Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иран ядролық бағдарламасы: АҚШ мемлекетімен қарама-қайшылықтары

ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығының ядролық қару таратпау тəртібінің болашағы əлемдік қауымдастық пен көптеген мемлекеттер саясаттанушыларын алаңдатуда.  Ядролық қаруды таратпау тəртібіне бүгінгі  таңда елдердің өзіне жүктелген міндеттемелерді жүзеге асырмау, бұл міндеттемелерді сақтамау үшін Келісімнен шығу, қауіпсіздікке қатысты халықаралық жағдайдың өзгеріске ұшырауы, технологиялардың таралуы салдарынан үлкен қауіп төніп тұр. Біз ядролық қаруды таратпау тəртібінің жойылуына, таралудың көшкініне əкелетіннүктегежақындапжатырмыз. Келісімнің əлемдегі қауіпсіздікті сақтауға толық мүмкіндігі жоқ. Көптеген мемлекеттер келісімнен оңай бас тартты. «Дүниежүзінде халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына қайшы келетін бірегей ахуал қалыптасып отыр: біреулерге қаруды иемденуге жəне оны жетілдіре түсуге рұқсат берілсе, екінші біреулерге оған иелік ету түгілі жасау жөнінде ойлауға да тыйым  салынады» [1]. Яғни қазіргі кезде қалыптасып отырған жүйе халықаралық құқық субъектілерінің барлығына тең таралмайды. Əлемнің ондаған мемлекеттерінде тиісті саяси қаулы қабылдаған жағдайда ядролық қару шығаруға технологиялық жəне басқа да мүмкіндіктері бар. Иран Ислам Республикасы – осындай елдердің тізімінде.  ХХ  ғасырдың  ортасында  басталған Иран ядролық бағдарламасы аясындағы мəселе өзінің шешімін таппай, бүгінгі күнге дейін ең өзекті мəселе болып отыр. Бұл дағдарысты шешу мақсатындағы өзара тиімді жолдар іздеуі еш нəтиже бермей, АҚШ жəне оны қолдайтын елдер тарапынан дағдарысты тоқтата алатын ешқандай ұтымды шаралар ұсынылмаған. АҚШ-тың бұл мəселеде алатын орны зор, Иран ядролық бағдарламасының, қазіргі ядролық қаруды таратпау жүйесінің келешегі оның саясатына тікелей байланысты. АҚШ Пехлеви кезіндегі Иран ядролық бағдарламасына белсене қатысқан,  алайда  ислам   революциясынан кейін Иранда антиамерикандық тəртіп орнап, Иранның сол ядролық  бағдарламасы  АҚШтың сыртқы саясатындағы негізгі мəселелердің біріне айналған. АҚШ Иранды оқшаулауға бағытталған саясат аясында Тегеранның атом энергетикасы саласында басқа мемлекеттермен ынтымақтастығына жол бермеуге тырысты.

Жалпы, ядролық қаруды таратпау саласында қалыптасқан жағдай АҚШ саясатымен тікелей байланысты. КСРО ыдырағаннан кейін АҚШтың ядролық қаруды таратпаумен күресудің ұлттық стратегиясы түпкілікті өзгерді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа əдісінің жасалуы XXI ғ. АҚШ-қа қарсы уақыты, бағыты жəне деңгейі белгісіз көптеген қауіптердің пайда болуы  жəне  қақтығыстардың  жүзеге  асырылу мүмкіндігімен байланысты. Сондықтан АҚШ назарын кіммен жəне қашан соғысу емес, қалай соғысу керек екендігіне аудара бастады. Бұл кез келген шабуылға дайындықты білдіреді.

АҚШ-тың Иранның ядролық менменділігін байтараптандыру талпыныстары американдық таратпау саясатының негізгі орталығына айналды. Бұл саясаттың көп жағдайда ядролық қаруды  таратпауға  жол   бермеу   идеясынан гөрі геосаяси түсініктерге байланысты екенін Пəкістанның  Штаттар  тарапынан  мұндай «қамқоршылықтан»  тыс  қалудан   айқын көруге болады. АҚШ-тың ядролық қаруды таратпау мəселесіндегі іріктеу əдісі жөнінде мəртебелі американдық ғалым, «Бомба Индии» жұмыстың авторы Дж. Перкович былай жазады: «Радикалды түрде əкімшілік мүшелерінің көзқарасы бойынша, мəселені ядролық қарудың өзі емес, оны ұстап тұрған «жаман жігіттер» ушықтырады» [2].

Не себептен Иран АҚШ тарапынан қызығушылықа ие? Иран – 80 млн-ға жуық халқы бар, инфрақұрылымы жақсы дамыған жəне табиғи ресурстарға, əсіресе мұнай мен табиғи газға бай мемлекет. АҚШ бірлескен қаржы элиталарының бұл елге жəне елдің табиғи қорларына ие болуы əскери шабуыл жасауға үлкен түрткі болып табылады. Иран сияқты елмен соғыс американ бюджетіне триллион долларға түссе де, АҚШ-тың жеңіске жеткен жағдайда əскери-өндірістік кешеніне үлкен пайда əкелуі тіптен мүмкін. Алайда бұл тек қана АҚШ-тың жеңісі орын алған жағдайда. Кері жағдайда, АҚШ президентінің бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Збигнев Бжезинский мəлімдегендей: «Иранмен болатын ықтимал соғыстың салдары АҚШ-ты апатқа əкелуі əбден мүмкін» [3].

АҚШ тарапынан Иранға деген қызығушылығының тағы бір себебі – «Жаңа американдық ғасыр» жобасы аясында Қытайды екінші алып державаға айналуын болдырмау мəселесіне байланысты. Таяу Шығыс, дəлірек айтсақ аймақтың мұнайы бұл мəселені шешуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қытай өзінің мұнайда мұқтаждығын Таяу Шығыс аймағынан импорт арқасында қанағаттандырады. Қытай қазақстандық жəне ресейлік қайнар көздері арқылы көмірсутек импортын əртараптандыруға талпынса да, оның таяушығыстық мұнайдан толық  тəуелсіз  болатынына  сену  мүмкін емес.

АҚШ аймақтағы Қытайдың негізгі тəуелсіз қамтамасыз етуші – Иранды «басу» саясатын жүзеге асыруды жөн көреді. Иран мұнай-газ секторына бақылау жасау бүкіл таяушығыстық мұнай ағымдарын басқаруға мүмкіндік береді. Алайда соңғы оқиғаларға байланысты Қытай Иран мұнайын сатып алуды екі есеге қысқартқан болатын [4].

Джордж Буш-кіші президенттігі кезінде (2001–2009), əсіресе Иранда Махмуд Ахмадинежадтың билікке келуінен соң (2005) екі ел арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. АҚШ экс президенті Дж.Буш Пентагонның жаңа доктринасы бойынша АҚШ-қа агрессия актісін жасаған кез келген мемлекетке ядролық қару қолдануға дайын екендігін жариялады. Бұл Иран немесе Ирак сияқты ядролық емес мемлекеттерге де байланысты.

«Ядролық қарудың мəні – оны ұстау факторы ретінде қолдану», – деді Джордж Буш. «Біз ядролық қаруды қолдануға құқық қалдырамыз, себебі біз əлемнің барлық мемлекеттеріне бізге қауіп төндіре алмайтындығын немесе бізге жəне біздің одақтастарымызға қарсы жаппай қырып жою қаруын қолдана алмайтындығын көрсеткіміз келеді» – деп қосты экс президент [5].

2002 жылдың қыркүйек айында жарияланған АҚШ-тың «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында» аласталған елдер деген ұғым қабылданды [6]. Бұндай елдер тізіміне Иранның қосылуы еш таңқалдырмайды.  Сонымен  қатар  2002   жылы 29 қаңтар күні Джордж Буш-кіші өзінің жыл сайынғы Конгреске Жолдауында «зұлымдық осі» елдеріне Иранды жатқызды.

Барак Обаманың билікке келуімен Вашингтон мен Тегеран  арасындағы  қатынастар еш өзгерістерге тап болмады. Обама өзінің президент болып тағайындалуынан кейін берген алғашқы сұхбатында «Иран – Таяу Шығыстағы ең үлкен қауіп» деп жариялады [7].

Иран қашанда өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа бағытталғанын айтып жатады. Алайда сөзі ісімен үйлеспейтін Иран билігі 2010 жылы иран ғалымдары уранды 3,5%-ға шейін байытуға қол жеткізіп, бұл жетістіктің негізінде өзін «ядролық мемлекет» деп жариялады [8].

Иранның ымырасыз сөздері мен іс-əрекеттері Батыс жағынан қатаң кертартпалықты тудырып, АҚШ БҰҰ аясында Иранға қарсы «ең қатал санкцияларды»   жүзеге   асыру туралы жария етті. Иранды өз райынан қайтару мақсатында АҚШ 1995, 2007, 2008, 2009 жылдары Иран энергетикасына инвестициялар жасаған бірқатар иран тұлғалары мен компанияларға біржақты тəртіпте санкциялар қабылдаған. Олардың барлығына АҚШ-тан несие мен инвестиция алуға тыйым салынған болатын [9]. 2010 жылдың басында Вашингтон телекоммункациялар, қаржы мен энергетика саласында қызмет ететін бірқатар иран фирмаларына қосымша санкциялар енгізуге дайын екенін жария етті [10]. 2010 жылдың 9 маусымында БҰҰ ҚК дауыстың көпшілігімен (15-тен 12-уі – Бразилия, Түркия мен  Ливаннан басқа) санкциялар қабылданып, олар банкаралық аударымдар, сыртқыэкономикалық операцияларды, теңіз тасымалын бақылау, Иранға қару-жарақтың кейбір түрлерін сатуға тыйым, АҚШ тізімі негізінде белгілі бір тұлғалар мен компаниялардың активтерін байлап қоюды қамтыған  [11].  2010  жылдың  26 шілдеде Еуропалық Одақ мүшелері Иранға қарсы санкцияларды мақұлдап, 27 шілдеде оларды күшейтті: ЕО-ға келуге тыйым салынып, визалық шектеулер қоя отырып,  иран  мұнайгаз секторына инвестициялар құюды тоқтатты. Осылайша, АҚШ жəне оның жақтастары Иран өзінің уран бағдарламасын тоқтатуға міндетті деп санайды. Олардың пікірінше, Тегеран Келісімнің 4-бабынан шығатын елдің құқықтарын Келісімнің басқа барлық ережелерін сақтаған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Вашингтон иран бағдарламасын заңсыз деп тану мақсатында қатаң халықаралық күш қолданудан да бас тартпайды. Қажет құжаттаманың дер кезінде өткізілмеуі, халықаралық   тексерушілердің кіру рұқсатына байланысты мəселелер, қатаң риторика басқа державаларды Иран мəселесін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берумен келісуге көндірді. Сонда да Иран басшылығы келіспеушілігін танытып, соның салдарынан ҚК Тегераннан Агенттікпен мəселелерін шешуді жəне уранды байыту бойынша бағдарламаны тоқтатуды талап ететін бірқатар    резолюциялар (1696 (2006), 1737 (2006),   1747(2007),1803(2008), 1835 (2008) жəне 1929(2010) қабылдауға тура келді. Иран бұл резолюциялардан бас тарта отырып, БҰҰ мүшесі ретінде өзінің міндеттерін бұзды. Бұл американ басшылығына өзінің ұстанымын заң негізінде бекітуге мүмкіндік берді [12].

Не   себептен  Иран  халықаралық санкциялардың жаңа раундтарының астына қалуды тəуекел етіп, өзінің ядролық бағдарламасын дамытуда? Субъективті  көзқарас  бойынша Иран өзінің ядролық бағдарламасы заңды  екенін сендіруде, ал ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану мемлекеттің ажырамас құқығы болып табылады жəне ядролық қаруды таратпау қағидасына қайшы келмейді. АҚШтың Иранның ядролық бағдарламасы ядролық қаруды тарату қаупін тудырып отыр деген айып тағуы Иранның айтуынша – əдеттегі екілік стандарт. Соңғы жылдары АҚШ пен Израиль, сонымен қоса Ұлыбритания мен Франция Иранның ядролық зерттеуден бас  тартуды  талап етіп отыр. Ресей, əрине, бұл елдермен келіспейді. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі С. Лавровтың мəлімдеуінше «Иранның ядролық бағдарламасы əскери сипатта екендігі туралы еш дəлел жоқ». Алайда израиль əскери басшылары ислам республикасының ядролық потенциалын жоққа шығаратын иран қалалары бойынша əуе жəне зымыран соққыларының жобасын дайындап қойды. Израиль эмиссарлары жобаны жүзеге асыру үшін əлемнің көшбасшы державалардың «келісімін алуға» ниетті болып отыр.  Бұл  жағдайда  туатын   заңды   сұрақ:   Не себептен АҚШ, Ресей, Англия, Франция жəне Қытай кезінде Израильдың атом қаруын сынақтан өткізіп, жасап шығаруына еш жауап қайтармады? Израиль 70-жылдардың соңында Оңтүстік Атлантикамен бірлесе отырып, сынақ жүргізген емес пе?! Израиль атомшылары бірқатар елдерде заңды жəне заңсыз түрде уранды өндірумен айналысқан болатын. Бұл да бөлек мемлекеттерге атом бомбасын иемдену бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  ядролық державалардың «екілік стандарты» [13]. Осылайша Израиль факторы АҚШ-тың Иранға қатысты саясатын анықтауда негізгі рөл атқарады. Тіпті 2000 жылдың басында «ForeignAffairs» журналында басылып шыққан экс мемлекеттік хатшы К. Райстың мақаласында: «Иран Таяу Шығыста белгілі бір қауіпті туғызады – АҚШ пен осы аймақтағы біздің басты одақтасымыз – Израиль үшін. Иранның қарулануы күннен күнге Израильді қорқытады. Соңында, АҚШ-тың Иранға қатысты саясатының өзгеруі Иранның өзін-өзі ұстауын өзгертуге талап етеді [14]. Иран–Израиль қарым-қатынастарының егжейтегжейлігіне үңілмей, Иранның ядролық державаға айналу мəселесі Израильды алаңдататыны заңды нəрсе деп айта аламыз. Иран Ислам Республикасы тарапынан көптеген жылдар бойы радикалды ислам ұйымдарына қолдау көрсетуі Израиль қауіпсіздігіне бүгінгі  күнге  дейін  қауіп төндіруде.  Израиль  «лаңкестік  ұйым» деп таныған ХАМАС-тың Иран тарапынан қаржылануы осыған дəлел [15].

Иранның алпауыттарға қорықпай қарсы шығуының себебі неде? Иранның өзін былай ұстауы заңды нəрсе, өйткені халықаралық қысымның басым бөлігі (əсіресе АҚШ пен Израиль тарапынан) ядролық технологияларға емес, саяси тəртіптің сипатымен тікелей байланысты. Бұл тəртіп АҚШ пен оған жақын одақтастарды «қанағаттандырмайды». Иранның алпауыттарға қорықпай қарсы шығуының тағы бір себебі – Тегеран Мəскеуге арқа сүйейдi. Былтыр жаздың соңына қарай Ресей–Иран қарым-қатынасы айтарлықтай нашарлағанына қарамастан, қыркүйек айында Ресей бағытын күрт өзгертiп, Бушердегі АЭС-тi iске қосты.  Бұл бiрлескен жоба – екi ел арасындағы ықпалдастықтың нақты жемiсi. Осылайша Батыс елдерi Иранды қысымға алған кезде Кремль керiсiнше қолдау көрсетуде. Өйткенi, Иранды АҚШ-тың  «Зымыранға  қарсы  қорғаныс»  (ЗҚҚ) бағдарламасына қарсы тетiк ретiнде пайдаланғысы келедi.

Батыс пен Иран арасындағы дауды жаңа белеске көтерген бұл емес – Атом қуаты бойынша халықаралық агенттік – АҚХА-ның қарашада жариялаған атышулы баяндамасы. 2011 жылы қарашаның 8-і күні АҚХА жариялаған 25 беттен тұратын ресми баяндамасында Иран 2003 жылдан бері ядролық қару жасауға бағытталған жұмыстар жүргізген деген қорытындыға келген еді [16]. Əсіресе, 2008-2009 жылдары Иран ғалымдары ядролық оқтұмсық жасауға ден қойған. Қазір де сол жолдан тайынбай отыр. Тіпті компьютер арқылы жобаларын сызып, жерасты сынақ алаңдарын да даярлаған. Осыдан кейін Батыс елдері Иранға қарсы санкциялар күшейтетінін жариялаған.

Бірақ     Иран     Ислам  Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад өз  еліне тағылған кінəні негізсіз деп есептейді. Оның ойынша, АҚХА-нің қазіргі директоры Юкио Амано – «Американың қолбаласы» болғандықтан, халықаралық   қауымдастықтың  емес,Вашингтонның сөзін сөйлеуге мəжбүр. Ахмадинежад не десе де, бұл  майданда  басымдық Иран жағында емес. Мемлекеттің уран өңдеуін тоқтату мақсатында кейінгі жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Тегеранға қарсы 4 рет санкция жариялаған [17].

Жауап ретінде Иран шығанақтағы мұнай қоры сақталған, əлемнің мұнай жеткізуінің 40%-на тиесілі Ормуз бұғазында онкүндік əскери теңіз жаттығуларын өткізіп, 2012 жылдың 1 қаңтарында Тегеран «Гадер» жəне «Наср» атты екі зымыранды сынақтан өткізген болатын. Сарапшылардың айтуынша, «құрлық-теңіз» тобына жататын «Гадер» – 200 шақырымдық,  ал кемеге қарсы оқ ататын зымырандар қатарындағы «Наср» 35 шақырымдық қашықтықты бағындырады. Батыс пен АҚШ сынақтан өткізілетін ирандық зымырандардың қуаты 200 шақырыммен шектелмеуі мүмкін деген қауіп айтады. Иран билігі егер Батыс елдері Иранды мұнай секторына қарсы санкцияларымен қорқыта беретін болса, Ормуз бұғазын жауып тастайтындығын  бірнеше  рет  қайталады.

«Ормұз бұғазын жабу – бір стакан су ішкеннен оңай» [18]. Бұл – Иран Əскери теңіз күштерінің қолбасшысы, адмирал Хабиболла Сайяридің Вашингтонға жасаған ескертуі.

Ақ үй Тегеранды тікелей келіссөздер жүргізіп, Иран Ормуз бұғазын жауып тастайтын болса, онда АҚШ əскери күш қолданатынын ашық жариялады.

АҚШ Сенаты бірауыздан Иранға қарсы санкция жөніндегі заң жобасын қабылдап, оған сəйкес, АҚШ-тағы шетелдік банктер ирандық Орталық банкпен іскери байланыстары үшін айыппұл төлейтін болады.

АҚШ Үкіметі өкілдерінің сөзіне қарағанда, мұндай шаралар мұнай бағасының өсуіне əкеп соғады. Ал бұл өз кезегінде Иранның пайдасына жарайды.

2011 жылдың 31 желтоқсанынан бастап АҚШ Иранның Орталық Банкіге қарсы санкциялар, сонымен қатар ирандық «Теджарат» банкі мен оның Минскідегі «Трейд кэпитал» филиалына қарсы санкциялар қабылдады. Биылғы  жылдың

6 ақпан күні Барак Обама Иранның қаржы институттары мен үкімет активтерін, оның ішінде АҚШ аймағындағы орталық банк қызметін тоқтататын қаулы қабылдады [19]. Осылайша Обама Иран экономикасына жойқын соққы беруге тырысып жүр. Обама: «егер Иран өзінің бағытын өзгерту бойынша іс-əрекеттерді, халықаралық міндеттемелерін жүзеге асырмаған жағдайда, біз Иранға қысым көрсетуді жалғастырамыз» – деп мəлімдеді.

Еуропа Одағына мүше елдер қаңтар айының 23-і күні Брюссельдегі бас қосуда Иран мұнайын Еуропа Одағына импорттауды тоқтату туралы шешім қабылдады. Қаңтардың 25-і күні бұл санкцияны Австралия қолдап шықты.

Еуроодақ басшыларының шешімімен 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап ЕО барлық елдері Ираннан кез келген энерготасушы экспортынан бас тартады. Алайда бұл санкциялардың қаншалықты  өз  мақсатына  жететіні  туралы  əлі  белгісіз.  Біріншіден,  ЕО  басшылары   өзінің алдына қойған Иранның қаржылық секторын əлсірету мақсатына қол жеткізуі екіталай, себебі американдық жəне еуропалық тұтынушыларынан айырылған Иран өзінің Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Корея сияқты тұтынушыларын сақтап қалады. Яғни, аса үлкен шығындарға ұшырамайды. Екіншіден, Иранның экономикалық блокадалау ел басшылығын ядролық саладағы зерттеуден бас тартуға мəжбүрлей алмайды [20].

Жауап ретінде Иран мұнай министрлігі Тегеранның Ұлыбритания жəне Франция компанияларына мұнай сатуды тоқтатты.

Обаманың NBC телекомпаниясына 2012 жылдың 5 ақпанында берген сұхбатта: «Біз ядролық қарудың Иранның  қолына  түсуін  жəне тұрақсыз аймақта қаруланудан – ядролық қаруланудан жарысуына жол бермеу үшін мүмкіндігінше қолынан келгеннің бəрін жасаймыз» деп жария етті. Сонымен қатар Обама иран мəселесін бейбіт түрде шешу өзінің басым бағыты ретінде айқындап, «Иран өзінің бағытын өзгертіп, халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыра бастаса, бұл мəселені əлі де болса бейбіт жолмен шешуге болады» деп мəлімдеген [21].

Қалай дегенмен, Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдай шиеленіскен уақытта уранды 20 пайызға дейін байытатын жер асты зауытын ашатынын мəлімдеді. Сонымен қатар, Махмұд Ахмадинежад Ислам Республикасының жақын одақтастарымен  қатынасты   нығайту-  ға кірісті. Бұл мақсатта ол АҚШ-қа қарсы ұстанымдары бар мемлекеттермен, атап айтқанда Венесуэламен байланыстарды тереңдетуге ниетті.   2012   жылдың   9   қаңтарында Махмуд

Ахмединеджад бұл елге сапар шекен болатын. Дегенмен, АҚШ латынамерикалықтарға Иранмен қатты жақындаспауға кеңес беріп отыр [22]. Ядролық  бағдарлама     төңірегіндегі  дау мен түрлі санкциялар əлемдік нарықтағы баға саясатына кері əсер етті. ЕО-ның ирандық «қара алтын» тасымалына эмбарго жариялауының салдарынан   мұнай   өнімдерінің   құны   артты.

Бүгінде ирандық ішкі нарықтағы азық-түлік бағасы да күрт өскен.

Үстіміздегі жылдың  басынан  бастап  АҚХА Иранға тексерістер өткізіп, ядролық жұмыстарының əскери мақсатқа бұрмалануыбұрмаламауын бақылап отырады. Иран БҰҰ тексерушілеріне ел астанасының оңтүстігіндегі Парчин əскери нысанына  баруға  тыйым  салды. Ислам Республикасына 2 рет барып, тексерушілер өткізуге талпынған келіссөздер ешқандай нəтиже берген жоқ. 29 ақпан күні АҚХА спутник арқылы жасалған суреттерден Парчиндегі ядролық объектіде «белсенді іс-əрекет» жүзеге асырылып жатыр деген мəлімдеме жасап, Иран билігінен тексерушілерді осы ядролық объектіге кіргізуді талап етеді. Бұл мəселе Вена қаласында 5-9 наурыз аралығында өткен АҚХА Басқарушы кеңесінің маусымдық отырысында талқыланған. АҚХА-дағы Иранның өкілі Тегеранның АҚХА-мен ынтымақтастықты жалғастыруға əзірлігін қуаттап, істің шеңбері мен тиісті шаралары туралы  келісілгеннен  кейін АҚХА инспекторларына Парчин нысанын аралауға рұқсат етіледі деді [23].

Иран – АҚХА мен NPT хаттамасына қол қойған мүшелердің бірі болғандықтан, Агенттік заңдары аясында бейбіт ядролық технологияны пайдалану құқығына  ие. Сондай-ақ,  Агенттік те мүше мемлекеттердің құқығына шектеу қойылатын кез-келген əрекеттен бас тартуы тиіс. Осыдан біраз уақыт бұрын Амано Швейцарияның Давос форумы аясында Франция ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранның ядролық бағдарламасы əскери мақсатқа арналған  деп  кесіп  айтуға  əлі  ерте»,  –  деген болатын.

Алайда халықаралық заңдарға тұрақтылық танытпай, кейбіреулердің болжамы бойынша 300-ден астам ядролық оқтұмсыққа ие сионистік режим əлем үшін шынайы қоқан-лоққы саналып отырған жағдайда жоғарыдағыдай екіқырлы əрекет жасалуда. Сондықтан Иранның Агенттікті шақыруы жəне  ынтымақтастығымен пайда болған мүмкіндікті пайдалану арқылы өткен қателерді қайталамай, екіжақты сенімді қалыптастыру үшін талпыныстарды күшейтеді деп күтілуде.

Осыдан туатын заңды сұрақ: Иран шын мəнінде де ядролық қару бағдарламасын жүзеге асырып жатқан жағдайда, АҚШ пен Иран арасындағысоғысқаншалықтымүмкін? Бірқатар сарапшылардың болжамына қарағанда, Парсы шығанағындағы Иран-Америка тайталасының соңы биыл соғысқа ұласпайды. Себебі, күзде президенттік сайлауға түсетін Барак Обамаға халық алдында бедел керек. Егер ол əлемдегі төртінші мұнай державасымен жанжалдасып, энергетикалық шикізат бағасын көтеріп, дүниені дағдарысқа ұрындыратын болса, Ақ үйдің төріне отыруы екіталай. Яғни ақпараттық соғыс жүргенімен ашық қарулы соғыстың басталуы екіталай. Алайда егер АҚШ Иранға шабуыл жасаса, мұнай бағасы 200-250 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Бұдан Америка, басқа батыс елдері ешқандай пайда таппайды.

Иранның атом энергетикасы саласындағы мақсаты, болжам бойынша, «бесминуттық дайындыққа» қол жеткізу. Яғни, Тегеран ресми түрде Келісімді бұзбай, уранды байытуда өз мүмкіндіктерін ең жоғарғы деңгейге жеткізуге тырысады. Бұл Иранға Батысқа қарсы күштер балансын ұстап тұруға, сонымен бірге мəселенің ушығуы жағдайында – қысқа мерзімде ядролық қаруды жасауға мүмкіндік береді [24].

Қорытындылай келсек, дағдарыстан шығудың барлық  ықтимал  жолдарында  АҚШ  басты рөлге ие болып отыр, оның саясатынан Иран ядролық бағдарламасы мен қазіргі ядролық қаруды таратпау жүйесінің келешегі байланысты. Иран – ЯҚТК мүшесі, жəне оның ядролық қару жасап шығаруы ЯҚТК келешегіне үлкен соққы жасап, АҚХА инспекцияларының қауқарсыздығын көрсетіп, бұл ұйымның болашағына кері əсерін тигізеді. Сонымен қатар Иранның ядролық қаруға қол жеткізуі көршілес мемлекеттерді атом бағдарламаларын ашықтанашық жүргізуге итермелейтін болады. Таяу Шығыс бойынша ядролық қарудың таралуы бүкіл əлем үшін қауіп туғызады.

«Иран мəселесі» АҚШ, ЕО пен Ресейдің аймақтық қауіпсіздік мəселелерін бірлесе отырып шешу қажеттігін көрсетіп отыр. Шешім бар, алайда ол бірлескен талпыныстарды қажет етеді.

 

Əдебиет

 

  1. Н. Назарбаевтың Вашингтонда өткен конференцияда сөйлеген сөзі. 29 қыркүйек 2006 жыл. Вашингтон – http://www.akorda.kz/ru/ news/external_affairs/2006/09/head_of_state_ nursultan_nazarbaev_took_part_and_delivered
  2. Перкович Дж. Ядерная революция Буша. – 2000 // Россия в глобальной политике. Том– №2. – С. 66-67.
  3. Zbigniew Brzezinski on Iran Pt3 – IranNews Digest: – http://www.irannewsdigest.com/ 2010/ 01/17/zbigniew-brzezinski-on-iran-pt3/
  4. Китай сокращает закупки нефти у Ирана // Вести 02.2012 http://www.vesti.ru/doc. html?id=708382&tid=95414
  5. Bush: U.S. Keeps All Options Open – The Washington Post, 13.03.2002 http://www. com/wp-dyn/articles/A221572002Mar13.html
  6. Стратегия национальной безопасности США. Сентябрь 2002 года – http://merln.ndu.edu/ whitepapers/USNSS-Russian.pdf – 13-б
  7. Obama strongly backs Israel in first speech since record win. — CNN, 06.2008
  8. Ахмадинеджад М. Иран стал ядерной страной! // «Ислам News» http://www.islamnews.ru/ news-28815.html
  9. Cutler Factbox: Current sanctions on Iran over nuclear program, 20 MAY 2010 – IRAN FOCUS news & analysis – http://www.iranfocus.com/en/ index.php?option=com_content&view=article &id=20452:factbox-current-sanctions-on-iranover-nuclear-program&catid=8:nuclear&Item id=15
  10. Сажин В.И. Иран: декабрь 2009 г. Военнополитическая ситуация. 4. САНКЦИИ ПРОТИВ ИРАНА – Институт Ближнего Востока http://www.iimes.ru/rus/stat/2010/27-01-10 htm
  11. Иран пересмотрит уровень отношений с АКХА – информационное агентство Росбалт http://www.rosbalt.ru/main/2010/06/09/744133. html
  12. Новая резолюция Совета безопасности ООН по Ирану: перспективы разрешения иранской ядерной проблемы: Материалы заседания рабочей группы Международного Люксембургского форума. Москва,14 апреля 2008 г. / Международный Люксембургский форум по предотвращению ядерной катастрофы. — М., 2008. – С. 8.
  13. Кожахмет-ұлы К. «Ядерное нераспространение и международная политика Президента Республики Казахстан» № 5-6 (49-50),  – 55-56-б
  14. Rice C. Promoting the National Interest // Foreign Affairs.2000. 79, №1. – 61-б
  15. Хамас: Иран является основным спонсором правительства Газа. 24/02/2012 – http://ria.ru/ world/20120224/573945412.html
  16. GOV/2011/65. Осуществление Соглашения о гарантиях в связи с ДНЯО и соответствующих положений резолюций Совета Безопасности в Исламской Республике Иран
  17. АҚШ-Иран текетіресі// Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы – http:// www.kaztrk.kz/kaz/news/apta-kz/AKSh-Iran_ teketiresi.html
  18. Выступление председателя  Ирана  в ОПЕК
    http://hizb-russia.info/index.php/ru/voprosotvet/politicheskij-analiz/776-otvet-vopros
  19. ПОЛИТИКА: США-ИРАН-ПРЕЗИДЕНТСАНКЦИИ – http://ru.euronews.net/ newswires/1370542-newswire/
  20. Нефтяное эмбарго против Ирана может привести к войне // Вести 24.01.2012 http:// www.vesti.ru/doc.html?id=694674&tid=95414
  21. Иран разогрел цены на нефть – http:// euronews.com/2012/02/20/oil-boosted-byiran-and-china-moves/
  22. Иран ищет поддержки у Венесуэлы – http:// euronews.com/2012/01/10/atomic-humouras-ahmadinejad-meets-chavez/
  23. Иран не отклонял запрос МАГАТЭ о посещении Парчина – Солтание – http:// atominfo.ru/newsa/jhtm
  24. Лаумулин М. Т. Центральная Азия в зарубежной политологиии и мировой геополитике. Том IV: Геополитика ХХІ века. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2010. – С. 322. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.