Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздік кешені мəселесінің теориялық негізі

Мемлекеттіліктерінің қалыптасуы аяқталған Орталық Азия елдері үшін жаңа жаһандық қауіпқатерлермен бірге қазіргі уақытта ұлттық даму жəне аймақтық қауіпсіздік, субаймақтық интеграция мен серіктестіктің жаһандану жағдайындағы ауқымды мəселелері туындап отыр. Сонымен бірге əлемдік əлеуметтік кеңістіктің маңызды бөлігі трансқұрлықтық құрылымдар да аймақ елдері дамуында көлемді рөл ойнай бастады.

Аймаққа қатысты əлемдік саясат ұстанымдар мен ғылыми аналитикалық сараптамаларда көрсетілгендей, 1992-2001 жылдар аралығында КСРО-ның ыдырауынан басталып, қазіргі геосаясатқа өтудің өзіндік эталоны ретінде қалыптасты, ал 2001 ж.11 қыркүйегінен соң болса, осы күнмен байланысты бастау алған ұстанымдармен сабақтасады. 11 қыркүйек оқиғаларынан кейінгі оқиғалар мен Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы операциялар, оның ізінше орын алған екінші Ирак соғысы əлемдегі геосаяси күштердің арасалмағының түпкілікті жіктелуіне алып келді, ал бұл үдерістердің эпицентрі Орталық Азия жəне онымен жанасатын аймақтар болды. Олар Каспий, Кавказ, Орта жəне Таяу Шығыс жəне Орталық Еуразия тұтас. Шын мəнінде, механизмі 2001 жылға дейін-ақ қаланған төтенше динамикалық жəне көпфакторлы геосаяси үдеріс орын алады. 2001-2002 жылдардағы оқиғалардың нəтижесінде таяу арадағы күрескер исламистер тарапынан орын алуы мүмкін делінетін Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздіктің аса салмақты қатері сейіледі.

2000 жылы Орталық Азия төңірегіндегі геосаяси жағдайдың сапалы өзгерістері қатарын, біріншіден, Орталық Азияға қатысты АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ секілді ірі геосаяси акторлар арасындағы өзара жаһандық контекстін өзгеруі құраса, екіншісін, Орталық Азия (оның ішінде Каспий аймағы мен Кавказ бөлігіне қатынастағы) ірі геосаяси күштердің саясаттары мен үшінші аймаққа қатысты ірі АҚШ, РФ, ҚХР, Еуропалық Одақ елдерінің орташа аймақтық Үндістан,  Пəкістан, Иран, Түркия секілді орташа геосаяси акторлармен қарым-қатынасының өзара, Орталық Азия елдерінің өзішілік бағытында түзілуі құрады.

Осы кезеңде Орталық Азия төңірегіндегі жəне ішкі геосаяси жағдайларға тікелей жəне жанама əсер етуші факторлар қатарына Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ жəне оның одақтастарының қатысуымен орын алған əскери қақтығыстарды, сонымен бірге Таяу Шығыстағы жағдай, халықаралық лаңкестікпен күресті, ОПЕК-тің мұнай саясатын, (ірі көліктік жəне коммуникациялық жобаларын (Баку – Тбилиси Джейхан, Ресей Жапония, Қазақстан Қытай құбыр желістері) НАТО мен ЕО ұлғаюы, посткеңестік кеңістіктегі интеграция саясатын, ТМД елдеріндегі билік етуші жүйелердің алмасу үдерістерін жатқызуға болады.

Орталық Азия қауіпсіздіктің «ішкі дəрежесі» бұл аймақтағы көшбасшы мемлекет Қазақстаннан басқа, əлсіз мемлекеттердің құрылымы ретінде анықталады. Əлсіз жəне күшті мемлекеттердің спектрі мынадай белгілермен анықталады:

  • азаматтық қоғам жəне үкіметтік мекемелер арасындағы социо-саяси бірлік дəрежесімен;
  • мемлекет жəне ұлт арасындағы сəйкестік дəрежесімен;
  • мемлекет иелік ететін мемлекеттілік дəрежесі жəне ішкі тəртіптің тұрақтылық дəрежесімен [2].

Орталық Азия мемлекеттері біркелкі дəрежеде болмаса да, əлсіз мемлекеттер болып табылады. Талдап айтқанда, ауқымды да, тар дəрежеде оларға социо-саяси байланыстылықтың төмен дəрежесі, əрекет етуші саяси жүйелердің əлеуметтік базасының тым тар болуы (əсіресе, «орташа» таптардың тарапынан) (бұл Қазақстан үшін аз дəрежеде) сипатты. Тұрғындардың көпшілігі саяси апатия жағдайында болып тұрады. Ұлттық біркелкілік бұл аймақта əлсіз. Мысалы, Өзбекстан мен Түрікменстандағы сияқты репрессиялық аппараттық дамуындағы, Орталық Азия мемлекеттері мемлекеттілік жетімсіздігін сезінеді: өйткені мемлекеттік жəне үкіметтік құрылымдар өзіндік жетістіктерде болмағандықтан да субмемлекеттік акторлар өздерінің қауіпсіздігін немесе мемлекетке ықпал етуді қамтамасыз ету форумы іспетті құрылған.

Тəжікстандағы азамат соғысы Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік динамикасын түсіну үшін көрсеткіштік үдеріс ретінде мысал бола алады. Ол мемлекеттің əлсіздігі мемлекеттіліктің күйреуіне дəлел алып келу мүмкін екендігін дəлелдеген болатын.

Аймақтағы жетекшілік ететін мемлекет түрлері аймақтық қауіпсіздік динамикасы тұрпатына ерекше ықпал етеді. Орталық Азия мемлекеттерінің əлсіздігі:

  • Сыртқы күштердің енуіне салыстырмалы түрде ашық қалдырады;
  • Қауіпсіздік динамикасын анықтауда маңызды рөл атқаратын суб-мемлекеттік акторлар үшін кеңістікті ашық қалдырады;
  • Секьюритилену тұжырымын құрады [2].

Осылайша, Орталық Азия мемлекеттерінің əлсіздігі, бұл тұстағы қауіпсіздік динамикасы субмемлекеттік, аймақаралық жəне жаһандық дəрежеде қалыптасады.

Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қатынасы – əлсіз мемлекеттердің құрылымы мысалында, яғни ОА мемлекеттерінің күші оның шекараларынан ары аспайтындығына негізделетін, сондай-ақ ОА-ның аймақтық қауіпсіздіктің «мəнді құрылымды» кешен ретінде қалыптаспағанын анықтайды.

Аймақтық қауіпсіздіктің кешені теориясы кешен ішкі құрылымымен қатар, ішкі  шекараларында иеленуге тиістігін сипаттайды. Аймақтық қауіпсіздік кешенінің мəндік құрылымы төрт өзгермелі ауқымды құрайды, олар:

  • аймақтық қауіпсіздік кешенін көршілерінен жіктейтін шекара;
  • аймақтық қауіпсіздік кешені екі немесе бірнеше автономды бірліктерден тұруы тиіс анархиялық құрылым;
  • бірліктер арасындағы бөліністі қамтитын полярлылық;
  • бірліктер арасындағы достық жəне қастықты қамтитын құрылымның əлеуметтік жобасы.

Аймақ мемлекеттерінің əлсіздігі мен биліктің мини-кешені олардың шекараларын нақты анықтауға жағдай тудырмай отыр. Бұл мəселеде Орталық Азияға қатысты ерекше орын алатын:

  • Ауғанстан болса, ұзақ уақыт шығысазиаттық, оңтүстіказиаттық жəне таяушығыстық аймақтық қауіпсіздік кешендермен Кеңестер Одағы, одан кейін Ресей жəне Орталық Азия арасындағы оқшау ретінде болып келді жəне бола беруде. Сонымен қатар Ауғанстан назардағы мемлекет бола отырып, мемлекеттен гөрі шағын-кешен ретінде оқшаулау функциясын атқарған жəне атқаруда;
  • Келесі кавказдық шағын-кешен қауіпсіздік құрылымдық емес аймағы ретінде, Орталық Азияның бірқатар елдері жəне Ресей, Иранмен бірге Əзірбайжанды да қамтып отырған каспийлік құрылымдық емес аймақтық қауіпсіздіктің шағын-кешені. Каспийлік шағын кешен қауіпсіздіктің балама бірлігін ұсынатын Орталық Азия мен Кавказды байланыстырады. Алайда бұл шағын кешен мемлекеттерінің Каспий төңірегіндегі ортақ мүддесі жаңа сауда, көлік жəне энергетикалық мүмкіндіктердің нəтижесі болғандықтан, қауіпсіздік саласындағы маңыздылық немесе саяси қауіпсіздік приоритеттер аз мөлшерде сипатталады [3].

Орталық Азия үшін Ауғанстан жəне Кавказ шағын кешендерінің маңыздылығы, сонымен қатар орталықазиаттық шағын кешенді жеке мемлекеттермен бірігуінің немесе Ауғанстанның (Өзбекстан мен Тəжікстанның) жəне Кавказдың (Қазақстан мен Түрікменстанның) шағын кешендеріне бірігіуінің сыртқы трансформациясының мүмкіндігі болып саналады.

Жалпы, Орталық Азия халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны жəне оның қауіпсіздік өлшемдері көп жағдайда Ауғанстаннан басталатын, əсіресе Ауғанстандағы оқшаулық функциясы қаншалықты сақталатын үрдіске тəуелді.

Аймақтық  қауіпсіздік  кешенінің  ішкі  өзара  əрекетіне  байланысты  анықтамада  оған  кіретін сыртқыға қарағанда ішкі қатысушылардың маңыздылығы көрсетілген. Орталық Азия кіретін мемлекеттердің жағдайы, олардың мемлекетаралық бəсекелестікке қатысу мүмкіндігі шектеулі екендігін көрсетеді. Шекара мəселесін жеке алып қарайтын болса, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы, Қырғызстан мен Тəжікстан арасындағы шекара дауы, Ташкент жəне Бішкек арасындағы су ресурстары тапшылығы күш қолдану арқылы шешімге келуге дейін əкеліп соқтырған болатын.

1997-1998 ж. қабылданған Қазақстан, Өзбекстан жəне Қырғызстан арасындағы Мəңгілік достық жөніндегі Келісім мен Орталық Азия аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға байланысты шаралар жөніндегі Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан, Өзбекстанның Бірлескен мəлімдемелері мемлекетаралық қатынастарды реттеуге бағытталса, 1999 жылы жəне  кейінірек  қабылданып (мысалы, 2000 ж. Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан, Өзбекстан арасындағы лаңкестікпен, саяси жəне діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен жəне тұрақтылық пен қауіпсіздіктің өзгеде қатерлерімен күресте бірлесіп əрекет ету) қол қойылған құжаттар «халықаралық қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері» аталатын жинақты сипаттады [1].

Жалпы, Орталық Азия мемлекеттерінің өзара əрекеті ішкі шағын кешеннен гөрі, сыртқы үнқатуларға қарсы тұруға мақсатталып, қазіргі уақытта Орталық Азия мемлекеттері арасындағы достық жəне қастық құрылымдары мен полярлану туралы айтудың қажеттілігін тудырмай отыр.

Орталық Азия аймақаралық дəреже мынадай бірқатар факторлармен:

  • Орталық Азияның Қазақстаннан басқа мемлекеттерінің əлсіздігі сыртқы күштердің ашық енуіне салыстырмалы түрдегі ашық мини-кешенін қамтамасыз етумен;
  • Орталық Азияның Қазақстаннан басқа мемлекеттерінің əлсіздігі миграция, наркотиктер жəне қылмыс секілді мəселелерде секьюрителенуге, сонымен бірге оларды аймақ аралық дəрежеге жеткізуімен;
  • Орталық Азия мемлекеттерінің шекараларының нақтыланбауы аймақтық қауіпсіздіктің көрші кешендерінен аймақтық жіктелуін сырттай трансформациялауға мүмкіндік тудырады;
  • Орталық Азияда мəнді құрылымдар, яғни болуы тиісті қауіпсіздіктің өзара тəуелді құрылымдары өте əлсіз немесе қолға алу дəрежесінде;
  • Иран, Пəкістан жəне Түркия секілді аймақтық державалардың ықпалы, олардың күштерінің жергілікті кешенді аймақтық қауіпсіздік ауқымынан шығып кеткеніне қарамастан, Орталық Азия немесе жеке елдерді сол аймақтық қауіпсіздік кешендеріне тарта алмауымен  анықталады [3].

Бұл факторлардың өзіндік ерекшелігі Орталық Азия изолятор функциясын орындап тұрғанын анықтайды, яғни:

  • Аймақтық қауіпсіздіктің бірнеше кешенінің аралығындағы немқұрайды немесе селқос шекаралардың зонасында орналасуымен;
  • Олардың қауіпсіздік өлшемін бір-бірінен алшақ ұстануымен;
  • Келешегі салыстырмалы түрде пассивті жəне жеткілікті түрде күшті еместік ақуалының көрші кешендерді байланыстыра алмауымен;
  • Аймақтық қауіпсіздіктің бөліктік\біріктіргіштік перифериялық энергиясын қабылдауымен ерекшеленеді.

Орталық Азияға қатысты қауіпсіздік мəселелерін шығысазиаттық, оңтүстіказиаттық, таяушығыстық аймақтық қауіпсіздік кешендері ауқымында  қарауға болады.

Аймақтық қауіпсіздіктің шығысазиаттық кешені қауіпсіздіктің күшті аймақтық жəне жаһандық динамикасының кешені болып табылады. Бұл кешенге аймақтық секьюритилік қана емес, жаһандық дəрежедегі секьюритилік мүмкіндік иеленген күшті əлемдік державалар Қытай мен Жапония тартылған. Орталық Азия аймақаралық өзара əрекет көп жағдайда Қытай арқылы жүзеге асса, Корея жəне Жапония өлшемі бұл тұрғыда одан кейінгі кезекте. Орталық Азия аймақтық қауіпсіздіктің осы кешенінің біршама көрініс алу динамикасы Қазақстан мен Қырғызстанда байқалады. Мемлекеттік дəрежеде ол энергетикалық жəне сауда мəселелерінде бағамдалған. Мемлекеттік емес дəрежеде – сауда мəселелері мен суб-аймақтық жəне трансұлттық акторлардың қызметінен көрініс тапқан. Аймақтық қауіпсіздіктің оңтүстіказиаттық кешені – жаһандық дəрежедегі державалардың демеуінсіз күшті аймақтық динамикалы стандартты кешен. Бұл Үндістан мен Пəкістан арасындағы айқын қақтығыстық формасы бар кешен болып табылады. Аймақтық қауіпсіздіктің оңтүстіказиаттық кешенінің Орталық Азияға ену динамикасы негізінде Пəкістаннан Ауғанстан арқылы желістеледі. Аймақтық қауіпсіздіктің таяушығыстық кешені – күшті аймақтық жəне жаһандық өлшемдегі державалармен аса санаспайтын стандартты мультиполярлы кешен. Ол қауіпсіздіктің   аймақтық   динамикасының   АҚШ-тың   аса   белсенді   қатысуымен жəне АҚШ-тың болашақтағы рөлі мəселесімен тоғысатын айқын қақтығыстық формасы бар кешен болып табылады. Аймақтық қауіпсіздіктің таяушығыстық кешенінің Орталық Азияға ену динамикасы негізінде Ираннан Ауғанстан жəне Тəжікстан арқылы жүзеге асады [2].

Аймақаралық дəрежедегі Ресейдің қауіпсіздік мəселесіндегі ұстанымы оның өз төңірегінде аймақтық қауіпсіздік кешенін қалай қамтамасыз етуге деген қажеттілігіне сай секьюритиленеді де, одан басқа Орталық Азия бұл тұстағы орны Ресейдің ОА қандай тұтас құрылым ретінде қабылдануымен өлшенеді. Аймақтық қауіпсіздіктің Ресей төңірегіндегі кешенін  құруда  Орталық Азия кейбір мемлекеттерінің ғана, ең бірінші кезекте Қазақстанның қатысуымен жабдықтау мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік көпжақты құрылымдардың мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Келісім Ұйымының немесе Кеден Одағының құрамына арқаланудан туындаған. Осы тұста Орталық Азия посткеңестік кеңістікте, əсіресе əскери қауіпсіздік мəселелерінде тығыз интеграцияланғаны ескеріледі. Орталық Азияға қатысты нақты мемлекеттік стратегиясы болмаса да, Ресей қандай жағдайда болмаса да, «қауіпсіздіктің жаңа қатерлерінің» таралуы үшін табиғи кордон болатын Орталық Азия тұрақты буфер зонасы ретінде сақтауға талпынады.

Аймақ қауіпсіздігінің келесі бір жаһандық дəрежесі, АҚШ немесе ұлы державалардың (Қытай, Жапония, Ресей жəне ЕО, кейбір жетістіктеріне қарай Германия, Франция жəне Англия) динамикасымен жəне секьюритиленуімен анықталады. Жаһандық күштердің Орталық Азия аймақтық қауіпсіздікке тартылуы асимметриялық сипатқа ие, себебі өздеріне кері қайтатын маңызды өзара əрекетке ие болып отырған жоқ. Осы мемлекеттердің ішінде Ресей үшін аймақтық дəреже ішкі, аймақаралық немесе жаһандық аса маңыздылықта еместігін жалпы құрылым көрсетіп отыр. Орталық Азия аймағындағы аймақтық қауіпсіздік үшін Ресейдің саясатындағы атап өтерліктей екі қарамақарсы бағытты талдауға болады. Олардың алғашқысын жаһандық дəрежедегі маңыздылық ерекшелесе, келесісі ішкі.

Бірінші бағыт Ресейдің өзінің кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте аймақтық қауіпсіздіктің орталықтанған кешенін өз төңірегінде құруға талпынған, сонымен бірге Ресейдің бұл құрылымдағы рөлі де жаһандық дəрежедегі түбейгелілікте болуымен сипатталады. Əрине, Ресей саясатының бұл желістегі түпкілікті мақсаты – жаһандық держава жағдайын сақтап қалу. Оның құрылымдық мақсаты  əлемнің мультиполярлығын қамтамасыз ету.

Ресей саясатындағы екінші бағыт оның мемлекет ретіндегі əлсіздігімен байланысты түсіндіріледі. Бұл ішкі бағыттағы Ресей саясаты мемлекеттің дамуы мен мемлекеттілікті нығайту, көрші мемлекеттермен кешенді аймақтық қауіпсіздікте жақындасу, əсіресе Еуропалық Одақ Еуропа жəне шығысазиаттық, сонымен бірге жаһандық дəрежеленуге əрекеттеріне үзілістер жасамау. Қазіргі уақыттағы АҚШ жəне ЕО ұстанымдарындағы нақты лаңкестікке қарсы компанияларға тартылудың өткір тұжырымының болмауы сыртқы сипаттан гөрі, ішкі қауіпсіздік маңыздылығын тудырары бар. Орталық Азия Ресейдің басты сыртқы акторы болып саналатындықтан, сонымен қатар əлсіз мемлекет дəрежесінде болуы да Ресейдегі секьюритилеу/секьюритиленбеу үдерісі мемлекеттік саясатқа əртүрлі ықпал ететін суб-мемлекеттік акторлар арқылы жүзеге асуда.

Ресейге қарағанда Қытай – жеткілікті түрдегі мықты мемлекет. Алайда Қытай үшін динамикаға қарағанда, оны Орталық Азиямен байланыстыратын ішкі, аймақтық жəне жаһандық дəрежелер аса маңызды. Қытайдың өркендеп бара жатқан ақуалы оның аса көлемді дəрежеде Шығыс пен Оңтүстік Азияны жалғайтын азиаттық супердержава орталығына айналуын көрсетіп тұр. Бірақ та Қытай орталықтанған азиаттық аймақтық қауіпсіздік кешенін құруға соншалықты күші жоқ. Сонымен бірге Қытай ықпалының өркендеуі оның АҚШ-тың мүмкін болатын «тең бəсекелес» жөніндегі пікірталасының нысанасына алынуда. Қауіпсіздіктің шығысазиаттық аймақтық кешеніне АҚШ-тың «мұрын сұғуы» олардың аймақтағы жағдайы жəне Жапониямен байланысы Қытай жəне олардың арасындағы секьюритиленуді ауқымдауда.

Орталық Азияда Ресей мен Қытай бірлесе əрекет етеді. Бастапқыда Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Тəжікстан арасындағы шекара мəселелерін реттеу мақсатында жұмысы үйлестірілген Шанхай ұйымы қазіргі уақытта лаңкестікпен, нашасауда жəне фундаментализм, сепаратизммен күреске ынтымақтасуға бағдарланған. Жаһандық дəрежеде бұл ынтымақтастық Ресейдің Орталық Азиядағы көшбасшылығын Қытайдың мойындауына негіздеген.

АҚШ динамикасы Орталық Азиядағы қауіпсіздік динамикаларымен тоғысады. Ең басты аймақаралық дəреже – таяушығыстық, шығысазиаттық жəне оңтүстіказиаттық аймақтық қауіпсіздік кешендерімен, жаһандық дəрежеде – АҚШ-тың ұлы державалар – Ресей, Қытай, ЕО мүмкіндігінше өзара əрекеті, сонымен бірге, мысалы лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруларының таралуы, ұйымдасқан қылмыс жəне наша секілді жаһандық мəселелердің ортақ реттелуі тоғысу деңгейлерін анықтайды.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ реакциясы оның Орталық Азиядағы қатысуын күшейтіп, осы қатысумен қарама-қайшылықты да шиеленістіріп жібереді. Бірінші топ «лаңкестікке қарсы соғыс» АҚШты Орталық Азияға тартты. Келешегі түсініксіз АҚШ-тың Орталық Азиядағы жеткілікті шектеулі əскери қатысуы аймақаралық, жаһандық дəрежедегі динамика өзгерістерін тудырғанымен, ішкі жағдайға ықпал етпеді. Осылайша, АҚШ өзінің əрекеттерімен Орталық Азияның оқшаулық сипатын тереңдетіп жіберді. Егер АҚШ шағын-кешендегі қатысуын аса тереңдетіп жіберер болса, Орталық Азия аймақаралық жəне жаһандық бəсекелестіктің геосаяси сахнасына айналары да мүмкін.

Еуропада, кеңестік кеңістіктен кейінгі секілді, аймақтық жəне жаһандық дəрежелер тығыз байланысқан. Аймақтық динамика ұлы державалардың пайда болуымен анықталады. Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы қатысуынан АҚШ жəне ЕО-Еуропа қатысуы олардың жаһандық дəрежеде болуымен байланыстырылып, құрылымдық байланыстағы қатысуының қажеттілігін аса маңызды еместілігімен айқындалады [2] .

Мемлекеттік емес, трансұлттық жəне суб-мемлекеттік бірліктердің халықаралық қатынастардың акторларына айналуына уақыт, кеңістік жəне ресурстардың ықпал ету қажеттілігі бар. Мемлекеттік емес акторлар саяси (мысалы, лаңкестік ұйымдар) немесе экономикалық (мысалы, ұйымдасқан қылмыстық топтар немесе трансұлттық компаниялар) мақсат-мүддесі болып келеді.  Кейбір  мемлекеттік  емес акторлар суб-мемлекеттік (кландар, зиялылар) болып табылады да, жиі ішкі сипатка ие болады. Əлсіз мемлекеттерде олар мемлекеттік институттарға сіңіп, оны алмастыруға талпынады. Орталық Азияда мұндай факторлар дəстүрлі де, сонымен бірге мемлекеттердің модернизация үдерісінде шағын-кешен ретінде де қалыптасуы мүмкін. Мысалы, туысқан-жершілдік (Тəжікстандағы авлодтар) жəне жершілдік (ташкенттік, самарқандық жəне өзге де Өзбекстандағы кландар) дəстүрлі акторларға жатады. Жаңадан қалыптасқан елдің ішкі өміріндегі зиялы топтарда суб-мемлекеттік акторлардың қатысушысы ретінде қауіпсіздік динамикасының қалыптасуына тікелей араласушы болып табылады. Алайда суб-мемлекеттік акторлардың күші Орталық Азия мемлекеттері шекараларынан аса шыға қойған жоқ.

Өзге де мемлекеттік емес акторлар, мысалы трансұлттық компаниялар, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс жəне «халықаралық лаңкестік» мемлекеттік еместіктен де басқа, сонымен бірге трансұлттық сипатқа ие болуымен де, ішкі ғана емес, аймақтықта жəне жаһандықта динамикаға ықпал ете отырып, олардың арасында байланыс орнатады. Мысалы, Өзбекстандағы Ислам қозғалысы нақты территориялық сипатқа ие, бірақ бұл қозғалыс трансұлттық болып табылады, сондай-ақ оның аймақаралық дəрежедегі өзара əрекетінсіз сияқты аймақтық қауіпсіздік құрылымға да сілтемесіз түсінікті болмайды. Тағы бір жағынан, шағын-кешен мемлекеттері «халықаралық лаңкестік» секілді мəселелермен бетпе-бет келмесе де, олардың əлсіздігі бұл акторлардың динамикасына кеңістік құруы əбден мүмкін. Тəжікстан тəжірибесі көрсеткендей, аса əлсізденген мемлекет өзінің территориясында трансұлттық топтардың өмір сүруіне жағдай тудырады. Трансұлттық акторлар соңғы жылдары ішкі жəне аймақтық болмыстардан ысырыла отырып, біртіндеп жаһандана біршама халықаралық формаға ие болып келеді [3].

Осылайша, Орталық Азия мемлекеттеріндегі қауіпсіздік бұл басқа бірліктер мен акторларға қарсы мемлекеттер жөніндегі мəселе ғана емес, мəселе бірліктер мен акторлар өздерінің төңірегінде қандай қатынас қалыптастырады, осы қатынастарды олар қалай секьюритилендіреді дегенге саяды немесе Орталық Азиядағы лаңкестік мəселесі ол аймақтық кез келген мемлекетіне лаңкестік қандай қауіп төндіріп тұр деген мəселе емес, ол лаңкестік секьюритилендірудің қандай шараларының арқасында ол қатерге айналды, секьюритилеуші акторлар, объект референттері, вето акторлары мен аудиториялар арасында қатынас желісі қалай құрылуда деген мəселе.

Жалпы, Орталық Азия – қауіпсіздіктің құрылымданбаған аймағы немесе ішкі, аймақаралық, жаһандық жəне аймақтық дəрежедегі (маңыздылық дəрежесіне қарай) қатынас динамикасы желісімен анықталатын қауіпсіздік динамикасы, құрылымы жəне шағын-кешені. Орталық Азия шағын-кешен ретінде шығысазиаттық, оңтүстіказиаттық жəне таяушығыстық аймақтық қауіпсіздік кешендерімен, сонымен бірге Ресей өзінің төңірегінде құруға талпынатын қауіпсіздік кешенінің араларындағы изолятор функциясын орындайды. Осы динамикалардан басқа Орталық Азия жаһандық дəрежедегі Ресей, Қытай жəне АҚШ ықпалында құрылған динамикалардың да ықпалында екендігі дəлелденді. Сонымен бірге бұл шағын-кешенде трансұлттық жəне мемлекеттік емес акторлардың да белсенділігіне ауқымды кеңістік қалыптасқан.

 

Әдебиеттер

  1. Касенов У. Безопасность в Центральной Азии. – Алматы: Университет «Қайнар», 1998. – 280 с.
  2. Черных И.А. К вопросу о секьюритизации в Центральной Азии // Современные проблемы международных отношений: теория и практика. – Алматы, 2002. – С. 248-151.
  3. Черных И.А. Эволюция восприятия безопастости в Центральной Азии: дискурсивный анализ // КазахстанСпектр. 2006. №3. – С.43-51.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.