Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Энергетикалық қауіпсіздік анықтамасы мәселесі

Энергетика геосаясаттың бір санаты болып табылады және бүгінгі таңда энергетикалық ресурстар мемлекет экономикасының алдыңғы қатарын иеленеді. Әрбір мемлекеттің өндірістік күштерінің даму деңгейі белгілі бір дәрежеде энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемімен анықталады. Әлемдегі маңызды кендердің 70%дан астамы энергия көздеріне жататындығы энергетикалық ресурстардың маңызды рөлге ие екендігін көрсетеді.

ХХІ ғасырдың басында әлемдік  энергетика құрылымында оң өзгерістер белең алды. Энергетикалық ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты бағытта дамыту әлемдік экономикалық державалардың саясатының бөлінбес бөлігіне айналды. Қазіргі таңда көптеген жобалар құрылып, келіссөздер қабылдануда, сонымен қатар әлем елдері арасында қуат көздерінің кең көлемдегі сауда айналымы жүзеге асырылып жатыр.

Ғаламдық дәрежедегі мәселелерді зерттеу жұмыстарында  «энергетикалық  қауіпсіздік»,«энергетикалық тұрақтылық» және «энергетикалық әлем үлгісі» сынды терминдер көптеп кездеседі. Бұл терминдер елдегі энергетикалық ресурстардың  жетіспеушілігін  жою,  сонымен қатар энергетикалық қуат көздеріне қол жетпеушілік немесе сапасыз шикізат көздерін тұтыну қаупін білдіреді.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (бұдан әрі  –  ХЭА)  пайымдауы  бойынша,  2020 жылға дейін органикалық отын энергия өндірісінің негізгі көзі болады және мұнайдың үлесі азайғанмен, ол әлемдік энергетикалық тепе-теңдікте өзінің көшбасшылық бағытын сақтап қалады [1].

Өзаратәуелділік күшейіп жатқан әлемде энергетикалық қауіпсіздік, көбінесе, мемлекеттердің екіжақты болсын, көпжақты болсын негізде бірбірімен қатынастарын қалайша орнататынына байланысты. Осылайша, энергетикалық қауіпсіздік алдағы жылдары әлемдік саясаттағы маңызды мәселелердің біріне айналды.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігіоныңжан-жақтызерттелуінқажететеді. Бұл тұрғыдан, бірінші кезекте, оның теориялық аспектілеріне ерекше назар аудару қажет. Алайда энергетикалық қауіпсіздікті тұжырымдық тұрғыдан зерттеу бірқатар қиыншылықтарды тудыруда: біріншіден, «энергетикалық қауіпсіздік» ұғымының  жалпытанылған тұрақты анықтамасы жоқ; ал екіншіден, оған қоса уақыт өте келе оның мағынасы да өзгереді екен. Ұғымның өткен ғасырда қалыптасқан мағынасы бүгінгі таңдағы мағынасымен сай келмейді. Ал түрлі құжаттар мен зерттеу жұмыстарындағы ұғымның жүздеген анықтамалары заманға сай толықтыруларды қажет етеді.

«Энергетикалық қауіпсіздік» ұғымының белгілі   бір   ортақ   анықтамасының   болмауы мемлекеттердің тарапынан бассыздық әрекеттердің орын алуына соғады. Яғни ресурстар үшін күрес саяси-дипломатиялық және бірлескен әдістермен ғана емес, күш қолдану арқылы да жүзеге асуда. Мәселен, АҚШ-ның 2003 ж. наурызда басталған Ирактағы соғыс науқаны Вашингтонның мұнай кен орындарына бекіну себебімен де ұйымдастырылғаны белгілі. Әлемдегі мұнай қорының көлемі бойынша үшінші орынды иеленетін Иракқа өз бақылауын  орнату  вице-президент  Р.  Чей-   ни құрған американдық энергетикалық стратегияның орталық элементі еді. Яғни Вашингтон қауіпсіздікті қамтамасыз ету сылтауымен өзінің менмен саяси мақсаттарын жүзеге асыруды қолға алды.  АҚШ-ның  Ауғанстан мен Ирандағы да мақсаттары  осындай  сипатта деген ойлар бар. Мысалы, Вашингтонды Ауғанстанның Каспий маңындағы Орталық Азия мемлекеттеріне жақындығы қызықтырады, сондай-ақ Түркменстаннан Ауғанстан және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығатын газ құбырын салу идеясы да бар [2]. Сол себептен энергетикалық қауіпсіздік анықтамасы мәселесі мұқият зерттеуді қажет етеді.

Энергетикалыққауіпсіздіканықтамасындағы айырмашылықтар, бірінші кезекте, тараптар мүдделеріндегі өзгешеліктерімен байланысты. Бір   мемлекет   экспорттаушы   болса,  екіншісі импорттаушы, яғни олардың мүдделері де  әр түрлі. Мұнайды жеткізуші өнім бағасының жоғары болуын қаласа, тұтынушы төмен болуын қалайды.

Мәселен, Қытай және Үндістан үшін энергетикалық қауіпсіздік әлемдік нарықтардан жаңа тәуелділікке бейімделу икемділігін білдіреді. Ал Жапония үшін бұл ішкі ресурстар жеткіліксіздігін диверсификация, сауда және инвестициямен орын толтырумен байланысты. Сондай-ақ, Еуропада энергетикалық қауіпсіздік импортталушы табиғи газ бен мұнайды әртараптандыруды қалайша ұйымдастыру мәселесімен байланысты  болса,  Ресей-  де ол стратегиялық ресурстар мен әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін құбырларға мемлекеттік бақылауды қалпына келтірумен дәлмедәл келеді екен. Жалпы алғанда, импорттаушы-мемлекеттерде қауіпсіздік үздіксіз және тұрақты жеткізіп тұрумен байланысты болса, экспорттаушы-мемлекеттер үшін бұл сұраныс тұрақтылығы мен бағалардың ұзақ мерзімді орнықтылығын білдіреді [3].

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне қатысты мемлекеттердің ұстанымдары ұлттық заңнамаларда   бекітілген.   Осыған   қатысты  өз көзқарастарын анық түрде  Ресей,  АҚШ және Еуропалық Одақ баяндады. Бірінші кезекте, осындай ресми құжаттарда бекітілген энергетикалық қауіпсіздік түсініктемесін келтіріп, мемлекеттердің бұл мәселеге қатысты ұстанымдарын келтірген жөн.

Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің Экономикалық қауіпсіздік жөніндегі мекемеаралық комиссиясы шешімімен 1998 ж. 27 ақпанда қабылданған «Энергетикалық қауіпсіздік доктринасында» тұжырымдалған «энергетикалық   қауіпсіздік»  анықтамасын келтірейік:

«Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі – қоғамның сыртқы не ішкі қауіптердің және экономикалық, әлеуметтік-саяси, табиғи, техногендік сипаттағы тұрақсыздандырушы факторлардың болуы жағдайында, сол факторлардың кері әсерлерін жою мен қалпына келтіру арқылы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің қажетті деңгейін келесі жолдармен ұстап тұруға қабілетті жағдайы:

  • қоғамның экономикалық және әлеуметтік базасының дамуына қажетті шараларды жасау;
  • отын-энергетикалықкешенініңберікқызмет етуін, сондайақоныңөнімінтұтынушыларының кепілді энергиямен қамтылуын қамтамасыз ету;
  • отын-энергетикалық ресурстардың қолданылу тиімділігін арттыру және мемлекет экономикасын ресурстарды үнемдеуші даму жолына көшуіне қажетті шаралар жасау;
  • отын-энергетикалық ресурстардың экономикалық тұрғыдан дәйектелген экспортын жүзеге асыру және өткізу нарықтарын кеңейту;
  • энергетика объектілерінің технологиялық және экологиялық қауіпсіздігін тиісті деңгейде ұстап тұру;
  • ішкі және сыртқы интеграциялық байланыстарды нығайтып, энергетикалық саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту».

Ал «2030 ж. дейінгі Ресейдің энергетикалық стратегиясы» құжатында келесі анықтама берілді: «энергетикалық қауіпсіздік – мемлекеттің, оның азаматтарының, қоғамының, экономикасының отын-энергетикалық қамтылуына төнетін қауіптерден  қорғаныста  болу  жағдайы» [4]. Ресейлік заңнамалардағы энергетикалық қауіпсіздік мәселесінің кең ауқымда қамтылуынан   бұл   мәселенің   мемлекетке   ерек-   ше маңызды екенін байқауға болады. Ресей Федерациясының энергетикалық нарықта айтарлықтай рөл ойнайтынын  ескере  оты-  рып, бұл мәселенің мемлекетке тікелей әсерін тигізетінінде еш күмән жоқ.

2005 ж. кейін АҚШ-да да бірқатар заңнамалық актілер қабылданады: мысалы,  2007 ж. «Энергетикалық тәуелсіздік пен  қауіп-  сіздік жөніндегі заң». Ал Еуропалық комиссия энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 2005-2006-жылдарға «Жасыл кітап» жариялайды. Сондай-ақ, Еуропалық Энергетикалық хартияның да орны ерекше. Ол 1991 ж. желтоқсанда пайда болып, 1994 ж. желтоқсанда Энергетикалық хартияға Келісімнің қабылдануына түрткі болады. Оған сәйкес «энергетикалық қауіпсіздік»  ұғымына  экологиялық  және техногендік қауіптерден  қорғаныста  болу, ядролық қауіпсіздікті жүзеге асыру, экономикалық дамуға еш кедергілердің болмауы сияқты қағидаларды қамтыды [5].

Осындай американдық және еуропалық құжаттарда көмірсутегінен тәуелділікті қысқартып, ұзақ мерзімді болашақта көмірсутексіз экономиканықұруидеяларыбар[3].ЕуропалықОдақ тіпті энергетикалық қауіпсіздік анықтамасына өз ұстанымын білдіру мақсатымен осы ұғымға кіретін энергетикалық  саясатының  үш  ба-  сты тірегін атап көрсетеді, олар – тиімділік, тұрақтылық және энергетикалық ресурстардың жеткізілуінің қауіпсіздігі. Ал Барак Обама АҚШ Президенті болып сайланғанға дейін бірнеше жыл бұрын «біз энергетикалық қауіпсіздікке қатысты ұлттық міндеткерлікті қажет етеміз және оны бекіту үшін Энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі директорды тағайындауға тиіспіз» деген еді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасынан   энергетикалық   қауіпсіздік ұғымының анықтамасын келтіретін болсақ, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 маусымдағы N1002 Қаулысымен қабылданған "Энергия үнемдеу туралы" ҚР Заңының жобасында келесі анықтама бар: «энергетикалық қауіпсіздік – шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың отын-энергетика ресурстарына қажеттіліктері қанағаттандырылатын сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалу жағдайы». Алайда бұл заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен  ҚР  Үкіметінің 2010 ж. 26 мамырдағы N473 Қаулысымен кері қайтарып алынды. Ал 2012 ж. 13 қаңтарда қабылданған ҚР "Энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі" Заңында энергетикалық қауіпсіздік мәселесі мүлдем қозғалмаған.

Алайда оның орнына 2012 ж. 6 қаңтарда қабылданған ҚР «Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында энергетикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бір бөлігі ретінде айтылып өтіледі. 22-бапта экономикалық қауіпсіздіктің    энергетикалық қауіпсіздікті де қамтитындығына көңіл аударылған. Ал энергетикалық қауіпсіздіктің «мемлекет қоғам мен мемлекеттің  энергия  ресурстарына  де-  ген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергетикалық тәуелсіздік пен экономиканың жылу-энергетикалық, мұнай-газ және атомэнергетикалық кешендерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті олардың нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалу жай-күйін» білдіретіндігі жазылған [6].

Жалпы осы бірнеше мемлекеттердің заңнамасындағы энергетикалық қауіпсіздік түсініктемесін салыстырып, олардың ұқсас екендігіне көз жеткізуге болады. Яғни энергетикалық қауіпсіздік мемлекеттің, қоғамның энергетикалық секторына тиетін ішкі және сыртқы қауіптерден қорғаныста болу жағдайын білдіреді, сондай-ақ, экономикалық дамуына  кедергі жасалынбау, ресурстардың лайықты сапада қолжетімді бағамен сатылу мәселелері қозғалған. Сондай-ақ, барлығына да ортақ қағида – энергетикалық ресурстармен қамтылу кепілдігі. Мемлекет импорттаушы болсын, экспорттаушы болсын – барлығы да энергетикалық ресурстарды қажет етеді.

Энергетикалық қауіпсіздік анықтамасы мәселесі жаһандық деңгейде түрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде де қарастырылады. Мысалы, ХЭА энергетикалық қауіпсіздікті көлемі жағынан жеткілікті, берік және бағасы жағынан қолжетімді энергияға ие болумен түсіндірді. Сонымен қатар бұл салада мемлекеттер мүдделеріндегі айырмашылықтар да айтып өтіледі, яғни импорттаушы-мемлекеттер мен экспорттаушы-мемлекеттер үшін бұл ұғымның мағынасы екі бөлек. Импорттаушымемлекеттер үшін ол энергиямен қамтамасыз етілудің беріктілігін, ресурстар көздерінің диверсификациясын, импорттан тәуелділікті төмендету үшін жаңа технологияларды енгізуді білдірсе,   экспорттаушы-мемлекеттер  үшін  ол инвестициялардың болуы және тиімді бағалармен стратегиялық нарықтарда нық бекінумен тең келеді. Бұл саладағы ХЭА қызметі 1991 ж. құрылған Халықаралық энергетикалық форумның көмегімен де толықтырылады. Форум шеңберінде энергетика мәселесі жан-жақты талқыланып, бірыңғай анықтама беру мәселелсі де қозғалған.

Сондай-ақ, энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне НАТО да қызығушылығын білдірді. Бұл, өз кезегінде, Ресей сияқты кейбір мемлекеттердің наразылығын тудыруда. 2008 ж. Бухарестегі кездесуде ұйым мүшелері «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі НАТО рөлі» баяндамасын есепке алып, оның қағидалары  2010  ж.  Лиссабондағы   кездесуде де қайта бекітілді. «Қырғи-қабақ» соғыс кезінде энергетикалық қауіпсіздік ұғымы НАТО мүшелері үшін Солтүстікатлантикалық одақтың әскери күштерінің үздіксіз отынмен қамтамасыз етілуін білдірген, тіпті сол мақсатпен НАТО құбырларының жүйесі де құрылады [7]. Бүгінгі таңдағы жағдайлар мен жаңа қауіптердің пайда болуы ұйымның бұл мәселеге қатысты ұстанымдарын қайта қарастыруды талап етеді.

«Одақтың әскери күштерінің үздіксіз отынмен қамтамасыз етілуі» анықтамасы енді НАТО үшін бүкіл энергетикалық қауіпсіздік мәселесін қамти алмайды, оған қоса ұйым бүгінгі таңда әскери блок ғана емес басқа да жан-жақты саяси мәселелермен айналысушы ұйымға айналып отыр.

Алайда еш халықаралық ұйымда, олардың құжаттарында нақты «энергетикалық қауіпсіздік»   ұғымының  анықтамасы  табылған   жоқ.

Олардың шеңберінде ұғымның ортақ анықтамасының болмауы таңғаларлық  емес,  өйткені соншалықты мүшелерінің мүдделерін қанағаттандыру мүмкіндігі өте төмен. Сонда да энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешудің ең тиімді тәсілі де осы халықаралық ұйымдар болып табылады. Бірақ жақын болашақта оның жүзеге асуы күмән тудыруда.

Энергетикалық қауіпсіздік анықтамасы мәселесіне қатысты түрлі авторлардың еңбектеріне сүйенетін болсақ, мұнда да ұғымның анықтамасындағы айырмашылықтарды көреміз. Мысалы, «Энергия және қауіпсіздік: жаңа сыртқысаяси стратегияға жол үстінде» атты еңбектің авторлары энергетикалық қауіпсіздікті былай түсіндіреді: «ол – ұлттық күшқуаттың үдемелі дамуына қажетті энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілу. В.Вильсон атындағы Халықаралық  ғылыми   орталық   президенті Ли Гамильтонның ойынша, энергетикалық қауіпсіздік – мемлекеттік қауіпсіздік саясатының маңыздылығы жағынан ұлттық қорғаныстан кейінгі екінші құрамдас бөлігі» [2].

Ал  Кембридж   энергетикалық   зерттеулер  ассоциациясының  негізін  салушы Дж. Станислоу энергетикалық қауіпсіздік ұғымының кеңейтілген мағынасы жөнінде келесідей пайымдайды: «ол ендігәрі тек мұнайдың жеткізілуінің кепілін ғана білдіріп қоймайды.  Энергетикалық   қауіпсіздік   саяси, экологиялық және инфрақұрылымдық салалардағы қауіпсіздікті, сондай-ақ лаңкестік пен климаттық өзгерістер мәселелерін де қамтиды», ал ресейлік зерттеушілер В.И. Анненков  пен  Н.М.  Лахтовскийдің  мақаласында «энергетикалық қауіпсіздік» терминінің үш анықтамасы келтірілген:

«Энергетикалық қауіпсіздік – белгілі бір экономикалық жағдайларда қажетті энергия көлемі мен сапасының қолжетімді болуындағы сенімділік»;

«Энергетикалық  қауіпсіздік  –  тұлға,   қоғам  және  мемлекеттің  өмірлік  маңызы   бар

«энергетикалық мүдделерінің» ішкі және сыртқы қауіптерден қорғаныста болу жағдайы»;

«Энергетикалық қауіпсіздік – мемлекеттің, оның азаматтарының, қоғамының және экономикасының энергиядағы қажеттіліктеріндегі экономикалық тұрғыдан қолжетімді әрі лайықты сападағы отынэнергетикалық жанармаймен тапшылық қаупінен қалыпты жағдай мен төтенше жағдайда қамтамасыз етудегі тапшылық пен тұтынушылардың отын-энергетикалық қамтамасыз етілуіндегі тұрақтылықтың бұзылуынан қорғаныста болу жағдайы» [8].

«Ұлттық  қауіпсіздіктің  жалпы  теориясы» атты ресейлік оқулықта «энергетикалық қауіпсіздік «мемлекеттің тұрақты ілгері дамуын қамтамасыз ететін түрлі тіршілік әрекеті ортасындағы тұлға, қоғам және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалу жағдайы»,-деп көрсетіледі. [9]. Алайда бұл анықтама тым абстрактілі сипатқа ие.

Кей авторлар энергетикалық қауіпсіздік анықтамасы мәселесін зерттеуде ұғымға ортақ анықтама беру емес, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты шараларын көрсетуді жөн көрген. Бұл тәсілдің де маңыздылығы зор, өйткені ол энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі анық түсініктіктің қалыптасуына жәрдемдеседі. Біріншіден, нақты шараларды тармақтарға бөліп, кейін соның нәтижесінде «энергетикалық қауіпсіздік» ұғымының тиянақты анықтамасын шығару мүмкіндігі туады.

Мысалы, Кембридж энергетикалық зерттеулер  ассоциациясының  (CERA)  төрағасы   Д. Ергинның пайымдауынша, энергетикалық қауіпсіздікті қолдау үшін мемлекеттер бірнеше қағиданы ұстануы қажет. Біріншіден, 90 жыл бұрын Черчилль айтқандай: шикізат жеткізуді әртараптандыру.  Бір  экспорттаушы   мемлекет тұрақсыздықты көрсетсе, басқа жеткізіп тұрушыға тезарада жүгінуге болады. Екіншіден, тұрақтылық: стратегиялық қорлардың болуы, жаңылыстарға жедел жауап беру, резервты электр қуаты, т.б. Үшіншіден, интеграцияны мойындау. Күн сайын 86 млн. баррельды тасымалдап, пайдаланатын күрделі әлемдік жүйені құрайтын бір ғана мұнай нарығы бар. Осы нарықтың тұрақтылығы тұтынушылар үшін қауіпсіздіктің басты қайнар көзі болып табылады. Оқшаулануға мүлдем жол жоқ. Төртіншіден, ақпарат маңыздылығы. Нарықтардың ұтымды қызмет етуіне жоғары сапалы ақпараттардың тигізетін әсері зор [10].

Мәселен, осы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету саласында 2000 ж. алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдар – Азия-Тынықмұхиттық энергетикалық     зерттеулер  орталығы, ЕО Статистикалық бюросы, Латынамерикалық энергетикалық ұйым, Халықаралық энергетикалық агенттік, ОПЕК және БҰҰ Статистикалық департаменті мұнайдың әлемдік қорлары жөніндегі ақпаратты жинаудың ортақ механизмін құруды ұсынады. Бұл бағдарлама 2003 ж. сәуірінен бастап ресми түрде Joint Oil Data Initiative атауына ие болып, ең сенімді ақпаратқа ие болуға жол береді [11].

Алайда Д. Ергиннің тұжырымдамасына қайтып келетін болсақ, оның қағидаларының тек импорттаушы-мемлекеттерге қатысты екендігі айқын байқалады. Шикізат көздерінің диверсификациясы, стратегиялық қорлар, жедел жауап беру – бұның барлығы тұтынушымемлекеттердің мүдделеріне жауап береді. Яғни бұл тұжырым да біржақты сипатқа ие және әмбебап анықтамаға жол бермейді.

Жалпы соңғы жылдары энергетикалық қауіпсіздікке қатысты тұтынушылардың өз түсінігі, қамсыздандырушылардың өз түсінігі қалыптасып, мүдделерінің нағыз қарама-қайшы келуінен олардың келісімге келуі мүмкін емес деген теория кең таралған. Яғни бұл екі тараптың осы ұғымға қатысты көзқарастары мүлдем басқа. Алайда тұтынушылардың энергоқауіпсіздігі мен оған қайшы келетін қамсыздандырушылардың бөлек энергоқауіпсіздігі жоқ –  ол  барлығына да ортақ болуы тиіс. Яғни энергетикалық қауіпсіздіктің ондаған түрлі анықтамасы болса да, олар бір мағынаны білдіруі керек және де сол мағынасында барлық тараптардың мүдделерінің қамтылуы басты  міндет  болып  табылады.  Егер мемлекеттер энергетикалық қауіпсіздікті жаһандық деңгейде орнатқысы келсе, олар ақырында бір ымыраға келуі тиіс.

Осыған қатысты Ресей Федерациясының бұрынғы сыртқы істер министрі Е.М. Примаковтың ойы келесідей: «Энергетикалық қауіпсіздік  батыс  өкілдері   түсіндіретіндей тек біржақты жеткізу кепілін ғана білдіріп қоймайды. Қауіпсіздік үш кепілмен қамтамасыз етілуі қажет: тұтынушы-мемлекеттер тарапынан сұраныстың болуы, өндіруші-мемлекеттердің тарапынан ресурстардың кепілді түрде жеткізілуі, территорияларынан  осы  ресурстар өтетін үшінші мемлекеттердің тарапынан сол ресурстардың тасымалдануының кепілі. Олардың барлығы жауапкершілікті бірдей көтереді және жаһандық энергетиканың үздіксіз қызмет етуіне теңдей жауап береді» [12].

Осылайша, энергетикалық қауіпсіздіктің ортақ анықтамасына келу әлі де мүмкін болмаса да, ортақ қағидалардың бар екендігін байқауға болады. Ең бастысы, энергетикалық қауіпсіздік ұлттық   қауіпсіздікттің   маңызды   құрамдас бір бөлігі болып табылады. Энергетикалық қатынастарға іліккен тараптардың барлығының бір мақсаты бар – энергетиканың қауіпсіздігінің кепілі, кепілді түрде ресурстармен қамтамасыз етілу. Сондай-ақ қолжетімді баға тек импорттаушы  ғана  емес,  экспорттаушы   мемлекетке де қажет. Жоғарыда айтылғандай, бағаның өсуі екі жаққа да кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі оның азаматтарының, қоғамының сыртқы және ішкі қауіптерден қорғаныс жағдайында болуын білдіреді деуге де болады.

Импорттаушы-мемлекеттер мен экспорттаушы-мемлекеттердің екі бөлек энергоқауіпсіздік түсінігі жоқ, ол барлық тараптарға ортақ болуы тиіс. Энергетикалық қауіпсіздікті әлемдік деңгейде орнату үшін барлық тараптар ымыраға келуі тиіс. Тараптардың мүдделері ақырында ұқсас келеді, екеуі де энергетикасының қауіпсіздігінің кепілін, энергия көздерімен  қамтамасыз  етілуді  қажет етеді. Сол себептен келешекте энергетикалық қауіпсіздік мәселесінің нақты бір мәмілеге келуі мүмкін жағдай болып табылады.

 

 

 

Литература

 

  1. Перспективы развития мировой энергетики до 2020 г. / Доклад МЭА для заседания министров энергетики стран «восьмерки» в Москве 31 марта -1 апреля 1998 г.
  2. Боровский Ю. Политизация мировой энергетики // Международные процессы, 2008, Том 6, №1(16). – http://www. ru/sixteenth/002.htm
  3. Денчев К. Мировая энергетическая безопасность: история и перспективы // Новая и новейшая история, №2. С. 39-58.
  4. Проект Доктрины энергетической безопасности РФ. – Энергетическая политика, 1996, №2, С. 2-7.; Энергетическая стратегия России на период до 2030 г. Утверждена Распоряжением Правительства РФ от 13 ноября 2009 г. № 1715-р. – http:// minenergo.gov.ru/aboutminen/energostrategy/
  5. Европейская энергетическая хартия, принятая в Гааге в 1991 г. – http://bellona.ru/filearchive/fil_energy_charter_law.pdf; Договор к Энергетической хартии, Лиссабон, – http://bellona.ru/filearchive/fil_ECT.pdf
  6. «Энергия үнемдеу туралы» ҚР Заңының жобасы. – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P090001002; Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңы. – http://thenews.kz/2012/01/17/1014145.html
  7. Роль НАТО в обеспечении энергетической безопасности. – Официальный сайт НАТО. – http://www.nato.int/cps/ru/ natolive/topicshtm
  8. В.И.Анненков., Н.М.Лахтовский. Энергетическая безопасность в условиях глобализации// Обозреватель. – 2010 – №1.С.37.
  9. Общая теория национальной безопасности: учебник/ под общ. ред. А.А. Прохожева. – 2 изд. – Москва, 2005. – 344 с. (Учебники Российской академии государственной службы при Президенте РФ).
  10. Ергин Д. Гарантировать энергетическую безопасность // Россия в глобальной политике. 2006, т.. 4, №1. С. 59-60. 11 Мазур И.И. Глобальная энергетическая безопасность // Век глобализации. 2008, №1. С. 57-69.
  11. 12 Примаков Е.М. Мир без России? К чему ведет политическая близорукость. М., 2009, С. 148.ф

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.