Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ресей-Жапон экономикалық жəне энергетикалық қатынастарының қазіргі жағдайы

Жапония  Ресей  Федерациясын   КСРО-  ның мұрагері ретінде 1992 жылы 27 қаңтарда мойындаған кезден бастап ресей-жапон қарымқатынастары үдемелі түрде дамып, жаңа мазмұнға ие болды. Қазіргі уақытта екіжақты қатынастар демократиялық құндылықтарға негізделіп, идеологиялық жəне əскери қарамақайшылықтарсыз, халықаралық алаңда өзара тығыз ынтымақтасуға бағытталған. Сонымен қатар екі тарап та мойындағандай, Ресей мен Жапония арасындағы ынтымақтастық əлеуеті, ең алдымен, сауда-экономикалық салада толықтай жүзеге асырылмаған. Оған себеп – екі мемлекет арасында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбіт келісімге қол қойылмауы. Қазіргі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан аралдар мəселесі бейбіт келісімге келуге кедергі болып отыр. Сондықтан да Ресеймен төрт оңтүстік Курил аралдарының – Итуруп, Кунашир, Шикотан, Хабомаи аралдар тобының тəуелділігі мəселесі бойынша келіссөздерді жаңартуға бағыт алу Синдзо Абэ кабинетінің сыртқы саясатының маңызды құрамы болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяғында КСРО бұл аралдарды заңсыз жаулап алды деп есептейтін Жапония бұл аралдарға қатысты өз талаптарын алға тартуда. Кеңестер одағы ұзақ уақыт бойы Жапониямен қатынастарда  жер  мəселесінің  бар екендігін жоққа шығарып келген болатын. Кезінде КСРО президенті боп сайланған М.С. Горбачев өзінің «жаңаша саяси ойлау» рухын-  да аумақтық мəселенің бар екендігін мойындап, оны талқылауға дайындығын білдірген болатын. Содан бері екі ел арасында əр кезеңде əртүрлі белсенділік деңгейінде осы мəселе бойынша келіссөздер жүргізіліп келді. Алайда 2003 жылдан бері бұл мəселені талқылау тоқтатылған болатын. Оның үстіне Ресей президенті Д. Медведевтің 2010 жылы Кунашир аралына баруы ресми Токиоға жағымсыз əсер етті. Бұл бүкіл посткеңестік кезеңдегі ресей-жапон қатынастарының ең төменгі деңгейі жеткен сəт болды [1].

2012 жылы В. Путиннің президенттікке қайта келуін жапондықтар жақсы қарсы алды, өйткені аумақтық дауды Ресейдің осы Президентімен шешу мүмкіндіктеріне үміттенген еді. Жапонияның Қытаймен жəне Оңтүстік Кореямен аумақтық даулары шешілместей көрінгенімен оның Ресеймен солтүстік аумақтар мəселесін шешу мүмкіндігі туғандай болды.

2013 жылы 29 сəуірде жапон премьер-министрінің Мəскеуге ресми сапары ресей-жапон қатынастарындағы маңызды белес болды, өйткені жапон мемлекет басшысының Ресейге соңғы он жылда жасаған алғашқы ресми сапары еді. Сапар барысында Жапония мен Ресей ресми түрде аралдар мəселесі тақырыбына қатысты жоғарғы деңгейдегі келіссөздерді жүргізген болатын. Қазіргі уақытқа дейін Курил аралдары төңірегіндегі дау екі тарап арасында екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы олардың соғыс əрекеттерін заңды түрде аяқтайтын бейбіт келісім жасауға кедергі болып келді.

Абэнің Ресейге сапары кезінде жапон премьер-министрі орыс тарабы жағымен даулы мəселені шешуде ымыраға келе алмады. Жапон тарабы Путин президент болып тұрған кезеңде аумақ мəселесін шешіп алуды көздейді, өйткені Путин аумақтық дауды «хикивакэ», яғни мəмілеге келу арқылы шешу идеясын ұсынған еді [2]. Жапония үшін бұл өте оңтайлы сəт болып көрінді. Алайда екі ел арасындағы сауда-экономикалық, энергетикалық, саяси байланыстар екі тараптың бар күш-əлеуетін толық деңгейде қолдана алмай отыр. Оған жоғарыда айтылып өткен мəселелер өз кедергісін тигізуде.

Дегенмен бүгінгі күні сауда-экономикалық ынтымақтастық – ресей-жапон қатынастарында маңызды əрі қарқынды түрде дамып жатқан бағыттардың бірі. 2013 жылы екіжақты тауар айналымы 2012 жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсіп, екі ел арасында бұрын соңды болмаған рекордтық 35 млрд АҚШ долларын құрады. Ресейден Жапонияға экспорт құрылымында мұнай (жалпы экспорттың 98 пайызы), табиғи сұйытылған газ, мұнай өнімдері, тас көмір, минералды отын, металдар, азық-түлік тауарлары басты орын алған. Ал Жапониядан негізінен жеңіл əрі жүк көліктері (жалпы импорттың 84,7 пайызы), автобөлшектер, құрылыс техникасы, басып шығару жабдықтары, радио жəне телевизия аппараттары əкелінеді [3].

Ресейдің сыртқы саудасында Жапонияның үлесі 3,6 пайызды құрап, Ресейдің сыртқы сауда серіктестестері арасында 9 орынды иеленіп отыр, ал Ресейдің жапон сыртқы саудасындағы үлесі 2 пайыздан аспайды.

Екіжақты ынтымақтастық отын-энергетикалық кешен, автокөлік жасау, жол, жол-құрылыс, кен игеру, ауылшаруашылық арнайы техника, ақпараттық технология жəне қоршаған ортаны қорғау саласында болып отыр [4].

Ресей мен Жапония қарым-қатынастары халықаралық қатынастар алаңындағы оқиғаларға, Солтүстік-Шығыс Азиядағы жағдайға тікелей байланысты. Энергетикалық салада Ресей Азия-Тынық мұхиты аймағына жол ашуды көздейді.

Екі ел энергетика саласында қатынастарды жолға қоюға ұмтылғанымен, 2003 жылы РФ президенті Владимир Путин мен сол кездегі жапон премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми қол қойған жапон-ресей іс-қимылдар жоспарында қарастырылған Ресейдің Сахалин  аралын-  да біріккен энергетикалық жобаларды дамыту идеялары əлі күнге дейін жүзеге асырылмады. Асахи Шимбун газетінің мəліметі бойынша, төрт жапон компаниясынан тұратын консорциум Сахалиннен сұйытылған табиғи газ жеткізетін ұзындығы 1400 км құбыр жолын салуды жоспарлауда. Жапония мен Ресей, сондай-ақ жыл сайын энергетика саласында жұмыстық кеңестер өткізіп отырады. Бұдан басқа Жапония, Ресей жəне Қытай арасындағы стратегиялық үшбұрыш энергетикалық қауіпсіздік тұрғысында маңызды фактор болып табылады. Қытай жəне Жапония энергия көздерін импорттаушы елдер қатарына жатады, ал Ресей болса əлемдегі ірі энергия экспорттаушыларының бірі болып табылады. 2011 жылғы наурыздағы жойқын цунами мен жер сілкінісі салдарынан жапон қоғамының энергия көзі ретінде ядролық электр станцияларына деген сенімсіздігі Токионың энергетикалық қажеттіліктерін ұлғайтты, сонымен қатар энергетикалық стратегияны түбегейлі қайта қарастыруды талап етті.

Фукусима атом электр станциясындағы апаттан кейінгі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жапон үкіметінің стратегиясын бағалауда екі жағдай өте маңызды болып табылады: Біріншіден, жапон үкіметі елдің ядролық инфрақұрылымы ірі табиғи апаттарға төтеп бере алмайтындығын мойындады жəне ядролық қауіпсіздік стандарттарын қайта қарастыруға кірісті. Екіншіден, атом энергетикасынан бас тарту Жапонияның энергиялық балансында  табиғи  сұйытылған  газ көлемін ұлғайтты. Жапония бүгінгі күнге табиғи сұйытылған газдың ірі импорттаушы-  сы болып табылады – 2012 жылы оның əлемдік импорттағы үлесі 36 пайызды немесе 119 млрд куб метрді құрады. Бұл орайда жапон корпорацияларымен Ресейде жүзеге асырылып жатқан мұнай-газ жобаларына маңызды орын беріледі.

Осы   жағдайлар бір қарағанда,Ресейге энергетика саласындағы келіссөздерде Жапония алдында артықшылықтар беруі тиіс  боып көрінгенімен, іс жүзінде жағдай қарамақайшы болуы əбден мүмкін.  Оның  себебі  Ресей Қытаймен табиғи газ жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде жеңілдіктерге қол жеткізе алмай, тиімді газ келісімшартына қол қою үмітін үзген болатын. Нəтижесінде, Ресей басшылығы Азияда ресейлік энергетикалық желіні кеңейту үшін жаңа əріптестер іздеуде. Бұл жағдайда Жапониямен энергетикалық байланыстар Мəскеуге бəсекелестік артықшылықтар беріп қана қоймай, мол пайда əкелуі мүмкін.

Осылайша, Ресей жоспарларына қарамастан, Абэ Ресеймен энергетикалық келіссөздерді отынға бағаны төмендету жəне Солтүстік аумақтар бойынша мəселеде қысымды күшейту үшін қолдана алады. Анығын айтқанда, Ресей Жапониямен байланыстарды энергетикалық саясат саласында нығайтуды көздейді. Өйткені Ресейді  Солтүстік  Америкада орын  алған «тақтатас төңкерісі» мен тақтатас газын Қытайда игерудің əлеуетті болашағы алаңдатып отыр. Бұл жағдай Мəскеу ұстанымдарын əлсіздетуі мүмкін. АҚШ-тағы тақтатас төңкерісі Мəскеу үшін салмақты соққы болды, өйткені Еуропаның газды тұтынуды азайтып, жеткізілімдерді диверсификациялауы нəтижесінде Ресей Еуропаға жеткізілетін газ көлемінің төмендеуіне алаңдаушылық білдіреді [2,3 б.].

Дегенмен энергетика көзі Жапония мен Ресейді байланыстыратын бір ғана сала емес, олар сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік саласындағы бірқатар мəселелер бойынша бірігіп жұмыс істейді, атап айтқанда, Токио Қиыр Шығыстағы кеңестік ескі ядролық жерасты қайықтарын қарусыздандыруға көмектесуде. Сондай-ақ, тараптар Солтүстік Кореямен алтыжақты келіссөздерде тығырыққа тірелген мəселелер бойынша басқа ойыншылардан бөлек ынтымақтасады жəне Орталық Азиядағы есірткі ағымын бірігіп ұстап тұруға тырысуда.

Əлемдік  энергетикалық  нарықтағы  бо-  лып жатқан өзгерістер бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуына байланысты, сонымен қатар Ресей-Еуроодақ энергиялық диалогін одан əрі дамыту үшін, соның ішінде Ресейдің Азия Тынық мұхит елдерімен энергетикалық салада ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін Ресей энергетикалық стратегиясына өзгерістер енгізуді талап етуде. Ресей Федерациясының сыртқы саясаты тұжырымдамасында стратегиялық ресурстарды бөлісуде өсіп жатқан бəсекелестік туралы айтылған. Əлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде теңқұқықты орынды қамтамасыз ету үшін Ресей жетекші энергия ресурстарын өндірушілермен стратегиялық серіктестікті күшейтеді, энергия ресурстарын тұтынушы жəне транзит елдермен диалогті дамытуды көздейді.

Азия-Тынық мұхиты аймағы – қарқынды дамып жатқан геосаяси кеңістік. Ресейдің бұл аймақтағы интеграциялық үдерістерге белсенді қатысуға қызығушылық танытуының бірден-бір себебі – оның мүмкіндіктерін Сібір мен Ресейдің Қиыр Шығысын экономикалық тұрғыда көтеру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін пайдалану. Аталған аймақты ғаламшар халқының жартысынан көбі мекендейді жəне əлем энергиясының  40 пайызын тұтынады. Мұнда ірі  экономикаларЖапония, Қытай, Ресей, Үндістан орналасқан. Аймақтағы қарқынды экономикалық даму жағдайында технологияның, энергетикалық жəне көліктік инфрақұрылымның қарқынды дамуы орын алуда. Энергетика Ресейдің АзияТынық мұхиты аймағындағы интеграциялық үдерістерге қосылу тетігі болып саналады.

«Азиялық шеңбер» жобасы Ресей, Қытай, Монғолия, Жапония жəне Оңтүстік Кореяның энергия жүйелерін біріктіруді мақсат еткен болатын. Бұл жоба 1998 жылы ұсынылған, алайда жүзеге асырылмады. Фукусима апатынан кейін Жапония Ресейге жобаны қайта қарастырып, оны Жапония энергия көпірінен бастауды ұсынған еді. Энергия көпірі Ресейден Жапонияға ресейлік Қиыр Шығыстағы жұмыс жасап тұрған немесе салынуы жоспарланған қуаттардан артық электр энергиясын экспорттау үшін су асты кабелін жүргізуді қарастырады.

Ресейдің энергетикалық саясатында Азия туралы əңгіме қозғалса, Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріне Ресей көмірсутектерін – мұнай, газ, көмірді жеткізу көлемін ұлғайту туралы сөз болады. Атап айтқанда, Ресей Федерациясының энергетикалық стратегиясында 2030 жылға қарай мұнай жəне мұнай өнімдерін экспорттауда Азия-Тынық мұхиты аймағының үлес салмағын қазіргі 6 пайыздан 22-25 пайызға дейін көтеру, ал газ экспортында 2008 жылғы нөлдік көрсеткіштен 19-20 пайызға дейін ұлғайту міндеті қойылып отыр. Шығыс Сібір жəне Қиыр Шығыс аудандарында, атап айтқанда, Сахалин аралының құрлық қайраңында, Саха Республикасында (Якутия), Магадан, Иркутск облыстарында, Краснояр өлкесінде мұнай-газ кешендерін құруға маңызды көңіл бөлініп отыр, сонымен қатар Оңтүстік Якутияда көмірді игеру көлемін ұлғайту жоспарлануда. Алайда ресейлік газ бен мұнай азиялық нарықта шексіз мүмкіндіктерге ие емес, өйткені  бұл  нарық  мұнай  мен  газ-  ды сатып алумен айналысатын ірі шетел компаниялары арасында бөлісілген. Көмірсутек шикізатының дəстүрлі емес түрлерінің, ең алдымен, тақтатас газының кеңінен игеріле бастауы ресей мұнай-газ экспортының келешегіне əсер етпей қоймайды [5].

Осыған байланысты Ресей энергетикалық стратегиясы энергетиканың барлық салаларын қамтуы тиіс. Ол тек қана экспорттық міндеттерді шешуге ғана емес, сонымен қатар экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық қатынастар саласында Ресейдің ықпалын күшейтуге бағытталуы тиіс.

Жапонияның атом энергетикасы ядролық реакторларларда орнатылған қуаты жəне жұмыс жасап тұрған энергиялық блоктардың саны бойынша əлемде үшінші орын алатын. Бұл көрсеткіш бойынша ол АҚШ пен Францияны ғана алдына жіберді. Алайда Фукусима атом электр станциясындағы апат барлық жоспарларды өзгертті. Бүгінгі күнге табиғи отын түрлерінің ішінен əлемдік энергиямен қамтамасыз ету аясында табиғи газ ең келешегі зор болып табылады. Ресей АҚШ, Канада, Алжир, Иран, Парсы шығанағы елдері, сонымен қатар Түрікменстан, Əзірбайжан  жəне  Қазақстан   қатарында  газдың негізгі жеткізушісі болып отыр. Атом энергетикасынан бас тартуға байланысты Жапонияның газға қажеттіліктері айтарлықтай өсті. Елде сұйытылған табиғи газға  сұраныс  өсу жылдамдығы соншалықты, оны қабылдау қуаттарының импорт ағымына күші жетпей жатыр. Оның үстіне Жапония сұйытылған табиғи газды əлемдегі ең жоғары бағамен сатып алуда. Ресей Жапонияға мұнай бен газ экспортын ұлғайтты, оның өз себептері бар. Əлемдегі ірі газ қорларына ие Ресейдің Еуропа мен Азиядағы нарықтарын жоғалту қаупі бар, Солтүстік Америкада өндірілетін тақтатас газы бүкіл əлем бойынша төмен бағамен сатылып, ресейлік газды нарықтардан ығыстыруда.

Соңғы кездері энергетикалық бизнес мəселелерінде Жапония Ресей жағына бет бұруда. Оның дəлелі 2013 жылғы 29 сəуірдегі жапон премьер-министрі Синдзо Абэнің Мəскеуге сапары  кезінде  «Роснефть»  пен «Газпромның» Қиыр Шығыста сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша жаңа қуаттардың құрылысы туралы мəлімдеуі болды. Осы жобалар аясында Жапония маңызы басым нарықтардың бірі болып табылады.

Сауда статистикасына сəйкес, Жапония 2012 жылы импорттаған сұйытылған табиғи газ көлемі 87,3 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткіш Фукусима апатына дейінгі 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайызға артық. Жапония үлесіне ТМД-ның əлемдік газ жеткізілімдерінің үштен бірі келеді. Жапонияның сұйытылған табиғи газ импортының 10 пайызы Ресей үлесінде, ол Австралия, Катар жəне Малайзиядан кейінгі төртінші орын алады [6]. Жапония атом электр станциясына қайта оралса да, бұл елдегі Ресей газына деген сұраныс жоғары болып қалу мүмкіндігі бар. Ресей газын игеру мен сұйытылған табиғи газды өндіру Австралия, Катар, Малайзия секілді бəсекелестеріне қарағанда қымбатырақ. Ресейдің табиғи сұйытылған газына бағасы бойынша басқа өндірушілердің шикізатымен бəсекелесу қиын екені түсінікті. Алайда аталған елдермен салыстырғанда Ресейдің бірқатар артықшылықтары бар.

Біріншіден, Ресей мен Жапонияның географиялық жақындығы көгілдір отынды Күншығыс еліне жеткізу жолын жеңілдетеді. Екіншіден, жеткізілімдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жəне айтарлықтай саяси тəуекелдердің болмауы артықшылық болып табылады. Өйткені Австралия мен  Катардан  жеткізілімдер  Малак бұғазы арқылы тасымалданады. Аталған бұғаздың АҚШ пен Қытай арасындағы əскери қақтығыс аймағына айналу мүмкіндігіне байланысты бұл бағыт тəуекелге ұшырайды. Ал Катар болса, ыстық нүкте Таяу Шығыста орналасқан. Үшіншіден, жапон энергетикалық компаниялары ресей мұнай-газ жобаларына белсенді қатысады. Жапония Қиыр Шығыста мұнай-газ индустриясына ірі инвесторлардың  бірі  болып табылады. Мысалы, Sakhalin Oil and Gas Development компаниясының жартысын жапон үкіметі иеленеді, ал компанияның өзі Сахалин аралындағы ірі ресейлік мұнай жобаларында 30 пайыздық үлеске ие. Mitsui & Co жəне Mitsubishi корпорациялары «Сахалин-2» сұйытылған табиғи газын өндіру бойынша ресейлік жобада «Газпромның» серіктестері болып табылады, оларға сəйкесінше 12,5 жəне 10 пайыз тиесілі. Төртіншіден, ресей-жапон энергетикалық ынтымақтастығы  дамуының  шынайы келешегі маңызды болып отыр. Ресейлік Газпром қазіргі уақытта Шығыс Сібірде кен орнын дамытып, салынуы Владивостокта жоспарланып отырған газды сұйылту  бойынша  зауытқа  тасымал-  дау үшін құбыр жолын салуда. Ресей-жапон ынтымақтастығының жаңа келешегі Ресей Федерациясы аумағындағы тақтатас газының ауқымды қорларымен байланысты, сонымен қатар салынып жатқан Сахалин-Хоккайдо құбыр жолы жобасын қамтитын құбыр жолы жүйесі оны жеткізуді айтарлықтай арзандатпақ. Осылайша, энергетикалық салада екіжақты серіктестікті одан əрі дамыту екі тарапқа да айтарлықтай ұзақмерзімді артықшылықтар береді. Сонымен қатар өз энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке алып, Жапония үшін Ресей сенімді, келешегі зор жəне баламасы жоқ серіктес болып табылады деуге негіз бар.

Сондай-ақ жапон-ресей энергетикалық ынтымақтастығы екі елдің сауда-инвестициялық байланыстары кешенінде негізгі орын алады жəне одан əрі кеңею үшін үлкен əлеуетке ие. Қазіргі таңда екі елдің  өзара  əрекеттесуінде  бұл Ресейдің отын-энергетикалық кешеніне жапон корпорацияларының салатын инвестицияларының өсуімен, Ресейден Жапонияға жеткізілетін энергиялық ресурстардың, ең алдымен, сұйытылған табиғи газ бен мұнай өнімдерінің көлемінің ұлғаюынан байқалады. Жапониядан Ресейдің Қиыр Шығысына салынып  жинақталған  инвестиция  көлемі шамамен 10 млрд АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар жапон іскер ортасы Ковыктинск, Чаядинск кен орындарында газды игеру жобасына, мұнай жəне газ химиясына қызығушылық танытып, уран жəне темір кендерін игеру келешегін зерттеуде. Кейінгі кездері жапон тарабы Қиыр Шығыс-Жапония газ құбыр жолының құрылысы жобасын талқылауға қайта оралуға тырысуда [7].

Қорытындылай келсек, Ресей мен Жапония арасындағы  екіжақты  қарым-қатынастар екі елдің де ұлттық мүдделеріне жауап береді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық та екі тарапқа тиімді, оның жарқын мысалы ретінде жоғарыда аталып өткен  «Сахалин-1»  жобасын жүзеге асырып, «Сахалин-2» жобасының жұмыстарын бастауы болды, сонымен қатар Сахалинде сұйылтылған табиғи газды өндіру бойынша зауыттың құрылысы мен іске қосылуын атап өтуге болады.

Жапония   технологиялары  мен  инвестициялары Ресейдің Сібір жəне Қиыр Шығыс аймақтарының əлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды фактор болып табылады. Өз кезегінде Жапония үшін Ресейдің ауқымды инвестициялар нарығының орны ерекше.

Жапон-ресей қатынастарының дамуы Азия Тынық мұхиты аймағындағы  күштер  балансын сақтау, əсіресе Қытай Халық Республикасы күшеюінің жағдайында екі елді стратегиялық серіктестер болуға ықпал жасайды.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Калмычек П., Кистанов В., Леонтьева Е. Япония: власть сменилась – проблемы остаются // Проблемы Дальнего Востока. – №4. – 2013. – 42-бет.
  2. Berkshire Miller. Getting serious: an End to the Russia-Japan Dispute? 19.08.2013. http://thediplomat.com/2013/08/ getting-serious-an-end-to-the-russia-japan-dispute/?all=true
  3. Экономика: Япония-Россия-торговля-рекор», 01.2014. http://ru.euronews.com/newswires/2320532-newswire/
  4. О российско-японских экономических отношениях. http://www.russia-emb.jp/embassy/economic.html
  5. Первухин B. «Региональные приоритеты международных энергетических связей России». 09.2013. http:// ecpol.ru/2012-04-05-13-42-46/2012-04-05-13-43-37/958-regionalnye-prioritety-mezhdunarodnykh-energeticheskikh-svyazejrossii.html
  6. Самохин А.В. Россия-Япония: перспективы энергетического сотрудничества. http://ru.apircenter.org/ archives/2705 10.2013.
  7. Интервью министра РФ по развитию Дальнего Востока – полномочного представителя президента РФ в Дальневосточном федеральном округе Виктора Ишаева, данное журналистам японского информационного центра «Киодо Цусин». http://www.rg.ru/2013/02/27/reg-dfo/ishaev.html 02.2013.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.