Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Цин патшалығының Абылай хан жөніндегі танымы мен саясаты

Цин (Чиң) патшалығы – манчжур ақсүйектері құрған Қытайдың ең соңғы (16441911 жж.) абсолютті феодалдық патшалығы. Қытай мен Қазақ хандығы жəне Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастар осы Цин патшалығы тұсында орнады. Сонымен қатар Қытайдың батыс солтүстік мемлекеттік шекарасы да осы кезде қалыптасқан. Бұның өзі Цин патшалығы билік кеңістігінің кеңеюімен байланысты болды. Цин империясы ХVІІІ ғасырдың 50-жылдары Жоңғар хандығын жойып, ұйғыр көтерілістерін жаныштап, ТяньШань тауының оңтүстігі мен солтүстігін, яғни Шығыс-Түркістанды өзіне бағындыру арқылы батыс іргесін Орталық Азияға тіреген-ді. Ол кезде Орталық Азияда ұлттық мемлекеттер өмір сүретін. Солардың бірі Қазақ хандығы еді. Ол кезде қазақтар мен қытайлар арасында тұрған Жоңғар хандығы екі жақпен бірдей жауласу жағдайында тұрған болатын. Алайда Цин империясы жоңғарлар мен қазақтар арасындағы қақтығыстарды бұрыннан білетін, мысалы, 1697 жылдың сəуір айында Цин патшалығы ордасына келіп түскен мəліметте: «Ғалдан Түрпан, Яркен, Самархан, қазақтың мыңдаған руларын бағындырды», – деп жазылған. Бірақ император Канци:  «патшалығымыз  бұл іске араласпайды» – деген болатын. Содан кейін де жоңғарларға байланысты қазақтар жөнінде мəліметтер жыл өткен сайын Цин империясы ордасына жолданып отырған. Бірақ оларға Цин империясы назар аудармаған еді. Бірақ олар Жоңғар хандығына жорық жасау қарсаңында қазақтарға қатты көңіл бөле бастады. Олар арнаулы түрде қазақтар жөнінде жəне қазақ-жоңғар қатынастары бойынша, əсіресе Абылай ханға қатысты əскери ақпарлар жинады. Сол деректерден Цин империясының Абылай хан жөнінде түсінігін жəне оған қолданған саясатын анықтауға болады.

1755 жылдың қаңтар айындағы жолданған Цин императорының жарлығында: «Таңхалу мəлімдеген – Банчжур қатарлылар Солқанат бағытта қалғысы келеді деген іс жөніндегі жарлықты  Бан  Ди,  Саралы  білсін. Банчжурдің əскері аз, олар қол болмайды, оның үстіне ол  Батыс бағытқа барғысы  келмейді  екен,  пат-  ша оның өтінішін мақұлдады. Бірақ патшаның байқауынша, Нағасар деген қу адам көрінеді, қазіргі оның Таңхалу  айтқан  сөзі,  іс  біткен  соң (Жоңғар хандығын жойған соң – Н.М.) Əмірсананы хан деп бекітіп, қазақтың Абылайы қатарлыларды [Пекинге] бастап келіп, патшамен дидарластырып, оларды Əмірсанамен іргелес жерге қоныстандырып, бұдан былай олармен жақсы тұрамыз деген сөздері – барып тұрған сайқалдық. Іс біткен соң, тек Əмірсананы ғана хан деп бекітетін сияқтымыз. Бұл жоңғарларды тыныштандырған соң, патша төрт ойраттың тəйжілерін төрт хан деп бекітіп, оларды өзінің тікелей басқаруына қою, тек Əмірсана бір адамды ғана хан деп бекітіп, оған жоңғарлар жерін тұтастай басқарту дегендік емес. Егер осылай болса, онда ол Дауаш (Даваци) сияқты болмай ма?! Патшаның бұл істейін дегені сендер үшін ғой. Сендердің бұл сөздеріңде өз армандарыңның іске асу-аспауынан сыр тарту басым. Егер Əмірсананы ғана хан тағайындасақ, басқалардың үмітін үземіз. Бан Ди, Саралы сендер Əмірсананы Хошот тайпасының ханы деп белгілеулеріңе болады. Одан басқа үш рудың тəйжілерін өз ішіндегі хан деп бекітіп қою керек. Айтылып жүрген қауесет сөздерді өздерің жақсы білесіңдер, осылай болғанда ғана олардың күман-күдіктері сейіледі. Ал Əмірсананың жайылым жеріне келсек, ол Тарбағатайда екен. Ол жер қазақтарға ұласып жатыр ма? Егер олардың арасы алыс болса, онда олардың бұл айтқан сөзі – қазақтарды өз билігі үшін пайдалану ойын білдіреді. Сендер құлшына жұмыс істесеңдер, патша сендерге мейірімін аямай-  ды. Егер өз беттеріңмен істесеңдер бастарың сөзсіз кесіледі. Атқосшы Закысу осында жасырын келгендерден Бан Ди, Саралыға жарлықты жеткізсін, олар мұқият барласын, жоңғарлар тыныштандырылған соң, Əмірсана ол жердегі басшыларды ертіп келгенде, қазақтар ісін ақылдасамыз, нұсқау бойынша атқарыңдар»  [2] деп жазылған.

Бұл – Цин империясының орда күнделіктерінде Абылай жөнінде жазылған ең алғашқы дерек. Осы бір патша жарлығынан оның Жоңғар хандығын жойғаннан кейін қолданатын жоңғарларды бөлшектеп басқару саясатын білуге болады. Сондай-ақ одан Цин империясының қазақтар жөнінде қандай да бір саясаттық шешім қабылдамағанын да аңғаруға болады. Сонымен қатар олардың Абылайды қазақ елінің басшысы ретінде танығаны, «Абылай қатарлыларды [Пекинге] бастап келіп, патшамен диларластыруды» жоспарлауынан анық байқалады. Осыған байланысты император Цияньлуньның 1755 жылы ақпан айында жолдаған жəне бір жарлығында:

«... Банчжур, Нағаса айтқан, Əмірсананы хан  деп бекіткеннен кейін, қазақтарды бастап келіп патша сарайында дидарластыу  жөнінде  пат-  ша жарлық шығарды, төрт ойрат тəйжілерінің төртеуін де хан деп бекіту, қазақтар ісі жөнінде жоңғарлар тыныштандырылған соң Бан Ди, Саралы нақтылы ұсыныс жолдасын деген жарлық Əмірсанаға айтылды» [3] – делінген. Міне, бұл құжаттар Цин империясының Абылайды қазақ елінің басшысы деп танығанын дəлелдейді.

Олай болса, Цин империясы Абылайды қайдан білді? – деген орынды сұрақ туындайды. Өйткені соған дейін араласпаған елдің бірін-бірі терең білуі мүмкін емес. Жұл жерде Цин империясына қазақтарды жəне оның ханы болып тұрған Абылайды таныстырған адам – Жоңғар князы Əмірсана екені даусыз. Себебі Əмірсана қазақтардың қыр-сырын өте жақсы білетін тұлға. Əмірсана Ғалдан-Серен өлгеннен кейін хандық тақ үшін күреске белсене қатысқан жəне Абылай ханмен тығыз байланыста болып, одан көп көмек алған болатын. Ал Абылай хан болса, ол кезде өзара қырқысқан жоңғар ақсүйектерінің əлсіздерін қолдап, күштісін əлсірету  саяса-  тын қолданған болатын. Алайда Əмірсана Цин империясының қолдауына сүйеніп, Жоңғар ханы болуды армандап, өз жақтастарымен Цин империясына көмек сұрай барды. Сол кезде оның Цин империясына жоңғарлардың да, қазақтың да  жағдайын  жеткізгені  белгілі.   Сондықтан да  Цин  империясы   Əмірсананы қазақтың «жағдайын терең біледі» деп санаған-ды. Мысалы, 1755 жылы  ақпан  айында  хатталған  орда күнделігінде: «Бан Ди жəне Əмірсанаға ұқтырылсын: ұлы іс сəтті аяқталған соң, қазақ қатарлылар адалдығымен алдымызға келіп берілетін болсын, онда олардың басшыларын лайығымен  астанаға  ертіп  келіп  патшамен дидарластырып, мəртебе-шен беру керек. Олардың қол астындағы адамдар бұрынғы жайылымдарында тұра берсін, оларды көшірудің керегі жоқ. Егер олардың бізге берілгісі келмесе, онда оларды əскери шабуылмен алудың да қажеті жоқ. Олардан қорғануды қалай құрамыз немесе орайы келіп тұрғанда бітіріп алатын істер болса істейік. Əмірсана қазақтардың жағдайын терең біледі, ол Бан Димен ақылдасып шешсін» [4], – деген патшаның жарлық хаты хатталған.

Ал Цин империясы Жоңғар хандығын жойғаннан кейінгі жарлық хаттарына қарап көрейік. 1755 жылы мамыр айындағы патша жарлығында: «...Қазір  екі  бағыттағы  қалың  қол тоғысты, патша шабуылы жақын күнде жеңіске жетеді. Патшаның ойы – бұл қазақтарға адам жіберетін жақсы орай, Бан Ди, Əмірсана, Саралының біреуін таңдап [қазақтарға] жіберіп, оларға  жақсы   түсіндіру   керек,   жоңғарлар көп жылдан бері аласапыран болып, өзара қырқысып жердің, елдің құтын қашырды. Патша аспан астын жарылқап, ел-жұртты тыныш өмір өткізсін деген ойымен, ерекше қалың қол аттандырып жоңғарларды тыныштандырды, ел ес жиып, өсіп-өнсін, əскери апатқа ұшырамасын, бейбітшіліктің бақытын бірге көрсін дейді. Жоңғарлар бұрыннан бері қазақтармен өш. Патша оларды тыныштандырған соң жарлық түсіріп: жоңғарлардың өз беттерімен əрекет жасап, қазақ халқын талан-таражылауына қатаң тыйым салды. Ал сендер қазақтар бізге өз еріктеріңмен берілесіңдер ме, жоқ па, өз еріктеріңде. Бірақ əрқайсың өз шекараларыңды сақтаңдар, өз беттеріңмен жоңғарларды барымталауларыңа болмайды. Егер жарлыққа бойұсынбасаңдар, онда сөзсіз қалың қол аттандырып жазалаймыз, сонда өкініп қалмаңдар... Осы жарлықты жеткізгеннен кейін, олардың жағдайын егжейтегжейлі мəлімдеңдер» [5] – делінген. Осы айда Цин императорының əскери уəзірлерге түсірген тағы  бір  жарлығында  мынадай  сөз  жазылған:

«... Жəне де қазақтар жөнінде, бұрынғы жарлық бойынша оларға адам жіберілсін, қазақтың Абылайына жіберген жарлықты оған түсіндіру керек: қазақтар бұрын жоңғарлармен өзара қақтығысып келді, Тəңір патшалығы əскер аттандырған кезде Дауаш сендермен соғысып жатқан болатын, қалың қол оған жақындағанда ғана ол сендерді талан-таражылауын тоқтатты. Қазір жоңғар жері тыныштандырылды, олардың барлығы бізге бағынған пақыр болды. Осыған дейін сендерге  жасалып  келген   зиянкестіктер  қазірден бастап мəңгі тоқтатылды. Сендер бізге шын ниеттеріңмен қарасаңдар, міндетті түрде мейір шапағатқа бөленесіңдер. Егер өз алдымызға ел боламыз десеңдер, тек тыныштықпен шекараны сақтайсыңдар, сұғанақтық жасап бізді əуресарсаңға салуларыңа болмайды. Осы жарлықты түсіндіріп айтыңдар, олардың аңысын (ракциясын) байқап, тез мəлімдеңдер» [6]. Бұл жарлықтардан Цин империясының басты мақсаты – қазақтарды өзіне бағындыру емес, ең маңыздысы олардың жоңғар жеріне өтпеуі жəне жаңа шекарасының тыныштығын сақтауы екені анық байқалады. Өйткені олар Əмірсана арқылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы басты мəселе жер иелігі екенін білген. Сондықтан олар бұл мəселе əлі де жалғасады деген оймен алдын ала Абылай ханға ескертіп отырған жайы бар.

Цин империясы Жоңғар хандығын жойған соң Əмірсананы жасырын бақылауда ұстады. 1755 жылы шілде айында Бан Дидің патша ордасына жолдаған мəліметінде: «Естуімше қазақтардың басшысы ноян Абылай жасырын түрде Əмірсанамен кеңес өткізіпті. Айтқандайақ ол (Əмірсана – Н.М.) əскерін бастап Ілеге барды, олар мəңгі тату боламыз деп келісіпті, бұрын  (қазақтар)  барымталап   кеткен   хошот тайпасының адамдарын оған қайтарып бермекші екен. Əмірсана əртүрлі қарамақайшылықты істерді жасап жүр, оны тұтқындап жазалау керек» [7] – деп жазылған. Бұл мəлімет шындыққа жақын келеді. Өйткені Əмірсана Цин империясының өзін Жоңғар хандығының хан етіп тағайындамағанына наразы болып, қарулы көтеріліс жасағаны жəне соғыста жеңіліп Абылай ханға қашып барып паналағаны белгілі.  Бұл  жөнінде  профессор  Клара  Хфизова өзінің «Казахская стратегия Цинской империи» деген еңбегінде жақсы пайымдаған [8] .

Міне, Əмірсананың осы оқиғасына байланысты қазақтар мен Цин империясы арасында күрделі жағдай қалыптасты. Цин империясы Əмірсананы қазақ жерінен тұтқындап келуге қалың қолын аттандырды, Ал Абылай хан болса оларға  қарумен  тойтарыс  жасайды.  Бірақ  ол мəселені дипломатиялық жолмен шешті. Сондықтан Цин империясы өзінің қол бастаған сардарына жарлық түсіріп, былай дейді: «Қазір Əмірсананы тұтқындасаңдар дереу əскерді шегіндіріңдер.   Егер   оны   əлі   ұстай   алмаған болсаңдар, онда Далдаңа қатарлылар Абылай хан бабаға (қытайша түпнұсқада  «阿布赉汗巴巴» деп қолданған – Н.М.) айтсын: қалың қолдың келуі   тек сұмұрай   Əмірсананы  тұтқындау үшін еді, сендер қарсылық көрсетіңдер, біздің əскерлер қайтарма шабуыл жасап жеңді. Сендер Əмірсананы тұтқындасаңдар, дереу ұлы патшаға мəлімдейміз, ол сендерге зор мейір-шапағатын көрсетеді. Қазір күн суытып келеді, қалың қол уақытша кері шегінеді, келер жылы тағы келеді. Əмірсананы тұтқындамай тоқтамаймыз, екі жыл немесе он-жиырма жыл келе береміз, онда сенің жеріңде тыныштық болмайды деп айтыңдар да, əскерлеріңді кері шегіндіре беріңдер. Бұл жарлықты Чжао Хуэй Далдаңаға тез жеткізсін» [10] . 1757 жылы шілде айында Цин империясының шекараны тыныштандырушы генералдың орынбасары Чжао Хуэй, кеңесші уəзір Фу Дэның мəліметінде: «Қазақ ханы Абылай адалдық танытып, тарту-таралғы    ұсынуға   жіберген елшісі лагерге келді, ол  елшіні   астанаға қорғап жеткізуді өтініп отыр» [11] делінген. Міне, осы құжаттардан Цин империясының Қазақ   хандығымен   дипломатиялық  қатынас орнатқанға дейін, нақтылап айтқанда, 1757 жылға дейін Абылайды хан əрі қазақ елінің басшысы деп танығанын көруге болады. Бұл деген Цин империясының қазақ елінің қоғамдық шынайы болмысын мойындауы болып табылады. Сондықтан да Цин империясының қазақ еліне ұстанған алғашқы саясаты, іс жүзінде Абылай жөніндегі  танымына  байланысты  қабылданған болатын.

Жалпы айтқанда, Цин империясы Қазақ хандығымен саяси-дипломатиялық қатынастарда өзін сузеренді орынға қойғанымен, іс жүзінде қазақ    хандығының    ішкі-сыртқы  саясатына қол сұққан жоқ; сауда-экономикалық байланыста «екі жақ тең пайда көру» приципін жəне салықсыз сауда жасау саясатын ұстанды; қазақтың этнотерриториясы мəселесінде Абылай ханның талаптарынан бас тартқанымен, қазақ ру-тайпаларының байырғы атамекені Шығыс Іле, Тарбағатай жəне Алтай аймағына (қазіргі Шыңжаң) жылжып қоныстанған шындықты мойындады. Демек, Абылай хан  дипломатялық «жұмсақ» тəсілдер арқылы өзінің мақсатын толық орындады. Жапонияның Орталық Азияны зерттеуші белгілі тарихшы ғалымы  Сакуш Торудың: «Цин патшалығы үкіметі шекара өңірінің саяси тұрақтылығын сақтау үшін, қазақ хандарын өзіне сəлемге барып тұратын саясат қолданды. Абылайдың қойған талаптарының барлығын қабылдады» [12] деген тұжырымы негізсіз  емес.  Жалпы,  Абылай  хан  Қытайдың Цин империясымен дипломатиялық қарымқатынасында ұтпаса ұтылған жоқ. Тіпті, зор табысты болды деуге болады. Оның басты көріністерін Қазақ хандығының нығаюы мен өрлеуінен, халқымыздың этнотерриториясының қалпына келуінен байқауға болады.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Цин (Чиң) патшалығы Шэняу патша орда күнделіктері (清圣祖实录). Қолжазба бойынша 183-том (бума). – 4-б.
  2. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі (清高宗实录) Қолжазба бойынша 481-том (бума). – 3-б.
  3. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі (清高宗实录) Қолжазба бойынша 482-том (бума). – 20 -б.
  4. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі (清高宗实录) Қолжазба бойынша 483-том (бума). – 23-24 -б.
  5. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі (清高宗实录) Қолжазба бойынша 488-том (бума). – 15-16-б.
  6. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі (清高宗实录) Қолжазба бойынша 489-том (бума). – 17-б.
  7. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі (清高宗实录) Қолжазба бойынша 492-том (бума). – 10-б.
  8. Хaфизова К. Казахская стратегия Цинской империи. – Алматы, – С. 18-19.
  9. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі(清高宗实录) Қолжазба бойнша 519 том (бума). – 8-9-б.
  10. Цин патшалығы Гао зоң патшаның орда күнделігі (清高宗实录) Қолжазба бойныша 543-том (бума). – 12-б.
  11. Сакуш Тору. Шыңжаңдағы ұлттар тарихын зерттеу. Чжаң Инның қытайша аудармасы. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы. – 1993. – 376-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.