Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Корей Халық Демократиялық Республикасы ядролық бағдарламасының тарихи және геосаяси пайда болуының негізі

Кіріспе.  Қазіргі  таңда  Корей  жартыаралы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр. Мұнда екі негізгі мәселе орын алуда, алғашқысы – бір мемлекеттің екіге бөлініп кетуі, яғни солтүстікте орналасқан Корей Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) және оңтүстікте орналасқан Корей Республикасы (КР), 38 параллель арқылы халқы ортақ 2 мемлекет болуға мәжбүр, келесі мәселе бұл КХДР ның ядролық ұстанымдары. Бірінші мәселе қазіргі таңда да әлемдегі ең күрделі мәселелердің бірі, аймақтағы саяси тұрақсыздықтың ошағы болса, екінші мәселе әлемнің үрейін тудырып, АҚШ пен Жапонияны қорқынышта ұстайды.

II-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның қол астында жарты  ғасырға  жуық болған кәріс халқы аңсаған тәуелсіздікке жеткенін түсінбестен, екі ұлы державаның саяси ойынына тәуелді болады. Яғни, 40-шы жылдардың екінші жартысында СолтүстікШығыс Азиядағы саяси жағдай коммунистік Кеңес Одағы мен капиталистік АҚШ арасындағы қарама-қайшылықпен сипатталады. Мұнда әрине идеологиялық теке-тіреспен қатар, сол заманға сай, соғыстан кейінгі географиялық бөлісу орын алды [1].

Аталған мәселе Корей түбегіне де қатысты болды.  Кореяны  38  параллельден  солтүстікке кеңестік окупациялық зона, оңтүстікке қарай америкалық окупациялық зона болып бөлу туралы шешім 1945 жылы жазда болған Потсдам конференциясында қабылданды. Ол өз кезегінде 1943 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Қытай мемлекеттерінің басшылары қатысқан Каир конференциясында және 1945 жылы ақпанда АҚШ, Ұлыбритания, КСРО басшылары қатысқан Ялта конференциясында қабылданған құжаттарға негізделеді. Осы құжаттарға сәйкес, Кореяның бөлінуі жапон әскерлерінің капитуляциялануына дейін, уақытша сипатта болуы қажет еді. Айта өтетін жайт, Кореяны екі ықпал ету аумақтарына бөлу туралы ұсыныс АҚШ тарапынан орын алған. КСРО және АҚШ әскери әкімшіліктеріне Корей түбегіндегі жапон әскерлерін тез арада қарусыздандыру және шығару міндеттері қойылды. Алайда олардың біріккен әрекеттері нәтижесіз болып, мәселе тығырыққа тірелді. Солтүстік пен Оңтүстікте жеке мемлекеттік құрылымдарды құру үдерісі басталып, нәтижесінде  1948  жылы  1   мамырда Корей Республикасы және сол жылы 9 қыркүйекте КХДР мемлекеттері  құрылды. АҚШ БҰҰ-ның заңды мемлекет ретінде тек Корей Республикасын тануына қол жеткізді. 19481949 жылдары бірінші кеңес оккупациялық әскерлері, кейін америкалық әскерлер түбектен шығарылды [2].

1940 жылдардың екінші жартысында АҚШ басшылығы әлемдік саяси жағдайға ықпалы артқан КСРО-ны шектеу доктринасын жасап шығарды. АҚШ әскери-саяси әкімшілігі әскери қақтығысқа, тіпті ядролық қаруды қолдануға дейін жететін КСРО-ға қарсы жаһандық текетіреске бел буды. Алғашында Корей түбегі аса маңызды рөл атқармады,бірақ уақыт өте келе әлемдік екі саяси жүйенің алғашқы қарулы қақтығысы осы жерде орын алды.

1950 ж. 25 маусымда Кореяны біріктірудің бірінші  талпынысы  –  күштеп  біріктіру ретінде танылған, Корей  соғысы  басталды. Бұл соғыс АҚШ үшін КСРО болуы мүмкін соғысқа дайындық болды. Алайда соғыстың қорытындсы бойынша АҚШ КСРО-мен тікелей әскери қақтығыстан бас тартуға мәжбүр болды. Соғысушы тараптар арасындағы қарсыластық 1953 жылы Бітім туралы келісімге келумен аяқталды. Шындығында, Бітім туралы келісім Кореядағы негізгі қарсыласушылар Құрама Штатттар мен Қытай арасында жасалды. Бұл компромисс Азия-Тынық Мұхиты аймағындағы екі полюсті күштер балансын бекітті. Осы жылдың 1 қазанында Вашингтон Сеулмен  Өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойып, америкалық әскерлердің Корей түбегінде орналасуының заңдылығын бекітті.

1950-1953 жж. Корей соғысы аяқталып, елдің екіге бөлінуінен кейін Корей түбегі КСРО мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және идеологиялық күрестің сахнасына айналды. Онымен қоса екі алып держава да өз қарамағындағы территорияларда ықпалдарын, сонымен қатар әскери ықпалдарын да уақыт өте келе күшейте берді. Корей түбегінің екі бөлігінде де ядролық энергетиканың тез қарқында дамуы басталды. Вашингтон оңтүстік корейлік режимге қол ұшын берсе, тиісінше Мәскеу КХДР-ның атомдық бағдарламасын қолдады. Алғашында аталған бағдарлама Мәскеудің талабы бойынша тек бейбіт сипатта болып, алғашқы он жылдықта Пхеньян осы талапты толық сақтады. Бірақ кейін  АҚШ тарапынан жасалынған қысым мен қауіпті жағдайда Пхеньян жаппай қырып жою қаруын Құрама Штаттар қысымын ұстап тұратын, болашақ қарулы күштерінің ең қажетті құрамдас элементі деп есептеді. Оған себеп, 1950-1953 жж. болған Корей соғысы кезінде АҚШ КХДР-ға ядролық қаруды қолдану мүмкіндігімен қорқытқан болатын [3].

Мәлім болғандай, Корей соғысынан кейін 1953 жылы жасалынған Бітім туралы келісімнің сақталмауына қарамастан Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың тек әскерлері ғана емес, сонымен қатар ядролық арсеналы да қалған болатын. 1967 жылдың соңына қарай олардың саны сегіз түрлі 950 ядролық зымыранды қамтыды. Өз кезегінде, бұл мәселе Солтүстікте алаңдаушылық тудырмай қоймады, нәтижесінде КХДР саяси басшылығының одақтастарынан құпия түрде ядролық қаруды жасау ойы туындады. КХДРның ядролық бағдарламасы сыртқы қолдаусыз жетістікке жетпес еді, өйткені Солтүстік Кореяның ғылыми-интеллектуалдық, қаржыэкономикалық күші мен қабілеті оған дәрменсіз еді. Ондай күш тек сырттан, әскери-саяси одақтастары мен тапсырыс берушілері ҚХР мен КСРО тарапынан ғана келуі мүмкін болатын. Бірақ Қытай бұл уақытта экономикалық және ғылыми-техникалық жағынан әлсіз болып, өз бағдарламасын жүзеге асыруға көмекке мұқтаж еді. Пхеньянның назары КХДР-ның құрылған кезеңінен бастап экономикалық және әскеритехникалық қолдау көрсетіп келген КСРО-ға ауды. КХДР-даядролықинфрақұрылымныңпайда болуындағы негізгі ауыртпалық өз ғылымитехникалық базасының және ядролық зерттеулер саласы мамандарының болмауында. Аталған мәселелер Мәскеудің көмегімен шешіле бастады. Сотүстік Корейлік мамандарды дайындау мәселесі 1952 жылдың 6 мамырында Мәскеуде қол қойылған КСРО үкіметі мен КХДР үкіметі арасындағы КХДР азаматтарының кеңестік жоғарғы оқу орындарында білім алулары туралы келісімінде көрсетілді. Осы құжатқа сәйкес, кеңестік үкімет Солтүстік Корейлік студенттер мен аспиранттарға КСРО-ның жоғарғы оқу орындарында оқуларын тамамдауға мүмкіндік берді.

Екі ел арасындағы ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық  ұстанымдары 1952 жылы 6 мамырда Мәскеуде қабылданған КСРО мен КХДР арасындағы ғылымитехникалық ынтымақтастық туралы келісімінде және 1957 жылдың 11 қазанында қол қойылған КСРО ҒА мен КХДР ҒА арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы келісімінде орын алды. Осы құжаттардың алғашқы баптарына сәйкес, тараптар халықтық экономиканың барлық салаларындағы тәжірибемен алмасуға, бірбіріне қайтарымсыз техникалық құжаттарды беруге, техникалық көмек көрсету үшін тиісті ақпарат және мамандармен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бас жоспарларымен, жасалып жатқан зерттеулер және олардың нәтижелері туралы нақты ақпараттармен алмасуға ниетті екендіктерін білдірді [4].

КХДР ядролық бағдарламасы дамуының келесі жаңа кезеңі 1959 жыл болды. Осы жылдың қыркүйек айында Пхеньянның өз ядролық зерттеу орталығын құруға кеңестік көмек туралы келісімге қол қойылды. 1961 жылы партияның ІV съезінде Ким Ир Сен ғалымдар мен мамандарға ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану, радиоактивті изотоптарды кең қолдану, әр  түрлі изотоптар мен өлшем құралдарын өндіру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттерін қойды. Біріккен геологиялық зерттеулер нәтижесінде ядролық зерттеу орталығын салуға Пхеньян қаласынан 92 км, аудан орталығы Йонбен қаласынан 9км қашықтықтағы жер таңдалды. Келесі жылдары ИРТ-2000 ядролық зерттеу реакторы, радиохимиялық зертхана, К-60000 кобальтті құрылғысы және бетатрон Б-25 тұрғызылды.

Пхеньянның ядролық қаруды иеленуге деген  талпыныстары  80-жылдардың  ортасына таман пайда болды, алайда Пхеньянның әскери ядролық бағдарламаны жасауға  не-  месе сондай ұмтылстың болғандығын нақты дәлелдейтін құжаттар жоқ. Дегенмен, елдің жабық болуы мен ресми солтүстік корейлік ақпарат көздерінің болмауына қарамастан, Солтүстік Корея басшылығының басты стратегиясын және КХДР-ның іші мен сыртында туындаған саяси жағдайды ескере келе ядролық бағдарламаны жүзеге асыру 80-жылдарда қолға алына бастағандығын айтуға болады. Оны осы жолға не итермеледі? Елдің осындай  саясат-  ты таңдауына ішкі және сыртқы факторлардың себептері қандай?

1985 жылы КСРО-да қайта құру басталып, М.С. Горбачевтің билікке келуі кезінде КСРО мен КХДР-ның ынтымақтастығы, оның ішінде атомдық   энергияны   бейбіт   мақсатта падалану саласында да күшейді. Кеңестік жаңа басшы социалистік лагерь елдері арасындағы тең емес қатынастардан бас тартып, одақтастардың өз ресурстарына сеніп, таңдау еркіндігіне ұмтылуларын қолдады. Мәскеу Пхеньянға деген көзқарасын өзгертті. Кремльдегі билік басындағылар  Кеңес  Одағының   мүддесі  және Қиыр Шығыстағы қауіпсіздікті сақтау үшін КХДР-ның маңыздылығын аса жоғары деңгейде деп санап, оны стратегиялық әріптес деп айтты. Пхеньянмен достық қатынастардың одан әрі дамытуды кеңестік сыртқы саясат басымдықтарының бірі деп есептеді. Кеңестік ресми тұлғалар да Пхеньяннан кейін АҚШ-  тың Вашингтон – Токио – Сеул үштік одағын құру және Корей Республикасымен тығыз экономикалық қатынастар орнату талпыныстарын қатаң сынға алды [5].

Қайта құрудың алғашқы жылдары КСРО мен КХДР-ның әкери, экономикалық, ғылыми және басқа да салалардағы ынтымақтастықтары күшейе түсті. Ким Ир Сен мәскеудегі  өзгерістер мен КСРО-ның жаңа саясатына оң көзбен қарады. М.С. Горбачевтің Азия Тынық Мұхиты аймағындағы сыртқы саясаттағы алғашқы бастамаларын қолдап, тіпті КХДРдағы Кеңес әскерлерінің орналасуын кеңейтуге келісті. 80-жылдарда Кеңес Одағы мен Солтүстік Корея арасындағы әскери саладығы ынтымақтастығының жоғары деңгейге көтерілуі Қытайдың кері әсерін туғызды. Кеңес әскери авиациясына Солтүстік Корея әуе кеңістігінен ұшып      өтуіне  рұқсат  берілуі, Қытайда «Мәскеудің Қытайды қоршап алуға деген жаңа ұмтылысы» деп қабылданды. ҚХР басшылығы Солтүстік корейлік порттарға кеңестік әскеритеңіз сапарлары Корей түбегіндегі жағдайға кері әсер етеді және АҚШ-ты Қиыр Шығыста қарсы іс-әрекеттер жасауға және әскери күштерін көбейтуге итермелейді деп айтты. 1989 жылы мамыр айында М.С.Горбачевтің Пекинге жасаған сапарынан және Кеңес-Қытай қатынастарының жақсаруынан кейін ҚХР басшылығы КеңесСолтүстік Корей қатынастарының жақсаруын сынға алуын тоқтатты. Бұл кезде КСРО мен Солтүстік Корея арасында қарама-қайшылықтар туындай  бастаған  болатын.  Оған  себеп,   түрлі салаларда КСРО мен КХДР арасында айырмашылық еді.

Біріншіден, Корея ішіндегі мәселелерді шешу, АТА-дағы    геосаяси    жағдайды  қоса алғандағы көптеген әлемдік және аймақтық мәселелерге деген тараптардың әр түрлі көз қарастары байқалды. Пхеньян    Мәскеудің «жаңаша ойлауын» қабылдай алмай, оны социализмге қауіпті деп есептеді.

Екіншіден,  Пхеньян мен  Мәскеудің бөлінуіне Шығыс Еуропадағы жағдай  әсер етті. Ким Ир Сен және оның қол астындағылар оқиғаның Солтүстік Кореяда да қайталануынан қауіптенді. Пхеньян М.С.Горачевті Еуропадағы төңкерісті қолдағаны үшін ғана емес, сонымен қатар оның басталуының себепкері деп айптады. Үшіншіден, Пхеньян КСРО-дағы ашықтық, сөз бостандығы және басқа да белгілерге қарсы болып, оларды идеологиялық сынақ деп таныды. 1980 жылдардың ортасына дейін Солтүстік Корея  бірдей  идеологиялық  құндылықтарға ие мемлекет ретінде КСРО-ның түсіністігі мен қолдауына ие болған. Одан кейін Кеңес Одағы Ким Ир Сенді қолдаудан бас тартты.

Төртіншіден, Пхеньянның қарсылығы Кеңес Одағы мен Корей Республикасы арасындағы қатынастардың жылуынан туындады. 1990 жылдың сәуір айында Ким Ен Самның Мәскеуге жасаған ресми сапарын Солтүстік Кореядағылар «жаугершілік, заңсыз әрекет» деп айыптады. Ал 1990 жылдың маусымында Сан-Францискодағы М.С.Горбачев пен Ро Дэ У арасындағы келіссөздер Пхеньянда «кешірілмейтін, қылмыстық әрекет» ретінде бағаланды [6].

Солтүстік Корейлік режимді өз ядролық қаруын жасап шығару жұмыстарын толық қолға алуға итермелеген маңызды себеп КХДР мен Қытай арасындағы пайда болған қарамақайшылық еді. Қытай қоғамындағы және Пекиннің сыртқы саясатындағы пайда болған өзгерістер Ким Чен Ирдің алаңдаушылығын туғызды. Корей түбегіндегі жағдайға байланысты Қытай басшылығының оптимизмі  өсті. Солтүстік Корей бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ және одақтастарының ісәрекеттері нәтижесінде түбекте соғыстың болу қаупі өскендігін және жағайдың өте шиеленісе түскендігін жазған кезде, қытайлық баспасөз беттерінде жағдайды реттеуге және Корей түбегіндегі қарсыласушы тараптардың мәселені бейбіт жолмен шешуге ниетті екендіктері туралы жарияланған болатын. Пекин Оңтүстікпен бітімге келу және түбектегі өзара сенімді қалыптастыру жолдарын іздестіру мақсатында күштерін көбейтуге ұсыныс жасады. Пекиннің Сеул мен Вашингтонға бағытталған айыптаулары одан бетер азая түсті. Қытай 1987 жылғы Оңтүстік Корей әуе кемесінің жарылуына байланысты бейтарап позицияны таңдады.

Экономикалық  ынтымақтастық   саласында Қытай КХДР-ның негізгі одақтасы болып, айтарлықтай деңгейде қаржылылай және әскери көмек бергендігі анық, алайда Пхеньян оның мөлщеріне қанағаттанбады. Уақыт өте келе Солтүстік Корея Қытайдың сыртқы саясаттағы қолдауына да сенімін жоғалта бастады. ҚХР мен КСРО қатынастарындағы жылымық Пхенянға екі алып арасындағы қарсыластықта әрекет жасап өз пайдасын алуға мүмкіндік бермеді. Пекин мен Сеул қатынастарының ретке келтірілуі Пхеньян үшін ауыр соққы болып, екінші маңызды одақтасының жоғалтқандығын аңғартты.

Пхеньянның Корей түбегін ядролық қарудан азат аймаққа айналдыру үмітіне де балта шабылды. Корей түбегінің оңтүстігінде амери-  кан ядролық қаруының орналасуы Солтүстік Кореяның мазасыздануына түрткі болған. ҚХДР бірнеше рет Сеул мен Вашингтонға ядролық қаруды алып кету туралы талап қойған. 1986 жылдың 23  маусымында  КХДР  басшылығы  өз территорияларында ядролық қаруды жасап шығарудан, сақтаудан, импорттаудан немесе сыртқа өзге елдерге беруден бас таратуға дайын екендіктерін ресми түрде мәлімдеді. Осындай ұсыныстар 1987 жылы маусымда, 1989 жылы қарашада жасалған болатын, Пхеньян АҚШ-тан ядролық қарудың жаңа түрлерін Оңтүстік Кореяға жеткізуді тоқтатуды, елдің оңтүстігіндегі қару-жарақты алып кетуді және Корей түбегінде осындай қаруды қолдану туралы кез-келген ойдан бас тартуды сұрады. Пхеньянның ядролық мемлекеттерден Корей түбегінде ядролық қарудан азат аймақ құруды күтетіндігін мәлімдеуіне қарамастан, Сеул мен Вашингтон Пхеньянның жасаған бастамаларын елемеді.

КХДР үгіттері көптеген жылдар бойы АҚШ Солтүстік Кореянысаясисахнадаелемейтіндігін, онымен диалог жүргізуден бас тартып, КХДРның халықаралық оқшаулануда қалуына барлық шараларды жасап жатқандығын айтады. Сонымен қатар, Пхеньян Оңтүстік Кореяда әскеритеңіз күштері мен әскери-әуе күштерінің тұрақты түрде көбейіп келегендігі наразылық тудыр-  ды. Тиісінше, Корей Республикасымен бірігіп ұйымдастырылған  оқу-жаттығу  шаралары шекарасы да өсе бастады. Жыл сайынғы «Тим спирит» жаттығулары көлемі өсіп, КХДР-ға қарсы ядролық қаруды қолдану қаупі де туындады. Бірақ орын алған қатынастардың шиеленісуі кезінде АҚШ басшылығы Корей түбегіндегі жағдайды реттеуге қадамдар жасағандығын ескере кеткен жөн. 1988 жылы АҚШ КХДР-ға қарсы жасалынған бірнеше санкцияларды алып тастап, Пхеньянға ғалымдар тобының келуіне бөгет болмай, жеке американ  компаниялары-  на Солтүстік Кореяға азық-түлікті жеткізуге рұқсат берді. Екі ел дипломаттары арасында келіссөздер  өткізілді.  Келіссөздер  барысын-  да 1950-1953 жылдарда қаза тапқан американ жауынгерлерінің қалдықтарын елге қайтару талқыланды. Пхеньянда американ бастамалары тек Вашингтонның негізгі мақсатын – КХДРны саяси, идеологиялық, экономикалық, әскери әдістермен жоюды көрсетпеу үшін жасалынған әрекеттер деп танылды. Пхеньян Америкадан туындайтын қауіптің азаймай, керісінше өсіп келе жатқандығына сенімді болды [7].

Қорытынды. Сонымен 1980 жылдардың соңына қарай Пхеньян көптеген факторлардың әсерінен ядросыз статусынан бас тартып, өз ядролық қаруын жасауға кірісіп кетті.

Біріншіден, атом бомбасы сыртқы агрессияны ұстап тұрудың ең күшті әрі арзан құралы ретінде қызмет ете алады. Оңтүстік көршімен салыстырғандағы әскери және экономикалық салалардағы қатты артта қалуы жағдайында бұл өмір сүрудің бір амалы еді.

Екіншіден, осындай қарудың болуы мемлекет басшылығының беделін әскер мен басқарушы топ алдында көтеріп, халықтың назарын елдегі қиын жағдайлардан бұруы мүмкін еді.

Үшіншіден, атом бомбасы Солтүстік Кореяның қуаттылығын көрсетіп, халықаралық қауымдастық алдында беделін көтерер еді. Жүйе АҚШ, Жапония және Корей Республикасы тарапынан тұрақты жасалынатын қысым мен қорлаудан шаршаған болатын. КСРО мен Қытаймен қатынастағы дағдарыс та өз септігін тигізді.

Төртіншіден,Вашингтонмен«ядролықойын» ойнауға ниетінің болуы. Пхеньян әрқашан АҚШты мәселені шешу жолдарын өзара жеңілдік негізінде іздеуге шақырды, осыған байланысты ядролық қорқытутиімді бірақ қауіпті құрал болды.

Сонымен, КХДР-ның халықаралық-саяси жағдайының нашарлауы, Корей Республикасымен жарыста экономикалық жеңілісі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және рухани-саяси салалардағы өте терең құлдыраулар  Пхеньянға әлемдегі өз орны мен рөлін анықтауға түрткі болды. Дағдарыстың шиеленісуі Солтүстік Кореяны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық сахнада ядролық мәселені қозғау арқылы әрекет етуге итермеледі.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Отношения Советского Союза с Народной Кореей 1945-1980: документы и материалы//АН СССР. Ин-т востоковедения.М.: Наука. Гл. ред. вост. лит., 1981. – 452 с.
  2. Edward A. Trilateral Cooperation in the Resolution of the North Korean Nuclear Crisis //A. Edward.Inchong :InhaUniversity, 2004. – 154 c.
  3. Ковш А. В. Проблема распространения ядерных и ракетных технологий в КНДР в 1970 1990-е годы // Вопросы истории Кореи: сборник статей / Под ред. С.О. Курбанова. – СПб.: Издательство СПбГУ, – 87 с.
  4. Ланьков А.Н. КНДР вчера и сегодня. Неформальная история Северной Кореи // А. Н. Ланьков . М.: Восток-Запад,– 217 с.
  5. Мирзаян Г. В. //Внешняя политика США и северокорейский ядерный кризис: – М., 2008. – 98 с.
  6. Михеев В.В. Корейская проблема и возможности ее решения (план "Дорожная карта для Кореи"): Рабочие материалы,№ 5 / В. В. Михеев; Моск. Центр Карнеги. М.: Моск. Центр Карнеги, 2003. – 46 с.
  7. Толстокулаков И. А. Политическая модернизация в Южной Корее. Опыт историко-политологического анализа : монография. В 2-х ч. /Владивосток: Изд-во Дальневост. ун-та., 2007. – 245 c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.