Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түркияның Каспий теңізі мен Орталық Азия аймағындағы энергетикалық саясаты

Каспий аймағы Ресей, Иран, Түркия, Орталық Азия,  Кавказ,  Таяу  Шығыс,  Еуро-  па сияқты аймақтардың ортасында орналасуы оның геосаяси маңызын көрсетеді. Каспий аймағында дүние жүзіндегі энергетикалық байлықтың кемінде 4-5% пайызы шоғырланған. Қазақстанның табиғи байлығының басым көпшілігі Каспий маңайындағы мұнай мен табиғи газ қорларынан құралады. Аймақта мұнай мен газға бірдей бай Ресей мен Иранның орналасуы Каспий аймағының геостратегиялық маңыздылығын арттыра түседі. Түркия мен Орталық Азияны Каспий теңізі бөліп тұр. Сонымен қатар, Каспий теңізі Еуропа мен Азияны бөліп тұрған геостратегиялық маңызды шекара рөлін де атқарып тұр.

Түркия Ресей мен Иранның табиғи байлығына тәуелді болудың орнына өзіне жақын Кавказ және Орталық Азияның энергетикалық қорларына қол жеткізуді жоспарлайды. Түркия Орталық Азияның мұнайы мен газының Ресейді немесе Иранды айналып өтіп, өз аумағы арқылы Еуропаға жеткізілгенін қалайды. Бұл стратегиялар тек Түркияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, Орталық Азияның да энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.  Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің әлі шешілмеуі, Әзірбайжан-Армения текетіресі және РесейГрузия соғысының орын алуы осы өңірдегі аймақтық шиеленісті арттыра түсті. Оның үстіне қазір, Ресей де Иран да Каспий өңірінде әскери кеме санын көбейтіп, әскери  жаттығуларды  жиі өткізуде. Түркия осы қақтығыстардың шешіліп, шиеленістердің саябырсып, олардың орнына прагматикалық ықпалдастықтың, бейбіт ынтымақтастық пен табиғи бәсекелестіктің дамығанын қалайды. Түркия жәй энергетикалық дәліз болғысы келмейді, Түркия ықпалды орталық болғысы келеді.

Алдағы 10-15 жылда Каспий теңізі Орталық Азияны Кавказ бен Еуропа мен байланыстыратын көпірге айналуы мүмкін. Каспийдің құқықтық мәртебесінің анықталмауынан аймақтағы күштердің тепе-теңдігі өзгеріп, Батыстың ықпалының күшеюі ықтимал.. Түркия осы ықпалды  күштердің  біріне  айналу жолында әртүрлі энергетикалық стратегияларды жетілдіруде. Түркияда Каспий мәселелерін зерттейтін арнайы стратегиялық зерттеу орталығы жұмыс істеуде. Каспий теңізі Түркияның Шығыс-Батыс энергетика тасымалдау жобаларының негізін құрайтын маңызды фактор. Ресей мен Иранның энергетикасына деген тәуелділігін азайту үшін Түркия Каспий теңізі мен Орталық Азияның энергетикалық қорларын Еуропаға жеткізуді жоспарлап, тиісті саяси шешімдерді ойластыруда.

Каспий аймағы Кавказ бен Орталық Азияны біріктіреді. Каспий аймағы Түркия үшін Батыс  (Еуропа)  мен  Шығысты  (Орталық Азия мен Қытай) жалғайтын географиялық кеңістік. Яғни, Каспий бұрынғы «Жібек жолы» сияқты маңызды өткел рөлін атқара алады. Түркия өзінің экономикалық саясатын жандандандыруға жаңа нарықтар мен жолдарға мұқтаж. Әсіресе, Түркия экономикасының күшейіп, Әзірбайжанның жетекші рөлінің артуымен Каспий теңізі ерекше маңызға ие болуда. Каспий теңізі Түркияның Шығысқа шығуы және Орталық Азияның Батысқа шығуы тұрғысынан да маңызды. Каспий теңізі Түркия үшін Орталық Азияға ашылатын есік болса, Орталық Азия үшін де Түркия мен Еуропаға қараған терезе іспеттес. Түркияның соңғы жылдары жүргізіп отырған белсенді сыртқы саяси саясаты Каспий аймағын да қамтиды.

Түрік экономикасы соңғы он жылда 7-8% жылдамдықпен өсіп, халықаралық және аймақтық ықпалының артуы Түркияны есептеспеуге болмайтын салмақты ойыншыға айналдырды. Каспийдің маңайында аймақтану (regionalization) үрдісі дамуы мүмкін. Митат Челикпаланың пікірінше, алдағы жылдарда Каспий аймағы елдері өз энергетикалық қорларын Түркия арқылы Еуропаға жеткізіп  қана  қоймай, түрік тауарлары үшін жаңа тұтынушы нарықтарға айналып, Түркияны экономикалық даму үлгісі ретінде қабылдап, халықаралық сауда-экономикалық жүйеге еркін енуі мүмкін [1, 4 б.].

Анкараның көшбасшылығымен ГрузияӘзірбайжан-Түркия үштігінің энергетикалықэкономикалық ынтымақтастығы Еуропа мен Кавказбен қатар Каспий  аймағына  да  әсер етті. Баку-Тбилиси-Жейхан жобасымен қатар бірнеше маңызды байланыс, тасымал және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты. Бұған Әзірбайжаннан басталып, Түркия арқылы Еуропаға газ жеткізетін ТАНАП құбырлар жүйесін қосуға болады. «Набукко» жобасы бойынша Түрікменстанның газы Каспийдің астымен Транс-Каспий құбырымен Әзірбайжанға, одан әрі құбырмен Түркия мен Еуропаға жеткізілуі ықтимал.

Түркия Каспий аймағына әсер етіп қана қоймай, оның тағдырын өзгертуге қабілетті ойыншы болғысы келеді. Түркия Каспий аймағында экономикалық интеграция мен ынтымақтастықтың дамуына түрткі болып, тартымды орталық құруға атсалыспақшы. Түркия Ресей  мен  Иранмен  салыстырғанда  аймақтың сапалы түрде өзгеріп, жетілуі турасында нақты көзқарасқа ие мемлекет. Мұндай саясатын жүзеге асыра алса, Түркия Каспий аймағының маңызды күші болар еді. Түркияның Каспий елдерімен қарым-қатынастарында Кавказға, әсіресе Әзірбайжанға ерекше мән беріледі.

ТАНАП  жобасының  басталуымен  Ка-  спий теңізінің маңызы арта түсті. Бұл жобаға алдағы жылдарда түрікмен, қазақ, тіпті иран газының қосылуы мүмкін. Бұл жобаға әзірше түрікмендер   ғана   қосылғысы   келеді. Түркия «Шах Дениз» газ кен орны үшін жылдар бойы ренжісіп келген Әзірбайжан мен Түрікменнің басын қосып, келістіріп, тіпті, Еуропалық Одақтың  да  қолдауын  алып,  Ресейді   де бұған көндіруге тырысып жүр. Анкараның мақсаты энергетикалық жеткізілімдерін әртараптандырумен қатар өзінің стратегиялық ықпалын арттыру болып  табылады.

Түркияның Орталық Азиядағы саясаты Кавказға бағытталған саясатына да байланысты. Түркия Кавказ және Орталық Азия саясатында энергетикалық жобалармен ғана шектелмей, сауда мен бизнестің де қамтылуын қалайды. Аймақтардың сауда жасауы үшін саяси тұрақтылық қажет. Бұл Каспий мен Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтасуына, кәсіпкерлерінің азаматтық белсенділігі мен жаңаша ойлауына байланысты болмақ.

90-шы жж. Түркия Орталық Азия елдерімен қатынас орнатуға теориялық, психологиялық, институттық жағынан дайын болмады. Түркия Орталық Азиямен қандай қатынас құру керек дегенде, сол қатынастар фәлсафасын анықтап алуы және ұзақ мерзімді, негізделген жоспар құруы қажет. Астана мен Ташкенттің  ойын-  ша, Түркия әр салада санасатындай күшті орталық емес. Түркия Орталық Азиядағы шынайы жағдайды түсінуден әлі де болса алыстау. Бірақ, Түркияның Орталық Азиядағы саясаты шыншыл жаққа қарай өзгерді. Түріктің стратегтері аймақта бәсекенің емес, керісінше, ынтымақтастықтың гүлденгенін қалайды, бірақ, аймақта көшбасшылыққа ұмтылуды қаламайды [2, 5 б.].

Орталық Азияның қуат көздері Түркия  үшін энергетиканы қамтамасыз  ету  жолдарын түрлендірудің бірегей мүмкіндігі. Орталық Азия мұнайы мен газы Түркияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі ықтимал. Түркияның  Каспий мен  Орталық Азияға қатысты энергетикалық ұстанымы мен мақсаты  Түркия-Еуропа  Одағы  шеңберінде   де қарастырылуы тиіс. Түркияның Орталық Азия елдері үшін экономикалық жаңару мен демократиялық дамудың үлгісіне айналуы Еуропаның да мүддесіне сай. Энергетиканың мәні артып, Түркияның сыртқы саясатының негізіне, мазмұны мен анықтауышына айналды. Еуропалық одақ Орталық Азияның энергетикалық нарықтары мен қорларына қол жеткізу үшін Түркияның дәнекерлігіне арқа сүйейді. Еуропа өз экономикасын дамыту үшін Каспий теңізінің мұнайы мен газына мұқтаж. Еуропаның энергетикалық саясатындағы Түркияның рөлі Кавказ бен Орталық Азияның энергетикалық ресурстарын Батысқа жеткізумен анықталады. Ю. Кудрявцеваның ойынша, Еуропа Түркияның көмегімен Каспий аймағына әсер етпекші ниетте [3, 1-2 бб.].

Анкара мен Брюссель Каспий арқылы Набукко газ құбыры жобасын жүзеге асыруды жоспарлап келеді. Бұл құбыр арқылы әзірбайжан, түрікмен және қазақ газы Ресейді айналып өтіп, Грузия мен Түркия арқылы өтетін болады. Сатып алушыларға Бұлғария, Румыния, Мажарстан мен Аустрияны жатқызады. Грекия мен Италия Әзірбайжанның табиғи газын импорттауға ниет танытып отыр. Түркия Қазақстан мен Түрікменстанның да Каспий теңізінен Еуропаға бағытталған энергетикалық құбырлар жобасына қатысқанын қалайды. Қазақстан Түркия мен Еуропалық одақпен бірге энергетика тасымалдаудың ортақ жолдарын қарастырғысы келеді.

Түркия ТМД аймағында Ресейдің энергетикалық монополиясын бұзу мақсатында әртүрлі балама қуат тасымалдау жобаларын жетілдіріп жатыр. Ресей Каспийдің қуат көздерін балама жолдармен Еуропаға тасымалдауға бағытталған  жобаларға  қарсы тұра алмауда. Бұл тұста Түркияның мүдделері Ресейдің есептеріне қарама-қайшы келуде. Өйткені, Ресей Орталық Азия мемлекеттерінің өздігімен Еуропаның энергетикалық нарықтарына шыққанын  қаламайды.  Ресей  Түркия   арқылы «Оңтүстік ағым» құбырын құрып Бұлғарияға  газ жеткізуде. Бұл құбырға қарсы «Набукко» жобасы жетілдірілуде. Түркия осы екі жобаға да қатыспақшы. Өйткені, Түркия «энергетикалық көпір» ретінде Ресейдің де, Орталық Азияның да  табиғи ресурстарын Еуропаға жеткізуге құлықты. Cонымен қатар, Түркия Ресеймен бәсекеалмайтынсалалардабелсенеынтымақтаса алатын икемді күшке айналуды да меңзейді [4, 3-5 бб.].

Анкара Каспий энергетикасының Кавказ арқылы Түркиядағы құбырлардың көмегімен Батысқа жеткізілуін қалайды. Түркия Каспий мұнайы мен газын сатып алып, Еуропаға қайта сататын ықпалды энергетикалық ойыншы болғысы келеді. Мәскеу мен Анкара Каспий маңындағы бір-бірінің энергетикалық стратегиялары мен саясатын жіті бақылауда. Түрікорыс энергетикалық қатынастары стратегиялық тұрғыдан Орталық Азияның қуат көздерін сатып алып тасымалдауға қатысты саяси шешімдерге де әсер етеді. Түркия Ресейдің қуат көздеріне тәуелді болса да, Мәскеуге ықпал ете алатын бірегей күшке айналуда. Каспий аймағы туралы сөз болғанда қазақ мұнайы мен газы туралы көп айтылады. Әзірше, Ресей КСРО дәуірінен қалған өктемдік саясатын жүргізе  бергісі келеді. Алайда, Каспий маңында Әзірбайжан, Түрікменстан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан сияқты дербес энергетикалық саясат жүргізетін елдер пайда болды, Ресейдің аймақтағы саясиэнергетикалық саясатын Түркия едәуір тежей алады. Каспий аймағында Ресейді шектей алатын күштің болуы Орталық Азия мен Қазақстан үшін өз энергетикалық байлықтарын ескі жолмен емес, өз мүдделеріне сай тиімді жолдармен тасымалдауға жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Түркияның энергетикалық жоспарлары Еуропаның энергетикалық қажеттіліктерінің артуы мен саясатымен байланысты. Түркияның энергетикалық маңызы Еуропаның Орталық Азияның табиғи қуат көздеріне деген қызығушылығына байланысты. Түркияның Каспий мен Орталық Азиядағы энергетикалықсаяси ықпалының артуы Еуропаның да аймақтағы ықпалын арттырады.  Егер,  Анка-  ра Каспий арқылы өтетін құбырлар арқылы қазақ және түрікмен көмірсутек қорларын Еуропаға жеткізе алса, Еуропаның негізгі энергетикалық дәлізіне айналуы мүмкін. Қаржы дағдарысындағы Еуропа Орталық Азияның энергетикалық нарығын ойластырып жатқанда Қытай шешімді саясаты арқылы Еуропаны басып озуы, тіпті біраз ығыстыруы мүмкін.

Түркияның аталмыш аймаққа қатысты саясаты Еуропа нарықтарына Орталық  Азияның  табиғи  байлығын  шығаруға;  Ресейге бағынбайтын ортақ энергетикалық кеңістік құруға; Орталық Азиямен іскерлік қатынастарын нығайтып, арадағы барыс-келіс пен алыс-берісті арттыруға; түркі-мұсылман әлемінің интеграциясын жүзеге асыру үшін ортақ мәдени, интеллектуалды, идеологиялық, ақпараттық негіздерді қалыптастыруға; Еуропа одағына ұқсас түркі елдерінің интеграциясын күшейтуге келіп саяды. Түркия Орталық Азияның табиғи қорларын импорттап тасымалдауды ойластырып, Орталық Азияға тиімді стратегияларды әзірлеуге мәжбүр. Сонда Анкара Орталық Азиямен шынайы жақындасады [5, 1-3 бб.].

Астана да, Ашқабад та өз қуат көздерінің қосымша, балама жолдармен жаңа нарықтарға шығарылуына қарсы емес. Еуропа мен Түркия Ресейдің мұнай-газына тәуелді болудан құтылса, Мәскеумен баға жөнінде саудаласа алар еді. Түркия барлық жеткізілім жолдарын өз аумағы арқылы өткізіп, тауардың түпкілікті бағасына әсер етпекші ниетте деген пікір де айтылуда. Ресей Түркияның транзиттік және экспорттық рөлін төмендетудің амалдарын қарастыруда.

Әртүрлі энергетикалық хауыздардың қақ ортасында орналасқан Түркия өз рөлін тым әсірелеп отыруы да мүмкін. Түріктер  ал-  дымен жан-жақты дамыған елге айналып,  кейін, өз сөзін тыңдататын мемлекет ретінде нақты жобаларды жүзеге асырмақшы. Түркия мен Орталық Азия елдері жақын бойлықта орналасқандықтан Орталық Азия-КаспийТүркия-Еуропа географиялық тасымал жүйесін түзеді. Орталық Азия мұнай-газымен әлемнің маңызды орталығына айналуы ықтимал.

Каспийдегі мұнай қоры 50 млрд барель көлемінде белгіленген. Қазақстан – Орталық Азияның ең басты энергетикалық ойыншысы [6, 56 б.]. Қазақстанда дүние жүзіндегі көмірсутек көздердің 3.3% (39.8 млрд баррель, әлемде  9-шы орында) шоғырланған. Қашаған мұнай  кен орны жұмыс істей бастаса, Қазақстан мұнай экспорттауда әлемнің бестігіне кіруі ықтимал. Қазақстан өз қуат көздерін ең тиімді бағаға, ең тиімді жолдармен жаңа нарықтарға жеткізуде талапшыл ойыншы бола алады. ҚР 2020 жылы 130 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. «Каспий құбырлар консорциумы» арқылы жылына 28.2 миллион тонна мұнай, 2015 жылға қарай 67 миллион тонна мұнай өтетін болады.

«Транскаспий жүйесі» арқылы Қазақстанның терминалдарындағы  мұнай  танкерлерге  құйылып, Баку-Тбилиси-Жейхан құбырына жалғанады. Қазақстан мұнайы мен газын тасымалдау бағыттарына қатысты белсенділік танытуда. Қазақстан өз табиғи байлығына деген қажеттілікті арттыру мақсатында жұмыс істеуде. Қазақстан сан-алуан, күрделі құбырлар жүйесін салуда. Қазақстан Каспий тасымал-  дау жүйесін қолға алып, Бакуға танкерлермен мұнай жеткізуде. Қазақстан Ресей мен Иранға қарамастан Каспий суы астымен Баку-Тбилиси-Жейхан құбырына қосылудың амалдарын қарастыруда. Орталық Азияның табиғи байлықтары халықаралық экономиканың тақырыбына айналып, Еуразиядағы сауда мен энергетикаға ықпал ету мүмкіндігі де арта түсуде. Бұл жағдайда Қазақстан өзіне лайықты орынды алуы тиіс.

Қазақстан  Түркия  мен  Еуропаның энергетикалық саясатын зерттеп, пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тиіс. Түркияның Каспий аймағындағы кейбір стратегиялары теориялық түрде Қазақстан мен Орталық Азия елдерін қызықтыратындай тартымды жобаларды қамтиды. Түркия Каспий мен Орталық Азияға қатысты батыл жоспарларының іске асуы әзірше мүмкін болмаса да, Түркия Орталық Азиямен  тиімді  энергетикалық  жобаларды іске асыра алатындай күрделі де салмақты аймақтық күшке айналуда. Түркия Орталық Азияға қатысты энергетикалық стратегияларын Ресеймен келісе отырып дамытуға мәжбүр. Орталық Азия өз энергетикалық қорларын сататын жаңа нарықтарға мұқтаж болса, Түркия жаңа энергетикалық күштермен ықпалдасқысы келеді. Түркия энергетикалық импорттарын түрдендіргісі келсе, Орталық Азия энергия экспорты әртараптандырғысы келеді. Яғни, бұл тұста Түркия мен Орталық Азия мүдделес.

 

 

 

Әдебиет

 

  1. Mitat Çelikpala. Hazar Bölgesi Dünyanın Ticaret Koridoru Olmaya Yeniden Aday: Yeni İpek Yolu Bir Hayal Mi? Hazar Stratejik Araştırma Merkezi. Hazar Raporu Bahar 2013. Sayfa 9.
  2. Eren Enerji Kaynakları ve Orta Asya'nın Geleceği. 20 Ağustos 2009. Bilgesam Bilge Kişiler Stratejik Araştırma Merkezi. 3 YuliaKudryasheva. Energy Policy of Turkeyin post-sovietspace. İnformation-Analitical Centre, Mgimo and MGU 13 Februaryhttp://www.ia-centr.eng/expert/3839/ http://www.bilgesam.org/tr/index.php?option=com_content&view=article&id=1566:enerji-kaynaklar-ve-orta-asyann-gelecei&catid=170:analizler-ortaasya
  3. Sina Kısacık. Rusya’nın Enerji Politikaları Bağlamında Orta Asya Ülkeleriyle İlişkileri. 23 ARALIK 2012. ULUSLARARASI POLİTİKA AKADEMİSİ. http://politikaakademisi.org/?p=3659
  4. Bülent Araş. Türkiye'nin Orta Asya Politikası. Köprüden cazibe Zaman Gazetesi. 7 Aralık 2007. http://www.zaman. com.tr/yorum_turkiyenin-orta-asya-politikasi-kopruden-cazibe-merkezine_621962.html
  5. Yusuf Türk Cumhuriyetleri’nin Bağımsızlığının 20. Yılı Vesilesiyle. Enerji Bağlamında Türkiye ve Orta Asya Ülkeleri.Ahmet Yesevi Üniversitesi Raporu. Haziran 2011. No 01. 72 Sayfa.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.