Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басым бағыттары

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты елдің ішкі дамуындағы мәселелермен байланысты болды. Ресей, негізінен ішкі мәселелерге басымдылық беріп, халықаралық қақтығыстардан барынша аулақ болуға тырысты, Еуропадағы белсенділіктен бас тартып, даулы мәселелерді дипломатиялық жолдармен шешуге ұмтылып отырды.

Сыртқы істер министрі А.М. Горчаков 1865 жылы 3 қыркүйекте ІІ Александрға мынадай мазмұндағы хат жолдады: «Біздің мемлекеттің және Еуропаның қазіргі жағдайында Ресейдің негізгі назары ішкі даму барысында пайда болған мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Сыртқы саясат  ішкі міндеттерге бағындырылуы қажет» [1].

Қырым соғысындағы жеңіліс Ресейді әлсіретті, Австрия-Пруссия одағына сүйенген Вена жүйесі таратылды. Ресей халықаралық істердегі жетекшілігінен айырылды. Сыртқы белсенділікті төмендету ішкі мәселелермен айналысуға мүмкіндіктер туғызды. Орыс үкіметі жеті жылға рекруттық алымдардан бас тартты, әскерді қысқартты, әскери шығындарды азайтты.

Осы кезеңдегі Ресей сыртқы саясатының жетекші бағыты шығыстық саясат болды. Орта Азияны Ресейге қосуды көздеген сыртқы саясаттан басқа, Ресей Балқандағы дағдарысқа араласты, 1877-1878 жылдары орыс-түрік соғысын басынан өткерді, Қиыр Шығысқа көңіл бөлуге мәжбүр болды.

Ресейдің Орта Азиямен экономикалық байланыстары ХІХ ғасырдың бірінші жартысында дами бастады. Ғасырдың басында Орта Азия мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 млрд сомды құрады, ал ХІХ ғасырдың ортасында 25,5 млн сомды құрады [2].

ХІХ ғасырдың 60-жылдары Орта Азияның экономикалық даму сипатына орай Ресей капиталистері мен өнеркәсіпшілерінің тауарларын өткізетін нарық аймағына ұмтылысын байқауға болады. Орта Азия тек патшалық Ресей ғана емес, Ұлыбританияның, Қытайдың да көз алартқан аймағы болды. Ал патшалық Ресейдің басты бақталасы Ұлыбритания еді. Ресей Орта Азияға байланысты саясатында Ұлыбританиямен бетпе-бет келмес үшін, абайлап әрекет етті.

Орта Азияда үш негізгі хандық – Қоқан, Бұхар, Хиуа болғандығы белгілі. Бұл хандықтардың арасында территория үшін ара-тұра соғыстар болып тұрды, олардың шекаралары тұрақты болған  жоқ. Бұл мемлекеттердің экономикалық жағынан артта қалғандығы, саяси бытыраңқылығы, феодалдардың арасындағы талас-тартыс Орта Азия мемлекеттерін әлсіретіп, патшаның жаулап алушылығын жеңілдетті. Орта Азияны жаулап алуға байланысты орыс патшасының белсенді саясаты ХІХ ғасырдың 60-жылдары қайта жанданды. 1864 жылы Орынбор жағынан Перовск фортынан генерал Веревкиннің 1200 әскері, екіншісі генерал Черняевтің 2500 әскері Орта Азияны басып алуға дайын тұрды. 1864 жылы қыркүйекте екі әскер бірігіп, Шымкент қаласын алды [3]. Черняев Ташкентке жақындап келді, бірақ қаланы алу мүмкін болмады. 1865 жылы 17 маусым күні Черняев Ташкентке екінші рет соққы бере отырып, қаланы алды [4]. Ташкент қаласы үшін Черняев бриллиант тастармен көмкерілген шпагамен марапатталды. 1866 жылы дипломатиялық мақсатты  көздей отырып, Ұлыбританиямен қарым-қатынасты ушықтырмас үшін Черняев әскербасылық қызметтен аластатылды. Бірақ Ресей Орта Азияға байланысты жаулап алушылық саясатынан бас тартқан жоқ. 1866 жылы Ходжент, Ұры Төбе алынса, 1868 жылы Қоқан билеушісі Құдияр хан Қоқан хандығының Ресейге бағынатындығын жариялап, орыс көпестеріне 2,5% салық төлей отырып, жергілікті саудагерлермен тең негізде сауда жасауға мүмкіншілік берді [5]. Орыс әскері жаулап алған территорияда орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы қалыптастырылды. Генерал-губернатор болып Кауфман тағайындалды. Ол Бұхараға шабуылды басқарды. 1868 жылы Самарқандты алып, Бұхараға бет бұрды. 1868 жылы Бұхара орыс бодандығын мойындап, келісімге қол қойды [6]. Бұхар әмірлігі 500 000 сом контрибуция төлеп, орыс көпестеріне кедергісіз сауда құқығы берілді [7]. Орыс жаулап алушыларына қарсы бағытталған Самарқандтағы көтеріліс басылып тасталды. Енді Хиуа хандығын жаулап алу мәселесі алдыңғы орынға шықты. 1873 жылы тамызда Хиуа хандығы да орыс бодандығын мойындады. Хиуа хандығы 2200 сом контрибуция төледі, орыс көпестері салықсыз сауда құқығын иеленді.

Патшалық Ресей 1876 жылы Қоқан хандығын жойып, Ферғана облысын қалыптастырды [8]. Орыстардың құрамына қосылмаған тек Түрікмения ғана қалды. Түрікменияға шабуыл географиялық орналасуына байланысты (сусыз құм арқылы өту керек еді) қиындықтар туғызды. Бірақ Ұлыбритания тарапынан белсенділіктің жоғарылауы салдарынан патшалық Ресей ұзақ уақыт Түрікменияға байланысты жобасынан бас тарта алмайтын еді. Мысалы, 1879 жылы ағылшын әскері Ауғанстанды алды. Яғни, Ұлыбритания үшін Орта Азияға деген жол ашық еді. Осындай жағдайда орыс патшасы Түрікменияға ұмтылысын жылдамдатты.

Түрікменияны жаулап алу базасы 1869 жылы  негізі  қаланған  Красноводск  қаласы  болды.  1881 жылы орыс әскері Көктепе бекінісін алды. Бекіністі алуға генерал Скобелев басқарған, артиллериямен қаруланған 6 мың жауынгер қатысса, оның қорғанысын 5 мың мылтығы ғана бар 25 мың адам іске асырды [9]. Көктепеден кейін Ашхабад, Ахал-Теке оазистерін қосып алды. 1884  жылы Мерв, 1887 жылы Кушка қаласы алынды, 1895 жылы Памир алынды [10].

ХІХ ғ. 70-жылдары Ресей үшін шығыс мәселесі тағы да ушықты. Осман империясында феодалдық құрылыстың ыдырауы батыс еуропалық елдерге бағыныштылығын арттырды. Капиталистік қатынастардың енуі феодалдық қанаумен қатар жүрді. 70-жылдары Балқан жартыаралының халықтары арасында ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Балқан халықтарының саяси жағдайы бірдей емес еді. Сербия Түркия билігіндегі өзін-өзі басқаратын князьдық болса, Черногория Түркияның экономикалық қысымын көріп отырған жеке мемлекет болды. Болгария, Босния, Герцоговина Осман провинциялары деңгейінде болды. 1876 жылы Ресей, Германия, Австрия-Венгрия арасында «Берлин меморандумына» қол қойылды. Меморандум Франция мен Италия тарапынан қолдау тапқанымен, Ұлыбритания тарапынан қарсылыққа кездесті. Орыстар қайткен күнде Қара теңіз үшін күрестегі ежелгі бақталасы Түркияны әлсірету үшін «Балқан халықтарының азаттығы» тақырыбын желеу етіп, қолдан келер барлық шараларды қолданып бақты. ІІ Александр орыс әскерінің қатарындағы офицерлерге уақытша отставкаға шығып, серб әскеріне қосылуға рұқсат берді. Серб әскеріне шамамен 5 мың офицер қосылғаны туралы мәліметтер бар [11].

Бұл мәселедегі Ресейдің алдына қойған мақсаты Түркияны барынша әлсірету болса, еуропалық елдердің ішінде мақсаттары мен мүдделері қайшылыққа түсе берген, ХІХ ғ. Ресейдің негізгі бақталасына айналған Ұлыбританияның жоспары мүлде өзгеше болғандығын байқауға болады. Герман мемлекетімен бірлесе отырып, Ұлыбритания қайткен күнде Ресейді соғысқа кіруге итермеледі.  Бұл жердегі Герман үкіметінің көздеген мақсаты төмендегі мақсатқа шоғырланды: 1) Германияның Францияға байланысты әрекетіне еркіндік береді; 2) Германияның Ресей мен Австрияға деген  ықпалы күшейеді. Осындай жағдайда Австрия-Венгрияның ұстанымы көп мәселені шешетін еді. Сондықтан өзіне одақтас табу үшін Ресей Австриямен жасырын келіссөз бастады. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін 1887 жылы орыстар мен австриялықтар арасында жасырын келісімге қол қойылды [12]. Келісім бойынша Австрия Ресейге байланысты бейтараптылық саясат ұстанып, дипломатиялық қолдау көрсетуге тиіс еді. Ресейдің келесі сақтық шарасы Румыниямен одақтастық қатынастарды негіздеген келісім еді. Қол қойылған конвенция бойынша Ресей әскері Румыния территориясы арқылы еркін өту құқығын алды.

1877 жылы патшалық Ресей тағы да Түркиямен Балқан жартыаралы үшін туындаған мәселені бейбіт шешуге ұмтылыс жасады, «Лондон Хаттамасына» қол қойылды. Патшалық Ресейге Балқандағы ықпалынан айырылу қаупі төнді. Ресей өз қоғамының алдында «Сербияға жаны ашыған туысқан» бейнесін жоғалтып алмас үшін, 12 (24) сәуір 1877 жылы ІІ Александр Түркиямен соғыс туралы манифестке қол қоюға мәжбүр болды [13]. Тарихтан бұл соғыстың барысында орыс генералдары Столетов, Креденерлердің басқаруымен Шипка, Тырнова, Плевна, Дунайдың сол жақ қанатында Рущук, Шумла, Варна, Силистрия үшін қырғын ұрыстардың болғаны белгілі. Осы соғысты аяқтаған Сан-Стефано келісімі (1878 ж.) патшалық Ресейдің Еуропа елдерінен «жеген таяғының» жалғасы болды. Себебі, батыс елдерінің қысымымен патша үкіметі халықаралық конгресс талқылауына келісімнің барысында пайда болған жалпыеуропалық маңызы бар мәселелердің баптарын беруге мәжбүр болды. Армян мәселесі де халықаралық мәселе ретінде алғаш рет көтерілді.

Конференция Берлинде Бисмарк төрағалығымен өтті. Болгар мәселесі қатты талқылауға түсті. Изоляцияға ұшыраған орыс делегациясы Сан-Стефано келісімінің шарттарын сақтап қалуға мүмкіндігі болмады. 1878 жылы Берлин трактатына қол қойылды [14]. Аталмыш трактат бойынша Ресей мүддесі қатты қысқартылды, Закавказьеде Ресейге Карс, Ардаган, Батум ғана қалды.

Батыс Еуропа елдері (Ұлыбритания, Франция, Пруссия, кейіннен Австрия-Венгрия) Ресейдің Қара теңіз аймағы мен Балқан түбегіндегі экспансиясына қарсы тұрды және осы мақсатта Түркияны буфер ретінде шебер қолдана білді. Ресейдің Балқандағы саясатын жүзеге асыруға бірқатар қолайлы факторлар: Балқан халықтарының Осман империясына қарсы ұлт-азаттық күресі; түбек халықтарының (серб, болгар, черногорлар және т.б.) христиан дінінің провославие тармағын ұстануы оң ықпалын тигізуге тиісті болатын. 1877-1878 жж. орыс-түрік соғысы нәтижесінде қол жеткізілген әскери- дипломатиялық жеңістер 1878 жылғы Берлин конференциясында қолдан шығарылып алынды. Ресейдің Балқан түбегіндегі позициясының нығаюына Ұлыбритания, Франция және «адал маклердің» рөлін   атқарған   Германия   қарсы   болды.   Ақырында,   Сан-Стефано   шартының   (1878)  Ресейдің

Балқандағы позициялары мен Сербия, Болгария және Черногорияның мемлекеттік тәуелсіздігі мен мемлекеттік құрылымдарын заңдастыратын баптары толығымен Берлин конференциясында қайта қаралып, түбірлі өзгерістерге ұшырап, еуропалық мемлекеттердің стратегиялық мүдделері мен Түркияның пайдасына ішінара шешілді [15]. Ресейдің еуропалық бағытта белсенді саясат жүргізуіне империяның оңтүстік шекараларындағы Осман империясының бақылауы әлсіреген Дунай князьдықтары мен Балқан халықтарының түрік езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы оңтайлы жағдайлар мен шарттар қалыптастырғанымен, Ресейдің бұл аймақтардағы әскери-дипломатиялық табыстары баянды болмады. Бұл бағытта Ресейдің геосаяси мақсаты өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауар шығаратын жаңа жерлерді басып алу болды.

Ресей тарапынан жасалған мұндай ұмтылыстар Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Австрия-Венгрия сияқты мемлекеттердің қатты алаңдатушылығын тудырды. Бұл елдердің дипломатиясы Ресейді еуропалық істерге араластырмай, оқшаулап ұстап, оның экономикасының жетекші салаларында өз ұстанымдарын нығайтып, бұл елді өздерінің шикізат көзіне айналдыруды көздейтін геостратегиялық мақсатты жүзеге асыруға күш салды.

ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатында белсенділік көрсетуге ұмтылған келесі бағыты – Қиыр Шығыстық бағыт. Осы уақытқа дейін Қиыр Шығыс мәселесі Ресей үшін өзекті болып табылады. Орыстар Қиыр Шығыс аймағын ХҮІІ ғ. бастап отарлай бастағаны белгілі. Мысалы, В. Поярков, Е. Хабаров, О. Степанов, т.б. 1689 жылы Нерчин келісімі бойынша Амурдың сол жағасындағы жерлер Ресей құқығында деп танылды. Уссури өзенінен теңізге дейінгі территория бөліске түспеген еді. Осы шекаралық территория тарихи жолдармен қалыптастырылғандықтан, Қытай еш қарсылықсыз осы территорияны мойындады. 1858 жылы Айгун қаласында Қытай тарапынан И. Шань және Шығыс Сібір генерал-губернаторы Н. Муравьев арасында қалыптасқан шекараны мойындау туралы келісімге қол қойылды. 1860 жылғы Пекин келісімі бойынша Уссуридің оң жағалауы оңтүстікке қарай орыс құқығында деп танылды [16]. Бұл келісімге Богдыхан мен орыс дипломатиясының өкілі Игнатьев қол қойды. Осы келісімнің нәтижелерін негізге ала отырып, шекараны анықтап, карталар қалыптастырылған еді. 1860 жылы Қытай, Ұлыбритания, Франция арасындағы келісімдерге делдал ретінде қатысқан Н.П. Игнатьев Ресей мен Қытай арасындағы даулы мәселелерді шешуге тырысты.

Тайпиндер соғысынан, ағылшын-француз интервенциясынан шаршаған Цин үкіметі 2 қараша 1860 жылы орыс-қытай келісіміне қол қойды. Келісім бойынша Қытайдың батысындағы шекара анықталды. Пекин трактаты орыс дипломатиясының ірі жеңісі болды. Айгун келісімі (16 мамыр 1858 ж.), Тяньцзин келісімі (1 маусым 1858 ж.) Қазақстан мен Ресей арасындағы Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы бөлісті анықтады. Ресей Амур, Уссур өңірлеріне билігін бекітті, Жетісудың оңтүстік- шығысындағы барлық жерлерге құқығын заңдастырды. Күршім мен Зайсан өзені, Қара Ертістің төменгі ағысы да Ресей құқықтық иелігінде қалды.

Қиыр Шығыс мәселесіндегі келесі бір Ресей үшін өкінішті болған жағдай Аляскаға байланысты еді. Қырым соғысындағы жеңілістен кейін халықаралық қатынастар жүйесінде беделін жоғалтқан Ресей Алясканы АҚШ-қа 7 млн 200 мың долларға сатты. Орыс патшасын бұл шараға итермелеген жайт Аляска үшін АҚШ-пен және Ұлыбританиямен қақтығысқа түсіп қалу қаупі еді.

Қазіргі Ресейдің еуропалық бөлігі тығыз қоныстанған, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған. Ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірдің қоныстану деңгейі де, экономикалық, әлеуметтік дамуы да төмен. Олар Ресейдің еуропалық бөлігі үшін шикізат көзі ретінде және қорғаныс әлеуетін орналастыру үшін пайдаланылады. ХХ және ХХІ ғасырлардың шеңберінде Ресейдің Қиыр Шығыс шектерінде қуатты экономикалық державалар пайда болды. Бұл - ең алдымен Жапония және ҚХР. Олардың гүлденуі жалғаса бермек. Яғни, Ресейге өз артықшылықтарын пайдалана отырып, АТР-дағы ықпалды экономикалық державаға айналуы қажет немесе осы аймақтағы дамушы мемлекеттердің шикізат көздеріне айналады. Бұл болашақта Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстың бөлінуіне алып келуі мүмкін деген жорамалдар бар. Ресейдің мүмкіндік көздері ретінде табиғи қорлары, өнеркәсіптік әлеуеті, кәсіпкер мамандары, инженерлік-техникалық мүмкіндіктері көрсетіледі. Сарапшылар осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білу керек деген қорытындылар жасап отыр.

ХІХ ғ. Ресей сыртқы саясатының еуропалық бағытына келер болсақ, Берлин Конгресінен кейінгі Ресейдің халықаралық жағдайы тағы да төмендеді. Халықаралық қатынастар жүйесінде саяси және әскери күштердің жаңа арасалмағы қалыптасты. 80-ші жылдардың басында Еуропада Германия тез күшейе бастады. Еуропалық қақтығыстардан алшақтай отырып, Ұлыбритания отарлық саясатын белсендірді. Әлемдік саясат жүйесіне жаңа мемлекеттер шықты, халықаралық қатынастарда жаңа заңдылықтар пайда болды. Халықаралық қатынастарда енді шешуші рөлді экономикалық факторлар атқара бастады.

ХІХ ғ. соңғы ширегі капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясының күшеюімен сипатталады. Экспансионистік пиғылдардың күшеюі, әсіресе Ұлыбритания саясатынан анық байқалды. Ұлыбритания орыс-түрік соғысының нәтижесінде Қара теңіздің іс жүзіндегі қожасына айналды. Мрамор теңізіне ағылшындар әскери-теңіз флотын орналастырды. Берлин Конгресінің нәтижесі бойынша Ұлыбритания Кипрді жаулау құқығын иеленіп, Түркия саясатына ықпал ете алды. 1879 жылы ағылшын үкіметі Ауғанстанды ағылшын протекторатына айналдырған Гандом келісімін таңды. Осы жағдайлар, әрине патшалық Ресейдің сыртқы саясаттағы ұмтылыстарына әсер етіп, Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты күрделендірді.

Берлин Конгресінен кейін Ресейдің билеуші топтарының арасында сыртқы саясатқа байланысты бірауыздылық болған жоқ. Сыртқы істер министрлігінің басында Горчаков болды, бірақ оның  сыртқы саясатқа деген шынайы ықпалының азайғандығын байқауға болады. 1878 жылдан бастап, министрлікті іс жүзінде германдық бағытты ұстанатын Н.К. Гирс басқарды. ІІ Александрдың патшалық етуінің соңғы жылдары сыртқы саясат іс жүзінде әскери министр Милютин қолында болды. Ол Ресей шекарасының тыныштығын сақтау үшін әскерді күшейту керек деп есептеді.

Ресейдің дворяндық-буржуазиялық топтары арасында Берлин Конгресіндегі сәтсіздіктерді Германиядан іздеген топ пайда болды. Олардың көңіл күйінде Ресейдің сәтсіздіктеріне батыс елдерін кінәлаған Германияға қарсы көңіл күй анық байқалды. «Баспасөз беттеріндегі соғыс» Берлин Конгресінің төңірегімен ғана шектеліп қалған жоқ. 1874 жылы Бисмарк ветеринарлық шараларды сылтаурата отырып, Ресейден Германияға мал әкелуге тыйым салды, нан импортына салықты көтерді. Осының барлығы баспасөзден көрініс алып жатты. Екінші жағынан, 80-ші жылдары Германия ауыл шаруашылығы өнімінің маңызды нарығы еді. Сондықтан помещиктердің экономикалық мүдделері бұл мемлекетпен достық қатынастарды талап етті.

1879 жылы Ресей мен Германия арасында қарым-қатынасты реттеуді көздеген байланыстар басталды. Бисмарк келісімге келе отырып, бұған Австрия-Венгрияның қатысуын талап етті. 1881 жылы австро-орыс-герман келісіміне қол қойылды «Үш император одағы» деп аталды [17]. Келісім бойынша соғыс бола қалған жағдайда бейтараптылық сақтау талап етілді. Босфор мен Дарданелла бұғаздары әскери кемелер үшін жабылды. Бұл келісім Ресей үшін тиімді болғанымен, ұзақ сипатты иеленбеді. Берлин трактаты, негізінен, жалпы еуропалық мәселелерді қамтыды. «Үш император одағының» беріктігіне Болгарияда 80-ші жылдары болған мемлекеттік төңкеріс сын болды. Болгариядағы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билеуші топтар арасындағы Ресейдің ықпалы ығыстырылып шығарылды. Бұл ықпалдан айырылу орыс дипломатиясының үлкен сәтсіздігі еді. Австрия-Венгрия келісім нәтижесіне қарамастан, Ресейге дұшпандық ұстанымына көшті, ал Германия оған қолдау көрсетіп отырды.

80-ші жылдардың соңында Ресейдің Австрия-Венгрия және Германия арасындағы қайшылығы Ұлыбритания-Ресей арасындағы қарама-қайшылықтан да маңызды болып кетті. 1882 жылы Австрия- Венгрия, Германия, Италия арасында жасалған Үштік Одақ бүкіл еуропалық жағдайды өзгертті. 90- шы жылдардың басында Үштік Одақ мүшелерінің Ұлыбританиямен жақындасу белгілері байқала бастады. Осындай жағдай Ресей мен Францияны жақындатты. Бұл жақындасудың тек саяси ғана емес, экономикалық астары да бар еді.

Жалпы, ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатындағы еуропалық бағытта ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер болмады. Сондықтан патшалық Ресей барлық күшін Шығыс елдеріне, оның ішінде Орта Азия мен Қиыр Шығысқа сала бастады.

Сонымен, ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары туралы ой қорытатын  болсақ, Ресей өзінің еуропалық бағыттағы жеңілістерін азиялық бағыттағы саясатының жеңістерімен өтеді. Шығыста бұндай табысты саясат жүргізуге Ресей үшін көптеген қолайлы факторлар болды. Біріншіден, оның негізгі еуропалық бәсекелестері бұл аймақтан шалғайда жатты. Екіншіден, Ұлыбритания мен Франциядан өзге ел біз қарастырып отырған кезеңде аталмыш географиялық аймақта кейбір отарларды иемденгенімен Ресейдің бұл бағыттағы мүдделерімен санасуына тура келді. Үшіншіден, Ресей еуропалық мемлекеттерден бұрын Орталық Азиядағы хандық-әмірлік мемлекеттік құрылымдарды жойып, Қиыр Шығыс халықтарын өз бодандығына қабылдап, бұл территорияларда генерал-губернаторлық басқару жүйесін енгізіп, біртұтас Ресей империясының территориясы деп жариялады. Әскери-саяси тепе-теңдік тұрғысынан салыстырып қарағанда, бұл аймақтардағы Ресей империясының позициялары Ұлыбритания мен Франциядан айтарлықтай басым болды.

 

 Әдебиеттер

  1. Россия. Договоры. Сборник договоров России с другими государствами. 1856-1917. - М., 1952. - С.
  2. Аминов А.М., Бабаходжаев А.Х. Экономические и политические последствия присоединения Средней Азии к России. - Ташкент,
  3. Халфин Н.А. Присоединение Средней Азии к России. - М.,
  4. Халфин Н.А. Присоединение Средней Азии к России. - М.,
  5. Договоры России с Востоком, политические и торговые // Изд. Т.Юзефович. - СПб., 1869. - С.
  6. Орлов А.С., Георгиев В.А., Поленов А.Ю., Терещенко Ю.Я. Основы курса истории России. - М.,
  7. Там же.
  8. Договоры России с Востоком, политические и торговые // Изд. Т.Юзефович. СПб.,
  9. Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в ХҮІІ-первой половине ХІХ вв. - М., 1983. - С.
  10. Там же.
  11. Виноградов В.И. Русско-Турецкая война 1877-1878 гг. и освобождение Болгарии. - М.,
  12. Орлов А.С., Георгиев В.А. История России. - М.,
  13. Страны Востока в политике России в ХІХ-нач. ХХ в. Сб. ст. - Иркутск: ИГПИ,
  14. Орлов А.С., Георгиев В.А. История России. - М.,
  15. Хвостов В.М. История дипломатии. Т. ІІ. - М.,
  16. Воскресенский А.Д. Россия и Китай: теория и история межгосударственных отношений. - М.,
  17. Тюкавина В.Г. История СССР 1861-1917 гг. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.