Қарулы қақтығыстар кезіндегі балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері

Әлемдегі қарулы қақтығыстар санының азаймауына орай, соғыстың зардабын тартып жатқан балалардың саны да барған сайын көбеюде. Кейбір елдерде қарулы күштер  мен топтар ұл балалар мен қыздарды әскер ретінде ерікті түрде немесе күштеп тартуда. Әсіресе жинаушылардың жеңіл олжасына және пайдалану нысанына кедейлік немесе кемсітушілік жағдайларындағы балалар айналуда. Оларды көбінеки мектептен, көшеден немесе үйінен ұрлап әкетіп жатады. Балалар әкетілгеннен кейін оларды әртүрлі әдістермен пайдаланады. Олардың басым бөлігі соғыстық әрекеттерге қатысып жатса, енді біреулерін сексуалды қажетсінулерін қанағаттандыру үшін, барлаушы, байланысшы, тасымалдаушы, малай ретінде, сондай-ақ құрлықтағы миналарды орнату мен қатерсіздендіру үшін пайдаланады. Жасақталған балалардың басым көпшілігі осы қызметтердің бірнешеуін атқарып жатады.

Соғысқа тартылған және қарулы қақтығыстар барысында пайдаланылатын балалардың дәл саны белгісіз. Дегенмен де, зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес әлемнің әртүрлі елдерінде болып жатқан 30 қақтығысқа 300 мыңға дейін әскер-балалар қатысуда, нақты санын ешкім білмейді. Қазіргі уақытта әскер-балаларды пайдалану туралы барынша шүбәсіз ақпаратты алуға және соғыстың балаларға тигізетін әсерін жан-жақты талдауға арнап әрекеттер жасалуда.Тұтастай алғанда, салмағы жеңіл және пайдаланылуы оңай қарудың пайда болуына байланысты балаларды қаруландыру барған сайын жеңілдей түскенін мойындаған жөн және бұл аз даярлықты қажет етеді.

Бұл балалардың басым бөлігі соғысқа тартылған немесе әскерге күшпен әкетілген – жасы әлі 10-ға толмаған кейбіреуі көбінеки солардың өздерінің отбасыларына немесе қауымдастықтарына қарсы бағытталған сұмдық қатігездік әрекеттердің куәларына немесе қатысушыларына айналып жатады. Бұл балалар психологиялық, сондай-ақ денелік ең қорқынышты қауіп-қатер мен жан түршіктірер азаптауларға түсіп отырады. Алайда мұнымен барлығы аяқталмайды: айла-шарғылауға оңай түсумен, олар көбінеки тіпті өздері түсіне бермейтін аса ауыр қылмыстарды жасауға дейін барады. Солдат-бойжеткендердің басым бөлігі тек соғысып қана қоймай, сондай-ақ сексуалды қызметтер көрсетуі тиіс [1].

Осылайша, қарулы қақтығыстар кезіндегі халықаралық-құқықтық қорғау нысаны ретінде дәл осы балаларды тану керек. Сонымен қатар, әділдік үшін айта кетейік, қарулы қақтығыстар кезіндегі адам құқығын қорғау жөніндегі қолданыста жүрген халықаралық актілердің барлығында бірдей осындай әртүрлі қақтығыстардағы балаларды қорғау мәселелеріне арналған жеке бөлімдер көрсетіле бермеген.

Осы орайда біз 1949 жылғы Соғыс кезіндегі азаматтық тұрғындарды қорғау туралы Женевалық конвенцияны «Соғыс кезіндегі балаларды қорғау» атты арнайы бөлім мен толықтыруды ұсынамыз. Дәл осындай бөлім жоғарыда қаралған Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женевалық конвенцияларға арналған 1977 жылғы екі Қосымша хаттамаға енгізілсін.

Мәселенің бұлай қойылуы алдыңғысынан едәуір кешірек қабылданған халықаралық- құқықтық актінің - 2000 жылдың 25 мамырындағы Бас Ассамблеяның (A/RES/54/263) резолюциясымен қабылданған және қол қою, бекіту және қосылу үшін ашық болып келетін, қарулы қақтығыстардағы балаларға қатысты болып келетін Бала құқығы туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасының анағұрлым толық түрде қамтамасыз етілуі  үшін қажет.

Хаттаманың қабылдаудың негізгі себептері:

  • балалардың құқығы ерекше қорғауды қажет ететінін мойындау және балалардың ешбір айырмашылықсыз жағдайын үнемі түрде жақсартуды, сондай-ақ олардың тыныштық пен қауіпсіздік жағдайындағы дамуы мен білім алуын қамтамасыз етуге шақыру;
  • қарулы қақтығыстардың балаларға кесірлі және кең ауқымды әсеріне, сондай-ақ сол қақтығыстардың берік бейбітшілікке, қауіпсіздік пен дамуға төндіретін ұзақмерзімді зардаптарына қатысты алаңдаушылық;
  • қарулы қақтығыс жағдайындағы балалардың өміріне қол сұғушылықты, сондай-ақ халықаралық құқыққа сәйкес қорғалып отырған нысандарға, соның ішінде өздерінде бала көп жүретін мектептер мен ауруханалар тәрізді орындарға тікелей шабуыл жасауларды айыптау;
  • балаларды қарулы қақтығыстарға қатысудан қорғауды күшейтудің қажеттілігі. Шынында да, Бала құқығы туралы конвенцияның 1-бабында былай деп ескерілген: осы

Конвенцияның мақсаттарына арнап бала деп егер ол сол балаға қатысты қолданылып отырған заң бойынша кәмелеттік жасқа одан бұрын толмаса, жасы 18-ге толмаған әр адам танылады. Осы орайда мынаны мойындап кету қажет, Конвенцияға арналған өзінде тұлғалардың қарулы күштерге ықтимал шақыртылуы мен олардың соғыстық әрекеттерге қатысу жасы үлкейтілген факультативтік конвенция өзіне сәйкес балаларға қатысы бар барлық әрекеттерде ең бірінші кезекте баланың ең жақсы мүддесін қамтамасыз етуге алғашқы кезекті көңіл бөлінуі тиіс деген принциптің жүзеге асырылуына тиімді түрде ықпал ететін болады. 1995 жылдың желтоқсанында болып өткен жиырма алтыншы Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жартыай конференциясында қақтығыс тараптарына 18 жасқа толмаған балалардың соғыстық әрекеттерге қатыспауын қамтамасыз ету мақсатында кез келген мүмкін болар шараларды қабылдап отыруға ұсыныстар жасалған болатын.

Сонымен қатар Хаттамада мынадай міндет анықталған: мемлекеттің қарулы  күштерінен өзгеше болып келетін қарулы топтар ешбір жағдайда жасы 18-ге толмаған тұлғаларды соғыс әрекеттеріне қатыстырмауы немесе оларды соларда пайдаланбауы тиіс (4- бап). Біздің ойымызша, мұндай норманы орындау мүмкін емес, себебі мұндай  қарулы  күштер мемлекеттік қарулы күш болып табылмағандықтан, осы Хаттамадағы міндеттемелер бойынша байланыспаған болып келеді және, демеу, мұндай күштерден осы ережені орындауды талап ету де жүзеге асырылмайтын және қиын міндет болып табылады.

Осылайша, жоғарыда қарастырылған Хаттаманың құндылығы келесіге негізделген:

  • соғыстық әрекеттерге міндетті түрде шақыртылу мен қатысудың ең кіші жасы ретінде 18 жас және ерікті түрде жалдауға арнап ең кіші жас ретінде 16 жас белгіленген;
  • көтеріліске қатысушылардың қарулы топтары «ешқандай жағдайда» жасы 18-ге толмаған тұлғаларды соғыстық әрекеттерге тартып немесе соларда пайдаланбауы тиіс деп ескерілген;
  • тұтастай алғанда қарулы қақтығыстарда солдат-балаларды пайдалануды доғару идеясы көзделуде.

Балаларды қарулы қақтығыстарда пайдалануды қысқартумен және соған тыйым салумен байланысты мәселелерді жанама түрде болса да реттейтін тағы бір маңыздылығы бойынша  алдыңғысынан  кем  түспейтін  халықаралық-құқықтық  актіге  1999  жылдың  17 маусымында ХЕҰ-ның Женевада болып өткен Бас конференциясының 87-сессиясында қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) № 182 «Бала еңбегінің ең нашар әдістеріне тыйым салу мен оларды құрту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» конвенция жатады [2].

Осы конвенцияның кіріспе сөзбасында белгіленгендей, Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясы бала еңбегінің ең нашар әдістеріне тыйым салу мен оларды құртуға арналған жаңа актілерді бала еңбегі жөніндегі негізгі актілер болып қалып отырған 1973 жылғы Ең кіші жас туралы Конвенция мен Ұсынысты толықтырып отыратын, ұлттық және халықаралық әрекеттердің, соның ішінде халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық көмекті қоса алғанда, басты басымдылығы ретінде қабылдау қажет деп санаумен, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар әдістерін тиімді түрде құрту өздерінде балалардың тегін бастапқы білім алуының үлкен мағынасы және оларды кез келген түрдегі жұмыстан босатудың, сондай-ақ олардың құқығықтарын қалпына келтіру мен әлеуметтік біріктірудің қажеттігі назарға алынатын және солардың отбасыларының қажетсінулерін ескерумен шұғыл және жан-жақты әрекеттерді қажет етеді деп санаумен.

Қарастырылып отырған Конвенцияның құндылығы тікелей түрде келесіге негізделген: онда балаларды әскер ретінде пайдалану бала еңбегінің ең нашар формалары ретінде анықталған және жасы 18-ге толмаған балаларды қарулы қақтығыстарға қатыстыруға арнап мәжбүрлі немесе міндетті шартпен тартуға тыйым салынады. Арнайы өкіл осы ереженің орындалуын қамтамасыз ету үшін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) басшылығымен тығыз әріптестік қатынаста болып отырған.

Қарулы қақтығыстар кезіндегі балалардың құқығын қорғау саласындағы аймақтық халықаралық-құқықтық актілердің ішінен 1999 жылдың қараша айында күшіне енген Африкалық бала құқығы мен жақсы өмір сүру хартиясын ерекше атап кету қажет, ол бала құқығы жөніндегі аймақтық деңгейдегі алғашқы келісімшарт болып табылады. Оның ережелерінде балалар жасаған қылмыстар үшін өлім жазасын шығаруға, сондай-ақ балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін немесе кемсітушілік сипатқа ие болып келетін (жынысы мен өзге де белгілер бойынша) дәстүрлер мен мәдени практикаларға  тыйым салу көрсетілген. Хартия, сонымен қатар балаларды қарулы қақтығыстарға тарту мен қатыстырудың барлық түрлеріне арнап 18 жасты ең кіші жас ретінде бекіткен аймақтық деңгейдегі алғашқы келісімшарт болып табылады, мұнысы Бала құқығы туралы конвенцияға арналған Факультативтік хаттамамен қойылып отырған балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты талаптарынан асып түсті.

Аталмыш Хартия Африкалық адам мен халықтар құқығы жөніндегі хартия мен БҰҰ- ның Бала құқығы жөніндегі конвенциясын Африканың әлеуметтік  және  мәдени ерекшелігінің есебімен толықтыруда және бала құқығының бұзылуына қарсы қорғауды қамтамасыз етеді. Оның орындалуын Африканың балалар құқығы мен жақсы өмірі жөніндегі сарапшылар комитеті бақылайды. 2004 жылдың 1 маусымына қатысты Хартияны  Африкалық Одақтың 53 мүше мемлекетінің 33-і бекітті, тағы 10-ы оған қол қойды.

Жан түршіктірерлік ақиқат мынадай болуда, өздерін тіл алғыш өлтіргіш машиналарға айналдыру өте оңай болып келетін балалар арзан зеңбірек жемі ретінде тартылып жатады. Әскер-балалар көп жағдайда ең қауіпті тапсырмаларға жіберіліп немесе көбінеки олардың өздерінің туыстары мен руластарына қарсы бағытталған сорақы қылмыстарға қатысуға мәжбүрленіп жатады. Оларды қару тасымалдауға, тамақ іздестіріп, әзірлеуге және өзге де әскери емес міндеттерді орындауға мәжбүрлейді. Оған қоса, күнде әскер-балалар ұрып- соғудан және өзге түрдегі жәбірлеу мен қатыгездік әрекеттерден, мәжбүрлі еңбектен көз жұмып, зардап шегіп жатады. Қыздар зорланып және сексуалдық құлдарға айналып жатады. Балалардың денсаулығы мен рухани тепе-теңдігін қалпына келтіру өте көп күш жұмсауды қажет етеді; олардың көпшілігіне құқықтыраның толықтай қалпына келуі және қоғамға  бірігу үшін және қалыпты өмірге қайтып оралу үшін жылдар қажет болып жатады. Осының барлығы осы Хартияны қабылдаудың қажеттігіне негіз болды.

Африкандық балалар құқығы мен жақсы өмірі жөніндегі хартия жасы 18-ге толмаған балаларды халықаралық, сондай-ақ ішкі қарулы қақтығыстарға тартуға және соларда пайдалануға тыйым салады. Хартия халықаралық құқықтың көп салалы нормаларына маңызды толықтыру болып табылады, себебі ол балалардың қақтығысқа қатысуына жол беруге болмайтынын және оны әлем қауымдастығы елеусіз қалдырмауы тиіс екендігін біржақты түрде нұсқаумен, әскер-балаларды пайдалануға тыйым салады. Мұны әлі жасамаған африкалық мемлекеттердің барлығы, соның ішінде КДР, Бурунди мен Либери балалардың әскер ретінде тартылуы мен пайдаланылуын доғару үшін Хартияны бекітіп және өзінің заңдарын толықтай соның ережелеріне сәйкес етіп келтіруі тиіс. Оған қоса, Халықаралық қылмыстық соттың Римдік статуты мен әдеттегі халықаралық сотымен мойындалғандай (мұнысы 2004 жылдың 31 мамырындағы Сьерра-Леоне жөніндегі арнайы соттың шешімінде қосымша растауға ие болды), қарулы қақтығыстар барысында жасы 15-ке толмаған балаларды тарту мен пайдалану әскери қылмыс болып табылады. Сол себептен африкалық мемлекеттер қарастырылып отырған Хартияның мағынасы бойынша сондай фактілердің барлығы міндетті түрдегі тергеу тақырыбына айналғанына, ал кінәлілердің лайықты және бұлтартпас жазаға тартылғанына кепілдік беруі тиіс.

Осылайша, дәл осы Хартияда әскери қызметке шақыртудың немесе соғыстық әрекеттерге қатыстырудың барлың түрлеріне арнап ең кіші жас ретінде 18 жас бекітілген.

Тұтастай алғанда, мынаны қосып айта кету қажет, «Амнести Интернешнл» халықаралық ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, мысалы Конго Демократиялық Республикасында (КДР) балалар қақтығысқа қатысып отырған кейбір құрамалардың 40%-ын құрайды, оның үстіне бұл балалардың 40 пайызына дейінгі бөлігін қыздар құрайды [3].

Осы елдің үкіметі әскер-балаларды босату және оларды азаматтық өмірге қайтару жөніндегі жалпыұлттық бағдарламаға кірісе бастағанына екі жылдан астам уақыт болды. Алайда кемдегенде 11 000 бала осы кезге дейін қарулы топтардың құрамында болуда немесе хабар-ошарсыз қалуда. Олардың қатарына өздерін қарулы топтар басып алған және сол уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткен қыздардың көп саны жатады. Өздерінің саны 150 000 деп бағаланып отырған, соның ішінде 30 000 баланы құрайтын соғыстық әрекеттерге қатысушыларды қарусыздандыруға, соғыстан алыстатуға және бейбіт өмірге қайтаруға арналған осы бағдарламаның орындалу ісі саяси және әскери жігердің жоқтығынан, ұйымдастыру және техникалық сипаттағы елеулі проблемалардың орын алуына орай және елдің шығысында сақталып отырған қауіпті жағдайға созылуда [4].

Кейбір облыстарда бойжеткендер қарулы топтардан босатылған және РДВ бағдарламасына қатысатындардың екі пайызынан кем бөлігін құрайды, себебі оларды қалдырып кетіп жатады немесе қателесіп ересек жауынгерлердің «асырауындағы тұлғалар» деп санап жатады. Командирлер мен жауынгерлер өзінің сексуалдық меншік заты ретінде қарайтын бойжеткендерді босатуға міндеттіміз деп санамайды. Осы кемсітушіліктің сақталуына осы бойжеткендердің балаларға арналған РДВ бағдарламасына қатыса алатын бойжеткендер емес, «асырауындағылар» деп саналау фактісіне көз жұмып отырған КДР-дың кейбір үкіметтік шенеуніктері ықпал етуде [5].

Қарулы құрамалар мен топтарға тартылған бойжеткендер көбінеки қиянат жасау жылдарымен жарақатталған болып келеді және кейде олардың балалары болып жатады. Дегенмен де, қазіргі уақытта оларға құқығы бойынша тиесілі болып келетін қажетті қолдау мен көмекке ие болып отыру үшін өте аз нәрсе жасалуда. Тұтастай алғанда, босатылып және өз отбасылары мен қауымдастықтарына қайтып оралған балалардың басым бөлігі азаматтық өмірге тек шамалы ғана қолдауға ие болумен немесе мүлде ешқандай қолдаусыз қайтып оралуға мәжбүр. Атап айтқанда, мұнысы лайықты білім алу мен кәсіпті игеру мүмкіндіктеріне қатысты болып келеді. Кейбір балалардың жасы олар соғыс әрекеттеріне тартылған кезде небәрі алтыда болған [6].

ТМД-ның қарастырылып отырған саладағы халықаралық-құқықтық актілерінің арасынан 1993 ж. 24 қыркүйегіндегі «Қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғаудың алғашқы кезектегі шаралары туралы» келісімін (бұдан әрі - Келісім) ерекше атап кету қажет.

Келісімге сәйкес қатысушы мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан Республикасы  қарулы қақтығыстар аймақтарындағы адам құқығы мен гуманитарлық құқық нормаларын бұзудың алдын алуға арналған қажетті шараларды қабылдау ісіне екіжақты және көптараптық негізде әріптестік жасап отыруға міндеттенеді (1-бап.).

Қарулы қақтығыстар кезіндегі балалардың жағдайын реттеу саласында заң тұрғысынан міндетті шартқа ие болып келетін актілер ретінде келісімшарттармен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ерекше органы – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциялары маңызды мағынаға ие болады.

Айта кету керек, қазіргі сәтте қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды қорғау мен олардың құқықтық күйін қалпына келтіруге қатысты Қауіпсіздік кеңесінің төрт резолюциясы қабылданған:

  • 1261 резолюциясында (1999) әскери қақтығыстарға тартылған балаларды қорғау мен олардың жақсы тұрмысы Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне жатқызылған негізгі тыныштық пен қауіпсіздік мәселесі болып табылады деп расталған. Онда, сонымен қатар соларды қорғаудың негізгі принциптері бекітілген;
  • 1314 резолюциясында (2000) нақты практикалық шаралар белгіленген;
  • 1379 резолюциясы (2001) 1314 резолюциясында (2000) көрсетілген шараларды бекітуге қатысты болып келеді және соларды анағұрлым мақсатқа лайықты етеді. Сонымен қатар осы резолюцияға сәйкес балаларға қатыгез қарайтын тараптардың тізімін ұсынумен бақылау мен есеп беру практикасы енгізілуде;
  • резолюция 1460 (2003) бақылау мен есеп беру шеңберін кеңейтуде және мұнда барлық елдердің баяндамаларына балаларға қатысты нақты бөлімдерді енгізу қажет деп ескерілген, сондай-ақ мұнда «практикалық шаралар кезеңіне» көшу мақұлданған.

Қорытындылай келе айта кететін нәрсе, Қазақстанға қатысты қолданыста жүрген және жоғарыда қарастырылған халықаралық келісімдерге байланысты  Қазақстан Республикасында қарулы қақтығыстардың нәтижесінде зардап шегуі мүмкін тұлғаларды, соның ішінде сондай қақтығыстарға қатыстырылған және сондай қақтығыстардың құрбанына айналып отырған балаларды әлеуметтік қорғау мен оларға материалдық өтемақы төлеуге кепілдік беретін арнайы заңдарды қабылдау туралы мәселе осы уақытқа дейін шешімін таппай отыр.

ТМД-ның қарастырылған 1993 жылғы «Қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғау жөніндегі алғашқы кезектегі шаралар туралы» келісімінде «қарулы қақтығыс құрбаны» ұғымына нақты кімнің жататындығы көрсетілмеген. Осы орайда аталмыш Келісімді «қарулы қақтығыс құрбаны» ұғымымен толықтырып және қарулы қақтығыстардың потенциалды құрбандары ретінде балалардың құқығын қорғау кепілдіктеріне арналған жекелеген ережелерді бөліп кету қажет деп санаймыз.

 

Әдебиеттер

  1. http://www.amnesty.org.ru/peges/childiers-index-rus
  2. Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго // http://www.amnesty.org.ru/pages/ cod-111006-background-rus
  3. Дети-солдаты, брошенные  в  Демократической  Республике  Конго  // http://www.amnesty.org.ru/pages/cod-111006-background-rus
  1. Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго // http://www.amnesty.org.ru/pages/ cod-111006-background-rus
  2. Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго // http://www.amnesty.org.ru/pages/ cod-111006-background-rus
  3. Конвенция №182 Международной организации труда (МОТ) «О запрещении и немедленных мерах по искоренению наихудших форм детского труда» // http://www.lawmix.ru/abro.php?id=4939
Жыл: 2009
Қала: Алматы