материал дық молшылыққа қол жетеді, ақылой арқылы рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың не гізі танылады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды «адам» деп атайды. Үшінші деңгейде адам та за рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған «толық адам» жетеді. Алай да, бұл деңгейге жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткі зе алады, сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді.

Қоғамдық прогрестің қозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін  прогресс қоғамның алға жылжуы, оның жоғары сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлға ны қоса қамтиды. Төменгі саты – бейберекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы – тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепетең дігінің үйлесуі.

Жалпы классикалық ағарту ісінде мәселелер келесідегідей бөліктерге бөлінеді: адам, оның әлеуметтік мәні, білім, білім беру, ғылым, әлеу меттікмәдени құндылықтар жүйесі, қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтікэкономикалық және саяси қызметі, адам тыныстіршілігінің меха низмдері, тәсілдері мен әдістері.

Зерттеулердің орталық фигурасы адам, оның табиғаты болып келген, солай бола береді де. Қазақ ағартушылары жеке адамды ғана емес, қоғамды, әлеуметтік шынайылықты да адам та биғатын басшылыққа ала отырып бағалаған. Қоғамдық құрылымының артықшылықтары мен кемшіліктері осынау әлеуметтік организм нің адамның негізгі қасиеттеріне, оның табиға тына сәйкес келуімен немесе сәйкес келмеуімен анықталған. Мәні адамның мәніне қарамақай шы келетін қоғам ақылоймен жаңаруға тиіс. Қоғамдық прогрестің басым идеясы әлеуметтік тіршілік иесі және рухани бастау ретіндегі адам болып табылады.

Абайдың барлық шығармашылығы адам ның табиғатын, оның әлеуметтік мәнін түсіну ге арналған. Ойшыл: «Тұлғаның жалғыз қалуын оның өліміне теңей отырып, адам мәнінің әлеу меттілігін көрсетеді».

Оның айтуы бойынша «меннің» жекелігі не месе индивидуум абстракция болып табылады, яғни, «мен» жалғыздықта, жеке оқшау қалғанда және тұйықтықта емес, қоғамда, өзінің арала сып, қарымқатынас жасайтын басқа адамдар дың ортасында жүзеге асады. Жеке тұлға – қоғамның және қоғамдық қатынастардың айнасы. Адам өз заманының баласы. Егер ол жаман бол са, онда оған оның замандастары кінәлі».

Сонымен қатар, ол білім мен  еңбек  сияқ ты құндылықтардың әлеуметтік бағыттылығын атап көрсетеді. Мысалы, өзінің игілігі үшін ет кен еңбекті ол әлеуметтік мағынасы жоқ еңбек деп қарастырады. Басқа біреудің игілігі үшін ең бек ету – адамдық міндет болып табылады.

Өз халқының әлеуметтік қиындықтарының түбірін қазақтардың өздерінен көреді. Ол олар ды надандыққа, менмендікке, ақымақтық пен еріншектікке айыптады. Халық не болса со  ған, яғни көңіл толмайтын нәрсеге де қуанады. Қуана отырып, ол қалыпты жағдайын жоғалта ды да, өзінің қайғырғаны мен істеген ісін ұмыт қалдырды.

Абай мұрасының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтіксаяси және экономикалық қарымқа тынас сипатындағы әлеуметтік мінезқұлықтың қалыптасуын, салтдәстүрді, әдетғұрыпты зерт теудің қайнар көзі болып табылды. Оның дәле лі ретінде, ХХ ғасырдағы тарихты, әдебиетті, этнологияны, философияны зерттеуде Абайға сүйенбеген ешқандай дерек көре алмаймыз.

А. Бөкейхановтың жазуы бойынша: «Абай жиырмасыншы  жылдарға  қарай  ұлттық білгір ретінде бірінші оратор мансабына ие болды, яғни ол күнделікті тұрмыстіршіліктің барлық мәселелеріне шешім таба білді. Оны ойшылды ғына қарай жүретін ұлттық афоризмдер жинағы деп атады».

Осылайша, жоғары айтылғандарға орай Абайдың әлемдік таным көзқарастарын келесі құрылым бойынша көрсетуге болады:

  1. Жалпы адамдық құндылықтардың маңыз дылығы, Қазақстан қоғамының біртұтастығы туралы қалыпты қалыптастырды.
  2. Шығыс пен Батыстық дүниетаным негі зінде өзінің философиясын құрды, ол бірінші  рет диалектика концепциясы мен қозғалыс, даму идеясын мойындады. Осы көзқарас тұрғысында ол халықтың тағдырын, қазақтардың шаруашы лықмәдени типтерінің өзгеру мүмкіндігін, онда ғы шаруашылықтың көшпенді, отырықшы және жартылай көшпенді тәсілдерін, қоғамның рухани және экономикалық жағдайын сынға алды.
  3. «Өркениет» терминіне сүйенбей, Абай қа зақ даласындағы әлеуметтік өмірдің ірі масш табтағы түрін ұйымдастырудың болғандығын көрсетті. Қоғамдық өзара байланыстың рухани формасы жайлы да айта кету қажет. Олар база лық мағынаға ие және қажетті компоненттерде жүзеге асады.

Шәкәрім Абайдың рухани мұрагері болып табылады.  Шәкәрім  Құдайбердиев  1858 жылы11 шілдеде Семей облысында дүниеге келді. Саясатпен айналысты және билік басында қыз мет етті. Шығармашылықпен толығымен 1898 жылы қырық жастан кейін ғана айналысты. Бел гілі бір жүйе бойынша батыс және шығыс әде биетін зерттеді, Шығыс ойшылдары мен ақын дары Хафиз, Физули, Навоидің еңбектерімен, сонымен бірге Байронның,  А.С.  Пушкиннің,  Л. Толстойдың туындыларымен танысты. Оның Хафизді қазақ тіліне аударуы техникасы мен шеберлігінде теңдесі жоқ аударма болды, соны мен бірге Пушкиннің «Дубровский» повесін ке ремет аударып шықты. Араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерген. 1903 жылы орыс Императорлық географиялық қоғамының Ба тысСібір бөліміне мүше болып тағайындалды.

1906  жылы  Меккеге  қажылыққа  барады (Б. Қанапьяновтың атасы – Қанапияқажымен бірге). Мысырда, Стамбулда болып, ол жақта кі тапханада жұмыс жасап және алған кітаптарын Семейге жіберіп отырды. Оның өмірінің соңғы жылдары 19051907 жылдардағы революцияға, бірінші дүниежүзілік соғысқа, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалысқа, ақпан және қазан көтерілісіне, азаматтық соғысқа, кеңес би лігін орнатумен және ұжымдастыру кезеңімен сәйкес келді. Ұлтазаттық «Алаш» қозғалысына қатысты.

Большевиктердің билікке келуі қазақ хақы ның дәстүрлі өмірінің бұзылуына алып келді. Осы жағдай Шәкәрімді қатты толғандырды: «не үшін, кім үшін бұзылып жатыр және оның орны на не келеді?» деген сұрақтарға жауап іздеумен болды. Ал ұсынылған нәрселер қазақ халқының көп жыл бойы жиналған құндылықтарымен са лыстырғанда ешқандай мәні жоқ еді. Сондық тан да ол социалистік идеяны қабылдаған жоқ. Сонымен бірге, ол күшпен құрылған мемлекетті қабылдай алмады. Осындай жағдайда да ақын өлеңдер мен жаңа туындылар жазуына тура кел ді. Сондықтан да ол мұндай қоғамнан кетуді ұй ғарды.

1922 жылы Шәкәрім Шыңғыстау тауында ғы Шақпан елінде жалғызілікті өмір сүрді. 1931 жылы 2 қазанда сот үкімінсіз жасырын түрде атылды. Ұлы талант иесі, ірі ғалым көптеген жылдарға ұмытылды. 1958 жылы 29 желтоқсан дағы бұрынғы КСРО прокуратурасының шеші мімен Шәкәрім ақталып шықты, алайда осыған қарамастан «ұлтшылдық» және басқа да кінәла ры үшін ақынның шығармаларына тыйым са лынды.

Шәкәрім өмірі барысында «Қазақтар айна сы», «ЕңлікКебек» және «ҚалқаманМамыр» поэмаларын  жазды.  19131924  жылы  «Абай»,«Айқап», «Шолпан» журналында, «Қазақ» га зеттерінде жеке өлеңдері, мақалалары мен эссе лері жарық көрді. «Абай» және «Шолпан» жур налдары оның Хафиз аудармасы мен Физулидің

«Ләйлі мен Мәжнүн» поэмасын басып шығар ды. 1936 жылы Алматы қаласында «Әдебиет майданы» журналында А.С. Пушкиннің «Дуб ровский» және «Дауылдар» поэмаларының ау дармасы шықты.

Шәкәрім қоғамға ғылымилық деген ұғымды енгізді. Ол қоғам мен тұлғаның даму прогресін зерттеуді жалғастырды. Батыс пен Шығыстың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, терең шығармашылық пен ойшылдыққа ие болды. Оның шығармашылық мәдениеті оның «туған жері мен туған тілінен» өрбиді. Ол орыс рево люциялықдемократиялық қоғамдық пікірмен жақсы таныс болды.

Ол, адамнан биологиялық және әлеуметтік бастауды көреді. Адамда екі қажеттілік бар дей ді: олар жан және тән қажеттілгі. Адалдыққа, еңбек етуге ұмтылу, ол жан қажеттілігі болып табылады. Өзінөзі қастерлеу, жақсы көру – бұл тән қажеттілігі. Кімдекімнің бірінші қажетті лігі жеңіп шығатын болса, онда ол кез келген зұлымдыққа баруға дайын болады. Екінші қа жеттілік бұл риясыз еңбек пен жақсы ісәрекет терден басқа ештеңені көздемейді.

Шәкәрімнің  «Үш  анық»  еңбегінде  Абайдың «моральдық философиясының» жалғасы деп жаз ды. Автор негізгі үш аспектіге бөліп көрсетеді:

  1. Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сыни тұрғыда зерттейді. Спенсер мен Конттың ғылыми теорияларын нақты тал дай келе, олардың көзқарасына өзінің жеке ұстанымын білдіреді.
  2. Ол басқа дамыған халықтың білімін өз халқына жеткізуге тырысады.
  3. Шынайы ғылымды іздеу – бұл басқа мә селелерден бас тарту. Ғылыммен еркін, ешкімге қарайламастан айналысу қажет.

Шәкәрім өмірдің заттық қажеттілігін мойын дай отырып, адамдағы руханилықты, ойлау мен ақылдылықты да мойындайды. Тұлғаның таби ғи тәннен айырмашылығы, ол өз өмірін жақсар ту үшін ұмтылу мен мүмкіндіктері арасынан таңдауды өз қабылдауы бойынша жасайды.

Руханилықтың шегіне жеткен кезде ғана адам тұлғаға айналады да өз қызметін атқарады. Одан басқа адамдар өзінің биологиялық және психологиялық қажеттілігін қанағаттандырады, өз өмірінің мәнін іздейді және сол кезде ол «то лық» адамға айналады. Бұл индивидті тұлғаға айналдыратын құндылықты параметрлерге не гізделген негізгі өлшем болып табылады. Ұр пақ жалғастыруға ұмтылу мен өмір сүру үшін күрес индивидті адам етпейді, себебі, олар тек тәндік параметрлерге негізделген, ал өмір сапа сын, жан қажеттілігін игеру индивидті тұлғаға айналдырады деп тұжырымдайды.

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын қа малында туылған (бұрынғы Қостанай облысы Құсмұрын станциясы). Кейінірек оның атаана сы Көкшетау округіндегі Сырымбет елді меке ніне қыстауға көшеді. Ш.Уәлихановтың бала лық шағы Солтүстік Қазақстанның жазушылық ортасында Сырымбетте өтеді. Шоқанның  әкесі Шыңғыс Уәлиханов Құсмұрын округінің аға сұлтаны қызметін атқарады. Биографтардың айтуы бойынша, Шоқан балалық шағында 3 жылға жуық медреседе мұсылманша білім ала ды, шығыс жазба әдебиетінің және қазақ фоль клорымен таныс болған.

Патша әкімшілігінің адал қызметшісі, фео дал  Шыңғыс  Уалиханов  өзіне  лайықты  адам ды дайындауға бел буды. Осындай мақсатта ол ұлын 1847 жылы Омскіге Кадет корпусына оқу ға жіберді. Шоқанды Омскіге алып келген кез де, ол бір ауыз орысша білмейтін еді. Алайда, бірнеше айдан кейін талантты және кішіпейіл бала орыс тілін жақсы меңгеріп шығады. Оның орыс достарының бірі, сол Кадет корпусында оқыған, кейінірек атақты орыс саяхатшысы бол ған Г.Н. Потанин өзінің естеліктерінде былай деп жазды: «Шоқан өзінөзі дамыту барысын да орыс достарынан да асып түсті. Оның таби ғи қабілетінен басқа да жетістіктері көп болды. Демалыс күндері туысқандары мен таныстары бар кадеттерге қалаға шығуларына рұқсат беріл ді. Ал, Шоқанның қалада ешқандай таныстары да туысқандары да болмады. Бірақ, өте қабі летті қырғыз баласы ретінде оған көпшілігі қы зыушылықпен қарады. Сондықтан да, осындай ерекше құбылысты бағалайтындар демалысқа алып кетіп жүрді».

Шоқан өзінің сабақтан бос уақытында Омс кідегі қалалық кітапханада орыс демократиялық әдебиетімен танысты. Шоқан Уалихановтың қызығушылық шеңбері өте кең және жанжақты болды. Орыс классиктері мен әлемдік әдебиеті мен қатар, ол Азияның зерттеушілері мен сая хатшыларының ғылыми трактаттарын зерттеді. Соның ішінде оны қатты қызықтырғаны сол кез дегі «ақылдың адасуы» «Современник» журна лы сияқты әдебиеттер болды.

Алғашқы уақытта кадет корпусында Шоқан ға «бұратана» ретінде қарады да, Кадет корпу сының фундаментальды кітапханасынан кітап тар алып оқуға рұқсат етілмеді. Г. Потаниннің айтуы бойынша: «Шоқанға фундаментальды кі тапханадан кітап алуға рұқсат еткені, мен үшін үлкен бақыт болды. Ол бізге бәрінің қолдану ына мүмкіндігі жоқ кітапханадан «Палластың саяхаты» және «Рычковтың жазбалары» сияқты кітаптарды алып келген болатын. Сол кездеақ, Шоқанның бірінші арманы Орта Азия мен жұм бақ Қытайға саяхат жасау еді. Сондықтан да оның Кадет корпусында оқыған жылдары ал дағы саяхатқа дайындық болды. Ол Шығыстың филологиясын зерттей отырып, оған қатысты барлық кітаптарды оқып шықты.

Кадет корпусындағы алғашқы жылында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген, ол 1415 жасынан бастапақ көзге түсті. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқы ған. «Корпуста ойөрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар назар аударды. Ол сондай қабі летті еді, өзінен екі жас үлкендердің сыныбын дағыларды да білім, идея жағынан басып озды» - деп жазды бірге оқыған досы, этнографғалым Т.Н. Потанин.

Шоқан Уәлиханов Кадет корпусын 1853 жы лы бітірді. Кадет корпусындағы оқу мерзімі 6 жыл болатын, соңғы жыл «бұратаналар» үшін құпия болып саналатын арнайы әскери ғылым жайлы дәріс оқылды.

Кадет корпусын бітіргеннен кейін Ш. Уәли ханов карнет шенінде Сібір қазақорыс әскеріне жіберілді. Тапсырмаларды айрықша орындай тын жас офицерге Гасфорттың Батыс Сібір ге нералгубернаторы ерекше көңіл бөліп, артын ша 1854 жылы өзінің адъютанты етіп тағайын дады. Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметінің дамуына оның Омскідегі атақты Азия зерттеу шісі П.П. СеменовТяншанскиймен танысуы үл кен әсерін тигізді. Бұл оның 1856 жылы атақты ТяньШань мен Ыстықкөл саяхатынан келген нен кейін белгілі болды. П.П. Семенов Уәлиха новпен танысқаннан кейін, оның өз халқы үшін еңбек ететін, еңбексүйгіш және қайсар адам еке нін көрді. Ол оның Петербургқа барып шығы стану факультетінің арнайы университеттік кур сын тыңдауға ұмтылысын толығымен қолдады. Ш. Уәлихановтың ғылыми біліктілігінің да муына Батыс Сібір генералгубернатордағы жұ мысы жақсы әсер етті. 1855 жылы ол Гасфорт генералымен бірге Орталық Қазақстан, Тарбаға тай және Семиречье өңіріне бірқатар саяхаттар жасады. Уәлихановтың Гасфорт генералымен бірге жасаған саяхаттары жайлы былай деп жаз ды: «Уәлиханов қызметте болғанына 2 жылдан көп болмаса да, ол қырғыз тілі мен дәстүрін жақсы білгендігінен сол жердің халқы арасында ерекше құрметке ие болды. 1855 жылы ол мені қазақ даласына алып бару барысында үлкен пайда әкелді».

1856 жылы көктемде Ш. Уәлиханов пол ковник Хоментовскийдің Ыстықкөл аймағын зерттеуге бағытталған экспедицияға қатысты. Бұл аймақта орыс бодандығын қабылдаған қыр ғыз елі мекен етті. Осы аймақ арқылы көрші Қытайға қысқа сауда жолы өтетіндіктен Ресей үшін маңызды болды. Осы саяхат барысында Ш. Уәлиханов қырғыз халқының өмірі мен күн делікті тұрмыстіршілігімен танысып, флорасы мен фаунасына ғылыми сипаттама жасап, Қыр ғыз этнографиясы, тарихы және ауыз әдебиеті бойынша мәліметтер жинады. Осы жұмыста рының бөлігі «Жоңғар очерктері» атымен 1861 жылы Ш. Уәлиханов тірі кезінде «Орыс географиялық қоғам императорының жазбаларында» жарық көрді.

Қоғам және оның даму жолдары Ш. Уәли хановтың жұмыстарында көрініс тапты. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы прогрессивті ойларының алып жүрушісі ретінде Ш. Уәлихановтан бастау алады.

Ш. Уәлихановтың әлеуметтанулық көзқара сы адамзатты түсінуге арналған, ол табиғаттың бір бөлігі болғандықтан объективті ішкі әлем сияқты заңдылықпен дамиды. Осыған орай та биғат пен қоғам арасында ешқандай айрықша айырмашылық жоқ және болуы мүмкін емес. Қоғам да өсімдік әлемі сияқты жағымды жағ дайды талап етеді. Алайда, қоғам мен өсімдік әлемі арасында айырмашылықтар айтарлықтай. Олардың айырмашылығы қоғам мен табиғат заңдылықтары арасында болып отыр. Табиғат тың дамуы физикалық заңдармен, ал қоғамның дамуы әлеуметтік заңдармен жүзеге асады.

Ш. Уәлиханов Орта Азия қоғамының күнде лікті тұрмыстіршілігін, экономикалық, мәдени нормативтерді зерттей келе, оларды дәстүрлі деп сипаттайды. Қоғамдық дамуды айта оты рып, «табиғитарихи» дамуға баса назар ауда рады. Ол адам мен қоғамды табиғат дамуының нәтижесі ретінде қарастырады, тарихилықтан тыс этникалық нормалар мен идеалдарды жоқ қа шығарады. Адамдардың түсініктері мен көз қарастары тұтқындағы организм және басқа да қоршаған орта жағдайымен анықталады. Әлеу меттік құндылық мәселесін ол әлеуметтік мәнді лік тұрғысынан қарастырады. «Қырғыздар жай лы жазбаларында» ол бірінші рет қазақтардың өмірін, этникалық нормаларынан бастап сот ісі нормалары мен құндылықтарын зерттейді.

Ш. Уәлиханов бірінші рет қызғызқайсақтар дың құрылымдық тәртібін сипаттай келе, мәртебе лікрөлдік позицияларын ашып зерттеген. Қырғыз қайсақтардың  екі  бастауы  бар  дейді: ақсүйектер - күн сәулесінің нұрынан пайда болғандар және қаралар, ешқандай тылсым күштің қатысуынсыз адамдардан пайда болғандар (құлқұтандар).

Ш. Уәлиханов бірінші рет «каста» түсінігін қолданады. Ол стратификациялық құрылымды анықтау үшін пайдаланады. Ол касталар жай лы былай дейді: меншік иелеріманаптар және қарапайым халық (қара бұқара). Ежелгі орда ұрпақтары болып табылатын билік пен бағы ныштылық қатынас манаптың патриархалды құқығына құрылған. Билік шексіз сипатқа ие болды: манаптар қара халықтың басқарушысы, мұнда  билік  қорқыныш  пен  қаталдыққа негізделген. Түркі халықтарында билік патриархал ды билікке негізделген.

«Соттық реформалар жайлы жазбаларында» әлеуметтік, саяси, экономикалық реформаларын енгізу туралы айтылған. Ш. Уәлиановтың айтуы бойынша барлық реформалар халыққа қызмет етуі қажет. Дамудың барлығы сонда ғана көрі неді дейді. Тек осындай жағдайда ғана әлеумет тік организм бірқалыпты дамиды. Саяси билік жекеменшіктен жоғары тұрады. Оның айтуы бойынша адамдар билікті пайдалана отырып, халықты тонайды және соның есебінен өздері байыды деп тұжырымдады.

Ы. Алтынсарин 1841 жылы 2 қарашада Тор ғай облысы Николай уезі Арақарағай ауылында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып үлкен ағасының Балқожа бидің отбасында тәрбиеле неді. 1889 жылы 30 тамызда қайтыс болады.

Ы. Алтынсарин – мектеп білімі саласында ғы қоғам қайраткері, педагог және атақты қазақ өкілі. Оның атқарған қызметтеріне келетін бол сақ, 1864 жылы алғашқы қазақ мектебінің ашы луы, қазақ тілінде хрестоматияның шығарылуы және ислам дінін пән ретінде қазақ тілінде енгі зуі. Ол қазақ балаларын өз еліне пайдалы іспен және жер өңдеумен, шаруашылықпен айналысу ға, үйретуге ұмтылды. Хан әкімшілігі жергілік ті халықтан орыс тілінде іс жүргізе алатын ор та буын шенеуніктерін дайындады. Сондықтан да, Алтынсариннің қазақ балаларын орыс тіліне үйрету ұсынысына ешқандай қарсылық болған жоқ, бірақ білім кеңістігін дамыту туралы ойы қолдау таппады. Екінші жағынан жергілікті ха лық Ы.Алтынсариннің жаңалығына қарсы бол ды, оның қазақ балаларын оқытуын «шоқынды ру» және орыс әскеріне «солдаттық қызметке» дайындау деп түсінді. Шындығында да Ы. Ал тынсарин ескірген көшпенділік шеңберіндегі сенімге және ислам дінін өз пайдаларына қарай пайдаланушыларға қарсы шықты.

Ы. Алтынсаринге ағартушы ретінде әрбір адамдық индивидуалдылықтың дамуы үшін ғи бадатшылдық білім мен сенімді қорғаушылық қасиеті тән болды. Оның шығармашылығын жиі оқитындар, Алтынсариннің шығармаларының халықтың жоғын жоқтайтындығын көзі тірісін деақ бағалаған болатын. Ол өзінің әдеби шы ғармаларынан басқа халықтың рухын көтере тін ана тілінде хрестоматия жазумен, бастауыш оқуға арналған халық поэзиясы мен бірінші шығармалар кітабын құрастырумен айналысты. Ы. Алтынсарин тек педагог қана емес, ол теоре тикэтнограф, тарихшы, экономист және  сонымен қоса өз бастауларын қорғау және әртүрлі жағылған күйені ақтап, ретке келтіріп отыратын шенеунік болды. Ол оқу орнының ұйымдасты ру жұмыстарымен, маман жинау, мектепті жаб дықтау мен жарықтандыру, балаларға қамқор болу, қаржылай қамтамасыз етумен және т.б. айналысты.

Қыз балаларды оқыту мәселесі де Ы. Алтын сариннің атымен байланысты. Ол 1888 жылы қазан айының аяғында қазақ қыздарына арнал ған мектеп ашты және Торғай, Қостанай, Ақтөбе қалаларында интернаттар мен училищелердің бөлімдерін ашуға рұқсат алды. Ы. Алтынса рин өмірі барысында төрт 2 сыныптық орталық орысқырғыз училищесін: оның бірі шаруашы лық, бірі қыздарға арналған, бес болыстық және орыс балаларына арналған екі училище ашты. Сонымен қатар, оқытушылар мектебін де ашты. Ы. Алтынсарин мектеп ашып қана қоймай, балаларға арналған оқыту мен тәрбиелеудің дидактикалық принципін, «Қырғыз хрестома тиясын», «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудегі басқарудың бастауы» сияқты әдістемелік құралдар мен оқулықтар дайындады.

Ол білімді құндылық ретінде емес, әлеумет тік дамудың құралы ретінде қарастырды. Ол бі лім жүйесін балалар мен ересектерді оқытудың барлық әдістері мен құрылымы арқылы инсти тутционализацияландырды. Ғалым әрі педагог Ы. Алтынсариннің нақты әлеуметтік ісәрекет тері білімді қоғамды қалыптастыруға, жаңа өмір бейнесін құруға бағытталған болатын. Оның оқытудың әдістері мен жолдарын қоғамдық бай ланыстар мен қарымқатынастар жүйесін, көш пенді халықты басқарудың дәстүрлі институтта ры мен мәдениетін ғылымиәдістемелік талдау негізінде алған.

1882 жылы «Қырғыздардың қайғысы» жаз басында әкімшілік реформалар мен әлеуметтік базаның жүзеге асырылуының сәйкес еместігін көрсетеді. Яғни, қазақтардың өздерінің жерлері нен шеттетілгендігі турлы айтылады.

«Ең алдымен – дейді Ы. Алтынсарин, – да лалықтардың ұлттық өмірін жасанды жолмен өзгерту үшін, оларды осы өмірге үйрету қа жет, халықтың ішінде жер өңдеуден хабары бар адамдар бар ма, олар мұны қалай қабылдайды, бұл халық қандай жағдайда екенін анықтап ал ған жөн. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз даласын дағы аштық жайлы» деген мақаласында «істің табиғи жолы» туралы нақты айтылған. Ол халықты отырықшылыққа үйретумен айналысса да,  «мәжбүрлеу»  арқылы  көшпенділіктен отырықшылыққа «тез арада  ауыстыру»  жобасы  на қарсы болады. Себебі, орыc шаруаларына қарағанда қазақтар жер өңдеуден хабары жоқ болғандықтан, мұндай жоба халықты қанау бо лып табылады. Алтынсарин нақты мәліметтерге сүйене отырып, қазақтардың «ғасырлық күнде лікті өмірді» отырықшылыққа ауысуына өздері де ұмтылыс көрсеткендігін дәлелдейді. Осыған орай ол аймақтағы малшауашылығының бола шағы бар екендігін айтады. Кейбір уездерде жер өңдеудің ешқандай болашағы жоқ екендігін, ал малшаруашылығын дамыту тиімді екендігін дә лелдейді. Осындай ескертулерге қазір де ойла нуға болады.

Ресей патшалығы заңдарымен анықталған сайлау тәртіптерімен келісу қиынға соқты. Сай лау тәртібі Қазақстанда да болды, хандар сайлау шылар арқылы емес, жасына, қоғамда алатын орнына, қабілетіне қарай алдын ала дайындал ған ұрпақ өкілдері сайланатын болған.

Ы. Алтынсарин өзінің жазбаларында патша лық басқармадан 1868 жылғы уақытша ережені қазақтардың көзқарастарымен және күнделікті жағдайларын, салтдәстүрлерін ескере отырып өзгертуді сұрады, себебі, орыс және қазақ бас шыларының билікті жеке мүддесіне пайдалан бас үшін халық билік пен сотты өздері таңдауы қажет деді.

Ы. Алтынсариннің дүниетанымдық элементі ретінде ислам жайлы трактовкасын айтуға бола ды. Ол ислам туралы оқулық жазды. Ы. Алтын сарин либералды ислам позициясын ұстанды. Оның барлық шығармашылығы халықтың дәс түрі мен әдетғұрпын жаңарту идеясына алып келді.

Ы. Алтынсарин қазақтардың әлеуметтік жағдайын қарастыра отырып, байлық пен кедейлік мәртебесін анықтайтын, негізгі меншігі болып табылатын белгісі – мал басы арқылы құ рылымдайды. Ғалым мүліктік меншігіне қарай жоғарғы және төменгі шекараны «төрт түліктің» санына қарай анықтағанын айта кету керек. Қа зіргі тұжырым бойынша бұл ақшалай эквивале нттегі күнкөріс минимумымен салыстырғанда бай мен кедей деңгейінің кіріс көлемі деген ин терпретацияға ие болады.

Мұндай зерттеулерді елемеу әкімшілік, кейіннен Кеңес Одағы басшыларының ұжым дастыру жылдары қазақ шаруашылығын шашы ратып таратуға алып келді. Жаңа басшылардың көзқарасы бойынша оларға таныс емес тәсілдер мен амалдармен шаруашылықты жүргізу өте үл кен өлшемдік сипатқа ие болды. Осы тұрғыда Ы. Алтынсариннің зерттеуі сол кезеңдегі әлеу меттік реформалардың дұрыс саясатын жасау мен жүзеге асыру үшін өте маңызды қызмет ат қарды.

Қазақстандағы әлеуметтік ойды қалыптас тыру кезеңдерін анықтау үшін келесі критери лерді қарастыру қажет:

  1. Қоғамның әлеуметтік және саяси негізінің өзгеруімен байланысты қоғамға деген ғылыми және қоғамдық көзқарастардың өзгеруі.
  2. Қоғамдық дамудың жаңа парадигмалары ның пайда болуы.
  3. Социумдағы әлеуметтіксаяси дәстүрлі ойлардың қалыптасуы.

Мұны жоғарыда көрсетілгендерді сипаттай отырып, келесі этаптардан көруге болады:

  1. Қазақ интеллигенциясының ұлттық дамуы мен ұлттық мемлекеттілігі идеясының пайда бо луы (18901917 жж.).
  2. Революциялық қайта құру. Әлеуметтануға тыйым салу. Әлеуметтану буржуазиялық ғылым ретінде танылады (19171937 жж.).
  3. Қоғамдыққа альтернативсіздік идеялары мен көзқарастары, сталинизм идеологиясымен нығайтуы әлеуметтануда теориялық ұстаным дар жасалмады (19371954 жж.).
  4. Мемлекеттік және қоғамдық құрылымды түсіну капиталистік альтернативаға сай болды. Әлеуметтанудың тарихи материализмі мен ғы лыми коммунизм негізінде дамуы. Әлеуметта нудың ғылым ретінде институтционализацияла нуы қалыптаса бастайды (19541985 жж.).
  5. Елдегі социалистік қоғам жүйесінде жүйелі өзгерістер, әлеуметтіксаяси және эконо микалық өмірінде түпкілікті жаңарулар болды. Социологиялық зерттеулер қолданбалы сипатқа ие болды (19851991 жж.).
  6. Қазақстанның зайырлы мемлекет ретін де өзіндік даму кезеңі. Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасу кезеңі, әлеуметтанулық бі лімнің институтционализациялануы, білімді ин тернационализациялау мәселесін талқылау және Болондық процеске өту. Әлемдік әлеуметтану лық кеңістіктегі интеграциясы, қалыптасуы мен құрылуы (1991 бүгінгі күнге дейін).

Бірінші кезең қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын өзгертуге ықпалын тигізген Қазақ станның әлеуметтіксаяси өмірін жандандырумен сипатталады. Бұл жаңа әлеуметтік топтың – ұлт тық интелигенцияның қалыптасуына алып келді. Интеллигенция екіге бөлінді. Бірінші элитаға жо ғары білімі бар немесе аяқталмаған жоғары білімі барлар, яғни феодал бай ортадан шыққандар кірді. Интеллигенцияның екінші тобына – гимна зияның, медициналық және жоғарғы бастауыш училищелер, мұғалімдік семинарларды бітірген дер кірді. Кәсіби құрамы: оқытушылар, техник тер, қараушылар, дәріханашылар, фельдшерлер, пошта және банк қызметкерлері, газет және ти пография жұмысшылары, медициналық ұйым дар және т.б. болды. Олар ірі діни, прогрессив тібуржуазиялық, халықтықдемократиялық ба ғыттағы,  яғни  халықтың  сауатты, саясиланған бөлімінің мүддесін қорғады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.