Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы энергетикалық фактордың маңыздылығы

Кіріспе

Соңғы жылдардағы энергетикалық фактор ықпалының халықаралық қатынастарға артуы геосаяси өзгерістер үдерісінің нығаюымен қатар жүруде және бұл қазіргі таңдағы айқын заңды үдеріс бола отырып, ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселелеріне жаңадан басқаша қарауға міндеттейді.

Әлемдегіөзаратәуелділіктіңкүшеюі, энергия қорлары төңірегіндегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуіәлемдіксахнадағыынтымақтастықты кеңейтудің және жеделдетудің объективті қажеттілігін арттырды. Бұл тұрғыда қазіргі кезде мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың дамуы тиімді тетіктердің бірі болып табылады және халықаралық қатынастарда іргелі рөл ойнауда.

Бүгінгі таңда Қазақстан дүниежүзінде болып жатқан үрдістерге белсенді түрде қатысуда, әлемнің көптеген елдерімен тұрақты саяси және экономикалық байланыс орнатып, халықаралық қоғамдық институттардың беделді мүшесіне айналды, күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді.

Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен ықпалдастықты дамыту көпвекторлы сыртқы саясат негізінде жүзеге асырылады және Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келеді.

Серіктес  мемлекеттер  қатарында  Америка Құрама Штаттары негізгі орынды  алып отыр. Қазақстан және АҚШ арасындағы қарым-қатынастар саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда өскелең дамып келеді және екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара тиімді стратегиялық серіктестіктің мысалы болып табылады.

Екі мемлекеттің экономикалық байланыстарының дамуында мұнай өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Қазақстан экономикасының қарқынды даму үстіндегі өндіріп шығару саласы американдық инвестициялар үшін едәуір тартымды нысан болып табылады. Американдық капиталдың және әлемге танымал американдық мұнай компанияларының белсенді қатысуымен Қазақстан өзінің мұнай өнеркәсібін жаңа сапалық деңгейге көтерді.

Қазақстан-АҚШ экономикалық ынтымақтастығы: негізгі қырлары

Экономикалық саладағы Қазақстан сыртқы саясатының  басты  мақсаты  тауарлардың, қызмет көрсетулердің күрделі қаржы жұмсалымдарының әлемдік нарығына шығуы үшін жағдай жасауға, экспорттық-импорттық әлеуетті дамытуға, инвестицияларды, жаңа технологияларды өндірістік салаға тартуға, баламалы тасымалдау жолдарының жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстан мен АҚШ-тың экономикалық ынтымақтастығының серпінділігін прагматизм мен өзара мүдделілік айқындайды. Әр түрлі пайдалы қазбалардың ауқымды қорының болуынан және ішкі саяси тұрақтылығынан Қазақстан шетел инвестициялары үшін Орталық Азия елдері арасында ең тартымды мемлекетке айналды.

АҚШ  –  Қазақстан  экономикасының  аса ірі инвесторының бірі. Қазақстанға тартылған американдық инвестициялардың және екі мемлекет арасындағы тауар айналымының өскендігін байқауымызға болады. Осылай, 1993 жылдан бері Қазақстан Республикасына тартылған американдық тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 25 млрд. долларға жетті. Өз кезегінде екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 508,1 млн. долларды, ал 2013 жылы 2,75 миллиард долларды құрады [1].

АҚШ-пен сауда байланысында Қазақстан экспортының ауқымды бөлігін түсті металдар, рудалар, жер қойнауында аз кездесетін элементтер сияқты шикізат құрайды. Қазақстанның Құрама Штаттармен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту жолындағы маңызды міндеттерінің қатарына американдық күрделі қаржы жұмсалымы салынған салаларын әртараптандыру жатқызылған.

Қазақстан   Республикасы    Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылы ұсынған «Хьюстон бастамасына» сәйкес екі мемлекеттің жеке секторларының жақындасу, өнімді бірлесіп өндіру және оны әлемдік нарыққа шығару бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар 2002 жылы АҚШ-тың Қазақстанды нарықтық экономикасы бар ел ретінде тануы екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікке ықпал етіп, біздің мемлекетіміздің ДСҰ-ға мүшемемлекеттер қатарына қосылуына маңызды алғы шарт болды.

Екімемлекетарасындағыынтымақтастықтың көп жақты негізде де дамуда. АҚШ және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы  сау-  да және инвестициялар саласындағы қарымқатынастарды    дамыту  жөніндегі  атқарушы келісімнің (ТИФА) жүзеге асырылуы кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету және инвестициялар ағымын ынталандыру арқылы әлемдік экономикалық қауымдастыққа біршама түрде интеграциялануға ықпал ететін жаңа бастама болды.

ТИФА аясындағы диалог үдерісі Қазақстан үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты тереңдету, сауда мен инвестиция саласындағы нақты қазақстандық бастамаларды жүзеге асыру, аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілету тұрғысынан маңызды болып табылады деп есептейміз.

Қазақстанның АҚШ-пен экономикалық саладағы өзара ықпалдастығы әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетті шешу аясында бұрынғыдан да маңызды бола түспек.

Қазақстанның АҚШ-пен экономикалық байланыстарды нығайту үдерісі өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, сауда мен тасымалдау инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағдарланған ұлттық мақсаттар мен басымдықтарға негізделгендігін тұжырымдауға болады.

Алайда, Қазақстан және АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарының дамуындағы ассиметрия және американдық инвестициялардың Қазақстан экономикасының жеке салаларына түсуі қазақстандық-американдық сауда-экономикалық байланыстардың әркелкі дамуын айқындайды. Бұл, негізінен, АҚШ-тың Каспий аймағы мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның көмірсутек шикізаты есебінен энергия ресурстарының әлемдік жеткізілімдерін әртараптандыруға мүдделі болуымен байланысты.

Қазақстан-АҚШ энергетикалық диалогының негізгі бағыттары

Энергетикалық фактор Қазақстан – АҚШ экономикалық ынтымақтастығының маңызды элементі болып табылады. Қазіргі уақыттағы мұнай мен саясаттың тығыз байланыста бо-  луы американдық сыртқы саясатта мұнай мәселесінің, соның ішінде Қазақстанмен қарымқатынастардың басымдылығын анықтап отыр. Атап айтқанда, Каспий бассейні қорларының 75 пайызын және дүниежүзілік мұнай қорларының 2 пайызға дейін мөлшерін иемденіп отырған Қазақстан, АҚШ үшін мүдделі елдердің қатарына жатады.

Әлемдегі жетекші мұнай тұтынушысы болғандықтан, АҚШ стратегиясындағы энергетикалық фактор дәстүрлі өзекті сыртқы саяси басымдылыққа ие. АҚШ-тың  әлемдегі  негіз-  гі мұнай аймақтарында, сонымен бірге Каспий аймағында орнығу ол елдің сыртқы саясатының ең маңызды мақсатын айқындайды. Атап айттқанда, АҚШ-тың стратегиялық құжаттарындаэнергетикалықтәуелділіктіеңсеру жолында импортты Каспий аймағы мемлекеттері ресурстары арқылы әртараптандыру көзделген және Қазақстанға ірі ықтимал тасымалдаушы ретінде айрықша мән беріледі [2].

Отандық сарапшылардың пікірінше, АҚШтың  Каспий  және  Орталық  Азия  аймағы-  ның энергетикалық ресурстарына нақты қызығушылығының болуымен қатар, Вашингтон бұл ресурстарды игерудегі өзінің рөлін Орталық Азия мемлекеттерінің саясатына, әсіресе, әрдайым мойындалмайтын Ресейге байланысты саясатқа ықпал ету тетігі ретінде қарастырады. Құрама Штаттар үшін энергия ресурстары парықсыз емес, өйткені түпкілігінде  олар  онон бес жылдан кейін АҚШ экономикасымен бәсекелесе алатын қарқынды дамып келе жатқан экономикаға ие Қытай және Үндістанға қарай кетуі мүмкін [3].

Американдық капиталдың және әлемге танымал американдық мұнай компанияларының белсенді қатысуымен Қазақстан өзінің мұнай өнеркәсібін жаңа сапалық деңгейге көтерді. Бірлескен энергетикалық жобалар еліміздің дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануына, американдық инвестициялардың ел экономикасына тартылуына өз үлесін қосып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттары еліміздің егемендігін алғашқы мойындағандардың ішінде екендігін және американ компаниялары өздерімен бірге жаңа білім, инновациялар мен технологиялар әкелген Қазақстан экономикасының алғашқы инвесторлары екендігін атап өткен болатын [4].

1993 жылдан бері Қазақстанға тартылған американдық инвестициялардың жалпы көлемінің 70%-дан астамы көмірсутек шикізатын игеру саласына салынған. «Шеврон», «ЭксонМобил» сияқты ірі американдық компаниялардың күрделі қаржы жұмсалымы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі кен орындарында шоғырланған.

2002 жылы энергетикалық саладағы сындарды диалогтың дамуын қамтамасыз ететін арнайы тетіктің – Энергетикалық серіктестік жөніндегі бірлескен қазақстандық-американдық комиссиясының құрылғандығын атап өтуімізге болады. Бұл комиссия аясында мұнай-газ секторымен, электр энергетикасымен, атом энергетикасымен, ядролық технологиялар және таратпау мәселелерімен, қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын төрт жұмыс тобы қызмет етуде.

АҚШ-тың энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғаламдық стратегиясы аясында АҚШ басшылығы біздің еліміз жүргізіп жатқан мұнай мен газдың экспорттық көп нұсқалы бағытын  дамыту  бойынша  саяса-  тын қолдайтындығын атап өтуге болады. Каспий мемлекеттерінің бірі болып табылатын Қазақстан үшін Каспий аймағындағы жағдай ерекшемаңызғаиеболуда. Біріншіден, Қазақстан көлік проблемаларын шешу үшін энергия қорларын пайдалануға мүдделі. Екіншіден, Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы және теңіздерге тікелей шығу жолдарының бол-  мауы әлемдік нарықтарға мұнайды тасымалдау жолында қиындықтар туғызады. Негізгі мұнай дәлізін монополияландырған Ресейден  өз бағыныштылығын азайту мақсатымен энергия ресурстарын тасымалдаудың жолдарын әртараптандыру маңызды болды. Үшіншіден, қазіргі таңда Каспий мұнайының ағымдары үшін басты күрес Қазақстан мен оның Каспий теңізіндегі секторы айналасындағы, Каспий маңындағы, оған жақын және аймақтан тыс мемлекеттер арасындағы шиеленісіп бара жатқан геосаяси ойын жағдайында Қазақстан алдында өз ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін сақтап қалу міндеті тұр. Осыған байланысты Ресейлік Каспий қайраңы жерлері шетел капиталы үшін шек қойылған. Иран секторында айтарлықтай белгілі бір ірі кен орындары жоқ. Түрікменстанда салыстырмалы түрде кішігірім мұнай қорлары бар және әлемдік және сыртқы саяси бағытында аймақтық үрдістерден оқшаулану саясатын жүргізеді. Шетел компаниялары Каспийдің әзірбайжандық секторын игеруден күткен нәтижелерін алған жоқ. Қазақстанның АҚШтағы бұрынғы елшісі Б. Нұрғалиев АҚШ-пен энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтеді: «Каспий энергия ресурстарын    әлемдік    нарыққа   экспорттауға американдық компаниялардың қатысуы маңызды болып табылады, өйткені, бұл бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен гүлденуіне жағдай жасайды» [5].

«Шеврон» және «Мобил» компанияларының қатысуымен 2001 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы  іске  қосылды.  Жобаның  жалпы соммасы 2,6  млрд.  АҚШ  долл.  құраған  еді. АҚШ  тарапынан  бұл  құбыр  желісінің  іске қосылуына оң баға берілді. АҚШ-тың конгресмендерінің ҚР-ның Президенті мен халқына жіберген жолдауында, мұнай құбыры-  ның Қазақстанның «экономикалық тәуелсіздігінің нығаюына себептесетіндігі» және «американдық инвестицияларды тартудың арқасында» аймақтың экономикалық өсуіне қуатты серпін беретіндігі, сондай-ақ «көптен күтілген көліктік инфрақұрылым Каспий бассейнінің энергетикалық қорларына жол ашатындығы» және энергия тасымалдаушылардың дүниежүзілік жеткізілімдерінің әртараптандырылуына мүмкіндік туғызатындығы аталып өтіледі.

Ал 2006 жылы Қазақстан  АҚШ-тың  сая-  си қолдауының арқасында жүзеге асырылған Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына қосылу туралы шешім  қабылдады.  Н.Ә.  Назарбаев бұл жобаның Қазақстан үшін ресейлік және қытайлық бағыттардан басқа мұнайды тасымалдаудың үшінші жолы екендігін және қазақстандық мұнайды шығару қарқынының жеделдетілуіне байланысты оның маңызды болып табылатындығын атап өтеді. 2008 жылдан бастап бұл құбыр дәлізімен Қазақстанның ең ірі кен орны болып саналатын Қашағанның мұнайы жеткізілуде. Тәжірибе жүзінде БТЖ бойынша мұнай тасымалдау жобасының жүзеге асырылуынан болатын маңызды жақтарды атап өтуге болады:

  • жоба Қазақстан және Әзірбайжанның энергия ресурстарының экспортының әртараптандырылуына себептеседі;
  • ол Орталық Азия және Закавказье мемлекеттерінің энергетикалық қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етеді;
  • БТЖ жобасына қатысушы мемлекеттерді саяси және экономикалық дәнекерлермен байланыстырады;
  • мұнай құбыры АҚШ және басқа да Батыс елдерін қосымша энергия ресурстары көзімен және әлемдік энергетикалық нарыққа ықпал ету тетігімен қамтамасыз етеді.

2006 жылдың қыркүйек айында өткен Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында қабылданған Қазақстан және АҚШ Президенттерінің бірлескен мәлімдемесінде энергетикалық ынтымақтастықтағы БТЖ  құбыр дәлізінің  маңыздылығы  атап өтілді:

«Біз Қазақстанға көмірсутегі шикізатының әлемдік жетекші де сенімді жеткізуші мемлекеттер қатарына кіруге көмектескен өзіміздің энергетикалық әріптестігімізді жоғары бағалаймыз. Құрама Штаттар Қазақстанның Баку-Тбилиси-Жейһан құбырына қосылумен құттықтайды, мұның өзі маңызды көп қырлы жобаға құнды үлес қосты. Біздің энергетикалық әріптестік американдық компанияларының Қазақстан ресурстарын, соның ішінде ядролық энергетиканы игеруге қатысуына жәрдемдеседі. Біздің елдеріміз энергияның  жаһандық көздерін кеңейту жөніндегі ортақ күш-жігерді жетілдіруге және бұл ресурстарды халықаралық нарықтарға жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін іздестіруге міндеттенеді» [6].

Сондай-ақ, қазіргі таңда АҚШ басшылығы ұсынған  «Жаңа  жібек жолы»  стратегиясына аясында екі  мемлекет  аймақта  энергети-  ка, көлік инфрақұрылымын дамыту сияқты басым бағыттарға аса зор мән беруде. Атап айтқанда, Оңтүстік Азия мемлекеттеріне қарай мұнай мен газды тасымалдайтын Ауғаныстан аумағы арқылы өтетін құбыр желісін салу қарастырылуда. Бұл тұрғыда Америка Құрама Штаттары Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетін аймақтың сауда және транзиттік байланыстың жетілдірілген әрі кең ауқымды желісіне айналуы үшін пайдалануға мүдделі болуда.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, энергетикалық тиімділік және энергияны сақтау жөніндегі шараларды нығайту, тасымалдау   инфрақұрылымын   салу, көмірсутек және урандық шикізатты игеру, өңдеу және пайдалану салаларына  озық  технологияларды ендіру сияқты ұзақ мерзімді міндеттерді шешу тұрғысынан АҚШ-пен бұл саладағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту қажет деп есептейміз.

Қорытынды

Энергетикалық фактор, инвестициялық және сауда ынтымақтастығының дамуы, бірлескен кәсіпорындардың қызметі экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың маңызды элементтері болып табылады.

Халықаралық энергетикалық инфрақұрылымға республиканың интеграция үдерісінде Қазақстан-Америка ынтымақтастығы  үлкен  рөл атқарады. АҚШ-тан келген компаниялар – қазақстандық мұнай-газ кешенінің бірінші инвесторлары, олар бұл кешенге жаңа білімді, инновациялар мен технологияларды әкеліп енгізді. Қазақстан экономикасына, әсіресе мұнай-газ секторына тартылған инвестициялардың үшінші бөлігі американдықтар  үлесіне  тиеді.  Біздің энергия әріптестігімізді кеңейту аясында ядролық энергетиканы дамыту жөніндегі ынтымақтастықтың перспективалары айқындалады.

Сонымен, Қазақстан және  АҚШ  арасында экономикалық ынтымақтастықты жетілдіре отырып, республиканың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Аталған экономикалық саясат, біздің пікірімізше, жаңа технологияларды сатып алуға, капиталға қол жеткізуді жеңілдетуге және жаңа жұмыс орындарымен аадмдарды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан экономикасын әрі қарай реформалауға едәуір ықпал ететін болады. Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығының барлық бағыттары бойынша АҚШ-тың  ресми  және іскер топтары тиімді ықпалдастықты дамытуға орнықты қызығушылық байқатады деп айтуымызға болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Комитет таможенного контроля МФ РК. Статистика: Показатели внешней торговли // http://www.customs.kz>Accessed: 4/04/2014
  2. US Energy Information Administration: Overview of oil and natural gas in the Caspian Sea region // http://www.eia.gov/ countries/regions-topics.cfm?fips=CSR> Accessed: 4/04/2014
  3. Султанов Б.К., Музапарова Л.М. Становление внешней политики Казахстана. – Алматы, – С. 107
  4. Н.Назарбаев: "Прорыв" в истории отношений Казахстана и США... (интервью) // http://www.centrasia.ru/newsA. php?st=1167566100> Accessed: 4/04/2014
  5. Нұрғалиев Б.Қ. Америка көзқарастан басталады: АҚШ-тың ХХІ ғасырдағы ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және қазақстан-американ қатынастарының болашағы туралы // Дипломатия жаршысы. – 1 тоқсан 2000. -52 б.
  6. Казахстанско-американское совместное заявление. Вашингтон, 29сентября 2006 г. // Казахстанская правда. – 2006. – 3 октября.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.