Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі Ирандағы парсы тілінің саяси рөлі

Қазіргі Иран аумағында иран тілдерінде ғана емес, сонымен қатар түрік және семит тілдері семьясына жататын тілдерде сөйлейтін әртүрлі ірілі-ұсақты халықтар мен тайпалар тұрады. XX ғасырда Иранның билеуші топтары парсы тілін елде мекен еткен сан алуан этнос өкілдерінің басын біріктіретін фактор ретінде таныды. Өткен ғасырдың 30-40 жылдары Иран үкіметі елді жаппай ирандау саясатын жүргізіп, парсы тіліне жалпыға ортақ ұлттық тіл сипатын беруге тырысқаны мәлім [6, 138].

1905-1911 жж. қабылданған Иранның алғашқы Конституциясында парсы тілінің статусы көрсетілмесе де, бұл тіл іс жүзінде ислам төңкерісіне дейін елдің жалғыз мемлекеттік тілі қызметін атқарды [3].

Ирандағы 1979 жылғы аятолла Рухолла Хомейнидің басшылығымен жеңіске жеткен ислам төңкерісінен кейін парсы тілі саяси статусқа ие болды. 1979 жылдың желтоқсан айында қабылданған елдің жаңа Конституциясына сәйкес, парсы тілі Иран Ислам Республикасының ресми тілі болып жарияланды. Бұл Конституцияның 2-тарауының 15-бабында «Парсы тілі мен парсы әліппесі Иран халқы үшін ресми және ортақ тіл мен әліппе болып табылады. Ресми құжаттар мен мәтіндер, ресми жазбалар мен оқулықтар осы тілде осы әліппемен жазылуы керек, алайда жергілікті ұлттық тілдер баспасөз бен басқа бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ мектептерде ұлттық әдебиеттерді оқыту үшін еркін қолданыла алады» деп жазылған [1, 73-74]. Конституцияда парсы емес ұлттарға олардың ұлттық тілдері мен мәдениетін сақтауға біршама құқықтар берілсе де, елдегі орта және жоғары оқу орындарында тек ғана парсы тілінде білім беріледі, сондай-ақ басқа ұлттардың тілдері бұқаралық ақпарат құралдарынан да шеттетіліп отырғанын айта кету керек. Пехлеви әулеті билеген Иранда  парсы  тілі аясында түрлі этностарды біріктіру саясаты   жүргізілсе, Иран   Ислам Республикасында бұл саясат бір дін мен бір тіл негізінде ынтымағы жарасқан мұсылман қоғамын құру түрінде өз жалғасын тапты. Себебі, Иран Ислам Республикасының негізін салған аятолла Хомейни діни факторды басты назарға алып, «Ислам қоғамы – бір ұлт» ұранын көтерген болатын [3].

Ислам төңкерісінен кейінгі Ирандағы парсы тілінің дамуы бірнеше ондаған жылдар бойы белсенді  түрде  жүргізілген  мәдени  төңкеріспен  тікелей  байланысты. Парсы тілі  елдің  рухани өмірінде, оның ішінде әдебиет, театр, кино және т.б. салаларда ислам идеологиясын насихаттаудың басты құралына айналды. Соңғы жылдары Иран басшылығы парсы тілінің дамуы мен таралуына көп көңіл бөлуде. Қазіргі Иранның жүргізіп отырған тілдік саясаты парсы тілін жалғыз мемлекеттік тілге айналдыру болып отыр. Бұл саясат ислам төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдары жүргізілген тілдік саясаттан мүлдем басқаша сипатта. Қасиетті Құран тілі болып табылатын араб тілінің де парсы тілі секілді Иранда бұрын ресми статусы болмады. Төңкерістен кейін қабылданған жаңа Конституцияның 16-тарауының 2-бабына сәйкес барлық ел аумағындағы орта мектептерде араб тілін міндетті түрде оқытуға шешім қабылданып, бұл тілдің мәртебесі өсті [1, 74.]. Ирандағы жаңа билік араб тілін ел өмірінің барлық салаларында қолдану идеясын көтерген болатын. Араб тілін кең көлемде қолдануды насихаттаған елдің басты діни тұлғалары арнайы діни оқу орындарында білім алғандықтан, араб тілін жетік меңгерген болатын. Алайда бұл идея жалпы халық тарапынан қолдау таппай, бірте-бірте басылып қалды. Қазір Иранда негізгі мемлекеттік мерзімді басылымдар арабша аударылып басылады. Мемлекеттік ресми сайттардың араб тіліндегі нұсқалары бар. Ирандық ИРНА ақпарат агенттігінің барлық ақпараттары араб тіліне аударылып беріледі.

Иранда мемлекеттің тіл саясатын жүргізудегі басты құралы Парсы тілі мен әдебиеті академиясы болып отыр. Бұл академия көп жылғы үзілістен соң 1990 жылдың маусым айында өз жұмысын қайтадан бастады. Академия Пехлеви дәуірінде 1935-1941 және 1970-1978 жылдары әртүрлі салаларға арналған терминдер жасап, сөздіктер құрастырумен айналысқан болатын. Бұрынғы академия парсы тілін барлық шетел кірме сөздерінен тазартуды ту етіп көтерсе, қазіргі академия батыс европалық тілдерден енген кірме сөздердің баламасын табумен айналысуда. Сондай-ақ академия парсы тілінің сөздік қорының басым көпшілігін құрайтын араб лексикасын бұрынғыдай жат санамайды. Керісінше, қазіргі Иранда араб лексикасы парсы тіліне әбден сіңіп, жатық болып кеткен деп есептеліп, олардың негізінде жаңа сөздер жасауға болады деп саналады [3].

Парсы тілі үнемі Иран үкіметінің назарында. Иранның қазіргі президенті Махмұд Ахмадинежад парсы тілінің тазалығын сақтауға шақырып, 2006 жылдың 25 маусымында барлық мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарына кірме сөздерді ретсіз пайдалануға тыйым салатын президенттік Жарлық шығарды [7].

Иран басшылығы парсы тілін дамыту елдің бірлігін сақтап, оны елдің ұлттық ерекшелігі мен қайталанбас мәдениетіне қолдау көрсету шараларының бірі деп санайды. Иранның қазіргі діни көсемі аятолла Әли Хаменей өзінің 1996 жылғы қаңтарда Тегеранда өткен Бірінші әлемдік парсы тілі оқытушыларының ассамблеясында жасаған баяндамасында «Парсы тілі ирандықтар үшін де және т.б парсы тілдес халықтар үшін де ұлттық менталитеттің іргетасы, сондай-ақ мақтануға тұрарлық орасан зор мәдени құндылықтардың қайнар көзі болып табылады. Парсы тілінің көмегімен Иранның мәдени мұрасында проза түрінде де, поэзия түрінде де көздің қарашығындай сақталып қалған әлемде теңдесі жоқ ұлы даналық пен терең ойға қол жеткізуге болады. Парсы тілі Үндістан түбегі мен Орталық Азияда ислам дінін таратуда аса маңызды рөл атқарды» деп мәлімдеді [4, 137.]. Сондай-ақ Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами 2003 жылы Тегеранда өткен Бірінші ұлттық ирантану конгресінде сөйлеген сөзінде «Парсы тілі исламның алғашқы ғасырларынан бастап-ақ Алланың сөздерін түсіндіретін тіл ретінде қолданылып, қасиетті тіл статусына ие болды. Бұл тілдің көмегімен мұсылмандар да, мұсылман еместер де рухани жетістіктерге жетті» деген деректер келтіріп, аятолла Хаменейдің сөзін осындай дәлелдермен толықтырған болатын [3]. Тіпті, ислам төңкерісінің көсемі аятолла Хомейни «Егер ислам діні мен Иранның мүддесі екіге жарылса, мен исламды таңдаймын» дей келіп, «парсы тілі ирандықтардың ұлттық менталитетінің негізі және бүкіл аймақтағы ислам миссиясының құралы» екенін айтқан болатын [2].

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі парсы тілін оқытуды жетілдіру және оны тарату мәселелеріне арналған семинарлар мен жиналыстар жиі өткізіп тұрады. Парсы тілі мен әдебиеті академиясының президенті осындай жиналыстардың бірінде Иранның ішінде жүргізіліп жатқан тілдік саясаттың мәнін төмендегідей пікірімен анық ашып көрсетті: «Иранның тәуелсіздігін сақтау элементтерінің бірі оның ұлттық даралығын, оның ішінде бірінші кезекте парсы тілінің жалпыға ортақ тіл және бірліктің символы ретіндегі позициясын елде бар барлық диалектілер мен говорларды сақтай отырып, бұрынғы мол әдеби мұраға құрмет көрсете отырып, елдің мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау арқылы күшейту» [4, 138]. Қазіргі таңда Иран басшылығы парсы тілін шет  елдерде насихаттауға көп көңіл бөлуде. Бұл міндет арнайы мемлекеттік құрылым – Ислам мәдениеті мен байланыстары ұйымына жүктелген. Бұл ұйымның құрамында парсы тілін шет елдерге тарататын орталық бар. Орталықтың жүздеген қызметкерлері Иран Ислам Республикасының шет елдердегі елшіліктері жанындағы Мәдени өкілеттіктерде жұмыс істейді [3].

Иранның шетелдердегі Мәдени өкілеттіктері парсы тілі мен әдебиеті бойынша студенттер арасында халықаралық олимпиадалар өткізіп тұрады. Бұл олимпиада жеңімпаздары Иранға тілдік стажировкаға баруға, сондай-ақ магистратура, докторантурада білімін жалғастыруға мүмкіндік  алады. Мәдени өкілеттіктер білім сайыстарының басқа да түрлерін өткізіп тұрады. Мысалы, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілеттік үстеміздегі жылдың 18 наурызында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттері арасында парсыша мәнерлеп өлең оқу мен ән айту бойынша жарыс өткізді. Ислам мәдениеті мен байланыстары ұйымы арқылы Иранның Білім, ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жоғары дәрежелі парсы тілінің оқытушыларын шет елдерге іссапарға жіберіп отырады. Олардың қызметінің мақсатын аятолла Хаменей өз сөздерінің бірінде парсы тілін шет елдерде таратуды ислам төңкерісі идеясын насихат- таумен байланыстыра келіп, «Парсы тілі біз үшін төңкеріс идеясы мен исламдық дүниетанымды насихаттау үшін аса маңызға ие» деген болатын [3].

Парсы тілі ерте орта ғасырларда күрд, ауған, үнді, түрік халықтары үшін әдеби тіл болғаны тарихтан мәлім. Тіпті, парсы тілі Үндістанның мұсылман княздықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін ресми жазба және іс жүргізу тілі болды. Жалпы, парсы тілі өткен ғасырларда мұсылмандық Шығыстың араб тілінен кейінгі ең кең таралған тілі болды [6, 271.]. Ал 1990 жылдардың орта шенінен Иран үкіметі парсы тілін исламның екінші тілі идеясын насихаттап, оның ислам әлемінде алатын орнын қайтадан жаңғырту идеясын көтере бастады. Бұл идея аятолла Хаменей тарапынан  да  қолдауға ие болды. Иран басшылығы парсы тілін халықаралық ислам ұйымдарының ресми тілдерінің біріне айналдыруға күш салып келеді. 2001 жылдың желтоқсанында Тегеранда өткен «Ислам конференциясына» мүше елдер саммитінде Иранның сол кездегі президенті Хатами осы мәселені көтерген болатын. Алайда, бұл идея Ислам конференциясына мүше елдер тарапынан қолдау таппай, жүзеге аспай қалды. 90-жылдары Кеңес Одағының ыдырауы және Иранның ішкі саяси факторларына байланысты бұл елдің сыртқы саясатында түбегейлі өзгерістер болды. Иран Хашеми-Рафсанджани басқарған тұстары халықаралық изоляциядан шығып, қайтадан ықпалды аймақтық державаға айналу мақсатын алға қойды [8, 220.]. Иран жаңадан тәуелсіздік алған Орталық Азия мен Кавказ елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатып, осы елдердің барлығында елшіліктер ашып, Орталық Азия аймағы елдің сыртқы саясатындағы басты бағыттардың біріне айналды [8, 221.].

Иран Орталық Азия елдерімен байланыстарында 80-жылдары көрші елдерге, оның ішінде бірінші кезекте араб елдеріне таратуға тырысқан төңкеріс идеясын емес, дәстүрлі ирандық ортақ мәдени мұраны басты ұран етіп отыр. Бұл ортақ мұра сырттан келген ирандық мәдениет емес, Орталық Азия халықтарының өздерінің бұрынғы төл мәдениеті деп қарастырылуда және бұл ортақ мұрада парсы тілі мен әдебиетіне аса маңызды орын беріледі. Оның ішінде классикалық парсы поэзиясы (X-XV ғғ.) басты назарға алынып, әсіресе, ұлы эпик-ақын Фирдоуси шығармашылығының аймақтағы халықтар әдебиетінің дамуындағы рөлі баса айтылуда [8, 222.].

Иран парсы тілдес Тәжікстан мен Ауғанстан елдерімен тығыз достық қатынастар орнатуға тырысуда. Иран Тәжікстан мен Ауғанстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарымен тікелей байланыстар орнатқан. Ресми Тегеранның бастамасымен Парсы тілдес халықтар ұйымы құрылып, бірнеше конгрестер өткізілді. Қазір Иран университеттерінде Тәжікстан үшін әртүрлі саладағы кадрлар даярлануда. Иран үкіметі Тәжікстанда Парсы тілінің қорын құрып, парсы тілі мен әдебиетіне арналған бірнеше халықаралық семинарлар мен симпозиумдар өткізді. Парсы тілі мен әдебиеті академиясының басшылары Кеңесінде тәжіктің ірі ғалымдары бар. Ирандық тілші-ғалымдар дари және тәжік тілдері лексикасы негізінде парсы тілінде жаңа терминдер жасау мүмкіндігін де қарастыруда [3].

Қазіргі таңда Иран Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынастар орнатқан. Барлық Орталық Азия елдерінде парсы тілі академиялық деңгейде оқытылады. Иранның осы елдердегі Мәдени өкілеттіктері парсы тілін кең көлемде насихаттап, оны оқытуға жан-жақты көмек көрсетіп отыр. Студенттер оқу үдерісіне қажетті оқулықтармен қамтамасыз етіліп, Иран тарапы оларды мүмкіндігінше әртүрлі мерзімдегі тілдік стажировкаларға өз қаржысына қабылдап отыр. Бұл елдерде Иран киносының күндері, әртүрлі көрмелер және т.б. мәдени шаралар жиі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ Иран өзімен тарихи шыққан тегі ортақ Пәкістан мен Үндістанға, көрші мемлекеттерге – Түркия, Кавказ бен араб елдеріне де парсы тілін таратуға күш салуда. Сөзімізді қорыта келсек, қазіргі Иранда парсы тілінің саяси рөлінің екі қыры бар. Біріншісі – оның ішкі қыры, яғни Иранды мекен еткен халықтардың басын біріктіретін фактор болып табылуы болса, екіншісі – Иранның көршілес елдерге мәдени  ықпал жүргізудегі рөлі.

Осылайша, парсы тілі қазіргі таңда Иран Ислам Республикасында мемлекеттік құрылымдар қызметін реттейтін белсенді құрал ретінде және Иранның саяси идеологиясын шетелдерге, оның ішінде бірінші кезекте дәстүрлі мұсылман  өркениеті таралған елдерге тарату үшін аса маңызға ие.

 

Әдебиеттер

  1. Весна свободы. К годовщине победы Исламской революции в Иране. Пресс-отдел Посольства Исламской Республики Иран. - М.:
  2. Малер А.  RPMonitor.     Аналитический  интернет-журнал. В  ожидании  часа   «Икс». Станет ли Иран новой «Персидской империей » или превратится в подобие нынешнего Ирака? RPNMоnitor. ru, 2006-2009.
  3. Месамед В.И. Фарси как интегрирующий фактор в исламской республике Иран. religare.ru.
  4. Каменова М.С. Персидский язык как фактор культурной интеграции – Иран: Ислам и власть. -М.: ИВ РАН  – Краф+.
  5. Оранский И.М. Введение в иранскую филологию. - М.: Наука,
  6. Пейсиков Л.С. Лексикология современного персидского языка. - М.: Издательство МГУ,
  7. Президент Ирана вступился за чистоту персидского языка. rian-error @ rian. ru.
  8. Хуторская В.В. Взаимоотношения Исламской Республики Иран и стран Центральной Азии - Иран: Ислам и власть. - М.:  ИВ РАН – Краф+. 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.